UF

Мектептегі 1-5 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру.

1. Мектептегі 1-5 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері.

Әскери-спорттық ойындар орта сыныптарда алғашқы әскери даярлық бағдарламасын меңгеруге ықпал ететін, оқушылардың дене және әскери-патриоттық тәрбиелейтін оқушылар жұмысының маңызды формаларының бірі болып табылады.

Оқуға кіріскен бала күн сайын үстел басында төрт сағат мектепте және бір жарым сағатқа дейін – үйде отыруға мәжбүр. Алайда сабақтан бос уақытта осы жастағы балалар әліде көп ойнайды. Олар жеткілксіз жетілмеген болсада шынайы қозғалыстың барлық түрін меңгерген, сондықтан жүгірумен, секірумен, лақтырумен байланысты ойындар оларға қызықты. Бастауыш сынып оқушылары арасында қозғалмалы ойындар өткізу кезінде бұл жастағы баллардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, олардың ағзасының қоршаған орта әртүрлі әсерлеріне қатысты бейімділігін және тез шаршайтындықтарың ескеру қажет. Бастауыш сынып оқушысының сүйегі әлі қалыптасуда. Шеміршек клеткалары тобының бірқатар қабаттылығы икемділікті негіздейді, әсіресе, омыртқаның. Бұлшықеттер қатысты әлсіз (атап айтқанда, арқа және бел-қарын бұлшықеттері). Тірек апаратының мықтылығын да соншалықты емес. Сондықтан ұзақ бұлшықет күштеулерінсіз, әртүрлі қозғалысты қозғалмалы ойындар үлкен маңызға ие.

Күш пен эергияның көп шығындалу талап ететін секіру, жүгіру және т.б. әрекеттері бар ойындарда баллар зор қозғалыстық белсенділік танытады. Алайда олар жеткілікті тез шаршамайды, әсіресе бірдей әрекеттерді орындау кезінде жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, қозғалмалы ойындармен айналысу кезіндегі дене жүктемелерін қатаң түрде ретке келтіріп және шекте отыру керек. Ойын өте ұзақ болмау тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларында көңіл бөлу функциясы әлі жеткілікті дамымаған, олар жиі ұмытшақ, бір заттан екіншісі тез ауысады. Осымен байланысты уақыты бойынша қысқа қозғалмалы ойындарды ұсынған жөн. 10-12 жастағы балалар үшін қозғалмалы ойындар қиындай түспек. Орта мектеп жасындағы балалар ағзасы үлкен тұрақтылықпен сипатталады. Сүйек – байланыс аппараттары жеткілікті икемді, иілгіш. Бұлшық еттер өсіп, нығая түсуде, сондықтан балалардың күштері әлі де әлсіз; ағза біржақты жүктемелер мен үлкен дене күш салуларына даяр емес. Алайда осы жаста жүрек және қан тамырлар әрекеті біршама тұрақталған, өкпе сыйымдылығы ұлғайған. Сондықтан ойындарға осы жастағы балалардың жақсы дене дамуларына ықпал ететін ұзақ емес жүгірулер мен секірулер, әртүрлі энергиялық ұзақ емес қол, аяқтармен, кеудемен қозғалыстар енеді.

Өсімтал ағза оттегіні көп қажет етеді. Баллардың демалу жүйесі бастауыш сынып оқушыларына қарағанда үлкен дамығандықпен ерекшеленеді, алайда тыныстаудың өзі жеткілікті терең емес белсенді қозғалыстары бар ойындар демалу апаратын бекітуге ықпал етеді.

 Қозғалмалы ойындар бар сабақтар үрдісінде балалар саналы еріктік күш салуды, машықтануды талап ететін көптеген қозғалыстарды меңгереді. 10-12 жастағылар үшін ойындар бастауыш сыныптарға арналған ойындарға қарағанда уақыты бойынша ұзақ. Кейде ойнаушылар шыдамдылықтың дамуына ықпал ететін үнемі қозғалыста ұзақ болғанға риза болады.

Осы жастағы баллар сындарлы ойлауды бастайды, оларды абстрактілі ойлануға қабілеттіліктер дамыйды, осының барлығы көптеген ережелері бар күрделі ойындарды меңгеруге мүмкіндік береді. Эмоцияларды бақылауды күшейту ойындағы жолдастарына қатынас бойынша тактикалыққа, тәртіліптілікке ықпал етеді. Көптеген қозғалмалы ойындар ойыншылар расындағы күрделі өзара қарым-қатынастарға құрылады. Бұл ойыншыларды бір мақсат-өз командасының жеңісі үшін күрес жасау-біріктіретін ұжымды топтарға (командаларға) бөлуі бар ойындарға тән.

Қозғалмалы ойындарға балалар әрекеті келісілген, дәлірек бола түспек, олардың ойын тактикасы жетіледі. Аңдып келе жатқан ойнаушылардан шапшаңәрі епті бұлтарып кетуі қабілеті айтарлықтай жоғарлайды; шартты қарсыластан жалтарып кету тәсілдерін таңдау еркі молая түседі. Әрекеттерді орындау шарттары күрделенеді, ойнаушылар алдына қойылған тапсырмалардың орындалу қиындығы жоғарлайды; ұжымдағы  ойнаушылардың өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптар маңызы көтеріледі. Ойын ережелері күрделенеді, ойын канфликтілерін шешу қатысушылардан жеткілікті дамыған еріктік қабілеттер мен шыдамдылықты талап етеді.

  10-12 жастағы балаларға біріккен күштері бірегей мақсатқа қол жеткізуге бағытталған ойындар қызықты. Оларды әрбір команда алдына нақты міндеттер қойылатын ойындар көп тарта бастайды, ол міндеттер: күш біріктіре басқа командадан басым түсу, ойында жеңіске жету.

Осы жас кезеңінің соңына қарай балаларды өзіндік қозғалыс әрекеттерін жетілдіруге мүмкіндік беретін ойындар ерекше қызықтыра бастайды. Оларға нәтиже ғана емес өздерінің ептілігін, мергендігін, шыдамдылығын, күштері мен тапқырлықтарын көрсете алатын ойын үрдісінің өзі қызық. Олардың ойындарында хороводтар, әндетулер, бейнеге еліктеулер жиі қолданылмайды. Бұл жастағы балалар шаңғымен жүруге және коньки тебуге үйрене бастайды; алынған дағдылар ойындарда қолданылады.

Әрекет сипаты мен қозғалыс түрлері бойынша осы жастағы балалардың қозғалмалы ойындары алуан түрлі. Бұл қуып жете жүгіруі, қозғалыссыз және қозғалыстағы кедергілерден секіріп өтуі, доп және ұсақ заттарды алысқа лақтыру, қағып алуы бар ойындарға тән. Ойындарда қозғалыстың бірнеше түрлерін үйлестіруге де болады.

Ұйымдастыруы бойынша күрделі өзара әрекеттестіктер, екі жақты ойындар балалардың өзінділігін ұмтылысын қанағаттандырады, өз ұжымының, өз командасының спортық мәртебесі үшін күресу қызығушылықтарына жауап береді. Алайда, жетекші қозғалмалы ойындарды дұрыс емес ұйымдастыру кезіндегі балалар мінез-құлқындағы тұрақсыздық, олардың өз күштерін шамадан тыс бағалаулары қаламаған істерге әкелуі мүмкін екендігін есте ұстаған жөн.

 

2. Мектептегі 1-5 сынып жастарындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар.

Парадта.

Ойын мақсаты балаларда назар бөлуді, сапта өзін-өзі ұстау іскерлігін, тәртіпті сақтауларын дамыту. Ойынға 10-12 адам қатысады.

Тегіс алаңда (орман алаңқайында) түзу сызықты жүргізеді де соны бойлай бір сапқа балаларды тұрғызады. Жетекшінің «Тарқандар!» бұйрығы бойынша ойнаушылар алаңды бойлап жүріп кетеді, осыдан кейін «Бөлімше, бір сапқа -  тұр!» бұйрығы бойынша барлығы жылдам сапқа тұрады. Сапқа ең сонынан тұрған немесе сапқа тұру кезінде сөйлескен артқа бір қадам жасап, ойыннан шығады. Жолдастарына сапқа тұруға әдейі кедергі жасағандарды ойыннан шығарылады. Ойынды бірнеше рет (5-6) қайталайды. Сапта ойынның сонына дейін қалған балалар жеңімпаз атанады.

Бұл ойынды түрлендіруге де болады. Бір бөлімшенің орнына екі немесе үш командирі бар бөлімшелерді жарыстыруға болады. Ойынның соңында сапта көбірек балалары қалған бөлімше жеңіледі.

 Бөлімше бір емес екі сапқа да тұруы мүмкін осыған байланысты бұйрықта өзгереді: «бөлімше, екі сапқа – тұр!».

Ойын жетістігіне балалармен ойын алдында балалармен өткізген әңгіме ықпал етеді, мұнда жетекші жауынгер үшін саптың мәнін және ҚР Қарулы Күштер саптық уставының негізгі ережелерімен балаларды таныстырады.

Кешіктің бе – бір қадам артқа.

Ойынға 10-12 адам қатысады. Жер бетіне арақашықтығы бір қадам болатын екі параллельді сызық сызылады. Бірінші сызық бойына бір сапқа бойлары бойынша балаларды тұрғызады. «Тарқандар!» бұйрығы бойынша ойнаушылар алаңды бойлап, жүгіріп кетеді, осыдан кейін «Қайтадан тұр!» бұйрығы беріледі.

Сапқа соңынан тұрған ойыншы бір қадам артқа екінші сызыққа тұрады.

Осыдан кейін ойынды қайталайды. Кешіккендер барлық уақытта екінші сызыққа тұрады. Ойын 5-6 рет өткізілгеннен кейін бірінші сызықта қалған балалар жеңімпаз атанады.

Солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс.

10-20 адам ойнайды. Ойнаушылар екі сапқа тұрады және бір қадамға бытырайды. Компас немесе күн бойынша ойнаушыларға горизант тұсын: солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысты нұсқау қажет. Содан кейін горизонт тұсын, мысалы солтүстік зор дауыспен атау керек. Ал балалар болса солтүске бетін бұрып, тез әрі анық бұрылыс жасау қажет.

Жетекші көрсеткен жаққа дұрыс емес бұрылған және қателескен, немесе бұрылуды дұрыс емес орындаған ойын ұпайын алады.

Жетекші горизонттың басқа тұстарын атайды, ойнаушылар бұрылыс жасайды. Аз ойын ұпайын алған жеңімпаз атанады.

Жолаушылар артынан жүру.

Ойнаушылар командирлері бар екі бөлімшеге бөлінеді. Әрбір бөлімшеге жалау түсі беріледі.

Әрбір қатысушы өзінің қай бөлімшеде екеніндігін және өз жалаушасының түсін есте сақтайды. Осыдан кейін бөлімше алаң бойынша тарап кетеді. Жетекші жалаушы жоғары көтеру бойынша жалаушы көтерген тұсқа бөлімше жылдам сапқа тұрады, мұнда әр бірі өз орнын табу тиіс. Сапқа тұру бөлімше командирінің: «бөлімше, бір сапқа (екі сапқа) – тұр!» бұрығы бойынша жүзеге асады.

Жылдам сапқа тұратын бөлімше жеңіске жетеді.

Ептілікпен асу.

Құмы бар терең емес шұнқыр үстіне қозғалыссыз бөрене бекітіледі. Қатысушылар шұңқырдың қара-қарсы тұстарына тұрады, бөрене үстімен бір-бірлеріне қара-қарсы жүреді, орта тұсында кездескен кезде әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ары қарай өтіп кетуге тырысады. Жеңімпаздар қойылған тапсырманы орындаған жеке жұптар немесе жақсы, оңымды өтудің көп санына ие болған командалар саналады.

Туды қағып ал.

Ойнаушылар саны 10-15 адам. Бір ұшында жалаушасы бар ұзындығ шамамен 2м сырық ту дайындалады.

Жер бетіне диаметрі 8-10 қадам болатын шеңбер сызып, беттерін орталық нүктеге қарата шеңбер бойын жағалай балаларды орналастырады. Жетекші ту қолына ұстай тұрып, шеңбер орталық нүктесіне орналасады. Содан кейін ойнаушылардың біреуіне атын атап сыртқы қолдан босатады. Жетекші атаған ойын қатысушысы жүгіріп, ту жерге құлағанша оны қағып алуы тиіс. Егер бұл оның қолынан келмесе, онда ол ту ұстаушы болып тағайындалып, ойын жетекшісінің орнына тұрады да, келесі жолдасын шақыру құқығына ие болады, егер ту құлап қалса, онда ұстап үлгермеген ойнаушы бір айыптық ұпай алып, өз орнына қайтады.

Ойын барлық ойнаушылар құлап бара жатқан туды қағып алуға бір немесе екі рет (қалай келісілгенге қарай) шақырылмайынша жалғаса береді.

Айыптық ұпай алмаған балалар жеңіске жетеді.

Жоғалған зат. Ойынға арналған ойынды орманнан немесе бұталар арасынан таңдаған жөн. Ойынның екі-үш қатысушысы 400-60 м-ге алға кетеді де, белгілі бір затты тығып қояды, олар: қару макеті, далалық сөмке, конверт, компас және т.с.с. Өз жолдарында олар әртүрлі белгілер қалдырады. Жердегі сілтемелер, сынған бұталар және т.с.с бұл белгілер жасырылған затты табуға көмектеседі. Жетекші қатысушыларға белгі туралы айтып береді, ойын ауданын нұсқап, белгі береді. Ойнаушылар жоғалағн затты іздеуге бағытталады. Затты бірінші тапқан жеңімпаз болмақ.

Орынды қатып қал.

Нұсқа 1. Жетекшінің қалыптастырған белгісі бойынша ойынның барлық қатысушылары 30-60 сек. бойы, тіпті бұл уақытта оларды маса немесе шіркей шақса да ешқандай қимыл жасамастан, бір орында қалшиып қатып қалулары тиіс. Оыс талаптарды орындағандардың барлығы жеңімпаз атанады.

Нұсқа 2. Отрядты жетекшіден бөлек шашыраңқы қадамдаумен, жүргізумен немесе өрмелеумен орналастыру қажет. Уақыт өте келе жетекші қолын жоғары көтеріп немесе белгілі бір дыбыстық белгі береді. Осыдан кейін әрқайсысы өз орындарында қалып 30-60 сек. бойы тіпті бұл уақыт ішінде қандай бір қолайсыз жағдайға немесе аяғы  балшық ішінде қалса да қозғалмай бір орында қалуы тиіс.

Жалаушаны іздеу.

Ойынды қар жауғаннан кейін, ескі шаңғы іздері жабылғаннан кейін өткізген дұрыс. Ойын орман шетінде немесе алаңқайда өткізіледі; ойынға қатысушылар бөлімшеге бөлінеді.

Аралық адам өз ісін жасыра және шатастыра отырып алға жүріп кетеді де, орманның бір жеріне жалаушаны жасырады, бірақ оны қармен көмбейді, 10-20 қадам қашықтықта көрінетіндей етіп ағашқа байлайды немесе қарға бекітеді. Жалаушаны жасырғаннан кейін аралық адам басқа жолмен орман шетіне қайтып келеді.

Аралық адамның іздері бойынша жалаушаны іздеуге ойынның барлық қатысушылары бағытталады. Жалаушаны бірінші тауып алған бөлімше жеңеді

Күзетшіні түсіру.

Бұл ойында балалардың есту өткірлігі, шусыз қозғалысы іскерлігі дамиды. Ойын ағаш жанында өткізіледі. Айналаға құрғақ ағаштар, жаңғақтар, қағаздар және т.с.с. шашылып тасталады. Ойнаушылар саны 15 адамға жетуі мүмкін.  Ойнаушылар бірінің көзін жауып, ағаш жанына оны күзетші етіп тағайындайды. Қалғандары диаметрі 20-25м шеңбер құрады.

 Күзетші осы шеңбердің орталық нүктесіне орналасады.

Ойнаушылар бір-біреуден күзет орнына жақындайды. Кім қолын ағашқа немесе күзетшіге тигізсе, сол күзетші орнын ауыстырады. Егер күзетші келе жатқан естіп қойса, онда ол: «Тоқта!» бұйрығын береді де, қолын дыбыс шыққан жаққа нұсқайды. Егер күзетші дұрыс тапса, өзін дыбыс беріп ұстап берген ойыннан шығарылады.

Ойын жетекшісі барлық ойнаушыларды бақылай алатын жерде орналасады.

Жасырына біл.

Ойын көп, жоғары өскен шөпті немесе бұталы қиылысқан жергілікте өткізіледі.

 Нұсқа 1. Ойын жетекшісі балалар ішінен бақылаушыны таңдайды, оның көзін байлайды да, белгі береді, бұл белгі бойынша балалар жан-жақты жүгіріп кетіп, тығылып қалулары керек.

40-60сек. кейін жетекші екінші белгіні береді, бұл белгіден кейін бақылаушы көз байламын шешіп, айналаға шолу жасап, табылған ойнаушылардың барлығын атауы тиіс.

Ең соңғы табылған немесе байқалмай қалғандар саны көп бөлімше жеңеді.  Нұсқа 2. Барлаушылар командирлері бар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда жетекшімен бірге ауданнан тыс жерде орналасады. Екіншілер белгі берілген бойда жасырынуға кіріседі. Осыған қоса өз әрекеттерін жолдастарымен келісуге, бір-біріне көмек беруге, жеке-жеке немесе топтасып жасырынуға, ойын барысында бір орыннан екінші орынға жасырынуға рұқсат беріледі.

10-15 мин. Кейін жетекші белгісі бойынша бірінші команда екіншіні іздеуге аттанады. Осыдан кейін олар орындарын ауыстырады. Барлаушылар санын көп тапқан команда жеңіл шығады.

Жетекші бір команданың балалары екінші жақ барлаушыларының қалай жасырылғандарын көрмейтіндіктерін қадағалауы қажет.

 Ойын жетістігіне жетекшінің жасыру тәсілдерінің мәні жайлы жүргізген әңгімесі ықпал етеді.

Мен сені көріп тұрмын.

Ойын шөбі қалың өскен алаңқайда өткізіледі. Ойнаушылар екі бөлімге бөлінеді. Бір бөлім 150-200м қашықтыққа алысқа кетеді де, тастарды, ағаштарды, бұталар мен жердің тегіс еместігін қолдана отырып жасырынады. Бұл уақытта екіншілері біріншілерге арқасын беріп тұрады. Бұйрық берілгеннен кейін 3-5 минуттай алаңқайға бақылау жүргізеді.

Қарсылас бөлімінен табылған әрбір мүше үшін бақылаушылар бір ұпайдан алады. Кейін бөлімдер орындарын ауыстырады. Ұпай саны көп болған бөлім жеңімпаз атанады.

 Ойын басталмас бұрын жетекші бақылау алаңқайының аралықтарға: жақын, орта және алыс бөліну тәртібін, сонымен бірге бақылау жүргізу және баяндап отыру ретін түсіндіреді.

Байқаусыз қал.

Ойнаушылар саны 20 адамға дейін жетеді. Қалың шөпті және бұталы жерде ойнаушылар тобының орналасқан жерінен 100-150м арақашықтықта жалауша орнатылады. Жалауша қасында жетекші тұрады. Ойнаушылар бұйрық берілгеннен кейінжетекшіге байқаусыз қала отырып, жалаушыға өрмелей жөнеледі. Көрініп қойылған ойыншы ойыннан шығарылады. Біраз уақыттан кейін жетекші ысқырық береді, осыдан кейін барлығы өз орындарынан тұрады. Жалаушаға бәрінен де жақын келген ойыншы жеңеді.

Жасырын жылжы.

 Қалың шөбі, бұталары бар алаңқай немесе орманда жетекші ойнаушылар алдына тапсырма қояды: балалар арасынан тағайындалған бақылаушыны 50-60м арақашықтықта бақылап, ізіне түсіп отыру керек. Уақыт өте келе бақылаушы тоқтайды, бұрылып, артына, жан-жағына қарайды. Ойнаушылардың байқалып қалғандары ойын жетекшісінің қасына барады. Бір ғана байқаусыз қалған адам қалмайынша, ойын қайталана береді. сол адам жеңімпаз атанады. Бақылаушы өз қалауы бойынша аялдама жасап отырады.

Ойынға жетекшілік етуге аралық адам көмектеседі, ал балалардың қозғалу шекарасының бұзылмауын және орнатылған арақашықтықта бақылау жүргізілуін қадағалайды.

Із бойынша.

Ойынға 2-3 бөлім қатысады.

Жетекші командирлерге бөлімше маршрутын, старт, жиналу нүктесін нұсқайды және тапсырма береді.

 Бөлім командирлері өз жауынгерлеріне қозғалыста жолында өздерінің қандай іздер тастап отыратындарынайтып береді.

 Белгі берілгеннен кейін командирлер өз маршруттары бойынша кетеді. 15 мин. кейін командирлер ізі бойынша барлық бөлім бір уақытта аттанады. Жетекші мен аралық адам артта қалып, бөлімше қозғалысының дұрыстығын қадағалайды. Басқаларға қарағанда өз командирі жанына жолдан таймастан тез жиналған бөлімше жеңімпаз атанады. Егер жергілікті аймақ мүмкіндік берсе, маршрут шеңберлі болуы мүмкін. Қыста ойын шаңғымен өткізіледі.

Вымпел үшін күрес.

Ойнаушылар саны 20-30 адам. Олар командирлері бар тең екі командаға бөлінеді. Бұталары көп, ашық сирек өскен орманда өткізіледі. Егер таңдалған жер жолмен, жолайрықпен тең етіліп бөлінсе, бұл ойын үшін өте қолайлы болар еді.

Әрбір бөлім өз арқасында немесе қолында арнайы белгіге және вымпелге ие болады, ол 20-30м арақашықтықта көрінетіндей етіп орналасады.

Ойын жетекшісі міндеттерді бөліп береді: біреулері – барлаушылар, басқалары – күзетшілер және олардың алдына тапсырма міндеттер береді

Барлаушылар қарсылас аймағына басып кіріп, вымпельді тауып, оны өз территориясына алып өтуі керек;

 Күзетшілер вымпельді ұрлап алуға рұқсат бермей, барлаушыларды ұстап алу.Қарсылас барлаушаны ұстап алса ойыннан шығарылады. Қарсылас вымпелін өз территориясына бірінші әкеле алған бөлім жеңіске жетеді. Егер олардың біреуіне бұны істеу қолдарынан келмесе, қарсылас барлаушыларының көп көп санын ұстағандар жеңімпаз атанады.

Отты нүкте жарылысы.

Ойынға 10-15 адам қатысады. Ойнаушылардың бір бөлігі бұталар арасына тығылады, бұл бұталар арасына ену қиындық тудырады және қорғаушыларға жақсы көрінетін жерде орналасқан. Бұл отты нүкте. Оны айнала он шақты қадамдай жерде жалаушалар жерге тігілген. Ойынның басқа қатысушылары отты нүктеден алысырақ бастапқы қалыпқа ие болады да, тапсырма алады, ол: отты нүктені жару, яғни жалаушалармен шектелген кеңістіктің ішіне ұнтақ ағаштары немесе басқа ауыр емес жүгі бар қапшық немесе пакет түріндегі бестен кем емес танкке қарсы гранат лақтыру. Әрекет ету жоспарын талқылағаннан кейін шабуыл жасаушылар әртүрлі тәсілдермен отты нүктеге жақындай бастайды. Олардың біреуін байқап қалған қорғаушылар жабуыл жасаушы тегін атайды немесе оынң қайда орналасқанын қатты дауыспен жариялайды. Байқаланып қалған ойыннан шығады. Бұл шапалақ немесе ысқырық дыбысымен үстемеленуі мүмкін. Егер шабуыл жасаушылардың біреуі болса да ойында қалып жетекші анықтаған мерзім тапсырманы орындаса шабуыл жасаушылар жеңіске жетеді.

«Тіл» артынан.

Ойын желсіз, қараңғы батқан кезде және кішкентай ғана дыбыс барлаушыны ұстап берер сәтте өткізіледі. Қару-жарақ макетімен қаруланған ойнаушылар не еңкейе, не еңбектей, ешқандай дыбыс шығармастан өте абай қимылдайды. Барлық бой биіктігіне жүруге болмайды: түнгі аспан жарығында адамның қараңғы фигурасын оңай аңғаруға болады.

Ойынды кез-келген жер аумағында өткізуге болады. Жетекші ойын өткізуге болатын жерге қатысушылар ішінен үш баланы таңдап, жібереді, олар ол жерлерде тығылады. Оларға бір орыннан бір орынға жылжуға рұқсат етіледі.

15минуттан кейін қалған қатысушылар «тілді» тауып алу үшін ойын ауданына аттанады. Бұл тапсырманы орныдау үшін 30 мин. уақыт беріледі.

 Егер «тілді» бейнелеуші барлық балалар табылып, қолға түссе тапсырма орындалған және ойын аяқталған болып есептеледі.

Түнгі барлау.

Ойын ымырт уақытында ойналады. 15-20 адамы бар екі тең бөлімдер қатысады. Әр бөлімде 5 адам күзетші, қалғандары барлаушылар.

Бір-бірінен 200-300м арақашықтықта орналасқан орман ішіндегі екі алаң таңдалады. Алаңға орналасып болғаннан кейін отрядтар жетекшіден ақ қағаздан жасалған он кішкене жалаушадан алады: бір отрядтікі – төртбұрыш, екіншісінікі – үшбұрыш. Оларды алаң бойына биік емес ағаштар мен бұталарға бір-біреуден іледі.

Ойын дыбыстық белгімен басталады. Барлаушылар қарсыластың алаңына дыбыс білдірместен еніп, барынша көрмеген жалаушаларды жинап оны өз лагеріне алып келуі тиіс.

Алаңды күзетуші күзетшілер байқалып қалған қарсылас барлаушыларына шабуыл жасап оларды ойыннан шығарады. Жалаушаларды қорғау оңай емес: әр адам, күзетші ойын басында бір-біріне тіптен жақын орналаспаған екі жалаушаны қорғауына тура келеді, сондай ақ қарсылас барлаушыларды да жалаушаларды оңай жолмен алып кету үшін әр түрлі тәсілдермен күзетші назарын басқа жаққа аударуға тырысады.

Алайда барлаушылар тапсырмасы да оңай емес: күзетшінің көзінше жалаушасын алып кету ғана емес, өз алаңына да жетіп алуы тиіс. Өз алаңына жақындаған кезде қарсыласының барлаушыларымен қақтығысып қалып ойыннан шығып қалуы да мүмкін.

Отыз минут аяқталған кезде ойынның аяқталу белгісі беріледі.

Қарсылас жалаушаларының көптеген санын жинаған отряд жеңімпаз атанады.

 

Негізгі әдебиеттер

1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.

2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.

3.  Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық»   Журнал.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-03-31 20:04:58     Қаралды-3570

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »