Кезеңді аяқтау
1. Кезеңді аяқтауға дайындық.
2. Аяқталмаған өндірісті түгендеу. Кезеңді аяқтау бойынша құжаттар.
3. Амортизацияны есептеу. НҚ қайта бағалау бойынша резервті шегеру. Валюталық қаражатты қайта бағалау.
4. Болашақ кезеңнің шығындарын шегеру.
1. Өнімнің (қызмет) өзіндік құнын есептеу мен түзеу
2. Аяқталмаған өндірісті көшіру.
3. Жиынтық пайда/ залалды есептеу. Балансты трансформациялау.
4. Орны толтырылатын ҚҚС есепке жатқызу.
5. Есепке берілген сомаларды жабу. Салықтар мен алымдар бойынша аванстық төлемдерді есепке жатқызу.
6. Салықтықтық есептегі регламенттелген операциялар. Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер.
7. Корпоративті табыс салығын (КТС) есептеу. Айлық аяқталатын операциялар бойынша анықтамалар.
Периодтың аяқталуына дайындық
Бүкіл шаруашылық операциялар тіркелгеннен кейін кәсіпорын есептік аралықтағы өзінің қызметінің нәтижелерін жүргізеді.
Есептік периодтағы қорытынды операция болып аяқталмаған өндірістің түгендемесі және өзіне бірнеше регламенттік процедураларды қамтитын айдың жабылуы табылады.
Периодты аяқтау процедурасына (ай, жыл) кірісуден алдын ақпараттық базаның алғашқы деректерінінң дұрыстығын, есептік деректерді тексеру қажет және қажеттілік туындаған жағдайда қателерді түзету тиіс.
Соның ішінде, төлемақы мен кадрларды есепке алу ішкі жүйесінің есептеу операцияларының бухгалтерлік және салықтық есепте («Регламенттелген есепте төлемақыны көрсету» құжаты көмегімен) бейнеленуіне көз жеткізу тиіс.
Тауарлы-материалды құндылықтарды есептен шығару бойынша барлық есептер, аванс, ҚҚС, соммалық және курстық айырмашылық бойынша есептер дұрыс жүргізілген болса, онда есепті жүргізудің келесідей әдістемесі ұсынылады:
- Деректерді алғаш рет енгізу. Құжаттарды есептік периодтыққа қайта тексеру. Қатені түзету. Дұрыс есептік есептік деректер алу үшін есептеік периодтағы құжаттарды қайта тексеру.
Осыдан кейін периодтың аяқталуының процедурасына кірісуге болады.
Аяқталмаған өндірісті түгендеу (инвентаризациялау)
Есептік периодтағы (аралықтағы) өндіріске кеткен барлық шығындарды жинағаннан кейін шығарылған өнімнің, тапсырыс берушіге берілген жұмыс пен көрсетілген қызметтің өзіндік құнын есептеу тиіс. Ол үшін аяқталмаған өндірістің қалдықтары бағалануы қажет (ары қарай НЗП мәтіні бойынша). НЗП бағасы өндірісте қалып қойған, қоймаға немесе тапсырыс берушіге берілмеген бөлшектер, детальдарды, жұмыс пен қызметті түгендеу жолымен жүргізіледі.
Осы операцияны рәсімдеу үшін конфигурацияда «Аяқталмаған өндірісті түгендеу» құжаты қолданылады, оны «Негізгі қызмет» «Өндіріс» - «Аяқталмаған өндірісті түгендеу» мәзірі арқылы ашуға болады.
Құжат әрбір өндірістік ішкі бөлім бойынша енгізіледі, ішкі бөлімдерде есептік периодтың соңының НЗП қалдықтары бар және топ бойынша НЗМ жалпы соммасы мен номенклатуралық топты көрсетеді.
НЗП соммасы бухгалтерлік өткізулермен рәсімделмейді, бірақ есептік периодта шығарылған өнімнің өзіндік құнын есептеуга арналған соммаға әсер етеді.
НЗП соммасы үлестірілмеген күйінде қалады және келесі есептік периодтағы көрсетілген шығын есептері бойынша қалдықтарға ауысады.
Периодтың аяқталу құжаты
Периодтың аяқталу процедурасын «Айдың жабылуы» құжаты («Операциялар» — «Айдың жабылуы» мәзірі) орындайды.
«Айдың жабылуы» құжатының формасында регламенттік операциялардың иерархиялық тізімі болады, олардың құрамына келесілер жатады:
• Амортизацияны есептеу:
- НҚ (ОС) амортизациясын есептеу:
- НМА амортизациясын есептеу;
- НҚ қайта бағалау бойынша сақталу қорын (резерв) есептен шығару;
- Валюталық құралдарды қайта бағалау;
- Алдағы периодтағы шығындарды есептен шығару;
- Өндірістік шоттарды жабу:
- Өнімнің (қызметтің) өзіндік құнын есептеу және түзету;
- Аяқталмаған өндірісті көшіру;
- Бухгалтерлік есеп шоттарын жабу:
- Залалдар нәтижелік табысын есептеу;
- Баланс реформациясы;
- Орнын толтырудың ҚҚС-ін есепке алу;
- Есептік соммаларды жабу;
- Салық және жинақ бойынша аванстық төлемдерді жабу;
- Салық есебінің регламенттік операциялары:
- ФА (НУ) шығып кеткендердің құнының асып кетуінен болатын табысты есептеу;
- Барлық ФА топтың (ішкі топтың) шығарылуы кезіндегі құндыө балансын есептен шығару;
- Топтар үшін кемітіп орнатылған құндық балансты есептен шығару;
- Бекітілген активтердің (НУ) амортизациясы;
- Жөндеуге (НУ) кеткен шығындар бойынша шегерімдерді есептеу;
- Бөлек есепке алынатын активтерді топтың (НК) құнды балансына қосу;
- Табыс салығы бойынша есептер:
- Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттер:
- Табыс салығын есептеу.
Үнсіздікпен әрбір операция жалаушамен белгіленген – бұл мынаны білдіреді, құжатты жүргізу кезінде «1С:Бух» бухгалтерлік және салықтық есепте сәйкес өткізулерді қалыптастырады. Пайдаланушы сәйкес жалаушаларды алып тастау арқылы регламенттік операциялардың бір бөлігін қайтаруына болады және бір ғана жалаушаны алып тастау арқылы есептің тек қана бір түрі үшін операцияны тоқтата алады.
Құжат ережеге сай есептің периодтың соңғы мерзімімен қалыптастырылады. Әрбір регламенттелген процедура үшін бөлек құжат қалыптастыруға да, бір құжаттағы барлық операцияларды орындауға да болады. Кейбір регламенттелген операциялардың орындалу реттілігі қағидалы сипатқа ие болады. Сондықтан да, егер айдың жабылуы бірнеше «Айдың жабылуы» құжаттары көмегімен жүргізілетін болса, онда құжатта регламенттік операциялар орналасқан реттілікті сақтау қажет болады.
Периодтың аяқталуы процедурасын орындау үшін құжаттың шапкасына период (жыл айының соңғы мерзімін) пен ұйымды көрсету, қажетті регламенттік операцияларды белгілеп, «ОК» батырмасын басу қажет — «1С:Бух» барлық қажетті есептерді орындайды және өткізулерді қалыптастырады.
Амортизацияны есептеу
«НҚ амортизациясын есептеу» регламенттік операциясы әрбір негізгі құрал бойынша амортизацияның параметрінің орнатылған мәндеріне сай бухгалтерлік есеп бойынша негізгі құралдар амортизациясын есептеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп бойынша материалды емес активтердің амортизациясын есептеу үшін «НМА амортизациясын есептеу» регламенттік операциясы қолданылады. Егер ұйымда амортизациясы өндірістік әдіспен есептелетін негізгі құралдар немесе материалды емес активтер болса, онда осындай обьектілер үшін амортизацияны «Айдың жабылуы» құжатымен есептеуден алдын жүйеге ай байындағы өндіру жайлы ақпаратты («НҚ амортизациясын есептеуге арналған өндіру» және «НМА амортизациясын есептеуге арналған өндіру» құжаттары) енгізу қажет.
«Айдың жабылуы» құжаты бойынша ай бойы амортизациясы келесідей, басқа обьектілермен есептелген негізгі құралдар мен материалды емес активтердің обьектілерінің амортизациясы есептелмейді: «НҚ жаңғырту», «Айналымнан тыс активтерді қайта бағалау», «НҚ жіберу», «НҚ есептен шығару», «НМА жіберу», «НМА есептен шығару», сонымен қатар амортизацияны есептеуге әсер ететін («НҚ жағдайының өзгеруі» құжаты, онда «Амортизация есептеуіне әсер етеді» жалауы қойылған және «Амортизацияны есептеу» жалаушасы алып тасталынған) оқиғалары ай бойында тіркелетін обьектілер үшін де есептеледі.
НҚ қайта бағалау бойынша сақтық қорларды есептен шығару
Бұл операция 5420 «НҚ қайта бағалауының сақтық қоры» шотында есепке алынатын қайта бағалау бойынша сақтық қордың соммасын 5510 «Есептік жылдың жабылмаған залалдарының үлестірілмеген табысы» шотына негшігі құралдарды қолдану шарасымен көшіруге арналған. Бұл операция айына бір рет амортизацияның есептелуімен қатарлас орындалады. Сақтық қорды есептен шығару соммасы айдағы амортизацияның айдың басындағы қалдықтық құнға пропорционалдығымен анықталады.
Валюталық құралдарды қайта бағалау
Бұл регламенттік операция валюталық есеп белгісі орнатылған барлық шоттар бойынша қайта есептеуді жүргізеді, «Қайта бағалаудың ерекше реттілігі бар шоттар» мәліметтер регистрінде сақталатын қайта бағалауының ерекше реттілігі бар шоттардан басқа.
«Қайта бағалаудың ерекше реттілігі бар шоттар» мәлімет регистрінде (Кәсіпорын - «Есептік саясат» «Қайта бағалаудың ерекше реттілігі бар шоттар») жалпы реттілікте автоматты түрде қайта бағаланбайтын валюталық есеп жүргізу қарастырылған бухгалтерлік есеп шоттары жайлы ақпарат бар.
Қайт бағалау жалпы реттілікте мынаны білдіреді:
- Валюталық шот бойынша қандай да бір операцияның орындауынан алдынғы курстық айырмашылықтардың автоматтық есептелуі (аналитиканы еспке алумен);
- «Айдың жабылуы» регламенттік құжаты көмегімен орындалатын есептік период нәтижесі бойынша курстық айырмашылықтарды есептеу («Валюталық құралдарды қайта есептеу» операциясы).
«Қайта бағадаудың ерекше реттілігі бар шоттар» регистрінде көрсетілген шоттар үшін қайта бағалаудың жоғарыда көрсетілген кез келген процедурасынан ажырау мүмкіндігі бар.
«Регламенттік» курстық айырмашылығын мойындау тәсілі орнатылған шоттар бойынша валюталық құралдарды қайта бағалау тек қана «Айдың жабылуы» («Валюталық құралдарды қайта бағалау» операциясы) құжатымен жүзеге асырылады, мұнда алғашқы құжаттармен қайта бағалау жүргізілмейді.
«Операция бойынша» курстық айырмашылығын мойындау тәсілі орнатылған шоттар бойынша валюталық құралдарды қайта бағалау тек қана алғашқы құжаттармен жүзеге асырылады. «Айдың жабылуы» құжатында «Валюталық құралдарды қайта бағалау» операциясында бұл шоттар қатыспайды.
«Есептеу» мойындау тәсілі регистрде көрсетілген шоттар бойынша қалдықтар қайта бағаланбайды.
«Валюталық құралдарды қайта бағалау» операциясының орындалуынан алдын мынаған көз жеткізу керек, «Валюта курстары» мәлімет регистрінде аяқталатын периодтың соңғы мерзімінде қолданылатын валюталардың дұрыс курстары орнатылған болуы тиіс.
«Валюталық құралдарды қайта бағалау» регламенттік операциясы орнатылған «Айдың жабылуы» құжатын жүргізу кезінде мүлік пен міндеттердің қалдықтарын қайта есептеу жүргізіледі, олардың құны құжаттың мерзімінде осы валюта үшін орнатылған шет ел валютасында, курс бойынша тенгеде өрнектеледі. Қайта есептеу аналитикалық есептің әрбір обьектісі бойынша жүргізіледі.
Қайта есептелген сомма мен аналитикалық есептің нақты огбьектісі бойынша () есепке алынған осмманың арасындағы туындайтын айырмашылық шаблондары «Курстық айырымды бейнелеу тәсілі» мәлімет регистрінде сипатталған өткізулермен тіркеледі.
Операция тек тенгелік қалдықтарды түзетеді. Валюта бойынша қалдықтар қайта бағалауды жүргізу процесінде өзгермейді.
Алдыңғы периодтардағы шығындарды есептен шығару
«Болашақ периодтағы шығындар» шотынан әртүрлі шоттар Дебетіне (сонда бар шығындардың сипатына байланысты) алдыңғы периодының шығындары бойынша есептен шығаруға тиісті соммаларды автоматты түрде есептеу үшін «Алдыңғы периодтағы шығындарды есептен шығару» регламенттік операциясы қолданылады.
Болашақ периодтың шығындар соммасы «Қазақстанға арналған Бухгалтерия 8» конфигурациясындағы 1620, 2920 «Болашақ периодтардың қысқа мерзімдік/ұзақ мерзімдік шығындары» шоттарында есепке алынады. РБП-дағы сомманы «ТМЗ және қызметтің түсуі» құжаты көмегімен көшіруге болады, «Қызметтер» жапсырмасын толтыра отырып және «Шығындар шоты» өрісіне болашақ периодтағы шығындар шотын көрсету арқылы. Осы шоттың аналитикасы ретінде «Болашақ периодтағы шығындар» анықтамасының элементі көрсетіледі.
«Болашақ периодтағы шығындар» анықтамасында («Кәсіпорын» - «Болашақ периодтағы шығындар» мәзір пункті) келесілер сипатталады: болашақ периодтың шығындарының әрбір түріне арналған ағымдағы периодтың шығындарына көшірілген болашақ периодтағы шығындар соммасын есептеу тәсілі, шығындар соммасы, шығындарды көшіру аралығы және шығындарды көшіру шоты.
Болашақ периодтағы шығындарды автоматты түрде есептен шығару үшін анықтамада есептің әр түрінде келесі өрістерді толтыру қажет:
- Контрагент — бұл болашақ периодтағы шығындар секілді топтастырылған қызметтер мен активтері сатып алынған жеткізуші:
- Есептен шығаруды бастау мерзімі, есептен шығару мерзімінің соңы – шығынды есептен шығарудың уақыттық периодын беретін көрсеткіштер;
- Есептен шығару тәсілі — «Болашақ периодтағы шығындарды есептен шығару» операциясының орындалуы кезіндегі шығындарына көшірілетін сомманы есептеу тәсілі:
- Тепе теңдік. Шығындар соммасы активті қолданатын айдың санына арналған анықтамада РВП элементтері үшін көрсетілген соммалардың қатынасы секілді есептеледі.
- Қалдық құнынан. Шығындар соммасы активті қолданудың қалған айының санына қатынасы бойынша бухгалтерлік есеп деректері көзі арқылы РБП қалдық соммасынан шыға келе есептеледі.
- Есептемеу. РБП есептен шығару регламенттік операциясын орындау кезінде РБП осы элементі есепке алынбайды.
- Сомма — болашақ периодтың шығынының шамасы;
- Шот және аналитика, олар арқылы бухгалтерлік және салықтық есепте болашақ периодтағы шығындарды есептен шығару көзделеді.
Өнімнің (қызметтің) өзіндік құнының есебі мен түзетуі
Бұл операция өндірістік есептің шотын жабады. Есептеу бірнеше кезеңде жүргізіледі:
- Қайта жасау (ішкі бөлімдер) ретін анықтау;
- Өндірістің тікелей шығындарының есебі;
- Өндірістің жанамы шығындарының есебі;
- Жанама шығындары есепке ала отырып өндірістің тікелей шығындарын қайта есептеу;
- Есептелген шынай өзіндік құнды есепке ала отырып өнімнің өзіндік құнын түзету.
Нақты өзіндік құнды есептеу мынаған байланысты болады, бухгалтерлік есеп бойынша («Кәсіпорын» - «Есептік саясат» - «Есептік саясат (бухгалтерлік есеп)» мәзірі) есептік саясат баптауында өндірістің өзіндік құнын есептеудің қандай тәсілі көрсетілген.
Егер өзіндік құнды есептеудің «По подразделениям» тәсілі орнатылған болса, онда өндірілген өнімнің нақты өзіндік құны келесі сызба бойынша есептеледі: «Ауысымдық өндіріс есебі», «Өндірістік қызметтерді көрсету жайлы акт» және «Қайта өңдеу бойынша қызметтерді іске асыру» секілді қызмет мен өнімді шығарудың барлық құжаттары негізінде шығарылған өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі және әрбір ішкі бөлім бойынша олардың жалпы жоспарлық өзіндік құны есептеледі. Сосын әрбір ішкі бөлім бойынша барлық нақты шығындар осы ішкі бөлім шеңберінде олардың жоспарлық өзіндік құнына пропорционалды түрде шығарылған өнімге үлестіріледі. Нақты өзінлік құнды есептеу кезінде үлкен маңызға мына жағдай ие болады, яғни, ішкі бөлімдердің қандай реттілігі өндірістік шоттардың жабылуы үшін орнатылғанына («Кәсіпорын» — «Есептік саясат» - «Шоттардың жабылуына қажетті ішкі бөлімдер реттілігі» мәзірі).
Мысалы.
- Нақты шығындар:
- Механикалық 90 000 тенге:
- Құю цехы — 22 600 тенге.
- Өнімді шығару:
- Механикалық цех шығарды:
- өнімнің бірлігіне 200 тенге өзіндік құны жоспары бойынша «Гидроцилиндрі жоқ төменгі вариатор» №1 өнімге 10 бірлік:
- өнімнің бірлігіне 350 тенге өзіндік құны жоспары бойынша «Гидроцилиндрі бар төменгі вариатор» №2 өнімінің 85 бірлігі;
- Құю цехы шығарды:
- өнімнің бірлігіне 100 тенге өзіндік құны жоспары бойынша «Тік бұрышы бар редуктордың валы» №1 өнімінің 40 бірлігі:
- өнімнің бірлігіне 360 тенге өзіндік құны жоспары бойынша «2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы басы» №2 өнімінің 72 бірлігі.
3. Әрбір ішкі бөлім бойынша шығарылған өнімнің жалпы жоспарлың құнының есебі:
- Механикалық цех = (№1 өнім «Гидроцилиндрі жоқ төменгі вариатор» бойынша жалпы саны * №1 өнім «Гидроцилиндрі жоқ төменгі вариатор» өзіндік құны жоспары) + (№2 өнім «Гидроцилиндрі бар төменгі вариатор» бойынша жалпы саны * №2 өнім «Гидроцилиндрі бар вариатор» бойынша өзіндік құны жоспары) + (№3 өнім «Жоғарғы вариатор, жинақта» өнім бойынша жалпы саны * №3 өнім «Жоғарғы вариатор, жинақта» өзіндік құны жоспары) = (10 * 200) + (85 * 350) + (96 * 600) -2000 + 29750 + 57600 = 89 350 тенге.
Барлығы: барлық өнімнің жалпы көлемінің жоспарлық өзіндік құны = 89 350 тенге.
- «Гидроцилиндрі жоқ төменгі вариатор» өнімінің жалпы санының жоспарлық өзіндік құны - 2 000 тенге;
- «Гидроцилиндрі бар төменгі вариатор» өнімінің жалпы санының жоспарлық өзіндік құны - 29 750 тенге;
- «Жоғарғы вариатор, жинақта» өнімінің жалпы санының жоспарлық өзіндік құны - 57 600 тенге.
- Құю цехы = (№1 өнім «Бұрышты тік редуктор валы» бойынша жалпы саны *№1 өнім «Бұршты тік редкутор валы» бойынша өзіндік құн жоспары) + (№2 өнім « 2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы бас» бойынша жалпы саны * №2 өнім «2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы басы» бойынша өзіндік құн жоспары) = (40 * 100) + (72 * 360) = 4000 + 25920 = 29 920 тенге.
Барлығы: барлық өнімнің жалпы көлемінің жоспарлық өзіндік құны = 29 920 тенге.
- №1 «Бұрышты тік редуктор валы» өнімінің жалпы санының жоспарлық өзіндік құны = 4 000 тенге;
- №2 «2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы басы» өнімінің жалпы санының жоспарлық өзіндік құны - 25 920 тенге;
4. Әрбір ішкі бөлім бойынша шығарылған өнімнің жалпы нақты өзіндік ққұнының есебі:
- Механикалық цех:
«Гидроцилиндрі жоқ төменгі вариатор» - (механикалық цех бойынша жалпы нақты шығындар/ механикалық цех бойынша шығарылған өнімнің жалпы көлемінің жоспарлы өзіндік құны) * «Гидроцлиндрсіз төменгі вариатор» өнімінің жалпы көлемінің жоспарлы өзіндік құны = (90 000 / 89 350) * 2 000 - 2 014,55 тенге.
«Гидроцилиндрсіз төменгі вариатор» 1 бірлік өнімінің өзіндік құны = барлық өнімнің нақты өзіндік құны / өнімнің жалпы саны - 2 014,55 / 10 = 201,46 тенге;
«Гидроцилиндрі бар төменгі вариато» = (механикалық цех бойынша жалпы нақты шығындар/ механикалық цех бойынша шығарылған өнімнің жалпы көлемінің жоспарлы өзіндік құны) * «Гидроцилиндрі бар төменгі вариатор» өнімінің жалпы көлемінің жоспарлық өзіндік құны = (90 000 / 89 350) * 29 750 = 29 966,42 тенге.
«Гидроцилиндрі бар төменгі вариатор» 1 бірлік өнімінің өзіндік құны = барлық өнімнің нақты өзіндік құны / өнімнің жалпы саны = 29 966,42 / 85 = 352,55 тенге;
«Жоғарғы вариатор, жинақта» _ (механикалық цех бойынша жалпы нақты шығындар/ механикалық цех бойынша шығарылған өнімнің жалпы көлемінің жоспарлы өзіндік құны) * «Жоғарғы вариатор, жинақта» өнімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны = (90 000 / 89 350) * 57 600 = 58 019,03 тенге.
«Жоғарғы вариатор, жинақта» 1 бірлік өнімінің өзіндік құны = барлық өнімнің нақты өзіндік құны / өнімнің жалпы саны = 58 019,03 / 96 = 604,36 тенге;
Барлығы: 2 014,55 + 29 966,42 + 58 019,03 = 90 000 тенге = механикалық цех бойынша өнімді шығарудың нақты шығындары.
- Құю цехы :
«Бұрышты тік редуктор валы» өнімі = (құю цехы бойынша жалпы нақты шығындар/ құю цехы бойынша шығарылған өнімнің жалпы көлемінің жоспарлы өзіндік құны) * «Бұрышты тік редуктор валы» өінімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны = (22 600 / 29 920) * 4 000 = 3 021,39 тенге.
Өнімнің 1 бірлігінің өзіндік құны = барлық өнімнің нақты өзіндік құны / өнімнің жалпы саны = 3 021,39 / 40 = 75,53 тенге;
«2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы басы» өнімі = (құю цехы бойынша жалпы нақты шығындар/ құю цехы бойынша шығарылған өнімнің жалпы көлемінің жоспарлы өзіндік құны) * «2НПЗ-20 нориясына арналған бас» өнімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны = (22 600 / 29 920) * 25 920 = 19 578,61 тенге.
Өнімнің 1 бірлігінің өзіндік құны = барлық өнімнің нақты өзіндік құны / өнімнің жалпы саны = 19 578,61 /12 = 271,93 тенге;
Барлығы: 3 021,39 + 19 578,61 - 22 600 тенге = 2 ішкі бөлім бойынша н өнімнің нақты шығындары.
Егер өзіндік құнды есептеудің «Қайта жасай бойынша» тәсілі орнатылған болса, онда өндірілген өнімнің нақты өзіндік құны келесі сызба бойынша есептеледі: «Ауысымдағы өндіріс есебі», «Өндірістік қызметтерді көрсету ажйлы акт» және «Қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсету» секілді өнім шығару мен қызметтің барлық құжаттары негізінде шығарылған өнім мен қызметтің жалпы көлемі және әрбір номенклаутарлық топ бойынша олардың жалпы жоспарлық өзіндік құны есептеледі. Бір ішкі бөлімнің әрбір номенклатуралық тобы бір қайта жасау ретінде шығарылады. Шығарылған өнімге кететін барлық нақты шығындар бір қайта жасау шеңберінде осы номенклатуралық топ шеңберіндегі шығарылған өнімнің жоспарлық өзіндік құнына пропорционал түрде үлестіріледі. Егер бірінші қайта жасауда шығарылған жартылай фабрикат кейінгі қайта жасауларда қолданылады деп ұйғарылса, онда осындай жартылай фабрикатты есептен шығару кезінде шеңберінде осы жартылай фабрикат шығарылған шығындардан өзгеше шығындардың номенклатуралық тобын көрсету керек. Шығынның номенклатуралық тобы бойынша мұндай үлестіру мынаған себепші бюолады, яғни, өнімнің нақты өзіндік құны бір номенклатуралық топ шеңберінде жоспарлық өзіндік құнға пропорционал түрде есептеледі, тіпті технологиялық процесс бойынша шығарылатын өнім әртүрлі қайта жасаулардан өтуі қажет болса да.
Мысалы. Өнімнің көп қайта жасаулық өндірісі қолданады делік, онда «Жөндеулік жинақтамаға жинақтайтын» шығындарының номенклатуралық тобы шеңберінде шығарылған «Шлиці бар дискілердің дайындамасы» жартылай фабрикаттары «8 стандарты бойынша жөндеулік жинақтама» шығындарының номенклатуралық тобы шеңберінің екінші қайта жасауындағы «Бұрышты тік редуктор валы» дайын өнімін дайындау кезінде қолданылады. Одан басқа 2 қайта жасауға тікелей материалдық шығындар түседі.
- Нақты шығындар:
- «Жөндеулік жинақтамаға жинаушы» номенклатуралық тобы (1 қайта жасау) - 7 000 тенге;
- «8 стандарты бойынша жөндеулік жинақтамалар» номенклатуралық тобы — 10 200 тенге тікелей материалды шығындар + қайта жасау бойынша «Бұрышты тік редуктор валы» өінімін дайындау кезінде қолданылатын 1 қайта жасауда шығарылатын «Шлиці бар дискілер дайындамасы» жартылай фабрикатының (өнімінің) өзіндік құны
- Өнімді шығару:
- «Жөндеулік жинақтамаға жинаушы» номенклатуралық тобы бойынша шығарылды:
- өнім бірлігіне 50 тенге өзіндік құны жоспары бойынша №1 «Жинақтағы төменгі вариатор» өнімінің 10 бірлігі:
- өнім бірлігіне 150 тенге өзіндік құны жоспары бойынша №2 «Шлиці бар дискілер дайындамасы» өнімінің 30 бірлігі:
- өнім бірлігіне 300 тенге өзіндік құны жоспары бойынша №3 «2НПЗ-20 нориясына арналған бас» өінімінің 20 бірлігі.
- «8 стандарт бойынша жөндеулік жинақтама» номенклатуралық тобы бойынша шығарылды:
- өнім бірлігіне 100 тенге өзіндік құны жоспары бойынша №1 «Бұрышты тік редкутор валы» өнімінің 40 бірлігі;
- өнім бірлігіне 220 тенге өзіндік құны жоспары бойынша №2 «2НП3-20 нориясына арналған жоғарғы бас» өнімінің 30 бірлігі.
3. 2 қайта жасау бойынша шығарылатын «Бұрышты тік редуктор валы» өінімінің шығарылуы кезінде 1 қайта жасауда шығарылған «Шлиці бар дискілер дайындамасы» өнімі қолданылды бірлігіне 150 теңге өзіндік құн жоспары бойынша 20 бірлік көлемінде.
4. әрбір қайта жасау бойынша шығарылған өнімнің жалпы жоспарлық құнын есептеу:
• 1 қайта жасау - (№1 өнім «Жинақтағы төменгі вариатор» бойынша жалпы сан * №1 «Жинақтағы төменгі» өнімінің өзіндік құн жоспары) + (№2 «Шлиці бар дискілер дайындамасы» өнімінің жалпы саны * №2 «Шлиці бар дискілердің дайындамасы» өнімінің өзіндік құн жоспары) + (№3 «21113-20 нориясына арналған төменгі бас» өнімінің жалпы саны * №3 «2НПЗ-20 нориясына арналған төменгі бас» өінімінің өзіндік құн жоспары) = (10 * 50) + (30 * 150) + (20 * 300) = 500 + 4 500 + 6 000 = 11 000 тенге.
Барлығы: барлық өнімнің жалпы санының жоспарлық өзіндік құны = 11 000 тенге.
- №1 «Жинақтағы төменгі вариатор» өнімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны = 500 тенге.
- №2 «Шиці бар дискілер дайындамасы» өнімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны = 4 500 тенге;
• №3 «2НПЗ-20 нориясына арналған бас» өнімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны = 6 000 тенге.
2 қайта жасау. (№l «Бұрышты тік редуктор валы» өнімінің жалпы саны * №1 «Бұрышты тік редуктордың валыВ» өнімінің өзіндік құн жоспары) + (№2 «2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы бас» өнімінің жалпы саны * №2 «2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы бас» өнімінің өзіндік құн жоспары) = (40 * 100) - (30 * 220) = 4000 + 6600 = 10 600 тенге.
Барлығы: барлық өнімнің жалпы санының жоспарлық өзіндік құны = 10 600 тенге.
- №1 «Бұрышты тік редуктор валы» өнімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны = 4 000 тенге;
- №2 «2НПЗ-20 нориясына арналған жоғарғы бас» өнімінің жалпы санының жоспарлы өзіндік құны - 6 600 тенге;
4. әрбір қайта жасау бойынша шығарылған өнімнің жалпы нақты өзіндік құнын есептеу:
• 1 қайта жасау.
№;1 «Жинақтағы төменгі вариатор» өнімі («Жөндеулік жинақтамасын жинаушы» номенклатуралық тобы бойынша жалпы нақты шығындар / «Жөндеулік жинақтаманы жинаушы» номенклатуралық тобы бойынша шығарылған өнімнің жалпы көлемінің жоспарлы өзіндік құны) * №1 «Жинақтағы төменгі вариатор» өнімінің жалпы көлемінің жоспарлық өзіндік құны - (7 000 / 11 000) * 500 = 318,18 тенге.
«Жинақтағы төменгі вариатор» өнімінің 1 бірлігінің өзіндік құны = барлық өнімнің нақты өзіндік құны / өнімнің жалпы саны = 318,18/ 10 = 31,82 тенге;
Жарияланған-2014-07-23 20:06:00 Қаралды-2154
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина