UF

 1. Гипермәтіндік құжат

Сайтта қалай ыңғайлы саяхаттау керек

Ақпаратты ұйымдастыру

Сайттың қиындығы

Гипермәтіндік сілтемелер

Мәтіндік сілтемелер

Бейне сілтемелер

Интернеттің негізгі тэгі

Абсолютті адрестер

Салыстырмалы адрестер

Жаңа терезені құру

Ішкі сілтемелер

Бөлек сілтемелердің түсін беру

Бейне сілтемелердің түсі және рамкасы

Электронды поштаның адресіне сілтеме

Қорытынды

Гипермәтіндік құжат

         Бұл дәрісте сайттағы ақпаратты ұйымдастыру әдісімен танысасыз.құжаттар арасындағы гипермәтіндік байланыстардың орнатылуы туралы білесіз. Мәтіндік және графикалық сілтемелер құруды және олардың түрін өзгертуді үйренесіз. Шағын сайт жобасын құрыңыз.

Кілттік сөздер: ақпаратты ұйымдастыру,гипермәтіндік сілтемелер,ішкі сілтемелер,активті сілтемелер,абсолютті адрестер, салыстырмалы адрестер.

 

Сайтта қалай ыңғайлы саяхаттау керек

         Мұражайды немесе дүкенді саяхаттау кезінде сіз адассаңыз немесе керек затты таппасаңыз көңіліңіз түседі. Елестетіңіз, сіз болған жеріңізге қайта-қайта түсесіз,керек бөлімді ұзақ іздейсіз. Сіздің кетіп,қайтып келгіңіз келмейді. Сайтты аралаған кезде де осылай.  Егер келуші тышқанмен 3-4 шерту арқылы керекті бөлімге өте алмаса немесе қай жерде екендігін мүлдем білмесе  ол сайттан кетіп қалады және онда қайтып оралмайды.  Бұл болмау үшін ақпаратты сайтта дұрыс орналастыру керек. Дұрыс орналастыру   келушіге сайтта қандай ақпарат барын және оған қаншалықты тез қол жеткізуге болатындығына мүмкіндік береді.  Кез келген бетте келуші өзінің орналасқан жерін,бұл бетте не істей алатындығын,ары қарай қайда бару керектігін көрсетуі керек. Сонымен қатар ол басқан сілтеменің атынан оны келесі бетте не барын білуі керек.  Сайттың құрылымы кітаптың мазмұнына ұқсас.  Егер ол жақсы жазылған болса кітапты оқымай тұрып одан не күту керектігі түсінікті болады. Және бұл құрылым нақты және түсінікті болу керек.                                                      

 

Ақпаратты ұйымдастыру

 

Сайтта ақпаратты ұйымдастыру келесі түрде болуы керек:

  • Сызықты;
  • Иерархиялық;
  • Контекстті-тәуелді;
  • Қиыстырылған.

Сызықты құрылым – дерекетрді ұйымдастырудың ең қарапайым әдісі. Бірінен кейін бірі келетін веб-беттердің терімін құрайды. Сызықты құрылымға операцияның қадамды орындалуы жатады.                                               Иерархиялық құрылым – ақпаратты орналастырудың ең таралған нұсқасы.Бөлек беттерде орналасқан сайттар бөліміне сілтемелер мәзірі орналасатын негізгі бетті құруды қарастырады. Бөлімдердің өзі ішкі

 

бөлімдерден және басқа да бөлшекті ақпараттан тұруы мүмкін.                           Контексті-тәуелді құрылым – бұл жерде басқа сайттарға сілтемелер қолданушының арнайы бір қызметтеріне  байланысты құрылады. Бұндай құрылымның мысалдарына интернет-магазин элементтері,сайтта кілттік сөзі бойынша ақпаратты іздеу жатады.                                                                    Қиыстырылған құрылым – алдыңғы бірнеше құрылымдардың бірігуі. Мысалы,сайтта арнайы жерлерде қадамдық қызметтерден (сызықтық құрылым) тұратын  иерархиялық құрылым болуы мүмкін.

Мысал

Ақпаратты ұйымдастырудың қиыстырылған құрылымының мысалы ретінде "Эйдос" қашықтықтан білім беру орталығының сайтын – http://www.eidos.ru қарастырамыз.

Сайттың негізгі бетіндегі мәзір (сайт бөлімдеріне сілтеме иерархиялық құрылымға сәйкес берілген):

Орталық жайлы 
Дистанционды курстар
Эвристикалық олимпиадалар 
Оқушыларға арналған жобалар 
«Эйдос»  Интернет-журналы
Орталықпен ынтымақтастық 
Жылдың дистанционды мұғалімі 
Педагогикалық конференциялар 
Электронды дүкен

«Эвристикалық олимпиадалар» бөлімінің бетіндегі мәзір (сайт бөлімдеріне сілтеме иерархиялық құрылымға сәйкес берілген): 

Олимпиадалар жайлы 
Олимпиадалар  тізімі
Олимпиадалар кестесі 
Тапсырмалар мен жұмыстар мысалы 
Қалай тіркелу керек 
Қатысушылардың ойы 
Сұрақтар және жауаптар

«Олимпиадалар жайлы» ішкі бөлімінің бетіндегі мәзір (сайт бөлімдеріне сілтеме иерархиялық құрылымға сәйкес берілген): 
ДЭО деген не?
Бәрі қалай болып жатыр.  1Бөлім
Бәрі қалай болып жатыр. 2 Бөлім
Бәрі қалай болып жатыр. 3 Бөлім

 

Сайттың қиындығы

 

Ақпаратты орналастырудың қолайлылығынан бөлек оның көлемін және қиындығын бақылау керек.Адаидар жеті түрлі бөлімдерден тұратын ақпаратты қабылдай алады. Сол себепті сайтқа келушілер өздеріне керекті материалдарды олар төрттен жетіге дейінгі элементтерден тұратын топтарға бөлінген болса оңай табады.                                                                                         Сол себепті жоғарыда көрсетілген мысалдағы "Эйдос" қашықтықтан білім беру орталығының сайтының  негізгі бетінің сегіз негізгі бөлімдері әрқайсысында төрт бөлім бар екі блокқа бөлінген (Сурет 3.1).


Сурет 3.1

Сайтты құрудың тағы бір артықшылығы онда көрсетілген ақпаратты экранға айналдыруды қажет етпей шығаратын бөліктерге бөлу тиімдірек. Бұл жағдайда  бөлек веб-беттер арасындағы байланысты ұйымдастыру гипермәтіндік сілтемелердің көмегімен іске асырылады,мысалы сызықты құрылымға сүйене отырып. 

 

Гипермәтіндік сілтемелер

 

Гипермәтін құжаттың бір үзіндісінен осы құжатта немесе сұраныс кезінде қол жетімді басқа кез келген жерде болу мүмкін үзіндіге тез өтуге   мүмкіндік береді. Сілтеме құру үшін браузерге нақты қайсының сілтеме екендігін көрсету керек (сөз,мәтін,белгі,сурет,фото және т.б.), сонымен қатар сілтеме апаратын құжаттың адресін көрсету керек. Екі әрекет те HREF параметріне ие А тэгінің көмегімен орындалады. Бұл параметрдің мәні ретінде сілтеме алып келетін құжат адресі қолданылады (URL).

 

Мәтіндік сілтемелер

 

Тапсырма 3.1.1. Мәтін түріндегі гиперсілтеме құрыңыз.                                          1.3.1 тапсырмасында сіз өзіңіздің визиткаңызды құрдыңыз - vizitka-family.htm типіндегі файл. Өзіңіздің визиткаңызда блакноттың көмегімен жаңа жолдан келесі кодты теріңіз:

<A HREF="http://www.eidos.ru">Это интересно!</A>

Браузерде не болғанын көріңіз. Тэгтың ішінде орналасқан мәтін көк және асты сызылған болды. Оған тышқан мәзірін апарған кезде қолдың суреті шығады.егер сіз Интернет желісінде саяхаттаған болсаңыз онда мұның гиперсілтеме екендігін білесіз. Оны басу  сізді "Эйдос" қашықтықтан білім беру орталығының сайтына алып келеді. Ол үшін сіздің компьютеріңіз интернет желісіне қосылған болуы керек.                                                                           Интернеттегі негізгі қызмет – ақпараттық теңізде гиперсілтемелер көмегімен  саяхаттау оңай беріледі.

 

Бейне сілтемелер

 

Тапсырма 3.1.2. Сурет түріндегі гиперсілтеме құрыңыз.

Ол үшін суреттің өзі болуы керек – графикалық файл. Ол сіздің vizitka-family.htm. визиткаңыз орналасқан бумада болсын. Егер сіз интернет желісіне қосылған болсаңыз сурет ретінде өзіңіздің компьютеріңізге  "Эйдос" орталығының логотипін орнатуыңызға болады (Сурет 3.2). Ол үшін браузердің көмегімен URL адресі бар  http://www.eidos.ru бетін ашыңыз, тышқанды логотипке апарып,оң жағын басып,пайда болған мәзірде "Сохранить рисунок как"  таңдаңыз.  Содан кейін logo.gif файлын өзіңіздің файлыңызды сақтаңыз.

Сурет 3.2

Алдыңғы тапсырмалардағы "Это интересно!" сөздерінің орнына logo.gif файлы үшін IMG бейне тэгін орналастырыңыз,қарапайымдылық үшін  міндетті атрибутты көрсету керек:

<A HREF="http://www.eidos.ru"><IMG SRC="logo.gif"></A>

Браузерде суретке әкелген тышқан мәзірі қайтадан қолға айналады,ал суреттің айналасында жұқа көк рамка пайда болады.                                                 Сілтеме ретінде мәтіннен бөлек суреттерді де қолдануға болатындығын көрдіңіз. Суретті бұл жағдайда  <A HREF=...> и </A> тэгтарының арасында орналастыру керек.

Бейне-сілтеменің айналасында автоматты түрде қалыңдығы 1 пиксель,түсі мәтіндік сілтемелердің түсімен сәйкес келетін рамка қосылады.  Керек болған кезде бұл рамкадан қалай құтылу керектігін кейінгі дәрістерде қарастырамыз.
 

 

Интернеттің негізгі тэгі

 

Мүмкін «бірінші» ұғымы «негізгі» ретінде бекер қабылданбайды. HTML тілінде де осылай, алфавит бойынша бірінші тэг А World Wide Web мағынасын,гиперсілтемелермен үзіліссіз байланыста болатын ақпараттық кеңістікті анықтайды.  <А> (Anchor, якорь) тэгі гипермәтінді сілтемелерді жазу үшін қолданылады. Ол бірнеше атрибуттарға ие, олардың негізгісі НREF болып табылады.

НREF атрибуты – бастапқы және соңғы тэгтар арасында орналасқан мәтінді немесе бейнені гипермәтіндік сілтеме (URL, немесе линк) берілген параметрдің мәнінде көрсетілген адрес бойынша  анықтайды. Мүмкін мәндер:
http://... – веб-құжатқа сілтеме құрады;
ftp://... - ftp-сайт немесе онда орналасқан файлға сілтеме құрады;
mailto:... – пошталық бағдарламаны алушының аты толтырылған түрінде іске қосады;
news:.. – жаңалықтар сервері одағына сілтеме құрады;

Сілтеме адресі абсолютті немесе салыстырмалы болуы мүмкін.

 

Абсолютті адрестер

 

Абсолютті адрестер интернет бар кез келген жерден сайттың атына немесе сілтеме жазылған веб-беттің атына тәуелсіз жұмыс істей береді. Мысалы:

<A HREF=http://www.eidos.ru>Адрес Центра дистанционного образования "Эйдос"</A>.

Абсолютті адресациялау деп аталатын әдіс байланысқан құжаттың оның толық URL адресін жазуды көрсетуді қажет етеді. Жалпы жағдайда мұндай адресс арбиған болуы мүмкін,себебі онда хаттама аты,сервер аты,салынған каталогтар мен ішкі каталогтар,файл аты және үзіндіге сілтеме болуы керек.          Әдетте бұл әдіс басқа жойылған серверлерде орналасқан құжаттарға сілтеу үшін қолданылады. Бір локальдік сайт немесе сервер шеңберінде абсолютті адрестерді қолдануға принципиалді шектеулер жоқ,бірақ бұл  сақтау  және жазу үшін көп орынды қажет етеді және тұрақтылыққа ие емес. Домендік аттың өзгеруі кезінде  абсолютті байланыстардың құрылымы бұзылады.

 

Салыстырмалы адрестер

 

Локальді сайттың ішінде сілтеме құру үшін  көп жағдайда арбиған абсолютті адрестердің орнына есептің басына ағымдық құжатты алып,одан байланысқан файлдарға жол көрсетіледі. Бұндай әдіс құжатты-тәуелді (document-relative) салыстырмалы  адресация деп аталады. Ол былай жасалады:

1.     Ағымдағы құжат орналасқан бумадағы құжатпен байланысу үшін оның атын көрсету керек. Мысалы, сіздің визиткаңыздан жасалған <A HREF="privet.htm">Привет</A> сілтеме  сол бумада орналасқан privet.htm файлына жүгінеді.

2.     Салынған бумадағы құжатпен байланысу үшін осы ішкі каталогтың атын және құжат файлының атын оларды (/) белгісімен ажыратып жазу керек. Мысалы,  <A HREF="main/doc.htm">Документация</A> сілтемесі main бумасындағы index.htm файлына жүгінеді.

3.     Ағымдық құжаттың негізгі бумасындағы құжатқа адресациялану үшін негізгі каталогтық символдық атын – ек нүкте(..) қолданып,стандартты бөлгіштен кейін (/) файлдың атын жазу керек. Мысалы <A HREF="../about/index.htm">Обо мне</A> сілтемесі  бумасындағы index.htm файлына жүгінеді.

 

Үнсіздік жағдайында базалық ретінде ағымдық құжат орналасқан URL бумалар қолданылады.

 

Жаңа терезені құру

 

Үнсіздік жағдайында сілтемемен өту кезінде құжат ағымдық терезеде ашылады. Бұл шарт А тэгінің TARGET="_blank" атрибутымен өзгеруі мүмкін. Ол құжаттың жаңа терезеде көрсетілуін білдіруі керек.Мысалы:

<A HREF="help.htm" TARGET="_blank"> бұл сілтеме көмек файлын басқа терезеде ашады.

 

Жаңа терезені құру басқа сайтқа сілтеме жасалғанда керек болады. Өйткені қолданушы басқа сайтқа өтіп жаңа ақпаратқа қызығып,қайтып келмеуі мүмкін. Басқа жағдайларда құжаттарды бір терезеде ашу керек,себебі терезенің көптігі адамды шатастыруы мүмкін. Фреймдерді оқу кезінде біз бұл атрибуттың басқа мәндерімен танысамыз.

 

Ішкі сілтемелер

 

 А тэгін қолданудың басқа формасы болып сілтеменің көмегімен өтуге болатын бір мәтіннің ішінде нүктелерді табылады. Үлкен құжаттар жақсы оқылады егер олардың үстінде тақырып сілтемелер болса.                                      Мұндай ішкі сілтемені құру үшін алдымен сәйкес жерге  закладка  жасап,оған NAME атрибутының көмегімен ат беру керек. Мысалы,сілтеме бойынша өтетін жерге жазуға болады:

<A NAME="part1">Глава1</A>.

Закладка атын әріптен бастап латынша жазу керек. Бір құжаттың ішінде атты қайталауға болмайды. Соңғы тэгті жазу да қажет емес. Көптеген браузерлер команданы жақсы қабылдайды және келесі тэг қойылған қатарға  өтеді:

<А NАМЕ="part1">

Одан кейін сіз оған тақырыптан сілтемені  оның аты мен "#" белгісін қойып жасай аласыз:

<A HREF="#part1">Глава1</A>.

Құжаттың толық атын да көрсетуге болады бірақ ол өте ұзақ болады. 

Сілтеме түріндегі тақырыптарды құру кезінде оғна тек кіруді ғана емес сонымен қатар одан шығуды да ескеру қажет.

Тапсырма 3.1.3. Сілтемелермен өтуді жаңа сілтемелер көрінетіндей етіп жасаңыз.

Монитордың бірнеше экранының өлшеміндегі бет құрыңыз. Ол үшін үлкен көлемді дайын мәтінді қоя салыңыз. Бетті шартты бөліктерге бөліп.оларға ат беріңіз.мысалы «Бөлім 1», «Бөлім 2» және т.б. Жоғарыда тақырыпты,керекті белгілерді қойыңыз. Беттің ең жоғарғы жағына «Соңына» деп жазып,беттің соңына сілтеме жасаңыз. Ең астына «Басына» деп жазып,құжаттың басына сілтеме жасаңыз.                                                                                                               Жасаудан бұрын құжаттың басына және соңына өткен кезде экранда кері бағытқа апаратын белгілердің көрінетіндігін жақсылап ойланыңыз. Нәтижені link.htm файлына сақтаңыз.

Ескерту: 3.1.3. тапсырмада керекті жерге сілтеменің алдына «Соңына» ал сілтемеден кейін «Баысна» орналастыру керек. 

Тапсырма 3.1.4. Тақырыптағы сілтемелер үшін қалқып шығатын бөлім туралы ақпарат енгізіңіз. 2 Бөлімде сіз бейне үшін қалқитын жазуды құратын м атрибутымен таныстыңыз. TITLE атрибуты жалпы болып табылады және кез келген мтерге қолданыла алады. Абзац үшін қалқушы жазбаны шығару мысалы:

<p title="Ежедневные новости">Новости</p>

Закладкаға басқа веб-беттен сілтеме

Енді сіз кез келген құжаттың ішінде закладкаға оаның атын құжаттың атынан кейін көрсетіп жүгіне аласыз. Мысалы сілтеме

 <A HREF="document.htm#part1">Глава1</A>

Сізді  document.htm файлының "part1" закладкасына апарады.

HTML көмегімен беттегі барлық сілтемелердің түсін беруге болады,сонымен қатар бөлек сіотемелер үшін түсін өзгертуге болады. Сілтеме түстері BODY тэгінің параметрлері ретінде беріледі. Параметрлер міндетті болып табылмайды және олар көрсетілмеген болса ұнсіздіктегі мәндер қолданылады.

LINK – веб-беттегі сілтемелердің түсін анықтайды. Үнсіздіктегі түс көк, #0000FF.
ALINK – белсенді сілтеменің түсі. Үнсіздіктегі түс өзгермейді. Кейде үнсіздікте белсенді сілтеменің түсі – қызыл, #FF0000.
VLINK – болған сілтемелердің түсі. Үнсіздіктегі түсі күлгін, #800080.

Тапсырма 3.1.5. Веб-бетте  (файл link.htm) сілтемелердің түсін қара,ал болған сілтемелердің түсін – ашық сұр етіңіз.

 

Бөлек сілтемелердің түсін беру

 

Жоғарыда айтылған сілтемелерге түс беру веб-беттің барлық сілтемелері үшін жұмыс істейді. Алайда кейде түрлі түстерді қолдану керек болады. Мысалы ашықты беттің қара аймағы үшін,ал қара түстерді ашық аймақтарға. Оған арналған әдістердің бірі – FONT тэгін қолдану.  Сілтеме мәтіні <A HREF=...> және  </A> ішінде болатын <FONT> және </FONT> тэгтарының арасында орналасады. Мысалы:

<HTML><BODY LINK=green VLINK=#009900 ALINK=#FF0000 BGCOLOR=yellow>
<A HREF=news.html><FONT COLOR=#cccccc>Новости</FONT></A>
</BODY></HTML>

Тапсырма 3.1.6.   Түрлі түсті гиперсілтемелері бар веб-бет құрыңыз.  Төменде көрсетілген мәтінді теріңіз.Төменгі қатардағы үш сөзді гиперсілтеме қылыңыз және оларға түс белгілеңіз – жасыл,қызыл және көк.

Тестті өткізіп болғаннан кейін өзіңіз туралы қандай ақпарат білгіңіз келеді:

Жағымды    Жағымсыз Барлық!

 

 Бейне сілтемелердің түсі және рамкасы

 

3.1.2 тапсырмада бейне-сілтеменің айналасына автоматты түрде қалыңдығы 1 пиксель және түсі мәтіндік сілтемелердікіндей болатын рамка қосылатыны айтылған.Бұл рамканың қалыңдығын IMG тэгінің BORDER атрибутымен өзгертуге болады. Бірақ рамка түсін тек стильдер көмегімен (CSS) өзгертуге болады,оны кейін қарастырамыз. Ол не үшін керек?

Сурет көрмесі веб-беті үшін стильді дизайн құрдыңыз,түстер гормонкалды таңдалған. Әрбір шағын сурет снағыз суретке сілтеме. Егер бетті бапатуды үнсіздікте қалдыратын болсақ,онда суретті көру үшін гиперсілтемелерге өту кезінде шағын бейнелер айналасындағы рамкалар түсті болан сілтемелер секілді өзгертеді. Беттің барлық түстік гормониясы бұзылады. Егер жаңа және болған сілтемелерді бірдей түс қылса одан құтылуға болады.бірақ ол кезде мәтіндік сілтемелердің де түсі өзгермейді. Ал бұл қолайлы емес.

 

 

Бейненің айналасындағы рамканы дизайн элементі ретінде басқа да жолдармен реттуге болады, ал бұл жағдайда одан құтылған дұрыс. Ол үшін IMG тэгінде BORDER="0" атрибутын беру керек.

<img src="avtor.gif" width=50 height=50 border=0>

Оны веб-беттің авторы өзінің мақсаттары мен тапсырмаларына байланымты шешеді.

 

Электронды поштаның адресіне сілтеме

 

Электронды пошта – ең қарапайым және әлемдік жүйенің пайдалы сервистерінің бірі. Электрондық хабарламаларды жіберу пошталық клиенттер деп аталатын арнайы бағдарламалардың көмегімен іске асырылады. Гиперсілтемелік беттерде пошталық клиентті шақыру командасын орнатуға болады,бұл интернетте навигацияны біріктіруге және пошталық хабарламалар алмасуға мүмкіндік береді.                                                   Электронды поштаның адресіне сілтеме құру веб-бетке сілтеме құру секілді орындалады. 

Электронная почта — один из самых простых и, вместе с тем, полезных сервисов всемирной Сети. Рассылка электронных сообщений выполняется при помощи специальных программ, которые называются почтовыми клиентами. На гипертекстовой странице можно поместить команду вызова почтового клиента, что позволяет совместить навигацию в интернете и обмен почтовыми сообщениями. Тек URL-дың орнына электронды поштаның аты mailto көрсетіледі. Мысалы:
 

<A HREF="mailto:info@eidos.ru">Задавайте вопросы по электронной почте</A>

Мұндай сілтеменің веб-бетке жасалған сілтемеден ешқандай айырмашылығы жоқ,бірақ тышқанды басу кезінде сіздің бетке кірушіде  оның компьютерінде үнсіздікте орнатылған пошталық хабарламаларды жіберу бағдарламасы іске қосылады. Сол себепті сілтеменің атында оның электронды поштаға қатысы бар екенін көрсету керек,бұл қолданушы оны басқан кезде қайда кіретіні түсінікті болу үшін.                                                                                                        Хабарламаның тақырыбын автоматты қосылатынын беруге болады,ол үшін сұрау символы "?" арқылы электронды пошта адресіне   "subject=тема" хабарлама параметрін беруге болады. Мысалы,егер сіз өз бетіңізге келесі тэгті орнатсаңыз:

<A HREF="mailto:info@eidos.ru?subject=Вопрос по ссылкам">Задавайте вопросы по электронной почте</A>,

онда осы сілтемені басу кезінде кірушіде пошталық бағдарлама ашылады,ол жерде тек хабарлама мәтінін теріп,оны өзіңіз берген адрес бойынша жіберу қалады (Сурет 3.3).

 

                                          Сурет 3.3

Ескерту: Берілген сілтеменің пошталық бағдарламаны шақыруға арналғандығын көрсететін хабарламамен бірге сілтеменің мәтіндік өрісіне электронды поштаның адресін жазған дұрыс. Түрлі жағдайларға байланысты хабарламаны жіберу бағдарламасының қызметтерін қолдана алмау мүмкін. Бұл жағдайда берілген беттің потенциалды кірушілері сіздің электронды поштаңыздың адресін көшіріп немесе жазып ала алады.

 

Қорытынды

 

Гипермәтіндік құжаттарды ұйымдастыру сайттағы ақпаратты ұйымдастыруға тәуелді. Ол сызықтық,иерархиялық,контексті-тәуелді және қиыстырылған болуы мүмкін. Сайтты нақты және түсінікті құру кірушіге сайтта қандай ақпарат барын және оған қалай қол жеткізуге болатындығын бағалай алуы керек.                                                                                                                                 <A> тэгі гипермәтінді құру үшін арналған. Гипермәтін бір құжат үзіндісінен сол құжаттағы немесе басқа құжаттағы үзіндіге өтуге мүмкіндік береді. Гипермәтіннің өзі форматтауға келеді,сонымен қатар түсін өзгертуге болады.  <A> тэгі  name атрибутынан (сілтемемен өтуге болатын нүктені анықтайды) немесе    href (өту адресін анықтайды).                   

Электронды поштаның адресіне  сілтемені құру кезінде адрестер өрісі автоматты толтырылады. Сонымен қатар хабарлама тақырыбы үшін өрістьерді автоматты толтыруға болады.

 

  Әдебиеттер:

  1. Р.Дарнелл. JavaScript: Справочник. – СПб: ПИТЕР, 1998.-192 с.
  2. С.Дунаев.INTRANET-технологии. –М., ДИАЛОГ-МИФИ,1997.-288 с.
  3. А.Федоров. JavaScript для всех. – М.: КомпьютерПресс, 1998.-384 с.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-03-17 20:03:30     Қаралды-6207

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »