Экономиканың әртүрлі секторындағы бизнестің даму жағдайлары.
Әлеуметтік сектордағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым –қатынас.
Қазақстанның өндірістік сферасындағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым –қатынас.
Әлеуметтік сфераға – денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, әлеуметтік қорғау салалары жатады. Қазақстан Үкіметі әлеуметтік саланың тиімділігін жоғарлатуға бағытталған – бір қатар қадамдарды қабылдады. 1996 жылдың 1-сәуірінен бастап денсаулық сақтау саласында міндетті медициналық сақтандыру қызмет етті. Сондай-ақ әлеуметтік саланың мемлекеттік емес құрылымдары, яғни мектепке дейінгі жекеменшік мекемелер, лицей, колледж, жоғары оқу орындары, музей, ғылыми орталықтар, дәріханалар пайда болды.
Қазіргі жағдайда Республиканың әлеуметтік саясаты төмендегідей анықталады:
Қазақстанда адрестік әлеуметтік қолдауды қажет ететіндер анықталған және әлеуметтік реабилитацияға сәйкес категориялар келесідей:
Бұл облыстарға келесідей мемлекеттік заңдылық шаралар қабылданған:
Қазіргі таңда экология және қоршаған ортаны қорғау мәселесі – бүкіл әлемдік маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Экологиялық проблемалар келесідей:
ҚР-ның экологиялық заңдылығы қамтамасыз етеді:
Жоғарыда аталғандар нормасы республика экологиялық заңдылықтарға атап айтқанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР-ның Заң ережесіне негізделеді.Онда қазіргі және болашақ буын мүддесіндегі қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық және әлеуметтік – құқықтық негіздері анықталынады. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң компоненттерінің ішінде қазіргі кезде «Экология экспертиза туралы» және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» негізгі жүйе құраушылары өз кезегінде дамуда. «Экология экспертиза туралы» ҚР-ның Заңы халық денсаулығына және өміріне, қоршаған ортаны басқару, шаруашылық және басқа да қызметтерге кері әсерін тигізбеу мақсатымен экологиялық экспертиза саласында қоғамдық-қатынастарды реттейді. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заң ерекше қорғалатын аумақтардың экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық-құқықтық негіздерін анықтайды.
Жалпы экология саласындағы заңдылықтарды дамыту үшін оның негізгі нормалары мына төмендегілерге сәйкес болуы керек:
Қазіргі таңда Қазақстан білім саласын регламенттейтін және білім ордасын дамытуға жағдай жасайтын нормативті құжаттарға төмендегілер жатады:
Сондай-ақ, білім саласын мемлекеттік қолдаудағы ұлттық бағдарлама, гуманитарлық білім бағдарламасы, оқу құралдарын дайындау және шығару бағдарламалары, жалпы білім мектептері үшін оқу-әдістемелік комплекстер, «Дарын», «Болашақ» бағдарламалыры.
Білім саласын оңтайландыру келесі жағдайлар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
а) білім саласын оңтайландыру процесіне ұйымдық-құқықтық жүйені орнату;
б) заңдылықтарды орындауда тиімді мемлекеттік – қоғамдық бақылау жүйесін орнату.
2. Білім жүйесінің нарықтық экономика жағдайына бейімделуі үшін нақты алғы шарттарды құру:
а) мектептегі білім процестерін компьютерлеу;
б) мектептік емес секторларды дамытуҒ
в) педагогтарды үзіліссіз дамыту үшін оптималды жағдай жасау.
Қазақстанның өндіріс сферасындағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас.
Тәуелсіздік алғаннан кейін республика экономикасын қайта құру қазіргі таңда айтарлықтай нәтиже көрсете білді: ашық экономика негізін қалыптастыру, қазіргі таңға дейін мемлекеттік меншікті жекешелендіру аяқталды. Орталықсыздандырылған экономикалық билік жүзеге асырылды, экономиканы қайта құру процесі төмен нүктеден жоғарылай бастады, тұрғындардың экономикалық белсенділігі өсті,қатысты әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз етілді т.б. Дегенмен, сонымен қатар республикада жүргізілген экономикалық реформалардың жеткен нәтижелері жартылай бөлімді және аяқталмаған күйде мінезделуде.
Қайта құру процесі жеткілікті интенсивті түрде жүзеге асырылды және көпшілік өтпелі кезеңнің небары қиын этапы артта қалды есептейді. 1998жылы экономиканы реттеу нәтижелері 1996-1997 жылдар аралығында орын алған позитивті жылжудың тұрақсыздығын көрсетті. Құлдырауға әлемдік қаржылық дағдарыс болуы белгілі деңгейде әсер етті. Сонымен қоса ішкі факторлардың, микродеңгейдің сәйкессіздігі де үлкен деңгейде әсер етті. Мұнымен қатар институционалды реформалар макроэкономикалық тұрақтылық процесінен қалып кетті. Жалпы тұрақты даму қарқынын қамтамасыз ету бойынша нақты саясаттың құрылмауы жинақтау мен инвестициялауды ынталандыру іс-әрекеті толық емес өлшемде құрылды.
Макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламалары қысқа мерзімді өндіріс көлемінің өсуіне де әсер ете алды. Келесі өсу инвестиция көлемін өсуі және өндірістің тиімділігін көтеру үшін алғышарт құруды қамтамасыз ету арқылы болатын еді. Сонымен қатар 1998 жылға дейін қалыптасқан жағдайға байланысты республика кәсіп орындарында деген инвестициялық белсенділіктің белгілі деңгейде құлдырағандығын көрсетті. Дегенмен бұл көрсеткіш 1997 жылы 11,6% болса, 1998 жылы 41,9%-ға жетті, яғни 1998 жылдың аяғынан бастап экономика қайта дами бастады. Инвестиция саласының мұндай көп реттік төмендеуі жалпы өндірістің құлдырауында көрініс тапты.
Осы кезде экономиканың көптеген саласында рентабельділіктің төмендеуі көрініс берді. Тіптен қалыпты қаржылық жағдай рентабельдік деңгейінің орташасы сала бойынша 10 – 11% көтерілмеген қызмет түріндеде оны байқауға болатын.
Осыған байланысты 1999-2000 жылдары Қазақстаның экономикасының кейбір тұрақтандырғыштары белгілі деңгейде шикізат тауарлары экспортына жоғар бағаны қалыптастырды. 1999 жылы әлемдік баға, мұнайда алдынғы жылмен салыстырғанда 2,3 есе, газға 5,9% , мыс 19,7%, цинк 5% өсті. Осылайша 1999-2000 жылдары экономиканы тұрақты өсімі үшін алғышарттар қалыптасты. Сондай – ақ осыған байланысты негізгі капиталға инвестицияның өсімі арта бастады. Сонымен қатар мемлекеттік инвестиция бағдарламасын ары қарай өңдеуге және жаңа өндірістік күштерді құру, өндіру салаларын дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны өңдеу мақсатында инвестицияларды белгілі деңгейде өсіру үшін түрлі жолдарды іздестіруді қажетсінді.
Құрылған ҚР-ның Ұлттық Қоры, преоритетерді анықтай отырып, өндіріс дамуының небәрі перспективті жобасын қаржыландыруы тиіс. Қазақстандағы 1991-2000 жылдардағы экономикалық секторында трансформация процесі бір өлшемде болмады, яғни барлық өндіріс саласы бірдей тиісті деңгейге көтеріле алмады. Өндірістің қайта өңдеуші және жетілдіруші секторларында қарама – қарсы нәтижеге ие болды. Шекараның ашылуымен, 1992 жылдың басында бағаны ырықтандыруға байланысты, олардың тауарларына деген сұраныстың жағымсыз өзгеруіне байланысты бұл секторларда түрлі себеп салдар байқалды.
Сонымен нарықтық типтегі экономиканы қалыптастыруды Республикада қол жеткізген экономикалық тұрақтылық негізінде келешек даму үшін алғышарттар құрылды. Нормативтік құқықтық база құрылды және ол әрі қарай дамытылуда.
1996-1997 жылдары Қазақстанда нарықтық жағдайдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеуге, сондай – ақ маңызды әлеуметік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша мемлекеттік бағдарламаға бағыталған 200 жуық заңнамалық және нормативтік актілердің жобасын өңдеді. Олардың ішінде: табиғи монополия қызметі туралы, банкроттық туралы заңға өзгерістер енгізілді, сондай – ақ үкіметтің бірқатар маңызды бағдарламалары бар.
Үкімет реформаларының орта мерізімді бағдарламаларын тереңдету жағдайына байланысты өндіріс сферасында саланы құрылымдық қайта құрумен және кәсіпорын реформаға байланысты небары радикалды шешімдер қабылданды. 1995-1996 жылдары Республика үкіметі базалық өндіріс саласының 50 шақты ірі кәсіпорынды сыртқы басқаруға берді. Қазақстаның даму институты еліміз егемендік алғанан бері оның салаларының орналасуы мен даму бағыттын зерттеп келеді. Ол үкімет бағдарламасын алдағы анықталған периодын көріп білуге және оны түрлі этапта реттеп отыруға мүмкіндік береді.
- 1989 жылдың аяғы 1990 жылдың басы-құлдырау;
Осыдан кейін экономикалық өсім басталады. Қазақстанның даму институтының болжамы бойынша даму перспективасы осындай.
Қазіргі кезде өнеркәсіп салалары келесідей кешенге біріктірілген:
а) жанар-жанармай;
б) металлургиялық;
в) химия-ормандық;
г) агроөнеркәсіп орын;
д) әлеуметтік;
е) құрылыс кешені.
ТЭҚ-ң жиынтық өнеркәсіп өндірісінде 1/3 үлесін алады, ал ЖТ көлемінің 15% құрайды.
Соңғы жылдары ТЭҚ құрылымынан түскен түсім жиынтық салықтың түсімі 55-65% құрайды, ал оның тауар экспорты 50% құрайды.
Металлургия кешені мынадай бірқатар ерекшеліктерге ие: кешеннің жоғары капитал сиымдылығы, қара металлургия объектілерінің құрылымдық ұзақ мерізімі, комплекс ішілік технологиялық байланыстың тығыздығы. Қазақстанның металлургия өнеркәсібінің дамуы тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар елдің нақты саяси тәуелсіздігін, индустриялды және қорғаныс потенциялдарын анықтайды.
Экономиканың дамуында алдынғы орынға машинақұрылысы кешені қойылуы мүмкін. Машинақұрылысы жалпы әлемде индустрия мүмкіндіктерін анықтайды. Дамыған елдер үшін бұл сала үлесі жалпы өнеркәсіп тауарлары көлемінің 1/3 бөлігін алады.
Жапонияда - 50%, Германияда - 48%, АҚШ - 40%, Франция - 38%.
Машинақұрылысы кешені машинақұрылысы саласының жиынтығын көрсетеді. Олар: жалпы машинақұрылысы, электроника және радиоэлектроника, транспорттық машинақұрылысы, сондай – ақ ЭЕМ өндірісі және құрал жабдық құрастырушылық т.б.
Химия – ормандық кешен химиялық, мұнай химиялық, ормандық ағаш өңдеуші, целлюлозды – қағаздық және орман – химиялық өнеркәсіптердің интеграциялық жүйесін көрсетеді. Химия – орманды кешен нақты ішкі салалардың байланысымен. ҒТП-ң үлкен әсерімен ерекшеленеді.
Жарияланған-2014-12-18 20:18:42 Қаралды-3483
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина