UF

Ерте темір дәуіріндегі археологиялық мәдениеттердің таралу ауқымы және олардың пайда болу мәселесі.

1.Сақ дәуірі археологиялық ескерткіштерінің хронологиясы мен кезеңдері.

2. Сақ тайпаларының қоныстануы туралы антикалық жазба деректер.

3. Қазақ даласындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері.

         Қоладан жасалған құрал-жабдықтар өз кезінде үлкен жаңалық болғанмен, дамудың жаңа кезеңінде адам қажеттіліктерін толықтай  қанағаттандыра алмады. Адамзат қоғамының дамуы өндіргіш күштердің ұштала түсуіне тікелей тәуелді.  Сондықтан да адам өндіріс құрал-жабдықтарының неғұрлым сапалана түсуіне мүдделі болды. Осының нәтижесі – темірдің  игерілуы болды.

Темірден жасалған қару-жарақ, құрал-саймандардың тарихына қарағанда, Қос өзен – Тигр  және  Евфрат  бойындағы   елдермен  Египет  жеріндегі  жұртшылық темірді б.з.б. үшінші-екінші  мың  жылдықтарда білген.   Темір  құрал-саймандар Қазақстан    территориясында б.з.б. VIII­VII ғғ. жасалған.  Оған  жазба деректерде белгілі болып жүрген  атақты сақ, савромат сияқты тайпалардың  мекендерінен табылған семсер, қанжар  сияқты темір заттар толық дәлел.

Жалпы әлем тарихында темірді игеру орасан зор жетістік.

Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Егер мысты қорыту үшін  1100 градус жылу керек болса, темірді қорыту үшін  1530 градус жылу қажет. Ал мұндай жоғары температура алу ол кезде мұмкін болмаған.  Сондықтан  да  темір  алу, оны пайдалану оңайлыққа соқпаған. Археологиялық зерттеулер  адамдардың темір қорытуда  “шикізат үрлеу”  тәсілін  қолданғанын дәлелдеп  отыр.

Темір     дәуірі кезінде ғұмыр кешкен  ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштер бүкіл  Қазақстан  аумағынан  жолығатын төбе-төбе  обалар.  Олар өздерінің төңкеріліп жатқан конус тәрізді әдемі пошымдарымен  өтіп бара жатқан кез-келген адамның   назарын өзіне тартпай  қоймайды.

Зерттелген  темір дәуірінің  обаларынан алынған  материалдардың  өзі сол кездегі  өмір  сүрген ру-тайпалар туралы толық болмағанмен, олар  туралы көптеген мағлұматтар береді.  Екіншіден, темір дәуірінің қола  дәуіріне қарағанда артықшылығы бар. Ол темір ғасырындағы  ру-тайпалардың  аз да болса жазба деректерде аты-жөндерінің және олардың  қандай жерде  түрған мекен-жайлары туралы   хабарлардың сақталуы.

Тарихшы-археологтар өздерінің зерттеу жүмыстарында, сол жазба  деректерге сүйенеді.  Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы   сақталған тайпалардың  бірі -- сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VIII- IV ғғ.  сақ тайпалары   Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба  деректері бойынша  Орта  Азия мен Қазақстан  территориясында  мекендеген  көшпелі тайпаларды  жалпы  сақтар деп атаса, ал  тарих атасы Геродот   сақтар тұралы өте жауынгер тайпа деп жазған. Оларды Спиридон  “Азиялық скифтер” деп атаған.

      Парсы жазба деректері бойынша  сақ тайпалары  үш  үлкен тайпаға бөлінеді:

       1.Тиграхауда сақтары – ол   шошақ қалпақ киген сақтар;

       2.Хаомаварға сақтары – жүзімнен (хаома – жүзім) сусын қайнатушылар;

  3.Парадарайя сақтары—теңіздің  арғы жағында  тұрушы деген ұғымды берген.

Тиграхауда сақтары қазіргі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Оған дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі – 70 см.  Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің   шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады.  Оларды жазба деректерде домлар, аргиппейлер, исседондар т.б. деп те атайды.

Хаомаварға сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда  жүзім өсіріліп, оның суынан сусын  жасайтығындығы ертеден белгілі болған. Олар деректерде массагеттер    депте аталады.

Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары тоналғандығына қарамастан, Қазақстан  археологиясында үлкен жаңалық болып, ол “алтын обаның құпиясы” деп  аталған.

Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір тіршілігі, әдет-ғүрпы, салт-санасы  туралы көптеген деректерді береді. Сақтар әшекей бүйымдар жасауда, нағыз зергер болған. Олар жай ғана зергер емес, олардың  жасаған  бұйымдары керемет сәнді, көзтартарлық әсем болумен қатар, оларда белгілі бір ұшқыр, киелі фантастикалық сезім немесе философиялық терең ой бейнеленеді. Егер Есік обасынан табылған алтын киімді адамның сәукелесіндегі көрініске қарасаң, зергер тек сәндік бұйымдардың  жасаушы шебері ғана емес, ол өз заманының  ойшыл суреткері – тамаша мүсінші, суретшісі.

Сәукеленің ұшар басындағы  қасқия қарап түрған арқардың мүсіні – келбеті бекер  тұрған жоқ. Арқар өз үйірінің тыныштығын күзетіп жартастың  ұшар басында тұрған сақшы-күзетші. Бұл көрініс сол кездегі, ру-тайпалардың бірін-бірі жаулап алу, бірін-бірі бағындырып алуға әрекет жасаған, тынымсыз, жаугершілік заман болған кез. Сондықтан да зергер суретші сәукелеге берген көріністе тіршілігінде өз тайпасының немесе өз руының тыныштығының күзетшісі, қолбасшысы болған адамға о дүниеде сондай болуына жалпы, мәңгі тыныштықтың болуын армандаған қиялы ойы сияқты. Бұл ойды алтыннан жасаған Алатау бейнесінің ағаштарында отырған құстар да қуаттайтын тәрізді. Сәукеленің маңдайындағы екі айғырдың алдыңғы аяқтарын көтеріп, бір-біріне айбат шегіп тұрғандығы да жоғарыда айтылғандай жаугершілік заманды бейнелеп тұр. Суретші сәукеледе өз заманының өмір құбылысының көрінісін толық бере білген.

Тұтыну бұйымдарының арасында ағаштан жасалған астау,  шөміш, тостағандардың пошымына ұқсас көзе ыдыстар көптеп кезігеді. Темірден, қоладан жасалған қазандар да өте көптеп кездеседі. Ескеретін бір жағдай, бұл кездегі табылған темір құралдарға жасалған анализдерге қарағанда, темір қорыту сапасы нашар болған. Дегенмен, қару-жарақтың арасында семсерлер жоғары сатыға көтерілмесе де, темір ұсталығы жандана бастаған.

Сақ тайпаларының жерлеу салты олардың діни наным-сенімдерін толық көрсетеді. Діни нанымдардың арасында қола дәуірінен бері сақталып келе жатқан “о дүниеге сену”, “отқа табыну” сақталған. Темір дәуіріндегі жаңа ерекшелік аспан денелеріне, күнге табыну, тайпа немесе ру ақсақалдарына, олардың аруағына сийыну, “көсемдерге” сиыну сақтардың о дүниедегі өмірінде де, бұл дүниедегі өмірде болсын өте жоғары орын алған.

Сақтардың барлық бұйымдары, тастағы суреттері де жануарлар бейнесі мен әшекейленгендіктен, олардың мәдениеті жалпы әлем мәдениетінде “аң стилі” деп аталады.

Зерттелген обалардан алынған заттардың саны-сапасы жағынан, обалардың жасалуының үлкенді-кішілі болуының өзі темір дәуірі кезіндегі әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді. Әсіресе, алтын киімді адамның әр түрлі қымбат заттармен бірге жерленуі немесе Бесшатыр обасындағы ағаш табыттың ерекше жасалуы олардың белгілі бір үстімдіктің зор иесі болғандығын көрсетеді.

Қорыта айтқанда, б.з.б. VIII-IV ғғ. темір дәуірінің алғашқы кезінде өмір сүрген сақ тайпаларының өзіндік мәдениеті дамыған, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, саяси жағынан дербес, мемлекеттік дәрежеге көтерілген тайпалар бірлестігі болғандығын көреміз...

 

Әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы.  5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.

2.Гумилев Л. Хунну-М., 1994.

3.Гумилев А. Хунны в Китае. Три века войны Китая со степными народами  III-II вв. -СПб., 1994.

4.Краткая история уйгуров. — Алматы, 1998.

5.Акишев К.А.  Курган Иссык - М, 1978.

6.Акишев КА., Кушыев Г.А. Древняя культура саков  средней долины реки –Алматы, 1963.

7.Акишев К.А.   искусство и мифологии саков. — Алматы, 1984.

8.Жолдасбайұлы С.  Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, ”Ана тілі”. 1995. –176 бет.

9.Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-01-27 19:32:47     Қаралды-23611

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »