UF

Шеміршекті балықтар класы – Chondichthyes

 

Тақтажелбезектілер класс тармағы (Elfsmobranchii). Өкілі – акулалар (Selashoidei) және скаттар (Batoidei) .

Шеміршекті балықтар. Осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі қанқасы шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты шеміршекті балықтар. Желбезек тесіктері өзара перделермен бөлініп, денесінің сыртына ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес, плакоиды болады. Жүзү торсылдақтары болмайды.

Қазіргі уақытта тақтажелбезектілерге жататын азғана топ жыртқыш шеміршекті балықтар тіршілік етуде. Олар теңіздерде таралған. Тақтажібектілерге акула мен скаттар жатады. Ғылымға акуланың шамамен 350  түрі, скаттардың 340 түрі  белгілі.

Дене пішіні. Тіршілік ету тәсіліне қарай олардың денесі ұзынша ұршық тәрізді (акулада) және жалпақ сүйірленіп барып бітеді(скатда).Шеміршекті балықтардың  дене мөлшері 2 м-ден ---15-20  м дейін (китовая акула) болады,ал кейбіреулерінің салмағы 1,5 тоннаға дейін жетеді.Ал скаттардың ұзындығы 6-7 м-ге дейін болады.

Қозғалу мүшелері. Балықтардың көбі денесін қимылдату арқылы және жүзу қанаттарының  жәрдемімен қозғалады.Шеміршекті балықтардың  көкірегі  мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанаттары болады.Еркектерінің құрсағындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады,олар шағылысу қызметін атқарады.Құйрық қанатының жапырақшалары біркелкі болмай,үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы одан кіші болып келеді, сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.

Тері жабындысы.Эпидермистен түзілген тері және дермадан  тұрады.Сыртқы қанатының эпидермисі мүйізденбейді,өйткені оның  денесінінің  суға тиюінен туатын,кедергісінің үйкеліс күшін кемітетін үнемі шырыш бөліп,тұратын көптеген бір клеткалы бездері болады.Көптеген балықтардың  денесін құрылысы  жағынан әртүрлі болып келетін қабыршақтар жауып жатады.Акула мен Скаттарда бұл қабыршақтар өте қарапайым құрылысты плакоидты болады.

Қаңқасы.Шеміршекті балықтард ың қаңқасы өмір бойы шеміршекті болады.Қаңқасы омыртқа жотасынан және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі.Омыртқаларға бекінген  қабырғалары дене қуысын,үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.Бас сүйегі ми сауытынан,сезім мүшелерінен тұрады. Басының тұмсық жағында – рострум деп аталатын өсінді болады. Сондықтан ауыз, басының астынғы жағында көлденең саңылау түрінде орналасқан. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөліміне бекісе, екінші ұшы денесінің сыртында болады. Балықтардын құйрық және дене бұлшық еттері метемерлі құрылыты болып келеді. Олар миосепта арқылы бірнеше ссегменттерге (бөлшектерге) бөінеді. Басында, жүзу қанаттарында, белдеулерінде басқа бұлшық еттер орналасқан.

Нерв жүйесі. Балықтардың орталық нерв жүйесі ми мен жұлыннан құралады. Олардың миы басқа басқа омыртқалыларға қарағанда, кемірек жетілген. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Бас миының барлық бөлімдері үлкейген, олардың құрылысы үлкейген және химиялық тітіркендіргішті қабылдайды. Шеміршекті балықтардың тез қимылдауларына, жүзуіне байланысты тепе – теңдік жағдайын сақтау мақсатында олардың көлемі үлкейген. Сонымен бірге жұлынның да құрылыс күрделенген.

Сезім мүшелері. Суда тіршілік етуіне байланыстытүрлі тітіркендіргішті қабылдауға бейімделген. Көздері сыртқы жалпақ мөлдір қабықпен көз алмасынан тұрады, қабағы болмайды. Алыстан көруі нашар шеміршекті балықтар заттың түсін айыра алмайды.Есту мүшесі ішкі құлақтан ғана тұрады.Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады.Иіс сезу мүшесінің қызметін жұп иіс сезу шұңқырлары атқарады. Бүйір сызығы айқын байқалады. Бүйір сызықтар балыққа жүзген кезде,оның жолында кездесетін заттардың пайда болатын судың болмашы тербелісін қабылдауға мүмкіндік береді. Осы бүйір сызықтарының арқасында балық су ағысының бағытын сезеді,жолында кездескен кедергілерді көрмей-ақ айналып өтеді.

Қан айналу жүйесі. Балықтардың барлығында да қан айналу жүйесі ланцетниктердікіне ұқсас. Барлық балықтарда,бір қан айналым шеңбері болады. Сондықтан жүрек арқылы тек вена қандары ғана өтеді. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге вена қаны құйылатын веноздық қуыс жалғасады. Қарыншаға артериялдық конус жалғасады.Артерия қаны жүрекке соқпай,денеге тікелей желбезектен тараралады. Қан қантамырларымен  өте жай қозғалады және оттегіне онша бай болмайды. Тотығу процесі тым нашар өтеді. Сондықтан да балықтың  денесінің температурасы жоғары болмайды., өзін қоршаған ортаның температурасынан сәл ғана артып түседі. Суық суда балық денесінің температурасы төмендейді,ал жылы суда-көтеріледі. Балықтарда қан жасайтын мүше көкбауыр бар. Көкбауырда және сол сияқты бауыр ұлпаларында эритроциттер,лейкоциттер  және тромбоциттер  жасалады.

Тыныс алу жүйесі. Шеміршекті балықтар акула мен скаттарда,т.б  желбезек перделерімен бөлінііп,екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Шеміршекті балықтарда  желбезек қақпақтары жоқ. Желбезек перделерінің алдынғы  және орналасқан, ондағы өте көп қан тамырлары орналасқан. Газ алмасуы тездетеді. Скаттарда желбезек тесіктері бауыр жағында  орналасқан. Желбезектерге су тек бүріккіштер арқылы ғана кіреді. Оларда газ алмасу көбіне тері арқылы да болады. Акулаларда жоғарыда айтылған 5-7 желбезек тесіктерінен басқа,көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын  екі тесікті көруге болады. Оларды бүріккіштер деп атайды.

Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару қызметін мезонефрос деп аталатын алғашқы  бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос волъфров каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.

Асқорыту жүйесі. Шеміршекті балықтардың ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында  ірі тістері болады. Сондықтан шеміршекті балықтардың  көпшілігі жыртқыштар. Олардың ішектері, сүйектері  балықтармен салыстырғанда қысқа болады.

Көбеюі.Балық дара жынысты, бірақ сирек болса да қос жыныстыларда (гермафродиттер) кездеседі ( теңіз алабұғасы). Шеміршекті балықтарда акулаларда, скаттарда бекірелерде аналық жыныс бездері жұп болады. Олар бауыр  жағындағы қысына түседі, содан кейін одан уылдырық түтіктерінің  шұңқырына түседі. Демек, жұмыртқа клеткалары уылдырық түтіктерімен тікелей жалғаспайды. Уылдырық түтіктері бірден клокаға ашылады. Ұрықтану іште өтеді. Акула мен скаттарда ұрықтану ұрғашы балықтардың жыныс жолдарында болады. Спермалар (шаует) ұрғашы балықтың жыныс мүшесіне еркек балықтың ерекше жаратылған қосалқы (копулятивный аппарат) мүшесі арқылы енгізіледі.

Дамуы. Шеміршекті балықтарда даму әртүрлі жолдармен өтеді.   Көпшілігінде  сары уызы көп жұмыртқа  клеткалары ұрықтанғаннан кейін уылдырық түтіктеріне түсіп қатты қабыршақтар пайда болып, сыртқа шығады. Сол жерде ұрық ересек күйге жеткенше жатып дамиды. Екінші бір түрлерінде сары уызға өте бай болады да, сыртына қатты қабық түзелмей уылдырық түтіктерінің арт жағында дамиды. Дамудың мұндай әдісін жұмыртқадан тірі туу немесе «тірі жұмыртқа туушылық» (яице живорождением) деп атайды.  Кейбір түрлерінде нағыз тірі туу байқалады. Олардың  жұмыртқаларында қоректік заттар өте аз болып, ұрықтанғаннан кейін уылдврық түтіктерімен жылжып отырып, оның кеңейген жеріне бекіп даму үшін қажетті заттардың бәрін содан алады. Тірі туатын түрлерінің жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыстыратын «сары уыз плаценттері» (желточный мешок) болады.

Сүйекті балықтар класы – Osteichthyes

Сүйекті балықтар класы төменгі класс тармақтарына бөлінеді. Шеміршек сүйектілер класс тармағы – Chondrostei, өкілдері – бекіре, қорытпа, сүйрік, т.б. қауырсынқанаттылар класс тармағы – Sarcopterygii,өкілдері – латимерия, дипной.

Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Барлық балықтардың 99% (20мың түр) осы сүйекті балықтар Құйрық қанаты гомоцеркальды.Сүйекті балықтардың қаңқасы сүйек болғандықтан денесі ауыр болады. Осыған байланысты оларда торсылдақ жақсы жақсы дамыған. Бұл сүйекті балықтар тобына, кейбір белгілері арқылы шеміршекті балықтарға ұқсамайтын көне сүйекті балықтар да жатады.

Дене пішіні. Сүйекті балықтардың көпшілігінің  дене пішіні тез, жылдам жүзуге бейімделген акулалардың денесіне ұқсас, ал баяу жүзетін балықтар (тұқы тәрізділер) немесе судың түбінде баяу қозғалатын (мысылы камбала) түрлері жалпақ скаттарға ұқсас болып келеді.

Қозғалу мүшелері. Сүйекті балықтарда шеміршекті балықтардікіндей тақ (арқа, аналь, құйрық) және жұп (кеуде, құрсақ) жүзу қанаттары болады. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан тұрады. Барлық қанаттарының да сүйекті қауысындары болады. Сүйекті балықтарлһдың құйрық қанаттары кең, ашалы болып келеді. Осындай құрылысты құйрықты гомоцеркальды деп атайды.

Тері жабындысы. Сүйекті балықтарда денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып жатады. Жұқа пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті шығып жатады.

Қаңқасы. Сүйекті балықтардың қаңқасының бірте-бірте сүйектенуі балықтардың эволюциясында бейімделу қабілетін арттырды. Қаңқаның сүйектенуі тірек қимылының күшті болуына, еттердің бекуіне себебін тигізсе, нерв жүйесі мен ішкі мүшелерді сақтауды арттырды. Сүйек қаңқасы балықтардың салмағын арттырды, олардың жүзуін баяулатады. Сондықтан олардың жүзуін жеңілдету үшін ішектің алдыңғы бөлімінен торсылдақ дамыған. Торсылдақтың іші азот, оттегі және көмірқышқыл газына толтырылған. Осы аралас газдардың арқасында балықтардың салмағы белгілі дәрежеде азаяды. Торсылдақтар тек балықтың салмағын  ғана азайтып қоймайды, гидростатикалық қызметте атқарады, демек балықтардың судың терең қабаты мен жоғарғы қабатына көтерілуге мүмкіндік береді.

Балықтардың еттері әртүрлі қимылдарына, оған жұмсалатын күш-қуатына қарай жеке жіктерге бөлінген. Ең жақсы дамыған күшті еттері дененің ұзына бойы омыртқа жотасына біткен. Сайып келгенде, балықтардың қаңқасы мен еттері біркелкі қайталанып отыратын метамерлі құрылысты болады.

Нерв жүйесі. Миы шеміршекті балықтардың миына қарағанда қарапайым болады. Мысалы сүйекті балықтардың миының көлемі кішірек. Олардың алдыңғы миы кішірек және шеміршекті – сүйекті, сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиимен қапталған сүйекті балықтарда ортаңғы ми мен мишық басқа балықтарға қарағанда көлемді болады.

Сезім мүшелері. Көптеген түрлерінің иіс сезу, сезім, есту, көру мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе – теңдігін сақтау қызметін атқарады.

Қан айналу жүйесі. Бұлардың да қан айналу жүйесі ланцетниктердікіне ұқсас. Жүрегі екі камералы, қан айналу шеңбері біреу. Алабұғада үш камерадан тұрады: вена қолтығы, жүрекше және қарынша. Алабұғаның акуладан айырмашылығы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнында қолқа түйіні болады.

Тыныс алу жуйесі. Балықтарға тән ерекшеліктер-олардың желбезекпен тыныс алуы. Желбезектер бастың екі жағында болады. Аузын ашып-жауып , желбезек қақпақшаларын бір көтеріп, бір төмен түсіріп балықтар ауыз қуысына, жұтқыншаққа, бұлардың  желбезек жапырақшаларына құйылатын су ағысына тудырып, оны желбезек тесіктер арқылы сыртқа шығарады. Нәтижесінде желбезек жапырақшалары сумен үнемі жуылып, суда еріген оттегі сіңіріледі.

Сүйекті балықтарда төрт жұп жетілген желбезектері болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек қақпағы жауып тұрады. Олар желбезек қақпақшаларын қозғалту арқылы тыныс алады. Балықтарлың тыныс алуы суда ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалады. Кейбір балықтар тыныс алу үшін ауадағы оттегін пайдаланады. Мысалы, судың түбінде тіршілік ететін шыра балықтар үнемі судың бетіне көтеріліп басын судан шығарып ауа жұтып отырады.Содан кейін ол ауаны қабырғасында қан тамырлары көп капиллярлары бар ішек арқылы жібереді. Тропикалық су жиі кеуіп қалатын жерлерде тіршілік ететін қостынысты балықтарда (протепторус, лепидосирен) желбезектерімен қоса қапшық тәрізді өкпелері де болады. Су кеуіп қалғанда қостынысты далықтар батпаққа кіріп алып,анабиотикалық күйде жатып ауамен тыныс алады.

Зәр шығару жүйесі. Денедегі зиянды заттар зәр шығару  жүйе арқылы сыртқа шығарылады. Омыртқа жотасының астында лента тәрізді қызғылт қоңыр түсті  созылып жатқан екі бүйрегі бар. Бүйректер арқылы қаннан бөлініп шыққан несеп зәр түтіктері арқылы қуыққа жиналып, одан несеп қуық тесігі арқылы сыртқа шығады.

Ас қорыту жүйесі. Балықтардың ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады алдыңғы, оған ауыз қуысы мен жұтқыншақ, ал жұтқыншақ қысқа өңешке  келіп жалғасады; ортаңғы, оған өңеш созылмалы  қарынға жалғасады, одан нағыз ішек басталады, ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық  өсінділер пайда болады. Сонымен бірге бұл бөлімге ас қорыту бездері- бауыр, бауырында өті болады және  ұйқы безі жатады;  артқы, оған денесінің арт жағына қарай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылатын артқы ішек жатады.

Сүйекті балықтардың ас қорыту  жүйесінің кейбір ерекшеліктері бар. Ішектің ас қорыту  бетін ұлғайтатын спирал тәрізді  қақпақшалары болмайды. Сүйекті балықтарда ішектің бетін ұлғайтатын пилорикалық тұйық өсінділер пайда болады. Клоакасы болмайды, қорытылмаған  нәжістер аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.  Жыртқыш балықтардың тістері өткір, ауыздары кең ашылады, қарындары үлкен болып келеді. Ал өсімдіктермен қоректенетін балықтарда , әсіресе ұсақ омыртқасыздармен және  органикалық қалдық заттармен  қоректенетіндерінде  тістері мардымсыз немесе жоқ, қарын да жеке бөлініп корінбейді немесе болмайды.   

Балықтардың аузы түрліше болады:ұстайтын жемдері ұстау үшін оладың жақтары өтлір тістермен қаруланғанжыртқыш балықтар);соратын,тамақты сору үшін түтік тәрізді әдіспен сору(табан балық және басқалар);уатушы, өткір емес үлкен тістерімен қатты тамақты ұстау тәсілі(зубатка,т.б).Ауыздын орналасуына қарай;төменгі ауыз,бастын төменгі жағында орналасқан(ондай ауыз өзінің азығын судың түбінде ұстайтын балықтарға тән сипат);бастың алдындағы ауыз(судың үстінгі қабатында азықтаарын ұстайтын ьалықтарға тән).Ас қорту ферметтері бауыр және бауырында өті болады.өт-өтжолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдынғы бөліміне ашылады ұйқы безі айқын байқалмайұсақ тйір түрінде шашырап жатады,бірақ шеміршекті балықтардікінен әлдеқайда жақсы дамыған.Өзінің шығуы жағынан ас қорыту мүшелерімен жүзу торсылдағы да байланысты.Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөлімінде орналасады.Оның іші көмір қышқыл газына,оттегіне және азотқа толған қапшық.Пішіні түрлі балықтарда түрліше толсылдақ негізінде гидростикалық аппарат болып есептеледі.Ол кеңейген кезде балықтың меншікті салмағы азаяды қысылған кездк меншікті салмағы артады.Нәтижесінде,торсылдақ балыққа ерекше күш жұмсамай судың бетіне көтерілуге,төмен түсуге,әртүрлі тереңдікте жүруіне мүмкіндік береді.Кейбір балықтарда жіңішке ауа түтігі сияқты өмір бойы өңешке жалғасып тұрады.Мысалы,шортанда,тұқы және мөңке балықтарда,торта балықтарда ұшырасады,ал кейбіреулерінде ауа түтігі тек ұрық кезінде ғана болады алабұға(окунь),көк серке(судак),таутан(ерш),т.б.Торсвлдақ қан құрамындағының ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы торсылдақтыңқабырғаларындағы ұсақ қан тамырларының болуына байланысты.Осы ұсаққан тамырлары арқылы қандағы артық газдар бөлініп шығады немесе қанда жетіспесе қанға сіңірілежі.Осындай құбылыстың нәтижесінде балық торсылдақтарының көлемі бірде ұлғайып,бірде кішірейіп отырады.Шеміршекті балықтарда жүзу торсылдағы болмайдыСейекті балықтардың торсылдағының судың түбіне тереңірек сүңгуге немесе судың үстіңгі қабатына көтерілуде маңызы зор.

Көбеюі.Сүйекті балықтарда қос аталық және аналық жыныс бездері болады.Жыныс түтікшелерінің құрлысы балықтардың әртүрлі топтарында түрліше болады.Уылдырықтары ұсақ,оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады.Ұрықтану аналық жыныс мүшесінде емес,су ішінде болады.Ұрғашы балық уылдырық шашу алдында уылдырықтарын бір жерге салады,содан кейін еркегі ішінде шәуеті бар ұрық сұйықтығын құяды.Сөйтіп ұрықтану болады.Балықтарда қос жыныстылық (гермафродиттік)өте сирек болып саналады.Балық тар уылдырықты су ішіндегі өсімдіктерге шашады(сазан,табан,т.б.)-фитофилдік,уылдырығын тасқа шашатындар(бекіре тұқымдасы,албырттар,т.б.)-литофрилдік,суға қалқыған түрінде шашатындар(чехонь,т.б)-пелагофилді,т.б. балықтар деп аталады.

Дамуы.Уылдырықтар ұрық танысымен бірте-бірте өзгере отырып дамиды да,одан кейін личинка өсіп шығады,ол личинка шабаққа айналады.Ұрықтану сыртта су ішінде болғандықтан ұрықтар мен шабақтардың  көбі табиғаттың қолйсыз жағдайларынан,басқа су жануарларының жеп қоюынан өліп қалады.Осыған байланысты сүйекті балықтардың түрді сақтап қалу мақсатындаөсімталдылығы өте жоғары.Мысалы,тұқы балық 1 млн. аса уылдырық шашады,шортан-1 млн.нәлім және жылан балықтар-10 млн. уылдырық шашады.Бізде мекендейтін балықтардың уылдырықтары(егер суы жылы болса) көктем мен жазда 8-9 күнде дамиды,ал күз бен қысла уылдырық шашса албырт,лаха т.б.дамуы көктемге дейін созылады.Уылдырықтарды зауыт жағдайында қолдан да ұрықтандыруғаюолады.Ол үшін аздаған су қосып уылдырықты балықтың тұқымымен араластыру қажет,содан кейін ұрықтанған уылдырық белгілі бір қолайлы жағдайда шабаққа дейін дамиды.Шабақтар өз бетімен қоректене алатын халге жеткенде,оларды арнайы су қоймаларына жібереді.Қазіргі уақытта осындай әдіспен кәсіптік маңызы бар балықтардың санын қалпына келтіру кең қолдануда.

Миграция(қоныс аудару).Көптеген балықтар өз өмірінің ішінде қоныстарын өзгертіп бір орнынан екінші орынға ауысып отырады,тіпті көбіне алыс жерге кетіп қалады.Мысалы,уылдырықтарын шашуға бір жағдай керек болса,қоректену үшін екінші жағдай,ал қыстап шығуы үшін үшінші жағдай керек етеді.Міне,осындай тіршілік әрекет теріне қолайлы жағдай іздестіріп,балықтардың орын ауыстыруын-миграция деп атайды.Балықтардың көпшілігі уылдырық шашады.Балықтардың барлығы бірдей уылдырықты тіршілік ететін жерлерінде шашпайды.Олар уылдырық шашу кезінде үйір құрады,ол көбіне өте көп болады.Теңіз балықтарының көптеген түрлері уылдырық шашу кезінде жағалаулаға,тайызырақ жерлерге келеді.Балықтардың өзендегі түрлері,уылдырық шашу үшін ағысқа қарсы жоғары көтеріледі.Теңізде тіршілік ететіндері,уылдырық шашу үшін өзендерге шығады.Көптеген өрістегіш балықтар өзенді бойлап алысқа кетеді(мысал,ақ балықтар).Мұндай өрістеу кезінде балық,әдетте жем жемейді мықтап арықтайды.Балықтардың кейбір түрлері өз өмірінде бір рет ғана уылдырық шашады.Мысалы,қара қылыш балық уылдырық шашқаннан кейін өледі.Қысқа қарсы көптеген балықтар жаңа орынға ауысады.Балықтардың көпшілігі қысқы қарай су температурасы төмендеген сайын қимылдары баяулап,тіпті қалғып,шала ұйқыға кетеді.Бұл кезде өздерінің жайылып жүрген жерлерінен қыстап шығуға ыңғайлы ықтасын жерлерге жиналып,шұңқырлау дерін таңдап алып,соған қыстап шығады.Мысалы,бекіре өзендерге шығады,терең жерлерге жиналыпалып,бүкіл қыс бойы су түбінде қозғалмастан жатады.Жайын,сазан және өзен балықтарының түрлері де күзді күні судың терең жерлеріне жиналып қысты ұйқымен өткізеді.Бекіре жайық өзенінің шұңқырларында қыстап шығады.Азық іздеп орын ауыстыру барлық балықтарға тән сипат.Шағын көл,тоспа суларда тараған теңіздердегі өткінші балықтар қорек іздеп ұзақ жол жүреді.Мысалы,Каспийдің красноперка балығы.Құра өзенінк уылдырық шашып теңізге қайтқан соң,қорек іздеп Каспийді кесіп өтіп,оның шығыс жағалауына келіп жайылып семіреді.Балықтардың ішінде теңіздің түбінден бетіне көтеріліп қорек іздейтін балықтар да бар.Мысалы,судың бетінде планктондар(судың беткі қабатында тіршілік ететінорганизмдер)көп болғанда скумбрия балықтары су бетіне көтеріліп,планктон су түбіне-терең қабатына шөксе,балықтарда солармен бірге төмен түседі.Қоныс аудару арқасында балықтар және басқа жануарлар табиғаттағы тіршілік ортасын жан-жақты пайдалана алады.Миграция жануарларда тұқым қуалау негізінде

пайда болған бейімделушілік ,ол ұзақ жылдар бойғы табиғи сұрыпталудың

жемісі.Табиғатты қорғауда және кәсіптік маңызы бар жануарларды тиімді

пайдалану үшін қоныс аударуын зерттеудің маңызы зор.  

       Қауырсынқанаттылар класс тармағы-Actinopterygii.Қазіргі барлык балыктардың 90 пайызынан астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған,барлық теңіздер мен мұхит суларында әртурлі қабаттарды мекендейді.Олардың көптеген түрлерін тұщы сулардың-өзендер мен көлдерден,бұлақтар менбөгеттерден кездестіруге болады.Қауырсынқанаттылардың өзіне тән белгілері бар.Көкірек қанаттарының қауырсындарыбірден иық белдеуіне бекиді.Сондықтан бұл класс тармағын қауырсынқанатты балықтар деп атайды.Дене қаңқасы толығынан сүйектен тұрады.Тыныс алу мүшесі желбезек,ішектің үстінде жатқан жүзу торсылдағы бар.Эвалюцияның барысында тез жүзуге,жауларынан қорғануға,әртүрлі судың ішінде тіршілік етуге бейімделушілік қабілетінің болуы тағы басқа да мүшелерінде өзгерістер болады.Бұл класс тармағы бірнеше отрядқа бөлінеді:

                   Майшабақтәрізділер отряды-Clupeiformes.Барлық теңіздерде таралған,ал тұщы суларда аз кездеседі,өткінші түрі де бар.Көпшілігінің балық аулау кәсібінде маңызы зор.Майшабақтарға жақын сардина,килька,шпроттар,т.б.

         Албырттәрізділер отряды-Salmoniformes.Оларға тән ерекшелігі арқасында жұмсақ тері қатпары болады,бұл қатпарды майлы қанат деп атайды.Албырттар өсіп-өнуі теңізде өтіп,ал уылдырық шашу үшін өзендерге шығатын өткінші балықтар.Мысалы,Кета Амур бойымен 2мың км жоғары көтеріліп уылдырықтарын өздері қазған арнаулы су түбіндегі шұңқырға шашып,оның бетін уақ тастармен немесе ірі құмдармен жауып тастайды.Шабақтары өзенде қыстап шығады да,көктемде теңізге келеді.Ересектері уылдырық шашып болған соң қырылып қалады.Сөйтіп,олар бүкіл өмірінің ішінде бір-ақ рет көбейеді.Албырттардың ішінде тұщы суды тұрақты мекен ететін түрлері де бар.Оларға:ақ сақалар,түркелер,таймендер жатады.Албырт балықтарына Қиыр Шығыс теңіздері ерекше бай.Мұнда албырт тәрізділерден кета,ақсерке, бахтақ,хариус,түрке,т.б мекен етеді.Бұлар өзендерде көбейеді де,семіру үшін теңіздердің терең,қашық жерлеріне барады. 

       Албырттәрізділердің кәсіптік маңызы өте зор.Бұлардың еті дәмді болумен қатар,уылдырығында пайдаланады.

       Тұқымтәрізділер отряды-Cypriniformes. Тұщы су балықтары,өткінші түрлері өте сирек кездеседі. Тау суынан бастап,батпақты тоспа суларына дейін алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді.Көпшілігі торта(плотва),аққайран(язь),мөңке балық(карась),сарғыш қара балық(линь),табан(лещ),т.б. мекенін ауыстырмайды,ал кейбір түрлері қаракөз(вобла),тарань,күтім(кутум) көбею кезінде қоныс ауыстырады. Тұқы тәрізділердің кәсіптік маңызы зор. Оларға: ақсахалар(сиги),сазан,табан,мөңке балық,дөңмаңдай(толстолобик) ақ амур және басқалар жатады.Сазанның мөңке балықтың қолда өсіретін жаңа тұқымдары да шығарылды. 

        Жыланбалықтар отряды-Anguilliformes.Денесі ұзын,жылан тәрізді болып келеді.Кейбір түрлерінде құрсақ,көкірек қанаттары жоқ.Жүзу торсылдағы ішегімен байланысып жатады.Жыланбалықтар теңізде және өзенде тіршілік етеді.Олардың ішінде өткінщі түріде белгілі.Мысалы,өзен жыланбалығы уылдырық шашу үшін өзеннен Атлант мұхитына барады.Еуропалық жыланбалықтың кәсіптік маңызы зор. 

         Шортантәрізділер отряды-Esokiformes.Жактарында өткір тістері бар жыртқыш балықтар.Біздің өзендерімізде,көлдерімізде және оңтүстік теңіздердің тұщырақ суларында кәдімгі шортан мекен етеді.Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тіршілік етеді.Балықтармен құс балапандармен қоректенеді.Балық өсіру шаруашылығына зиянды,кәсіптік маңызы жоқ.

         Жайынтәрізділер отряды-Siluriformes.Бұл отрядтың өкілдері жылы,тұщы суларды мекендейді.Денесі жалаңаш аузының айналасындабірнеше жұп мұртшалары бар.Дене пішіні 2см-ден бірнеше метрге дейін болады.Көпшілігі жыртқыш.Бізге белгісі еуропалық жайын,оның денесінің ұзындығы 5м де,салмағы 90-300кг дейін жетеді.

       Нәлімтәрізділер отряды-Gadiformes.Бұл балықтардың көпшілігінің екі немесе үш арқа жүзу қанаты болады.Көпшілік түрі Солтүстік теңіздерде тіршілік етеді.Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар-нәлім,пикша,сайда,ал кейінгі кезде әсіресе,минтай,хек,путассуларды аулауға ерекше мән беріп отыр.Нәлімтәрізді балықтардың бауырында «Д» витамині жиналады.

      Алабұғатәрізділер отряды-Perciformes.Сүйекті балықтардың ішіндегі ең үлкен отряд.Олардың ғылымға шамамен 6000 түрі белгілі.Бұлардың қанаттарының бөліктері жеке-жеке ажыратылмай үшкір тікен сияқты болып келеді.Бүкіл дүниежүзі суларында таралған.Кейбір түрлері өмір бойы өзендерде,ал екінші біреулері теңіздерде,тағы бір түрлері өзендерден теңіздерге  өрістеп шығатын жартылай өткінші балықтарға жатады.Денесінің ұзындығы сантиметірден 4-5 метірге дейін,ал салмағы 10-12 кг болатын кәсіптік балықтар.Тұщы суларда алабұға,көксерке(судак) және басқалар,теңіздерде ставрида,скумбрия,тунецтер т.б. ауланады. 

        Қамбалатәрізділер отряды-Pleuronectiformes.Қамбалатәрізділердің денесі екі бүйірінен қысыңқы келген жыртқыш балықтар.Торсылдағы болмайды.Су түбінде тіршілік ететіндіктен бір бүйірімен жайлап жүзеді.Денесінің ұзындығы 30-40 сантиметрден 5м ге дейін болады.Уылдырықтарын (бірнеше миллион) жағалауға шашады,өсімтал балық.Кейбір түрлерінің кәсіптік аулау маңызы бар.               

         Қалаққанаттылар отряды-Sarcopterygii.Бұл класс тармағына жататын балықтар белгілі бір белгілері арқылы сүйекті балықтар класына жатады.Бірақ олардың қарапайым жете дамымаған мүшелері(хорда,омыртқалар,ішетеріндегі қатпарлар т.б.) бар.Осы белгілеріне қарап қауырсынқанаттылар мен қалаққанаттылардың силур дәуірінің соңында тіршілік еткен көне сүйекті балықтардан шыққан тегінің бар екенін көрсетеді.Бірақ екеуінің эвалюциялық даму жолы девонның бас кезінде екі бағытқа ажырап,әрқайсысы өз бетімен дамыды.Мысалы,қалақққанатты балықтар қарапайым жете дамымаған белгілерін сақтап оларда қуатты күшті ұзын  қозғалғышсүйегі бар тіреуіш қалақшасы,жұп жүзгіш қанаты күшті дамыған,жұп торсылдағы пайда болады,ол арқылы сыртқы танаудан ауа кіріп тыныс алуына себебін тигізеді.Бұл көне қалаққанаттыбалықтар(онша үлкен емес) көлемі кішірек тұщы суларда тіршілік еткен жәнеәртүрлі себептердің әсерінен(сулардың кеуіп қалуы,сапасының төмендеуі,ауа менқоректік заттардың жетіспеуінен т.б.) қуатты ұзын қозғалғыш сүйегі бар,тіреуіш қалақшаларының        жәрдемімен жане тыныс алуына ауаны пайдаланып жиекке шығып, одан екінші бір су қоймаларына кеткен.Бұл класс тармағы екі отрядқа бөлінеді.Саусаққанатты балықтар және қостынысты балықтар.

     Саусаққанатты балықтар отряды-Crossopterygii.Саусаққанаттылар-өте көне,толығымен құрып біткен балықтардың ерекше тобы.Девон мен Карбон дәуірінде тіршілік етіп,мезозой дәуірінде олардың түрлері азайып,кеңінен таралған жерлері тарылып “тірі қазбалыға” айналады.Демек балықтың бұл түрін жойылып кетті деп есептеді.Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 400-1000 м тереңдіктен 10-14-градус судың температурасында Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан ұстады.Содан кейін оны латимерия Коморск аралдарында (Мадагаскардан алыс емес) тіршілік ететіндігі анықталып отыр.Олардың ұзындығы 100-180 см,салмағы 25-80 кг,нағыз ірі қабыршақтары бар,қуатты жұп жүзгіш қанаттары бар,жүзгіш торсылдақтары тыныс алуға бейімделмеген.Саусаққанатты балықтардың қостынысты балықтар сияқты желбезектерімен қатар өкпелері болған,олар өзгеріске ұшыраған,соның нәтижесінде ішкі танау тесіктері жоқ,ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды.Латимерия-жыртқыш,басқа балықтармен қоректенеді.Саусаққанатты балықтардан девон дәуірінің ортасында ұзақ уақыт өткен табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ең бірінші рет құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлардың өкілі құрылысы жағынан қарапайым қосмекенділер келіп шықты-стегоцефала. 

        Қостынысты балықтар отряды-Dipnoi.Бұл балықтар эвалюцияның даму барысында саусаққанатты балықтардан шыққан.Олар девоннан бастап перм дәуіріне дейін кең көлемде тараған кейінірек саны азайып сирек кездескен.Қазіргі жағдайда дүниежүзінде тек алты-ақтүрі тіршілік етеді: австралиялық бір түрі ,африкандық төрт түрі және оңтүстік-американдық бір түрі.

         Австралиялық  рогозуб Австралияның өзендерінде тіршілік етеді.Батпаққа кірмейді,қысқы ұйқыға кетпейді судың беткі қабатына көтеріліп ауамен тыныс алады. Тропиктік Африкаға тараған,протоптерилер,Оңтүстік Американың Амазонка өзенінде тараған Лепидосирендер тіршілік еткен сулары кеуіп қалса,батпаққа кіріп алып тіршілігін сонда өткізеді.Қостынысты балықтар ірі, ұзындығы1,7-2 м дейін болады.Олар не болса соны талғамай жей береді су түбіндегі омыртқасыздармен,өсімдіктермен қоректенеді.Қаңқалары шеміршекті болады.Олардың ең негізгі бір ерекшеліктері желбезегімен қоса тыныс алатын өкпе қапшығы болады.Австралиялық түрде бір өкпе болады да,қалған түрлерінде жұп болады.Оларда жүрек екіге бөліне бастайды,нәтижесінде қосмекендікілердікі сияқты оң және сол жақ жүрекшелер пайда болады.Өкпеде оттегімен қаныққан қан жүрекке барады.Бұлар тайыз суларда,кейде мүлде құрғап қалатын шалшық суларда да тіршілік етеді және сусыз ұзақ уақыт ауаны пайдаланып су түбін қазып батпаққа еніп өкпесімен тыныс алып жата береді.Жауын көбірек жауған мезгілде батпақтан қайта шығып судағы тіршілігін бастайды.Көбеюі уылдырықтарын шұңқырларға,немесе су түбіндегі індерге шашады.Дамуы метаморфозды.Көне қостынысты балықтар бір судан екінші суға жақсы дамыған жұп жүзу қанаттарының жәрдемімен еркін көшіп отырғанға ұқсайды.Мүмкін,саусаққанатты балықтардың ұрпақтары сулардың арасындағы тіршілікке қолайлы сусыз құрғақ жерлерді пайдалануға бейімділірек болуы ықтимал.Міне,сол эвалюциялық дамудың барысында девонды қосмекенділердің алғашқы өкілдері берді.Қостынысты балықтардың құрылысы және тіршілігін зерттеу,балықтардың қосмекенділерге айналуын түсіндіруде дұрыс бағыт береді.  

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-02 19:45:23     Қаралды-25169

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »