UF

Психикалық аурулардың симптомдары

 Жоспар:

  1. Психикалық аурулардың симптомдары.
  2. Сенестопатия.
  3. Эмоциялық симптомдар.

 

      Психикалық аурулар: елестету, ес, ойлау, интеллект, әсер әр түрлі психикалық процестердің өзгеруі салдарынан болады. Сондықтан да психикалық аурулардың жекешеленген белгілерін зерттеу және жіктеуде аталған процестердің ерекшеліктерін басшылыққа аламыз.

     Алайда психикалық аурулардың жіктеудегі мұндай психологиялық принцип тек бір міндет үшін, олардың көріністерін сипаттау үшін ғана қолданады. Бұл принцип кейде қолдануға болмайды. Мысалы, симптомдарды жіктегенде оларды патогенезіне қарай сипаттау нәтихе бере алмайды. Бұл жағдайда психоздардың симптомдарды жоғарғы нерв қызметінің сипатына байланысты жіктелінеді.

    Психикалық аурулар симптомы психологияға жатпайтын медициналық ұғым, сондықтан ол тек медицинаға ғанағ тән болады. Ауру симптомдары бұл – ағзаның патологиялық күйінің клиникалық белгілері. Оларды жіктеу принципі де медицина ғылымының өзгешелігін көрсетеді. Ауру симптомдары медицина зерттеуінің нақты міндеттеріне сәйкес әр түрлі жіктеледі. Аурудың клиникалық көріністерін зерттеу кезінде бұлар жалпы және жергілікті, ал ауру патогенезін зерттегенде функциялық және органикалық, ал  болжамды анықтағанда қолайлы және қолайсыз болып топтастырылады және т.б. Аурудың әрбір симптомы көп мәнді болып келеді. Мұның өзі барлық ауруларға, соның ішінде психикалық ауруларға да қатысты.

      Симптомдарды сипаттау кезінде жіктеудің психологиялық принциптерінің шартты түрде қолданылаиындығын айта кету керек. Белгілі бір симптомдарды баяндаған кезде тиісті психикалық  процесс бұзылған бөлімде басым бөлігін басшылыққа алады да, сипатталған симптомдардың көрінісінде сол процестің өзгеруімен шектелмейді. Мысалы, сандырақ симптомының ерекшелігі ойлаудың бұзылуымен шектелмейді, олар аффектінің аурудың өзгеруінен, кейде естің бұзылуынан және басқа да психикалық қызметтің өзгерістерінен қалыптасады.

 

 

                                                    Симптомдар

       Психикалық  аурулардың  симптомдары көп, олардың есебіне жету қиын және өте алуан түрлі болып келеді. Тегі жағынан туыс жекелеген симптомдардың  үйлесіп келуі синдром құрайды. Көптеген симптомдар бірге зерттеледі. Алайда кейбір симптомдардың белгілі бір синдромдарға қарағанда елеулі белгілері бар. Клиникалық психикалық аурулармен танысу солардан басталады.

      

                                                Сенестопатия

      Бұл топқа көбіне сеэімдік танымның әр түрлі бұзылуымен сипатталатын психикалық аурулардың  симптомдары бірігеді. Бұлардың көпшілігінің пайда болуы абстрактық танымның бұзылуына айғақ болады және кей-кейде аурудың мінез -құлқының өзгеруімен байқалып отырылады. Солай болса тұрса да танымның сезімдік негізінің зақымдалуы ең алдымен осы қатардағы симптомдарды сипаттайды.

      Г и п е р с т е з и я – қалыпты жағдайда бейтарап табиғи сыртқы тітіркеніштердің қабылдағыштығының жоғарылауы. Әдетте күндізгі жарық көзді қарықтырады, қоршаған заттардың болуы әдетте айқын болып, оларды формалары ерекше анық, жарық пен көлеңке контрасты келеді. Дыбыс құлақ тұндырады, есіктің жабылуы атысқа ұқсап естіледі, қойылған ыдыстың сыңғыры адам төзгісіз болады.

      Г и п е с т е з и я – гиперстезияға қарама-қарсы кесел. Сыртқы тітіркену қабылдауының төмендеуінен бөлінеді. Маңайдағылардың бәрі анық, ашық көрінбейді, алыста, тұман арасында тұрғандай болып көрінеді. Маңайдағы заттардың бояуы солғын, жұтаң, қалқыңқы, түрінен айрылған сипатта келеді.

      С е н с т о п а т и я -  әр алуан шектен жағымсыз, ауыр сезім: буу, күйдіру, қысу, жанға бату, құю, аударылу және басқа да әсерлер дененің әр жерінен шығып жатқандай болады. Бұлардың пайда болу себептерін зерттеудің соматикалық әдістерімен айқындаудың реті келмейді.

      А.С.Чистовичтің пікірінше, гипестезия бірінші сигналдық жүйе қызметі мен екінші сигналдық жүйе күшті сақталғанда қыртыс астының әлсіреуінен туындайды. Н.Н.Тимофеев бұл кеселді көру бұдырының зақымдауымен байланыстырады.

      Г а л л ю ц и н а ц и я  - нақты объекті болмай –ақ пайдабболатын қабылдау. Қабылдаудың қалыпты күйінде үнемі елестеу болады. Галлюцинация басымдық жағдай елестеуінің әсерінен туады, соның нәтижесінде шынайы  әсерді ішкі образдар алмастырады. Сондықтан да галлюцинацияны ырықсыздықтан, күшті сезімнен пайда болатын, нақты дүниені жобалап, сол арқылы шындыққа тән объективті қасиетті туындататын елестету деп атайды.

      Галлюцинация көру, есту, иіс, дәм, жалпы сезімдік болып бөлінеді.

      Көру галлюцинациясы формасыз- жалын, түтін, тұман түрінде болуы мүмкін, бұлардың формалары айқын  болмайды, кейде керісінше, барлық бөлшектеріне дейін анық, тіпті нақты заттардан айқын көрінеді. Елестің шамасы табиғи түрде байқалып, кішірейген , ұлғайып, алып күйлерде есептейді. Көру галлюцинациясы түссіз де болуы мүмкін, кейде олар тгабиғи бояулы , ал кейде бір түсті , өте анық бояулы ашық-қызыл немесе көк түсті болады.

      Галлюцинациялық көру образының пайда болуы, әдетте адамнан , аурудың көз алдынан тыс өтіп жатса,  э к с т р а к а м п и н д і   г а л л ю ц и н а ц и я  деп аталады.

      Галлюцинацияның мұндай түрінен аурудың жанында біреудің қатысуын  оның айқын сезінуін айрықша көрсету керек. Мұндай құбылысты   с е з і м н і ң   а л д а н у ы  деп атайды.

     Е с і т у   г а л л ю ц и н а ц и я с ы  акоазмаға – салдыр, гүрдірлі, шуды, атысты есіту мен фонемаға – сөзді, әңгімені есітуге бөлінеді. Есіту галлюцинацисы өзінің қарқындылығы жағынан ақырын, натуралдық, қатты, құлақ тұндырарлық болуы мүмкін. Олар жоғарғы- төменнен немесе басқа тұстан , кей жағдайларда, кейде жақыннан естіледі. Вербальдық галлюцинацияның мазмұны енжар,  қорқынышты, маскүнемдік,  қорлаушылық, сақтандырушылық жорамал жасаушылық болуы мүмкін.  Ал  И м п е р а т и в т і к   г а л л ю ц и н а ц и я  деген түрінде – дауыс немесе дауыстар белгілі бір әрекетті, кей  жағдайда қауіпті әрекетті жасауға бұйрық етеді.

     И і с   с е з у    Г а л л ю ц и н а ц и я с ы әр түрлі жалған иістердің – түтін, күйік, шіру иістерінің, оқта-санда жағымды иістердің көрінісі ретінде байқалады. Жалған иістер қарқыны жағынан әр түрлі, кейде жеңіл түрінен бастап, тұншықтыратын түріне дейін болады.

     Д ә м    г а л л ю ц и н а ц и я с ы  әдетте  иіс сезу галлюцинациясынан  ажырағысыз байқалады; бұл қабылдап жүрген тағам мен сусынға ұқсамайтын, кейде жағымсыз, жиіркенішті дәм түрінде сезіледі.

     Т а к т и л ь д і к   г а л л ю ц и н а ц и я д а   денеде жәндік, құрт өрмелеп бара жатқандай, дененің бетінде немесе  тері астында белгісіз бір заттардың пайда болуы сияқты сезіледі.

      Висцералдық галлюцинация – дененің қуысында, әдетте іште, басқа бір заттар,  жаны бір тіршіліктер  қозғалып, жыбырлап немесе қозғалыссыз жатқандай  сезім  туғызады.

      К ү р д е л і    г а л л ю ц и н а ц и я –да  бір мезгілде әр түрлі галлюцинация түрлері  ұштасып келеді.

     Ауру адамда галлюцинацияның бар екендігіне болжам оның сыртқы  түрі мен мінез-құлқына қарап жасалады.  Көру галлюцинациясында аурудың көзқарасы бір нәрсеге  шоғырланған, кейде  қорыққан,  масаттанған түрлерде байқалады.

      Галлюцинация томаға тұйық, оқшау болмайды, ол үнемі психоздардың  бір көрінісі  түрінде байқалады. Көру галлюцинациясы, көбіне сезу галлюцинациясы әдетте сананың тұмандануынан басталады. Сөздік галлюцинация көбіне санасы айқын болғанда да дамып, әдетте сандырақ түрінде қабаттасып отырылады.

      Ж ав л ғ а н   г а л л ю ц и н а ц и я   галлюцинацияның өзіне қарағанда анағұрлым жиі байқалады. Жалған галлюцинацияда да шын галлюцинация сияқты  белгілі бір, нақты сезім байқалады. Ырықсыз пайда болатын елес , « даусыз », иіс және басқалары сезіледі.

      Г и п н а г о г и к а л ы қ    г а л л ю ц и н а ц и я  - ұйықтар алдында, көз жұмулы қалыпта, қараңғылық кезінде пайда болатын,  ырықтан тыс елес. Мұндай елестер барынша әр алуан өтеді;  ғажайып, тамаша өрнектер, фантастикалық тіршілік иелері, адам денесінің  жекелеген бөліктері, әр түрлі заттар, жануарлар, пейзаждар, панорамалар байқалады. Осының негізігде елестің мұндай түрі нақты объектілермен теңестірілмейді, олар жалған галлюцинациямен жақындасады.

      Зат алмасудың бұзылуы заттардың айрықша түрі әсер еткенде ,  оның ішінде адренохром мен буфотенинннің пайда болуымен дәлелденеді.  Бұл заттар патологиялық жағдайлар кезінде мида түзіледі.

      И л л ю з и я – нақты заттар мен құбылыстарды жалған, қате қабылдау. Нақты объектіні жалған қабылдаудың міндетті түрде болуы иллюзияны галлюцинация дан ерекшелеп тұрады.

       Иллюзия  аффектілік, вербалдық  және парейдолиялық болып бөлінеді.

       Аффектілік иллюзия  көбіне қорқыныш, мазасыз, жабыраңқы көңіл күйде басталады. Бұл жағдайда бөлменің бұрышында ілінген киім немесе халат жасырынып тұрған кісі өлтірушіге ұқсайды.

       Вербальдық иллюзия  нақты өтіп жатқан айналадағылар әңгімесінің мазмұнын жалған қабылдауға байланысты боладлы. Ауруға  мүлде қатыссыз тақырыпта болса да ,  маңайдағылардың сөздерінен, олардың ескертпелерінен, сұрақтары мен жауаптарынан олар өздеріне айналған айыптауларды есітеді.

       П а р е й д о л и я л ы қ    и л л ю з и я аффекті елеулі түрде өзгермей-ақ , бірақ психикалық  қызмет тонусы азайғанда, оның кенжар күйінде болады. Оның мазмұны образды және қиялға ұқсайды.

  

                                    Эмоциялық симптомдар

         З й ф о р и я – құштарлық билеп алатын жоғары, қуанышты көңіл-күй. Көңілдік байқалып, тамаша денсаулық сезімі , төзімділік пен күш билеп алады. Көптеген психиатрлар сипатталған көңіл-еүйді «гипертемия» терминімен белгілейді. Эйфория деген түсінікте көтеріңкі көңіл-күй ұғынады.

         Д и с ф о р и я  - нашар, жек көрінішті, риза болмайтын, жабыраңқы , өш көңіл-күй, кейде қорқынышты көңіл-күй де қосарланады.

         Э м о ц и я л ы қ  ә л с і з д і к – көтеріңкі көңіл-күйден төмен көңіл-күйге кілт ауытқитын айқын бөлінетін  тұрақсыздық, оның үстіне, көтеріңкі лік, әдетте, сезімге берілгіштік, ал төмен көңіл-күй күйректік реңк алады.

         Е н ж а р л ы қ   -   маңайдағының бәріне және өз жағдайына немқұрайлық, қанағатсыздық, ойсыздық.  Ештеңе де эмоциялық жауап туғызбайды.  Бейнелеп айтқанда бұл күйді, терең ессіз ұйқыдағы сияқты күйде ұйықтамайтын көзі ашық жағдайда келетін өлім деп атайды.     

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-12-23 21:00:59     Қаралды-14772

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »