МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС
Мемлекет пен бизнес өзара іс-әрекет кәсіпкерлік одактар (ассоциациялар), сауда-өнеркесіп палатасы аркылы жузеге асады.
Сауда-өнеркісіп палаталары мемлекетпен тікелей байланысты және кәсіптік окуды ұйымдастырушы ретінде кызмет аткарады. Биржа кызметін бакылауы мүмкін, тауардьщ тууы мен сапасы жайлы куілік (сапалык сертификат) береді, бизнес муддесі ушін көрме, жәрменке, сауда аукциондар ұйымдастырады, ұсак бизнес ұйымьш кұрып, оньң дамуына ыкпал жасайды. Нарык жағдайьнда барлык кәсіпкерлер одағыньң алдьнда тұрган басты мақсат - мемлекет пен кәсіпкердің озара іс-әрекетінің ымыраласуымен жалпы алеуметтік-экономикалык саясатты жасады. Мұндай іс әрекет рыногтык экономикасы дамыған барлык елдерде кенінен колданылады.
Кәсіпкерлер одағы - бұл бизнестің басты штабы:
-ГФР - да - батыс Германия өнеркәсібінің федеральды Одағы. Онда 95 мьң кәсіпкерлер мен фирмалар біріктіріліп, ірі бизнесті дамытұға байланысты мемлекеттік зандарды жасауға катысады. Бұл Одактыц Боннда, Нью-Йорк, Лондон, Париж, Брюссельде өкілдіктері бар;
-Францияда- француз кәсіпкерлерінің Ұлттык Кеңесі (патронат);
-АҚШ-та -Ұлттык өнеркәсіпшелер ассоциациясы;
-Англияда - британ өнеркәсібінің Конфедерациясы;
-Италияда- итальян өнеркәсібінің Конфедерациясы;
-Жапонияда - жапония экономикалык ұйымдарынын федерациясы.
Рынокгык экономика жағдайында мемлекет пен тауар өндірушілер тең құқықтық партнер ретінде іс аткарады. Мемлекет өзінің катынастарын кәсіпорны, фирма, компания, концернның барлык типтерімен шарт жасау негізінде немесе келісімге кұрады. Олай жасау нарыкты реттеудің манызды түрі больп табылады. құқықтық базаньң жетілмеген жаңа шаруашылық тәсілінің игерілмеген кезінде бұл келісімдер мемлекеттік орган мен кәсіпорындардын экономикалык, мәселелердә шешуде күш-жігерін біріктіруде манызды роль аткаруы мүмкін. Келісім шеңберінде барлық қатысушы кәсіпорындарға әлеуметтк мәселені шешуге, нарықтық инфрақұрылымды, көлік сетін, энергетикалық базаны дамытуға оңтаулы әрі ыңғайлы түрлердің табылып қалуы да мүмкін. Бұл жерде жалпы шаруашылық қорын кұру маселесі шешіліп қалуы мүмкін: бартерлік және валюталық қор, кенжелеген аудандарды әлеуметтік қолдау қоры және т.б. /Рынокты реттеу мен бәсекеге жағдай жасаудың ең маңызды түрі - монополияға қарсы шаралар жүйесі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасында 9О-ға жұық ірі кәсіпорындар бар. Олар 100-ден астам ең маңызды өнім түрлерін шығарып, монополист болып отыр. Бұл жерде технологаялық біртектіліктің болмауынан және өндірістің территориялық факторымен де жағдай күрделене түседі. Экономиканың монополияланбаған кезінде ғана рынокгық катынастардың дамуы мумкін. Нарық жағдайында мемлекет экономиканы басқарудың салалық принципіен бас тартпайды. Мемлекеттік қызмет елдерге тез тарайды, ал салалық басқару еш жерде толық жойылған емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттің маңызды кызметі экономиканы реттеу болып қала береді. Оның мақсаты - қоғамдық өндірісті тиімді дамыту, айқын дұрыс бәсекелестікке жағдай жасау, халық шаруашылығының діңгекті аясына экономикалық тәсілдің әсерін белсенді қолдану. Жекелеген дамыған мемлекеттер реттеуші нарықтық қатынастар жүйесіне 30-шы жылдардың басында көше бастады. Казіргі уақытта бұл елдерде реттлмейтін нарық жоқ. Рыноктық экономикасы дамыған елдер біздің жоспарлы реттеу тәжірибемізді қолданып, нарықты реттеудің тиімді жүйесін жасап, өз бойында органикалық түрде жоспар мен рыноктық жетістіктерін сіңіре болды. Тек жоспар дерективалы емес, иидикативті, бағыттаушы болды, ал нарық стихиялы емес оның іс-әрекет мемлекеттің бақылауында болды.
Қазақстан Республикасында рыноктың қалыптасуы жағдайында экономиканы реттеудің тікелей және экономикалық тәсілінің рөлін төмендету тенденциясы басымырақ болады. Олардың өтпелі кезеңінде сақталуы рыноктық қатынастардың дамымауымен түсіндіріледі. Алайда, бұл шаралар нарықтық қатынастың қалыптасуын жеделдету үшін де қолданылуы мүмкін, сондай – ақ объективті және субъективті себептермен толықтырылуы да мүмкін.
Мемлекеттік реттеу жүйесі жоғарыдағы көрсетілген тәсілдер іс-әрекетімеи ғана шектелмейді, сонымен қатар реттеу процесінде жүзеге асуына жағдай жасайтын мына элементтерде сіңдіріледі:
құқықтық база (зандар, бағдарлама, үкімет қаулысы, президент жарлығы және т.б.) және ыңғайлы рыноктық ортаны қамтамасыз ету;
бәсекелестік қорғау және кәсіпкерлікке жағдай жасау;
ұлттық табыс пен материалдық байлықты үйлестіру (қайта болу);
ұлттық табыс құрылымын өзгерту үшін ресурыстарды бөлуді реттеу;
экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурыстарды орналыстыруға әсер ету.
Демек, мемлекеттің реттеушілік іс әрекеті тікелей және жанама араласқан тәсіл мен рычагтарға негізделіп, белгілі мақсатқа жету үшін жасалады.
Қазақстан Республикасының алдында аймақтық реттеу мәселесі өте өткір болып тұр.
Қазақстан Республикасы басқа көптеген елге қарағанда территория ауқымы жағынан әлемдік масштабта шекарасының үлкен әрі ұзын болуына қарай, ірі мемлекет санатына қосылады.
Территорияның сондай үлкен болуы оның аудандарының бір – бірінен айқын айырмашылықта болуына алып келеді. Оған: табиғи – климаттық жағдай, жергілікті рельеф ерекшелігі, топырақ құрамы, жануар мен өсімдіктер әлемі, табиғи пайдалы қазбалардың орналасу мен оның қорлары, еңбек ресурыстарының болуын жатқызамыз.
Осы факторлармен қоса қазіргі кезде экономикалық және саяси сипаттағы жаңа факторлар пайда болды. Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекеттке айналып, өзінің аймақтық саясатын өз мүддесіне сай өзінше шеше алады. Бұл бұрын одақтық мұқтаждығына жұмыс істеген кәсіпорындардың бағыт-бағдарын өзгертуге алып келіп, енді республиканың тұтынысының қанағаттандыруға жұмылдырады.
Бұрын негізінен шикізатты қазумен айналысқан кәсіпорындар және түпкілікті өнім алу үшін қоғамдық өндірістің өқңдеу салаларын дамыту қажеттілігі республикасының көптеген аймақтарының экономикасын құрылымды жағынан қайта құруды талап етті.
Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы
1. Бюрократизм мәні , теориялық шығу тегі және элементтері.
2. Бюрократия және демократия.
3. Бюрократиялық нарық қағидасы.
4. Әкімшілік рента. Ұжымдық іс әрекет логикасы.
5. Лоббистік іс-әрекеттің мағынасы мен оның әдістері.
Бюрократизм мәні , теориялық шығу тегі және элементтері.
Бюрократизм ұғымы іс жүргізуді ретке келтіру тұрғысынан қолданылады. Бюрократизмнің түп төркіні кеңесшілдік, төрешілдік, былайша айтқанда жұртшылдық пікірімен санаспай, дербес басшылық жасауға әуестенушілік. Бюрократизм – басшының жұмысты ұйымдастыруды өз қолына алуы, өз билігін сақтауы мен нығайтуы.
Бюрократизм басшылық етудің ерекше стилі , онда ұжымның мүддесі мен еркінен тыс билік ету, нақты істі елеумешілік басым түседі. Бюрократ дегеніміз- өз міндетін немқұрайды орындайтын , іске зиян келтіретін , қағазбастылыққа салынатын, жүйедегі нақты мүмкіндіктерді ескермейтін лауазымды қызмет иесі.
Бюрократ белгіленген ережелер мен қағидаларды арқа тұтып жауапкершіліктен қашады, өз ісіндегі қолайсыз жайттарды, осы нормативтерді шығарған жоғарғы басшылардан көреді. Сол себептіде ол өзінің қарамағында істейтін адамдарды формальді міндеттерін қалай орындағанынан қарай бағалайды.
Бюрократизм ұжым инициативасын басып тастауға бейім, батыл, ізденісті, оңды пікірді ұнатпайды. Ал кадрларды бағалаумен қызметін жоғарылатуды өзі ұнатады, жеке басына қалтқысыз берілген адамдардан , жолдас- жораларынан туыстарынан іздестіреді.
Себептері: кейбір басшылардың экономиканы жетік білмеуі , ойлаудағы шалағайлылығы, жаңа тәсілдерді үйренуге қабілетсіздігі немесе үйренгісі келмеуі, басқарудың кейбір ұйымдық құрылымының жетілдірілмеуі, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай білмеуі.
Бюрократияның пайда болу формалары:
-көп сатылы басшылыққа бейімділік .
- берекесіздіктен , тартыншақтықтан , инициативасыздықтан және жоғарыдан нұсқау күтуге дағдыланғандықтан жүйедегі шешімді ұзаққа созу.
- қарамағындағы адамдардың ұзақ – түйегіне дейін бақылау, олардың күнделікті қызметіне орынсыз араласу.
- қағаз бастылыққа салыну, өзін сақтандыру мақсатында әрбір істелген істі құжатпен тіркеуі, іс қағаздарын ұлғайту, жедел басшылықты баяулату.
Бюрократия- жұмысшы компетенциясын , жолдау- принципін , жұмыс көрсеткіштерін бағалау, ереже көрсеткіштерін бағалау , ереже және стандарт, нақты басқару иерархиясына негізделген мамандандырылған еңбек бөлінісі сипатындағы ұйым типі. Сондықтан бюрократиялық ұйымдық құрылым еңбек бөлінісінің жоғарғы дәрежесіне , басқару иерархиясын дамытуды сипаттайды.
Жалпы Қазақстанның қазіргі жағдайын сипаттау және бюрократизмнің элементтерін көрсету үшін поркинсона заңына сүйенеміз.
Оның пікірінше бюрократиялық басқару белгілері төмендегідей:
Бюрократия өзін өзі реттейтін рыноктық, құндық тетіктерге түбегейлі экономикалық реформаларға әрдайым қарсы. Ал реформа болса жұмыс істеудің принципіжаңа әдістерін , кәсіптік біліктілікпен қазіргі есептеу техникасын пайдалана білуді, үнемі оқып, оны қайта пысықтауды ұсынады. Реформа басқару жүйесіндегі артық буындар мен баспалдақтарды анықтап, олардың халық шаруашылығына қаншалықты зиян екенін көрсетеді.
Басқарушы аппарат тұрғысынан қарағанда бюрократизмнің төмендегідей себептері бар.
Кесте №1
Басқарушы аппараттағы бюрократизм себептері
Себептер |
Себепті нақтылау |
Ұйымдық |
Шаруашылық органдарының ауысуы , көп құжаттар көмегімен басқару процесін жүзеге асыру. Процестерді қалыптастыру және ұйымдастыру. |
Әлеуметтік |
Аппарат қызметінде демократиялық әдіс және форманың дамымағандығы. Басшының кәсіби деңгейінің жетіспеушілігі, догматизм. |
Құқықтық |
Шаруашылық органдары мен оның басшылары арасындағы қарым – қатынастың, құқықтық негізінен болмауы. |
Ақпараттық |
Ақпараттарды жинау, өңдеу, сақтау, тарату үшін қазіргі заманғы техникалық негіздің болмауы. |
2. Бюрократия және демократия.
Біздің еліміздің терең реформалау жолында афторитаризм және демократизмнің кейбір белгілері мен қасиеттерінің шиеленесуінде азаматтық қоғамның өтпелі типі қалыптасуда. Авторитаризм- басқарудың обективті шарасыз формасы. Халық нақты іс-әрекетке және нәтижеге нақтылы адам жауап беруді қалайды. Сондықтан да бүгінгі мәселе авторитаризм болады ма әлде жоқпа онда емес, керісінше ол ары қарай қалай дамиды: диктатура немесе демократия жағына.
Түрлі елдердегі демократияның жалпы заңдылықтарын дамытуды талдау процесіне ҚР Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеу институтының директоры М.С. Ашимбаев мемлекеттің шартты классификациясын ұсынады.
1) Демократиялық өзгерістердің қарқыны.
2) Өтпелі процес мазмұны.
3) Демократиялық процесс формасы,
4) Демократиялық транзит детерминаты.
5) Демократиялық процеске қатысатын азаматтар көлемі.
6) Демократиялық процестердің институционалдық алғы шарты, елдегі нақтылығы.
Демократия өзгерістердің өсу қарқыны бойынша Қазақстан Саяси жүйені реформалаудың сатылы өсу қарқынының сипатындағы елдер қатарында есептелінеді.
М. Ашимбаев аталмыш процесті бірнеше этаптармен толық бөліп көрсетті.
1-ші этап (1990-1993жж.) «қирау кезеңі». Парламент- президенттік формалы сипаты.
2-ші кезең (1993-1995 жж.) «Ізденіс кезеңі». Бұл кезеңде елдің ұлттық ерекшеліктері, элитті, геосаяси, психологиялық, экономикалық, саяси жағдайлары ескерілетін Қазақстанның саяси жүйе моделінің қателіктері мен проблема әдістерін іздеу процестері қарастырылды. Қоғамның саяси жүйесінің өзгеруінен 1993 жылы бірінші Конституция қабылданып, бекітілген болатын. Сонымен бірге биліктің: заңды, орындаушылық, соттық бөлімінің принциптері бекітілді. Осы кезеңде бірінші рет парламентке альтернативті сайлау өткізілді, жергілікті билік органы- маслихат қалыптасты.
3-ші кезең (1995-1998 жж.) . «Кристаллизация кезеңі».
Қазіргі таңда (1998 жылдан бастап) «эволюция кезеңі» жүруде: елдің саяси жүйесіндегі демократиялық элементтерді арттыру жалғасуда. Бұл конституцияға және басқа да республиканың заң актілеріне өзгертулер әкелгенін растайды. 1999 ж. Жаңа жүйе бойынша ҚР Президенті жалпы сайлау болып өтті және парламентті сайлау.
Демократиялық процесті детерминдеу (анықтау, негіздеу) үш кезеңге бөлінеді.
1. 1985-1991 жж. ұлттық парадикті басым болу кезеңі.
2. 1992-2002 жж. мемлекеттік – саяси дамуда басым болу.
3. 2003-2005 жж. әлеуметтік – экономикалық парадигма.
Демократия – бұл халық билігі.
Демократияның негізгі принциптері болып төмендегілер табылады:
1)
2) Заң және сот алдында барлығының теңдігі.
3) Еркін және кең ақиқатты кепілдігі мен заңда бекітілген, арнайы құпталған азаматтың болуы.
4) Барлық азамат үшін саяси өмірге қатысу мүмкіндігінің теңдігі.
5) Заң шығарушы, атқарушы, орындаушылық және сот билігінің бөлінуі.
6) т.б.
еліміздегі ауыспалы өзгерістер арқасында адамдар саяси еркіндіктің қандай-да бірбөлігін алды. Бірақ әлі де болса демократия пайда болды. Демократиялық сипатты алып жүретін экономикалық реформа тежелуде. Бұрынғы бюрократия өзінің тиімсіз екендігін көрсетті. Өркениетті демократиялық елдерде бюрократия – азаматтық қоғам ортасында мемлекетті функционалды жүргізетін мемлекеттік құқық өнімі.
Бюрократизмді жою үшін келесі құралдар қажет:
Шаруашылық және қоғамдық кеңістікті қайта құру.
3. Бюрократиялық нарық қағидасы.
Бюрократиялық нарық- бұл келісімдер экономикасы. Ресей экономисті В. Найшульдің айтуынша , бюрократиялық нарықта әдеттегі тауар мен қызмет көрсетулердің ақшалай нарығына қарағанда тек қана материалдық құндылықтар ғана емес, билік пен бағыныштыларды , қоғамдағы нәтижелерді , жағдайлармен жалпы белгілі бір құндылыққа ие заттардың барлығымен айырбас жасалады.
Кәсіпорындар бұрынғыдай пассивті , жоғарыдан бұйрық алушы болудан қалды- олар ресурстарға тапсырыс беріп , жоғарғы органдардың шешіміне төменнен әсер етіп отырды.
Кәсіпорындар тапсырысы өндірушілерге бұйрық бере алатын жоғарғы органдарға жеткенше иерархиялық саты бойынша жылжып отырады.
Бұйрықтар ресурс талап ететін өндірушілер арасында бөлінеді. Осылайша, төменгі және жоғарғы органдардан саудасы ретіндебюрократиялық нарық пайда болды. Бюрократиялық нарықта кәдімгі нарықтық қатынастарға қарағанда дұрыс ақпарат алу өте қиын. Кәсіпорындар жоғарғы органдарға жолспарды орындамай қою мен қорқыту арқылы оның ақпарат алуын қиындатады. Өз кезегінде жоғарғы органдар әртүрлі қаржыларды қысқарту немесе ұлғайту кәсіпорын басшыларының статусына әсер ету әдістерін қолданады. Осылай жоғарғы және төменгі бөлімдер арасында вертикальді сауда пайда болды. Бірақ, бір деңгейдің бірліктері екіншісімен қарым қатынасқа түсіп, горизантальді сауда дамиды. Ресурстарды бөлудің қалыпты жағдайында бір кәсіпорын өте көп немесе жоғарғы ресурсқа ие болады. Жоғарғы органдардан ресурстарды қайта бөлуді сұрау трашакциондық шығындарды туғызады. Сондықтан кәсіпорында бұл мәселе жоғарғы органдарды араластырмай өзара айырбас арқылы шешеді. Осылай горизонтальды нарық немесе сұраныс накрық пайда болды. Ол бартерлік айырбастың қайнар көзі болатын. Германияда мемлекет және мемлекет қызметкерлерін оқыту тығыз байланыста екендігі ерекше байқалады, қайырымдылық мекемелерді қаржыландыруға, оған субсидия бөлуге мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді, оған мемлекет профиссионал персоналды және аралас профессионалды , бизнесмендерді және қоғамдық басқару қызметкерлерін тартады.
АҚШ та бұған қарама қарсы жағдай мемлекет пен католикшілердің қайырымдылық мекемелер арасында дискриминациялық жағдайда болып қоғамдық субсидия қажеттігі арасында үнемі айтыс- тартыс, талас болып жатады, оны профессионалды түрде нақты, толық анықтамай, көпшілігінде жеке бизнесмендер мен жүзеге асырып отырады.
Осындай айырмашылық бюрократтық форм мен экономикалық жетілдіру теориясын зерттеуге негіз болады. Германияда бюрократтық жетілдіру иерархиялық жолмен, ал АҚШ та стандарттауға көбірек көңіл бөлінді. Германияда экономикалық жетілдірудің қоғамдық тиімділігі бар деп түсіндірілді. Және оны қоғамдық қажеттілік арқылы заңдастырып отырды. Ал АҚШ та өнімділік тиімділігін бизнес принципіне екпін түсірді.
Бұл менеджерлік мекемелердің өтініштері жеке мекемелерге субсидия жасауға жақсы негіз қалады. Негізгі өзгерістің шығуына мемлекет тікелей немесе жанама байланысжасауынан, қаржы бөлу, профессионалдық және идеологиялық басқаруды қолға алу нәтижесіне қоғамдық көзқарас тудыру арқылы иерархиялық жолды жетілдіру жолы мен рынокты стандарттауға жеткізуді, бірыңғай және іскерлікті жетілдіруге діни ұйымдар қатыстырылады (1,2 сурет).
Қоғам қызығушылығына жүгіне отырып иерархиялық тәртіпті , олардың талабын заңдастыра отырып мемлекет сол мекемелер мен тығыз байланыста бола отырып, бюрократтықты жетілдіре түседі.
Мемлекеттік мекемеде иерархиялық тәртіпті орнату арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізгенімен, барлығы клиентпен бірдей қатынас жасау міндеттілігі, жоспардың болашақта дамуына кері әсерін тигізеді. Балалар өзін - өзі силауынан, жеке сезімнен айырылып қалуы мүмкін.
Иерархиялық тәртіп балалардың басын біріктіру емес олардың араларын ашуға, жеке сезімдерін төмендетуге "семья" мүшесі екендігін әлсіретеді.
Қоғам қызығушылығын заңдастырып алып жұмыс істеу жақсы экономикалық эффект бергенімен, діни саналылық кейбір қоғамдық мекемелерден қол үзуге тура келеді. Бюрократияны жетілдіру, стандарттау , іскерлік бір ыңғайлық, құпиялық стратегиясы өмір сүруді жеңіл қамтамасыз еткенімен балаларға ізгілік көрсете алмайды.
Американың жағыдайында балалардың өзін өзі силауы өте төмен дәрежеде дамиды. "Мүмкіндігінше арзанға" деген принцип төңірегіндегі ұйымдастырылған тәртіп, балалардың сезіміне әсер етеді.
Аса қамқорлықты қажет ететін , тастанды ешкім силамайды , деп балалар түсінуі мүмкін. Ұқсастық , пара-парлық және мемлекеттен автономия алудағы коммерциялық емес ұйымдардың күресу тәжірибесі Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдарда нарықтық экономиканы жетілдіруге қолдану пайдалы.
4. Әкімшілік рента. Ұжымдық іс әрекет логикасы
Әкімшілік рента- субъектілердің иерархиялық статус пен қызметтік ережелерді пайдалана отырып пайда табуды көздеу болып келеді.
Саяси процестерге қатысушыларға : сайлаушылар, саясаткерлер, бюро және бюрократтар, қысым жасау топтары мен лобби жатады.
Кеңестік экономикада әкімшілік реттеумен байланысты қарапайым құқықтар әкімшілік рентаны шарасыз мойындады. Әкімшілік рентаны алуға ұмтылу әкімшілік құқықтардағы сауданы және жеңілдіктерді тудырды. Яғни қарапайым құқықтар нормасымен бекітілген.
Бұл жерде көлеңкелі эканомикада аз роль атқарған жоқ. Шет ел зерттеулерінде және отандық эканомикалық және құқықтық әдебиеттерде көлеңкелі эканомиканың бірде-бір түсіндірме ұғымы жоқ.
Отандық және шет ел авторларының ұсынған тәсілдеріне қарай Г.Карагузова астыртын эканомиканың анықтамасын төрт топқа бөліп ұсынады.
Көлеңкелі экономика:
1) Экономикалық іс-әрекеттің тыйым салынған түрі ретінде ғана қарастырылады.
2) Экономикалық қызметтердің жасырын түрі және жария етілмеген ретінде анықталады. (Көлеңкелі өндіріспен біртіндеп айналысады).
3) Жасырын өндіріс ретінде қалыптасады.
4) Барлық экономикалық қызмет ретінде көрсетеді, яғни арнайы статистикада тіркелінбеген салық төлеуден жалтару және ЖІӨ -ге кірмейтін.
Көлеңкелі экономиканы жалпы түрде қоғамда еш бақылауға келмейтін қызмет көрсету мен тауарлы- материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну мен анықтауға болады.
Алғаш рет бұрынғы Совет Одағына "Көлеңкелі экономиканың" масштабын елеу 70-ші жылдары жүзеге асырылды. Оны зерттеумен 80-ші жылдары әр түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары айналысты.
Көлеңкелі экономиканы екі блокқа бөлуге болады:
1) Ресми емес (Регламенттелмеген және азаматтардың анықталмаған қызметін қамту).
2) Тауар жұмыс, қызмет өндіру бойынша тіркелмеген іс-әрекеттер, яғни анықталмаған қосымша құнды құру. Криминал және т.б. жатады. Криминалды экономика заңға қарсы жасырын , арнайы экономика шеңберінен тыс қызмет жасайды. Криминалданған- ресми экономика құзырындағы қызмет және салт-дәстүрге қарсы әдістермен жүзеге асады. "Көлеңкелі экономика"факторын нақты тәжірибеде еескермеу, мемлекеттің көптеген ақшалай қаржысын шығынға ұшыратады, келеңсіз әлеуметтік-экономикалық салдарға-ақ жағалы қылмыскерлерді өсіреді. Алаяқ , ұрлауға , қызмет құзырын артық сілтеуге және басқа да қылмысқа ұрындлырнады.
Бүкіл әлемдік масштапта көлеңкеғлі экономиканың үлес салмағы жалпы ішкі өнімде 5-10 % құрайды. 1999 ж. ҚР. Статистикалық агентствосының мәліметі бойынша астыртын сектор ЖІӨ -ң 20-25 % құрайды. Ал тәуелсіз эксперттер бұл көріністі 45-50 % деп көрсетеді.
Жалпы әкімшілік мәселелер шешімі ұйымдастырылған топтың ұжымдық әсерін назарға ала отырып қабылданады. Лоббизм- социолистік шаруашылық тәжірибесінен бұрыннан белгілі. Ұжымдық іс-әрекет көп уақытпен күш шығынын талап етеді.
Лоббизм- демократиялық саясат жүйесінің интегралды элементі болып табылады. Және ол саяси және құқықтық негіздемелерге ие. Жоғары квалификациялы іс-әрекет.
Лобби, лоббизм- мемлекеттік органдарының заңдылық және әкімшілік қызметіндегі әр түрлі топ азаматтары ұйымдастырған жолға әсер ететін мүдделерді жүзеге асыру тәжірибесі және жүйесі. (Өзінің бағыты бойынша өз талабын ұстап тұру).
Лобизммнің саяси мәніне келесі аспектілер жатады.
1. Лоббистік топ мемлекет және азамат арасындағы делдалдық функцияны орындайды.
2. Лоббизм қоғамдық мүдде плюрализмді ұйымдастыру қызметін орындайды. Лоббирования процестері әрқашан топ адамдары мен жүзеге асады.
3. Лоббизм демократиялық ( өкілеттіліктің ) представительстваның конституциялық жүйесін толықтырады.
Жалпы Қазақстанда лоббизмді толықтай пайдалануды функциялау үшін төмендегілер қажет:
1. Міндетті заңдылық база құру. Яғни лоббизтік іс әрекет туралы заңын жасау және республика парламентімен қабылдау.
2. Парламенттік іс әрекеттің тәжірибесін арттыру, яғни құқық органдарының әртүрлі лоббистік командаларымен өзара іс әрекетінің парламенттік іс әрекет механизімін өңдеу және тәжірибеге енгізу.
3. Партогенез процесін аяқтау және мемлекеттік билікке әсер ету орталықтары ретіндегі күшті саяси партиялардың пайда болуы.
4. Күшті атқарушы билікке қарама қайшы салмақ ретінде болатын конструктивті оппазицияның құрылуы.
5. Лоббизм процесін реттеу құралдары мен әдістерін өңдеу. Бұл процес бүкіл лоббизм институттарының оның толық іріткі салуға дейін жеткізбеу үшін қарама-қайшы іс - әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
6. Мемлекеттік және жеке ақпараттық – аналитикалық құрылым түріндегі "ми орталығы" потенциалын дәл, әрі белсенді қолдану.
5. Лоббистік іс-әрекеттің мағынасы мен оның әдістері
Лоббистік іс-әрекеттің экономикаға әсерін түсіну үшін ең алдымен бұл сөздің мәнін білу керек. Лобби , лоббизм (ағылшын тілінде lobbu кулуари) (парламентте , съезде, мәжіліс залы сыртындағы орын). АҚШ заңды органдары жанындағы ірі монополиялық агенттер мен контор жүйесі . Лоббизм түбірі өте тереңде , өйткені бұндай құбылыс адам табиғатымен сипатталады, яғни белгілі бір экономикалық мадақтауларға лайықты сөзі өтімді адамдар және мемлекет қайраткерлерінің тобы осы немесе басқа субъектілерге қолдау көрсетеді.
Біздің елде лоббирования мүддесін цивилизованный деп атауға болмайды, кәсіпкерлер өз мүддесін қорғауда кез келген амалдарды қолданады. Қазақстанда лоббирализм бұрынғы кеңестік дәстүрі бойынша атқарушы билік кабинеттерінде және коридорда жүргізіледі.
Лоббизм заңдылығы біздің парламентте бекітілген . Бізде лоббизм даму тенденциясында , бірақ оның жүзеге асуы құпиялы сипат. Атқарушы билік ортасында лоббирование бақыланып отырады.
Қазақстандағы лоббизмді бірнеше деңгейге бөлуге болады:
- Аймақтық
- Қаржы- өнеркәсіптік
- Шетелдік
- Үкіметтік емес ұйым лоббиі.
Президенттік лобби супер президенттік елде көп сферода қолданылады. Өйткені , президент барлық басқаруды жүзеге асырады. Оның бұйрығы бойынша президенттің парламенттік өкілі және қазыргі жұмыс жасап жатқан үкімет құрылды. Қабылданған тактика бойынша бұл өз кезегінде жұмыс әдісі , әсер етуші құрылым тиімділігі жақсы ұйымдастылылған , президенттің және атқарушы билік мүддесін қорғауды нәтижелі түрде көрсету болып табылады. Оның күшті жақтары – авторитет, өкілетті қолдау, шенеунік кәсіпқойлығы , шешім қабылдауда арнайы білімі, кулуарлы жағын және депутаттар мен олардың фракцияларын қолдау.
Президенттік лоббиді әкімшілік - басқару аппаратына жататын үкіметтік деп атауға болады.
Егер клан арасындағы қатынастар туысқандық байланыста негізгі рөлді атқарса , онда бұл бұл жағдайда қаржы-өнеркәсіптік ортаға туысқандарды ендіру, оларды квалификациялы дайындықтың жоқтығынан , оның әлсіреуіне әкеп соқтырады.
Аймақтық лоббизмді кландықпен батыл салыстыруға болады. Аймақтық лоббизм шешімді қабылдаудың барлық деңгейінде аймақтық элитамен қарастырылады. Корпоративтік (салалық) лоббистерді жақсы қолдайды. Басты мүдде – қаржы түсімділігімен күресу.
Республикада парламенттің құрылу принципі аймақтық лоббиге тиімді әсер етуіне жағдай жасайды, Аймақтық эканомиканың дамуы біркелкі еместігі, мемлекеттік және жергілікті бюджетті қалыптастыру және бөлуде күреске әкеп соқтырады.
Шетелдік лоббирование кландық және президенттік , аймақтық лобби мен ешқандай байланысы жоқ түрде жеке бөлінуі мүмкін . Лоббизмнің бұл түрі шетелдік олигархиядан көрінеді, және оның Қазақстандағы позициясы нық , ал отандық бизнес өз шегінде жеңіліске ұшырайды.
Үкіметтік емес ұйым лоббиі немесе үшінші сектор әртүрлі қоғамдық ұйымдармен көрсетіледі, (ҮЕҰ , комм. емес) мемлекет қоғамдық бірлестік ісіне араласа алмайды. ҮЕҰ көрсететін әлеуметтік топтың көптүрлілігі мүмкін болатын өкілеттіліктермен лоббирленген барлық экономикалық әлеуметтік және азаматтық мүдделерге жағдай жасайды.
Жарияланған-2014-12-17 15:35:05 Қаралды-8243
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина