UF

 Жас ерекшелігі  психологияның пәні, міндеттері және әдістері.

 

                                                     Жоспар:

1. Жас ерекшелігі психологияның пәні.

2.  Жас ерекшелігі психологияның  проблемалары.

3.  Жас ерекшелігі психологияның ғылыми зеттеу әдістері.

Тәрбие және оқытуда жас ерекшелігі және даму психологиялық  мазмұнына кіреді. Тәрбие баланың мінез-құлқына және жеке адам болып қалыптасуына мақсатты бағытталған, ұйымдасқан процесс болса, ал    оқыту процесінің негізгі міндеті, бұл баланың жеке қабілеттіліктерінің дамуын қадағалау болып табылады. Тәрбие мен оқыту әртүрлі қызмет атқарғанмен, бірақ оларды бөліп қарауға болмайды, өйткені бұлар педагогикалық іс-әрекеттің бірікен өзара тығыз байланысты жағын көрсетеді және бұлардың практика жүзінде  бірге болып, нәтижесі бөлек болуы мүмкін емес. Сөйтіп біз әрқашанда тәрбие мен оқыту  пройестерін бір мезгілде өткіземіз.

Адамды тәрбиелеу, оқыту мәселесі мен филасофия, социология, тарих, педагогика, психология ғылымдары айналысады. Философия тәрбие, оқыту процесі тек адамда адамдық қасиеттерді қалыптастырумен, оның ұжымдағы  жүйесін анықтайды. Социологиялық аспектілер  тәрбиешілік және оқытушылық  функцияларды атқаратын әртүрлі топтар мен институттардың қалыпатасуы және олардың  мақсаттарын, мазмұндарын және әр тарихи кезеңдердегі оқыту мен тәрбие әдістерін қарастыру болып табылады. Әрине  педагогика мен психология оқыту және тәрбие проблематикасын терең және жан-жақты зерттейтін ғылым салаларының бірі. Педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын, мәселелерін, олардың әдістерін  және практика қалай жүзеге асуын  қарастырады.

Психологтар ерекше  көңілдерін оқыту мен тәрбие процестерін зерттеу кезінде тәрбиелік әсері бар оқу пәндеріне бөледі. Оларды тек оқыту мен тәрбиелеу барысындағы балаларды дамытушы эффектісі ғана қызықтырады.

Ал оқыушының жеке адам болуы, мұғалімнің, тәрбиешінің индивидуалдық психологиялық ерекшеліктерін, мұғалім – тәрбиеші – оқушы арасындағы өзара қарым- қатынасты  педагогика емес, бұл педагогикалық психологияның  сферасына кіретін мәселелер мен  міндеттер болып табылады. Ол балаларды, тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық  аспектісімен таныс, психологтар ғана зерттейді.

Жас ерекшелігі және даму  психологияның ең маңызды зерттеу облысының бірі – мұғалім психологиясы. Балалардың жақсы оқып, олардың жеке индивидуалдық дамуына әсер ету үшін, ұстаздың жалпы және спецификалық кәсіптік қасиеттері болуы қажет, соны зерттеу. Бұл жағдайда педагогтардың жоғарғы оқу орындарында арнайы психологиялық даярлықтан қалай өтті және ата – аналар мен мектеп ұжымының басшылығының психолого – педагогикалық жүесінің атқаратын ролі маңызды болып келеді. Сондықтан психолог – педагогты кәсіптік даярлықтан өтуі, оның кейінірек педагогикалық ұжымды басқаруына жоғарыла бастаса, оларды басару негізіндегі психологиялық білім алуы аса қажет.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеу психологиясында бірқатар шешілмеген мәселелердің теориялық және практикалық мәндері бар.

Оның ең маңыздысы бала өмірінің сензитивті кезеңінің дамцуына байланысты табу (нахождение) проблемасы. Бұл мәселенің шешілмегенділігі: біріншіден баланың индивидуалдылығы мен интеллект дамуның барлық сензитивті кезеңдері бізге белгісіз (олардың басталуы, ұзақтығы, және соңы): екіншіден әр баланың сензитивті кезеңі өмірінде әртүрлі индивидуалды өзіндік бейнелерді, әртүрлі уақытта басталып өтеді. Ең қиыны бұл сензитивті кезеңнің мерзімін нақты анықтау және баланың психологиялық қажеттерін кешенді анықтау қиынға түседі. Бұл комплекстің қай сензитивті периодта өтуі де белгісіз. Балаларды индивидуалды зерттеу барысында, дамудың әр түрлі сензитивті кезеңдерінің басталуын анықтауды үйрену қажет. Жас ерекшелігі және даму  психологияда қазіргі кезеңде бұл сұрақтарға қанағаттанатындай жауаптар жоқ.

Сондықтан біз балада психологиялық ерекшеліктер мен қасиеттер қалай пайда болып, қалыптасатынын біз білмейміз.

Елеулі шешілмеген мәселелердің біріне бұл педагогикалық тәрбиеден тыс қалған оқушыларды жатқызамыз. Олар негізінен сонау мектепке келген кезінде дұрыс қадағаланбаған балалар. Бірақ біз оларды өз қатарындағы оқушылар деңгейіне жеткізе аламыз, алайда ол үшін үлкен шыдамдылық пен күш - қуат керек.

Оқытудың индивидуализациясын қамтамсыз ету мәселесі бұл әр балаға өзіндік бағдарламалар мен әдістерді қолдану, оқыту мен тәрбиелеу амалдары олардың индивидуалдық ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Соңғы жылдары педагогикалық психологияда жаңа терминдер қолданыла бастады. Олар: әлеуметтік адаптация және реабилитация. Әлеуметтік адаптация бұл балалардың әлеуметтен тыс қалып, қайтіп адамдар арасына қалыпты өмірге оралуды айтамыз. Мысалы: көп ауырған балалар, арнайы балалар үйінде тұрғандар. әлеуметтік реабилитация бұл бұзылған әлеуметтік байланыстарды қалыптастыру, психикасы зақымданған балларды оқыту, және олардың сыртқы ортамен дұрыс қарым – қатынаста болуын қадағалау.

Жасөспірім, жеткіншектерге тест, ал кіші класс оқушыларына ауызша интервью пайдалануға болады.

Жас ерекшелігі және даму  психологияда арнайы әдістер кездеседі. Олар: психолого – педагогикалық  эксперимент, арнайы  психолого – педагогикалық тест, бұлар баланың қандай дәрежеде оқытылғанын және тәрбиеленгенін  көмектеседі.

Ұйымдасқан әдістер ұйымдасып өткізілетін зерттеулердің мақсатын, құрылысын, мазмұнын, даярлығын көрсетеді.

Процедурлық әдістер зерттеулердің толық немесе бөлектенген формаларын қарастырады.

Бағалаушылық әдістер берілген зерттеуде қатысқан балалардың психологиялық және құлықтық, қылықтық мінездерін анықтауда зерттеу нәтижелерін психолого – педагогикалық бағалау.

Тағдырдың шешілуі психолого – педагогикалық эксперименттің дұрыс ұйымдасуына және өткізілуіне байланысты, балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің негізгі эффектілі рекоминдациялар арқасында түзіледі. 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Мұқанов М., Жас және педагогикалық психология.- Алматы,1991.

2.Гамезо М.В., Возрастная и педагогическая психология.- Москва,1984.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-04-06 19:50:38     Қаралды-5648

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »