Ақшалай қаражаттармен операциялар есебі
1. Ұйым кассасы. Нақты ақшалар кірісі мен шығысы.
2. Есепті тұлғалармен есеп айырысу. Кассалық кітап.
3. Ұйымның банкілік шоттары.
4. Нақты емес ақшалай қаражаттардың кірісі мен оларды шығындау.
5. Банкілік карталар бойынша есепті тұлғалармен есеп айырысу.
6. Банк клиенттері. Валюталық операциялар. Валютаны сатып алу- сату.
7. Ақшалай қаражаттар қозғалысының баптары.
Кассалық кітап
«1С:Бухгалтерияда» кассалық кітап есептік форма болып табылады, онда қолма-қол ақшаның барлық қозғалысы көрсетіледі («Банк және касса» мәзірі — «Кассалық кітап»).
Қолданушы таңдалған ұйым және кез-келген уақыт кезеңі үшін кассалық кітаптың жапсырма парақтарынан және кассир есептерәнен тұратын қағаз есеп формасын баспаға шығара алады.
Әрекет етуші ережелер бойынша кассир бұл істі күнделікті орындауға міндетті, сол себепті ұйымның кассиріне келесі түрде әрекет еткен дұрыс болады. Әрбір жұмыс күнінің соңында кассир «1С:Бухгалтериядан» біткен жұмыс күні үшін «Кассалық кітап» есептік формасының екі парағын баспаға шығарады: кассалық кітаптың жапсырма парағын және кассир есебін (бұл парақтар бір-біріне ұқсас). Екі парақты да ақша құжаттарының қосымшасымен бірге кассир бас есепшіге береді, ол жапсырма параққа қол қойып, оны қайтарып береді. Кассалық кітаптың жиналған жапсырма парақтарын кассир есептік уақыт кезеңінде кассалық кітапқа тігеді.
Есепті құру үшін кассалық құжаттар журналында «Кассалық кітап» батырмасын қолдануға болады («Банк және касса» мәзірі – «Кассалық құжаттар журналы»).
Бұл есеп көрсетілген уақыт кезеңіндегі есеп баптауларында таңдалған кәсіпорынның ұйымы мен кассасы бойынша құрылады. Кассалық кітапқа сондай-ақ қолма-қол ақшаларды қайта бағалау туралы жазбалар түседі.
Егер ұйымда валютада касса жүргізілсе, онда басы мен соңына қалдықтар әрбір валюта бойынша ауыстырылып көрсетіледі.
Ұйымның банктік шоттары
Ұйымның банктік шоттары туралы мәліметтері «Банктік шоттар» анықтамасында сақталады.
Әрбір ұйым үшін банктік шоттардың өз тізімі анықталады. Банктік шотты енгізуді ұйымдар тізімінен жүргізуге болады («Кәсіпорын» мәзірі – «Ұйым») – ол үшін тізімнен сәйкес ұйымды таңдап, тізім формасының «Келесіге өту» батырмасын басып, «Банктік шоттар» мәзірінің пунктісін таңдау керек.
Ұйымның жаңа есептік шотын қосуға болатын ұйымның банктік шоттарының тізімі ашылады.
Ақпараттық қорға банктік шот туралы келесі мәліметтер енгізіледі:
- Түрі. Шот түрі ( есептік, қарыздық, депозиттік немесе басқа шот) есептік шоттар туралы анықтамаларды құрастыру талаптарына сәйкес көрсетіледі.
- Шот валютасы. Есептік шот ашылған валюта. «Валюталар» анықтамасында белгіленген кез-келген валюта таңдала алады.
- Шот номері – банктегі шот номері енгізіледі.
- Банк. «Банктер» анықтамасынан («Банк және касса» мәзірі – «Банктер») банк шоты ашылған банк атауы таңдалады.
- Банк-корреспондент (түзу емес есептерге арналған) — түзу емес есептер жағдайында «Банктер» анықтамасынан корреспонденциялайтые банк атауы таңдалады.
- Атауы. Заңды немесе физикалық тұлғаның есептік шотты таңдау керек болған кезде түрлі тізімдер мен диалогтарда берілетін есептік шоттың атауымен толтырылады. Банкті таңдау кезінде жаңа есептік шот формасында бағдарлама шот түрі мен банк атауынан тұратын шот атауын ұсынады. Банк атауы қолданушымен өзгертілуі мүмкін.
- «Төлемнің ерекше шарттары үшін төлемдік тапсырмаларға қоюға арналған мәтін» тобының өрістеріне төлемшінің толық атауының мәтінін және төлем құжаттарының баспа формаларының сәйкес өрістеріне қойылатын төлем қызметінің мәтінін енгізуге болады.
- Құжат датасында ай жазумен – осы банктік шот таңдалған құжаттардың баспа формаларында осы жалаушаны орнату кезінде құжат датасында ай санмен емес жазумен жазылады.
- Тиынсыз сомма, егер ол бүтін теңгемен болса – осы жалаушаны орнату кезінде төлемдік тапсырмада бүтін теңгедегі сомма «=« белгісімен баспаға шығарылатын болады. Мысалы, 20 теңге соммасы, егер жалауша орнатылған болса, 20= түрінде жазылатын болады, ал екінші жағдайда 20-00 түрінде жазылатын болады. Жазбамен соммасында, егер бұл жалауша орнатылмаған болса «00 тиын» түрінде басылатын болады.
- «Ашылу датасы» және «Жабылу датасы» өрістерінде сәйкес даталарды көрсету керек.
Ескерту. «Банк шоттары» анықтамасында сондай-ақ контрагенттердің банктік шоттары туралы мәліметтер сақталады. Әрбір контрагент үшін жеке банк шоты немесе банк шоттарының тізімі анықталады. Контрагенттің банк шотын «Шоттар мен келісім шарттар» қосымшасында «Контрагенттер» анықтамасының («Сатып алу (Сату) мәзірі – «Контрагенттер») элементінің формасында беруге болады.
Қолма-қол емес ақшалардың түсімі
Ақшаның ұйымның есептік шотарына түсуін тіркеу үшін келесі құжаттар қарастырылған:
• «Кіріс төлем тапсырмасы» («Банк және касса» мәзірі — «Кіріс төлем тапсырмасы»);
- «Ақшаның түсуіне төлемдік ордері» («Банк және касса» мәзірі — «Ақша түсуіне төлемдік ордері»).
«Кіріс төлем тапсырмасы» және «Ақшаның түсуіне төлемдік ордері» құжаттарында шаруашылық операциялардың келесі түрлері көрсетілуі мүмкін:
- «Сатып алушының ақысы»;
- «Жабдықтаушының ақшаны қайтаруы»;
- «Несиелер мен қарыздар бойынша есептер»;
- «Қолма-қол емес ақшаның басқа да түсімдері»;
- «Контрагенттермен басқа да есептер»;
- «Шетел валютасын алу»;
- «Шетел валютасын сатудан түсімдер».
«Ақшаның түсуіне төлемдік ордері» құжатында қосымша түрде шаруашылық операцияның түрі көрсетілуі мүмкін:
- Ақшаның инкассациясы.
Ал «Кіріс төлем тапсырмасы» құжатында қосымша түрде келесі шаруашылық операциялар көрсетілуі мүмкін:
- Зейнетақы салымдарын қайтару;
- Әлеуметтік бөлінулерді қайтару;
- Еңбек ақыны қайтару;
- Құрылымдық бөлімшеден төлем.
«Сатып алушының төлемі» операциясы сатып алушыдан қолма-қол емес ақшаның түсуін көрсетуге арналған. Бұл кезде «Кіріс төлем тапсырмасы» құжатының «Келісім шарт» реквизитінде «сатып алушымен» түрі орнатылған келісім шартты таңдау керек болады. Құжаттарды жүргізу кезінде келісім шарттар бойынша есептеулер жағдайы анықталатын болады және түскен сомма автоматты түрде аванс пен төлемге бөлінеді.
«Жабдықтаушының ақшаларды қайтаруы» операциясы жабдық-таушының қайтарған қолма-қол емес ақшаның түсуі кезінде көрсетіледі. «Жабдықтаушымен» түрі орнатылған келісім шартты таңдау керек.
«Несиелер мен қарыздар бойынша есептеулер» операциясы несиелер мен қарыздар бойынша қолма-қол емес ақшаланың түсуі кезінде көрсетіледі. «Басқалар» түрі көрсетілген келісім шартты таңдау керек.
«Контрагенттермен басқа да есептеулер» операциясы контрагенттермен келесім шарттар бойынша басқа да есептеулерді тіркеу үшін көрсетіледі.
«Ақшаны инкассациялау» операциясы есептік шотқа бұрын ұйымның сауда нүктесінде инкассациялауға алынған ақшаның түсуі кезінде көрсетіледі.
«Шетел валютасын алу» операциясы иеленген ақшаны валюталық шотқа түсіру фактысын тіркеу үшін қолданылады.
«Шетел валютасын сатудан түсімдер» операциясы шетел валютасын сатудан алынған теңгелік ақшаның түсу фактысын тіркеу үшін қолданылады.
«Зейнетақы салымдарын қайтару» операциясы аударылған міндетті зейнетақы салымдарын жұмысшылар кірістерінен қайтарған жағдайда көрсетіледі.
«Әлеуметтік бөлінулерді қайтару» операциясы аударылған әлеуметтік бөлінулерді жұмысшылар кірістерінен қайтару жағдайында көрсетіледі.
«Еңбек ақыны қайтару» операциясы жұмысшылардың аударылған еңбек ақысын қайтару жағдайында көрсетіледі.
«Құрылымдық бөлімшеден төлем» операциясы банктегі ұйымның шотына құрылымдық бөлімшеден түскен қаражатты көрсету үшін қолданылады.
Басқа жағдайларда «Қолма-қол емес ақшаның басқа да түсімдері» операциясы таңдалады.
«Ақшаның түсуіне төлемдік ордері» құжатында баспаға шығару формасы қарастырылмаған, ал «Кіріс төлем тапсырмасы» құжатынан «Валютаны конвертациялауға арызды» шығаруға болады.
«Кіріс төлем тапсырмасы» және «Ақшаның түсуіне төлемдік ордері» құжаттарын ақпараттық қорға «Банк жазбасы» өңдеуінің көмегімен енгізу ыңғайлы.
Қолма-қол емес ақшаны сызып тастау
Қолма-қол емес ақшаны сызып тастауды тіркеу үшін келеі құжаттар арналған:
- «Шығыс төлем тапсырмасы» («Банк және касса» мәзірі — «Шығыс төлем тапсырмасы»);
- «Ақшаны сызып тастауға төлемдік ордер» («Банк және касса» мәзірі —«Ақшаны сызып тастауға төлемдік ордер»).
Бұл құжаттармен шаруашылық операциялардың келесі түрлері көрсетіледі:
- «Жабдықтаушыға төлеу»:
- «Сатып алушыға ақшаны қайтару»;
- «Салыққа аудару»;
- «Контрагенттермен несиелер мен қарыздар бойынша есептеулер»;
-«Еңбек ақысын аудару»;
- «Қолма-қол емес ақшаның басқа да сызылуы»;
- «Контрагенттермен басқа да есептеулер»;
- «Қйымның басқа шотына аудару ».
«Шығыс төлем тапсырмасы» құжатымен қосымша түрде келесі операциялар көрсетілуі мүмкін:
- «Зейнетақы салымдарын аудару»;
- «Әлеуметтік бөлінулерді аудару»;
- «Орындау парақтары бойынша аудару»;
- «Төлеу уақтысын өзгертумен НДС аударулар»;
- «Құрылымдық бөлімшеге аудару»;
- «Ақшаны жауаптыға аудару».
«Жабдықтаушыға төлеу» операциясы жабдықтаушымен есептеулерді көрсетуге арналған. «Жабдықтаушымен» түрі орнатылған келісім шартты таңдау керек.
«Ақшаны сатып алушыға қайтару» операциясы қолма-қол емес ақшаны сатып алушыға қайтаруды көрсетеді. «Сатып алушымен» түрі орнатылған келісім шартты таңдау керек.
«Контрагенттермен несиелер мен қарыздар бойынша есептеулер» операциясы қолма-қол емес ақшаны несиелер мен қарыздар бойынша шығындарды көрсету үшін қолданылады. «Басқалар» түрі орнатылған келісім шартты таңдау керек.
Салықтар бойынша қарыздарды өтеу үшін «Салық аударымы» операциясын қолдану керек.
«Ақшаны жауаптыға аудару» операциясы ақшаны ұйым қызметкерінің (жауапты тұлғаның) жеке банктік картасына аударуды көрсетуге арналған. Сонымен қатар, «Ақшаны сызып тастауға төлем ордері» құжатында бұл операция корпоративті банк карталары арқылы жауапты тұлғалармен есептесуге арналған арнайы карталы шотты ашу мен қызмет көрсетумен байланысты банк ықзметінің төлемін көрсету үшін қолданылады.
«Контрагенттермен басқа да есептесулер» операциясы басқа жағдайлардағы контрагенттермен келісім шарттар бойынша ақшаны сызып тастауды көрсету үшін арналған.
«Ұйымның басқа шотына аудару» операциясы ақшаны, есептік, валюталық және арнайы шоттарды қоса ұйымның басқа щотына аудару кезінде көрсетіледі.
«Еңбек ақыны аудару» операциясы қолма-қол емес ақшаны еңбек ақыға сызып тастау кезінде көрсетіледі. «Еңбек ақыны аудару» кестелік бөлігінде ақша аударылатын «Ұйымға төлеуге арналған еңбек ақы» түріндегі құжаттарды көрсету керек.
Қолма-қол емес ақшаны міндетті зейнетақы салымдары мен әлеуметтік бөлінулерге қызметкерлер кірістерінен аудару кезінде «Зейнетақы салымдарын аудару» және «Әлеуметтік бөлінулерді аудару» операциялары сәйкесінше қолданылады.
«Орындау парақтары бойынша аударымдар» операциясымен алимент алушылардың орындау парақтары бойынша қарыздардың аударылу фактісі тіркеледі. Кестелік бөлікте «алушыларға аударылымдардың ОП» құжаттары көрсетіледі, олардвң негізінде ақша аударылады.
«Төлеу уақтысын өзгертумен НДС бюджетіне аударымдар» операциясы басқа салықтарды аудару секілді орындалады, бірақ, «Төлеу уақтысын өзгертумен НДС аударымы» қосымшасында қосымша параметрлерді көрсетумен контрагенттер тізімін толтыру керек.
«Құрылыдық бөлімшеге төлеу» операциясының түрін таңдау кезінде құжатты толтыру реті контрагенттер секілді, бірақ бұл жағдайда құрылымдық бөлімшемен есептесу жүргізіледі.
Басқа жағдайларда «Қолма-қол емес ақшаның басқа да сызылып тасталуы» операциясы таңдалады.
Егер «Шығыс төлем тапсырмасы» құжатының формасында «Төлем тапсырмасы төленген» жалаушасы орнатылған болса, «ОК» батырмасын басқан кезде құжат бухгалтерлік есептің желілеулерін құрастырады, егер жалауша орнатылмаған болса – құжат тек ақпараттық қорға ғана жазыла алады.
Төлем тапсырмаларының төлену сипатын («Төлем тапсырмасы төленген» жалаушасы) «Банк жазбасы» өңдеуінің көмегімен орнату ыңғайлы.
Жауапты тұлғалармен банктік карталар бойынша есептесулер
Ұйым жауапты тұлғаларға ақшаны банк карталарына аудара алады. Бұл кезде қызметкердің жеке банк картасы да, корпоративтік банк карталары да қолданыла алады.
Қызметкерлердің жеке банк карталарын қолдану
Ақшаны жеке банк картасына аудару үшін қызметкер ұйымның бухгалтериясына өзінің картасының банктік реквизиттерін айтуы керек. Теңгелік және валюталық та аударымдар мүмкін болып табылады.
Қызметкерге жеке картасына ақша аудару «Шығыс төлем тапсырмасы» (немесе «Ақшаны сызып тастауға төлемдік ордер») құжатымен «Жауаптыға ақша аудару» операциясының түрімен рәсімделеді.
Қызметкер картаның көмегімен тауарлар мен қызметтерге төлейді, сондай-ақ қолма-қол ала алады. Жұмсалған шығындарға қызметкер аванстық есептер құрып, оларды бухгалтерияға тапсырады (қолма-қол ақша бойыншща есептесулер де солай).
«Аванстық есеп» құжатында жауапты тұлғамен есептесу кезінде банк картасын қолданған жағдайда «Аванстар» қосымшасында банктік төлем құжаттары көрсетіледі («Шығыс төлем тапсырмасы» ,«Ақшаны сызып тастауға төлемдік ордер»).
Корпоративтік банк карталарын қолдану
Жауапты тұлғалармен корпоративтік банк карталары бойынша есептесу үшін ұйым банкте арнайы карталық шот ашып, банктен осы шотпен байланысқан керекті көлемде төлем карталарын алып, оларды қызметкерлерге тарату керек. Сондай-ақ бірнеше карталық шоттарды да ашу мүмкін (мысалы, әрбір карта үшін жеке шот). Бұл кезде картаның иесі ұйым, ал пайдаланушысы нақты бір қызметкер болып табылады (негізінен, карталар атаулы, олармен операцияны бір ғана нақты адам жүргізе алады). Карталық шоттар теңгелік те, валюталық та бола алады.
Қызметкерлер, картаны алысымен оның көмегімен тауарлар мен қызметтерге төлем жасай алады және қолма-қол ала алады.
Карталық шоттағы ақшалар жеке шотта 1040 «Карта-шоттағы ақшалар» тіркеледі.
Қарапайым банк шотымен салыстырғанда, карталық шоттан ақшаны жұмсау бойынша жасалатын барлық операциялар қызметкерге – корпоративтік банк картасын пайдаланушыға есепке берілген болып есептеледі.
Ақшаны арнайы карталық шотқа есептік (дебетті) корпоративтік картаны қолданумен жасалған аударымдар «Шығыс төлем тапсырмасы» құжатымен «Ұйымның басқа шотына аудару» операция түрімен көрсетіледі.
Несиені арнайы карталық шотқа аудару «Ақшаның түсуіне төлемдік ордер» құжатымен «Несиелер мен қарыздар бойынша есептесулер» операция түрімен рәсімделеді.
Арнайы карталық шотты ашу және оған қызмет көрсетумен байланысты банктің қызметтеріне төлемдерді көрсету үшін (ақша ұйымның есептесу шотынан аударылады) «Шығыс төлем тапсырмасы» (немесе «Ақшаны сызып тастауға төлемдік ордер») құжаттары «Қолма-қол емес ақшаның басқа да сызылуы» операциясы түрімен қолданылады.
Ақшаны картаны пайдаланушымен тауарды, жұмысты, қызметтерді төлеу немесе басқа мақсаттар үшін жұмсалуы «Ақшаны сызып тастауға төлемдік ордер» құжатымен «Ақшаны жауаптыға аудару» операциясы түрімен рәсімделеді.
Барлық карта бойынша жасалған шығындарға қызметкер аванстық есептер құрады және оларды бухгалтерияға тапсырады.
«Аванстық есеп» құжатында жауапты тұлғамен есептесу кезінде банк картасын қолданған жағдайда «Аванстар» қосымшасында банктік төлем құжаттары көрсетіледі («Шығыс төлем тапсырмасы» ,«Ақшаны сызып тастауға төлемдік ордер»).
Банк жазбасы
«Банк жазбасы» өңдеуі ақшаның ұйымның есептесу шотына түсу және банктен қандай да бір уақыт (күн) үшін жазба алған кезде ұйымның есептесу шотынан ақшаны аудару операцияларын тіркеуге арналған.
Өңдеу формсасында нақты ұйым (немесе ақпараттық қордың барлық ұйымдары), есептесу шоты (немесе барлық есептесу шоттары) және уақыт кезеңі үшін қолма-қол емес ақшаның қозғалысын тіркейтін қолданушының құрған барлық төлем құжаттарының тізімі көрсетіледі.
Өңдеу төленбеген банк құжаттарының тобына төлем сипатын орнатуға арналған. Өңдеуді баптау үшін ұйымды, есептік шотты және төлем датасын көрсету керек.
Банк жазбасының кестелік бөлігін баптауда көрсетілген датаға дейінгі төленген және таңдалған ұйымға және есептік шотқа сәйкес банк құжаттарымен толтыру үшін «Тек төленгендерді шығару» сипатын орнатып, «Толтыру» батырмасын басу керек.
Егер бұл сипатын орнатылмаса, онда «Толтыру» батырмасын басу кезінде жазбаның кестелік бөлігі таңдалған ұйымға және есептік шотқа сәйкес келетін және өңдеу баптауында көрсетілген датаға дейін төленбеген банк құжаттарымен толтырылады.
Кейіннен банк құжаттарының көрсетілген тізімінде банктен алынған жазба деректері бойынша төлем жалаушаларын орнатып, «Орындау» батырмасын басу керек. Осыдан кейін өңдеу автоматты түрде барлық таңдалған құжаттарға өңдеуде көрсетілген дата жағдайы бойынша төлем сипатын орнатады.
Шот бойынша банк жазбасын көру үшін барлық төлемдерді тіркеп болғаннан кейін «Тек төленгендерді шығару» сипатын орнату керек. Осылайша, төлемдер суретін банктің жазбасындағы секілді келтіруге және барлық төлем құжттарының тіркеліп, төленгендігін жылдам тексеруге болады.
(Дт/Кт) батырмалары жазбалардың тізімінің формасында жазбаға кіретін барлық құжаттармен құрастырылған бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша желілеулерді көріп шығуға мүмкіндік береді.
Осындай батырмалар «Банк жазбасы» формасының командалық панелінде орналасқан, олардың көмегімен нақты жазба құжатымен құрастырылған желілеулерді көруге болады.
Банк клиенті
Байланыстың электронды арналарымен ақпарат алмасу үшін «Банк клиенті» секілді мамандандырылған бағдарламалар бар. «1С:Бухгалтерия» осындай бағдарламалармен ақпарат алмасу мүмкіндігін береді. Осы мәселені шешу үшін «1С:»-те «Банк және касса»– «1С Кәсіпорын – Банк клиенті» мәзірінен шақырылатын арнайы «Төлем құжаттарының импорт / экспорты» өңдеуі қолданылады.
Арнайы өңдеу мүмкіндік береді:
- Төлем құжаттарын «1С:Бухгалтерия» ақпараттық қорынан таңдап, оларды «Банк клиенті» бағдарламасына банкке электронды байланыс арналары бойынша жіберу үшін жүктеу;
- «1С:Бухгалтерия» ақпараттық қорына «Банк клиенті» типті бағдарламасынан банктен түскен ұйымның есептік шоттары бойынша операциялары туралы ақпаратты жүктеу.
Обмен данными между «1С:Бухгалтерия» мен «Банк клиенті» типті бағдарламалармен деректер алмасу аралық ақпарат қоймасы арқылы жүргізіледі, қойма ретінде мәтіндік файл қолданылады.
Төлем құжаттарын қайта жүктеу кезінде «1С:Бухгалтерия» алмасу файлын құрады, ал «Банк клиенті» оны жүктейді.
Ақпаратты «1С:»-ке жүктеу кезінде әрекет кері ретпен орындалады: алдымен «Банк клиенті» типті бағдарлама алмасу файлын құрады, ал одан кейін «1С Бухгалтерия» оны жүктейді.
«1С:Бухгалтерияның» ақпараттық қорына жүктеу және қайта жүктеу кезекпен «Төлем құжаттарының импорт / экспорты» өңдеуінің көмегімен орындала алады «Банк және касса» мәзірі – «1С Кәсіпорын – Банк клиенті».
Өңдеу тәжірибелі қолданушыларға есептелген.
Өңдеу формасында құжаттар жүктелетін және қайта жүктелетін уақытты, ұйымды көрсету керек және «Банк клиенті» типті бағдарлама атауын таңдау керек.
Деректерді қайта жүктеу
«Экспорт» қосымшасында «Төлем құжаттарының экспорт файлы» өрісінде алмасу файлының аты мен жолын көрсету керек. (Осы файлы «Банк клиенті» типті бағдарламада жүктелу файлы ретінде көрсетілуі керек). Есептік шоттар тізімінде («Есептік шоттар бойынша» бөлімінде) «Банк клиент» типті бағдарламамен алмасу жүргізілетін шоттарды белгілеу керек.
Құжаттар түрі тізімінде «Банк клиент» типті бағдарлама өңдей алатындарын белгілеу керек.
Төлем құжаттарын қйта жүктеуді орындау үшін «Қайта жүктеу» батырмасын басу керек – осыдан кейін жүйе автоматты түрде экспорт файлын құрып, оны барлық шығыс төлем құжаттарының ақпараттарымен толтырады.
Егер «Банк клиенті» типті бағдарламаға қайта жүктеуден кейін төлем құжаттары «1С: Бухгалтерияда» өзгертілген болса, онда оларды қайталап қайта жүктеуге болады – «Банк клиенті» типті бағдарламада банкке жіберілетін құжаттардың тізімі өзгеруі керек болады. Алайда түсіну керек, егер құжаттар бағдарламамен банкке жіберілген болса, онда оларды өзгертудің қажеті жоқ деп ұсынылады.
Деректерді жүктеу
«Импорт» қосымшасында «Импорт файлы» өрісінде алмасу файлының аты мен адресін көрсету керек. (Оның алдында осы файл «Банк клиенті» типті бағдарламасында қайта жүктеу файлы ретінде көрсетілуі керек).
Төлем құжаттарын импорт файлынан жүктеу үшін (алдын-ала «Банк клиенті» типті бағдарламада құрылған) «Жүктеу» батырмасын басу қажет.
Жүктеу кезінде келесі әрекеттер орындалады:
- «1С:Бухгалтерия 8 Қазақстан үшін» енгізілген төлем құжаттарының реквизиттері нақтыланады. Егер «Банк клиенттен» құжат өзгертілген түрде түскен болса, онда олар «1С:Бухгалтсрия 8 Қазақстан үшін»-де түзетіледі;
кіріс төлем құжаттарын және де шығыс төлем құжаттарын, егер сәйкес шығыс құжаттары «1С»-те рәсімделмеген болса (яғни «Банк клиенті» типті бағдарламасында рәсімделген болса), «1С»-те «Сатып алушыдан төлем» операция түріндегі құжаттар құрылады, оларға жүктелетін төлем құжаттарының барлық реквизиттері енгізіледі: есептік шот, сомма, контрагент. Бұл кезде «1С» контрагентті идентификациялай алмаса жаңасын құруға ұсыныс жасайды.
Өңдеу шекарасының датасы
Ақшаның банк шоттарындағы қозғалысы әдетте әр күн бойынша тексеріледі және түзетіледі. Тексерілген, бұрынғы күндер үшін есептік жүйеде деректердің өзгеруін алдын-алу үшін деректерді жүктеу кезінде өңдеу шекарасының датасын беру жеткілікті. Құжаттар тек содан кейін ғана жүктеліп, түзетілетін болады.
Валюталық операциялар
Осында қарастырылған қолма-қол емес ақшаның түсу және сызылу құжаттары теңгемен де, шетел валютасымен де операцияларды есепке алу үшін қолданыла алады. Төлем валютасы банк шотының реквизиттерінде көрсетілген валютамен анықталады. Сонымен қатар, осы валюта контрагенттің – төлемшінің немесе төлем алушының келісім-шартында көрсетілуі керек, соңғы шарт «1С»-пен құжатты жүргізу кезінде бақыланады.
Құжатты жүргізу кезінде бухгалтерлік және салықтық есептің желілеулері 1000 «Ақшалар» тобының шоттарымен төлем соммасын шетел валютасымен де, теңгемен де көрсетумен құрылады.
Айдың соңында валюталық ақшалардың қалдықтары автоматты түрде қайта бағаланады.
Валюталар бағамы
Шетел валютасын теңгеге есептеу үшін Қазақстанның Ұлттық Банкі орнатқан валюталар бағамы туралы деректер қолданылады. Ақпараттық қорда бұл деректер «Валюталар» анықтамасынан («Банк және касса» мәзірі – «Валюталар») қол жетімді. Валюталар бағамы туралы деректерді уақтылы жаңартып тұру керек.
Жаңа валютаны анықтамаға валюта классификаторынан қосуға болады. Ол үшін валюталар тізімінде арнайы «Іріктеп алу» батырмасы бар. Бұл кезде валюталар классификаторы мәтіндік файл түрінде ашылады, онда жаңа валютаны табуға, таңдауға және валюталар анықтамасына енгізуге болады.
Шетел валютасын сатып алу үшін теңгедегі ақшаларды сызу
Шетел валютасын сатып алуға арналған теңгедегі ақшаларды сызу «Төлем тапсырмасы (шығыс)» немесе «Төлем ордері (ақшаларды сызу)» құжаттарымен «Қолма-қол емес ақшалардың басқа да сызылып тасталулары» операциясының түрімен тіркеледі.
Есептесу шоты ретінде 1030 шоты орнатылады. Корреспонденциялайтын шот ретінде 1022 «Валюталар конвертациясы» шоты көрсетіледі.
Шетел валютасының аударымы
Сатып алынған қаржыны ұйымның валюталық шотына аудару «Төлем тапсырмасы (кіріс)» немесе «Төлем ордері (ақшаны сызу)» құжаттарымен «Шетел валютасын сатып алу» операция түрімен орындалады.
Валюталық шотқа аудару кезінде «Валюталарды конвертациялау датасына нарықтық бағам» құжатының реквизитінде көрсетілген бағам қолданылады. Шетел валютасын сатып алу бағамы бөлек «Сатып алу бағамы» реквизитінде көрсетіледі.
Шот ретінде 1030 шоты, ал корреспонденциялайтын шот ретінде 1022 («Валюаталар конвертациясы») шоты көрсетіледі. Құжатты жүргізу кезінде, егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан ерекшеленетін болса, автоматты түрде валютаны сатып алу кезінде бағамдық айырма есептелетін болады. Оң бағамдық айырма 6280 «Басқа да пайдалар» шотында, ал кері бағамдық айырма 7470 «Басқа да шығындар» шотында көрсетіледі.
Шетел валютасын сату
Кәсіпорын ақшаны есептеуді теңгемен де, шетел валютасымен де жүргізе алады. Шетел валютасын сату бойынша операциялар «Қазақстан үшін бухгалтерия» конфигурациясында бірнеше құжаттардың көмегімен орындалады.
Шетел валютасындағы ақшаны сызып тастау
Сатылуға жататын валюталық қаржыларды сызып тастау «Төлем тапсырмасы (шығыс)» немесе «Төлем ордері (ақшаны сызып тастау)» құжаттарымен «Қолма-қол емес ақшалардың басқа да сызылып тасталулары» операция түрімен тіркеледі.
Құжатта ұйымның және контрагенттің (валютаны сатып алушының) валюталық есептік шоттары көрсетіледі. Есепке алу шот ретінде 1030 «Ағымдық банк шоттарында,ы валютадағы ақшалар» шоты көрсетіледі. Корреспонденциялайтын шот ретінде 1022 «Валюта конвертациясы» шоты және шетел валютасын сатудан түскен теңгелік ақшаны аудару жоспарланған есептік шот көрсетіледі.
Теңгедегі ақшаны аудару
Шетел валютасын сатудан түскен теңгедегі ақшаны аудару «Төлем тапсырмасы (кіріс)» немесе «Төлем ордері (ақша түсімі)» құжаттарымен «Шетел валютасын сатудан түскен қаржы» операция түрімен орындалады.
Шетел валютасын сату операциясы орындалатын контрагентпен келісім «Басқалар» түріне ие болуы керек.
Құжатта қажетті валюта және ұйым мен контрагенттің есептік шоттары таңдалады. Есеп шоты ретінде 1022 «Валюта конвертациясы» шоты және шетел валютасын сатудан түскен пайда аударылатын есептік шот көрсетіледі.
Шотқа аудару кезінде «Валюта конвертациясы датасындағы нарықтық бағам» құжатының реквизитінде көрсетілген бағам қолданылады. Шетел валютасын іске асыру бағамы бөлек «Іске асыру бағамы» реквизитінде көрсетіледі. Құжатты жүргізу кезінде, егер сатып алу бағамы нарықтық бағамнан ерекшеленетін болса, автоматты түрде валютаны сатып алу кезінде бағамдық айырма есептелетін болады. Оң бағамдық айырма 6280 «Басқа да пайдалар» шотында, ал кері бағамдық айырма 7470 «Басқа да шығындар» шотында көрсетіледі.
Ақшаның қозғалыс мақалалары
«1С:Бухгалтерияда» ақшамен жүргізілетін операцияларды есепке алу ақшалардың қозғалысы мақаласының кескінінде жүргізіле алады. Бұл кезде кассалық және банктік құжаттарда «ДДС мақаласы» (ақшаның қозғалыс мақаласы) реквизиті толтырылады. Бұл реквизиттердің мәні «Ақшаның қозғалысы мақалалары» анықтамасынан таңдалады («Банк және касса» мәзірі – «Ақшаның қозғалыс мақалалары»).
Бұл анықтама субконто түрінде орнатылған және ақшаның қозғалыс мақалалары бойынша 1000 «Ақшалар», 1010 «Кассадағы ақшалар», 1020 «Ақшалар жолда», 1030 «Ағымдық банк шоттарындағы ақшалар», 1040 «Карта-шоттардағы ақшалар», 1050 «Жинақтаушы шоттардағы ақшалар», 1060 «Басқа да ақшалар» шоттарында аналитикалық есепті жүргізу үшін қолданылады.
Ақшалардың қозғалыс мақалалары бойынша айналымдар «Ақшаның қозғалысы бойынша есеп. Форма 3» қаржы есебін автоматты толтыру үшін бухгалтерлік есепті құру кезінде қолданылады.
Жарияланған-2014-07-08 19:53:25 Қаралды-4697
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина