Тауарлы- материалдық құндылықтар есебі
1. Тауарлы- материалдық құндылықтар номенклатурасы. Есепке алу шоттары.
2. Номенклатуралық бағалар. Бағалар типін таңдау.
3. Материалдық- өндірістік запастардың талдамалық есебі. Контрагенттермен есеп айырысу
4. Контрагенттермен есеп жүргізу қағидалары мен есепке алу шоттары.
5. Контрагенттермен есеп айырысудың талдамалық есебі. Ақшалай қаражаттар қозғалысы операцияларындағы есеп айырысу құжаттары.
6. Аванстар есебі. Валютамен есеп айырысу. Борыштарды түзеу. Контрагенттермен есеп айырысуды тексеру.
Тауарлы-материалды құндылықтардың номенклатурасы
Тауарлы-матриалдық құндылықтарды талдаулық есеп жасау үшін олардың түрлері бойынша «Номенклатура» анықтамасы арналған («Кәсіпорын» - «Тауарлар (материалдар, өнім, қызметтер)» - «Номенклатура» мәзірі). Осы анықтаманың элементтерін номенклатуралық орындары деп атауға болады.
Егер анықтамадағы элементтер мөлшері көп болса, онда «Номенклатура» анықтамасында қажетті орынды табуды жылдамдату мен жұмысын жеңілдету үшін элементтер тобын құру мақсатқа лайықты болып табылады. Кейбір топтар («Материалдар», «Қызметтер», «Тауарлар» және т.б.) ақпараттық базаны алғашқы рет автоматты түрде толтыру кезінде құрылады.
Осымен номенклатураның нақты орындарын (позиция) сәйкес келетін топтар құрамына қосу тиіс.
Номенклатура есебінің шоттары
«1С:Бухгалтерия» қоятын бухгалтерлік есеп жоспарында «Номенклатура» анықтамасы тауарлы-материалды құндылықтардың есебінің шоттары мен ішкі шоттарына арналған субконто түрі ретінде орнатылған, соның ішінде, 1310 «Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар» және т.б.
Осыған ұқсас орнатылымдар салық есебінің шоттары жоспарында жасалынды.
Тауарлы-материалдық құндылықтардың түсуі, орын ауыстырылуы және тізімнен шығарылуы құжатпен рәсімделеді. Құжатта қолданушы номенклатураның сәйкес орнын (немесе орындарын) көрсетуі керек, сонымен қатар бухгалтерлік және салықтық есеп шоттарын да. Осымен «1С: Бухгалтерия» қолданушыға көмек беруге тырысады, ол номенклатурада орнын таңдағаннан кейін тура келетін шоттарды үнсіздікпен қоя отырып.
Номенклатураның есеп шоттарын орнату кезінде үнсіздікпен «1С: Бухгалтерия» «Номенклатураның есеп шоттары» мәлімдеме регистрін («Кәсіпорын» - «Тауарлар (материалдар, өнім, қызметтер)» - «Номенклатураның есеп шоттары» мәзірі) басқарады.
Жаңа жазбаны енгізу үшін немесе сонда бар регистр жазбасын өзгерту үшін «1С:Предприятие 8» жүйесінің бағдарламасындағы жұмыстың жалпы қабылдаулары қолданылады. Жаңа жазбаны регистр формасының командалық панелінлегі («Қосу») батырмасы арқылы енгізу ге болады, жаңа жазбаны сонда бар жазбаны көшіру жолымен енгізу («Көшіру арқылы енгізу») батырмасы арқылы, сонда бар регистр жазбасын өзгерту («Ағымдағы элементті өзгерту») батырмасы көмегімен жүзеге асырылады..
«Номенклатура есебінің шоттары» регистрінің әрбір жазбасында келесідей мәлімдемелер болады:
- ұйым;
- номенклатура орны (немесе номенклатура анықтамасының тобы);
- номенклатура есебінің шоттары (бухгалтерлік және салықтық);
- операциялар қатарында қолданылатын шоттар: жіберу, іске асыру және т.б. қолданылатын ҚҚС есебінің шоттары.
Номенклатураның бағалары
Номенклатураның әрбір орны үшін әртүрлі жағдайларда қолдануға арналған бірнеше баға орнатылуы орнатылуы мүмкін. Олардың айырмашылығы үшін, сонымен қатар әртүрлі құжаттарды автоматты толтыру кезінде номенклатура бағаларын топтық қолдану үшін «Номенклатура бағаларының түрлері» («Кәсіпорын» - «Тауарлар (материалдар, өнім, қызмет)» - «Номенклатура бағасының түрлері» мәзірі) анықтамасын қолданады.
Сол және басқа да номенклатуралық орындарға орнатылған баға мәндерін «Кәсіпорын» - «Тауарлар (материалдар, өнім, қызметтер)» - «Номенклатура бағалары» мәзірінен қарау мүмкіндігі бар.
Нақты түрі бар номенклатура бағасын орнату үшін «Номенклатура бағасын орнату» («Кәсіпорын» - «Тауарлар (материалдар, өнім, қызметтер)» - «Номенклатура бағаларын орнату» мәзірі) құжаты қолданылады.
Ағымдағы құжат «ТМЗ түсімі және қызмет» құжатының негізінде толтырылуы мүмкін.
Материалды-өндірістік қорларға талдаулық (аналитикалық) есеп жүргізу
Партия бойынша номенклатураға аналитикалық есеп жүргізу қажеттігі «Қорларды бағалау әдісі» («Кәсіпорын» - «Есептік саясат» - мәзірі) мәліметтер регистрінде орнатылады. «Номенклатура» субконто бойынша (1310 «Шикізат және материалдар», 1351 «Қайта өңдеуге жіберілген материалдар» және т.,б. шоттар) бойынша аналитикалық талдауын қарастыраытн бухгалтерлік есеп шотының осы регистрінде материалды-өндірістік қорларды тізімнен шығарып тастайтын бағалаудың келесі үш тәсілінің бірін көрсетуге болады:
- орташа;
- ФИФО;
- ЛИФО.
Бухгалтерлік есеп шотының жоспарында шот үшін ФИФО және ЛИФО тәсілдерін таңдау кезінде «Партиялар» субконтосы автоматты түрде орнатылады. Кейбір шоттар үшін «Қорды бағалау тәсілі» мәлімет регистрінде номенклатураны есепке алатын болса, қорды бағалау тәсілін орнататын, онда осындай шот үшін үнсіздікпен «орташа» тәсілі таңдалатын болады.
Кесілгенде номенклатура аналитикалық есебінің жүргізілуі қажеттігі кезінде сақтау орны «Қоймалық есеп жүргізу» жалаушасы («Кәсіпорын» - «Есеп параметрін баптау» мәзірі) көмегімен «ТМЗ аналитикалық есебі» жапсырмасында «Есеп параметрлерін баптау» диалогында орнатылады.
Конфигурацияда есеп жүргізуден алдын сақтау орны бойынша аналитикалық есепті жүргізуді баптау ұсынылады.
«Номенклатура» субконтосы (1310 «Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар» және т.б. шоттар) бойынша аналитикалық есепке ие шоттардағы «Қоймалық есеп жүргізу» жалаушасы орнатылып тұрған кезде «Қоймалар» субконтосы автоматты түрде орнатылатын болады.
«Қоймалар» субконтосы жалаушаны алып тастау кезінде осы шоттан шығарылады. Осымен жүргізілген қойма жайлы барлық ақпараттар жоғалады.
Қойма бойынша не тек қана сандық есеп, не сандық және соммалық есеп жүргізуге болады. Бұл мүмкіндік опциялық болып саналады және есеп параметрінің Баптауындағы «Қойма бойынша соммаға есеп жүргізу» жалаушасымен орнатылады.
Мынаны ескеру қажет, егер конфигурацияда қойма бойынша соммалық есеп орнатылған болса, онда ФИФО және ЛИФО бойынша ТМЗ шығарып тастау тәсілдері ұйым шеңберінде емес, әрбір қойма шеңберінде қолданылатын болады.
Контрагенттермен есеп қисап есебінің жүргізілу принциптері
Контрагент – бұл, жалпы түсінік, оның құрамына ұйымның жұмыс әріптестері (сатып алушылар, жеткізушілері және т.б.) болып табылатын заңды және жеке тұлғалар жатады.
Контрагенттер тізімі «Контрагенттер» анықтамасында («Сатылым» - «Контрагенттер» немесе «Сату» - «Контрагенттер» мәзірі) жүргізіледі. Анықтамада контрагенттер тізімімен ыңғайлы жұмыс істеу үшін олар топтарға және ішкі топтарға бөлінуі мүмкін, мысалы, «Жеткізушілер», «Басқалар», «Сатып алушылар» және т.б.
Контрагеттермен бекітілген өзара есеп қисаптар келісім шарттары жайлы ақпаратты сақтау үшін «Контрагенттер» анықтамасына бағынышты болған «Контрагенттер келісім шарттары» анықтамасы бар. Контрагенттермен бірге жасалатын барлық шаруашылық операциялары келісім шартты міндетті түрде көрсетумен бірге рәсімделеді.
Контрагентпен рәсімделген келісім шартты қарау және жаңа келісім шарт рәсімдеуді «Контрагенттер» анықтамасының «Шоттар мен келісім шарттар» жапсырмасындағы элемент формасында тікелей жасауға болады немесе «Контрагенттер келісім шарттары» анықтамасында жасауға болады, оған «Контрагенттер» анықтамасындағы «Өту» батырмасы арқылы өтуге болады.
Контрагенттермен есеп қисапты көрсету көбінесе контрагенттермен келісім шартта өзара есеп қисапта қандай валютаның анықталғанына байланысты болады. Келісім шарт шеңберінде құжаттар келісім шарт валютасы ретінде таңдалған валютада рәсімделеді.
Сонымен қатар, келісім шарт формасында келісім шарт түрі («саты алушымен», «жеткізушімен», «басқа») көрсетіледі. Келісім шарт түрі осы келісім шарт шеңберінде қандай шаруашылықтық операцияларды тіркеуге болатындығына әсер етеді. Мысалы, тауарлардың түсу операцияларын тек қана «Жеткізушімен» келісім шарт түрі арқылы жүргізуге болады.
Контрагентпен бір келісім шарт шеңберінде өзара есеп қисаптар немесе бүтіндей келісім шарт бойынша немесе есеп қисаптық құжаттың детальдануымен жүргізуге болады – бұл келісім шарт қасиетіне сәйкес беріледі.
Осымен, «Есеп қисаптық құжаттар бойынша» мәнін орнату тек қана мынадай жағдайда мақсатқа лайықты болып табылады, егер есеп параметрлері баптауында («Кәсіпорын» - «Есеп параметрлерін баптау» мәзірі) «Контрагенттермен есеп қисаптардың аналитикалық есебі» жапсырмасында құжаттар бойынша есеп қисаптарды жүргізу белгісі орнатылған.
Егер есеп параметрлері баптауында осы белгі орнатылмаған болса, онда контрагенттермен есеп қисаптардың есебінің шотында аналитикалық есеп тек қана «Контрагенттер» және «Келісім шарттар» екі субконтосы арқылы жүргізіледі.
Егер контрагенттермен есеп қисаптардың аналитикалық есебі есеп қисаптық құжаттармен жүргізілетін болса, бірақ нақты келісім шарт үшін «Бүтіндей келісім шарт бойынша» өзара есеп қисабын жүргізу орнатылған жағдай болса, онда осындай келісім шартты жабу кезінде бағдарлама автоматты түрде ФИФО әдісімен осы келісім шарт шеңберінде рәсімделген есеп қисаптық құжаттарды анықтайды және жабуды жүргізеді. Мысалы, бір келісім шарт бойынша жеткізушіден ТМЗ түсіміне үш құжат рәсімделген. Қарызды құю кезінде жеткізуші алдында алғаш бірінші құжат бойынша қарызды жабу жүргізіледі, сосын, егер бірінші есеп қисаптық құжат бойынша қарыз соммасынан құю соммасы артық болатындай жағдайда екінші түсім құжаты бойынша қарыз құйыла бастайды және т.с.с.
Егер есеп параметрі баптауында есеп қисаптық құжаттары бойынша жүргізу белгісі орнатылса және келісім шартта «Есеп қисаптық құжаттар бойынша» өзара есеп қисапты жүргізу орнатылған болса, онда осындай келісім шартты жабу кезінде есеп қисаптық құжаттарда «Есеп қисаптар құжаты» реквизиті басым болады және қолданушы қажетті құжатты өз еркімен анықтайды. Егер есеп қисаптық құжат көрсетілмецтін болса, онда келісім шартты жабу кезінде өзара есеп қисаптардың жаңа партиясы құрылатын болады. Мысалы, бір келісім шарт бойынша жеткізушіден келіп түсетін ТМЗ түсімінің үш құжаты рәсімделуі. Қарызды жабу кезінде қолданушы есеп қисаптық құжатты көрсетуі тиіс. Егер алғашында екінші есеп қисаптық құжат бойынша қарыздарды құю, сосын қалғандарын құю қажеттігі туындаса, онда «Есеп қисаптар құжаты» реквизитінде екінші есеп қисаптық құжатты көрсетеміз. Егер есеп қисаптық құжатты тіпті көрсетпейтін болса, онда өзара есеп қисаптардың жаңа партиясының қатары қалыптастырылады.
Егер есеп параметрі баптауында есеп қисаптық құжаттар бойынша есеп жүргізу белгісі орнатылмаған болса, онда, егер, тіпті келісім шартта «Есеп қисаптық құжаттар бойынша» өзара есеп қисаптар түрі таңдалған болса да, контрагенттермен өзара есеп қисап құжаттарында «Есеп қисаптар құжаты» реквизиті басым болмайды және қажетті есеп қисаптық құжатты көрсету мүмкіндігі де болмайды.
Сонымен қатар, осы келісім шарт бойынша баға түрлерін орнатуға болады. Осымен орнатылған баға түрі автоматты түрде осы келісім шарт бойынша рәсімделген іс әрекет құжатына қойылады. Бірақ, баға түрін қажеттілік туындаған кезде қолданушы құжаттың өзінде дұрыстауына болады.
«Контрагенттер» анықтамасында «Шоттар мен келісім шарттар» жапсырмасындағы элементтер формасында келісім шарттардың бірін негізгі етіп орнатуға болады. Бұл келісім шартты контрагенттермен өзара есеп қисабы бойынша барлық құжаттарда контрагентті таңдау кезінде автоматты түрде қояды.
Контрагенттермен есеп қисап шоттарының есебі
«1С: Бухгалтерия» есеп қисаптарды көрсететін құжатты рәсімдеу кезінде контрагенттермен есеп қисап есебі шоттарынын автоматты түрде қою мүмкіндігін береді. Осыдан кейін қолданушы құжатта контрагент пен келісім шартты көрсеткеннен кейін, «1С:Бухгалтерия» үнсіздікпен ең бір сай келетін шоттарды қояды.
Үнсіздікпен шоттарды қоя кезінде «1С: Бухгалтерия» «Контрагенттермен есеп қисаптың есебінің шоттары» мәлімет регистрін («Кәсіпорын» – «Контрагенттермен есеп қисаптың есебінің шоттары» мәзірі) басқарады. Осы регистрдің әрбір жазбасында келесі мәліметтер болады:
- ұйым;
- контрагент;
- келісім шарт;
- келісім шарт бойынша есеп қисаптың түрі (регламенттік есептегі валютада - тенге, шет елдік валютада);
- әртүрлі жағдайдағы контрагенттермен есеп қисаптар есебіне қолданылатын шоттар: жеткізушімен есеп қисаптар үшін, сатып алушылармен есеп қисаптар үшін, алдыңғы ақы және т.с.с бойынша.
«Контрагенттермен есеп қисаптар есебінің шоттары» регистрі әрбір контрагенттер немесе контрагенттер тобы үшін, келісім шарттар мен есеп қисаптар түрі үшін есеп қисаптар есебінің шоттарын көрсету мүмкіндік береді.
Шаруашылық қызмет есебінде «1С:Бухгелтерия» жүргізілетін әрбір ұйым үшін бөлек контрагенттермен (контрагенттер тобы) есеп қисаптардың жекеленген есебін беруге болады, регистрдің сәйкес жазбасын құру арқылы.
«1С:Бухгалтерия» ақпараттық базасын алғаш боып толтыру кезінде контрагенттермен есеп қисаптар есебі шоттарының регистрі автоматты түрде толтырылады.
«1С:Бухгалтерия» үнсіздікпен құжатқа қойған шотты кейінірек қолданушы қолдан өзгертуіне болады.
Контрагенттермен есеп қисапқа аналитикалық есеп жасау
Есеп қисаптық құжаттар бойынша контрагенттермен есеп қисаптар есебінің бапатуы «Есеп параметрлері баптауы» диалогында («Кәсіпорын» - «Есеп параметрлерін баптау» мәзірі) орындалады.
Егер «Контрагенттермен есеп қисапқа аналитикалық есеп жасау» жапсырмасында «Құжаттар бойынша есеп қисап жүргізу» жалаушасын орнататын болса, онда контрагенттермен есеп қисап шоттарында (1210 «Сатып алушылар мен тапсыры берушілердің қысқа мерзімдік дебиторлық қарыздары», 1610 «Қысқа мерзімдік берілген алдыңғы ақы» және т.с.с) «Контрагенттермен есеп қисаптар құжаттары» қосымша субконтосы орнатылатын болады.
Қаршылық құралдар қозғалысы операцияларындағы есеп қисаптар құжаты
Қаржылық құралдармен байланысты шаруашылық операциялар «Кіріс кассалық ордері», «Шығыс кассалық ордері», «Кіріс төлемдік тапсырысы» және т.б. төлемдік құжаттар көмегімен тіркеледі. Осы құжаттармен рәсімделетін және контрагенттермен есеп қисаптарды көрсететін жүргізулерде «Контрагент» және «Келісім шарт» субконтолары қолданылады, сонымен қатар «Контрагенттермен есеп қисаптар құжаттары» субконтосы қолданыдуы мүмкін.
Айтылған әрбір төлемдік құжаттардың сәйкес реквизиті («Есеп қисаптар құжаты») болады. Егер құжаттың сәйкес реквизиттерінде есеп қисаптар бүтіндей жүргізілетін келісім шарт пен контрагенттермен есеп қисаптар операция таңдалатын болса, онда «Есеп қисаптар құжаты» реквизиті өзгертуге қол жетімсіз болады.
Бірақ, егер контрагенттермен есеп қисап шотында құжаттар бойынша аналитикалық есеп жүргізілетін болса (яғни, шот үшін «Контрагенттермен есеп қисап құжаттары» түріндегі), онда ары қарай екі нұсқаның бірі мүмкін болады:
- егер контраегтпен келісім шартта «бүтіндей келісім шарт бойынша» есеп қисап түрі орнатылған болса, онда есеп қисаптық құжатты жүргізудің субконтосы ретінде автоматты түрде ФИФО әдісі бойынша таңдалады;
- егер контрагентпен келісім шартта «есеп қисап құжаты бойынша» есеп қисап түрі орнатылған болса, онда «Есеп қисаптар реквизиті» қолдан толтырылады.
Жарияланған-2014-07-02 20:15:48 Қаралды-7435
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина