Қазақстан Республикасы адвокатурасының ұйымдық-құқықтық нысандары
1. Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағы қызметінің негіздері және құқықтық мәртебесі
2. Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының органдары және олардың өкілеттіктері
Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны адвокаттар алқасы болып табылады. Сондықтан да 1997-ж.5-желтоқсандағы ҚР-ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңында оның адвокаттық қызметтің негізгі нысаны екендігі туралы айтылған.
ҚР-ның Адвокаттар одағы адвокаттар алқасының мүшесі және қолданымдығы заңнамаға, сондай-ақ осы ұйымның Жарғысына сәйкес іс-әрекет жүргізетін, өзін-өзі басқаратын қоғамдық бірлестік болып табылады.
ҚР- ның Адвокаттар одағына мүшелік ұжымдық (адвокаттар алқасы) және дара сипатта болады.
ҚР- ның Адвокаттар одағы заңды тұлға болып табылады. Оның қызметі ҚР- ның Конституциясына, 1994-ж. 27-желтоқсандағы ҚР- ның Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлімі), 1996ж. 31-мамырдағы ҚР- ның “Қоғамдық бірлестіктер туралы” заңына негізделген.
ҚР Адвокаттар одағының дербес балансы, республиканың банк және кредит мекемелерінде шоты, оның ішінде валюталық шоты, мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілген дөңгелек мөрі, мөртабаны мен бланкілері және үлгілері заңдар көзделген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін эмблемалары бар.
3. Адвокаттық қылмыстық іс жүргізуге заң көмегінің, бір түрі ретінде қатысуы
4. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысуының негіздері
5. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрде қатысуының негіздері
6. Адвокаттың қорғаушы ретінде қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар
7. Қорғаушыны шақыру, тағайындау және ауыстыру
8. Қорғаушының процесуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері.
9. Адвокаттық қылмыстық процеске жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының және азматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысуы.
Одақ қызметінің мақсаты:
-республикада құқықтық мемлекет құрудың негізін қалауға қатысу;
-азаматтар мен заңды ұйымдарға (оның ішінде шетелдіктерге) арналған тиімді заң көмегін жасауға қатысу;
-адвокаттық шеберлік пен кәсіптік әдептің жоғары стандарттарын, адвокаттардың бірлігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
-адвокатураның дүниежүзілік қауымдастық қабылдаған тәуелсіздігі мен еркіндігінің принциптері мен кепілдіктерін насихаттау және тарату;
-адвокаттарға көмек және олардың құқықтарын, абыройы мен ар-намысын қорғау;
-заң ғылымын дамытуға, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көрсетуге жәрдемдесу;
-әртүрлі мемлекеттер мен өңірлерде адвокаттардың халықаралық, кәсіптік және мәдени байланыстарын кеңейту мен нығайту;
Одақтың міндеттері:
-бастауыш ұйымдардың әдістемелік, оқыту және ғылыми қызметтері үйлестіру;
-адвокаттарды адвокаттық қызметтің барлық саласы бойынша қажетті әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;
-адвокаттар арасында тәжірибе алмасуға көмек көрсету;
-адвокатураны жетілдіру мен дамытудың теориялық және практикалық мәселелерін ғылыми тұжырымдауға жәрдемдесу;
-адвокаттардың ғылыми- практикалық конференциялары мен әдістемелік мәжілістерін өткізу;
-баспа қызметі;
-заң шығарушылық қызметке, заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің, даярлануына және талқылануына қатысу, заңнаманың маңызды мәселелері бойынша ҚР-ның Адвокаттар одағының пікірін білдіру;
-адвокаттардың кандидатураларын мемлекеттік мадақтар мен марапаттауға және қоғамдық көтермелеулерге ұсыну.
Жарғы - ҚР-ның Адвокаттар одағының құрылтайлық құжаты. Онда бірлестіктің құқықтық жағдайын, сайланбалы органдардың қызметін, олардың қызметін юасқару саласындағы құқықтары мен міндеттерін реттейтін ұйымдастыру тәртіптерінің жиыны және т.б. белгіленеді.
Одақ мүлігі мына көздерден құралады:
-мүшелік жарналардан;
-баспа қызметінен түскен түсімдерден;
-азаматтардың ерікті ақшалай аударымдарынан, сыйлықтарынан және мұраға қалдырған қаражаттарынан;
-Адвокаттар одағы құрған шаруашылық құрылымдардың аудармаларынан;
-кеңестік-әдістемелік шаралардан түскен түсімдерден;
-қолданыстағы заңнамада тиым салынбаған өзгеде көздерден.
Адвокаттар одағы өз меншігінде ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, құрал-саймандар, ақшалай қаражаттар, акциялар, басқа да құнды қағаздар және жарғыда қарастырылған қызметті материалдық қамтамасыз етуге құжатты өзге де мүлікті ұстай алады.
ҚР Адвокаттар одағының органдары съезд, конференция, төралқа, тексеру комиссиясы, атқару-өкімдік дирекция болып табылады.
ҚР Адвокаттар одағының жоғары органы- съезд, оның атқарушы органы – төралқа, бақылау органы –тексеру комиссиясы.
ҚР Адвокаттар одағының барлық сайланбалы лауазымдарына бір адам қатарынан екі мерзімнен артық отыра алмайды.
Бұл қағида адвокатураны ұйымдастырудың және қызметінің негізгі құқықтық және демократиялық принциптерінің бірі, осы кәсіптік қоғамдық бірлестіктің жариялылығы мен аштығының кепілі болып табылады. Съезд бен конференция ҚР Адвокаттар одағының қызметіне қатысты кез келген мәселені шешуге құқылы. Съездің ерекше құзыретіне мына өкілеттіктер жатады (барлығы алты өкілеттік):
- ҚР Адвокаттар одағының Жарғысы және тексеру комиссиясы туралы ережені қабылдау және оларды өзгерту;
- ҚР Адвокаттар одағының Президентін, вице-президентін және жауапты хатшысын сайлау;
- алқа және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;
- алқа және тексеру комиссиясының олардың қызметі туралы есептерін тыңдау;
- ҚР Адвокаттар одағының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау;
- ҚР Адвокаттар одағының сметасын бекіту.
Съезд кемінде бес жылда бір рет шақырылады. ҚР Адвокаттар одағының кезектен тыс съезі төралқаның өз бастамасымен немесе ҚР Адвокаттар одағының кем дегенде 100 мүшесінің талабы бойынша екі ай мерзімде шақырылады.
Съезд бен конференция ҚР Адвокаттар одағының төралқасы белгіленген өкілдік нормасын ескере отырып шақырылады және оған ҚР Адвокаттар одағының бастауыш ұйымдарының жалпы жиналысында сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып саналады. Барлық мәселелер дауыс беруге қатысқан адвокаттардың жәй көпшілік дауысымен (елу пайыздан асқанда) шешіледі. Съезд тікелей жабық дауыспен бес жыл мерзімге Президентті, вице-президентті және жауапты хатшыны сайлайды. Одақтың Президенті, вице-Президенті және жауапты хатшысы болып адвокаттық қызметте үш жыл өтілі бар, адвокаттар алқаларының мүшелері – съезд делегаттары сайлана алады.
Адвокат өзінің кәсіби қызметінде әртүрлі заң көмегін көрсетеді. ҚР ҚІЖК әрбір адамға білікті заң көмегін алудың үлкен және тең мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда заң көмегі өзінің мазмұны бойынша іс-әрекеттің үлкен шеңберін қамтиды, оның ішінде анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарында заңды және жеке тұлғаларға өкілдік ету мен қорғауды жүзеге асырады. Адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы-бұл адвокат қызметінің маңызды түрлерінің бірі, ол негізінен айыпталушыны (сезіктіні) қорғау әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты.
Қорғау – қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Қорғану тарабы сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілдері болып табылады. Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушы көмегін қажетсінеді, онсыз айыпталушы өз кінәсіздігінің дәлелдерін келтіруге, сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайларды анықтауға дәрменсіз. Қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
Тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты ҚІЖК-де белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айыпталғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адам сезікті болып табылады.
Заң қорғаушы ретінде жіберілуі мүмкін тұлғаларды нақты анықтайды.
Оған жататындар:
а) адвокаттар, яғни адвокаттар алқасында мүшелікте тұрған тұлғалар;
б) жұбайы (зайыбы);
в) жақын туыстары мен заңды өкілдері;
г) өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, олар өз өкілін бөліп, қорғаушы ретіндегі оның өкілеттігін айғақтайтын тиісті құжаттармен (шешім немесе хаттама, сенімхат) қамсыздандырады.
ҚР ҚІЖК-да қылмыстық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқбар субъектілер анықталады. Олар қылмыстық сот ісін жүргізу барысында құқықтары мен мүдделері қорғалатын немесе білдіретін тұлғалар (сезікті, айыпталушы, сотталушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, куә).
Кәсіби қорғау – адвокаттың білікті заң көмегін көрсету мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген және белгіленген құралдар мен әдістер негізінде ғана жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі, оның құрамдас бөлігі айыпталушының, сезіктінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қылмыстық қудалауға заңсыз ұшырған адамның айыбын теріске шығару немесе жеңілдету мен ақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Адвокат өз қызметін адвокаттар алқасының мүшесі бола отырып жүзеге асырады. Жоғарыда адвокат заң көмегін көрсететін негізгі тұлға екендігі айтылмаған ол бірден бір тұлға болып табылмайды. Алайда нақ кәсіьби тәжірибе мен құқықтық білім адвокаттың айыпталушыға (сезіктіге) аса білікті көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Заң көмегін көрсету адвокаттық міндеттердің орындалуы мемлекет өкілеттеген адвокат-қорғаушының кәсіби парызы болып табылады. Адвокаттың қорғау жөніндегі өзіне қабылдаған міндеттемелерінен бас тартуға құқығы жоқ. Адвокат үшін қорғауды жүзеге асыру кәсіби қызмет болып табылады.
Адвокат – тек қорғаушы ғана емес, сондай-ақ сот ісі саласына тартылған кез келген тұлғаның заңдықұқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ететін тәуелсіз кепіл, сондықтан да адвокаттың қылмыстық процеске қатысуы барлық уақытта ҚР-ның әрбір азаматтың құқығын тиімді қорғауға ықпал ететін болады. Заң қорғаушының қылмыстық іс бойынша міндетті қатысуының келесі негіздерін қарастырады.
Біріншіден, осындай негіздеме сезіктінің (айыпталушының) өз еркі және келісімі бойынша қарастырады.
Екіншіден, егер сезікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, қорғаушаның қатысуы міндетті. Қылмыс жасаған сәтте он сегіз жасқа толмаған, сондай-ақ бірнеше қылмысы үшін айыпталып, оның бірін он сегізге толмаған жасында жасаған тұлға кәмелетке толмаған болып саналады.
Үшіншіден, сезікті немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемістігінен өзінің қорғану құқығын өз бетімен жүзеге асыра алмайтын жағдайда. Бұл мән-жайдағы ахуалды сол тұлға әрекетке қабілетті болып танылғанмен, жүйкесінің ұдайы немесе ара-тұра бұзылатындығынан, тіл, көз, құлақ мүкістігінен немесе өзге де ауыр кеістігінен зардап шегетіндігі.
Төртіншіден, сезікті немесе айыпталушы сот ісі жүргізілетін тілді білмейді.
ҚР-да қылмыстық сот ісі мемлекеттік тілде, ал қажеттілік болса сот ісінде мемлекеттік тілмен қатар орыс немесе басқа тілдер қолданылады. Басқа тіл ретінде сол жерде көптұратын халықтың тілі түсініледі.
Бесіншіден, адам жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылу, өмір бойы бас бостандығынан айырылу не өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмыстық істі жасағандығы үшін айыпталады. Адвокаттар,кәсіби қорғау ғана айыпталушыға білікті заң көмегін қамтамасыз ете алатындықтан, қорғаушы бола алады. Адвокат өз мәртебесін дәлелдеу үшін қажет жағдайда қылмыстық процес жүргізетін органға өзінің тиісті адвокаттар алқасына жататындығы туралы құжаттарды, адвокаттың осы іске қатысу құқығы үшін заң консультациясының берген ордері немесе маңызы бойынша оған теңестірілгенқұжатты (қорғаушыны тағайындау туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органдарының шешімі) тапсырады. Қылмыстық іс бойынша заң көмегін көрсету туралы тапсырманы адвокатқа көмекке жүгінуші тұлға (клиент) береді. Қылмыстық істі жүргізу тапсырмасын адвокат кез келген тұлғаның өтініші бойынша қабылдайды. Егер айыпталушы сол адвокаттың қылмыстық істі жүргізуіне келіспесе, мұндай келісім бұзылуға тиіс. Қорғаушы - қылмыстық іс жүргізудің дербес субъектісі. Сонымен қатар ол айыпталушымен (сезіктімен) тығыз іс жүргізу қатынастарымен байланысты, сондықтан оның іс жүргізу дербестігінің белгілі бір шекарасы бар. Сезіктімен, айыпталушымен және сотталушымен қатар білікті заң көмегіне сондай-ақ өзін немесе мүддесі білдіріліп отырған құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық процеске өзге де қатысушылар да мұқтаж. Мұндай қатысушыларға, атап айтқанда, жәбірленуші, азаматтық талапкер, жекеайыптаушы мен азаматтық жауапкер жатады. Бұл субъектілер өз құқығын жеке, сондай-ақ өкілінің көмегі арқылы жүзеге асырады.
Жарияланған-2014-10-15 21:32:56 Қаралды-5778
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина