Психикалық дамудың заңдылықтары
Жоспар:
1. Психикалық дамудың биогенетикалық заңдылықтары
2. Ана құрсағындағы баланың жүйке жүйесінің қалыптасуы.
Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан қарастырғанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен жүйке жүйесінің төменгі алыптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасып, бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алыптардың шамалы кешірек дамуы биогентикалық заңдылық, бала жануарларға тән биологиялық түрге жататын жауар ата тегінің тарихи дамуын филогенетикалық дамуын қайталаумен шектелмейді. Баланың жүйке жүйесі әуелгі күндері қарапайым жәндәктердің (инфузориясын т.б.) жүйке жүйесі тәрізді жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан шашыраған жапырақ тәрізді болып келеді. Жапырақ бүктеліп түтік формасына ауысады, бұл көбінесе құрттарда кездеседі. Түтік үш буынға шеткі, ортаңғы және алдыңғы бөлінеді. Мысалы, құмырсқа, аралар т.б. насикомдарда кездеседі. Жүйке жүйесінің буындарының біреуі екіншісіне бағынбайды, автономды түрде қызмет атқарады. Дамудың жоғарғы сатысында алдыңғы буын үстем болып, бас миының негізіне айналады. Ана құрсағындағы баланың бас миының кейін даму себебі бас миы және оның қабығы-эволюциялық өзгерістердің соңғы кездегі жемісі. Балаға тән жүйке жүйесінің негізі-бас миы. Ол ана құрсағында едәуір дамып қалыптасып, туылғанан кейін өз қалыпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Баланың бас миы қабығы және оны микроскоппен көретін алты қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендіргіштерге жауап беруге (мысалы емуі) даяр болады.
Биогенетикалық заңдылықтарды тұңғыш рет дәлелдеген неміс зоологы Э.Геккель (1884-1919ж.ж.). Ол осы заңдылықтың жалпы бағытын шамамен бір түрге жататын жануарлар филогенезі ата-тегінің дамуын қайталайтынын атап көрсетті. Ал орыс морфологы А.Н.Северцов (1866-1936 ж.ж.) осы заңдылық ана құрсағында жүйке жүйесінің қалыптасуына қпатысты екендігін дәлелдеді.
Кейбір зерттеушілер Я,Я.Рогинский, М.Хэррис адамның психикалық дамуы биологиялық фоктордан емес, әлеуметтік ортаға байланысты деп түсіндіреді. С.Холл мен Ж.Болдунин т.б. баланың ақыл-ойының дамуы адамзат қоғам дамуының тарихын қайталайды-деп түсіндірді.
Бала қылығының ерекшеліктерін зерттеудің тәжірибесінде психика дамуында жалпы теория құру қажеттілігі пайда болды. Оны шешуге психологиялық бағыттар-функционализм, бихевиоризм, фредизм, гештальтизм т.б. Мұның әрқайсысы бала психикасынаң ең алдымен жалпы тұжырымдардың растығын куәландратын объект ретінде қарастырды.
Рефлекторлық концепцияны нығайту және ары қарай дамуының шартын құрған анатомиялық зерттеудегі нерв жүйесі . Осындай зерттеудің бірімен айналысқан ағылшын неврологы Чарлз Белл болды. 1811 жылы ол өзінің трактатының зерттеме жобасының «мазмұны» жаңа анатомиялық ми деп айналасындағы өзінің достарына таратты.
Белл трактатта өзінің ашқан жаңалығын жазған болатын және ол біраз уақытқа дейін мәлімсіз болатын кейіннен Беллден тәуелсіз француз фидиологы Ф. Мажанди (1783-1855) аналогиялық қорытындыға келіп, содан кейін барып ол ғылыми түрде мәлім бола бастады. Афференттік жүйке артқы ми арқылы эфференттік жүйкенің өту инпульсі Белла – Мажанди заңы деп аталады. Бұл мазмұны жағынан физиологияда Гарвеемнің ашқан қан айналысымен салыстырылады. Бірте - бірте рефлекторлық жолдарда локализация (шектеу) көрініс бере бастады.
Рефлекс ілімін дамыту жолында 19 ғ. 30 – 40 жылдарында неміс физиологы Иоган Мюллер мен ағылшын докторы Маршалл Холл рефлекс ілімінің даму жолына көп үлестерін қосты.
Маршалл Холл рефлекске табиғи негіздегі психикасы жоқ акттарды енгізді. Қозғалыстарды рефлекстерден шектеу үшін ол мидың артқы бөлігінің талшықтары екі түрлі жүйке жүйесінен тұратын сенсорлы және эксстомоторлы деп көрсетті. Ол рефлекс сезімтал талшықтардың қозуынан емес, бір-бірімен байланыссыз экссимоторлық жүйкелердің әсерінен болады деп айтты.
ХХ ғ.-20 –30 жылдары капитылизм кезеңі басынан экономикалық тоқырау кезеңін өткізді. Оның зияны бәрінен де АҚШ-қа тиді. Халық арасында жаппай жұмыссыздық белең алып, еңбекші халықтың шектен тыс жүдеуі таптық күрестің туындауын өршітті. Осының барлығы псмхологияның дамып отырған идеологиялық атмосферасын өзгертіп жіберді.
Осындай жағдайда жаңа өзгерістер болып,әртүрлі салада зерттеулердің қайта бағдарлануы жүреді және жаңа бағыттар пайда болады. Әлеуметтік психологмяға деген қызығушылық арта түседі. Болып жатқан мәселенің мотивін, құлық мотивінің проблемаларын анықтауға баса назар аударылады.
Психотерапия тек невротиктерге ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаларға , олардың ішкі қарама-қайшылықтарынан арылуға көмектесуге байланысты да қолданыла бастайды. Оның негізгі кеңінен тараған түрі психолониялық кеңес ретінде жүргізіледі. Психологиялық кеңес беру кең ауқымды, белгілі бір дәрежені иемденеді. Британ энциклопедиясының куаландыруынша « 30 жылдардағы депрессия психологияның белсендлігін арттырушы кезең болды. Кәсіптік кеңес беру жұмыссыздарға таралды, тұрғындардың сатып алу әдеттері талданды, ой-пікірлерді зерттеу үкіметтің саясатын қалыптастыруда өз көмегін тигізді.»
Флойд Олпорт секілді шыншыл бихевиористердің Ойлауынша әлеуметтік құлықты түсіндіруде , олардың ойында бірінші болып ішкі реакциялардың құлқына сыртқы факторлардың әсері ерекше деген бір ұстаным қабылданады.
Бұл үрейлі жағдайға – халықтық психологиялық конгреске қатысушылар куәгер болып отырды. Онда әртүрлі бағыттардың жетекшілері тіл табыса алмады. АҚШ-та алғаш рет өтіп отырған ІХ- халықаралық психологиялық конгресстің президенті – Джеймс Кеттлден ой бөлісуін сұрағанда , ол: « Психология- оған үлкен бір медузаны есіне түсіретінін айтты». 1932 жылы Копенгагенде өткен келесі конгресте, басты гештальттықтардың бірі – Келлер былай деді. « Психология әбден құрып бітеді, егер оның байланстырып тұратын жіптерін таппаса ».
Сонымен, ғылыми толыққанды зерттеулер жүргізу үшін, көптеген бізге белгілі , бірақ тарап кеткен ұғымдарды біріктіру қажет болды.
Бихевиоризмнен – бейне мен мотивтің әрекеті, гештальтизмда – бейненің мотив пен әректтен, фрейдизмде- қалған категориялардан мотив т.б. сияқты ұғымдар алынды. Бұл теориялық мақсаттар болды. Брақ бұлардың шешімдері әлеуметтік практиканың талаптарымен анықталды. Оқыту мен психодиагностика мәселелері орталық орында тұрды. Ал, « болжау мен бақылау » негізгі девиз болды. Уотсонның жоспары бойынша адамның құлқын бақылау жоспарлау деген иллюзиядан арылды. Бұл жаңа бағдарлама іздестіруге бағыттады. Өткен теориялардың бөліктерін біріктріп, кризистен шыығу мүмкін емес болды. 1932 жылы совет психологы – Выгодский: «Психологияның өзіндік фундаменті құрылу қажет » деді.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Мұқанов М., Жас және педагогикалық психология.- Алматы,1991.
2.Гамезо М.В., Возрастная и педагогическая психология.- Москва,1984.
3.Петровский А.В., Возрастная и педагогическая психология.- Москва,2003.
Жарияланған-2014-04-07 21:56:37 Қаралды-21220
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина