UF

 Әскери – спорттық кешені дене дамыту   дайындығығының негізгі бөлімі. 

 

 

1. Әскер қызметкерлерінің әскери қабілеттілігі және дене даму дайындығын жоғарлатуда әскери-спорттық кешенінің  рөлі.

Қарулану және әскери техниканы жетілдіру әскери еңбектің терең бөлінуіне, жаңа әскери техникалық мамандықтардың пайда болуына, дене және жүйке-психикалық жүктемелердің жаңа түрлерін пайда болуына алып келеді. Осылайша, бір қатар мамандардың әскери-кәсіби қызметтері оператор еңбегінің сипаттық белгілеріне ие болады, әскери қызметкерлері орындайтын операциялар күрделенді. Олар ақпараттың үлкен көлемін тез қайта өңдеу қабілетін талап етеді, ұзақ жұмысқа деген тұрақтылықты, ұқыптылықты қажет етеді. Осыған қоса, ең күрделі және жетілдірілген құралдардың өзі елементарлы сонымен бірге ойлау операцияларының күрделі түрлерін орындауға адам орнын баса алмайды.

      Құралдандырудың күрделенуі әскер қызметкерлерінің келісілген қызметтерінің топтық дағдысын өңдеуге, ұжымдық қызмет көрсетуді талап ететін жүйелердің пайда болуына алып келеді.

Қарулы күштердегі дене даярлығы – дене тәрбиесі жүйесінің бөлімдерінің бірі, сонымен бірге әскер қызметкерлерінің әскери оқыту және тәрбиеленудің маңызды әрі ажырамас бөлігі, жауынгерлерді әскери даярлау пәнінің бірі бола отырып, жүйесіне енеді.

      Әскери қызметкерлерінің дене даярлығына қойылатын талаптар негізінде қалыптасатын дене даярлық мақсаты жетекші жүйе жасаушы фактор болып табылады. Олар қызметтегі міндеттерді жетістікті орындау үшін қажетті сапалардың және жеке құрамның әскери-кәсіби іс-әректтері негізінен шығады.

Соғыста жаңа техникалық құралдарды қару-жарақтың ракета – ядролық және басқада түрлерін қолдану күтпеген факторлардың әскерін жоғарлатады және әскерлерге қарсыластардың шабуыл жасауына үнемі әскери даярлықта болуға талаптар қояды.

      Үнемі әскери даярлық кезекшілік кезінде іс-әрекеттердің дәлдігін сақтауға ерекше талаптар қояды. Ол жоғары дене шыдамдылығы бар тұлғаларда кейінірек байқалатын шаршау деңгейіне тікелей тәуелді.

Жеке құрамдағы арнайы сапалардың қалыптасуына және жұмысқа деген қабілеттілігін сақтауда қамтамасыз ете отырып дене даярлығы жауынгерлер әскери дайындығының қолдаудың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

      Бүгінгі таңдағы күрес құралдар мен күштердің жоғары ептілігімен, қуаттылығы және жылдамдылығымен, жағдайдың тез әрі аяқ асты өзгеруімен, адамзат факторы рөлінің күшеюімен сипатталады. Күрестер әскери қызметкерлерімен моральды-әскери және дене жоғары сапаларын, зор психикалық және дене күштемелеріне шыдау қабілеттерін талап етеді. Әскери әрекеттің жоғары интенсивтілігі уақыттың аздылығымен түсіндіріледі және бұл уақыт үнемі қысқартылуда. Әскери іс-әрекеттер мен тәсілдерді орындау кезінде уақытты үнемдеу жеке құрам әскери шеберлік көрсеткіштердің бірі болды және ол тек қана жоғары дене даярлығы базасында мүмкін болмақ.

      Әскери жағдайдағы уақыт аздығы, жұмыстың жеке темпін қолдануға мүмкіндік бермейтін іс-әрекеттің ұжымдық сипаты жеке құрамның шектен тыс дене және психологиялық шаршап-шалдығуына алып келеді.

     Дене шынықтыру әскер қызметкерлерінің ұрыс қабілеттіліктеріне үлкен ықпал етеді және ол біріншіден жауынгерлердің әскери әдет дағдыларын жоғарылатуда және жағдайдың жағымсыз факторларына ағзаның тұрақтылығын көтеруде, екіншіден, моральды – саяси және психологиялық сапаларды жетілдіруде көрінеді.

      Бейбіт өмір кезіңінде жауынгерлердің әскери шеберлігі тәжі ретінде қарастырылатын әскери даярлық тұтасымен алғанда берілген уақыт көлемінде әскери тапсырманы жоғары сапада орындауы бар. Қарулы Күштер бөлімдері мен бөлімшелердің, әскери қызметкерлерінің қабілеттерінде көрініс береді. Сондықтан, барлық деңгейлі командирлердің әскери әдет-дағдылардың кез-келген тарау аңызын жауынгерледің әскери даярлық жағдайындағы оның қосымшасы бойынша бағалауға ұмтылуы толығымен түсінікті.

      Әскери – кәсіби қызмет ерекшеліктеріне дене және психикалық жүктемелер, қозғалыс белсенділігінің тәртібі, өмір сүру ортасының сипаты, қызмет ету мерзімі және әскери қызметтен байланысты әрі әскери техника және қару- жарақтардың  даму деңгейіне тәуелді басқа да факторлар жатқызылады.

      Далалық әдет-дағдыларға дене даярлық факторының әсері барлық әскери мамандықтар үшін сипатты. Қозғалыс дағдыларының жеткілікті арсеналының бар болуы, іс-әрекеттің бір тәсілдерінен басқасына тез әрі тиімді көшу қабілеті – автоматталған жүйе оператор жұмыс сенімділігінің маңызды шарты. Дене машықтануының жоғары деңгейі жауынгер бойында жағжайды жылдам бағалау, күрделі жағдаяттарды шешімді қабылдау қабілеттерін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

      Жоспарлы өткізілген дене даярлықтары әскери оқу үрдістерін күшейтуге көмектеседі. Мұндай жүктемелерді алып жүру дене күштері машықтанған адамдардың ғана қолдарынан келетіні түсінікті. Дене даярлығының төмен деңгейі жауынгерлер мен бөлімшелердің оқу-әскери тапсырмаларды орындауына кері әсерін тигізеді. Осылайша, жауынгерлер тәжірибесі куә болғандай дене даярлығы жауынгерлер түрлері және Қарулы Күштер барлық түрлерінің жеке құрамының әскери шеберліктерін жоғарлатудың маңызды құрамы, әскери қызметкерлердің кәсіби әдет дағдылар деңгейінің көрсеткіші ретінде көрініс береді. Оның орны ең алдымен дене сонымен бірге ақыл-ой жұмсы қабілеттілігн жоғарылату және сақтауда оларды қиын жұмыстан кейінгі деңгейін қайтадан жылдам қалпына келтіруде көрінеді.

      Осыған сүйене отырып әскери қызметкерлер оқу-әскери іс-әрекеті әскери техниканы және қарулануды тиімді әрі сенімді қолдануда жағдайдың әртүрлі шарттарында тез, нақты және жетістікке қол жеткізе отырып әрекет етуде.

Қарулы Күштердегі дене даярлығының негізгі мақсаты әскери және басқа тапсырмаларды олардың белгіленулеріне сәйкес орындау үшін әскери қызметкерлердің дене даярлықтарының қажетті деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

  Дене даярлығы үрдісінде бірінші кезекте күш, жылдамдық, шыдамдылық және ептілік, осыдан кейін теориялық білім және ұйымдастырушылық – әдістемелік біліктер мен дағдылар қалыптасады.

  Дене даярлығының мақсатына жалпы және арнайы міндеттерді шешу көмегімен қол жеткізіледі.

      Әскери қызметкерлер дене даярлықтарының жалпы міндеттері болып табылады:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Үйлесімді дене және рухани даму;
  • Талап етілетін деңгейде шыдамдылықты, күшті, жылдамдық пен ептілікті қолдау және дамыту;
  • Қол күресу, әскери-қолданбалы жүзудегі шынайы және қолдан жасалған кедергілерді жою, белгіленген аймақ бойынша жылжудағы дағдыларды қалыптастыру.

Дене даярлығының арнайы міндеттері Қарулы Күштер түрлері жеке құрамының әскери-кәсіби әрекеттерінің ерекшеліктеріне негізделген. Олар әскери қызметкерлердің іс-әрекеттерінің шарттарын және нақты ерекшеліктерін есепке ала отырып қалыптасады.

Дене даярлығының арнайы міндеттері төмендегілер болып табылады:

  • Ракета бөлімшелерінің жеке құрамы, оқу әскери бөлімі мен бөлімшелер курсанттар үшін – жалпы және күш шыдамдылығын дамыту;
  • Арнайы әскери бөлімшелермен әскери бөлімдердің жеке құрамдары үшін – жылдамдығын, күшін және күш шыдамдылығын дамыту;
  • Тыл бөлімшелері және әскери бөлімдердің жеке құрамы үшін күшін, жылдамдығын (шапшандығын) және жалпы шыдамдылығын дамыту;
  • Диверсияға қарсы күрес және қорғаныс, күзет бөлімшелерінің жеке құрамы үшін – жалпы және күш шыдамдылығын дамыту, кедергілерді жоюдағы дағдыларды жетілдіру, қолмен алуды жүргізуге даярлығын ұштау, зор дене жүктемелеріндегі ұжымдық іс-әрекетте дағдыларды жетілдіру.

Дене даярлығы арнайы міндеттерді шешуден өзге әскери кезекшілігі кезіндегі оң тайлы жұмыс қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз ету және осы оңтайлы жұмысқа қаблеттілікті ұзақ кәсіби жүктемеден кейін қайта қалпына келтіруі тиіс.

      Қарулы Күштердегі дене даярлығының қорланған тәжірибесінің көрсетуінше арнайы міндеттер жетістікке қол жеткізе отырып шешіледі егер олар бірнеше мамандықтар талаптарының жалпылығы негізінде қалыптасса,осыған қоса әскери бөлімдер мен бөлімшелердің ұйымдастырушылық құрылымы ескерілсе.

Әскери-спорттық комплекс – ҚР Қарулы Күштер жеке құрамын әскери оқыту және тәрбиелеудің маңызды әрі ажырамас бөлігі,әскери доярлық негізгі пәндерінің бірі болып табылады.

Әскери-спорттық комплекс және әскери-спорттық ойындардың негізгі мақсаты - ұрыс ісәрекетіне әскери қызыметкерлерінің дене даярлықтарын қамтамасыз ету,осыған қоса оларды оқыту мен тәрбиелеудің басқа да міндеттерінің щешімін табуға ықпал ету.

Әскери қызметкерлер әскери-спорттық комплексінің жалпы міндеттері төмендегілер болып саналады:

1.шыдамдылықты,күшті,шапшандық пен ептілікті дамыту және үнемі жетілдіріп отыру;

2.қол күресі,әскери-қолданбалы жүзудегі кедіргілерді жою,шаңғыда және басқа түрдегі жергілікті қлып өту бойынша дағдыларды меңгерту;

3.дене дамуын жақсарту,денсаулықты нығайту және әскери-қолданбалы іс-әрекеттің жағымсыз факторлар әсеріне ағза тұрақтылығын жоғарлату.

  

2. Дене дамыту даярлық мазмұны

 

      Дене даярлық міндеттерін тиімді шешу үшін жаттығулар талап етілген деңгейде дене және арнайы сапаларды,әскери-қолданбалы дағдыларды  қолдау және  дамыту бағыттарына сәйкес қолданылады.

      Дене сапалары - бұл қозғалыс іс-әрекетін қамтамасыз ететін ағза қасиеті. Әскери қызметкерлердің негізгі дене сапаларына жатқызылады: шыдамдылық, күш, шапшаңдық пен ептілік.

      Шыдамдылық деп жұмысты оның тиімділігін төмендетпестен ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде орындау қабілеті түсіндіріледі. Шыдамдылық жалпы және арнайы болуы мүмкін. Ол ағзаның физиологиялық мүмкіндіктеріне негізделеді. Шыдамдылықты дамыту құралдары болып саналады: қозғалысты жылдамдату, шаңғымен жүру, кедергілерді жою, жүзу, спорттық және қозғалыс ойындары.

      Күш деп сыртқы қарсыласуды жою немесе бұлшық ет күштері есебінен оларға қарсы тұру қабілеті түсіндіріледі. Күшті дамытуға әртүрлі тартылулар көмегімен бұлшық ет қуаттылық деңгейін ұлғайтуға әсер ететін дене жаттығуларын қолдану арқылы қол жеткізіледі. Осы мақсатта салмақты көтеру және тасымалдауға дене жаттығулары, гимнастикалық снарядтар мен тренажерлардағы күш жаттығулары, жеке салмақпен жаттығу жасаулар қолданылады.

      Шапшаңдық деп ең аз уақыт ішінде қозғалыс әрекеттерін жүзеге асыру қабілеті түсіндіріледі. Шапшаңдықты дамыту жылдам қозғалыстық реакциялар және қозғалыстың жоғары жылдамдығын талап ететін дене жаттығуларының көмегі арқылы жүзеге асады. Осы мақсатта әртүрлі жылдамдықты және жылдамдық-күш жаттығулары (қысқа аралыққа жүгіру, секіру, айналу және т.с.с.), сонымен бірге жағдаяттың аяқ асты және динимикалық өзгеруін сипаттайтын жаттығулар (спорттық және қозғалыс ойындары кедергілер жолындағы жаттығулар және т.с.с.) қолданылады.

      Ептілік деп қозғалысты біріктіру, мақсатты түрде үйлестіру, оларды біртұтас ретінде ұйымдастыру, меңгерілген әрекетті есепке ала отырып қозғалысты бағдарлау немесе өзгермелі шарттармен сәйкес оларды қайта қосу қабілеті түсіндіріледі.

      Ептілікті дамыту екі жолы арқылы жүзеге асырылады. Біріншісі әскери қызметкерлердің қозғалыс тәжірибесін жүйелі түрде қозғалыстың жаңа формаларымен толтыру, екіншісі - аяқ асты өзгермелі жағдаяттар шарттарында пайда болған координациялық қиыншылықтарды жеңумен байланысты.

Бірінші жол қозғалыс іскерліктерінің қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде пайда болатын ауытқуларды жеңу және қозғалыстарды үйлестіру қажет ететін жаңа дене жаттығуларының үйрену үрдісінде қол жеткізіледі.

Екінші жол әдеттегі дене жаттығуларына қозғалыс координациясына қосымша талаптар қоятын әдеттегіден тыс фактор енгізу арқылы жүзеге асады. Осы мақсатта гимнастика тарауынан, кедергілерді жеңу, қол күресі, спорттық және қозғалыс ойындарынан алынған дене жаттығулары қолданылады.

             Гимнастика және атлетикалық даярлық.

      Гимнастика және атлетикалық даярлық сабақтары ептілікті, күш және күш жыдамдылығын, икемділік, теңселу және жүк көбеюге деген тұрақтылықты, кеңістік бағдарды, қолданбалы қазғалыс дағдыларын дамытуға, батылдық пен шешім табуға тәрбиелеуге, сымбаттылықты, тартылымдылықты жетілдіруге бағытталған. Гимнастика сабақтары кезінде оқушылар бойында қозғалыс біліктері мен дағдыларын сапалы қалыптастыру үшін қажетті шарттар құрылады.

      Сабақта гимнастикалық аландар мен қалашықтарда, спорт залдарында  немесе арнайы жабдықталған ғимараттарда, машықтану комплекстерінде, сонымен бірге жергілікті жерлерде өткізіледі.

            Қол күресі

      Қол күрес сабақтары қарсыласты жою, оны қатардан шығару немесе тұтқындау, оның шабуылынан өзіндік қорғану, сонымен бірге батылдықты, өз күшіне сенуге тәрбиелеуге бағытталған.

Қол күрес сабақтары өткізіледі:

  • Қаруды қолданатын күрес тәсілдерін оқыту кезінде – стационарлы және көшпелі тұлып, нысандары (тоқыма шарбақтары), көшпелі кедіргілері (қабырғалар, шарбақтар, аз байқалатын кедергілер және т.с.с.), баспалдақты алаң қайлар, терезесі бар үйлер фасадымен, тактикалық аландар, қарауыл қалашықтар мен кедергілермен жабдықталған арнайы алаңқайларда;
  • Қаруы жоқ күрес тәсілдерін оқыту кезінде – ұнтақ және құмы бар арнайы дайындалған тегіс шөпті алаңқайларда немесе спорт залдарында (мақтасы бар кілемшелерде).

    Кедергілерді жеңу

Кедергілерді жеңу сабақтары қолдан жасалған және табиғи кедергілерді жеңу дағдыларын қалыптастыру және жеңуге, арнайы тәсілдер мен әрекеттерді орындауға, шапшаңдық және жылдамдық – күш шыдамдылығын дамытуға, зор дене жүктемелері фонындағы ұжымдық әрекеттердегі дағдыларды жетілдіру, өз күшіне сенуіне, батылдық пен шешім табуға тәрбиелеуге бағытталған.

      Кедергілерді жою жеке шынайы (қолдан жасалған) кедергілермен жабдықталған жергіліктерде немесе әскери киім формасын киіп, кедергілердің арнайы құрылған жолақтарында өткізіледі.

           Жеделдетілген қозғалыс және жеңіл атлетика 

Жеделдетілген қозғалыс сабақтары шыдамдылықты, шапшаңдықты, жылдамдық – күш сапаларын дамытуға, тегіс және қиылыстырылған жергіліктер бойынша жүру, жүгірудегі дағдыларды жетілдіруге, еріктік сапаларды тәрбиелеуге бағытталған. Сабақтар стадионда немесе тегіс алаңқайда (спорт залда), сонымен бірге жол және жолдан тыс бойынша ойлы-қырлы жергіліктерде өткізіледі.

          Шаңғы даярлығы   

Шаңғы даярлық сабақтары шаңғыда қозғалу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіруге, шыдамдылықты дамытуға, ерік сапаларын тәрбиелеуге, ағзаны шынықтыруға бағытталған. Сабақтар ереже бойынша екі оқу сағаттарында фронтальды немесе поток әдісі ұзақтылығымен жүргізіледі.

         Әскери-қолданбалы жүзу

Әскери-қолданбалы жүзу сабақтары әскери-қолданбалы жүзудегі дағдыларды қалыптастыруға, суда өзін-өзі игеру және шындауға тәрбиелеу, жалпы төзімділікті дамытуға бағытталған.

      Сабақтар жүзу техникасын жақсы меңгерген және оқыту әдістемесін жетік білетіндер сонынан көмекші бөлінген әскери қызметкер – тек бөлімше командирінің жетекшілігімен жүргізіледі.

          Спорттық және қозғалыстық ойындар    

Спорттық және қозғалыстық ойындар сабақтары шапшаңдықты, ептілікті, жалпы және жылдам шыдамдылықты, кеңістік бағдарды дамытуға, ұжымдық іс-әрекеттердегі дағдыларды қалыптастыруға, тұрақтылық, шешім табушылық, инциатива және тапқырлыққа тәрбиелеуге, ақыл-ой және дене жұмыс қабілеттілігін қолдауға, оқу – күрес іс-әрекет эмоционалды күшін басуға бағытталған.

      Спорттық және қозғалыс ойындар сабақтар ашық ауада және спорт залдарында ұйымдастырылады. Дайындық және сабақтың қорытынды бөлімдері саптың құрамында, негізгі бөлімі – саптың құрамында немесе бөлімшелерде (командалар бойынша) өткізіледі.

 

         3. Әскери-спорттық кешен жаттығуларын өткізу әдістемесі

 

Гимнастика және жеңіл атлетика сабақтары ептілікті, күш және күш шыдамдылығын, икемділікті, кеңістік бағдары, қолданбалы қозғалыс дағдыларын дамытуға, батылдық пен шешім таба білуге тәрбиелеуге, тұлға және тартымдылықты жетілдіруге бағытталған. Гимнастика сабақтарында оқушылар бойында әдістемелік біліктер мен дағдыларды сапалы қалыптастыру үшін шарттар құралады.

Сабақтар гимнастикалық аландар мен қалашықтарда, спорт залдар немесе арнайы жабдықталған ғимараттарда, машықтандыру комплекстерінде, сонымен бірге жергіліктерде жүргізіледі.

Даярлық бөліміне қатардағы тәсілдер мен назар бөлу жаттығулары, жүру мен жүгіру жаттығулары, бір орында орындалатын жалпы дамытушы жаттығулар, ерікті жаттығулар комплесі,екеуге арналған жаттығулар, сонымен бірге «секіріп-міну» және «секіріп-түсу» жағдайын жетілдіруге арналған жаттығулар, арнайы және секіру жаттығулары енеді. Даярлық бөліміндегі жалпы дамытушы жаттығулар әуен қолдана отырып немесе оны қолданбастан, гимнастикалық қабырғада, гимнастикалық орындық, доп, таяқ, гантелдермен (дене жаттықтырушылар жатығып ойнайтын екі басы шоқпар ортасы тұтқалы кірлер) орындалуы мүмкін.

Сабақтың негізгі бөліміне көпір ағаштағы, брустағы (астында тірегі бар қатар орнатылған жарыспалы екі ағаш гимнастика аспабы) дене жаттығулары, тіректік және тірексіз секірулер мен комплекстік жаттығулар, кірлермен орындалатын жаттығулар, салмақ тереңдігінде, өрмелеу, қозғалысты ойындар және эстафеталар енеді.

Кірлер қолданылатын жаттығулар, жаттығулардың гимнастикалық снарядтарындағы дене жаттығулары даярлық жаттығуларының көмегін қолдана отырып тұтасымен және бөлшектер бойынша үйретіледі, ал ерікті жаттығулар комплекстері – бөлімделіп үйретіледі.

Гимнастикалық жаттығулардағы машықтандыру оларды көп қайталаумен бекітіледі. Күрделі дене жаттығулары алдымен бөлшектеліп, кейін тұтасымен жетілдіріледі.

 Дене жүктемесін және интенсивтілікті жоғарлату үшін барлық әскери қызметкерлердің қатысуымен бір уақытта, кезектесіп, сапта, колонналармен, бір-бірімен немесе бірнеше адам ағымдарымен, бір-біріне көмектескен күйі жұпатсып өткізілетін гимнастикалық жаттығулар қолданылуы мүмкін.

Гимнастикалық жаттығуларды орныдау үшін саптан шығу мысалы: «Қатардағы сұлтан» бастапқы жағдайға адымда (жүгір) бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Өз тегін естіген әскери қызметкер саптық тік тұруды қабыл алып, «Мен» - деп, жауабын береді, орындау бұйрығы бойынша «Құп болады» жауабын береді, осыдан кейін снарядтың оң жағында саптық жүріс немесе жүгірумен бастапқы жағдайға ие болады және гимнастикалық тік тұруды қабыл алады (оң аяқ жарты қадамға қалдырылады, қолдар арт жақта біріккен, дене салмағы екі аяққа тең бөлінеді).

 «Снарядқа» бұйрығы бойынша («Алға»-секірулерін орындау кезінде) оқушы саптық тік тұруды қабыл алып, снарядқа жақындайды, дене жаттығуларын орындайды, маттан түсіп, сабақ жүргізуші жетекшіге тік бұрылады. Гимнастикалық жаттығулар «секіріп-міну» және «секіріп-түсу» жағдайын қысқа уақыттың фиксациялаумен басталады және аяқталады.

«Снарядқа»(«Алға») бұйрығы бойынша кезекті оқушы бастапқы жағдайға көшеді, ол жаттығуды орындап болған соң – сапқа тұрады.

 «Снарядқа» («Алға») бұйрығынан кейінгі тексеруде әскери қызметкер саптық тік тұруды қабыл алады да, тексеруші жағына басын бұрып, әскери лауазымын және тегін баяндайды.

 Дене жаттығуларын бір уақытта орындау үшін әскери қызметкерлер «Бөлім бастапқы қалыпқа адымда (жүгір) бұйрығы бойынша саптын шығады. «Снарядқа» немесе «Алға» бұйрықтары бойынша оқушы дене жаттығуларын орындап, жетекшіге бетімен бұрылады да, оның бұйрығы бойынша сапқа қайта оралады.

 Жұптасқан күйде дене джаттығуларын орындау үшін әскери қызметкерлер «бірінші» және «екінші» саналады да, мысалы «Бөлім, снарядқа екеуден, солға алшақтан » бұйрығы бойынша ажыратылады. Осыдан кейін «бірінші нөмірлер бастапқы жағдайға, екінші нөмірлер – сақтандыру және көмек көрсету үшін, адымда », бұл бұйрық бойынша оқушылардың бірі бастапқы жағдайдан шығады, ал екіншілері саптық тік тұру жағдайында снарядтың оң жағындағы орынды қабылдайды. «Снарядқа» бұйрығы берілгенде бірінші нөмірлер дене жаттығуларын орныдайды, оны аяқтағаннан кейін жетекшіге бұрылады, екіншілері көмек көрсете отырып, бастапқы жағдайды қабылдайды.

 Сапқа оралу реті бойынша алдын-ала бұйрықтар берілгеннен кейін жаттығуларын потокпен орындау үшін тәсілдер және қайталау санына, айталық, «Потокпен – Снарядқа» немесе «Потокпен – Алға» командалары беріледі.

 Қажет болған жағдайда оқушылар арасындағы ара қашықтық көрсетіледі: «Бөлімше, ара қашықтығы бес қадам, потокпен-Алға» 

Тренажерларда (машықтандыруларда) комплекетік машықтандыруды ұйымдастыру үшін күш және күш шыдамдылығын дамытуға арналған дене жаттығулары орындалатын сабақ өткізудің бірнеше орындары тағайындалады.Салмақ тарту,қайталау саны, жұмыс және демалыс уақыты бойынша дене жүктемесінің дозалауына кейін әскери қызметкерлер жетекші бұйрығы бойынша көрсетілген тренажерларға жақындап,тоқтайды да, оларға қарай бетімен бұрылады.Жаттығулар «Снарядқа» бұйрығы бойынша басталып, «Жаттығуды - Аяқтап» - бұйрығы бойынша аяқталады.Осыдан кейін оқушылар бұрылады және шеңбер бойынша  орындарды ауыстыру жүзеге асырылады.

 

Травматизімді алдын-алу қамтамасыз етіледі:

-Снарядта дене жаттығулары және секірулерді орындау кезіндегі сақтандыру және сенімді көмекпен;

-Снарядтардың ( босауы, карабиндері, стопырлық құрылымдар және т.с.с.) техникалық жағдайларын тексерумен;

-Арнайы снарядтарда дене жаттығуларын орындау кезіндегі қол және аяқ тіреушіктер сенімділігін тексеру.

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттер

1. Ю.К.Демьяненко «Физическая подготовка» М.-1987г.

2. Министерство обороны РК « Наставление по физической подготовке» М.- 1987г.

3. Министерство обороны РК «Методическое  пособие  по  физической  подготовке и спорту в ВС РК» Алматы 2002г.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-03-25 17:01:58     Қаралды-9506

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »