UF

Графика. Графиктік бейнелеудің алгоритмдік негізделуі.

    жоспары:

1. Graph модулі

2. USES GRAPH

 

Негізгі ұғымдардың сөздігі: графика,  режим, драйвер, модуль.

Студенттерде қалыптасу керек білім мен дағды: графиктік процедуралары мен функцияларын қолданып, графиктік кескіндер құрастыру дағдыларын меңгеру.                     

 

1. Graph модулі

 

         Turbo Pascal программалау тілінде символдық режимнен бөлек графиктік режимде жұмыс істеуге болады. Онда әр түрлі графиктік кескіндер құрастыру мүмкіндігі бар. Turbo Pascal графиктік мүмкіндіктерін пайдалану үшін арнайы “GRAPH” кітапханасы іске қосылады. “GRAPH” модулінің графиктік процедуралары мен функцияларын қолданып графиктік кескіндерді құрастыруға болады. “GRAPH” модулінде орналасқан процедуралар мен функцияларды пайдалану үшін программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

 

2. USES GRAPH

         Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату қажет. Турбо паскаь тілінде алдын ала бекітілген драйверлер саны бар. Олардың әр қайсысы үш түрлі режимдердің бірінде жұмыс істей алады. Драйвер типі мен оның режимі санмен немесе тұрақты түрде берілген (13.1-кесте).

 

                                                                                                                   1-кесте. Графикалық режимдер

Драйвер

Режим

Нүктелер саны

Файл

CGA (1)

CGACO, CGAHi

320x200(640x200)

CGA.BGI

EGA (2)

EGALo, EGAHi

640x200(640x350)

EGAVGA.BGI

VGA (9)

HERCM

ONOHI

720x348

HERC.BGI

 

GRAPH модулі іске қосылысымен оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.

Графикалық режимді іске қосу:

InitGraph (Var Driver, Mode: integer; path: string);

Мұндағы Driver – графикалық режимді анықтайтын параметр;

Mode – орнатылған драйверге байланысты берілетін графиктік режим параметрі;

Path – графиктік драйвер файылының атауы және жолы.

Driver мәні Graph модулінде хабарланған тұрақтылар жиынымен шектеледі (9.2-кесте).

                                                                                                              2-кесте.

Тұрақты атауы

Сандық коды

Detect

0

CGA

1

MCGA

2

EGA

3

EGA64

4

EGAMono

5

IBM8514

6

HercMono

7

ATT400

8

VGA

9

PC3270

10

 

 

DetectGraph процедурасы

 

         DetectGraph процедурасы компьютер құрылымын тестілеп, берілген бейнеадаптеріне қандай графиктік драйвер және режим тиімді екендігін анықтайды. Процедура жазылуы:

         DetectGraph (Var Driver, Mode : Integer);

         Мұндағы: Driver -  сәйкес келетін графиктік драйвердің типін анықтайды;

         Mode – графиктік режим параметрі.

 

 GraphResult фукциясы

 

         GraphResult қате орындалған графиктік операциялардың кодын шығарады. Функцияның жазылуы:

         GraphResult : Integer;

         Қателер коды 9.3-кестеде көрсетілген.

                                                                                     3-кесте

Тұрақты атауы

Коды

Анықтамасы

GrOk

0

Қате жоқ.

GrNolnitGraph

-1

Графиктік режим анықталмаған

GrNotDetected

-2

Адаптер типі анықталмаған

GrFileNotFound

-3

Драйвер файлы табылмады

GrlnvalidDriver

-4

Анықталған файлда драйвер табылмады

GrNoLoadMem

-5

Драйверді жүктеуге жады көлемі жетпейді

GrNoScanMem

-6

Аймақты қарастыруға жады көлемі жетпейді

GrNoFloodMem

-7

Аймақты толтыруға жады жетпейді

GrFontNotFound

-8

Қаріп файлы табылмады

GrNoFontMem

-9

Қаріп файлы табылмады

GrlnvalidMode

-10

Анықталған драйверге сәйкес келмейтін режим

GrError

-11

Жалпы қате

GrlOerror

-12

Енгізу-шығару қатесі

GrlnvalidFont

-13

Қаріптің дұрыс емес пішімі

GrlnvalidFontNum

-14

Қаріптің номері дұрыс емес

 

 

RestoreCrtMose процедурасы

 RestoreCrtMose графиктік режимнен текстік режимге уақытша ауысу процедурасы.

                   Процедура жазылуы:

                   RestoreCrtMose ;

         RestoreCrtMose процедурасының CloseGraph процедурасынан айырмашылығы, ол граыиктік режимнен текстік режимге ауысқанда графиктік режим параметрлерін сақтап қалады.

         Бұл процедураны SetGraphMode процедурасымен бірге қолдануға болады. Бірге қолдану арқылы текстік режимнен графиктік режимге бірден ауыстырылады.

 

CloseGraph процедурасы

         Графиктік режимді жабу процедурасы. Процедура жазылымы:

         CloseGraph;

         Бұл процедура жадыда орналасқан барлық графиктік параметрлерден босатады.

 

SetColor процедурасы

         Бейнеленетін символдар мен түзулердің түсін орнату процедурасы. SetColor процедурасының жалпы жазылуы:

         SetColor (Color:Word);

         Мұндағы Color – ағымдағы түс.

         Мысалы:

         SetColor (1); - экранға бейнелер көк түске боялып шығады.

 

GetColor функциясы

GetColor функциясы ағымдағы түстің мәнін қайтарады.

Функция жазылуы:

Function GetColor : Word;

Бұл функция SetColor функциясы арқылы өзгертілген түстің мәнін қайтарады.

 

GetMaxColor функциясы

GetMaxColor функциясы SetColor функциясына параметр ретінде беруге болатын ең үлкен мәнді анықтайды.

Функция жазылуы:

Function GetMaxColor : Word;

Функция арқылы берілетін мән, адаптер және драйверде қолданылатын тип арқылы анықталады. Мысалы, SVGA режимінде берілген       процедура 15 санын қайтарады.

 

SetBkColor процедурасы

SetBkColor процедурасы фон түсін орнатады.

Процедура жазылуы:

Procedure SetBkColor (Color : Word);

Мұндағы Color – фонның жаңа түсі.

Фон түсі терезе үшін емес, экран түсін өзгертуге беріледі.Фонды өзгерту кодтары 0-15 аралығында болуы тиіс.

Мысалы:

SetBkColor(2);

немесе SetBkColor(Green);

Берілген мысал көмегімен экран фоны жасыл түске өзгертіледі.

 

GetBkColor функциясы

GetBkColor экрандағы фон түсінің мәнін анықтауға қолданылатын функция.

Функцияның жазылуы:

Function GetBkColor: Word;

GetBkColor функциясының қайтаратын мәні 0-15 аралығында болады. Ал текстік режимде берілген түстер санының тең жартысын ғана қолдануға болады.

SetPalette процедурасы

 

SetPalette палитра түсін жаңа түске ауыстыру процедурасы.

Процедураның жазылуы:

Procedure SetPalette (Cut:Word; Paste:Shortint);

Мұндағы: Cut – палитра түсі;

Paste – жаңа түстің коды.

Мысалы:   SetPalette(9,4);

Берілген көк түсті қызыл түске ауыстыру процедурасы.

 

SetFillStyle процедурасы

 SetFillStyle боялу түсін және нұсқасын анықтайды.

Процедураның жазылуы:

         Procedure SetFillStyle(Pattern:Word;Color:Word);

Мұндағы: Pattern – толтыру нұсқасы;

Color – боялу түсі.

 

 

GetX және GetY функциясы

Ағымдағы нүктенің тік және көлденең координаталар мәнін қайтарады.

Функцияның жазылуы:

Function GetX : Integer;

Function GetY : Integer;

GetX және GetY функцияларының мәндері экранның сол жақ жоғарғы бұрышынан нөлден басталып есептеледі.

 

 MoveTo процедурасы

MoveTo ағымдағы көрсеткішті берілген координата бойынша орналастырады.

Процедураның жазылуы:

Procedure MoveTo(X, Ү : Integer);

Мұндағы Х және Ү көрсеткіш орнын ауыстыруға берілетін экрандағы нүкте координаталары.

 

ClearDevice процедурасы

ClearDevice экранды тазартып, ағымдағы көрсеткішті экранның жоғарғы сол жақ бұрышына орналастырады.

Процедураның жазылуы:

Procedure ClearDevice;

Экранды тазартып, SetBkColor процедурасының көмегімен берілген түске бояйды.

 

 

6. Әдебиеттер

1. Н.С. Заурбеков, Б.Ж.Жумажанов. Алгоритмдеу және программалау тілдері. Экономика баспасы. Алматы-2008.

2. Ж.Қ. Масанов, Б.А.Белгибаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов «Turbo Pascal». Алматы 2004.

3. Фаронов В.В.  Тurbo Pascal 7.0. Практика программирования.  Оку құралы.- М.: Нолидж, 2000ж. 416 бет.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-06-25 19:50:14     Қаралды-4239

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »