UF

 Коммуникативті имиджді қалыптастыру технологиясы

 

1.      Ауызша сөз сөйлеу   өнерін   игеру  техникасы. 

2.      Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы.

 

1.      Ауызша сөз сөйлеу   өнерін   игеру  техникасы. 

Ауызша қарым-қатынас іскер қатынастылықтағы әсер етуде байланыстылықта менеджер имидждің қалыптасуында ынталы әсер ететін-сөзді қолдана білуі қажетті. Сөз төркіні, сөздің ұлылығымен оның адамдарға әсер ету құдіреттілігі ертеден белгілі. Орыс жазушысы, Н.С.Гумилев сөз құдіреті жайлы былай деген: «Күнді сөзбен тоқтатып, қалаларды сөзбен күйреткен». Сөзбенен адамды өлтіріп, адамды құтқаруға болады. Ғалымдардың дәлелдеуінше, сөзбен айтылған бір хабарламалар тұлғаны сауататтандырса, екінші бірі деструктивті әсер етеді. Мысалы, Дұға адамның резервті мүмкіншіліктерін оятса, қарғыс тұлғалық ерекшеліктерді күйретеді. Адам туралы оның сөйлеген сөзі ауызша өрнектелетін имиджі арқылы талдау жасауға болады. Сөздік имиджге Аристотель мынадай түрде сипаттама берген.

Сөз үш элементтен құралады:

       Ораторлық ерекшеліктер, айтылатын аттан, үндеу алатын бет әлпеттен. Аристотельмен, осылайша бөліп қарастырылған вербальды (ауызша) имидждің элементтерін сөздік қатынастылық құрылымын сипаттаудың кез-келген суреттемесінен кездестіруге болады. Менеджердің қарым-қатынастылық іс-әрекеттері, іскер сөз қатынастары арқылы іске асырылады. Менеджер, ділмар, сөзшең, шешендік ерекшеліктерге ие болып жетіле білсе, шешендік шеберлік ауызша ииджді тартымды қалыпта көрсетеді. Іскер тіл-лексикалық (сөздік) қормен қаруланған, грамматикалық құрылымымен реттелген, ұлттық тарихы қалыптасқан формасы. Өзінің даму кезеңдерінде, кітаптан - жазбашаға, сөйлемдік формасынан іскер қарым-қатынастылықта сөйлемдік тілге жасанды болмаған. Іскер сөйлемге, тілге оның ерекше қасиеттері сипатты: біріншіден, қолдану мен мәнерден сөйлеудің ережелері мен нормалары және тағы басқа. Осы нормалар мен ережелерді сақтау, менеджердің кәсіби және аймақтық ерекшеліктеріне тәуелсіз жалпылай білімділік сипатқа ие. Екіншіден, тұрақтылыққа, жалпылай мәдениеттілік мұрагерлікті және тарихи дәстүрді сақтауға ұмтылу. Үшіншіден, ой-өрісті мәнерлеп жеткізудегі стилистикалық байлық.

2.      Көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерін игеру техникасы.

Аудитория алдында лекциялық, есеп беру, семинарлық материалдармен тұрақты қызметтелетін менеджер шешендік мәдениеттілікті меңгере алуы тиісті. Шешен тілді менеджер үшін-имиджін құруда шешендік мәдениет басты құрал. Бұқаралық, халық алдында жариялы сөйлеу адамдардың саналары мен сезімдеріне тікелей әсер етеді. Егер, айтылған сөз тұлғаның эмоционалдылық ортасына әсер етпей, тек қана сана-сезіміне әсер ететін болса, онда ол айтылған сөз жүректі толғандыра алмайды.  Шешендіктің мәдениеттілігі-аудиторияны өзіне қаратып баурап алуы үшін өй-өрісті, зерделі образды құралдарды нәтижелі қолдана білу ерекшеліктерінде. Ділдал, шешенмен қойылған мақсаттылық, бағыттарға байланысты сөздер ақпаратты-ағарту, рекреоциялық, жігерлендіру, ояту, ынталандыру іс-әрекеттеріне жіктеледі. Б.ғ.д 4 ғ...  «Риторика» саласы бойынша Аристотель бұқаралы, жариялы сөздердің негізгі ережелерін қалыптастырады. Осы деректі ережелер, бүгінгі күні де құндылығын жоғалтпаған.

  1. Сөздің нақтылығымен шындығы;
  2. Сөздің үйлесімділігі мен қолданылу ерекшеліктері;
  3. Сөздің тазалығы, айшықтылығы және мәнерленуі;

П.Л.Сопер «Сөз мәдениетінің негіздері» - деп аталатын кітабында, қазіргі заманның риторикалық тәжірибелерін жинақтай отырып шешенге, ділдарға әдістемелік нұсқаулар жүйелерін қарастырған. Аудиторияның сөз алып тұрған тұлғаға деген қатынастылығы, материалды қабылдауға, жете түсінуге дайындықтары. П.Л.Сопердің ойынша, пікірінше тыңдаушылардың ойын, зейін аударуларын үздіксіз оятып отыру, аудиториямен пікір таластыру қажетті. Аудитория алдында сөз алуды бастамас бұрын, аудиторияның назарын аударып, қарым-қатынастылықты жүйелеп алу қажет. Зерттеу жұмыстарының көрсетіп талдаулары бойынша, көптеген адамдар, тұлғаның шешендік (ораторлық) ерекшеліктерін оның сыртқы көріністерімен байланыстырады. Көптеген адамдар, тұлғаның бет әлпетіне, көзіне жүріс-тұрыстарына қарайлай отырып, оның шешендігі туралы мәліметтер бергісі келеді. Аудиториядағы жастар, шешен, оратордың сыртқы киім-киісіне, жүрісіне, мінез-құлықтарына аса назар аударады. Аудитория алдында айтылатын сөз, алдын-ала жоспарланып, дайындамаған болса, оратор өз тыңдаушыларының алдында еркін сезіне алмайды. Дайындалу, сөз сөйлеу барысында, оратор аудиторияны басқара, меңгере алатын ерекшеліктеріне сенімді болып, нақтылай риторикалық ережелермен жаттығулары тиісті. В.М.Шепель, тыңдаушысына тиімді әсер етудің келесі тәсілдерін ұсынады:

* Алғашқы фразаның тиімділігі. Назарларын өзіне аудара білу. Мысалы: «Сіздермен кездескенше мен қуаныштымын».

* Ақпараттарды квонттық тарату тиімділігі. Аудиторияның назарын аудару үшін «жаңашылдық» жаңалықтармен хабарландыру.

* Аргументациялау (дәлелдеме) тиімділігі. Тыңдаушылардың кәсіби орталарымен байланысты дәлелдемелермен, анықтамалармен назар аударту.

* Релоксация тиімділігі. Тыңдаушы аудиториядағы түрлі тұлғаларды психологиялық бағытта біріктіру. Әзілге, күлкіге айналдыра білу, зерделі іс-әрекеттіліктерде біріктіре алады.

* Аналог (ұқсастық) эффектісі, тиімділігі.  Егер екі құбылыс бір немесе бірнеше қатынастылықта ұқсас болатын болса олар өзге де қатынастылықта да ұқсас болулары мүмкін. Ұқсастық әдістеме бойынша мазмұндауды, салыстыру ережелерімен араластыру қажет емес алайда олардың мақсаттары бір сөз астарын көрнекі түрде мәнерлеп көрсете білу. Егер салыстырмалықтар, қандай да бір заттың ұқсастығы тұрғысында құралатын болса, онда аналогтар қандай-да бір құбылыстың моделі ретінде қызметтеледі.

* Елес, қиял, тиімділігі. Ақпараттың толық жетіспеушілігі жағдайында, тыңдаушының ой-өрісті қызметтері болжаммен, арманмен, қиялмен шектеледі.

* Дискуссия тиімділігі. Дискуссия - сөзбен пікір - таластың бір түрі. Оның мақсаты - түрлі ой пікірлерді салыстыра отырып ақиқаттылыққа жету. Дискуссияның міндеті, шарты қатынасушыларға тиісті проблемалардың болуы, пікір алмасу. Өзекті, салмақты, қызықты мәліметтер бойынша жалпылай резюме құру.

 

Пайдаланылған   әдебиеттер:

1. Сапарова Ю.А., Тұрдалиева Ш., Багов И., Сабекова А.  Имиджелогия.-Шымкент, 2008

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-10 19:22:44     Қаралды-4758

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »