Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
1. Жабдықтар мен құрылыс объектілерінің түсімі, НҚ қатарына есепке алу.
2. Жағдайының өзгеруі мен НҚ орын ауысуы.
3. Амортизация есептеуге арналған мәліметтер. НҚ модернизациялау.
4. Айналымнан тыс активтерді қайта бағалау. НҚ комплектациялау.
5. Түгендеу және НҚ шығып кетуі. Бастапқы қалдықтарды енгізу.
1. Материалдық емес активтер (МЕА) Кірістеу.
2. Амортизация есептеуге арналған мәліметтер.
3. МЕА шығып кетуі. Есептіліктерін қолдану.
«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия 8» конфигурациясында негізгі құралдар мен материалды емес активтерді бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу орындалады. Сатып алу, бастапқы бағаны құру, есепке алу, амортизация түсімдері, ішкі қозғалыс, амортизация түсімінің параметрлерінің өзгеруі, сату, сызып тастау және т.б. секілді обьъектілерді есепке алу бойынша барлық негізгі операциялар көрініс табады.
Негізгі құралдарды және материалды емес активтерді есепке алудың ішкі жүейесі осындай объектілер туралы ақпаратты басқару үшін арналған. НҚ есепке алу деп түсінеміз:
- негізгі құралдар мен материалды емес активтер туралы нормативті-анықтамалық ақпараттарды сақтау;
- объектілердің жай-күйінің өзгерістерін тіркеу (жай-күйінің өзгерісі, қозғалыстар, сату, есептен шығару жіне т.б.);
- объектілердің бағасын және оның өзгеріс фактілерін есепке алу (амортизация түсімдері, модернизация, қайта бағалау);
- ақпаратты бастапқы құжаттардың баспа формалары түрінде шығару (инвентарлы карточкалар, актілер және т.б.);
- объектілер бойынша құрама аналитикалық ақпараттарды алу.
Негізгі құралдар
«Негізгі құралдар» анықтамалығында («НҚ және МЕА» - «(НҚ) қозғалмайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» мәзірі) уақыт өте өзгермейтін және нақты ұйымның ерекшелігіне оны есепке алу кезінде тәуелді емес негізгі құралдар туралы мәліметтер сақталады. Негізінен, мұндай параметрлерге жатады:
- объектінің толық атауы;
- паспорт номері;
- зауыдтық номер;
- шығарылым датасы;
- негізгі құралдар тобы және т.б.
Негізгі құралдардың объектілері туралы бұл ақпаратты анықтамаға оны есепке алудан бұрын енгізу керек.
Есепке алудың қандай да бір түрінде қолданылатын немесе уақыт бойынша өзгеретін негізгі құралдардың объектілері туралы ерекше ақпарат мәліметтердің сәйкес регистрлерінде сақталады. Анықтамада ол сәйкес қосымшаларының ақпараттық өрістерінде көрсетіледі:
- объект тиесілі ұйым;
- пайдалы қолдану уақтысы;
- амортизация түсімдер тәсілі;
- негізгі құралдың құрамы;
- негізгі құралдың жай-күйі;
- амортизация бойынша шығындарды көрсету тәсілдері.
Анықтамаға тек инвентарлы номерлерімен ерекшеленетін негізгі құралдардың бір типті объектілер тобы туралы мәліметтерді қосу үшін анықтама тізімінің форма панеліндегі «Топтық қосу» батырмасымен шақырылатын арнайы форма арналған.
Топтық қосу формасында көрсету керек:
- жаңа элементтер қосылатын топты;
- анықтаманың қосылатын элементтерін номерлеу басталатын код;
- құрылатын элементтер саны;
- анықтама элементтерінің атауы;
- қосылатын объектілер үшін жалпы басқа да мәліметтер қатары.
Мұндай тәсілмен анықтамаға қосылған негізгі құрал объектілері үшін негізгі құралдармен оқиғаларды тіркеу құжаттарында (мысалы, «НГ есепке алу», «НҚ қозғалысы», «НҚ модернизациялау» және т.б.) атауы бойынша толтыру қызметі қарастырылған (құжаттың кестелік бөлігіндегі командалы панельдегі «Толтыру» батырмасы). Бұл қызметті пайдалану үшін құжаттың кестелік бөлігіне қатар қосып, анықтамадан негізгі құралдар тобынан обектіні таңдап, одан кейін «Толтыру» батырмасын басқанда ашылатын мәзірден осы қатарды белгілеп, «Атауы бойынша» толтыру тәсілін таңдау керек. Нәтижесінде құжаттың кестелік бөлігіне таңдалғанның атауы секілді атауға ие барлық анықтаманың объектілері қосылатын болады.
Қандай да бір ұйымның есебінде тұрған негізгі құралдың объектілері туралы ақпаратты сараптау және қажетті қағаз формаларды баспаға шығару үшін келесі есептер арналған:
- «Негізгі құрал объектілерін есепке алудың инвентарлы карточкасы» (типтік форма № ОС-5, «НҚ және МЕА» — «(НҚ) қозғалмайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» мәзірі, анықтама элементінің баспа формасы)
- «Негізгі құралдардың инвентаризацияланған тізімі» (типтік форма № ИНВ-1, «НҚ және МЕА» — «НҚ инвентаризациясы» мәзірі, құжаттың баспа формасы);
- «НҚ амортизациясы бойынша ақпартізім» («НҚ және МЕА» — «Периодтағы НҚ амортизация ақпартізімі (бухгалтерлік есеп)»);
- «ФА (НУ) бағасының қозғалысы туралы есеп» («НҚ және МЕА» — «ФА (НУ) бағасының қозғалысы туралы есеп» мәзірі).
Жабдықтардың, құрылыс объектілерінің түсуі, негізгі құралдарды есепке алу
Жабдықтардың түсуі «ТМЗ мен қызметтердің түсуі» құжатымен («Сатып алу» - «ТМЗ мен қызметтердің түсуі» мәзірі) «Сатып алу» операция түрімен тіркеледі.
Сатып алынған монтаждауды қажет етпейтін негізгі құралдар мен жабдықтар туралы ақпарат «Негізгі құралдар» қосымшасында енгізіледі. Мұндай объектілер бухгалтерлік есепте 2410 «Негізгі құралдар» екінші деңгей шотында ескеріледі.
Сатып алынған, монтаждалуды талап ететін жабдықтар туралы ақпарат «ТМЗ» қосымшасына енгізіледі. Мұндай жабдық үшін сандық-соммалық есепке алу 2932 «Жабдықтарды монтаждау» шотында жүргізіледі. Мұндай жабдықтың түсу фактісін «ТМЗ мен қызметтердің түсуі» құжатымен тіркеу кезінде бұл шотты «Есеп шоты (БУ)» бағанында көрсету керек («ТМЗ» қосымшасының кестелік бөлігі).
2932 шотында аналитикалық есепке алу жабдықтың номенклатуралы орындары бойынша жүргізіледі («Номенклатура» анықтамалығын пайдаланумен; жабдықтың номенклатуралы орындарын осы анықтаманың «Жабдықтар» жеке тобында есепке алған жөн болады). Сонымен қатар, бұл шоттағы аналитикалық есепке алу сақталу орындары бойынша («Қоймалар (сақталу орындары)» анықтамалығын пайдаланумен) және түскен жабдық партиясы бойынша жүргізіле алады.
Негізгі құралдардың модернизациялануы мен капиталды жөнделуіне салымдар 2933 «НҚ модернизациясы және капиталды жөнделуі» шотында тіркеледі. Құрылыс объектілеріне салымдар 2931 «бітпеген құрылыс» және 2940 «Басқа да ұзақ уақытты активтер» екінші деңгейлі шоттарда тіркеледі. Құрылыс объектілерін есепке алу үшін «Құрылыс объектілері» жеке анықтамалығы қолданылады («НҚ және МЕА» – «Құрылыс орбъектілері» мәзірі).
Жабдықтарды монтаждауға, құрылыс объектілеріне, негізгі құралдарды модернизациялау мен жөндеуге кететін шығындарды жатқызу түрлі құжаттармен орындалуы мүмкін. Шет жақтағы ұйымдардың қызмет бағалары мұндай түрдегі шығындар құрамына «ТМЗ мен қызметтердің түсуі» («Қызметтер» қосымшасы), «Қосымша шығындардың түсуі», «Импорт бойынша ГТД», «Аванстық есеп» («Басқалар» қосымшасы) құжаттармен қосылады. Қоймадан жабдықты монтаждауға, құрылыс пен жөндеуге қажетті материалдар мен шикізаттарды беру «Талаптар-қаптамалар» құжатымен тіркеледі. Жабдық монтаждауда, құрылыста немесе жөндеуде жұмыс жасап жатқан өз жұмысшыларының еңбегін төлеу сәйкес шығындар құрамына «Есепте еңбек ақыны көрсету» құжатымен енгізіледі. Сонымен қатар, басқа да құжаттар қолданылады (мысалы, есепте түскен амортизацияны, өз өнімін және қызметтерді шығаруды және т.б. көрсететін). Мұндай құжаттарда шығындар есебі ретінде жабдықты монтаждауға (2932), объектілер құрылысына (2931), негізгі құралдарды модернизациялау мен жөндеуге (2933) кететін шығындарды сәйкес аналитиканы көрсетумен жинақталуы орын алатын шоттарды көрсету керек.
Есепке негізгі құрал объектілері ретінде сатып алынған объектілерді, монтаждалған жабдықтарды немесе құрылыс объектілерін алу үшін «НҚ есепке алу» құжаты қолданылады («НҚ және МЕА» - «НҚ есепке алу» мәзірі). Есепке негізгі құралдарды алу операциясы деп негізгі құралдың бағасының белгілену операциясы және оның есепке тұрғызылуы түсіндіріледі. Құжаттардың бірімен бірнеше бір типті негізгі құрал объектілерін алу рәсімделуі мүмкін.
Құжатты толтыру кезінде бірінші қадамда құжат формасының командалы панелінде орналасқан «Операция» батырмасын басу арқылы операцияның сәйкес түрін таңдау керек:
- Жабдық;
- Құрылыс объектілері;
- Сатып алынған негізгі құралдар;
- Инвентаризация нәтижелері бойынша.
Негізгі құралдардың сатып алынған объектілерін және монтаждалуды талап етпейтін жабдқтарды есепке алу үшін «Сатып алынған негізгі құралдар» операциясы арналған. Мұндай объектілердің бағасы сатып алулар бағасынан және НҚ объектісін қызметі бойынша пайдалнуға мүмкіндік беретін жұмыс жағдайына келтіруге кеткен барлық шығындардың жиынтығынан шығады (бастапқы жеткізу және жүктеу-түсіру жұмыстарының бағасы, орнатуға кеткен шығындар және т.б.).
Негізгі құралдар объектісі ретінде монтаждалған жабдықты есепке алу «Жабдықтар» операция түрімен орындалады. Бұл кезде жабдықты қоймадан сызып тастау және негізгі құралдардың есепке алынатын объектілерін бағасын құру орын алады. Операция есептің барлық түрлері бойынша жүргізілуі мүмкін.
Құрылыс объектісіне кеткен шығындардан бағасы құрылған негізгі құралды есепке алу «Құрылыс объектісі» операция түрімен жүргізіледі. Бұл кезде құрылыс кезінде кеткен шығындар толығымен негізгі құралдардың бір объектісінің бағасына қосылуы да мүмкін және негізгі құралдардың бірнеше объектілерінің бағасына бөлінуі де мүмкін (қолмен немесе автоматты түрде «Соммаларды есептеу» батырмасының көмегімен).
Инвентаризация нәтижесінде анықталған негізгі құралдар объектісін есепке алу «Инвентаризация нәтижелері бойынша» операция түрін таңдау кезінде орындалады. Мұндай объектінің бағасы қолмен көрсетіледі немесе «НҚ инвентаризациясы» сәйкес құжатынан алынады.
Есепке алынатын негізгі құрал объектілерінің тізімі құжаттың кестелік бөлігінде көрсетіледі. Есепке негізгі құрал алынған кезде оның негізгі есептік параметрлері орнатылуы керек:
- нақты ұйымдағы инвентарлы номер;
- бухгалтерлік есептегі бағаны жабу реті және бағаны КПН бойынша салықтық есепте шығындар құрамына енгізу реті;
- негізгі құралдың бағасын есепке алу шоттары және қажет болған жағдайда, бухгалтерлік және салықтық есепке алу бойынша амортизация есебі және тозу шоттары;
- мүлікке, көлікке, жерге салықтарды салу үшін объектілерді есепке алу реті.
Бұл параметрлер негізгі құралды есепке алу кезінде ғана анықталуы мүмкін және кейіннен бір ұйымда осы негізгі құралды эксплуатациялаудың барлық уақтысында өзгермейді.
Бұл параметрлерден басқа негізгі құралды есепке алу кезінде басқа да параметрлер орнатылуы мүмкін, мысалы, бухгалтерлік есеп бойынша амортизация түсімдерінің параметрлері, амортизация бойынша шығындарды көрсету тәсілдері, материалды-жауапты тұлға, бөлімше және басқалар. Мұндай параметрлер негізгі құралды есепке алу уақтысы кезінде өзгеруі мүмкін.
Егер негізгі құралдың бухгалтерлік есептегі бағасы жабылмаса немесе КПН бойынша салықтық есепте шығындар құрамына кірмесе, бұны да негізгі құралды есепке алу кезінде көрсету керек. Ол үшін құжаттың кестелік бөлігінде «Бағаны өтеу реті (БУ)» өрісі қарастырылған, онда екі мәннің бірін таңдауға болады: «Амортизация түсімдері» және «Баға өтелмейді» және жалаушаны орнатуға немесе алып тастауға болатын «Белгіленген актив белгісі» өрісі.
НҚ объектісін белгіленген актив ретінде таныған жағдайда екі жақты норма бойынша объектіні қолданудың бірінші жылында амортизация түсімі мүмкіндігі бар. Ол үшін «Бағаны өтеу реті (НУ)» өрісінің мәнісі ретінде «Амортизацияның екі еселік нормасы» таңдау керек.
Егер НҚ объектісі мүіктік, көліктік немесе жер салығының салым объектісі болса, онда бар жалаушаларды орнату керек («Мүліктік салық объектісі», «Көлік салығы объектісі», «Жер салығы объектісі»).
Бір ұйым шеңберіндегі мүлік салығының жарнасы осы салық салынатын барлық объектілер үшін бірыңғай болып табылады, жарна өлшемі «Салықтар, жинаулар, аударымдар жарналары туралы мәліметтер» мәліметтер регистрінде беріледі («Кәсіпорын» мәзірі, «Салықтар» пунктісі). Көлік салығының және жер салығының жарналары мен есептесу реті объектінің қасиеттеріне байланысты болады. Егер негізгі құрал объектілерін есепке алу кезінде «Көлік салығының объектісі» немесе «Жер салығының объектісі» жалаушасы белгіленген болса, онда мұндай объектінің «Негізгі құралдар» анықтамалығының элемент формасында «Көлік салығы» немесе «Жер салығы» қосымшалары пайда болады, онда объект үшін сәйке салықтың есептеу параметрлерін беру керек.
«Қазақстанға арналған 1С: Бухгалтерия 8» конфигурациясында мүлік салығы, көлік және жер салығы бойынша бірқатар тәртіптелген есептер қарастырылған («Есептер» - «Тәртіптелген есептер» мәзірі, «Салықтық есептілік» тобы):
- «Жер салығы, көлік құралдарының салығы және мүлік салығы бойынша декларация, форма 700.00»;
- «Көлік құралдарына салық бойынша ағымдық төлемдер есебі, форма 701.00»;
- «Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдық төлемдер есебі, форма 701.01».
Бұл есептерді құру кезінде сәйкес салықтардың соммасын «Мүліктік салық объектілері», «Салықтар, жинаулар, аударымдар жарналары туралы мәліметтер», «Жер салығының объектілері», «Жер салығын есептеу параметрлері», «Көлік салығының объектілері», «Көлік салығын есептеу параметрелрі» мәліметтер регистрлерінің деректері бойынша есептеу жүргізіледі. Бухгалтерлік есепте салықтың бұл түрлерінің түсімдері «Операция (бухгалтерлік және салықтық есеп)» құжатымен тіркеледі («Операциялар» - «Операция (бухгалтерлік және салықтық есеп)» мәзірі).
Объект үшін «Сызықты тәсіл», «Азайтылатын қалдық тәсілі», «Пайдалы қолдану уақтысының жылдар санының соммасы бойынша» секілді амортизация түсімдерінің тәсілдерін таңдау кезінде объект үшін жылдық амортизацияны айлар бойынша бөлу ретін анықтайтын амортизация графигі орнатылуы мүмкін. Мұндай амортизация тәсілдері кезінде алдымен амортизацияның жылдық соммасын есептейді, ал одан кейін амортизацияның жылдық графигін ескерумен айлық сомманы есептейді. Графиктердің көмегімен мысалыға, НҚ эксплуатациялануының мезгілділігін есепке алуға болады. Жылдық графикте әрбір айдың күндері салмақты коэффициент түрінде көрсетіледі, оған сәйкес амортизацияның жылдық соммасы жыл айлары бойынша бөлінетін болады. Жылдық графиктер «НҚ және МЕА» мәзірінен, «Амортизация параметрлері» пунктісінен ашуға болатын «Амортизацияның жылдық графиктері» анықтамалығынан таңдауға болады.
Жылдық график күнтізбелік жылға қатыссыз беріледі, оны қолдану кезінде график бойынша тарату негізгі құралды қолданудың әрбір жылы үшін бірдей болады. Егер негізгі құралды есепке алу кезінде амортизация графигін көрсетпесе, онда мұндай объект үшін амортизацияны айлар бойынша тарату тегіс болады.
Негізгі құрал үшін эксплуатацияға негізгі құралды енгізу моменті оны есепке алу моментімен сәйкес келмеуі мүмкін. Бұл жағдайда «НҚ есепке алу» құжатында мұндай объект үшін, егер кейіннен оны эксплуатацияға енгізу кезінде амортизацияларды бухгалтерлік есеп бойынша аудару болжанатын болса, «Бағаны өтеу реті (БУ)» өрісінде «Амортизация түсімін» көрсету керек (және кестелік бөліктің сәйкес өрістерінде амортизация түсімдерінің тәсілдерін және оған қажетті амортизациятүсімдерінің параметрелрін көрсету керек), ал «Амортизация түсімі» жалаушасын алып тастау керек. Мұндай объект үшін эксплуатацияға енгізу операцисын кейінірек «НҚ жағдайының өзгеруі» құжатының көмегіменқұжаттың сәйкес реквизитінде «Эксплуатацияға енгізу» түріндегі оқиғаны көрсетіп рәсімдеу керек («НҚ және МЕА» - «Амортизация параметрлері» - «НҚ жағдайының өзгеруі» мәзірі). Егер объектіні эксплуатацияға енгізгеннен кейін амортизация аударымын бастау керек болса, «НҚ жағдайының өзгеруі» құжатында «Амортизация түсіміне әсер етеді» және «Амортизация түсімі» жалаушаларын белгілеу керек. Бұл жағдайда эксплуатацияға енгізу айынан кейінгі айдан бастап жүйе оған осы объект үшін «НҚ есепке алу» құжатында көрсетілген әдістер мен параметрлерге сәйкес түсімдер жасай бастайды.
Негізгі құралдардың жағдайының өзгеруі
НҚ үшін оқиғалар болған уақыт пен оқиғалар енгізіледі. Оқиғаның уақтысы бойынша мысалыға, есепке алу уақтысы, эксплуатацияға енгізу уақтысы, есептен шығару уақтысы анықталады. Негізгі құралда болған оқиға амортизация түсіміне әсер етуі мүмкін, мысалы, консервацияға аудару ол уақытта амортизация түсімі тоқтатылады дегенді білдіреді..
НҚ есепке алудың барлық құжаттары (мысалы, «ТМЗ мен қызметтердің түсімі», «НҚ есепке алу», «НҚ қозғалысы» және т.б.) көрсетілетін оқиғаны белгілейді, ол құжаттың сәйкес реквизитіне «Негізгі құралдар оқиғалары» анықтамалығынан таңдалады. Оқиғалар туралы ақпарат «Ұйымның НҚ оқиғалары» мәліметтер регистрінде белгіленеді.
«1С: Бухгалтерия» конфигурациясында негізгі құралда болған оқиғаны белгілеуге мүмкіндік беретін «НҚ жағдайының өзгеруі» аранйы құжаты қарастырылған. Құжатты «НҚ және МЕА» - «Амортизация параметрлері» - «НҚ жағдайының өзгеруі» мәзірі арқылы ашуға болады.
Құжатта болған оқиға нәтижесінде негізгі құралдың болатын жағдайын, оқиғаның НҚ осы жағдайда болу кезінде амортизация түсімдерінің қажеттілігіне әсер ету керектігін көрсетуге болады. Құжаттың кестелік бөлігінде көрсетілген объектілер бойынша амортизация үсімдерінің жағдайын өзгерту үшін √ - «Амортизация түсіміне әсер етеді» жалаушасын орнату керек. Егер Негізгі құрал объектілеріне болған оқиғалар нәтижесінде амортизация түсімдерін тоқтату керек болса, «Амортизация түсіміне әсер етеді» жалаушасын орнату керек және «Амортизация түсімі» жалаушасын алып тастау керек.
Жарияланған-2014-07-17 19:38:33 Қаралды-8995
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина