UF

Қызметкерлердің сый ақылары бойынша резервтер

1. Резервтер. Резервке бағытталған аударым шамасы. Қызметкерлердің сый ақылары бойынша резервтер есебі.

2. Еңбекақыны төлеу. Төлем ведомостін дайындау.

3. Төлеу фактісін тіркеу. Еңбекақыны банк арқылы не жеке кассалық ордерлермен төлеу.

4. Банкіден еңбекақыны қайтару. Депоненттеу.

1. Бухгалтерлік және салықтық есепте көрсету.

2. Регламенттелген есепте еңбекақыны көрсету тәсілдері.

3. Бақылау ведомості. Еңбекақы бойынша есептілік.

4. Есеп айырысу парақтары. Есеп айырысу ведомості.

5. Есептеулер мен ұсталымдарды біріктіру. Есептеулерді талдау.

 

Ұсталыным жұмысшы жалақысынан пайыздық мөлшерлемемен және белгіленген сомма бойынша жүргізілуі мүмкін (регламенттелген есептілік валютасында).

Ұсталынған қаражат алушының есепшотына аударылуы мүмкін, пошта арқылы жолдануы, аванстық есеп көмегімен немесе касса арқылы берілуі мүмкін (деректеме «Аударылым»).

Орындау парағы бойынша ұсталынған қаражатты алушы «Алушы» деректемесінде көрсетіледі және «Контрагент» анықтамалығынан таңдалады.

Құжатта жоспарлы ұсталынымның басталу мерзімі мен тоқтатылу күнін көрсетуге мүмкіндік бар.

Ұсталыным күшіне енетін күн «Орындалу күні» деректемесінде көрсетіледі. Осы құжат арқылы пошталық жиынтықтың ұсталу қажеттілігін де көрсетуге мүмкіндік бар.

 Орындау парақшасы арқылы ұсталыным нәтижесі  «ЖТС/жеке табыс салығы/, МПА /міндетті пенсиялық аударылым/ және ұсталынымдар есептілігі» құжатында көрсетіледі.

Орындау парақшалары арқылы жүзеге асатын қаражатты бақылау үшін «Орындау парақшалары арқылы алушылар алдындағы мекеме қарызының структурасы» және «Орындау парақшалары арқылы ұсталыным тізімі» құжаты бойынша есеп жүргізуге болады.

Заңмен белгіленген салық, салым және аударым есептілігі.

Салықты есептемей тұрып, бірінші салық, салым мен аударым есептілігі нәтижесіне әсер ететін ақпараттардың дұрыстығын тексеріп алған жөн.

Тексерілуге тиіс құжаттар:

- Жеке табыс салығы /ЖТС/ мен әлеуметтік салықтың /ӘС/ мөлшерлемесі туралы ақпарат;

- Жеке тұлғаның мүгедектілігі туралы ақпарат;

- Жеке тұлғаның ҰОС ардагерлігіне тиістілігі немесе соған теңестірілген жағдайы бар-жоғы туралы ақпарат.

Жеке табыс салығы /ЖТС/ мен әлеуметтік салықтың /ӘС/ мөлшерлемесі туралы ақпарат

ЖТС мен ӘС  мөлшерлемесі туралы ақпаратты рәсімдеуге «ЖТС мен ӘС  мөлшерлемесі туралы ақпарат» (меню «Жалақы» — «Салық салымы» — «ЖТС мен ӘС  мөлшерлемесі туралы ақпарат») ақпарат регистірі жүргізіледі.

«Мөлшерлеме шкаласы» деректемесінен ақпарат толтырылуы тиіс салық түрі таңдалады. Ары қарай табыстық салыққа тиесілі шегін және салықтың тиісті мөлшерлемесін көрсету қажет.

Жеке тұлғаның мүгедектілігі туралы ақпарат

Мүгедек немесе тумасынан мүгедек балалардың ата-анасы болып табылатын жеке тұлғалар туралы ақпарат «Жеке тұлғаның мүгедектілігі туралы ақпарат» ақпарат регистірінде сақталады. (меню «Жалақы» — «Салық салымы» «Жеке тұлғаның мүгедектілігі туралы ақпарат»).

Мүгедектік туралы ақпарат кадрлық есеп жүргізуде, жеке табыс салығын, міндетті пенсиялық аударымды, әлеуметтік аударымды жүзеге асыруда қолданылады.

Жеке тұлғаның ҰОС ардагерлігіне тиістілігі немесе соған теңестірілген жағдайы бар-жоғы туралы ақпарат

Бұл санаттағы ақпараттар  «Жеке тұлғаның ҰОС ардагерлігіне тиістілігі немесе соған теңестірілген жағдайы бар-жоғы туралы ақпарат» ақпараттық  регистірінің құрамында. Оны меню «Жалақы» — «Салық салымы» «Жеке тұлғаның ҰОС ардагерлігіне тиістілігі немесе соған теңестірілген жағдайы бар-жоғы туралы ақпарат» құжаты арқылы ашуға болады.

Бұл ақпараттар кадрлық есеп жүргізуде, жеке табыс салығын, белгіленген жеңілдік көлемін анықтау үшін қолданылады.

Салық салу үшін басқа да табыс көздерін рәсімдеу

Жұмыс берушімен жүргізілетін кез келген төлем түрі, оның ішінде заттай, әлеуметтік табыс көздері:

  • ЖТС салық салынуға жататын;
  • МЗА салық салынуға тиісті;
  • ӘА  салық салынуға тиісті,

«Салық салу үшін басқа да табыс көздерін рәсімдеу» құжаты арқылы тіркелінеді (меню «Жалақы» — «Салық салымы» «Салық салу үшін басқа да табыс көздерін рәсімдеу»).

Құжаттың белгіленген бөлімдерінде жұмысшылардың тізімі, табыстың күні мен мерзімі, түрі мен соммасы, табыс салығы жүргізілетін әдісі мен рәсімдеу кезеңі толтырылады.

ЖТС, МЗА және ұсталынымдар есептілігі

ЖТС, МЗА және ұсталынымдар есептілігі осы құжат арқылы жүзеге асады. (меню «Жалақы» — «ЖТС, МЗА және ұсталынымдар есептілігі»).

Құжаттың кестесін «Автотолтыру» түймешігін басу арқылы немесе қолмен толтыруға болады. Автоматты түрде бүкіл мекеме қызметкерлерін немесе белгілі бір бөлім жұмысшыларын рәсімдеуде тголтыру мүмкін.

Автоматты түрде толтыруға жұмысшылар тізіліміне төмендегідей белгілері бар жұмысшылар енбейді:

  • Зейнетақылық қамтамасыз етуге құқы жоқтар;
  • Мүгедектігі ағымдағы жағдайда тағайындалған І, ІІ топ мүгедектері;
  • Зейнеткерлер.

«Жеке табыс салығы» бөлімінің кестесі толтырылғанда төмендегі жағдайлар ескеріледі:

  • «ҚР салықтық резиденті болып табылмайды» белгісі ұрылғандар, жұмысшының азаматтығы туралы ақпарат («Жеке тұлға» бөліміндегі анықтамалықтан алынатын ақпарат). Егер жұмысшыға бұл белгі ұрылса жеке табыс салығын есептеуде жұмысшыға салықтық есептілік берілмейді;
  • Жұмысшының мүгедектігі туралы ақпарат — «Жеке тұлғаның мүгедектілігі туралы ақпарат» регистірінің ақпараттары. І-ІІ топ мүгедегі болып табылатын жұмысшылар, балалары мүгедек жұмысшылар үшін шексіз жеңілдік қарастырылады, ал ІІІ топ мүгедектері үшін бір жылға 27 ең төменгі жалақы көрсеткіші шеңберінде көмек қарастырылады;
  • ҰОС ардагерлері және соған теңестірілген қызметкерлерге шектеусіз жеңілдіктер қарастырылған.

«Басқа да ұсталынымдар» бөлімінде орындау парақшалары мен «мекеме қызметкерлерінің жоспарлы ұсталынымдары туралы ақпаратты енгізу» құжаты арқылы ұсталынатын қаражат мөлшері есептеледі.

«Басқа есептеулер» бөлімінде жұмысшының тіркелген өтінішіне сәйкес жеке табыс салығы бойынша баспана және сақтандыру есептіліктері жүргізіледі.

Құжатты толтырған соң  салым мен салықтың қорытындысын «Есептеу» түймешігін басу арқылы шығару қажет.

Конфигурацияда кіріс есептілігінің кезеңіне қарай есептелген салық, салым мен аударымдарды үлестірудің негізі қаланған. Есептелген табыстың бұлайша үйлестірілуі тек салықтық есеп-қисап қондырылымында (меню «Мекеме» «Есеп қисап саясаты» — «Есеп қисап саясаты (салықтық есеп)») «Жалақыдан жүргізілетін салық, салым мен аударымдар» тармағында  «Тіркеу кезеңі бойынша көрсетілуі» белгісі қойылмағанда ғана жүзеге асады. Мәселен, тамыз айында шілдеге сырқат қағазы тіркелсе, онда есептеу барысында салық екіге бөлінеді. Мұндай жағдайда шілдедегі салық қайта есептеліп, тамыз айына саналады.

МЗА мен ӘА есептілігіне қабылданатын айлық табыс көлемінің шектеулерін тексеру табыстың есептелу кезеңін ескере отырып жүргізіледі. Мәселен, ағымдағы айда келер айдағы табыстылықты есептеуде, табыс мөлшерінің шектеулері ағымдағы айға есептелген және алдағы айда жүргізілеін табыс мөлшері үшін бөлек есептеледі.

ӘС /әлеуметтік салық/ пен ӘА /әлеуметтік аударым/ есептілігі

Әлеуметті салық пен аударымдар «ӘС мен ӘА есептілігі» құжатының көмегімен тіркеледі (меню «Жалақы» — «ӘС мен ӘА есептілігі»).

Құжат салықтық есеп-қисап тәртібінде қондырылған әлеуметтік салық есептілігі тәртібіне орай түрленеді ( меню «Мекеме» «Есеп-қисап саясаты» — «Есеп қисап саясаты (салықтық есеп)»). Әлеуметтік салық есептілігі ретінің екі түрлі мәні бар:

  • Жалпылама тәртіптілік;
  • Заңды тұлғаларға арналған оңайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнайы салықтық тәртіп.

Бұл белгілердің растығын жұмысшы туралы жеке ақпарат алып, тексеруге болады. ( меню «Кадрлық есеп» «Жеке тұлға»). «Жалпы» тармағына өтіп, «.....» түймешігінің көмегімен «Азаматтық» деректемесін ашып, сондағы ақпаратпен салыстыруға болады.

Құжат толтырылған соң салықтар мен салымдардың қорытындысын есептеген жөн. «Есептеу» түймешігі автоматты есептеуге арналған.

Орындау парақшалары бойынша ұсталған соммалардың аударылымы.

Жұмысшылардың жалақысынан орындау парақшасы /ОП/ бойынша ұсталған қаражатты алушыға аудару «ОП алушыларға аудару» құжаты арқылы жүзеге асады (меню «Жалақы» «Орындау парақшаларының есептілігі» — «ОП алушыларға аудару»).

Аударылуға тиіс қаражат «Автотолтыру» түймешігін басу арқылы  төменде көрсетілген әдістердің бірі бойынша автоматты түрде толтырылуы мүмкін:

  • Құжаттың мерзіміндегі қарызы бойынша;
  • Ай соңындағы қарызы бойынша.

Құжаттың негізінде «Аванстық есеп», «Шығыс кассалық ордері» немесе «Шығыс төлем тапсырмасы» құжаттарын енгізуге болады. Олар орындау парақшасы бойынша қарыздардың өтемін көрсету үшін қажет.

МЗА аударылымы мен қатарылуы.

Жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақылық аударымын дайындау үшін «МЗА қорларға аудару» (меню «Жалақы» — «Зейнетақылық  аударымдар есептілігі» — «МЗА қорларға аудару»).

Құжатта төмендегідей әдіспен аударымның қаржыны автоматты түрде есептеу мүмкіндігі қарастырылған:

  • Құжаттың мерзіміндегі қарызы бойынша;
  • Ай соңындағы қарызы бойынша.

Құжатта:

  • Төлем түрі;
  • Жұмысшылар тізімі;
  • Аударылатын сомма көрсетіледі.

Осы құжат негізінде міндетті пенсиялық аударымдары туралы деректі көрсетуге — «Шығыс төлем тапсырмасы», қайтарылған міндетті зейнетақылық аударымның қателесу дерегін рәсімдеу үшін «МЗА салымның қайтарылуы» құжатын енгізуге болады.

«МЗА салымның қайтарылуы» құжаты ( меню «Жалақы» — «Зейнетақылық аударымдар есептілігі» — «МЗА салымның қайтарылуы») міндетті зейнетақылық аударылымның жинақтаушы қорлардан кері қайтарылған құжаттардың есебін жүргізу қажет.

Құжатта:

  • Төлем түрі;
  • Жұмысшылар тізімі;
  • Қайтарылған сомма көрсетіледі.

Құжатты «МЗА салымдардың аударылымы» құжаты негізінде немесе дербес толтыруға болады. «МЗА салымдардың аударылымы» құжаты негізінде толтырылған жағдайда  кестелі бөлімі автоматты түрде толтырылып, түзетуді қолмен енгізуге болады. Егер дербес толтырсаңыз, кесте қолмен толтырылады.

«МЗА салымның қайтарылуы» құжаты негізінде қайтарылған МЗА дерегінің көрсетілуі үшін «Төлем тапсырмасы /кіріс/» құжаты енгізілуі шарт.

ӘА аударылымы мен қатарылуы.

Есептелген міндетті әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударым құжатын әзірлеу үшін «ӘА  қорларға аудару» (меню «Жалақы» — «Әлеуметтік аударылым есептілігі» — «ӘА қорларға аудару») құжаты пайдаланылады.

Құжатта төмендегідей әдіспен аударымның қаржыны автоматты түрде есептеу мүмкіндігі қарастырылған:

  • Құжаттың мерзіміндегі қарызы бойынша;
  • Ай соңындағы қарызы бойынша.

Құжатта:

  • Төлем түрі;
  • Жұмысшылар тізімі;
  • Аударылатын сомма көрсетіледі.

Осы құжат негізінде әлеуметтік аударылым дерегін көрсететін «Төлем тапсырмасы /шығыс/» құжатын және «ӘА аударылымның қайтарылуы»  құжатын енгізуге мүмкіндік бар.

Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымның қайтарылғаны жөніндегі құжатты көрсетуді «ӘА қайтарылған аударылым» құжаты (меню «Жалақы» — «Әлеуметтік аударылым есептілігі» — «ӘА қайтарылған аударылым») жүзеге асырады.

Құжатта:

  • Төлем түрі;
  • Жұмысшылар тізімі;
  • Қайтарылған сомма көрсетіледі.

Құжатты «ӘА қорларға аудару» құжаты негізінде немесе дербес толтыруға болады. «ӘА қорларға акудару» құжаты негізінде толтырылған жағдайда  кестелі бөлімі автоматты түрде толтырылып, түзетуді қолмен енгізуге болады. Егер дербес толтырсаңыз, кесте қолмен толтырылады.

ӘА қайтарылғаны туралы деректі көрсетуге осы құжат негізінде «Төлем тапсырмасы /кіріс/» құжаты енгізілуі қажет.

SWIFT-файлын қалыптастыру

МЗА мен ӘА аударылымдарының тізімін электронды түрде беруге конфигурацияда сервистік мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін «Төлем тапсырмасы /шығыс/» құжатында орнатылған «Зейнетақылық салым аударымы» немесе «Әлеуметтік аударылымдар» операцияларында  «SWIFT-файлын қалыптастыру» түймешігі қарастырылған.

Бұл құжатқа «Түсіру тізбесі», «Файл форматы», «Кілттеу (DOS немесе Windows) мәліметтері кіреді.

SWIFT-файлын қалыптастыру барысында қажетті ақпарат толтырылымдарының дұрыстығы тексеріледі (СТН, ӘЖК, төлем соммасы және т.б.) Қате табылған жағдайда бағдарлама хабарламамен қате табылған қызметкерлер тізімін жолдайды, файл мұндай жағдайда қалыптаспайды. Ескертулер орындалған соң барып файл қорларға жолдануға тиіс Т-102 форматында (басты сөздердің ауысуымен) немесе МТ-102 форматында (басты сөздердің ауыспауымен) қалыптасады.

МЗА мен ӘА өсімін есепке алу

Өсімді есептеу бөлімінде «МЗА мен ӘА өсімін есепке алу», «МЗА мен ӘА есептілігі жөнінде есеп» есебі және «Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы» құжатының үш ақпараттық деректемесі құжаттары бар. «Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасының өсімді есептеу коэффициенті» және «Салық, салым мен аударымдардың аударылым мерзімі» құжаттары меню «Жалақы» — «МЗА мен ӘА өсімін есепке алу» арқылы ашылады.

МЗА мен ӘА өсімін есептеу

Бұл құжат міндетті зейнетақылық аударымдар мен міндетті әлеуметтік аударымдардың дер кезінде аударылмауы себебінен туындайтын өсімді есептеуге арналған.

Құжат төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:

  • Міндетті зейнетақылық  салымның мерзімінен кешігіп аударылуына қатысты өсімді автоматты түрде есетейді;
  • Міндетті әлеуметтік аударылымның мерзімінен кешігіп аударылуына қатысты өсімді автоматты түрде есетейді;
  • МЗА өсімін үлестіру — МЗА өсімінің «дайын» соммасын салымдардың көрсетілген кезеңіне тура есептелген жеке тұлғалар тізімі бойынша үлестіру;
  •  ӘА өсімін үлестіру — ӘА өсімінің «дайын» соммасын аударылымның көрсетілген кезеңіне тура есептелген жеке тұлғалар тізімі бойынша үлестіру;

Құжаттың кестелі бөлімін автоматты түрде («Автотолтыру» түймешігін басу арқылы) немесе қолмен толтыруға мүмкіндік бар. Міндетті аударылымдарда мерзімі өткен қарызы бар жұмысшылардың мекеме немесе арнайы  бөлім бойынша тізілімі  ( «Есептеу» операциясының түрі үшін)  бойынша немесе қолданушы көрсеткен мерзімге аударылым жүргізілгенде құжат автоматты түрде  толтырылады.

Төлемнің мерзімі өткен күндеріне өсімді автоматты түрде есептеуде келесі ақпараттар ескеріледі:

  • «Қорға аударылатын міндетті зейнетақы салымдар» ((ӘА қорлармен есептесу») жинақтаушы регистірі бойынша мерзімі өткен салым (аударым) соммасы;
  • «Салық,  алым мен аударым жүргізу мерзімі» ақпараттар деректемесінен алынатын аударылым мерзімі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшері туралы «Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы» ақпараттар деректемесінен алынатын ақпарат ;
  • Қайта қаржыландыру ставкасына қолданылатын «Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасының коэффициенттері» деректемесінен алынған коэффициенттер;

Есептеу барысында есептіліктің барлық параметрі кезеңінің тұрақты болғаны ескеріледі. Сондықтан, салықтық кезеңнің бір айында  бір жеке тұлға есептіліктің әр кезеңі бойынша бірнеше қатарда берілуі мүмкін. Есепетілік кезеңінің мерзімі  «Өсімді есептеу» бөлімі кестесінде «Басталу мерзімі» және «Аяқталу мерзімі» деректемесінде сақталады.

Есептелген өсімді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуға дайындау үшін «ӘА қорларға аудару» (меню «Жалақы» — «Әлеуметтік аударылымдар есебі» — «ӘА қорларға аудару») құжатының «Өсім: есептелді/төленді (тексеру актісі бойынша)» төлем түрі қолданылады.

Құжаттың бұл түрі бойынша «МЗС мен ӘА өсімін есептеу бойынша есеп» есебі қалыптастырылады.

Қызметкерлердің сыйақы қоры

Қызметкерлердің сыйақы қорын қалыптастыру «Қорға аударым көлемі» ақпарат деректемесінде берілген орнатылым негізінде жүргізіледі. Ақпараттарды сараптау  «Қызметкерлерге сыйақы тағайындау бойынша қор» есептілігінің анықтамасы көмегімен жүргізіледі. Бұл нысандар меню «Жалақы» «Қызметкерлерге сыйақы тағайындау бойынша қор» құжатында орналастырылған.

Қорлар

«Қорлар» анықтамалығы бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын қор түрлері туралы ақпаратты сақтау үшін қолданылады.

«Қор түрі» деректемесі келешектегі қандай шығындар үшін қор құрылғаны туралы нұсқаулықтар үшін қажет.

Қызметкерлерге сыйақы тағайындау бойынша қордың «Есептіліктің базалық түрлері» кестелі тармағында  міндетті түрде қорға айлық аударылымдар есептілігінің базасы ретінде қолданылатын жалақы есептілік түрлерінің тізімі берілуі шарт.

Қорға аударылым көлемі

«Қорға аударылым көлемі» ақпарат деректемесі (меню «Жалақы» — «Қызметкерлерге сыйақы тағайындау бойынша қор» — «Қорға аударылым көлемі») қызметкерлерге сыйақы тағайындай бойынша қорға аудароылатын қаражат көлемін анықтау үшін қажет.

Егер қорды қалыптастыруда әлеуметтік салықты немесе әлеуметтік аударылымдарды ескеру қажет болса, соған сәйкес ресурстарды бос қалдырған жөн. Әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударылым қорына аударылым көлемін анықтау үшін алдыңғы кезеңдегі есептілікті сараптап, пайыздық мөлшерін әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударылымдары шығынының пайызы ретінде көрсетіледі.

Қызметкерлерге сыйақы тағайындау бойынша қордың есеп-қисабы

Қызметкерлерге сыйақы тағайындау бойынша қор «Қызметкерлерге сыйақы тағайындау бойынша қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» 3430 және 4230 бухгалтерлік есептілік шотында есептеледі. Бұл шоттардағы сараптамалық есеп «Қорлар» және «Мекеме қызметкерлері» субконто түрлерінің тармақшаларында жүргізіледі. «Мекеме қызметкерлері» субконто түрі қордың мекеме қызметкерлері тізімі бойынша үлестіру мүмкіндігін іске асыру  үшін «Тек айналымдар» белгісі қондырылған. Оның қордың алғашқыда қалыптастырылған түрінен айырмашылығы бар.

Бұл шоттарды өткізу «Регламенттелген есептегі жалақы көрінісі» құжаты бойынша қалыптастырылады. Құжат өтімі  шот несиесі бойынша 3430/4230 — қорды қалыптастыру және кіріс шоты 3430/4230 — қор соммасының жабылуына қатысты қалыптасады.

Бұрын қалыптастырылған қордан төленетін төлем үшін «Есеп» бөлімінің қондырылымында  бухгалтерлік есептегі көріністі келесі әдістермен көрсеткен жөн:

 

Жалақы төлемі

Төлем құжатын әзірлеу

Жалақыны төлеу «Мекеме үшін жалақы төлемі» (меню «Жалақы» — «Төлем құжаты/платежные ведомости/» құжатымен рәсімделеді.

Құжаттың маңдайшасында қажетті деректемелер көрсетілген ( «Мекеме», «Бөлім»), жалақыны төлеу әдісі көрсетіледі: касса немесе банк арқылы. «Банк арқылы» төлем әдісін таңдағанда, «Банк» қатарында жалақы аударылатын банктің атауы көрсетілуі тиіс, одан соң, «Автотолтырылым» түймешігін басу арқылы автоматты түрде толтырғанда құжаттың кестелі бөлігіне аталмыш банкте шот картасы тіркелген қызметкерлердің ғана тізімі толтырылады.

«Касса арқылы» әдісі таңдалғанда автоматты толтыру кезінде кестелі бөлігіне ешқандай банкте есепшот ашылмаған қызметкерлердің тізілімі түседі.

Кестелі бөлім «Жұмысшы», «Сомма», «Депозиттелген сомма» тармақтарын қамтиды.

Құжаттың кестелі бөлімін «Автотолтырылым» құжаты арқылы автоматты түрде толтыруға болады.

«Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі» құжаты Т-2 формасының үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді (жұмысшылардың аты-жөні немесе табельдік нөмірі бойынша).

 Жалақы төлеу дерегін тіркеу

Жалақыны касса арқылы төлеу әдісі таңдалғанда құжаттың кестелі «Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі» бөлімінде «Төленген жалақы» тармағы бар. Бұл тармаққа тек «төленді», «төленбеді» немесе «депозиттелді» деп толтырылады. Толтырмаған жағдайда барлығының мәні «төленді» болып кетеді. Басқару жиегінің көмегімен кестелі бөлімінде «Белгіні .... ауыстыру» тармағын қолданып, құжаттың барлық кестелі бөлімін ауыстыруға болады.

«Банк арқылы» әдісі таңдалғанда егер «Шығыс төлем құжаты» өткізілгеннен соң жалақы төлендіге саналады.

Бухгалтерлік есепте жалақының төленуін рәсімдеу «Шығыс кассалық ордері» немесе «Шығыс төлем құжаты» құжаттары арқылы тіркеледі. Сонымен қатар, бұл құжаттардың «Операция» деректемесінде «Жалақы төлемі» деп көрсетілуі шарт. Ақша аударымы құжаттарының кестелі бөлігінде «Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі» бөлімінде қажетті құжат түрін таңдау шарт. Ақша аударым құжаттары «Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі» құжатының негізінде жүргізіледі. Ол үшін құжаттың ашық нұсқасында «Іс әрекет» түймешігін басып, «Негізі» пәрменін таңдау қажет.

Жалақының жеке кассалық ордер арқылы төленуі

Конфигурация «Жалақыны шығыс ордері арқылы төлеу» өңдемесінің көмегімен жұмысшыларға жалақыны төлеу үшін шығыс ордері жинағын қалыптастыруға мүмкіндік береді (меню «Жалақы» — «Жалақыны шығыс ордері арқылы төлеу»).

Өңдеме нұсқасында қаржының қозғалысы көрсетілуі тиіс, ал «Төлем құжатында» құжат түрі көрсетілуі тиіс.

«Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі». Осыдан кейін өңдеменің кестелі бөлімі құжаттардағы ақпаратпен автоматты түрде толтырылады — «Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі» құжатында «төленді» деген белгі ұрылған жұмысшылардың тізімімен және төленетін сомма мөлшерімен.

Шығыс кассалық ордері арқылы төлем рәсімделетін жұмысшылардың тұсына кестенің екінші тармағына жалауша орнатылады.

Шығыс кассалық ордерлер жинағы автоматты түрде қалыптасу үшін «Құру» түймешігін басу қажет, бұл кассалық ордерлерді өткізу үшін «Өткізу» түймешігін басу керек.

Өңдеме тікелей «Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі» құжаты арқылы іске қосылуы мүмкін.

Жалақыны банк арқылы төлеу

Жоғарыда аталғандай жалақыны банк арқылы аудару «Мекеме жұмысшыларының жалақы төлемі» құжатындағы «Банк арқылы» әдісін қолдану арқылы қалыптастырылады. Осындай бір немесе бірнеше құжат негізінде «Шығыс төлем құжатында» «Жалақыны банкке аудару» операция түрін қалыптастыруға болады.

Алайда «Шығыс төлем құжаты» жалақының банк арқылы төленетін тек жалпы соммасы туралы ақпаратты ғана иеленеді, жеке жұмысшылар онда аталмайды.

«Шығыс төлем құжатындағы»  «Жалақыны банкке аудару» операциясын жүргізуде «Банкке тізім» жазуы шығады («Баспа» түймешігі) , кестелі бөлімнің жоғарғы жағындағы «Файлдар қалыптастыру» түймешігінің көмегімен МТ-102 форматында тізім бойынша аударуға файл қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады.

Сонымен қатар, құжаттың кестелі бөлігіндегі «Банк комиссиясы» тармағы арқылы банкке төленетін комиссияны енгізуге болады.

Жалақының банктен қайтарылуы

«Мекеме қызметкерлері жалақысының қайтарылуы» құжаты (меню «Жалақы» — «Жалақының қайтарылуы (банктен)») алдыңғы аударылған қаражатты, мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын шот карталарына аударуға дайындау үшін қажет.

Құжатта жұмысшылардың тізімі мен «Мекеме», «Қайтарылым соммасы» параметрлері толтырылады.

Құжат негізінде «Кіріс төлем құжатындағы» «Жалақының қайтарылымы» құжатын енгізу қажет.

Депозиттеу

Уақытылы төленбеген жалақы депозиттелуі мүмкін. Бұл жағдайды тіркеуге «Жалақыны депозиттеу» (меню «Жалақы» «Жалақыны депозиттеу») құжаты қолданылады.

«Төлем ведомостінің» кестелі бөлімі «Мекеме қызметкерлерінің жалақы төлемі» құжат түрімен толтырылады. Кестелі бөлімін толтыру барысында келесі жағдайлар ескерілуі қажет:

  • Құжатты толтыру әдісінде «Бір айлық жалақы» деп көрсетілуі шарт;
  • Жалақыны төлеу әдісі «Касса арқылы» жүргізілуі шарт.

Кестелі бөлім толтырылғанда сомма автоматты түрде есептеледі. Сонымен қатар, «Мекемені депозиттеу» құжаты  «Мекеме қызметкерлерінің жалақысы» құжаты негізінде қалыптастырылады.

Депозит төлемі «Шығыс кассалық ордеріндегі» «Депозиттелген жалақыны төлеу» операциясымен жүзеге асады.

Бухгалтерлік және салықтық есеп-қисап көрсетілімі

Бұл бөлімдегі жалақыны төлеу, соған қатысты салықтық, салымдық есептер жүргізу құжаттары «1С: Бухгалтерия 8» жүйесінің жалақы есептеу және кадрлық өзгерісті тіркеу мамандандырылған жүйесіне жатады. Бұл құжаттарды жүргізу барысында бухгалтерлік және салықтық өлшемдер қалыптастырылмайды.

Есептелген төлемдердің бухгалтерлік және салықтық есеп-қисапта көрсетілуі үшін арнайы «Регламенттелген есеп-қисапта жалақының көрсетілуі» құжаты қарастырылған (меню «Жалақы», «Жалақының бухгалтерлік есебі», «Есеп-қисапта жалақының көрсетілуі»).

Құжаттың кестелі бөлімі жалақы мен соған қатысты салықтардың, салымдардың, жалақының бухгалтерлік және салықтық есеп-қисапта көрсғетілуі әдісі негізінде автоматты түрде толтырылуы мүмкін («Автотолтыру» түймешігінің көмегімен).

Есептіліктер бухгалтерлік және салықтық есеп-қисапта көрсетілуі есептілік түрі мен оның көрсетілу әдісіне байланысты жүзеге асады.

 

Жалақының регламенттелген есеп-қисапта көрсетілу әдісі

Жалақының мүмкін болған барлық есептілігі мен ұсталынымдарының бухгалтерлік есеп-қисаппен сәйкестігі қолдануға қолайлы болу үшін арнайы «Жалақының регламенттелген есеп-қисапта көрсетілу әдісі» анықтамалығында анықталады ( «Жалақы» — «Есеп-қисапта жалақыны көрсету әдісі»).

Анықтамалықтағы әр бір ақпараттың атауы бар, олар конфигурациядағы түрлі нысандарда көрсетілу әдісін көру үшін, сондай-ақ ақпараттың көрсетілу әдісін енгізгенде  пайдаланылады. Сондықтан көрсету әдісі атауына есептілік жүйесі шаблонында қолданылатын шот корреспонденциясын енгізуге кеңес беріледі. Бұл келешекте түрлері бойынша көрсетілу әдісін оғайлатуға қажет (мәселен, «7210-3350 Жалақы АУП»).

Есеп-қисапта көрсетілу әдісітерінің бірі нақтылауға арналған. Ол қондырылымға сәйкес төлем ақпаратының атауы бойынша басқаша әдіс табылмаған жағдайда дербес есептілікті (по умолчанию) көрсету үшін қолданылады.

Көрсетілу әдісін сипаттау барысында  есеп-қисапта кейбір деректемелер көрсетілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда бағдарлама олардың мәнін автоматты түрде таңдайға тырысады. Мәселен, әр жұмысшыға есептіліктің жеке әдісін енгізудің  қажеті жоқ, 3350 бухгалтерлік есеп-қисапта субконто бухгалтерлік есептілік қалыптастыруда автоматты түрде таңдалады.

Сондықтан, төмендегідей деректемелерді көрсетпеуге де болады:

  • Шығын шоттарында «Мекеме бөлімдері» субконто мәні. Олар жұмысшы тіркелген бөлім бойынша автоматты түрде толтырылады;
  • 3350 шотындағы «Мекеме қызметкерлері» субконто мәні (еңбекақы төлеу бойынша қысқамерзімді қарыз), есеп-қисапта есептілігі жүргізілетін жұмысшылар бойынша автоматты түрде толтырылады.
  • 3395 шотындағы «Контрагент» субконто мәні (орындау парақшалары бойынша қарыздар), Орындау парақшалары бойынша ұсталыным көрсетілімінде , ол «орындау парақшасында» көрсетілген алушы туралы дерек арқылы автоматты түрде толтырылады.

Көрсетілу тәртібі есептілік ақпаратына бірнеше әдіспен «байлануы» мүмкін. Мұндай жағдайда олардың приоритетін ескеру қажет (алғашқы болып приоритеті жоғары сипаттамалар берілген):

  • Төлем мен ұсталыным есептілігінің құжаты бойынша тікеле берілген көрсетілім әдісі. Сонымен қатар, әдіс тек құжат үшін ғана емес ( «Бухгалтерлік есептегі көрсетілім»  бөлімінде құжаттың төменгі терезесінде) құжаттың кестелі бөліміндегі арнайы тармақтар үшін де («Бухгалтерлік есептегі көрсетілім»  құжаттың кестелі бөлігінде, дербес жағдайда бұл тармақ жасырула, оны көру үшін менюдің кестелі бөлімінде «Тізім қондырымы» бөлігінен «Бухгалтерлік есептегі көрсетілімнің»   тұсына жалауша орнатылуы қажет).
  • «Мекеме қызметкерлерінің жоспарлы аударылымдарының регламенттелген есеп-қисабы туралы ақпаратты енгізу» құжатының көмегімен көрсету әдісі (меню «Жалақы» — «Жалақының бухгалтерлік есеп-қисабы» «Жоспарлы аударылымдардың есеп-қисабы жөніндегіақпаратты енгізу»).Құжат арқылы жұмысшы және төлем түрі деректеме комбинациясына көрсету әдісінің байланысын қондыруға болады, яғни көрсету әдісі тек таңдаулы жұмысшының барлық есептілігін көрсету үшін пайдаланылады.
  • Есептілік түрі қондырылымының терезесіндегі «Есеп-қисап» бөлімімен жүзеге асатын көрсету түрі. Бұл әдіс нақты есептіліктің барлық түрі бойынша жүргізіледі, мұнда қандай жұмысшыға айлық аударылғаны ескерілмейді;
  • «Мекеме бөлімшелері» анықтамалығындағы «Жалақының есеп-қисапта көрсетілуі» бөлімінде берілген көрсету түрі. Мұнда нақты бір бөлімнің барлық жұмысшысына жүргізілетін есептіліктің барлық түрі көрсетіледі.

Дербес /по умолчанию/ көрсету әдісі, «Жалақының регламенттелген есеп-қисапта көрсетілу әдісі» анықтамалығындағы ақпараттарға сүйне отырып жүргізіледі.

Регламенттелген есеп-қисапта жалақыны көрсетудің бақылау ведомості

Регламенттелген есеп-қисаптағы жалақының есептілігі туралы ақпаратты «Регламенттелген есеп-қисапта жалақыны көрсетудің бақылау ведомості» есебінің көмегімен алуға болады. Ол меню «жалақы», «Жалақының бухгалтерлік есептілігі» — «Регламенттелген есеп-қисапта жалақыны көрсетудің бақылау ведомості» жүйесінің көмегімен қалыптастырылады.

Есеп жалақы бойынша төлемнің дұрыс көрсетілуін бақылауға мүмкіндік береді. Ол регламенттелген есеп-қисап жолымен төмендегідей көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүзеге асады:

  • Кт3350 бойынша төлемнің соммасы мен көрсетілімі;
  • Жеке табыс салығының соммасы мен оның бухгалтерлік есеп-қисапта көрсетілімі (Дт3350-Кт3120);
  • Міндетті зейнетақы соммасы мен оның бухгалтерлік есеп-қисапта көрсетілімі (Дт3350-Кт3220);
  • Дт3350 бойынша ұсталыным соммасы мен ұсталыным көрсетілімі;
  • Міндетті әлеуметтік аударылым соммасы мен оның Кт 3220 бойынша көрсетілімі;
  • Міндетті зейнетақы есептілігі, әлеуметтік аударылым бойынша өсімақы соммасы мен оның Кт3220 мен Кт3210 бойынша бухгалтерлік есеп-қисапта көрсетілімі қамтылғаны.

Регламенттелген жалақы төлемінің есеп-қисабы бойынша көмекші

«Регламенттелген жалақы есептеу» құралы бір айлық жалақы бойынша құжат құруға, есептеуге және өткізуге мүмкіндік береді. Есептеу үдерісінде төмендегі құжаттар сарапталады:

  • «Мекеме жұмысшыларына жалақы есептеу»
  • «ЖТС , МЗА және ұсталынымдар есептілігі»
  • «ӘС пен ӘА есептілігі»
  • «Салықтық есеп бойынша ЖТС мен МЗА ұсталынымы»
  • «Регламенттелген есеп-қисапта жалақының көрсетілуі».
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-07-22 19:49:27     Қаралды-2415

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »