UF

 «Консорция»

1. Консорция туралы ұғым.

2. Консорцияның орталық өсімдігі.

3. Бірінші және екінші концентрдің консорттары.

 

1. Консорция туралы ұғым.

Консорция туралы ұғымды В.Н.Беклемишев /1951/ және Л.Г.Раменский /1952/ ендірді. Олар консорцияны «тағдырының бірлігімен тығыз байланысқан, әртекті организмдердің үйлесімдігі» деп түсінді. Консорция туралы ілімді ары қарай дамытуға көп ғалымдар үлес қосты /Лавренко, 1950; В.В.Мазинг, 1966, 1969; Т.А.Работнов, 1969 тағы басқалары/.

Консорция /латынның Consortium – араласу, қауым/ дегеніміз-биоценоз структурасының бөлігі, экосистемадағы энергия алмасып, өзгеруінің негізгі ұясы, оның құрамына дербес особь немесе автотрофты өсімдік популяциясы және онымен трофикалық /қоректену/ және тропикалық /орналасу/ байланысты түрлердің популяциясы /консументтер, редуценттер, паразиттер, эпифиттер және т.б./ кіреді. Консументтерге /латынның Consumo – пайдалану/ органикалық заттармен қоректенетін жануарлармен кейбір өсімдік топтары жатады. Консументтерге жануарлармен қоректенетін фитофагтар, зоофагтар және өсімдіктер+жануарлармен қоректенетін фитозоофагтар да жатады. Редуценттер /латынның Reducents – қайтару/ дегеніміз органикалық заттарды қарапайым заттарға айналдыратын организмдер.

 

2. Консорцияның орталық өсімдігі.

Консорцияға кіретін түрлер консорттар деп, ал басты автотрофты түр консорция-детерминанты немесе орталық ядро деп аталады. Консорцияның маңызды ерекшелік белгілі ондағы детерминант түрменен консорттардың байланысында емес олардың эволюциялық тағдырының бірлігінде, яғни консорттар мен детерминант түрдің эволюция процесі кезінде бір-біріне бейімделуіне.

Сонымен әрбір консорция екі бөліктен тұрады: детерминант немесе орталық өсімдіктен /негізгі, консорция ядросы/ және онымен тіршілік әрекеттері арқылы байланысқан организмдер тобы консорттардан. Консорттар концентрлар қатарын құрады /сурет 9/.

Консорцияның орталық өсімдігі, эдификатор /Беклимишев, 1951/ консорция детерминанты /Работнов, 1970/ немесе консорция ядросы /Быков, 1973/ фотосинтез процесі жүретін күрделі өсімдіктер.

Күрделі автотрофты өсімдіктер консорциялардың продуценттері болып табылады, үйткені олар биоценозда органикалық заттардың көбісін өндіреді.

Консорцияның орталық организмі болып тек автотрофты өсімдіктер ғана емес, гетротрофты организмдер – жануарларда болуы мүмкін /Беклемишев,1951; Емельянов, 1965/, тіпті кейбір зерттеушілердің ойынша консорция ядросы роліне өлі организмдер де болуы мүмкін /Дылис, 1973; Селиванов, 1974/.

Бұл кітапта консорцияның орталық организмі өсімдіктер болған жағдайларға ғана тоқталып өтеміз. Бірақ бұл мәселенің өзінде де әртүрлі ойлар бар. Мысалы, В.В.Мазингтің /1969/ ойынша консорцияның орталық өсімдігі ролінде тек қана мөлшерлері үлкен және күрделі доминанттар және эдификаторлар бола алады, ал Т.А.Работнов /1969/ консорцияның орталық өсімдігі болып кезе келген автотрофты өсімдік бола алады деп санайды.

Консорцияның орталық бөлігі болып тек өсімдіктердің жеке данасы, түрдің популяциясы ғана емес сонымен қатар өсімдітің түрі, синузия жақын түрлер, ал кейде тіпті түгел туыста бола алады. Соған байланысты консорцияны қарапайым /жеке/, ценопопуляциялық, түрлік, синузиялық және туыстық сияқты әртүрлі топтарға бөлуге болады. Олардың ішіндегі биоценоздың және соған сйкес өсімдік қауымының компоненті есебінде ең маңыздылары қарапайым /жеке/ және ценопопуляциялық топтар болып саналады.

Консорцияның орталық өсімдігі /не өсімдіктері/ органикалық заттарды синтез жасайтын продуценттер.

Продуценттердің синтездеген /түзген/ органикалық заттарын негізгі пайдаланатындар консументтер және редуценттер. Продуценттердің өнімі арқасында әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар әлеміне жататын консорттардың көпшілігі тіршілік етеді.

Консорцияның орталық эдификаторлық өсімдігін кейбір консорттар бекінетін орын есебінде пайдаланады, мысалы консорттар-эпифиттер /басқа бір өсімдік денесіне бекіп тіршілік ететін өсімдіктер, бұл өсімдіктер паразитке жатпайды/.

Өсімдік консорттарының ішінде органикалық заттарды пайдалануға және олардың өзгеруімен айналуында ең маңызды роль атқаратындар әсіресе ризосферадағы бактериялар және саңырауқұлақтар. Консорттарға бактериялар мен саңырауқұлақтардан басқа мүктер, қыналар, балдырлар және кейбір күрделі өсімдіктер /паразиттер және жартылай паразиттер/ жатады. Ал жануарлардан консорттар ретінде үлкен роль атқаратындар омыртқасыз жәндіктер әсіресе бунакденеділер, оның ішінде фтофагтар және фитопаразиттар. Кейбір өсімдік түрлері топтарының консорция структурасындағы орнын анықтау қиынға соғады. Өйткені мүктер және қыналар көп жағдайда консорттарға жатады, бірақ кейде мүктер фитоценозда өте күшті дамып эдификаторлық мәнге ие болады; бұл жағдайда оларға консорцияның орталық түрі – продуцент есебінде қарау керек.

Консорттарды консорцияның орталығына, ядросына байланысты орналасуына қарай екіге бөлуге болады, эпиконсорттар /немесе эпибионттар/ және эндоконсорттар/. Эпиконсорттар консорцияның орталық особінің /эдификатордың/ үстінде /сыртында/, ал эндоконсорттар эдификатордың ішінде мекендейді.

Консорция детерминантымен қоректенуі және орналасуы жағынан. Байланысқан организмдер-консорттар концентрлер қатарын құрайтындығы жөнінде жоғарыда айтылды. Енді осы концентрларға қысқаша сипаттама беріп етейік /сурет 9/.

 

Сурет – 9. Консорция үлгісі (Мазинг, 1966):

А – консорция детерминанты, І,ІІ,ІІІ – концентрлар; қара дөңгелектер – фитофагтар, фитопаразиттер, симбионттар, эпифиттер;

 ақшыл дөңгелектер-көбінесе зоофагтар және зоопаразиттер.

 

 

3. Бірінші және екінші концентрдің консорттары.

Бірінші концентрға консорция детерминанты-автотрофты өсімдікпен тікелей тек қоректенуімен /көптеген жануарлар-фитофагтар/, немесе қоректенумен және орналуымен /паразитті организмдер, эндоконсортты жануарлар/ немесе тек орналасуымен /эпифиттер, лианалар, автотрофты өсімдіктерде ұя салатын жануарлар/ байланысқандар жатады.

Автотрофты детерминантпен қоректенуі жағынан байланысқан консорттар одан энергия және заттар /фитофагтар мен фитопаразиттер/, немесе тек заттар /жартылай паразиттер/, немесе энергия және азоттан басқа заттар /азот синтездейтін симбионттар/ алады.

Детерминантқа қоректенуі /трофикасы/ жағынан бағынышты бірінші концентрдің консорттары өзіне керекті энергияны, заттарды автотрофтардың тірі және елі мүшелерінен және олардың тірі көзіндегі шығаратын бөліністерінен алады. Осыған байланысты /Работнов, 1983/ бірінші концентрдің консорттары құрамына биотрофтар, сапротрофтар және эккрисотрофтар кіреді. Биоценологияда қолданылатын терминдерге («консументтер» мен «редуценттер») қарағанда функциональды әртүрлі организмдер топтарын биотрофтар, сапротрофтар және эккрисотрофтар деп атау олардың автотрофтармен-продуценттермен трофикалық /қоректенуіне байланысты/ байланысын дәлірек көрсетеді.

Бірінші концентрдің биотрофты консорттарының құрамына жануарлар-фитофагтар, фитопаразиттер /саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер, вирустар, кейбір гүлді өсімдіктер/ және симбионттар кіреді. Симбионттардың автотрофты өсімдіктерден энергия және заттар алу механизмінің басқа биотрофтарға қарағанда ерекшеліктері бар. Сондықтан да оларды ерекше функциональды консорттар-симбионттар тобына жатқызған дұрыс.

Бірінші концентрдің сапротрофты консорттарына жануарлар-сапрофиттер /мысалы жауын құрттары/, саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер жатады. Олар автотрофтардың және гетеротрофтардың елген мүшелерін минералдандырып қана қоймай өздерінің метаболиттерін топыраққа бөліп шығарады. Ол метаболиттер топырақтағы организмдерге және тамырын жайып бекініп келе жатқан өсімдіктерге дұрыс та теріс те әсер етуі мүмкін.

Эккрисотрофты консорттардың ішіндегі үлкен маңызы барлары – ризосфера организмдерді /бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер және т.б./. Эккрисотрофтардың биогеоценоз ішінде энергия және зат алмастыруындағы ролі онша емес. Бірақ олардың негізгі ролі сапрофиттердің бөліп шығарған метаболиттеріндегі және тамырлардың бөліп шығаратын заттарындағы кейбір улы заттардың күшін жоюында. Егер ризосфера организмдерінің құрамында азотфиксаторлар болатын болса, олар автотрофтарды азотпен қамтамасыз етеді.

Биотрофтар автотрофтардың тірі мүшелерінің органикалық заттарын пайдаланып қана қоймай оларды жарым-жартылай минералдайды /паразитті организмдердің СО2 бөлуі; жануарлар-фитофагтардың СО2, басқа газдарды, суды, және кейбір минералдық тұздарды бөлуі/. Сонымен, биотрофтар өздерін жарым-жартылай редуценттер сияқты көрсетеді. Сапротрофтарға келетін болсақ олар өсімдіктердің өлген мүшелерінің органикалық заттарын минеральдап қана қоймай, өздері өте жиі тұрақты органикалық заттар /топырақ шіріндісін – гумус/ құрады. Яғни биотрофтарда, спротрофтарда органикалық заттарды пайдаланады және оларды минеральдайды /әрине әртүрлі дәрежеде/, демек олар өздерін «консументтер» және «редуценттер» сияқты көрсетеді. «Консумент» терминін консорцияның детерминанттарымен трофикалық байланысқан барлық консорттарын – био-, сапро-, және эккрисотрофтарды қамтитындай кең мағынада сақтаған орынды.

Екінші концетрдің консорттары құрамына екінші қатардағы зоофагтар, зоопаразиттер, микофагтар, сапротрофтар жатады. Олар энергияны және заттарды тірі немесе елі түрінде бірінші концентрдің құрамына кіретін организмдердің /фитофагтар, фитопаразиттер, сапротрофтар/ және жануарлар /фитофагтар, және сапрофагтар/ экскременттерінен алады. Консорцияның келесі концентрларының структурасы да осыған ұқсас.

Басқа трофикалық дәрежеге ауысқанда яғни концентрдан конденсатрға көшкенде организмдердің жалпы массасы және олардағы энергия шұғыл азайып кетеді. Екінші және келесі концентрлардың консорттары консорцияның автотрофты детерминанттарымен тікелей байланыспаған, ьірақ олар фитофагтар және фитопаразиттер санын женге салып жанама әсер етуі мүмкін. Ч.Дарвиннің «Түрлердің пайда болуы» кітабынан жоңышқаның таралуының мысықтарға бағынышты екендігі туралы мысалы келтіруге болады: жоңышқа тұқымымен көбейеді, тұқымдар гүлдің аралар көмегімен тозаңдануы арқылы пайда болады, тышқандар кәрәзді /соты/ жеп ара ұяларын бұзады, мысықтар тышқандарды жейді.

Нақтылы экосистема ерекшеліктерін ескере отырып әрбір консорцияда оның концентрлар санын анықтауға болады, ал консорцияларды бір-бірінен ажырату үшін фитоценоздардың шекарасын белгілеудегі ережелерді пайдалануға болады.

Консорциялардың структурасы салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталғанымен олар үздіксіз бірде олай бірде былай өзгеріп отырады. Олардың өзгерісі консорцияның компонеттерінің әсіресе орталық түрдің даму ерекшеліктерінің, ролінің өзгеруіне, сонымен қатар өсімдік қауымының өзгеретіндігіне байланысты. А.А.Корчагин /1976/ және Т.А.Работнов /1978/ консорциялардың динамикасының /өзгеруінің/ бес формасын ажыратады: маусымдық /консорция компоненттерінің маусымдық өзгеруіне байланысты/, флуктуациялық /консорттардың әр жылдардағы санының және тіршілік күйінің өзгеруі/, сукцессиялық /өсімдік қауымының сукцессиясына байланысты/, онтогенетикалық /консорциялық орталық мүшесінің онтогенетикалық дамуына байланысты/ және эволюциялық /фитоценоздар эволюциясы кезіндегі өзгерістер/.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Вернадский В.И. Биосфера. Л.1926.
  2. Сукачев В.Н. Основы теории биогеоценологии – Юбил. Сборник АН СССР. 
  3. Дылис Н.В. Учение о биогеоценозе и его проблемы. М.: «Знания». 1975.
  4. Н.М.Мұхитдинов. Биогеоценология негіздері. Алматы. «Қазақ университеті» 2007, 139 бет.
  5. Н.М.Мұхитдинов. Геоботаника негіздері. Алматы. 1992ж. 
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-08-05 19:58:45     Қаралды-3790

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »