UF

 Тәрбие психологиясы                                                 

Жоспар:

 

Қарым – қатнас және тәрбие.

Ұжым және жеке адамның дамуы.

Отбасы және тәрбие.

Қазіргі   қоғамдағы  ұстаздың  орны мен қызметі.

Ұстаздың  жалпы  және  арнайы  қабілеттері.

Ұстаздық  қызметінің  индивидуальдық  /жекелік/  стилі.

 

        Егер оқу баланың танымдық дамуын анықтайтын болса және заттық (пәндік) практикалық іс-әрекетпен тікелей байланысты болса, онда қарым–қатнас жеке адам болып қалыптасуына ықпал жасайды. Олай болса, тәрбие адамдар арасындағы өзара әрекеттесумен байланысты. Психологиялық турығыдан дұрыс тәрбие беру адамның ойластырылған қарым–қатнастың ғылыми негізі, ол әрбір жеке адамды дамуытуға бағытталған. Адамның бір–біріне тәрбиелік әсері, дұрыс қабылдауы және адамдардың бір–біріне баға беруі. Сондықтан адамдар қарым–қатнас процесіндегі қабылдау механизімін білмейтін болса, онда адамдардың қарым–қатнасы арқылы, тәрбиелеу процесін басқару мүмкін емес.

Қарым – қатнас адамдардың бірін–бірі танып білуіне байланысты.

Жаңа туыла салысымен баланың негізгі қажеттілігі оның қоршаған ортамен (адамдарымен) қарым – қатнасқа түсуі. Бала өзін-өзі және қоршаған адамдарды танып білу әрекеті, оның дамуына әсер етеді. Сол арқылы–бала өзіне және қоршаған ортадағы адамдарға баға бере алады. Басқа адамның баға беруі, (баланың басқа) оның адамдарды қалай қабылдағандығымен және өзіне-өзі баға беруі, «мен» бейнесін қалай түсінгендігін көрінеді. М.И. Лисинаның айтуы бойынша 2, 5 айлық бала қоршаған ортадағы адамдарымен қарым–қатнастнасын «кешенді тірілу» бағытында болады - ... Баланың өмір сүру процессінің дамуы мынадай негізгі бағытта болады:

а) қарым – қатнастың даму себебі.

б) дамудың қарым – қатнастағы әсері.

в) қарым – қатнастың даму формасы.

Қырым–қатнас дамуы баланың жеке адам болып қалыптасуы, оның қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайды. Баланың алғашқы ойлары мен мектеп бітірген кезңге дейінгі ойы: ойын, танымдык, өз-ара жеке қарым–қатнас, интимді, органикалық түрткі және кәсептік болып дамиды.

Лисинаның тәжірибесі бойынша балалардың қарым – қатнасының негізгі құралдарын үш түрге бөледі:

Экспрессивті – эмациональды.

Заттық (пәндік) – әрекеттік.

Сөздік.

 Біздің елімізде қалыптасқан идеология, жеке адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу. Тәрбие негізінде: жеке адам болып қалыптасу тек ұжымда, ұжым арқылы деп түсіндіреді. Педагогикалық теориялық зерттеулерде баланың жеке адам болып қалыптасуының ең негізі «ұжым» екендігіне әбден көз жеткізізу. Ұжым – тек қана тәрбиелік жағынан емес, сол баланың ойлаған, көздеген мақсатына жетуіде ұжым арқылы болады. Ең алдымен тәрбиелі ұжым болса баланы сол ұжым арқылы тәрбиелеуге болады. Сол кездегі өз ойын айтқан Макаренко А. С. былай деді: «Ұжымның негізгі мақсаты тәрбиелеу болуы қыжет». Макаренконың ғылыми зерттеулеріндегі дәлелдеуі бойынша: «Дамыған бала ұжымда үлкен роль атқарады және де баланың өзін-өзі қайта тәрбиелеуі немесе психологиялық ауытқуы бар балалардың өзі де ұжым арқылы қайта тәрбиеленуге мүмкіндігі бар» - деді.

Жеке адам – индивидуальды психологиялық тәрбиесі бар, өз бетінше жұмыс атқара алатын, ешкімге бағынбайтын, тәуелді, басқа адамға ұқсамайтын ерекше жанды айтамыз. Ұжым негізгі барлық индивидке бірдей талап қояды. Ол баланың жеке, ерекше қасиетіне қарамастан тәрбиені бірдей береді. Жеке адам болып  туылмайды, қоғамдық ортада, ұжымда қалыптасады. Макаренконың айтуы бойынша: «Барлық ұжымға есептелініп жасалынған әрекет...» ол қоршаған ортаға «зиян» деп тұжырымдады. «Барлық уақытта ұжымның бірлесіп шешкен шешімі, ойы жеке адамның ойынан жоғары тұрады».

Отбасындағы мүшелердің бір–біріне қарым–қатнасы едәуір жақсы сақталынады. Мектептегі, балабақшадағы тәрбиеге, қарым – қатнасына қарамастан кейін қоршаған ортаның ықпалынан бала өзгеріп кетуі мүмкін.

Қарым – қатнастың негізі төрт түрі:

Психофизиологиялық.

Психологиялық.

Әлеуметтік.

Мәдениеттілік.

Психофизиологиялық – ол жынысына және биологиялық қарым –

қатнасына байланысты..

Осы жүйенің барлығы отбасы тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді. Барлық тәрбие қарым–қатнас түрлері баланың бойында дұрыс немесе қарама–қайшы (кері) тәрбие беруі мүмкін. Балаға дұрыс отбасылық тәрбие беру үшін, оның жанұя ішіндегі әлеуметтік психологиялық жүйесінің дұрыс тәрбиелік бағытта екендігіне көз жеткізу қажет. Отбасы қарым–қатнастың дұрыс болуын ата–ана қадағалап отыруы тиіс.

Баланы дұрыс тәрбиелеу ол ата–ананың да бір–бірімен тату тұруы, бір–бірін түсінуі де баланы бірлесіп немесе жалғыз тәрбиелегіндігіне де байланысты болады. Баламен санасу, оның жеке ерекшеліктері мен қасиеттерін ескеру, ақыл айту және баланың ойын тыңдау өте маңызды жағдай болып табылады. Ата – ана балаға үлгі ретінде болу қажет. «Ұл - әкесіне, қыз - шешесіне» қарап өседі.

 Психологиялық тәрбие адамдарға әлеуметтік нұсқаулар береді

Тәрбиенің әлеуметтік нұсқауларымен сәйкес келуі тиіс. Балаға әлеуметтік нұсқау мен педагогикалық әсер төрт кезеңнен тұрады. Баланың зейінін кейбір маңызды, негізгі сұрақтардың болуына назар аударуы, қызыушылығын туғызу, жаңа ақпараттық хабармен, дәлеледемелерді ұсыну керек. Баланы әлеуметтік нұсқауларға сай тәрбиелеу үшін нұсқаудың объектісіне көңілін бөліп, бағыттау қажет. Психологтардың зерттеулері бойынша зейін әлеуметтік нұсқауларға үлкен әсерін тигізеді. Бала өзін әлеуметтік нұсқауларға байланысты қоршаған ортадағы адамдар мен салыстырып баға бере алады. Егер бала бағаны дұрыс қоя бiлсе, ол дұрыс және тез дамиды. Егер де баға дұрыс қойылмаса (шектен тыс мақтау н/е көп ұрысу, жеку) баланың психикасы баяу түрде дамиды. Егер бала өзіне деген сенімділігін жоғалтып, «істей аламын» деген сезімі жойылады. Шектен тыс мақтау баланы мақтаншақ, менменшіл, менің айтқаным дұрыс деп қайтпайтын етіп тәрбиелейді. Жасынан-ақ баланың дұрыс және бұрыс қасиеттері мен қылықтарына көңіл боліп дер кезінде қатесін түзетіп отыру керектігін ескерту қажет. Мектепке дейінгі бала өзінің қандай екенін үлкендердің айтуы бойынша берген бағамен (баға беруі бойынша) есептейді. Балаға тәрбиешілер мен ата–анасының дұрыс баға беріп, оған жәй сөзбен мынауың «дұрыс», мынауың «дұрыс емес», мынауың «жақсы» деп т.б. Сөздер арқылы түсіндіріп жеткізу керек. Бала ересектер, актерлер, мұғалім, тәрбиешінің ішіндегі өзіне ұнаған бір жеке адамына қарап, еліктеп өзін-өзі тәрбиелей алады. Балаға дұрыс әсер ете білу қажет, өйткені бала барлығын тіке, өз қалпында қабылдайды. Сондықтан ересектер дұрыс әсер етіп, баланың қабылдауына күшті ықпалын тигізеді.

 

 

       Балаларды   оқыту  мен  тәрбиелеудегі  табыстар   бірнеше  факторлармен  анықталады. Бұл – оқыту  мен  тәрбиелеу  методикасы, балалардың  жас  ерекшелігі,  олардың  дамуының  нақты  деңгейі. Бала  дамуына  қажетті  фактор  педагог, яғни  ол  мұғалім  мен  тәрбиешінің  ролін  атқарады.  Кәсіби (профессионалды) педагог – бұл  өз  уақытының  көп   бөлігін   балаларды  оқыту  тәрбиелеуге  бөлетін  адам.  Қалған  ересек  адамдар, яғни баланың  ата – аналары  өздерінің  кәсіби  проблемалары  мен  үй  жұмыстарынан  қолдары  босамағандықтан,  балаларына  көп  уақыт  бөле  бермейді.  Егер  балаларды  оқытумен  және  тәрбиелеумен  педагогтар  айналыспағанда.  Бірнеше   жылдардан  кейін    қоғам  өз  дамуын   тоқтатқан  болар  еді. Жаңа  ұрпақ  адамдары   әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени   процесті  көтеруге   дайындықтары  жетпеген болар  еді.

    Қазіргі   өркендеген  қоғамда  педагог – фигура  ретінде  ерекше  көңіл   бөлуді  талап  етеді.  Егер  педагогта  кәсіби  дайындық  жеткіліксіз  болса,  бірінші   балалар  азап  шегеді.  Мұндай  жағдай   болмас   үшін,  мұғалімдер  мен   тәрбиешілер   балалармен   жұмыс  істеуге   интелектуальды  және   нормальды   дайындықтан  өтуі  керек.    

       Педагогтың  жеке  басына  психологиялық  талаптар. Болашақ  педагогтың  жеке  басына  маңызды   талаптар  қойылады.  Оның  негізіне  қанағаттанбай  маманды  мұғалім  немесе  тәрбиеші  бола  алмайды.  Негізгі  және  қосалқы  талаптар  психологиялық  іс-әрекетке  және  педагогтың  қарым-қатынасына, оның  қабілетіне,  білімі, іскерлігі мен  дағдысына,  балаларды  саналы  оқыту  мен  тәрбиеленуіне  байланысты.  Маманды   педагогқа  қажетті  негізгі  және   қосымша  психологиялық   қасиеттердің  ішінде  тұрақтылық  және   өзгерушілік  бар.

     Бұл  қасиеттердің   барлығы  туа  берілмейді.  Олардың   барлығы  жүйелі   және  табанды  еңбектің,  педагогтың   өзінің  үлкен  жұмысының    арқасында   болады.  Мұғалімдер  мен  тәрбиешілер   көп, ал  дарынды  және   талантты,  өзінің  міндеттерін   атқаратындары  аз.   Мұндай   адамдар   педагогикалық   маманның   салаларында,  басқа   іс-әрекет   сфераларына  қарағанда  аз.

            Қоғамдағы   жаңа  ситуация  /жағдай/   оқыту  мен  тәрбиелеуге  жаңа   мақсаттар  қояды.  Олар  бірінші  кезекте  мұғалім мен  тәрбиешінің   жеке  басына   қатысты  талаптарды  анықтайды.  Бұл  талаптарды   дәл  уақытында  және   нақты   көру  үшін  мынаны  жасау  керек:

1. Қоғам  дамуының  саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық   тенденцияларын   дұрыс  бағалау.

2. Қоғам  үздіксіз  дамуы  үшін,  ол  қоғамды   адам   қандай  сапалылықпен  басқарады,  соны  анықтау.

3.  Орта  мектепті   бітірген  адам   қалай  өркендейді  және   кемшіліктерден   қалай  арылады, соған  дем  беру.

4. Қоғамға  қажетті,  жеке  адамның  қалыптасуы  мен  дамуын  қамтамасыз  ететін  педагог  қандай  болуы  керек, соны  анықтау.

        Экономикалық  білім  барлық   әлеуметтік  қатынастар   жүйесіне,  рыноктық  негіздер  оның  үлкен  бөліміне,  жауапкершілікті  шешімін  өзіндік  қабылдауына     әсер  етті.  Қызметтік  және  жеке   адамдық   қарым-қатынас   интенсификациясы  өз  кезегінде   өту  үшін  бұл  байланыстан   адамдар   арасындағы   тікелей  саяси,  әлеуметтік,  шаруашылық  және   мәдени  байланыс  құрылымының   мүмкіндігі  кеңейді.

       Өз  жұмысын  табысты  орындау  үшін  педагогта  сирек  кездесетін   жалпы  және  арнайы  қабілеттер   болу  керек.  Кез-келген   адамзаттық  әрекеттің   жоғары   нәтижелерін   анықтау   жалпы  қабілеттілік   болса,  ал  арнайы   қабілеттілікке   балаларды  оқыту   мен  тәрбиелеудегі  педагогикалық   қызметтің  жемістілігі  жатады. Біз  жалпы  қабілеттілікке  тоқталмаймыз,  ал  арнайы  қабілеттіліктерге:

  • оқушы  оқылатын  материалды  түсінді  ме,  осындай  түсініктің  дәрежесін  және  мінезін  анықтау  үшін  көру  және  сезу  қабілеттілігі;
  • оқытудың  үйлесімді  амалын  және  тиімді  тәсілдерін  анықтау  үшін  өз  бетімен  оқу  материалын  жинау  қабілеттілігі;
  • барлық  оқушылар  оқу  материалын  жақсы  меңгеру  үшін,  оны   оңай  түрде   түсіндіріп,  әртүрлі  баяндау  қабілеттілігі;
  • оқушылардың   білімін,  іскерлігін   және   дағдысын,  тез  және  терең  түсінуі  қамтамасыз  етіп,  олардың  индивидуалдылығын  есепке  алып  оқытуды  құру  қабілеттілігі;
  • барлық  оқушылардың  интеллектуалды   және   өнегелі  даму   жылдамдығымен  салыстырмалы  қысқа  уақыт  ішінде  бірқатар   информация /мәлімет/  көлеміне  жету  қабілеттілігі;
  • сабақтан  сабаққа  дейінгі  өзінің  жетілген  оқытушылық   шеберлігімен  сабақты  дұрыс  құру  қабілеттілігі;
  • өз  тәжірбиесін  басқа  мұғалімдерге  жеткізе  алу  және  өзінің  кезегінде  олардан  үлгі  алу  қабілеттілігі;
  • өз  бетімен  оқу  қабілеттіліг,  соның  ішінде  іздену  және  оқуға  қажетті  мәліметті   шығармашылықты  өңдеу, сонымен  қатар  оны  педагогикалық  қызметте  тікелей  пайдалану;
  • оқушыларға  қажетті  мотивация  мен  оқу  әрекетінің  құрылымын  қалыптастыру  қабілеттілігі.

          Арнайы   педагогикалық  қабілеттіліктің  ерекшелігі  баланы  тәрбиелеуге  қабілеттілігі:

1. Басқа  адамның   ішкі  жағдайын  дұрыс  бағалау,  жан  ашу,  оған  көңіл  білдіру  қабілеттілігі /эмпатиялық  қабілеттілік/.

2. Балалардың  ойлауы, сезінуі  және  ісі  жағынан   еліктеуіне  үлгі  және  өнеге  болу  қабілеттілігі.

3. Балаларға  игі  сезімін,  жақсы  болуға  ықылас  пен   ұмтылыс  жасауын,  адамдарға   жақсылық  жасауын,  өнегелі   жоғары   мақсатына  жетуін  жеткізу  қабілеттілігі.

4. Тәрбиелеуші   баланың   жеке  ерекшілігіне   тәрбиелік   әсер   етуді   бейімдеу   қабілеттілігі.

5. Адамға  сенімділікті   енгізу,  оны  жұбату,  өздігінен   жетілуге   жағдай  жасау  қабілеттілігі.

6. Әрбір  баламен   қарым-қатынастың  керекті   стилін   табу,  оның      орналасуы   мен   өзара    түсінісуіне   жету  қабілеттілігі.

7. Тәрбиеленушілер   жағынан   өзіне  деген    құрметке  жету,  беделді   болу  қабілеттілігі.

Балаларды   оқыту   және   тәрбиелеумен   байланысты   педагогикалық   әрекет   сферасы   спецификалық   бейнемен   көрінеді.   Осыдан:

1. Педагогикалық   қарым-қатынасқа  қабілеттілік   адамзаттық   қарым –қатынастың   барлық   сферасында   көрінетін  жалпы   коммуникативтік   қабілеттілікпен   тәуелсіз  болмайды.

2. Педагогикалық    қарым-қатынас   қабілеттіліг   сөз   болғанда,  коммуникативтік   қабілеттіліктік  туралы  айнуға   шек    қоюға   болмайды. 

       Педагог   қызметінің  жеке   стилі. Дарынды  және   шығармашылықты  адам – бұл   әрқашанда   жеке   адам.  Педагог   индивидуалдылығының   қалыптасуы   баланың  жеке   творчествосының    тәрбиеленуімен   байланысты.  Педагог   мамандығын  саналы  таңдаған   әрбір  ересек  адам,   бұл  моментке   дейін    жеке  адам  болып  қалыптасқан  және   ол  сөз  жоқ   жеке  адам  болып  қалады.  Педагогикалық  қызметтің  жеке  стилінің   негізгі   белгілері:

- темпераментте /реакцияның  уақыты  және   жылдамдығы,  жұмысының   жеке  темпті,  эмоционалды  көзқарасты  білдіруі/;

- мінезде /педагогикалық  жағдайға  реакция/;

- оқыту  тәсілдерін   таңдауда;

- тәрбие   әдістерін   таңдап  алуда;

- педагогикалық  қарым-қатынас  стилінде;

- балалардың   әрекеті  мен  қылықтарына  әсер  тигізуде;

-  мінез- құлық   манерасында;

- мадақтау  мен  жазалаудың   түрлерін   жоғары    бағалауда;

- балаларға  психолого-педагогикалық   әдістермен  әсер  етуді   қолдануда.

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

 Дубровина И.В., Индивидуальные особенности школьников.- М., 1992.

 Левитов Н.Д., Психология характера.- М., 1981.

Бодалев А.А., Психология о личности.- М., 1988.

Выготский Л.С., Педагогическая психология.- М., 1990

Возрастная психология // Под ред. Л.Ф.Обуховой.М., 1996

Филипов Ф.Р. От покаления к покалению.-М.,1989

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-04-15 19:51:29     Қаралды-9703

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »