Аяқталмаған өндіріс есебі.
1. Алыс-беріс шикізатынан өндіріс (өңдеуге келіп түскен, өндіріске беру, қолданылмаған шикізатты қайтару) есебі
2. Алыс-беріс шикізатын өңдеуден туындаған меншікті дайын өнім мен өндіріс шығындары есебі.
3. Өңдеу бойынша қызметті сату.
1. Басқа жақтың контрагентері үшін меншікті шикізатты өңдеу шығындарын есептеу.
2. Меншікті шикізатты өңдеуге беру және қайтарып алу.
3. Өндірістегі есеп бойынша арнайы есептілік
4. Дайын өнімді шығару, жұмысты орындау», «Өнім мен қызметің өзіндік құны», «Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау», «Жанама шығындарды үлестіру» есептіліктері.
Бітпеген өндіріс деп технологиялық процеспен қарастырылған өңдеудің барлық кезеңдерін (фазаларын, бөлісулерін) өтпеген өнімді немесе жабдықталмаған, сынақтан және техникалық қабылдаудан өтпеген бұйымдарды түсінеміз.
Бітпеген өндірістің қалдықтарының болуы және шамасы технологиялық процестердің сипаты мен ұзақтығына, өнімнің ерекшеліктеріне және оның шығарылымына байланысты болады.
Бітпеген өндіріс қалдықтары шығындардың калькуляциялық кесуінде ақашалай бағалануға жатады.
Ағымдық айдың соңындағы бітпеген өндіріс қалдықтарының соммасы келесі айдың материалды шығындарының құрамына қосылады. Салық уақтысының бітуімен бітпеген өндіріс қалдықтарының салықтық уақыттың соңындағы соммасы келесі салықтық уақыттың материалды шығындарының құрамына қосылады.
«Қазақстанға арналған бухгалтерия» конфигурациясында бітпеген өндірістің соммаларын автоматты есептеу есептік уақыт барысында жүргізілмейді. Бітпеген өндірістегі қалдық уақыттың соңында дайын өнімді (жартылай фабрикаттарды) немесе өндірістік сипатты қызметтерді шығарудың фактісі болмаған жағдайда фактілі өндірістік өзіндік құн бойынша шығындардың тура мақалаларының құнына пропорционалды анықталады.
Ай соңында бітпеген өндіріс бойынша қалдықтар болған жағдайда олар қолданушымен өз бетінше бұл конфигурациядан тыс кәсіпорынның есептік саясатында қабылданған әдістеме бойынша бағалануы керек. Қалдықтарды бағалау тек соммалық өрнекте өндірістік шоттар, бөлімшелер және номенклатуралы топтардың кескінінде жүргізіледі. Одан кейін ағымдық айдың өнімнің (жартылай фабрикаттар мен қызметтер) фактілік өзіндік құнын есептеуден алынып тасталуы тиіс есептелген соммалар бағдарламада арнайы құжатпен – «Бітпеген өндірісті инвентаризациялау» («Өндіріс» мәзірі - «Бітпеген өндірісті инвентаризациялау») көрсетіледі.
«Бітпеген өндірісті инвентаризациялау» құжаты ешқандай қозғалыс құрамайды. Ол айдың соңында бітпеген өндіріс шоттарына тасымалдануы тиіс шығындар соммасын көрсетуге арналған. Құжат бітпеген өндірісі бар әрбір өндірістік бөлімше үшін құрылады. Әрбір бөлімше бойынша бітпеген өндіріс соммалары номенклатуралы топтар кескінінде көрсетіледі.
Құжатта көрсетілген деректер өнімнің (жартылай фабрикаттардың, қызметтердің) фактілі өзіндік құнын есептеу кезінде «Айды жабу» құжатынан «Өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнын есептеу және түзету» тәртіптік процедурасын іске қосқан уақытта ескеріледі. Осылайша, есептік уақытта шығарылған өнімнің және өндірістік сипаттағы көрсетілген қызметтердің фактілі өзіндік құнын есептеу кезінде «Бітпеген өндірісті инвентаризациялау» құжатында көрсетілген деректер ескерілмейді.
Бітпеген өндіріс соммаларын өндірістік шоттардан бітпеген өндірісті есепке алу шоттарына тасымалдау және де бітпеген өндіріс шоттарынан соммаларды қайтадан өндірістік шоттарға қайтару автоматты түрде «Айдв жабу» құжатынан «Бітпеген өндірісті тасымалдау» тәртіптік процедурасын іске қосу кезінде құрылатын «Бітпеген өндірістітің қозғалысы» құжаттарымен жүргізіледі. Осы құжатпен жұмыс жасау толығырақ «Уақытты аяқтау» бөлімінде қарастырылатын болады.
Берілетін шикізаттан өндірісті есепке алу
Ұйым өнімді тек өзінің шикізатынан ғана шығарып қоймай, сонымен қатар берілетін шикізатты қайты өңдеу бойынша қызмет көрсете алады, яғни тапсырыс берушінің шикізатынан өнім шығара алады. Осылайша, берілетін шикізаттың мәнісі шикізат иесінің (берушінің) мақсаты осы шикізаттан өнім өндіру болып табылатындығына алып келеді. Осы мақсатқа жету үшін беруші осы шикізаттан өнім алу үшін сәйкес ресурстары бар басқа ұйыммен (қайта өңдеушімен) келісім-шартқа отырады, оған сәйкес соңғысы (қайта өңдеуші) берілген шикізаттан өнім өндіреді және оны тапсырыс берушіге береді. Айта кету керек, бұл операцияны жүргізу кезінде берілетін шикізат пен дайындалған өнімнің меншік құқығы қайта өңдеушіге берілмейді.
«Қазақстанға арналған бухгалтерия» конфигурациясы берілетін шикізатты қолданумен өндірісті есепке алу бойынша келесі операцияларды көрсетуге мүмкіндік береді:
- Берілетін шикізаттың қайта өңделуге түсуі;
- Шеттегі контрагенттің шикізатын өндіріске жібері;
- Берілетін шикізаттан өнім өндіруге кететін өз шығындарын есепке алу;
- Берілген шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімді тапсырыс берушіге беру;
- Берілетін шикізатты өңдеу бойынша қызметтерді іске асыру;
- Контрагентке өндірісте қолданылмаған берілетін шикізатты қайтару.
Берілетін шикізаттың өндіріске түсуі
Шеттегі контрагенттің шикізатының қайта өңделуге түскенін бағдарламада «Тауарлар мен қызметтердің түсуі» құжаты арқылы «Өңделуге» операция түрімен көрсетуге болады.
Құжатты рәсім кезінде берілетін шикізаттың кепілді бағамен кірістелетінін ескеру қажет (яғни, берілген шикізатты құртып алу, жоғалтып алу кезінде тапсырыс берушінің шығындарын өтейтін баға бойынша). Қайта өңделуге қабылданған шикізат пен материалдар «Қоймадағы материалдар» 9021 баланстық шотында есепке алынады, себебі қайта өңдеуші кәсіпорынның берілетін шикізатқа ешқандай меншік құқығы жоқ.
«Есептеулержі есепке алу шоттары» қосымшасы осы контрагентпен есептесу кезінде қолданылатын шоттар туралы ақпараттардан тұрады (қарыздарды есепке алу шоты және алдын-ала төлемдерді есепке алу шоты).
Шеттегі контрагенттің шикізатын өндіріске беру
Тапсырыс берушінің материалдарын өндіріске жіберу «Талап-қаптама» құжатымен орындалады. Құжатты «Тауарлар мен қызметтердің түсуі» құжаты «Өңделуге» операция түрі негізінде құруға болады.
«Тапсырыс берушінің материалдары» қосымшасында қоймадан өндіріске берілетін шикізат туралы ақпарат көрсетіледі. Егер құжат «Тауарлар мен қызметтердің түсуі» құжаты «Өңделуге» операция түрі негізінде құрылатын болса, онда бұл қосымша автоматты түрде толтырылады. Бұл кезде, егер өндіріске берілетін шикізат көлемі қоймаға қабылданған шикізат көлемінен ерекшеленетін болса, онда «Талап-қаптама» құжатының «Тапсырыс берушінің материалдары» кестелік бөлігінде санын «қолмен» түзету жүргізіледі.
Берілетін шикізаттан өнім өндіру кезінде қайта өңдеуші кәсіпорын сондай-ақ өз материалдарын да қолдана алады. Бұл материалдар «Материалдар» қосымшасында көрсетіледі. Бұл жағдайда «Шығындарды есепке алу шоттары» қосымшасында берілетін шикізатты қайта өңдеу кезіндегі материалды шығындар жатқызылатын өндірістік шот пен талдау көрсетіледі.
Берілетін шикізаттан өнім өндіруге кеткен өз шығындарын есепке алу
Берілетін шикізаттан өнім өндіруге кететін шығындарға өз материалдарынан бөлек, берілетін шикізатты қайта өңдеумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы, берілетін шикізатты қайта өңдеуге қатысатын негізгі құралдардың амортизациясының шығындары және т.б. жатқызылуы мүмкін.
Бұл шығындарды құру принципі өз өнімін өндіруге кеткен шығындарды құруға ұқсас болады.
Берілетін шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімді есепке алу
Берілетін шикізатты қайта өңдеуге кететін шығындар толық жиналғаннан кейін тапсырыс берушінің материалдарынан өнім шығарығандығы көрсетілетін «Ауысымдағы өндіріс есебі» құжатын құру кереу («Өндіріс» мәзірі – «Ауысымдағы өндіріс есебі»). Бұл құжат берілетін шикізатты есепке алу бойынша номенклатуралы топпен жинақталған жоспарлы шғындарды сәйкес өндірістік шоттан берілетін шикізаттан алынған дайын өнімді есепке алу шотына тасымалдау операциясымен айналысады.
Құжаттың басында өндірістік шот, бөлу коды, және берілетін шикізатты қайта өңдеу бойынша кеткен шығындарды жинау ұйымдастырылған номенклатуралы топ көрсетіледі. «Өнім» қосымшасында берілетін шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер тізімі құрылады. Бұл жағдайда жоспарлы өзіндік құн ретінде берілетін шикізатты қайта өңдеудің өзіндік құны көрсетіледі.
«Қахақстанға арналған бухгалтерия» конфигурациясында берілетін шикізаттан өндірілген өнімді есепке алу үшін «Берілетін шикізаттан өндіру» 8120 шоты арналған. Дәл осы шот дайын өнімді есепке алу шоты ретінде «Ауысымдағы өндіріс есебі» құжатының «Өнім» кестелік бөлігінде көрсетіледі. Осы шоттан кейіннен берілетін шикізатты қайта өңдеуге кеткен шығындар алынатын болады. «Ауысымдағы өндіріс есебі» құжатын толтыруды жеңілдету үшін «Берілетін шикізаттан өндіру» 8120 шоты «Номенклатураны есепке алу шоттары» мәліметтер регистрінде берілетін шикізатты қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнім болып табылатын «Номенклатура» анықтамалығындағы номенклатуралы позициялар үшін «үнсіздік бойынша» есепке алу шоты ретінде орнатылуы мүмкін.
Берілетін шикізатты қайта өңдеу бойынша қызметтерді іске асыру
Тапсырыс берушінің материалдарынан дайын өнім шығарылғаннан кейін осы шикізатты қайта өңдеу бойынша қызметтерді іске асыру фактісін көрсету керек. Бұл операция «Қайта өңдеу бойынша қызметтерді іске асыру» құжатымен рәсімделеді («Өндіріс» мәзірі – «Қайта өңдеу бойынша қызметтерді іске асыру»).
«Өнім (қайта өңдеу бойынша қызметтер)» қосымшасының кестелік бөлігі автоматты түрде «Толтыру» батырмасының көмегімен келесі тәсілдердің бірімен толтырылуы мүмкін:
• «Ауысымдағы өндіріс есебі» құжаты бойынша (бұл жағдайда толтыруды орындау керек «Ауысымдағы өндіріс есебі» құжатын көрсету керек. Бұл кезде кестелік бөлік шығарылымы осы құжатта көрсетілген дайын өніммен толтырылады);
• «Берілетін шикізаттан өндіру» 8120 шоты қалдықтары бойынша (бұл тәсіл 8120 шотына шығындар «Ауысымдағы өндіріс есебі» бірнеше құжаттарымен жатқызылған жағдайда қолданылады).
«Тапсырыс берушінің материалдары» қосымшасында осы дайын өнімді алу үшін шығындалған берілетін шикізат көрсетіледі.
Материалдар тізімі автоматты түрде «Толтыру» батырмасының көмегімен келесі тәсілдердің бірімен толтырылуы мүмкін:
- Көрсетілген контрагент бойынша «Өндіріске берілген материалдар» 9022 шотының қалдықтары бойынша;
- Спецификациясы бойынша (бұл жағдайда «Өнім (қайта өңдеу бойынша қызметтер)» қосымшасында көрсетілген дайын өнімді өндіру үшін қажетті материалдар құрамы мен санын есептеу осы қосымшада көрсетілген спецификациялар бойынша жүргізіледі).
«Есептеулерді есепке алу шоттары» қосымшасында осы котрагенттермен есептесу кезінде қолданылатын шоттар туралы ақпарат сақталады (қарыздарды есепке алу шоты мен алдын-ала төлемдерді есепке алу шоты).
Бұл құжат келесі операцияларды көрсетеді:
- қайта өңдеу бойынша қызметтерлі іске асыру операцияларынан түскен пайда мен ҚҚС түсімдер;
- берілетін шикізаттан дайын өнім өндіру бойынша шығындарды осы контрагент бойынша өзіндік құнды сызып тастау шотына «Берілетін шикізаттан өндіру» 8120 шотында жиналған олардың жоспарлы өзіндік құны бойынша сызып тастау;
- өндірісте қолданылған берілетін шикізатты «Өндіріске берілген материалдар» 9022 баланстық шотынан сызып тастау.
Өндірісте қолданылмаған берілетін шикізатты контрагентке қайтару
Егер қайта өңделген шикізат көлемі қайта өңделуге алынған шикізат көлемінен аз болған жағдайда қолданылмаған шикізатты тапсырыс берушіге қайтару қажеттілігі туындайды. Қолданылмаған шикізатты қайтару фактісін көрсету үшін бағдарламада «ТМЗ жеткізушіге қайтару» құжатын («Сатып алу» мәзірі – «ТМЗ жеткізушіге қайтару») «өңделуден» операция түрімен қолданады.
Шеттегі контрагентпен өз шикізатын қайта өңдеуге кеткен шығындарды есепке алу
Егер кәсіпорын өз шикізатын немесе материалдарын шеттегі контрагентке қайта өңдеуге берген жағдайда, ал одан кейін осы қайта өңделудің нәтижесінде алынған дайын өнімді іске асырса, онда оның қызметі өндірістік болып саналады. Сәйкесінше осы қайта өңдеумен байланысты шығындар да ұйымның баланстық шоттарында ескеріледі.
Қайта өңдеумен байланысты шығындар шикізат жағында ұйымның өндірістік шоттарында осы өнімді өндірумен байланысты басқа да шығындармен бірге аккумуляцияланады.
Өз шикізатын шеттегі контрагентке қайта өңдеуге беру
Өз шикізатын шеттегі контрагентке беру фактісі «Қайта өңдеуге беру (қайта өңдеуден)» құжатымен «Шикізатты қайта өңдеуге беру» операция түрімен рәсімделеді. Құжат «Өндіріс» мәзірінен – «Қайта өңдеуге беру (қайта өңдеуден)» шақырылады.
Шетке қайта өңделуге берілген материалдарды есепке алу үшін бұл конфигурацияда «Қайта өңделуге берілген материалдар» 1351 шоты қолданыла алады.
Құжаттың басында контрагент пен материалдарды қайта өңдеуге беру жүргізілетін келісім-шарт туралы ақпарат болады.
Маңызды. Контрагентпен құрастырылған келісім-шарт «жеткізушімен» түрінде болуы керек, себебі контрагент шикізатты қайта өңдеу бойынша қызметтерді жеткізуші болып табылады және бұл шикізаттың егесі болып табылмайды.
Құжаттың кестелік бөлігінде берілетін шикізаттың тізімі мен саны көрсетіледі.
Егер материалдар шеттегі ұйымға кәсіпорында спецификация бар өнім өндіру үшін жіберілетін болса, онда бұл жағдайда құжаттың кестелік бөлігін автоматты түрде «Толтыру» батырмасын басып және «өнім мен спецификация бойынша» операция түрін таңдап толтыруға болады. Ашылған номенклатураны таңдау формасында өндірілу жоспарланған өнім мен оның саны, спецификациясы көрсетіледі. Барлық қажтті деректерді көрсеткеннен кейін құжаттың кестелік бөлігі автоматты түрде осы өнімнің көрсетілген санын дайындауға қажетті бастапқы жианқтаушылардың тізімімен толтырылады.
Шеттегі контрагентпен қайта өңдеуден өнім алу
Қайта өңдеуден өнімнің түсу фактісін және берілген шикізатты шеттегі контрагенттің қайта өңдеуімен байланысты шығындарды көрсету үшін бағдарламада «Қайта өңделуден түсу» құжаты арналған («Өндіріс» мәзірі - «Қайта өңделуден түсу»).
Құжаттың басында берілген шикізатты қайта өңдеуден түскен дайын өнімді кірістіру орындалатын қойма көрсетіледі. Сонымен қатар, берілген шикізатты қайта өңдеу бойынша қызмттер бағасы жатқызылатын өндірістік шот, бөлімше және номенклатуралы топ көрсетіледі.
«Өнім» қосымшасы берілген шикізатты қайта өңдеу барысында алынған өнімнің саны мен жоспарлы өзіндік құны туралы ақпараттан тұрады.
«Қызметтер» қосымшасында берілген шикізатты қайта өңдеу бойынша қызметтер құны және де осы қызметтер жатқызылатын шығындар туралы ақпарат көрсетіледі.
«Материалдар» қосымшасында қайта өңделуге берілген және өндіріс шығындары ретінде қабылданған материалдар тізімі болады.
Бұл қосымшаның кестелік бөлігі автоматты түрде «Іріктеу» батырмасының көмегімен келесі түрде толтырылады:
- Қайта өңделуге берілген материалдар қалдықтары бойынша (яғни «Қайта өңделуге берілген материалдар» 1351 шотының қалдықтары бойынша);
- Дайын өнімнің спецификациясы бойынша (бұл жағдайда «Өнім» қосымшасында көрсетілген дайын өнім өндіру үшін қажетті материалдар құрамы мен көлемі осы қосымшада көрсетілген спецификациялар бойынша есептеледі).
«Есептеулерді есепке алу шоттары» қосымшасында осы контрагентпен есептесу кезінде қолданылатын шоттар туралы ақпарат орналасады (қарыздарды есепке алу шоты мен алдын-ала төлемдерді есепке алу шоты).
Егер өнімді өндіру кезінде қайта өңделуге берілген материалдардың барлығы қолданылмаған жағдайда қалдық кәсіпорын қоймасына қайтарылады.Қолданылмаған материалдар «Материалды қайтару» қосымшасында көрсетіледі.
Бұл құжат келесі операциялардан тұрады:
- шикізатты қайта өңдеу мен ҚҚС есепке алу бойынша көрсетілген қызметтер үшін шетегі контрагентке қарыздар салымы;
- өнімді қоймаға өндірістік шоттан жоспарлы өзіндік құны бойынша кірістіру;
- алдында қайта өңдеуге берілген материалдарды өндірістік шығындар,а сызып тастау;
- қайта өңдеу кзінде қолданылмаған материалдарды ұйым қоймасына қайтару.
Маңызды. Шеттегі контрагенттің шикізатты қайта өңдеуі нәтижесінде алынған өнімнің фактілі өзіндік құны «Айды жабу» құжатынан «Өнімнің (қызметтің) өзіндік құнын есептеу мен түзету» тәртіптік процедурасын іске қосқаннан кейін құрылады.
Өндірістік есепке алу бойынша мамандандырылған есептілік
«Қазақстанға арналған бухгалтерия» конфигурациясында дайын өнімнің (қызметтердің) фактілі өзіндік құнының құрылымы, бітпеген өндіріс шығындарының құрылымы туралы деректер алу және де дайын өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнының ауытқуларының жоспар-фактілі сараптамасын жүргізу мүмкіндігі бар. Бұл барлық деректерді өндірістік есепке алумен байланысты бірқатар мамандандырылған есептерді құру арқылы алуға болады. Мұндай есептер:
- «Дайын өнімді шығару, жұмыстарды орындау» есебі;
- «Өнім мен қызметтердің өзіндік құны» есебі;
- «Өзіндік құнның калькуляциясы» есебі;
- «Жанама шығындарды бөлі» есебі.
«Дайын өнімді шығару, жұмыстарды орындау» есебі
«Дайын өнімді шығару, жұмыстарды орындау» есебі («Өндіріс» мәзірі - «Дайын өнімді шығару, жұмыстарды орындау») нақты уақыттағы өнімнің өзіндік құнының құрылымы туралы ақпарат алуға арналған.
Есепті баптау келесі кескіндерде ақпарат алуға мүмкіндік береді:
- Шығындар шоты бойынша;
- Бөлімшелері бойынша;
- Номенклатуралы топ бойынша;
- Өнім бойынша;
- Шығындар мақалалары бойынша.
Есеп сондай-ақ өнімді өндіру (қызмет көрсету) нәтижесінде алынған қайтарым қалдықтары және шығындар мақаласы кескінінде бітпеген өндіріс соммалары бойынша ақпараттан тұрады. Сонымен қатар, есеп әрбір шығындар мақаласының қайта шифрлануынан тұрады.
«Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құны» есебі
«Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құны» есебі («Өндіріс» мәзірі – «Анықтама-есептер» - «Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құны») өндірістік шоттар, бөлімшелер мен номенклатуралы топтар кескінінде нақты уақыттағы өнім (қызмет) өзіндік құнына қосылатын фактілі шығындар туралы ақпарат алу үшін және де өндірілген номенклатура кескінінде өнімнің өзіндік құнын жоспарлы-фактілі сараптама жүргізу үшін арналған.
Есепте қандай да бір өндірістік шотта, бөлімшеде және номенклатуралы топта, өнімнің нақты түрлері арасында жиналған фактілі шығындардың жалпы соммасын тарату коэффициенттері туралы ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, есеп әрбір өндірістік шот, бөлімше және номенклатуралы топ бойынша берілген уақыт соңындағы бітпеген өндіріс шығындарының соммасы туралы ақпараттан тұрады.
Есеп бөлімшелер мен номенклатуралы топтар кескінінде ақпарат жинауға мүмкіндік береді.
«Өзіндік құнның калькуляциясы» есебі
«Өзіндік құнның калькуляциясы» есебі («Өндіріс» мәзірі – «Анықтама-есептер» - «Өзіндік құнның калькуляциясы») бөлшектеуден есепке алу объектілеріне дейін шығындар мақалаларының кескінінде нақты уақыттағы өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнына қосылған шығындарды қайта шифрлау бойынша (тура және қаптамалы) ақпарат алуға арналған. Материалды шығындарды қайта шифрлау сандық-соммалық өрнекте сызылатын материалдардың орташа бағасын көрсетумен жүргізіледі.
Есеп бөлімшелер мен номенклатуралы топтар кескінінде ақпарат жиынтығын жасауға мүмкіндік береді.
«Жанама шығындарды тарату» есебі
«Жанама шығындарды тарату» есебі («Өндіріс» мәзірі – «Анықтама-есептер» - «Жанама шығындарды тарату») өндірістік шоттар, бөлімшелер және номенклатуралы топтар кескінінде өнімнің (қызметтердің) өзіндік құнына қаптамалы шығындарды тарату бойынша ақпарат алуға арналған. Қаптамалы шығындарды қайта шифрлау шығындардың мақалалары мен бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Бұл есептің көмегімен сондай-ақ көрсетілген уақытта қаптамалы шығындарды таратудың қолданылатын базалары боынша және де қаптамалы шығындарды талдау объектілері арасында тарату коэффициенттері бойынша ақпарат алуға болады.
Есеп бөлімше кескінінде ақпараттарды іріктеуге мүмкіндік береді.
Жарияланған-2014-07-15 20:56:32 Қаралды-6889
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина