1. Деректер банкінде қолданылатын тілдер: деректерді суреттеу тілі, деректерді қимылдату тілі және сұраныстар тілі. Деректерді ұсыну деңгейлері: сыртқы, концептуалды, ішкі.
Реляциялық модель және реляциялық тілдер жөніндегі Е.Ф. Коддтың статьяларынан кейін реляциялық тілдерді пайдалану, тарату мәселелерімен айналысатын коммерциялық және зерттеу бірлестіктерінің жұмысы дами түсті. Соның нәтижесінде SQL (эскюэль немесе сиквел деп оқылады) (Structured Query Language) құрылымдық сұраныстар тілі, QBE (Query-by-Example) – үлгі бойынша сұраныс және QUEL (Query Language) – сұраныстар тілі тілдері ең маңызды тілдерге айналды. SQL мен QBE тілдері 1970 жылдар IBM фирмасында шығарылды және SQL– текстілік тіл, ал QBE – графиктік тіл екендігіне қарамастан көптеген ұқсас функцияларды атқарды. QUEL–INGRES ерекше тілінің негізінде шығарылды. SQL тілі реляциялық ДБ құру, өңдеу процесін SEQUEL (Structured English Query Language – английский язык структурированных запросов) тілі негізінде жүргізеді. 1981 ж. SQL тілін қолданатын SQL/DS , 1983 ж.–DB2, 1986 ж. SQL-дің алғашқы ANSI стандарты шығарылды. Кейіннен әДБебап ЭЕМ-ге және дербес компьютерге арналған клиент-сервер типті SQL версиялары жарық көрді. Мысалы, Sybase SQL Server, Microsoft SQL Server, IBM OS/2 Extanded Edition Database Manager, DEC Rdb/VMS және Oracle Server for OS/2 клиент-сервер жүйесіне арналған программалар; ал R:Base, dBase дербес компьютерге негізделген программалар болып саналады.
Құрылымдық сұраныс тілдері мәліметтердің тұтастығын қолдау және қорғау, мәліметтерді жылдам өңдеу, мәліметтер сөздігі мен ақпараттық схеманы басқару, сұраныс құру, басқару, кестелерді анықтау, мәліметтерді жаңарту, ДБ-н пайдалану шарттарын бекіту және өңдеу сияқты әрекеттердің барлығын орындайды.
SQL жүйесінде кестелер мен схемаларды анықтау. SQL жүйесінде пайдаланушылар бірнеше схемаларды анықтауына болады. Схемалар каталогтарға біріктіріледі. Әрбір каталог мета мәліметтерден тұратын арнайы ақпараттық схемаларды қамтиды, ал басқа схемаларды пайдаланушылар анықтайды. Схеманы анықтау CREATE SCHEMA бұйрығы арқылы жүргізіледі, содан кейін облыс, кесте, мәліметтер сипаттамасы айқындалады. Кестені анықтамас бұрын бағандар мәні алынатын облыстардың қалай айқындалатынын көру керек. Реляциялық модель тұрғысынан қарағанда облыс –реляциялық кесте бағандарына мән беруге болатын жиын болып табылады. Осы мағынада алдын-ала анықталған мәліметтер типтері облыс болып саналады. Ал SQL облысты басқаша анықтайды. Барлық жағдайда да SQL мәліметтер типтерін алдын-ала анықтауды қамтамасыз етеді және пайдаланушылар анықтаған облыстарды қолдануға мүмкіндік береді. SQL анықтамасы бойынша алдын-ала анықталған мәліметтер типтері де, пайдаланушылар анықтаған облыстар да реляциялық модель тұрғысынан облыс болып табылады.
Мәліметтер типтер:
1) нақты, дәл сандық типтер:
- integer – бүтін сан;
- numeric(х,у) –сан;
- small integer –қысқа сан;
- decimal (x,y)– ондық сан.
(х,у) –х – жалпы санның қанша орыннан тұратындығын, ал у– үтірден кейінгі орынды анықтайды.
2) Жуық сандық типтер:
- real – нақты сан;
- float – жылжымалы үтірлі сан;
- double precision– екі есе дәлдіктегі сан.
Бұл типтер әдетте ғылыми және инженерлік есептеулерде қолданылады.
3) Символдық қатарлар:
- character(n) – символдық қатар;
- character varying (n) – айнымалы ұзындықтағы символдық қатар;
Мұндағы n символдар саны. Character типті өрістер үнемі п символдан тұрады, енгізілген мән ұзындығы п-нен кем болса, оң жағынан бос орындармен толықтырылады. character varying типті өріс ұзындығы енгізілген символдар санына сәйкес болады.
4) Екілік қатарлар:
- Bit (n) – екілік қатар;
- Bit varying (n) –айнымалы ұзындықтағы екілік қатар.
Бұл өрістер жалаушалар және басқа екілік маскаларға қолданылады.
5) Мерзімдік типтер:
- data – дата;
- time – уақыт;
- time stamp –дата және уақыт;
- time with time zone – уақыт және сағаттық белдеуі;
- time stamp with time zone – дата, уақыт және сағат белдеуі.
Дата: жыл, ай, күн параметрлерімен көрсетіледі. Жыл 4 белгіден тұрады. Уақыт : сағат (0-23), минут, секунд және секунданың ондық бөлігі.
6) Interval аралық типі:
-year- month–жыл және ай;
- day-time – күн және уақыт.Аралық тип екі датаның не екі уақыт мерзімінің айырымдарын анықтайды.
Облысты анықтау. Облысты анықтауда мәліметтер типтері шектеу шарттары арқылы анықталған болуы да, қалыпты жағдайдағы мәндік болуы да мүмкін. Облысты анықтау – бағандарды анықтау барысында пайдаланушы қалауы бойынша схемада анықталатын мәліметтердің нақты типтері.
Кестелерді анықтау 3 кезеңнен тұрады:
- кестеге атау беру;
- болуы мүмкін шектеу шарттарынан тұратын әрбір бағанды анықтау;
- кестеге қойылатын шектеу шарттарын анықтау.
ДБ схемасын анықтау жобасы:
2. ДББЖ да қосымшаларды өңдеу үлгілері. Деректер базасының өмір деңгейінің ұзақтығы.
MS Access программасындағы әрбір база пәндік облысты сипаттайтын бір не бірнеше кестелерден тұрады. Кесте өрістері пәндік облыс объектілерінің қасиеттері мен атрибуттарына сәйкес келеді. Әрбір сипатталған өріс 3 элементтен тұрады:
- Өріс–кестеде ерекше болатын өріс аты;
- Мәліметтер типі–өрістегі мәліметтер типі;
- Сипаттама–өріс қызметін сипаттайтын комментарий.
MS Access-те келесі мәліметтер типтері бар:
- мәтіндік–ұзындығы 255 символдан аспайтын текстілік (символдық) ақпаратты сақтайды;
- МЕМО өрісі–сыйымдылығы 32000 символға дейінгі текстілік блоктарды сақтайды;
- Сандық– сандық мәліметтерді сақтайды;
- Мерзімдік–күн/ай/жыл және сағат форматында берілетін мерзімдік мәліметтер, минут және секунд: pm және am (12.00-ден кейін– pm, 12.00-ге дейін – am);
- Қаржылық–ақшалай-қаражаттық форматта мәліметті көрсетеді;
- Санағыш– 1-ден бастап автоматты түрде толтырылып отыратын өріс, бұл өріс өзгертілмейді;
- Логикалық–ия/жоқ немесе ақиқат/жалған түріндегі мәліметтерді сақтайды;
- OLE объектісі–Windows қосымшаларындағы суреттер мен графиктік бейнелер, кестелер және т.б.мәліметтерді сақтайды;
- Гиперсілтеме–өріс мәні басқа өрістегі мәліметтермен байланысты қамтамасыз ететін гиперсілтеме болады.
Конструктор терезесінің төменгі бөлігінде өріс параметрлері мен қасиеттерін бекітуге арналған Общие/Подстановка бөлімдері бар. Өріс қасиеттеріне тоқталайық:
- Өріс өлшемі–мәтін үшін қалыпты жағдайдағыдай, сандық мәлімет үшін Бүтін, Байт, Жылжымалы нүктелі, Үлкен бүтін сан, репликация коды болуы мүмкін.
- Өріс форматы–мәліметтің экранға не принтерге шығарылуындағы бейнеленуін анықтайды.
- Енгізу маскасы–мәлімет енгізу форматын анықтайды.
- Подпись–формалар мен отчеттарға арналған өріс сипаттамасы.
- Қалыпты жағдайдағы мән–өрісте автоматты түрде пайда болатын, бірақ кесте не форма режимінде өзгертуге болатын мәліметтер.
- Мәнге қойылатын шарт–енгізілген мәнге Access программасының реакциясы, логикалық өрнек.
- Қате туралы хабарлама–өріске енгізілген мән енгізу шартына сәйкес келмеген жағдайда шығарылатын хабарлама.
- Міндетті өріс–өріске мән енгізудің міндеттілігін анықтайды.
- Бос қатарлар–бос өрістерден өзге нөльдік мәнді өрістерді анықтайды.
- Индекстік өріс–индекс бекітілген өріс бойынша мәліметтерді жылдам іздеп табуды ұйымдастырады.
- ЮНИКОД сығымдалуы–«Мәтіндік», «МЕМО типті» және «Гиперсілтеме» типті өрістерге қолданылады.
Мәлімет енгізу маскаларында қолданылатын негізгі символдар:
Маска символы |
Енгізу мүмкіндігі |
0 |
0 мен 9 арасындағы цифралар |
9 |
Цифрлар немесе пробел |
# |
Цифрлар немесе пробел, +/- |
L/! |
Әріп |
A/a |
Әріп және цифр |
&/c |
Кез келген символ немесе пробел |
. |
Ондық нүкте |
: немесе / |
Уақыт және мерзім бөлгіші |
< |
Символдарды кіші регистрге көшіру |
> |
Символдарды үлкен регистрге көшіру |
Маскалар мысалдары:
- (###)-###-### –147852369 санын енгізгенде сан өрісте (147)-852-369;
- >– «алматы» сөзі енгізілсе, ол автоматты түрде «Алматы» түріне өзгереді.
Кестелерден қажетті мәліметтерді жылдам іздеп табу үшін индекстік өрістер кірістіріледі. Индекстер Мәтіндік, Сандық, Уақыт/мерзім, Қаражаттық, Санағыш, Логикалық типті өрістерге құрылады. Қарапайым кестелерге көп индекстік өрістер құрудың қажеттігі жоқ, себебі индекстер жаңа жазбалар кірісітіру процесін тежейді.
Бір өріске индекс құру төмендегіше орындалады: Кесте Құрастырушы (Конструктор) режимінде ашылады және индекс бекітілетін өріс таңдалады. Өріс қасиеттері өрісіне өту үшін Ғ6 пернесін басып, Индексированное поле қасиетіне өрісте мәліметтердің қайталануына рұқсат берілу керек болса, Да мәнін бекіту керек. Егер мәндердің сәйкес келун болдырмау қажет болса ДА мәнін бекітіңіз.
Бірнеше өрістерге индекс бекіту керек болса: Вид-Индексы бұйрығын орындап немесе құралдар панелінен Индексы кнопкасын басып, Индекс бағанына индекс атын енгізі керек. Имя поля өрісіне индекс бекітілетін өріс атын енгізу қажет. Қажетті өрістерге индекстер атауларын көрсетіп болған соң, Индекс терезесін жабу керек.
Әдебиет
- Атре Ш. Структурный подход к организации баз данных. – М.: Финансы и статистика, 1983. – 320 с.
- Бойко В.В., Савинков В.М. Проектирование баз данных информационных систем. – М.: Финансы и статистика, 1989. – 351 с.
- Мартин Дж. Планирование развития автоматизированных систем. – М.: Финансы и статистика, 1984. – 196 с.
- Мейер М. Теория реляционных баз данных. – М.: Мир, 1987. – 608 с.
- Цикритизис Д., Лоховски Ф. Модели данных. – М.: Финансы и статистика, 1985. – 344.
- Хаббард Дж. Автоматизированное проектирование баз данных. – М.: Мир, 1984. – 294.
Жарияланған-2014-11-19 19:57:22 Қаралды-5061
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина