UF

Сайтты жобалау

Мазмұны

1.Жақсы сайтты  сараптау

1.1 сайтты бағалау критерийі

2. Сайтты жасаудың мақсаты

3. Концептуаьды жобалау

3.1 Логикалық жобалау

3.2 Физикалық жобалау

4. Сайтты жобалау ерекшелігі

5. Сайттың навигациясы

6. Юзабилити

 

 

 

Бұл дәрісте сіз сайттың құрылымын, мақсатын, концепциясын құруды үйренесіз. Бұларды алдын-ала сайтты құруды бастамай тұрып жасау керек.
Кілттік сөздер: Сайттың концепциясы,жобалау, сайттың мақсаттары, сайттың құрылымы, қолданушылар, навигация.

1. Жақсы сайттарды сараптау

Интернет-ресурсты құруда бірнеше этаптан өту керек – идеяларды ойлаудан оларды орындауға дейін. Қызықты және пайдалы сайтты жасау үшін оның құрылу механизмдерін жақсы түсіну керек. Сіздің өзіңідің сайтыңыз болмағандықтан, басқа жақсы сайттарды қарастыру керек. 

Сайтты бағалау критериилері

Ең алдымен сайтты қарастыруда қоладантын критериилердің тізімін құру керек. Критерии – сайттың негізгі құраушылары, олар навигация, дизайн, ақпаратты табу ыңғайлылығы және т.б.
Навигация
 Навигация сайттың бөлімдерінің арасында қозғалуды сипатайды. Жақсы ойластырылған навигация сұрақтарға жауап беру керек:мен қай беттерді қарадым, мен қай беттемін, тағы қандай бөлімдерді қарай аламын. Ақпаратты ұйымдастыру
реттелген құрылым түріндегі деректерді ұйымдастыру кірушіге оның сайттан қандай ақпаратты таба алатындығы, оны қайдан іздеу керектігін хабарлауы керек.

Жақсы құрылым және навигация – сайттың эффективтілігінің және ұйымдасқандығының белгілері.
Мазмұны
Мазмұны — сайттағы барлық ақпарат.
Мәтінді жазу стилі
Экраннан мәтінді оқу парақтан оқудан 25% нашар. Сол үшін сайттағы мәтіндер түсінікті және керек болса бірнеше беттерге бөлінуі керек.      Дизайн
Дизайн сайтты рәсімдеу түрін анықтайды және оны әдемі ету үшін жасалғн. Кез келген сайтқа кірушінің көзіне түсетіні бірінші дизайны. Сол үшін сайттың дизайнына көп көңіл бөлу керек.           Ақпараттың толықтылығы
Кез келген ақпаратты анықтау бойынша тоқтаусыз толтыра беруге болады. Сол үшін оның таңдалған тақырып бойынша толықтылығы басқа көздермен салыстырып анықтайды.
Жүктелу жылдамдығы
Маңызды критерилердің бірі. Сайтқа кірушілердің көбісі бірінші оның жыолдамдығын айтады.


Жаңару жиілігі
ақпараттың жаңаруы бойынша сайттарды көп жаңаланатын және аз жаңаланатын деп бөлуге болады.     Жоғарыда айтылған критерилердің барлығы  кез келген сайттың категориялары үшін әмбебап.

1. сараптау үшін тақырыбыңыз бойынша әрекет ететін 2-3 сайтты таңдаңыз. Оларды табу үшін серверлерді қолданыңыз. Сараптау нәтижелерін көрсету үшін келесі кестені қолданыңыз:

Бағалау критерилері

Сайт 1-дің аты және адресі

 Сайт 2-нің аты және адресі

Сайт 3-тің аты және адресі

Навигация

 

 

 

Ақпараттың ұйымдасуы

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

Мәтіді жазу стилі

 

 

 

Дизайн

 

 

 

Ақпараттың толықтылығы

 

 

 

Жүктелу уақыты

 

 

 

Қолданылатын технологиялар

 

 

 

Интерактивтілік

 

 

 

Жаңару жиілігі

 

 

 

Жалпы көзқарас

 

 

 

Тапсырма 8.1.2. Сайттың критерилерінің мағыналыарын құрыңыз. Сайттарды енді өзіңіздің критерилеріңіз бойынша сараптаңыз. Ол үшін алдыңғы тапсырмадағы кесетні қоладуыңызға болады.

Тапсырма 8.1.3. сіздің жұмысыңызда болуы керек  изюминканы табыңыз. Ол сіздің сайтыңыздың бірегейлігі, қайталанбастығы болады.

2. Сайтты құру мақсаттары

Жобалауда сайттың мағынасын, мақсаттарын, оның көмегімен шешуге болатын тапсырмаларды , ол арналған аудиторияны ойластырып алу керек.

 Сайттың мақсаты оның концепциясынан орындалу уақыты мен бар ресурстарымен ажыратылады. Мақсат сіз белгілеген әрекеттердің қашан, қандай деңгейде орындалатынын   көрсетеді.

Сайттың құрылу мақсаттарын ойластырып, оны жазып алу сіздің сайттың көмегімен шешкелі отырған есептеріңіз үшін керек. Дұрыс,нақты қойылған мақсат сіздің сайтыңызды эффективті құралға айналдырады.

Тапсырма 8.2.1. Өзіңіздің сайттарыңыздың мақсаттарын құрыңыз,  мысалы, сіз құрғалы отырған сайттың немесе сайт-визитканың. Енді сіздің сайтыңызға құрған мақсаттарды сраптаңыз. 

3. Концептуалды жобалау

Кейде сайттың эффективтілігін бағалау қиын болады. Сайттың жақсы екендігін білу үшін қай критериді қолдану керек. Сайттың эффективтілігін сипаттайтын әмбебап критери бар. Бұл сайтты құрасытрушылардың олардың алдарына қойылған мақсаттарының жетістігі. Концептуалды жобалау сайттың мақсаттарын көрсету үшін және ол есептелген аудиторияны анықтауға арналған.  Бұл этапта келесілерді сипаттау керек:

  • Негізгі және қосымша мақсаттар.
  • Қойылған мақсаттарға жету үшін орындалатын әрекет.
  • Қолданушылар құрамы.
  • Қолданушы топтарының қызығушылықтары.
  • Сайттың бөлімдері.
  • Мақсатқа жету критерилері.

Қойылған мақсаттардың және қолданушының қызығушылықтырының арқасында сайтта орналасатын бөлімдер мен сервистердің тізімін аламыз.

3.1. Логикалық жобалау

Алдыңғы этапта ойластырылған сайт бөлімдері әзірше реттелмеген және құрылымдалмаған, сол үшін оларды түсінікті және ыңғайлы түрге келтіру керек. Логикалық жобалау сайттағы ақпаратты ұйымдастырудан, оның құрылымын құрудан және бөлімдер бойынша навигациядан тұрады. Ақпараттар түрлі реттелуі мүмкін: уақыт, бөлім,алфавитті рет, топтар және критерилер бойынша.Әуендік топтың сайтына бір әуенді іздеуді алфавитті көрсеткіш бойынша, альбомның аты,әуеннің бірінші қатарымен, шыққан жылы және кілттік сөздер бойынша жасауға болады. Бұл этапта келесілерді сипаттау керек:

  • Сайт құрылымының типі (сызықты,иерархиялық,контекстік,басқа).
  • Бөлімдер аты.
  • Әр бөлімінң құрамында не болады.
  • Бөлімдердің ұйымдасуы және олардың арасындағы байланыс.
  • Сайттың анықталған беттерінде қандай ақпарат болады.

Логикалық жобалаудың соңғы нәтижесі блок-сызба,құрылымдық диаграммалар немесе сайттың әр бөліктерінің байланысын көрсететін әдістермен беріледі.

 

3.2. Физикалық жобалау

Сайттың техникалық іске асуымен байланысқан мәселелерді шешу емес, оларды табу этапы.  Бұл этапта келесілерді сипаттау керек:

  • Сайтта қолданылатын технологиялар.
  • Қолданылып жатқан бағдарламалық қамтама.
  • Мүмкін болатын мәселелер және оларды жою әдістері.
  • Ақпарат қалай жаңарады.

Бұл этапты аяқтағаннан кейін концептуалды жобалауға қайта оралып, өзгеріс енгізудің қажеттілігін тексеру керек. Егер сайтта деректер қорын қолдану және деректерге CGI көмегімен қол жеткізу жобаланса, онда таңдалған технологиялаорды қолдайтын хостинг туралы ойлану керек. Концептуалды жобалауға қайта отырып, біз өзімізге нақты бір ақша құртып, есесіне қосымша мүмкіндіктерді ала отырып,  сайтты тығыз хостинге орналастыру керектігіне мақсат қоямыз. Немесе тегін хостинг алеміне кіру мақсаиын қабылдаймыщ.

Тпсырма 8.3.1. Өзіңіздің сайтыңыздың әр жобалау сатысына тиісті қысқа сұрақтар қойыңыз. Жұмыстың сәттілігі бағдарламалық қамтамамен анықталмайды. Сайттың сапасы жобалау сапасына тәуелді. Қымбат бағдарламалардың көмегімен эффективті емес сайттар құруға болады, қарапайым қол жетімді құралдарды пайдаланып, сауатты жобалап керемет түйіндерді құруға болады.

4.Сайттарды жобалаудың ерекшеліктері

Сайттың ақпараттық толтырылуын және навигация құралдарын жобалауда адамның ақпаратты қабылдауына негізделген төрт базалық принципке негізделу керек:

  • Белгілеулерді қолдану.
  • Орындылық.
  • Біркелкілік.
  • Бөліктерге бөлу.

Бұл принциптерге түсініктеме берейік.
Белгілеулерді қолдану
Тұрақталған және сіздің сайтыңызға кірушәлерге түсінікті болатын сөздер мен терминдерді қолданыңыз. Бұл жерде пиктограммаларды қолдану орынсыз. Элементтерді, сілтемелерді және навигация элементтерін олардың белгігленуімен оранластыру керек.
 

 

Орындылық
Сайттың бөлімдері осы бөлімге немесе сайттың үзіндісіне сәйкес келетін ақпараттар мен элементтерден тұруы керек. Бұл принципке жауап бермейтін элементтер басқа жерге ауыстырылуы немесе жойылуы керек.
Біркелкілік
Сайтта бірегей навигация керек. Беттердегі бірдей элементтер бірдей көлемге ие болуы керек және бір орында болуы керек.                                           Бөліктерге бөлу
адам бір уақытта ақпараттың үлкен көлемін сақтай алмайды. Бұл нақты бір уақыттта керекті ақпаратты сақтайтын қысқа уақытты жадының шектеулігіне байланысты. Адамдар төрттен жетіге дейінгі түрлі элементтерден тұратын ақпаратты қабылдауға мүмкіндігі бар. Сол үшін сайтқа кірушілер өздеріне керекті ақпаратты тез табады, егер олар құрамында төрттен жетіге дейінгі элементтерден тұратын  топтарға бөлінсе. Адам жеті-сегізден көп емес пунктте өзін қолайлы сезінеді. Егер пункттердің көптілігінен құтылу мүмкін болмаса – қиын бөлімдерде ішкі құрылымдар құру керек.

Сайттардың мақсатына қарай  жобаның негізгі бағытын анықтап, оған ақпаратты таңдауға болады. Жиналған ақпаратты ең маңыздысын белгілей отырып, оны құрылымдау керек. Сайттың жақсы құрылымдалуы оның  сәтті құрылуының кепілдігі. Бұл этапта кеткен қателіктер кейін үлкен шығындарға алып келуі мүмкін. Болашақ сайттың құрылымын құруда барлық пункттерді бір бетке орналастыруға тырысыңыз.
Сайттарды жобалаудың ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады: 

  • Ақпараттың жеткіліксіздігі ;
  • Адамдар веб-беттерді оқымайды, қарастырады;
  • Қолданушылар баяу жүктелетін сайттардан қашқақтайды;
  • Адамдар ақпараттың көп көлемінде қиын бағдарланады;
  • Адамның қысқа ақытты жадысының шектеулігі;
  • Монитор экранынан оқудың қиындығы.

Ақпараттың жеткіліксіздігі
Адамда — 80% су,  Интернетте — 99,9%. Қазір Интернетте ақпараттың үлкен көлемі шоғырланған және кейде қолданушыны одан сақтау керек болад.  Сейчас в интернете скопился огромный объем информации и пользователя подчас даже приходится уберегать от него, упорядочивая информацию, делая работу с ней более понятной и удобной.

Адамдар веб-беттерді оқымайды,қарастырады                                                    Бұл факт көптеген зерттеулермен дәлелденген. Мәтінді мұқият оқудың орнына біз оны тез қарастырып, бізді қызықтырған сөздер мен өрнектерге тоқталамыз.
Қолданушылар баяу жүктелетін сайттардан қашқақтайды
Браузердегі ең танымал батырма – «Артқа», мүмкін күтілген ақпараттан басқа шықанннан,әрқашан алдыңғы бетке оралуға болады. Алайда егер жүктелу баяу болса, таңдауды абайлап жасау керек болады.                             Адамдар ақпараттың көп көлемінде қиын бағдарланады
Стандартталған және интерфейтің бірегей элементтерінен тұратын операциялық жүйеге қарағанда, сайттар деректерді түрлі көрсетуге ие. Бұл оған кірушінің қолайсыздығын туғызады.
Монитор экранынан оқудың қиындығы
Бұл кішкене асырмалы, себебі біз күніге электронды поштаны, жаңалықтарды және басқа да ақпараттарды оқимыз және ешкім маниторда әріптер нашар көрінді сол үшін оқымаймын деп шағымданбайды.  Алайда қағаздан оқу шынында да оңай және тез. Бұны сайт үшін мәтіндер құрғанда есекру керек.

Тапсырма 8.4.2. Өзіңіздің сайтыңыздың бір беті үшін жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескере отырып мәтін құрыңыз.

5. Сайтта навигациялау

Сайттарды жобалаудың ерекшеліктеріне навигацияларды жобалау да кіреді. Сайтқа кірушілер барлық беттерді зерттемейді. әдетте олар өздеріне керекті бөлімдерге жүгінеді. Кез келген навигациялық жүйенің мақсаты – қолданушыға сайттың барлық беттеріне қол жеткізудің қарапайым және түсінікті әдісін ұсыну. Навигациялық жүйелер бірнеше типтерге бөлінеді: сызықты, иерархиялық,желілік.

Сызықты навигация –  «Алдыңғы», «Келесі» және «Басы» сітемелерінен тұрады. Ол дүниежүзілік өрмектің жанына қарсы келетіндіктен ол аз қолданылады, негізінде кітаптар, презентациялар және басқа да сызықты құжаттарға қолданылады. Сызықты навигацияның мысалы:

басы ®  бет1 ®  бет2 ® ® соңы.

Иерархиялық навигациятүбірлерді еске түсіреді. Жоғарыда орналасқан беттерден иерархия деңгейлерімен төменде орналасқан беттерге байланыс жүргізіледі.
Иерархиялық навигация мысалы:

Сур . 8.1.

Желілік навигациябұл сілтемелерді топтаусыз тип болып табылады.
Желілік навигация мысалы:


Сур. 8.2

Ішкі типтер – бұл үш негізгі типтердің аранайы бөлек түрлері: 
Сайттың иерархиялық құрылымымен сызықты маршрут. 
" Сайттың картасы" толығымен бұралған иерархиялық навигациялық жүйе болып табылады.әдетте қолданушыға сілтемелерді көп рет баспай  сайттың құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді.
Мәтіндік навигация – бет мәтініндегі гиперсілтемелерден тұрады. Қай навигация типі жақсысы болып табылады? Бұл сайттың мақсаттарына байланысты. Бірақ ең танымал тип иерархиялық болып табылады. Ол басқа барлық типтермен бірігіп жұмыс жасай береді.

Навигацияның орналасуы:
Беттің сол жақ бөлігі – навигациялық элементтерді орналастыруға арналған кәдімгі орын. Ағылшын және басқа да батыс-еуропалық тілдерде солдан оңға қарай жазып, оқитындықтан навигация жүйесі қолданушының  тура көз алдында орналасады. Ең басты қиындық, ол қолданушы беттегі ақпараттарды оқуы үшін өтуі тиіс  «ақпараттық бөгет» эффектісін тудырады.
Жақында навигациялық панелді веб-беттің оң жағына орнату танымал болды. Бұл қолданушының көз алдында болмайды,соның арқасында ол ақпаратты ешбір бөгетсіз оқи алады.

Навигациялық панелді жоғарыда ортаға орналастыру негізгі тәсілдердің соңғысы болып табылады. Егер орталық навигация көптеген графикалық элементтерден орындалса, оны тек негізгі беттерде қолданған дұрыс, басқаларда оның орнына мәтіндік нұсқаны орнатқан дұрыс.

Тапсырма 8.5.1. Өзіңіздің сайтыңыздың навигациялық құрылымын құрастырыңыз. Ол келтірілген талаптарға сай болуы керек. Сіз қандай навигациялық типті таңдағаныңызды бағалаңыз және өзіңіздің таңдауыңызды түсіндіріңіз.

 

6. Юзабилити 

Юзабилити – сайтты қолдану ыңғайлылығы. Юзабилитидің тапсырмасы – қолданушыға бәрі ыңғайлы және түсінікті болатындай етіп жасау. Сайтты жобалаудағы негізгі сұрақ – ыңғайлылық бойынша қателерді қалай болдырмауға болады.  Бетті көрсетуге арналған кеңістікті қолдануды үйреніңіз.

Мазмұны
Сайттың мазмұны айтылып өткендей сіздің сайтқа қызығушылық туғызудың негізгі ролі болып табылады,бірақ бұл мазмұнның қолданушыға қалай берілгенін де ұмытпау керек. Егер пайдалысы  беттің ауданынан 25%  аз

болса немесе қолданушы сайттың авторы бөліктерге бөліп тастаған қызықты ақпаратты оқып бітіру үшін қайта-қайта бетті жүктеп отыруы керек болса, онда қолданушы ары қарай бетті қараудан бас тартады және қайтып келмеуі де мүмкін. Біздің мақсатымыз – тек қолданушыны ұстап қана қоймай, сонымен қатар ақпаратты ол қайтып келетіндей етіп беру.

Бетті бірнеше аймақтарға бөлу керек – бұл навигацияға, пайдалы ақпаратқа және жарнамаға, егер сіз одан бас тарта алмасаңыз, арналған аймақ. Негізі соңғы жағдай алынып тасталуы керек немесе жарнамаға арналған аймақ беттің  10% аспауы керек Әрине, навигация аймағы ақпараттың көріну аймағына кедергі болмауы керек және керісінше. Осылайшы,қолданушыға ненің қайда екендігін нақты көрсету керек және бұл стильді сайттың барлық беттерінде ұстану керек.

Өлшем
Жақсы сайттар – тез сайттар. Басқаша айтқанда – сіздің сайтқа келушілік жүктелетін беттердің өлшеміне тікелей байланысты. Өзіңіздің жобаңызда күрделі графикаға көп көңіл бөлмеңіз. Бет неғұрлым ұзақ жүктелсе – соғұрлым қолданушылардың көбісі жүктелудің біткенін күтпей-ақ шығып кетеді.
Идеал бойынша бір беттің өлшемі – 35 Кб. Бір беттің ең мүмкін болатын лимиті- 100 Кб. Өлшемі 35 килобайт болатын бет жақсы аналогты байланыста 10 секунд жүктеледі, ал Т1 жылдам каналында 1 секунд. Егер сіздің беттеріңіздің өлшемі лимиттен асып кетсе, онда жақсы трафикті күтпеңіз.

Ыңғайлы оқылу
Сайтыңыздың беттерінің белгіленген еніне  ұстаныңыз. Үлкен экраны бар қолдаушыда сайт экранның барлық бөлігінқамтымайды деп қорықпаңыз. Басқасы жаман. Егер сіздің сайтыңыдың ені браузердің терезесінің  өлшеміне пайыздық қатынаспен тәуелді болса, онда сол экран үлкен қолданушы ұзақ қатарларды оқу үшін ары-бері басын қимылдататын болады. Мұндай оқу шаршатады. Егер қолданушы мәтінді оқуға шамасы жетпесе, қалғанының бәрінің – дизайн, тез жүктелу, ақпараттық толу – ешқандай керекгі болмайды.   Мәтіннің түсініктілігі анықтауыш фактор болуы керек. Қолданушылардың көбісі   мәтінді керткен таңбалармен оқығанды қалайды (мысалы, Times New Roman), ал коментарилер мен қол қоюға арналған мәтін бөлінген шрифт түрінде жақсы қабылданады (мысалы, Arial).

Рәсімдеу
Мәтін мен ол жазылған фон максималды контрасты болуы керек. Көптеген берік сайттар ақ фонға және қара мәтінге ұстанады. Сондай-ақ қара фондағы (негатив) ақ мәтін жақсы қабылданады,бірақ бұл жағдайда бұл қолданушының көңілінің бөлінуіне, осыдан оқуды баяултауға алып келеді. Және МӘТІНДІ ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗУДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ. Мұндай мәтінді оқу кіші әріптерді оқуға қарағанда 15% баяу болады,себебі бірде биіктікке ие символдарды оқу қиын болып табылады.

Юзабилити – сайтты қолдану қарапайымдылығы тікелей сайттың өзінің қарапайымдылығына тәуелді. Қиын навигацияларды және ақпаратты ораналстыруды қолданудың керегі жоқ.

1. Сайтта юзабилитимен қиындықтардың бар екеніне көз жеткізетін себептер мен көрсеткіштерді атап шығыңыз. Мысалы:

  • Сайттың маңызды бөлігіндегі кірушілердің аздығы.
  • Сайтқа кірушілерден ешқандай пікірлер жоқ.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-11-10 20:10:48     Қаралды-8339

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »