Драмадағы диалогтык қарым-қатынас
Жоспар:
1. Қарым-қатынас құралын анықтау.
Қарым-қатынас мәдениетінің әлеуметтік – педагогикалық негіздері деп аталады. Педагогикалық-психологиялық ғылымда қарастырылған қарым-қатынас мәдениетіне байланысты орыс, қазақ тілдерінде жазылған әдебиеттерді талдай отырып, қарым-қатынас мәдениетінің ұғымы, қалыптасу факторлары, қарым-қатынас функциялары, қарым-қатынас түрлері, адамның қарым-қатынас жасау құралдары, театр ұжымындағы қарым-қатынас жасаудың ұлттық ишараттары алатын орынын анықтау мақсатында ұлттық ишараттар актер қарым-қатынасының құрамдас бөлігі ретінде, театр өнерінде қарым-қатынас жасау шеберлігінің негіздері, ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қарастырылады.
ІІ Тарау Театр ұжымы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық әдістері деп аталады. Бұл тарауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың практикалық жағдаяты мен оны жетілдіру мақсатында өткізілген эксперименталдық жұмыс нәтижелері орын алды.
Қарым-қатынас – педагогиалық-психологиялық ғылымда жүйелер арасындағы тұрақты байланыстар деп анықталады. Біздің жағдайдағы қарым-қатынас - театр ұжымындағы кәсіби және адами байланыстар.
Ал қарым-қатынас мәдениеті деп - адамдар арасындағы қарым-қатынас үрдісін қамтамасыз ететін, тек адамға тән мінез-құлық амалдары аталады.
Қарым-қатынас құралдары ретінде- адамдардың өзара келісімге келіп, түсіністік жағдаят жасауына ықпал ететін, ұнамды ұнамсыз жағынан емес, бірлескен әрекет жасауға және түсінушілік жағдай туғызуға әсер ететін тілдесім құрайтын сөз, оның құбылмалылығы мен дыбыс белгілері; бет қимылдары, қол сермеулері, сырт келбеті; қолданылатын бұйымдары, олардың ұлттық мәні танылады.
Қарым-қатынас мәдениеттілігінің негізгі факторлары - адамдардың өзара қарым-қатынас жасауына ықпал ететін көптеген объективті жағдаяттар әсер етеді, Олар: қоғамдағы алатын орынына, әлеуметтік статусына байланысты адамдардың сөйлесуі, киінуі, тіпті сәлемдесуі де білімі, діні, тегі, кәсіби қажеттілігі. Қарым-қатынас мәдениетіне ықпал етуші материалдық факторлармен қатар жалпы мәдени, ұлттық дәстүрлер де бар.
Қарым-қатынас деңгейлері - өмір тұрғысынан қарастырғанда олар материалдық – практикалық, рухани-практикалық, дәстүрлік- өкілеттік және топтық болып бөлінеді.
Театр ұжымында дамыған қарым-қатынас түрлері тек жеке тұлғалар арасындағы ғана рухани байланыс емес, адамзат қалыптасу барысында пайда болған мәдениет дамуына, әлеуметтік қатынастар жетілдірілуіне ықпал еткен жүйе: адами, кәсіби, ұлттық ишараттық байланыстар.
Актер шеберлігінің – кәсіби қабілеттерінің негізгі үш құрамдас бөлігі белгілі. Олар: сахналық жинақы назар, сахналық әрекет, көкірек көзі, яғни, ішкі көру (болып есептелінсе, оларды айшықтайтын құдретті үш құрал бар: біріншісі – психологиялық әсер ету – сезімді жеткізу; екіншісі – пластикалық әсер ету – қимыл әрекеті арқылы ой мен сезімді білдіру, осы орайда ұлттық ишараттар мәнін игеру қажеттігіне тағы да назар аударамын; үшіншісі – үн құбылыстары арқылы да образ мәнін ашу мүмкіндігі терең. Қоңыр салмақты дауыссыз Абайдың образын елестету мүмкін болмаса, шаңқылдаған, ұшып-қонған дауыс тек жалмауыз кемпірге тән үн деп түсінемін.
Театр ұжымы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа педагогикалық ықпал ету мәселесінің екі деңгейі анықталды. Олар: кәсіби- шығармашылық – сахналық қарым-қатынасқа түсу барысында жасанды қарым-қатынастың нәтижелілігін арттыру – шығармашылық деңгейі және сахнадан тыс қарым-қатынас – бос уақыттағы ерікті түрдегі байланыс жасау. Біздің мақсатымыз екі деңгейдің де ішінен өмірлік қарым-қатынасқа қажеттік ететін түрлері мен құралдарын іріктеп, солардың мәдени деңгейін анықтау қазіргі міндеттердің бірі болды.
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық бағыттары ретінде - кәсіби шеберлікті қалыптастыру, адами қасиеттерді дамыту және ұлттық ишараттық мәдениетті игеру бағыттары анықталды.
Әуесқой театр ұжымы мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мен дамыту әдістері ретінде – кәсіби қарым-қатынас мәдениетін дамытуда оқу-тәрбие ісі: әңгіме, пікірталас, психологиялық әсер етушілік жаттығулар мен этюдтар жасау, талдау; адами қарым-қатынас мәдениетін дамытуда оқу-тәрбие ісі: жеке үлгі, психологиялық әсер етушілік жаттығулар, пікірталас, драматургиялық және рольдік талдау; ұлттық ишараттық қарым-қатынас мәдениетін дамытуда оқу-тәрбие ісі: драматургия материалына талдау жасау, жеке ролінің ишараттық элементтерін іріктеу, актерлық әрекетпен байланыстыру жұмыстары жүргізілді.
Осындай бағытталған педагогикалық әрекеттер нәтижесінде қоғамдық-тұлғалық және ұлттық ишараттары қамтылған кәсіби қарым-қатынас мәдениетін игерген маман әуесқой театр ұжымында қалыптаса алады деген ойдамыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шилов Н.П. Сценарное мастерство:Учебное пособие. – Челябинск: ЧГАКИ, 2000. – 56с
2. Шубина И.Б. Организация досуга и шоу программ. Ростов н/Д.:Феникс.2003.-352с.
3. Чечетин А.И. Основы драматургии тетарализованных представлении:Учебник для студентов ин-тов культуры.-М.:Просвещение,1981.-192с.
Жарияланған-2015-01-06 19:43:04 Қаралды-3742
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина