UF

Адвокаттар алқасы мүшелелерінің   құқықтық мәртебесі.

 

1.      Қазақстан Республикасындағы адвокат

2.      Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі

3.      Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

4.      Адвокаттар алқасы мүшелерінің еңбегін реттеу және жалақысының тәртібі.

5.      Адвокат алқасы мүшелерін көтермелеу шаралары және тәртіптік жауапкершілігі.

 

                 1997-жылғы 5-желтоқсандағы Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында адвокаттың жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы заң шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін ҚР-ның азаматы екнедігі көрсетілген.                         

                 Адвокат қызметі сипаттайтын осындай негізгі белгілер:

 - кәсіби қызмет адвокаттары жалпы құндылықтар мен мүдделерге байланысты адамдар   қоғамдастығына біріктіреді;

 - заң көмегін көрсету мақсатын кіріс табудан жоғары қою;

 - білікті заңгерлік білім мен практикалық тәжірибе;

 - жоғры кәсіби әдеп.

                 Бұл жерде кәсіпқойлық, біліктілік, тәжірибе және біліммен қатар сенім, ар-ождан, абырой, бедел сияқты адамгершілік категориялары да негізгі өлшем бола алады. Сондықтан адвокат болғысы келген адам азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету барысында заң талаптарына да, муральдық принциптерге де сай болуы тиіс.

                 Лицензия ретінде қызметтің белгілі бір түрімен шұғылданатын немесе белгілі бір іс-әрекетпен айналысатын адамға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат түсініледі.

                 Адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия-бұл Аттестациялық комиссия шешімі негізінде ҚР-ның Әділет министірлігі лицензиясында көрсетілген адамға осы қызметпен шұғылдану үшін беретін рұқсатнама.

                 ҚР-ның лицензиялау туралы заң актілерінде көзделген жалпы негіздерден басқа, адвокаттық лицензиясын кері қайтарып алу ҚР Әділет министірлігінің талап-арызы бойынша:

1)        адвокат өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде ҚР заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі прициптерін өрескел не бірнеше рет бұзған;

2)        адвокаттың қасақана қылмыс жасағаны үшін ақтамайтын негіздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған;

3)        адвокат қасақана қылмыс жасағаны үшін  сотталған;

4)        адвокатқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күші-не енген;

5)     адвокат әрекет қабылеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

6)        адвокат хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған;

7)        адвокат ҚР-ның азаматтығынан айырылған;

8)        біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіби міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайларда сот тәртібімен жүзеге асырылады.

           1997-жылғы 5-желтоқсанда ҚР-ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңына сәйкес адвокат лицензиясының күшін тоқтата тұру:

1)        адвокат мемлекеттік қызметке тұрған;

2)        ол  Парламент депутаты болып сайланған (тағайындалған);

3)        міндетті мерзімді әскери қызметте болған;

4)     мүшелік жарналарды ұдайы төлемегендігі үшін адвокат адвокаттар алқасы мүшелігінен шығарылған кезде;

5)        алқа Жарғысында көзделген өзге жағдайларда;

            1995-жылғы 17-сәуірдегі N0-2200 ҚР-ның “Лицензиялау туралы” заңы 22-бабы 3-тармағында көзделген өзге негіздер бойынша (лицензия күшін тоқтата тұруды лицензия берушінің, бақылау және қадағалау қызметін жүргізетін мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді) ықтимал. Адвокатың тағылым- дамадан өтушісі:

 қолданыстағы заңнаманы оқып-үйренуге;

өз кәсіби деңгейін көтеруге;

заң консультациясында немесе адвокат кеңсесінде белгіленген ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға;

адвокаттық әдеп Тәртіптерін сақтауға;

өз міндетін атқару кезінде белгілі болған мәліметтерді жарияламауға;

           Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі мен шарттары ҚР- ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңымен анықталады, осы заңға сәйкес адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады. Лицензия алған және адвокаттық қызметпен айналысқысы келген адам өз таңдауы бойынша адвокаттар алқасына мүшелікке кіруге және “Адвокаттық қызмет туралы” заңының шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсетуге міндетті. Адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығының лицензия бар және адвокаттар алқасының Жарғысы мойындалған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылуға жол берілмейді. Адвокаттар алқасы санының шектеулілігі туралы желеумен де қабылдаудан бас тартылмайды. Аттестацияны Комиссия ай сайын өткізеді. Адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығына үміткер адамдар Комиссия ҚР Әділет Министрлігі кеңсесі арқылы өзінде аттестацияға жіберу туралы өтініш жолдайды.

          Өтінішке мына құжаттар қоса тіркеледі:

1)    фотосуреті жапсырылған жеке іс парағы;

2)    соңғы жұмыс орнынан үміткердің кәсіби білімінің бағасы, соңғы іскерлік және адамгершілік қасиеттері сипатталған мінездеме;

3)    жоғары заңгерлік білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының немесе заңгерлік мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын өзге құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) үміткер өз қолымен жазған өмірбаян;

6) ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе төлқұжатының ксерокөшірмесі;

7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар;

8)  соттылығының және қозғалған қылмыстық істің жоқтығы туралы анықтама;

 Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер    адамдардың ұсынған құжаттарын тиісті ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптар мынадай (Әділет аттестациялық комиссиясының 12.10.01. жылғы хаттамалық шешімімен бекітілген):

1.        Жеке парақта барлық бағандар толтырылуы тиіс, фотосурет аталған парақтың арнайы белгіленген орнына желімденуі тиіс.

2.        Мінездемеге мөр, күні және шығыс нөмір қойылып, үміткер жұмыс істейтін не жұмыс істеген ұйымның бірінші басшысы немесе басшысының орынбасары қол қоюы тиіс.

3.        Өмірбаян күні және үміткердің қол қойылып, еркін нысанда қолмен жазылуы тиіс.

4.        Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынатын медициналық  үміткердің тұратын жері бойынша берілуі тиіс.

5.        Соттылығының және қозғалған қылмыстық істің жоқтығы туралы анықтаманы бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, үміткердің тұрған жеріндегі аумақтық ҚСАО (Құқықтық статистика және ақпарат орталығы) беруі тиіс.

6.        Заңгерлік мамандығы бойынша өтілін растайтын қызмет тізімінен алынған көшірме үзіндіні оны берген кадр қызметі куәландырылуы тиіс.

            Адвокаттың кәсіби қызметі сан қырлы және бір қатар ерекшеліктері бар:

заң көмегін көрсете отыра, әртүрлі істі шешуге жәрдемдесе отыра адвокаттың, егер бұған заңды және обьективті негіздеме болған жағдайларда, істердің кейбір санаттары жүргізуді өзіне қабылдамауына болады; бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікке бару және көмекке жүгінген тұлғаға консультация беру қажеттігі; белгіленген жағдайларда тегін заң көмегін міндетті түрде көрсету немесе бұл республикалық бюджет қаражаты есебінен төленген кезде тағайындау бойынша қылмыстық істерге қатысу және т.б. Мұндай жағдайда, әдеттер, мыналар ескеріледі: білікті заң көмегі көрсету үшін жұмсалатын уақытпен еңбектің қажетті шығындары; осы нақты істі жүргізу кезінде адвокаттың басқа істер бойынша жұмыстардан бас тартуға мәжбүр болу ықтималдығы (егер ол клиентке белгілі болса); қандай да бір өңірде осындай заң көмегі үшін тағайындалған қорғауақы; адвокат көмекшісінің еңбегін пайдалану; клиент белгілеген немесе қалыптасқан мән-жайдан туындаған мерзім; процестің ұзақтығы және т.б.

            Заң азаматтардың кейбір санаттарын заң көмегі төлемінен босатады. Бұл жағдайда адвокаттар сенушілер өтініші бойынша көмекті тегін көрсетеді;

1)     алимент өндіріп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді жүргізу кезінде бірінші сатыдағы соттарға талап қоюшыларға;

2)     Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнінен зейнеткерлерге, егер бұл кәсіпкерлік қызмет мәселелеріне байланысты болмаса, консультациялар беру кезінде;

3)     зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтініштерді дайындау кезінде азаматтарға;

4)     ақтау мәселелері жөнінде кеңестер беру кезінде азаматтарға заң көмекгін тегін көрсетеді.

           Адвокаттардың әрбір алқасының жарғысына байланысты көтермелеу шараларының саналуан түрлері қарастырылады. Әдеттегідей, көтермелеу шаралары мыналар:

  алғыс жариялау;

  ақшалай сыйақы беру;

  бағалы сыйлықтармен марапаттау;

тиісті органдардың алдына үкіметтік мадақтармен марапаттау туралы ұсыныс жасау т.б. 1997-ж. 5-желтоқсандағы ҚР-ның “Адвокаттық қызмет туралы” заңының, өзге де нормативтік актілердің, алқа Жарғысының және адвокаттар кәсіби әдебі Тәртібінің талаптарын бұзғандығы үшін адвокаттар алқасының мүшесі тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

           Тәртіптік жазаны адвокаттар алқасының төралқасы теріс әрекеті анықтағаннан кейін, алайда ол жасалған күннен бастап, алты айдан кешіктермей, адвокаттың ауырған немесе демалыста болған уақытын есептемей тікелей қолданады.

           Жазалау шарасы ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, адвокаттар алқасынан шығару болуы мүмкін. Қатаң сөгіс, егер адвокаттар алқасының төралқасы басқа тәртіптік жаза шараларын жеткіліксіз деп ұйғарса, соңғы шара ретінде қолданылады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-10-14 20:02:09     Қаралды-8892

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »