UF

ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Тірі табиғат төменгі сатыдан жоғары сатыдағы формаларға, қарапайымдардан күрделілерге қарай прогрессивті сипатта дамыды. Мұнымен қатар түрлер нактылы тіршілік жағдайларына бейімделіп, соған қарай бағытталды. Мысалы, тоқылдақтың кұрылысы мен мінез-қылығы ағаш қабықтарының астынан бунақденелілерді алып жруге бейімделеді. Тасбақа, жылан, көртыш-қандар да әртүрлі тіршілік жағдайларға карай бейімделеді.

Органикалық дүниенің тарихи дамуын түсіну үшін эволюцияның негізгі бағыттарын анықтап алу қажет. Эволюция бағыттарының проблемаларын жасауға көрнекті совет ғалымдары А. Н. Северцев, И. И. Шмальгаузен едәуір үлес косты. Олар эволюция негізгі бағыттарының ароморфоз, идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап берді.

Ароморфоз дегеніміз дене құрылымын жалпы дамытуға жеткізіп, тіршілік әрекетінің қарқынын арттыратын, бірак, тіршілік жағдайларының шұғыл шектелуіне тек бір жақты ғана бейімделе салмайтын эволюциялық өзгерістер болып саналады.

Ароморфоз тіршілік үшін күресте едәуір артықшылық жасап, жаңа мекен ортасына көшуге мүмкіндік туғызады, популяцияларда, өсімталдықтың артып, өлім санының кемуіне жәрдемдеседі. Өсімталдык жоғары болғанда популяцияларда особьтар саны артып, ареалы кеңейеді, жаңа популяциялар түзіліп, жаңа түрлер тезірек қалыптасады, яғни биологиялық прогресс жүреді. Мәселен, ежелгі қосмекенділер құрылысы балыққа қарағанда күрделеніп, биологиялық прогресс жасады.

Идиоадаптация. Идиоадаптация дегеніміз мекен ету ортасының белгілі бір жағдайларына бейімделуді (жеке бейімделулер) қамтамасыз ететін аздаған эволюциялық өзгерістер болып саналады. Идиоадаптацняда ароморфоздағыдай құрылымның негізгі ерекшеліктері тұтас өзгермейді, организм кұрылымның жалпы деңгейі көтеріліп, тіршілік әрекеттерінің қаркындылығы күшеймейді. Мысалы, кейбір қосмекенділер куаңшылық және ыстық кезеңдерде тұқым қуалайтын өзгергіштіктер негізінде тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу процесінде белгілі және шектеулі мекен ету орындарына - батпақты жерлер мен ми батпаққа жеке бейімделе алады. Мұнда қосмекенділер кұрылымы деңгейінде ешқандай күрделілену кұбылысы байқалған жоқ. Қазіргі қосмекенділер - бақалар, тритондар таяз сулар мен өте ылғалды жердегі тіршілік жағдайларына жаксы бейімделген.

Су түбінде мекендеуге бейімделген балықтар - камбала, скат тұқымдастардың су түбіндегі тіршілікке бейімделуі (денесінің жалпайып, реңінің су түбіндегі грунт түсіне сай болуы) идиоадаптацияға нақтылы мысал болып саналады.

Қорғаныш реңі жануарлардың құрылым өзгерістеріне қарамастан тіршілік жағдайларға бейімделуге мысал болады.

Идиоадаптация мысалдары.

 

Өсімдіктерде гүлдің жел және бунақденелілер арқылы айқас тозаңдануына, жемістер мен тұқымдардың таралуына, жапырақтардың аз булануына бейімделуі - идиоадаптация мысалы.

Әдетте түр, туыс, тұқымдас тәрізді ұсақ жіктеу топтары эволюция процесінде идиоадаптация жолымен пайда болады. Сондай-ақ - идиоадаптация түр санының артып, ареалының кеңеюі, түртүзілістің тездеуі, яғни биологиялык прогресс.

Жалпы дегенерация. Дегенерация дегеніміз дене құрылымын қарапайымдандыруға жеткізетін эволюциялыц өзгерістер болып саналады. Олар әдетте өзінің биологиялық мәнінен айрылған бірқатар мүшелердің жойылуы арқылы жүреді.

Дегенерация көбінесе отырықшы немесе паразиттік тіршілік етуге көшумен байланысты болады. Дене құрылымы әдетте арнайы тіршілік жағдайларына түрлі-түрлі бейімделулердің пайда болуы арқылы қарапайымданады. Шошқа цепенінде, жалпақ таспа құртта және басқа - адамда паразиттік ететін құрттарда ішек болмайды, нерв жүйесі нашар дамыған, өздігінен жылжуға мүлде дәрменсіз десе де болады. Бұл жәндіктердің дене құрылымы қарапайымдануымен бірге сорғыштары мен ілмешектері болады, солардың жәрдемімен өз иесі ішегінің қабырғасына жабысып алады. Сондай-ақ олардың көбею мүшелері де күшті дамыған және олар түрдің сақталып, оның сан мөлшерінің артуына себепші болатын өсімталдығымен ерекшеленеді.

Беде, құлмақ және басқа өсімдіктерде паразиттік ететін тозғанақтың ең негізгі мүшесі - жапырақтары жоқ, ал тамыр орнына сабақтарында сорғыштар түзіліп, ол иемденген өсімдігінен сол сорғыштары арқылы қоректік затты сорып алады. Демек, жалпы дегенерация түрдің өркендеуіне кедергі жасамайды. Таспа кұрттар мысалынан көргеніміздей, дене құрылымы едәуір қарапайым көптеген паразиттер тобы қаулап, өсе береді. Демек, дегенерация да биологиялық прогреске жеткізеді.

Сонымен биологиялық прогреске жетудің үш әдісі бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация.

Қазіргі кездегі түрлердің көпшілігі биологиялық прогресс жолымен дамиды. Бұдан жүз жыл бұрын орқоян солтүстікке Ленинград - Қазанға дейін, шығыста - Орал өзеніне дейін таралды; Қазіргі уақытта оны солтүстікте - Орталық Карелиядан және шығыста - Омскіге дейінгі аймақтан кездестіреміз. Осы кезде оның 20 шақты түр тармақтары бар. Көпшілігі өсімдік, жануар және адам паразиттері болып табылатын немесе нематодтар (жұмыр құрттар) бұл күнде бүкіл топырақ, теңіз, мұхит және тұщысу суқоймаларын жайлап алған.

Ароморфоз, идиоадаптация және дегенерациялар арақатынастарының схемасы (А. Н. Северцов бойынша).

 

Табиғатта биологиялык прогреске қарама-қарсы биологиялық регресс те байқалады. Оның ерекшеліктері, особьтар саны, ареалдың таралуы, түр, популяция санының кемуімен сипатталады. Ол көбінесе түрлердің өліп бітуіне апарып соғады.

Ежелгі қосмекенділердің толып жатқан тармақтарынан қосмекенділер мен жорғалаушылардың қазіргі кездегі кластарын түзе алғандары ғана сақталып қалды. Ежелгі папоротник-тәрізділер, т. б. өсімдіктер мен жануарлар жойылып кетті.

Биологиялық прогресс пен биологиялық регрестің адам пайда болғаннан кейінгі себептері адамның эволюция барысында қалыптасқан тірі организмдер мен айналадағы орта байланысын бұза отырып, Жер ландшафындағы өзгерістерге байланысты болды.

Адамның іс-әрекеті өзіне жиі зиянын тигізетін бір түрлердің биологиялық прогресіне, сондай-ақ өзіне қажетті және пайдалы екінші түрлердің биологпялық регресіне қуатты фактор болып табылады. Улы химикаттарға төтеп беретін көптеген бунақденелілер түрлерінің, дәріге қарсы төзетін ауру тудырғыш микробтардың, сарқынды суларда қаулап өскен көкжасыл балдырлардың пайда болуын еске түсіріп көріңдер. Осылардың барлығы - адам іс-әрекетінің кінәсі. Адам егін егіп, ағаш тіккенде табиғатты айпап-жайпап, аумақты аймақтағы сан алуан жабайы популяциялардың біразын қолдан алмастыра отырып, жойып жібереді.

Адамның аяусыз жоюынан көптеген түрлер биологиялық регреске ұшырайды. Биологиялық регресс қашанда түрлердің өліп біту қаупін тудырады. Міне сондықтан да тибиғатты алдын-ала қорғау шаралары да ескеріледі. Адам шаруашылық іс-әрекеті мен медицинада биологпялық прогресс пен биологиялық регресті ескеруі қажет.

Эволюциялық түрлі-түрлі жолдардың арақатынасы. Ірі жүйелеу топтарының (мысалы, типтерді және кластардың) эволюциялық жолдары өте күрделі. Филогенез процесінде эволюцияның бір жолы екіншісімен алмасып отырады.

Тірі организмдердің әртүрлі топтарындағы эволюцияда идиоадаптацияға қарағанда ароморфоз әлде қайда сирек өтеді ол органикалық дүниенің дамуында жаңа кезең болып есептеледі.

Жаңа, құрылымы аса күрделі топтар ароморфоз жолымен пайда болып, жаңа мекен ету ортасына (мысалы, жануарлардың құрлыққа шығуы) жиі ауысып отырады. Бұдан әрі эволюция идиоадаптация жолымен, кейде дегенерациямен жалғаса берді.

Ароморфоздың әрқайсысы идиоадаптацпяға жаңа мүмкіндіктер ашып береді, ол дене құрылымын толықтырмай-ақ организмдердің ортадан түрлі-түрлі мекен ету орындарын басып алу мүмкіндігімен камтамасыз етеді.

1. Полянский Ю.И. Жалпы биология. -Алматы, 1991. -299 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-10 11:06:07     Қаралды-165

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »