Есту анализаторының анатомиясы.
Лекцияның жоспары:
- Есту анализаторларының шеткі бөлімінің құрылысы.
- Сыртқы, орталық және ішкі құлақ.
- Сыртқы құлақ: құлақ қалқаншасы, сыртқы дыбыс жолы, дабыл пердесі.
- Ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, дыбыс сүйектері, дыбыс еттері, дыбыс түтікшесі, емізікше өсіндісінің қуыстары.
- Ішкі құлақ: есікалды.
- Жарты айналым каналдары, улитка (ұлу).
- Есту анализаторларының орта бөлігінің құрылысы. Есту анализаторларының орталық бөлігінің құрылысы.
- Ми қыртысындағы есту рецепторының екіжақтама өкілдігі.
Есту органы сыртқы, ортанғы және ішкі құлақ деп аталатын үш бөлімнен тұрады.
Сыртқы құлақ құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Сыртқы дыбыс жолы ортыңғы құлақтан дабыл жарғағы арқылы бөлінген. Дабыл жарғағын сыртқы жағвнан көпқабатты жалпақ эпителий жауып тұрады, ал ішкі жағы кілегейлі қабықшамен астарланған.
Ортаңғы құлақ сыртқы және ішкі құлақтың аралағында орналасқан, құлақ қалқанының жинаған дыбыс тербелісін ішкі құлақа жеткізетін аппарат болып есептеледі. Ортаңғы құлақ дабыл қуысымен онда орналасқан есту сүйектерінен тұрады; сыртқы құлақтан дабыл жарғағымен бөлініп тұрады. Дабыл жарғағы радиальдық және шеңберлі дәнекер ұлпалық талшықтардан түзілген, сыртқы жағынан жұқа терімен, ал ішкі жағынан кілегейлі қабықшамен қапталған.
Дабыл жарғағы самай сүйегінің пирамиданегізінде орналасқан және өзінің шығу тегі жағынан бірінші желбезек қалтасының өзгерген қалдығы болып түтігі арқылы жұтқыншақ қуысымен байланысын үзбеген. Есту түтігі сыртқы ауа мен дабыл қуыс ауасын теңестіріп атмосфералық қысымның өзгерген
есептеледі. Осыған байланысты ол есту ( Евстахий ) кезінде дабыл жарғағын зақымдаудан сақтайды. Түтіктің жұқыншақтағы тесігі әдете жабысып, жабылып тұрады, ауаның дабыл қуысына өтуі жұту мен есінеу ақтысының кезіндегі жұмсақ тандайдың бұлшық еттерінің жиырылуымен қамтамасыз етіледі.
Дабыл жарғағы « ортаңғы құлақтың айнасы », болып табылады, яғни жарғақты қараған кезде байқалған барлық белгілер оның арғы жағындағы ортаңғы құлақ қуысы ішіндегі процестер көрінісі болып табылады. Дабыл жарғағының құрылысы. Дабыл жарғағының құрылысы жағынан ортаңғы құлақтың бір бөлігі екендігін көрсетеді. Оның шырышты қабығы ортаңғы құлақтың басқа бөлімдерінің шырышты қабығымен бірдей. Сондықтанда болып жатқан немесе болып кеткен процестер дабыл жарғағында өз іздерін қалдырады, кейде өмір бойына
сақталып қалады: жарғақтың тыртықты өзгерісі, тесілуі, әк тұздарының жиналуы және тағы басқа. Дабыл жарғағы екі бөліктен тұрады. Оның үлкені керілген, кішісі керілмеген. Керілген бөлігі үш қабаттан тұрады:
сыртқы --- эпидермальды, ішкі және өзара тығыз өрілген, көп талшықты, ортаңғы --- фиброзды қабаттан тұрады.
Керілмеген бөлігі тек екі қабаттан тұрады, оның фиброзды қабаты болмайды.
Үлкен адамда дабыл жарғағы есту түтігінің төменгі қабырғасымен салыстыра қарағанда 45 градус бұрышта, ал балаларда бұл --- 20 градус шамасында болады. Осыған байланысты балалар құлағының дабыл жарғағын қарағанда құлақ қалқаның төмен және артқа тартуға тура келеді. Дабыл жарғағы дөңгелек, диаметірі 0,9 см шамасында. Қалыпты жағдайда көкшіл-сұр түсті және дабыл қуысына қарай шамалы тартыңқы келеді. Осыған байланысты оның дәл ортасында «кіндік» деп аталатын ойықша бар. Дабыл жарғағының барлық бөлшектері бірдей есту түтігі осіне қарағанда бір жазықтың бойында тұрған жоқ. Жарғақтың алдыңғы төмен бөлімдері тігірек орналасқан, сондықтанда есту түтігіне бағытталған жарық шоғы осы бөліктен көрініп, жарық шағылсын, жарық конусын береді. Бұл конус дабыл жарғағының қалыпты жағдайында бір күйде болады. Оның танымдық және диагностикалық маңызы бар. Одан басқа, дабыл жарғағында алдымен артқа, жоғарыдан төмен қарай жүретін балғаша сабы бар. Балғаша сабы мен жарық конусы арқылы жасалған бұрыш алға қарай ашылған. Бұл оң жақтағы жарғақты сол жақтағы жарғақтан ажырата білуге мүмкіндік береді. Балғаша сабының жоғарғы бөлімінде кішігірім төмпешік --- балғашаның қысқа өскіні көрінеді. Бұл өскінен алға және артқа қарай балға қатпарлары кетеді, ол жарғақтың керілген бөлігін керілмеген бөлігінен бөліп тұрады. Жарғақты әртүрлі өзгерістерді табуға қолайлы болуы үшін алдыңғы-жоғарғы, алдыңғы-төменгі, артқы-
жоғарғы, артқы-төменгі деп 4 төртбұрышқа бөледі.
Шартты түрде бұл төртбұрыштар балғаша сабы арқалы және жарғақ кіндігі арқылы өтетін бірінші түзуге тік жүргізілген түзулер арқылы ажыратылады.
Ортаңғы құлақтың нервтенуі өте күрделі. Осы кішкене ғана жерде көптеген нервтер топталған. Лабиринттік қабырғада нервтер өріиі аңығырақ білінеді, олар тіл-жұтқыншақ нервісінен шығатын дабыл нервтерінің талшықтарынан, сонымен қатар ішкі ұйқы артериясынан келетін симпатикалық нерв талшықтарынан құралған. Дабыл нерві дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы арқылы, кішітасты нерв түрінде шығады да, құлақ маңы безіне жақындап, оны парасимпатикалық талдағыштармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ортаңғы құлақтың шырышты қабығы үшкіл нерв талдағыштарынан да нервтенеді, бұл құлақтың жіті қабынуында болатын қатты ауыру реакциясын тудырады.
Ортаңғы құлақтың күрделі нервтенуі тіс-жақ жүйесі нервтенуімен тығыз байланысты. Сондықтан құлақ пен
тіс-жақ патологиясын қамтитын бірқатар аурудың түрлері бар.
Әдебиеттер тізімі:
- Рақышов «Адам анатомиясы» А., Рауан, 2003.
- Тебенова К.С. Дамуында ауытқуы бар балалар. Оқу құралы. Қарағанды 2003
- Пузанова В.П. Лапшин В.А. Основы дефектологии. Уч. пособ. М., 1990
- Малдыбаева А.О. Орынбаева Э.Ә. Дефектология негіздері. Шымкент 2007
- Намазбаева Ж.И. Дефектология негіздері. Алматы. 1993
Жарияланған-2014-03-11 19:34:15 Қаралды-19699
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина