Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласында суармалы жерлердің рөлі өте жоғары, облыс бойынша 518,7 мың га суармалы жер көлемі пайдаланылады. Бұл өңірде судың басты пайдаланушысы – суармалы егістік.
Ауыл шаруашылығы саласындағы экономикалық реформалар және қаржылық сауықтыру барысында ауданда ірілі ұсақты агроқұрылымдар пайда болды, оның ішінде көбісі шаруа қожалықтары. Олардың күнделікті өміріндегі бірінші орынға маркетинг мәселелері, коньюктураны зерттеу, баға сұраныс, технологиялардың бәсекелестігі, ауыл шаруашылығы өндірісін нақты ақпарат-тармен қамтамасыз ету мәселелері қойылуда.
Ақпараттық маркетингтік жүйенің негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ басқа да аграрлық рынокқа қатысушылар арасында талдау және маркетингтік ақпаратты жедел алмасуды, саланы тиімді мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына ену үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне осы заманғы озық технологияны қолдану - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондай озық технология – ауыл шаруашылығы дақылдарын тыңайтқыш қолдану жүйесі [1].
Еліміздің әлеуметгік дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартып, жоғарғы деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту шараларын белгілеп берді.
Осымен бірге мемлекетіміздің ұзақ мерзімге ұсынған азық-түлік бағдарламасында аграрлық-өнеркәсіптік комплекстерді жан-жақты дамытып, көкөніс шаруашылығын индустрияландырудың негізінде еңбектің өнімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр.
Осындай міндеттерді орындау үшін көкөніс шаруашылығын өндірістік индустрияның негізінде жетік технологиямен комплексті механикаландыру -көкөністердің түрлерін көбейту мен сапасын жақсартудың қайнар көзі. Осыған байланысты көкөніс дақылдарын өсірудің өндірістік технологиясының жетістіктерін қолданып, оларды ауыл шаруашылық машиналар комплексімен қамтамасыз етіп, технологиялық жұмыстарды сапалы жүргізу — еңбек өнімділігін арттырып және еңбек шығыны мен өнімдердің өзіндік құнын төмендетеді.
Табиғат байлығы сан алуан. Соның бірі — өсімдік. "Өсімдік — өмірдің өзегі" деп бекер айтылмаған. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік болуы мүмкін емес. Себебі өсімдіктің бүкіл тіршілікке қажетті органикалық заттар, өндірістік шикізат, малға — азық, адамға - тағам, емдік қасиеттері бар дәрі-дәрмек екендігі ерте заманнан-ақ белгілі.
Көкөністер - адам ағзасында алуан түрлі дәрілердің, витаминдердің, микроэлементтердің, минералды тұздардың, басқа тағамдарда кездеспейтін органикалық қышқылдардың, хош иісті майлардың қайнар көзі. Бұларды тағамға пайдаланбаған адамның ішкі ағзасындағы белгілі физиологиялық құбылыстардың нашарлап төмендеуі байқалады.
Көкөніс дақылдары тағамдық құндылығы жағынан жеңіл болуымен қатар, басқа тағамдардың адам ағзасына таралуына әсерін тигізіп, олардың өте сіңімді болуын анағұрлым жақсартады, зиянды заттарды бейтараптандырып, олардың адам ағзасынан шығуын тездетеді, адамның қорғаныштық қасиетін күшейтеді.
Біздің денсаулығымызды қорғауға көмекші болатын көкөніс дақылдарын өсірудегі білімімізді толықтырудың маңызы зор.
Дипломдық жұмыстын мақсаты:
- қызанақ егістіктерінде Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында қызанаққа оптимальды мөлшерін минералды тыңайтқыштардың енгізудің өнімділікке әсерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстын міндеттері:
- Қызанақ дақылдын өсіруде оптимальды минеральды тыңайтқыштардын нормасын анықтау, оның өнімділігіне әсері;
- Әртүрлі нормада енгізген минералды тыңайтқыштардын биометриялық қорсеткіштерге әсері;
- Үш нормада енгізген минералды тыңайтқыштардын өнімділігін биохимиялық қорсеткіштерге әсері.
Зерттеу жаналығы:
Қызанақтың жаңа сорттарын зерттеп Республикамыздың оңтүстік аймақтарында енгізу, тамшылатып суару және дәстүрлі суару жүйесінде гербицидтердің жоғары тиимді түрлерін қолдану.
Практикалық маңыздылығы: Қызанақ дақылдын минералды тыңайтқыштардын енгізуде оптимальды нормасын аңықтау, оның топырақ құнарлығына және өнімді жоғарлату, минералдық тыңайтқыштарды қолдану жағдайда тіршілік орталығына ластануы әсерін азайту.
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
Қызанақ. Lycopersicon esculentum Мill.
Қазіргі кезде қызанақ, көкөніс дақылдарының ішінде маңызды жемістік көкөніс өсімдігі ретінде, маңызды орын алады. ТМД елдерінде ол 370 мың гектар жерге отырғызылады. Орташа өнімі – 150-170 ц/га, қорғаулы жерде – 8-10 кг/м2.
Қазақстанда қызанақ 25 мың гектардан артық жерге өсіріледі. 2004 жылы үй маңайындағы жерлерде, қызанақ бүкіл егістіктің 72,3% қамтыса, қожалықтарында – 25,2 %. Қызанақтың негізгі егістіктері Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан. Жамбыл және Қызылорда облыстарында. Ең жоғары өнімділік Солтүстік Қазақстан (294,4 ц/га) және Алматы облыстарында. Ең жоғары өнім шаруа қожалықтарында. Анықтама үшін: Израильде қызанақтың орташа өнім: 3000 ц/га. Қазақстанның солтүстігінде қызанақ 4 мың гектар жерге егіледі [2].
Қызанақтың отаны – Оңтүстік Америка. Мексикандықтардың ата-тегі оны «томатель» деп атаған, осыдан қазіргі томат деген атауы пайда болған, ал итальяндықтар «помидор», яғни «алтын алма» деп қошеметтеген. Қызанақ көкөніс дақылы ретінде 1778 жылдан бастап белгілі.
Қызанақ – жылу сүйгіш өсімдік. Оның өсуі үшін оңтайлы температура: күндіз – 20-25оС, түнде – 12-15оС. Температура 15оС төмендесе қызанақ гүлдемейді. 10оС өсуін тоқтатады, ал – 1,5оС опат болады. Сонымен бірге ол үшін өте жоғары температура да зиянды. Температура 33оС-қа жеткенде, өсімдік өсуін баяулатады, ал 35оС болғанда фотосинтез тоқталады; егер осы кезде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендесе, онда түйіні түсе бастайды. 25-30оС және топырақтың орташа ылғалдылығына өскін 5-6 тәулікте пайда болады. Егер топырақтың температурасы 11оС-дан аспаса, онда тұқымдары дерлік өнбейді. Бірақ термиялық өңдеуден өткен тұқымдар 8оС, тіпті одан да төмен жылылықта біркелкі өскін бере алады. Жарыққа қоятын талабы өте жоғары, көлеңкелі жерде нашар жемістенеді. Жылыжайда қыста әлсіз жарықта гүлдеуі өскін пайда болғаннан 80-85 тәулік өткен соң ғана басталады, ал көктемдік дақыл ретінде өсіргенде – 40-45 тәулікте гүлдейді. Ауаның ылғалдылығына жоғары болғанда өсімдік саңырауқұлақ ауруларына шалынғыш келеді. Одан басқа, тозаңқаптан тозаң шашылмайды, ендеше гүлдердің ұрықтануы да жүрмейді. Олар үшін ауаның оңтайлы ылғалдылығы – 50-60 %. Топырақ ылғалдылығына қызанақ өсу кезеңінде орташа (60-70 %), ал жемістену кезеңінде жоғары (80-90%) талап қояды.
Жемісінде 4-7% құрғақ зат, 2-24% қант, 0,3-0,6% қышқыл, 0,6% азотты заттар, 0,5% минералды тұздар бар. Дәрумен мөлшері бойынша ол лимон мен апельсиннен сәл кем түседі. Онда 20-23 мг % С дәрумені, 0,6% каротин, сондай-ақ В1, В2, РР дәрумендері бар. Құрамындағы темірі мен магний бойынша қызанақ көкөніс дақылдарының ішінде алдыңғы қатарда. Қызанақтан 125-тен артық азық-түлік түрлерін дайындауға болады. Қызанақтан қалдық қалмайды қабығы мен тұқымы да пайдаланылады. Әртүрлі дәрумендер мен тұздардың болуы, олардың консервілерде және шырында жақсы сақталатындығының арқасында, қызанақ жоғары құнды емдәмдік қасиетке ие. Езілген қызанақ өте жоғары бактерия жойғыштық әсерге ие. Қоңыржай климатта қызанақ бір жылдық шөптесін өсімдік саналады. сабағы күшті бұтақтанып, көптеген бүйірлік өркендерді – өгей бұтақтарды қалыптастырады. Сабақта 7-10 жапырақтан кейін гүл шоғыры пайда болады да, ол өсуін тоқтатады. Негізгі сабақтың қызметі жоғарғы бүйірлік өренге ауысады. Қызанақтың қуатты, тез дамитын тамыр жүйесі бар. Ересек өсімдіктің тамыры, әсіресе көшетсіз өсіргенде, 1,5 метрге дейін бойлайды, жан-жағына 1,2 м дейін жайылады. Екі түртектес жапырағы бар: әдеттегі тілімді дара қауырсынды және Қызанақ түртектес. Олардың түстері жасыл, сарғылт-жасыл болады. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, бұтақбасқа шоғырланған. Гүл шоғырының 3 түртектесін ажыратады: қарапайым (1-түртектес) – жемістері бір желіде орналасады; күрделі – желі бірнеше рет тарамдалады (3-түртектес) және аралық – желі бір-ақ рет тарамдалады (сурет 1).
1-қарапайым; 2-аралық; 3-күрделі; 4-жемісі жеміс сағағымен тұтасқан;
5-жемісі жеміс сағағымен тұтаспаған
Сурет 1. Қызанақтың гүл шоғыры (шашақгүл)
Гүл шоғырының түртегі сұрыптың белгі саналады, бірақ ол өсіру жағдайына байланысты.
Гүл шоғыры құрылымы бойынша жинақы және борпаң болуы мүмкін. Ол гүл сидамының ұзындығымен, гүлдерінің орналасу жиілігімен және гүл сағағының ұзындығымен анықталады. Гүлдердің саны бойынша аз (7-9) және көп (10-20 және одан да көп) гүлді гүл шоғырын ажыратады.
Қызанақ – өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ ыстық құрғақ ауа райында жел мен бунақденелілердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі әртүрлі пішінді (шар тәрізді, жайпақ, қырлы, қара өрік тәрізді) және әр түсті (қызыл-күрең, қызыл, қызғылт, сарғылт-қызыл, сары, ақ, алтын түстес және т.б.) болады. Олардың массасы 10 грамнан 1200 грамға дейін болады (2-сурет). Жеміс 2-8 қағанақты болады. Жемісі өзінің дамуында екі кезеңнен өтеді: гүлдегеннен кейін 27-32 тәулік бойы өседі, сосын өсуін жалғастыра отырып, 12-15 тәулік бойы пісіп жетіледі. Мұндайда ол түсін жасылдан бозғылтқа (сүттене пісу), сосын қызғылт және қызыл түске ауыстырады. Тұқымы жайпақ, үшбұрышты – бүйрек пішендес, қою түкті, мың тұқымның массасы 2,7-3,3 г.
1-аз қағанақты; 2-орташа қағанақты; 3-4-қағанағы дұрыс (4) және бұрыс (3) орналасқан көп қағанақты
Сурет 2. Қызанақ жемісінің қағанақтылығы
Сұрыптар. Қызанақ сұрыптары өсу даму кезеңдерінің ұзақтығы бойынша тез пісетіндер (өскін пайда болғаннан жемісін бірінші рет жинағанша 110-115 тәулік), орташа мерзімде пісетіндер (115-120 тәулік) және кеш пісетіндер (125-130 тәулік) болып бөлінеді. Қазақстанның солтүстігінде аязсыз кезеңнің қысқалығына байланысты тек тез пісетін және жекелеген жағдайларда орташа мерзімде пісетін сұрыптар өсіріледі.
Бұтасының сипаты бойынша сұрыптар бұтақтанғыш, детерминантты (өркендері шошақ гүлмен аяқталады) және сүңгекті болады. Бұтақтанғыш сұрыптар негізгі сабақтың барлық жапырақтарының қолтықтарынан бүйірлік өгей өркендер қалыптастырады. Бірінші реттік өгей өркендерде екінші реттік өгей өркендер пайда болады, олардан үшінші және т.т. Олар гүлдейді және жемістерін қоңыр күзге дейін береді. Бұтақтанғыш сұрыптар оңтүстікте таралған. Детерминантты сұрыптар тырбиған, бойлап өсуін өздік шектейтіндер. Бұлардың өгей бұтақтары негізгі сабақтың төменгі бөлігінде ғана пайда болады, сондықтан өгей бұтақсыздандырудың қажеті жоқ. Жеміс салуы алғашқы 2-3 гүл шоғырларымен шектеледі. Сүңгекті сұрыптар, детерминанттар сияқты, бірінші және екінші реттік өгей бұтақтарды ғана қалыптастырады. Бұлардың сабақтары тік және байлауды қажет етпейді. Бұларды, басқа сұрыптарға қарағанда жиірек отырғызады.
Қызанақ тіршілігі. Қызанақ-көп жылдық шөптектес өсімдік. Біздің елдегі құбылмалы ауа-райына қарай бір жылдық дақыл.Өсіп өну дәуірінде әрбір жапырақтардың қойнында жанама жас сабақ бұталары қалыптасады,бұлар өсіп-жетіліп,ылғалды топыраққа иіліп жабысадыда,жаңадан тамырланып көп сабақты жанама бұталарымен ұзарып өсе береді.Одан әрі өркен жаюы үшін тіреуіштерді немесе шпалерді қажет етеді.орташа,кеш пісетінсорттары ұзақ мезгіл өсіп жетіледі. Егер салқындық болмаған жағдайларда жапырақтары мен сабақтарында қолға жұққыш жабысқақ шырын бөлетін түктері болады.және бұлар ылғалды артық буландырудан қорғайды [3].
Тұқымдары көктеп шыққаннан соң,немесе көшеттері отырғызылып өскеннен кейін сабағында 6-11 жапырақтары пайда болады да, гүлдей бастайды. Сабақ бұтақшаларының өсуі ұшар басында шоқ гүлдерінің құрылуымен тоқталатын нағыз бұталы түрлері бар. Бұталы түрлерінің сабақтары айтарлықтай берік болғанымен,жемістері үлкейіп салмақтанғанда майысып,топыраққа дейін жеткізеді.Сабақтары көп бұтақтанып,жанама бүйірлік өскіндері қалыптасады. Ерте пісетн сорттары 6-8 жапырақтан кейін гүлдейді, осы гүлшоғырларынан кейін ортаңғы сабақ өсуін тоқтатып, негізгі өсу жанама бұтақтарына ауысады [4].
Ерте пісетін сорттардың жанама сабақтарының ұзындығы - 60-80 см кеш пісетіндерінің 150-200см дейін жетеді. Ерте пісетіндердің жанама сабақтарында 1-2 жапырақтан кейін гүлшоғырлары мен жемістері қалыптасады, ал кеш пісетіндерінде 3-4 жапырақтан кейін гүлшоғырланады және жемістенеді.
Гүлдері қос жынысты,сары түсті, ұсақ шашақ, гүл шоғына шоқшабас шоғырланған. Қызанақ-өздігінен тозаңданатын дақыл, бірақ ыстық, құрғақ ауа райында желмен араның көмегімен тозаңданады. Гүлдерінің шоғырлары 3 түрге бөлінеді:
- Әдеттегідей-гүлдерімен болашақ жемістері кезектесіп бір сабаққа орналасады.
- Егер гүлдерімен жемістері бір бүтақ сабағында бірнешерет бұтақтанып орналасса-күрделі түрі.
- Сабағында бір түрімен үшінші түрінің орналасуы қайталанатын болса –оны аралық жемістерінің орналасуы дейді.
Гүлдену түрлері әрбір сорттың өзіне тән ерекшеліктеріне және өсіріп өндіру жағдайларына бағынышты.
Гүл шоғырлар құрылымы жағынан –жинаңқы және шашыраңқы болып келеді.Бұндай болуы гүлдер сабағының ұзындығына,орналасу жиілігіне және гүлдер сабағының ұзынды қысқалылығына қарай белгіленеді. Гүлдері жемістерінің саны жағынан аз (7-9) және көп (10-20) оданда көп жемісті болып ажыратылады. Гүлденгеннен кейін жемістерінің даму кезеңі 2 мерзімге созылады. Өсіп -өнуі ауа райының жағдайларына қарай кішкене жемістері - 27-32 тәулік бойы өсіп толыса береді. Бұл кезендерде 12-15 тәулікте піседі осы жағдайда жасыл көк түстерінен – ақшыл, боз, қоңырқай сары болып қызара бастайды, бұл пісу түстері. Ол әрбір сорттың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Піскен жемістері әртүрлі пішінді –домалақ, дөңгелек, жалпақ, алмұрт, өрік тәрізді болып келеді.
Жемістерінің орташа салмағы 80 грамға дейін,кішкене, 150 грамға дейінгілері орташа, 150 грамнан асқандары үлкен болады. Жемістеріндегі үялардың саны-жеміс жапырақтарының қосындысына да тең болады. Ал тұқымдық ұялар - 3-тен 20-ға дейін және онан да көп болуы мүмкін. Ұялардың орналасуы бір бағытқа бөлінген. Ұялары аз сорттардың жемістерінде тұқымдары көп,ал көп ұялы сорттардың жемістерінде тұқымдар аз болады. Жемістерінің дәмділігі, тәттілігі жағынан аз тұқымдылары артық. Жемістерінің қабықшалары неғұрлым жұқа болса, соғырлым тәтті, әрі дәмді болады. Жұқа қабықшалы жемістер тасымалдауға және сақтауға төзімсіз. Қалың қабықты,тығыз жемістер онша дәмді емес, тәттілігі жағынан жұқа қабықтыларға қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ, қалың қабықтылар тасымалдауға, сақтауға төзімді келеді [5].
Қызанақ көп сабақтанып,жанама бұтақтанып өсіп-өнетін дақыл. Сондықтанда жемісті де өте көп береді. Тез дамитын тамыр жүйелері өте сезімтал, тұқымдары егілгеннен кейін бірінші болып тамырлары пайда болады. Содан кейін ғана тұқымдардың жарнағынық жапырақшалары көктеп шығады,ал осы орында өсетін болса тамыр жүйелері топырақтың 150 см терең қабатына дейін,ал жан-жағына 80-90 см топырақ қабатына, 60-70 см жан-жағына ене алады. Сондықтан көшеттерімен отырғызылған егістікке ең кем дегенде жұмасына бір рет 25-30 см тереңдікке жеткенше су жіберу қажет. Осы әр түптен 2 кг-нан 10 кг дейін сапалы өнімдерін алуға болады.
1.2 Ашық жерге арналған және қысқы жылыжайларға арналған сұрыптар
Агата. БОӨШҒЗИ-ның Қырым селекция стансасында шығарылған. Ерте пісетін, салаттық сұрып. Өсінді кезеңі – 110 күндей. Детерминантты, биіктігі 45 см, байлауды және өгей бұтақсыздандыруды тілемейді. Жемістері, жайпақ – домалақша тегіс. Тасымалдылығы өте жоғары. Жемісінің салмағы 80-110 г. Жемісін бір мезгілде байлайтындығымен ерекшеленеді.
Доходный. Белорусс жеміс шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, Қызанақ шаруашылығы. ҒЗИ-де шығарылған. Жемістерінің бір мезгілде пісетіндігімен ерекшеленеді. Ерте піседі. Өсінді кезеңі – 100-103 тәулік. Детерминантты, жапырақтануы орташа, биіктігі 13-34 см, шашақгүлі қарапайым, жинақы, 4 және одан да көп жемісті сұрып. Жемістері домалақ-жайпақ, біркелкі, қызыл және қызғылт-сары, тұқым қағанағы – 4-12. Жемісінің массасы – 83-93 г. Жас жемісінің дәмдік сапасы өте жақсы. Құрамында 5 % құрғақ зат, 2,1% қанттар, 20,1 мг % аскорбин қышқылы, бар, қышқылдылығы – 0,5%.
Пламя. Қазақ ККШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ертерек піседі, өскін болғаннан жемісінің пісуі басталғанша – 100-108 тәулік. Детерминантты, жапырақтануы орташа өсімдік. Гүл шоғыры қарапайым және аралық. Алғашқы гүл шоғыры 6-7 жапырақ үстінен пайда болады, кейінгілері 1-2 жапырақтан кейін. Жемістері алхоры пішіндес тегіс, ашық реңді, өте берік, қызыл құрғақ зат мөлшері жоғары (6,4-6,8%). Әлеуетті өнімділігі 520-680 ц/га, дәмдік сапасы жақсы. Жас күйінде, консервілеп, өңдеп пайдалануға жарамды. Ұштық шірікке шалдықпайды [6].
Персей. Приднестр АШҒЗИ-да шығарылған. Тез пісетін, өскін пайда болғаннан жеміс салуының басталғанынша 90 күн қажет. Аласа бойлы, сүңгекті өсімдік. Жемістің массасы 100 г, ашық қызғылт түсті, сәл түкті. Сүйкімді емдәмді. Бір түптің өнімділігі 2,5 кг.
Самаладай. Қазақ ККШ ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мезгілде пісетін (102-114 тәулік), детерминантты, жапырақтануы орташа, жартылай аумақты өсімдік. Гүл шоғыры аралық, борпаң. Бірінші гүл шоғыры 8 жапырақтан кейін бойланады, кейінгілері 1-2 күннен кейін. Жемісі алхоры пішіндес, қызыл, негізінде сәл қырлы, жарылуға берік, салмағы 78-84 г. Қызуға төзімді, жемістері өсімдікте жетілген күйінде 20-25 күн сақталады, дәмдік сапасы жоғары. Жас күйінде, консервілеп, өңдеп пайдалануға болады. Механизм күшімен өсіруге және жемісін бір мезгілде жинап алуға жарамды.
Сибирский скороспелый. Батыс Сібір көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Детерминантты, негізгі сабағының биіктігі 50-54 см, орташа бұтақтанатын, мол жапырақты өсімдік. Жапырақтары ірі, тілімділігі әлсіз, тегіс, күңгірт -жасыл, жемістері жайпақ-домалақ, тегіс, қызыл, 60-100 г. Дәмдік сапасы жақсы. Жемістерінің жақсы және бір мезгілде пісуімен бағаланатын сұрып.
Ласточка (Е). Көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ерте пісетін сұрып. Өсінді кезеңі, қысқыкөктемгі айналымда, толық өскіннен алғашқы жинауына дейін 118-124 тәулік, күзгі қысқы айналымда - 88-92. Қалыпты, детерминантты, жапырактануы шамалы, бойшаң өсімдік. Жемісі домалақ, қызыл, тсғіс, дұрыс орналасқан 4-6 жатынды 57-71 г.
Московский осенний. БОКДС және ТШ ҒЗИ-да шығарылған. Бойшаң, қуатты, жапырақтануы орташа және жоғары өсімдік. Жемісі жайпак домалакша және домалақ, тегіс және сәл қырлы, орташа көлемді (65-100 г). Пісіп жетілмеген жемісі жасыл, жеміс сағағында қоңыр не-месе сәл дақты, пісіп жетілгені - қызыл. Жемісіндегі кағанағы дұрыс орналасқан, саны 3-5 жеміс байланғаннан пісуіне дейІн 109-126 тәулік. Жапырақтары қоңыр дакка төзімді.
Ревермун (Е). Голландық, қысқы жылыжайлар үшін шығарылған сұрып. Бойшаң өсімдік. Жемістенуге 125-130 тәулікте кіріседі. Қысқы - көктемгі айналымдағы өнімділігі 10-13 кг/м2.
Собето (Е). Голландық. Өскіннен алгашқы жемісін жинағанша -121-127 тәулік. Жемістері домалақ, орташа иіамада, массасы 64-78 г. Жас жемістерінің дәмдік сапасы - 5 үпай. Тауарлық өнімділігі -10-16 кг/м2.
Верлиока (Ғ). ТАША-ның В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Детерминантты, тез пісетін, жсмісін қолайсыз жағдайда да сала алатын, ауруларға кешенді төзімділікке ие будан. Жемістенуі өскін пайда болғаннан 103-110 күнөткен соңжүреді. Жемістспуінің бірінші айындағы өнімі 7-8 кг/м2.
Сольвейг (Ғ). ТАША-ң В.И.Эдельштейн атындағы көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Бойшаң, орташа мерзімнен ерте піседі, жемісінің орташа массасы 120-150 г. Өнімділігі 7-8 кг/м2. Жас күйінде пайдаланады.
Америкалық «Принер-2004». Күзгі - кысқы айналымда жоғары өнім береді. Ерте піседі (85-94 тәулік), массасы 95-100 г. Фитофторозға және макроспорозға төзімдІлігі орташа. Өнімділігі 15-17 кг/м2.
Виса (Е). Эстонияда шығарылған, тез пісетін будан. Өсінді кезсңі өскін пайда болғаннан алғашқы жиынтерінге дейін 92-98 тәулік. Қуатты, орташа бүтақтанатын өсімдік. Жемісі жайнақ домалақ, тегіс қызыл, массасы - 86-102 г. Буданның ерекшелігі – 40 %-дан артық өнімін жемістенуінің бірінші айында беретіндігінде, яғни тиімді. Жемістерінің дәмдік сапасы өте жоғары, реңі өте сүйімді, жарылмайды, жақсы тасылмаданады. Қоңыр даққа төзімді. Фитофторозбен және бактериалды шірікпен әлсіз закымданады.
Шаганэ (Ғ). ТАША-ң В.И.Эдельштейн атындағы кекөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Жемісі домалак және жайпақ домалақ пішінді, кызыл түсті, массасы 8-150 г., дәмдік және тауарлык сапасы өте жоғары. Өнімділігі 5-15 кг/м2. Жылытылмайтын пленкалы жылы-жайларда өсімдіктің әсуі тоқтаған ксзде 4-5 гүл шоғырының үстіндсгі ұшын, оның үстінен 1-2 жапырақ қалдырып шеку жемістенуді жеделдетеді.
Гамаюн (Ғ). ТАША-ң В.И.Эдельштеин атындағы көкөпіс тәжірибе стансасында шығарылған. Ерте піседі. Өсінді кезеңі 88-98 күн. Жемісінің орташа массасы 62-92 г., дәмділігі - 4,5 ұпай. Столбурмен, фузариозды солумен зақымдайады.
Ирок (Ғ). Көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімнен ерте піседі, индетерминантты. Бұтақталуы, жапырақтануы шамалы. Өсу-даму кезеңі бойы жемістенуі біркелкі жүреді. Жалпы өнімі 6,9-13,1 кг/м2. Тенбілмен жеміс шірігімен зақымдануы шамалы (4,6-10,0 %).
Русич (Ғ). К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының көкеніс тәжірибе шаруашылығы стансасында шығарылған, ерте пісетін будан. Жемістері өскін пайда болғаннан 125-127 тәулік өткеннен соң піседі. Индетерминантты, орташа бүтақтанатын және ор-таша жапырақтанатын өсімдік. Жемісі домалақ, тегіс, қызыл, жылтыр, жемістенуінін бірінші айындағы өнімі 2,5-4,1 кг/м2, жалпы -7,4-13 кг/м2. Жемісінің орташа массасы 78 г. дәмділігі 4 ұпай [3, 4].
1.3 Көшеттерді өсіру
Қазақстанның Оңтүстік аумақтарында қызанақты көшетпен емес тұқымынан егіп өсіруге болады. Дегенмен, Солтүстік Қазақстанда вегетациялық кезең қызанақтың тұқымнан өсіп жетілуіне мумкіндік бермейді; сондықтан, көшеттен өсіру әдісін қолданады. Көшеттерді жылы-жайларда немесе парниктерде өсіреді.
Тұқымды себуді, ашық топыраққа отырғызудан 55-65 тәулік бұрын бастайды (әдетте, наурыз айының соңында, сәуір айының басында егеді). Егу нормасы 8-10 т./м2. Көшеттердің қоректену аумағы егу кезінде 3-тен 3-ке, 4×4 см-ге дейін болады. Егілген кездегі ауа температурасы +20.... +25 С, көктеп шыққаннан кейінгі 4-7 тәулік аралығында, күндіз + 12.....15 С, түнде +6.... +10С болады.
Температураны қысқа мерзімдік төмендетудің қажеті неде. Бұл кезеңді ауыспалы деп атайды, өсімдік тұқымдағы қоректі тауысып автотрофтық қоректенуге өтеді. Бұл уақытта көшеттер жоғарғы температура жағдайында және егер жарық жеткіліксіз болса күшті созылып өседі де жатып қалады. Температураны төмендетіп ұстау мерзімі, бірінші нағыз жапырақтың пайда болуына дейінгі 4-7 тәулік болып табылады (үшіншісі тұқым жарнағынан соң есептеледі). Одан соң температураны қайтадан көтереміз: + 20 ..26 С ашық ауа райында күндіз, бұлтты күндері + 17..19 С, түнде + 6..10 С болады. Қызанақтың тамыр жүйесі өзекті болады,бірақ , топыраққа отырғызған уақытта тамырдың төменгі бөлігін шырнып тастайды. Бұдан кейін қызанақтың тамыр жүйесі бүйірлік көлденең жатқан тамырлардан пайда болады, олар айдалған қабатта жатады (15-25 см). Көшеттерді сиретіп отырғызуды бірінші жапырақ пайда болғанда жасайды (3-нағыз жапырақ пайда болғанға дейін жүргізеді). Сиретіп отырғызудан бір сағат бұрын көшеттерді жақсылап суғарады.
Одан соң көшеттерді түбіндегі топырағымен бірге алып, тамырының үштен-бір бөлігін қысқартады. Қөшеттерді топыраққа тұқым жарнағындағы жапырағына дейін тереңдетіп отырғызады. Көшеттерді сиретіп отырғызғанда, қоректік аумағы үлкен болуы тиіс : 8×8 см. Ауаның қалыпты ылғалдылығы 60-65% болып, жақсылап желдетіп тұру керек [7].
Дайын көшетті отырғызғанда ондағы жапырақ саны 7-9-ға дейін болуы керек, бірінші гүл шоғырының жеке гүлдері болады, биіктігі-25-30 см болады. Көшеттің шығуы 100-125 дана/м2 құрайды. 1 гектар ашық топыраққа 330-360м2 қорғалған топырақ талап етіледі, 1 гектар ашық топыраққа егу үшін 300-400 г. тұқым қажет болады.
Көшеттерді отырғызуды көктемгі соңғы суықтан соң бастайды (әдетте жаздың бас кезінде). Көшетті, көшет егетін машиналармен 70×35см схема бойынша отырғызады ( тығыздығы, жиілігі 1 гектарға 40 мың. өсімдік есебімен), немесе 60×60 см (1гектарға 28 мың өсімдіктен келеді). Көшеттерді отырғызып болғаннан соң, міндетті түрде бірнеше рет суғарады, көшет тамырлағанга суғарылады.
1.4 Қызанақты көшетпен өсіру
Егер алғы дақылдардың – орамжапырақтың және қиярдың – танабына органикалық тыңайтқыш енгізілген болса, онда сүдігер көтергенде тек 4-4,5 ц спуерфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізіледі. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг калий алып шығады. Егер өткен жылы көң енгізілмесе, онда құнары кемдеу топыраққа, күзде жыртқанда гектарына шіріген көңнің 20-30 тоннасы енгізілгені дұрыс болады. Шірімеген көң өсінді мүшелердің – сабақтардың және жапырақтардың тым өсіп кетуіне әсер етеді де, жемісінің өніміне зиян келтіреді. Ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалауды екі ізбен жүргізеді, сосын қопсытады. Бұл арамшөптердің өсуін жеделдетеді. Пайда болған арамшөптерді жою үшін екінші культивацияны және тырмалауды көшет отырғызар алдында, 10-12 см тереңдікке жүргізеді. Осы кезде гектарына 1-1,5 ц аммиак селитрасын қоса енгізеді. Ертерек отырғызу – жоғары өнімнің кепілі. Көшеттерді танапқа 27 мамырда отырғызғанда гектарынан 332 ц өнім жиналған, ал 15 маусымнан кейін отырғызғанда гектарынан 228 ц өнім жиналған. Қазақстанның солтүстігінде маусымның алғашқы күндерінде бозқыраудың қайталану мүмкіндіктері болғандықтан, көшеттерді грунтқа әдетте 5 маусымнан кейін отырғызады: ең дұрысы – бұлыңғыр күндері, ал шуақты ауа райы болса, түс ауа қызанақтың көшеттерін әдетте 140х20 см сұлбасымен отырғызады. Отырғызуға құмырасыз өсірілген 40-45 тәуліктік көшеттерді пайдаланады. Бұл құмырада өсірілген ірі көшеттерді отырғызып өсірген қызанақтың гектарын өңдеуге кеткен шығынмен салыстырғанда біршама төменірек болады [8]. Көшеттерді көшет отырғызғыш машиналармен отырғызады. Кішігірім алаңдарға, сондай-ақ бойлап өсіп кеткен көшеттерді әдетте қолмен отырғызады. Көшеттерді булыжайда және жылыжайда өскенмен салыстырғанда 4-5 см тереңірек, ал ірілеп көлбейтіп, сабақтың төменгі жағын, 2-3 буын аралықтарын ала, культивация кезінде олар топырақ бетіне шығып қалмас үшін қатар бойымен бағыттап отырғызады (сурет 3).
Көлбеулетіп тереңірек отырғызу, өсімдіктің қоректенуін жақсартатын, қосалқы тамырлардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Жаңа ғана отырғызылған көшеттерді, әсіресе құмырасыздарды, суландыруға болмайды, себебі олар жапырылады (жапырақтары және сабақтың ұшы жерге иіледі), суландырғанда лай басады. Міне, сондықтан телімді дұрысы көшет отырғызу алдында суландыру. Өсімдік көндіккенде және көтерілгенде, 3-4 тәуліктен соң, отырғызғаннан кейінгі бірінші суландыруды қолданады да, ізінше түсіп қалған өсімдіктердің орнына жаңа көшет отырғызады. Осы мақсатқа булыжайда немесе 2-3 % құмырада және 5-7 % құмырасыз өсірілген көшеттер қалдырылады. Отырғызумен бірге лай басқан өсімдіктерді тазартып (босатып) алады және қатараралықтарды қопсытқыш табандармен 7-8 см өңдейді. Одан әрі, телімді арамшөптердің пайда болуына қарай 1-2 рет қолмен отайды. Барлығы өсінді кезеңде, әдетте суландырғаннан кейін телімге 4-5 рет культивация жасайды. Өсімдікті жеміс байлағанша 200-300 м3/га су беріп әрбір 7-10 тәулік сайын суарады. Жеміс байланғаннан бастап, топырақ 60-70 см тереңдікке дейін сулануы үшін суландыру суының мөлшерін 340-400 м3/га арттырады. Өсінді кезеңі бойы 7-8 рет суландырады. Өсімдіктерді екі рет үстеп қоректендіреді: бірініші рет – отырғызғаннан 12-16 тәулік өткен соң (1 га 1-1,5 ц суперфосфат және 1 ц аммиак селитрасы немесе 0,5 ц аммофос) және 2-рет – бірінші үстеп қоректендіруден 18-20 тәулік өткен соң, 2-3 шашақгүлінде түйнек пайда болғанда (1,2-2,0ц суперфосфат және 0,5 ц хлоры калий) жүргізеді.
Екінші рет үстеп қоректендіргенде азотты тыңайтқыштарды, қажеттігі
байқалғанда ғана енгізеді - өсімдіктің баяу өсуі, жапырақтардың
сарғаюы және түсуі көрсетеді. Топырақта азот тым көп болса
өркендердің жаппай өсуі және жемісінің нашар байлануы, әрі оның ұзақ
пісуі байқалады.
Сурет 3. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
Тыңайтқыштарды өсімдік қоректендіргіш культиваторлардың көмегімен, суландыру алдында енгізеді. Гүлдердің тозаңдануын және түйнектердің сақталуын жақсарту үшін тамырдан тыс бор қышқылымен (г/л) үстеп қоректендіреді. Өсімдіктерді гүлдеу алдында бүркеді. Бірінші гүл шоғырында бүршіктердің жартысы ашылғанда бір рет бүркеді, үлкен аумақта бұл мақсат үшін арқаға асатын бау-бақ бүрккішін пайдалануға болады. Жемістердің пісуін жеделдету үшін «дестелеуді» қолданады. Тамыз айының басында екі қатардағы
өсімдіктерді, кең қатараралығын жинаушылар өтетін жол ретінде
қалдырып, тар қатараралығына дестелейді. Дестеге салғанда жемістерінің сабақтарының үстіне келуін қарастырады. Күн кезінде олар тез жетіледі және шірімейді [9].
1.5 Өсімдікті күтіп-баптау жағдайлары
Топырақты қопсытамыз: бірінші рет – көшетті отырғызғаннан кейін, екінші рет- 2-3 аптадан соң, одан кейін әрбір 10 күннен соң қопсытып отыру керек. Суғару мерзімдері -3-4 суғарылады (су 250-300м3/га есебімен жұмсалады). Сумен қамтамасыз егістін ауыспалы кезең-түйнектердің түзілуі, жеміс байлауы. Бұл кезеңде ылғал жеткіліксіз болса түйіндері түсіп қалады, жемісі майда болып қалады, жапырақтары ширатылып ауырады. Жеміс байлаған мерзімдегі ылғал жетіспеушілігі жемістердің жарылып кетуіне әкеледі. Өсімдікті қорғау үшін тұқымдарды дәрілейді (ТМТД немесе басқа дәрілер). Саңырауқулақ ауруларына қарсы 1% -дық бордо суйықтығымен көшетті отырғызып болғаннан соң шашыратып өңдейді (6-8кг/га). Полудетерминанттық сорттардың қажетсіз бұтақтарын кесіп тастау керек (пасынкование). Қиындығы мол жұмыс болғандықтан қызанақты 2 рет пасынколайды: шілде айының басында және кейінгі жинауға 30-35 тәулік қалғанда (бұл кезде артық бұтақтардың барлығын отап тастайды, тек қан бірінші және соңғысы қалдырылады). Дегенмен, егер мүмкіндік болса өсімдікті аптасына бір рет отап отыру керек. Жемістерінің пісуін жылдамдату үшін, аяздар басталғанға дейінгі бір ай бұрын өсімдіктің ұштарын шырпып тастау керек, жоғарғы гүл шоғырына 2-3 жапырақ қалдырса болғаны [10].
Сұрыпты дұрыс таңдап алғанда, толық піскен жемістерін 20-25 шілдеде жинай бастайды, ал жаппай пісуі тамыздың екінші онкүндігінде жүреді. Егер Қазақстанның оңтүстігінде қызғылт және қызыл жемістерін жинаса, жергілікті жағдайда, сақтау кезінде жетілетін бурылын жинайды. Дәмдік сапасы бойынша олар өсімдікте піскеннен төменірек болса да, кейінгілерінің пісуін тежемес үшін, оларды жинауға тура келеді. Бозқырауға дейін жинауды әрбір 3-4 тәулікте, ал бозқырау түсерде, барлық құбалана, ағара бастағандарын және жасылдарының ірісін жинап алады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін жинауға жинағыш платформаларды пайдаланады: Т-16М тракторына ілінетін, 10-15 адам қызмет жасайтын ПНСШ-12; 16 жұмыскер қызмет жасайтын ПОУ -2 тіркеме платформасы. Машинамен бір рет жинағанда машиналар кешені пайдаланылады: өзі жүретін СКТ-2 комбайыны; контейнерлі жүкті өз түсіретін ПТ-3,5 тіркемесі, КОН- 3,5 контейнер қотарғыш пен АВН -0,5 контейнер тиегіші және СПТ -15 сұрыптағыш нысаны. Нысанда 20 жұмыскер қызмет жасайды. 1 сағат таза жұмыстағы еңбек өнімділігі 12 т.
Жемістерді көлемі мен пісу деңгейіне қарай сұрыптайды және пісіп – жетілуі үшін жылы құрғақ жайда сөрелерге 2-3 қабат етіп орналастырады немесе жәшіктерге салады. Жеміс жәшіктерін қолданғанда, желдетуді жақсарта түсуі үшін әр қабаттың астына жұқа тақтайшалар келтіреді. Пісіп-жетілдіру үшін булыжайды дайындауға болады. Оны топырақтан және қара шіріндіден тазалайды, ордың түбіне таза сабан төсейді де, оның үстіне жемістерді орналастырады. Бір кәсек астына 40-60 кг жеміс сияды. Булыжайды кәсекпен жауып, әйнегін іш жағынан әктейді [11].
Пісіп – жетілу 23-25оС және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85% болғанда тезірек жүреді. Мұндай жағдайда қызғылт қызанақ 2-3 тәулікте, ақшылы – 4-6, жасылы – 7-10 тәулікте қызарады. Температура төмендегенде пісіп-жетілу үдерісі күрт баяулайды және жемістің басым бөлігі шіриді.
Жемістерді арнаулы камераларда жасанды түрде этиленмен өңдеп, пісіп-жетілдіруге болады. Этилен, әсіресе жасыл жемістерге белсенді ықпал жасайды (ақшылы қалыпты жағдайда да пісіп-жетіледі). Жемістердің жеміс сағағын алып тастайды, себебі газ жемістің ішіне сағақ бекіген жердің борпаң ұлпасы арқылы өтеді. Жеміс салынған жәшіктерді камерада шахмат ретімен орналастырады. Қызыл жемістерді әрбір 2-3 тәулікте алады да орнына жасылын салады. Камераның әрбір шаршы метріне 0,5 л этилен жібереді, температураны 20-22оС, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 85% деңгейінде ұстайды. Камераны күнде желдетеді және қайтадан этиленмен толтырады.
Ақшыл және қызғылт жемістерді тоңазытқыштарда 1,5-2 ай сақтауға болады, сақтауға қояр алдында жәшіктер мен жемістерді формалиннің ерітіндісімен (1:300) зарарсыздандырады немесе 45-50о 4 сағат бойы қыздырады. Тоңазытқыштарда 1-2оС жылылықты және 90 % ауа ылғалдылығын қамтамасыз етеді. Шаруашылық жағдайында, әдетте қызанақты жеміс сағағын үстіне келтіріп, кішірек кереге көз ағаш жәшіктерде 10-12оС сақтайды. Жәшіктің түбіне және жемістердің арасына ағаш үгіндісін салады [12].
Қызанақты көшетсіз өсіру. Қызанақтың тұқымын топыраққа сеуіп өсіру өте тиімді. Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасының (В. Р. Гюнтер, 1987) деректері бойынша оның гектарлық орташа өнімі 200-370 ц болған. Технологиядан көшетті өсіруді шығарып есептегенде, өнімнің өзіндік құны 1,5-1,9 есеге кеміген. Көшетсіз өсіргенде өсіп-даму кезеңі 12-15 тәулікке азаяды. Тұқымдардың шынығуы топырақта өтіп, өскіндері қысқа мерзімдік – 3оС суыққа шыдайды. Тұқымды топыраққа сепкенде өсімдік терең бойлайтын, қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады, соның есебінен суландыруды азырақ талап етеді және ауруға азырақ шалдығады. Көшетсіз өсіруге ең тез пісетін сұрыптарды (Сибирский скороспелый, Доходный және т.б.) пайдалану керек. Жел өтінен қорғалған, топырағы жеңіл, жақсы жылынатын және арамшөптерден таза танапты таңдап алады. Алғы дақыл-гектарына суперфосфаттың 90 кг ә.ә.з енгізілген сүрі жер. Ол өнімділікті арттырады және жемістің пісіп – жетілуін жеделдетеді Тұқымды 10-15 мамырда себеді. Арашөптермен күресті қызанақ өскіні көрінбей-ақ тұрып жүргізу үшін, оның тұқымымен бірге шалғамның тұқымын себеді. Шалғамның тұқымы қызанақтікіне қарағанда көп ерте көктеп шығады. Шалғам тауарлық күйге жеткенде оны жинап алып, іске асырады. Бір гектарға 2,5-3,0 кг қызанақ тұқымын, және толықтырғыш ретінде қуырылған 3-4 кг тары қосылып (оларды мұқият араластырады) себіледі. Себу жұмыстарын СОН-2, 8А, СКОСШ-2,8 немесе СКОН-4,2 тұқым сепкіштерімен қатараралығынан 70 см қойып жүргізеді. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см. Себуге дейін және себуден кейін топырақты тығыздағыштармен тығыздайды. Өскін пайда болғаннан 8-10 тәулік өткен соң, егістікті жеңіл тырмалармен себу қатарларына көлденең тырмалайды. Бұл кезде арамшөптермен қатар қызанақ өскіндерінің 20% жуығы жойылады. Егер қызанақ тұқымына шалғам қоса себілсе, онда егістікте тырмалау жүргізілмейді, қолмен отап, өсімдіктің гектардағы санын 40 мыңға жеткізеді. Ақтық қоректену алаңы 70х40 см болады. Өскіндер пайда болғаннан соң бірінші қопсыту жүргізіледі. Өскіндерді жарақаттап алмау үшін культиваторға ұстара-табан қояды. Сиреген жерлерге қолмен қосымша көшеттер отырызғады және суландырады. Одан кейінгі күтіп-баптау жұмыстары көшетпен отырғызған қызанаққа ұқсас. Грунттық қызанақтың жеміс салуы көшеттерден кешірек, бірақ қолайлы күзде өнімділігі көшеттік қызанақтікіндей, сонымен бірге пісіп-жетілген жемістерінің пайызы азырақ болады [13].
Қызанақты пленка астында өсіру. Пленка астында тез пісетін, біркелкі өнім беретін сұрыптарды, мысалы, Сибирский скороспелыйды өсіреді. Сүдігердің әр гектарына 25-30 т көң, 4-5 ц суперфосфат және 1,0-1,5 ц хлорлы калий енгізеді. Көшетті ашық жерге қарағанда 20-25 тәулік ерте отырғызады; ағаш қаңқа астына қатараралығын 50-60см етіп 3 қатар, бір қатардағы өсімдіктерді бірінен-бірін 25-30 см; тоннелді жабуда 2 қатармен, қатараралықтарын 40 см және қатарда 30 см етіп орналастырады.
Әдетте аптасына бір рет суландырады. Суландырудан кейін қаңқа мен тоннельде ауаның ылғалдылығын төмендету үшін міндетті түрде желдетеді. Бірінші үстеп қоректендіруді отырғызғаннан 12-15 тәулік өткен соң жүргізеді. Жамылғыны бозқырау қайталану қауіпі өткен соң және түнгі темтемпература 7оС-дан төмендемейтін маусымның орта кезінде алады. Одан әрі күтіп – баптау кәдімгі көшетпен өсіргенге ұқсас. Дұрыс күтіп баптаса, әр пайдалы алаңның бір шаршы метрінен 5-8 кг қызанақ жиналады.
1.6 Қызанақтың зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары
Мақта көбелегі. Жұлдыз құрттары пісіп келе жатқан қызанақтың жемістерін кеміріп жейді, Оңтүстік аудандарда зиянын тигізеді. Қуыршақтары топырақтың қабаттарында қыстайды .
Күресу шаралары :қызанақ жемістері пісіп келе жатқан кезде улаған жемді (1 кг күнжара ұнына 60 грам арсенат кальций қосып немесе 100грам 5,5 % ДДТ дусты) тастау қажет. Сүдігерді күзде міндетті түрде жүргізу керек .
Қара дақ. Жапырақта ұсақ майда дақтар пайда болады , бұлар біртіндеп үлкейіп, қарая түседі. Жапырақ кеуіп , семе бастайды. Осы кезде қарсы күрес жүргізілмесе жемістерінің сыртқы бетінде қарауытқан дөңес, ылғалды, сақина тәріздес дақтар пайда болады. Піскен жемісінде дақтың астындағы қабаттарында ұлпалары шіри бастайды. Ауруды қоздыратын бактериялар зақымданған қызанақ сабақтарының қалдықтарында қыстайды.
Күресу шаралары: Тұқымды гранозанмен дәрілеу керек. (1 кг тұқымға 3 г). Қызанақты гүлдегенде 1 пайыздық бордос ерітіндісімен 500 л/га, немесе 80 пайыздық цинебтің 0,4 пайыздық ерітіндісімен (10 л суға 40 г) бүрку керек . Бүркуді әрбір 10- 12 күн сайын қайталаса бірінші жемістенгенге дейін жақсы әсерін тигізеді (кесте 1).
Кесте 1 - Қызанақтың зиянкестерімен және ауруларымен күресу, л/га (Можаев Н., 2011ж)
Зиянкестер, аурулар |
Қолданылатын дәрмектер |
Қолдану мөлшері, л/га |
Өндеу тәсілі шектеуі |
Соңғы өндеудің жинауға дейінгі уақыты, өндеудің дүркінділігі |
Кеміргіш түн көбелектері |
Циракс, 25% э.к |
0,24-0,32 |
Өсінді кезеңінде бүрку |
20(1) |
Колорад қонызы |
Банкол, 50% с.ү. |
0,3-0,5 |
-«- |
40(2) |
|
Ровикурт, 25% э.к. |
0,2 |
Гүлдеуге дейін бүрку |
20 (2) |
|
Битоксибациллин (биодәрмек) |
2,5 |
Зиянкестердін әр ұрпағына 6-8 күннен кейін 2-3 рет өндеу |
|
|
Новодор, с.к. (биопрепарат) |
3-5 |
-«- |
|
Ақұнтақ |
Байлетон, 25% с.ұ. (қорғ. жер) |
1-4 |
Өсінді кезеңінде дәрмектің 0,01% суспезиясымен өндеу |
20 (4) |
Фитофтороз, макроспориоз, қоныр дақ |
Мыстың хлорлы тотығы 90% с.ұ. |
2,4-3,2 |
Дәрмектің 0,4% суспензиясымен |
20 (4) |
Фитофтороз, қоңыр дак (тұқымдық егістік) |
Браво 500, с.к. |
3-3,3 |
Өсінді кезеңінде бүрку |
-(3) |
Фитофтороз, қоңыр дак |
Купросат, 34,5%o а.п. |
5 |
-«- |
20(3) |
Қоңыр дақ |
Фундазол, 50% СП. |
2-3 |
-«- |
10(2) |
Аққанатпен, бітімен күресу киярдікіне ұқсас |
Макроспориоз - (қоңыр дақтар) грибтік ауру. Қызанақ, Қызанақ, баялдыны зақымдайды. Жапырақтарда дөңгелек, қоңыр түсті, ойдым- ойдым дақтар пайда болады.
Жемістерінде ояң ойыс қоңыр дақтар пайда болады, олардың астындағы ұлпаларды шытынап, жарылып кетеді. Грибтер тұқымда және дақылдың қалдықтарында қыстайды және сақталады.
Күресу шаралары. Тұқымды гранозанмен дәрілеу (1 кг тұқымға 3 грамм) керек. 0,5-1,0 пайыздық цинеб немесе 1 пайыздық бордос ерітіндісімен 500 л/га. Қызанақ дақылын гүлдегеннен бастап жемістенгенге дейін бүркеді.
27-30 см тереңдікте сүдігер жыртады. Ауыспалы дақылдар айналымын қадағалау керек.
Бактериялық рак. Буыны қатқан дақылда ауру - бір жағынан сему мен сызықшалар пайда болып , жапырақтың сабақшаларында және дақылдың сабақтарында кішкене шіріктер пайда болу түрінде көзге түседі. Инфекция тұқымында және дақылдың қалдықтарында сақталады.
Күресу шаралары. Тұқымды гранозанмен дәрілеу . Ауырған өсімдікті егістіктен жинап алып, өртеу керек. Ауыспалы егістікті терең сүдігермен жырту керек [14,15].
1.7 Өнімді жинап алу
Қызанақты бірнеше рет жинайды (3-5 тәулік сайын). Қызанақ піскен уақытта оны былайша айырады: көк, сұрғылт, құба, қызғыш және қызыл. Қызғыш және толық болып піскенге дейін өнімді жылдам тұтыну үшін жинайды.Ұзаққа тасымалданатын өнімді құба, сұрғылт куйінде жинайды. Кейінгі жинау кезіндегі бозғылт және жасыл түстілерін (маринадтауға,тұздау үшін жинайды). Өнімді жинауды қолмен немесе ТН-12, ТШП-25- транспортерлерімен, ПОУ-2, ННСШ-12А платформасымен, егістік аумағы кең болса СКТ-2А комбайнымен және СПТ-15 сорттайтын пунктпен жинайды. Қызанақтың ашық топырақтағы өнімділігі 30т/га-дан (50т/га-ға) дейін барады. Егіс даласында қызанақтың бір бөлігі толық піспейді. Көк жемістерінде хлорофилл, крахмал мол болады және қант аз болады. Сондықтан, соңғы жинаудан қалып кеткен жемістерін жинап алып піскенше жайып қояды. Қосымша әдебиеттер: Алпатьев А.В. – Қызанақтар –М.:Колос, 1981. -304б. Гавриш С.Ф., Галкина С.Н.
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Тәжірибелі өткізілген орнының сипаты және метеорологиялық жағдайлары
Сорт сынау орталығы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақбай ауылында орналаскан, бұл орталық 1939 жылы құрылған.Теңіз денгейінен 500 мерт жоғары орналасқан.Жалпы жер көлемі 68,0 га,оның ішінде 55,0 га ауыл шаруашылығына пайдаланылады.Ал қалған пайдаланылмайтын жерлерге – арықтар,жолдар,лабороториялық орталық,дән сақтау қоймалары т.б жатады. Негізінен бұл орталықта мемлекет қарамағында 2 аграном жұмыс жасайды. 5 тұрақты жұмысшы, 8 уақытша жұмысшылар жұмыс жасайды. Бұл орталықта 343 сорт түрі сыналады,олардың әр қайсысына жұмсалатын қаржысы да әр түрлі,мысалы;астыұ дақылдарына 9213 т,шөптерге 11435 т,кқкеністерге 19500 т жұмсалады.
Сайрам сортсынау орталығының жалпы жер аумағы 68 га,оның ішінде ауыл шаруашылығына 55 га жер пайдаланылады,қалған жерлер жолдар арықтар,жүк сақтау қоймалары,гараж,лабороториялық орталықтар құрайды.
2010-2011 жыл аралығында 30 ц астық сатылды,одан 600000 т пайда түсті. КСИ картобынан 50000т, көкеністен 200 ц онімнен 450000 т,және т.б 50 ц онімдерден 15000 т таза пайда табылды (кесте 2).
Кесте 2 - Шаруашылықтың мамандануы (орташа 3 жылдық 2012- 2013ж.ж.)
Өнімтүрі |
Сатылғаны, ц |
Түскен пайда, мың теңге |
Тауарлы өнім құрылымы, |
Астық |
30ц |
600000 |
14 т |
Картоп |
КСИ |
50000 |
- |
Көкөніс қияр |
200ц |
450000 |
|
Тағы басқалар |
50 ц |
15000 |
- |
Мал шаруашылығы бойынша |
225 |
|
60 |
Шаруашылық бойынша |
375 |
|
100 |
Орталықта ауыл шаруашылығына МТЗ-82,2007 ж трактор, сампо 130 камбайны пайдаланылады. Техникалардын жұмыс уақыты 8 сағат (кесте 3).
Кесте 3 - Шаруашылық техникалармен қамтамасыз етілуі (2012-2013 ж.ж.)
Ауылшаруашылық машиналары, тракторлары |
Дана |
Нақты жүктеме |
Трактор, барлығы |
1 |
8 ч |
Оның ішінде, машиналары бойынша |
- |
|
Комбайндар, барлығы |
1 |
8 ч |
Оның ішінде, машиналары |
- |
|
Ауыл шаруашылық машиналарына жалпы жүктеме 60%. Арнайы сорт сынау орталығына жаңа техникалар қамтылмаған.
Сорт сынау орталығында мал басы жоқ. Аймақтың жер бедері Батыс Тянь-Шань тауының маңындағы адырлы бұйратты жазық болып келеді. Еңкіс жазыққа ұласатын жерлердің салыстырмалы биіктігі 10-20 м аралығында ауытқиды [16].
Жалпы климат өте көп өзгергіштігімен, көп мөлшердегі жылуымен, мол жарығымен, ұзаққа созылатын суықсыз кезеңімен, ерте көкиемдегі көп түсетін жауын-шашынымен ерекшеленеді. Жылдық жауын шашын мөлшері 450-500мм. Климатқа тән ерекшелік – бұл жылдық жауын- шашын мөлшерінің 80-90 пайызы күзгі- қысқы көктемгі мезгілдерде (қыркүйек-мамыр) түсуі. Көпжылдық мәліметтер бойынша жылдық жауын шашын мөлшері 497 мм құраса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 530,9 мм, ал 2006 жылы 468,5 мм жауын шашын түскендігін Шымкент Агрометеостанциясы мәліметтері растайды. Шаруашылықта 2005 жылы көпжылдық орташа мәліметтермен салыстырғанда жыл бойына 33,9 мм жауын-шашын артық түссе, 2006 жылы керісінше 25,5 мм жауын мөлшері аз түсті. Мұндай айырмашылық әсіресе, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп дамуы кезеңінде айқын білінеді.
Аймақта жаз ыстық және ұзақ, ауаның орташа температурасы 260С. Ауаның ең жоғары температурасы шілде айында 42 0С-қа жетеді. Қыс – қысқа, аз қарлы, қаңтар айының орташа температурасы -2,60С, ал ең төменгісі - 300С. Ең жоғары температурадан төменгі температураға дейін 72 0С.
Тұрақты қар жамылғысының ерте түсетін мерзімі қараша айының соңғы онкүндігі, ал еруінің соңғы күндері 30 наурыз. Қар қалыңдығының ең жоғары биіктігі 28см. Қыс мерзіміндегі тұрақсыз қар жамылғысы 56 пайызды құрайды.
Көпжылдық мәләметтер бойынша орташа есеппен қарағанда жыл бойына шамамен тәуліктік температура 11,9 0С құрайды, 2005 жыл орташа көпжылдық мәліметтерге қарағанда ауаның тәуліктік температурасы 0,8 0С-ге, 2006 жылы 0,4 0С артық болды (6- кесте). Өсіп-даму кезеңінде 2006 жылы өте ыстық болып табылды. Бұл көрсеткіш орташа көпжылдық мәліметтерге қарағанда 3,90С артық нәтиже байқатты. 2005-2006 жылдардағы ең ыстық ай 2005 жылдағы маусым айы болып табылды. Мұнда орташа ауа температурасы 26,8 0С сынып бағанасын көрсетті. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы орташа 205 тәулік. Соңғы суықтар сәуір айының басында тоқтайды және қазан айының соңында қайта басталады. 100С- ден жоғары температура 4100-44000С-ді құрайды. Орташа жылдық салыстырмалы ауа ылғалдылығы 57%.
Қыс кезеңінде түсетін (жаңбыр, қар түрінде) ылғал жылдық жауын-шашынның 30-40, көктемгі- 28-36, жазғы – 6-10, күзгі – 20-25 пайызын құрайды.
Жаз кезеңіндегі ауаның шамадан тыс құрғақшылығы мен жауын- шашынның өте аз болуы топырақтың көп құрғауына және оның ылғалының ең төменгі шегіне жетуіне себепші болады. Сондықтан да ылғалды көп талап ететін ауылшаруашылық дақылдарын суармалы танаптарда орналастырған дұрыс.
Кесте 4 - Жауын-шашынның орташа мөлшері (Шымкентагро метеостанциясы мәліметтері бойынша 2012-2013)
Жыл |
Айлар |
Жыл бойы |
Өсіп-даму кезеңінде |
|||||||||||
І |
ІІ |
ІІІ |
ІҮ |
Ү |
ҮІ |
ҮІІ |
ҮІІІ |
ІХ |
Х |
ХІ |
ХІІ |
|||
2012 |
67 |
58 |
76,2 |
65,4 |
45,5 |
28,9 |
12,4 |
5,2 |
10,1 |
43 |
51 |
68,2 |
530,9 |
256,6 |
2013 |
56 |
66 |
71,6 |
72,3 |
13,4 |
17,7 |
4,6 |
2,4 |
0,8 |
28,6 |
55,4 |
79,7 |
468,5 |
204,2 |
Орташа көпжылдық |
60 |
63 |
87 |
68 |
42 |
17 |
7 |
3 |
7 |
37 |
42 |
64 |
497 |
238 |
Ауытқуы |
-7/ -4 |
-5/ +3 |
-10,8/-15,4 |
-2,6/ -5,7 |
+3,5/ -28,6 |
+11,9/ +0,7 |
+5,4/ -2,4 |
+2,2/ -0,6 |
+2,9/-6,2 |
+6/ -8,4 |
+9/ +13,4 |
+4,2/ 15,7 |
+33,9/ -25,5 |
+18,6/ -33,8 |
Кесте 5 - Көпжылдық мәліметтер салыстырғанда жылы кезеңдердегі ауаның тәуліктік температурасы,0С
Жыл |
Айлар |
Жыл бойы |
Өсіп-даму кезеңінде |
|||||||||||
І |
ІІ |
ІІІ |
ІҮ |
Ү |
ҮІ |
ҮІІ |
ҮІІІ |
ІХ |
Х |
ХІ |
ХІІ |
|||
2012 |
-2,1 |
-0,3 |
6,2 |
14,2 |
23,1 |
26,8 |
26,5 |
25,4 |
21,0 |
12,1 |
5,7 |
3,2 |
15,1 |
16,1 |
2013 |
-3,1 |
2,7 |
9,7 |
14,7 |
22,8 |
26,5 |
25,7 |
25 |
20,6 |
11,9 |
8,8 |
2,5 |
14,5 |
18,4 |
Орташа көпжылдық |
-2,6 |
-0,3 |
5,4 |
12,8 |
18,7 |
23,2 |
26,1 |
24,5 |
19,1 |
11,9 |
4,8 |
0 |
11,9 |
14,5 |
Ауытқуы |
+0,5/ -0,5 |
0/ +3,0 |
+0,8/ +4,3 |
+2,6/ 1,9 |
+4,4/ +4,1 |
+3,6/ +2,3 |
+0,4/ -0,4 |
+0,9/ +0,5 |
+1,9/ +1,5 |
+0,2/ 0 |
+0,9/ +4,0 |
+3,2/ +2,5 |
+3,2/ +2,6 |
+1,6/ 3,9 |
Нақты өнімділігі 2011 жылы есеп бойынша алғы дақыл қияр, дақылдың сорты grabina. Дақылды себер алдындағы 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал қоры 250 мм. Ал жинтық ылғал пайдалануы 2000 мм. Ылғал деңгейі бойынша НМӨ, 220 ц/га. Нақты өнім мөлшері 162 ц/га. Нақты ылғал пайдалану коэффиценті 500 мм ц/га. Нақты өнімділігі 2011 жылы есеп бойынша алғы дақыл томат, дақылдың сорты Jardella.. Дақылды себер алдындағы 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал қоры 300 мм. Ал жинтық ылғал пайдалануы 2000 мм. Ылғал деңгейі бойынша НМӨ, 300 ц/га.Нақты өнім мөлшері 206ц/га. Нақты ылғал пайдалану коэффиценті 450 мм ц/га
2.2 Қызанақтың тұқым шаруашылығы
Басқа топырақ климат аймақтардан әкелген тұқымдар жергілікті жағдайда, осы табиғи климат жағдайда өсірілгенге қарағанда қашанда икемділігі баршама төмен болады. Сондықтан әр облыста қызанақтың тұкым шаруашылығын өзіне сай үйымдастыру керек.
Қызанақ өздігінен тозаңданатын өсімдік болғандықтан сұрыптардың оқшаулануы шамалы - 20 м.
Тұқым телімінде сұрыптау белгілері байқалғанда, сұрыптық сұрыптау жүргізе отырып, тазалау жұмысын жүргізеді басқа сұрыптардың барлық өсімдіктерін, негізгі сұрыптың типтес емес, ауру және жетілмеген нашар өсімдіктерін аластайды. Жемістер тұтынуға жарайтындай, піскен кезеңде егістікте макұлдау (апробация) жүргізеді тұқымдық егістіктің сұрыптық сапасын анықтайды. Тұқымға бірінші жиналған жемістерді таңдап алады, ең дұрысы бүйірлік өркендегі, екінші және үшінші шашақгүлдің жемістерін алу, себебі бұл жемістердің тұқымдары өнімдірек бо-лады және тез пісетін үрпақ береді. Дұрысы толық иіскен жемістерді алу, әрине бозғылтын да (ондайларына толық пісуіне мүмкіндік беріп, содан кейін ғана олардан тұқым алу керек) алуға болады. Бозғылт жемістердің тұқымдары да жоғары өнгіштікке ие - тіпті жүз пайызға жетуі мүмкін7
Тұқымды тққым айырғыш (бөлгіш) ВСТ-1,5 машинасының кемегімен айрып алады да, ағаш ыдысқа салып, онда 3-4 тәулік өз шырынында ашытады (су құюға болмайды). Ашыту үдерісінде сүт қышқылы бөлінеді де тұқымды бактериялы ісіктен (рактан) зарарсыздандырады. Ашытылудың аяқталуын көбіктің пай-да болуынан және шырынның мөлдірленуінен байкайды. Осыдан қейін тұқымды МОС-300-де немесе жуғышта жуады, олар біріне-бірі жабысып, кесек болып қалмас үшін жиі-жиі араласты-рып отырып кептіреді, үйкелейді және тұқым тазалағыш машиналарда тазалайды.
Аз мәлшердегі тұқымды қолмен бөліп алады және шырышы-мен эмальды немесе шыны ыдысқа салады да, ашытады, сосын оларды елеуіш немесе дәке арқылы жуып, кептіреді [17].
Бір жемісте 250-300 тұқым болады. Тұқымы аз жемістердің бір тониасынан 2-3 кг, көп түкымдыдаи - 4,5 кг түқьш алынады. Бір гектардан орташа есеппен 0,8-1,2 ц тұқым ж иналады. Бірінші санаты үшін сұрыптық тазалык 99 %-дан, ал өнгіштігі - 85%-дан кем болмауы керек. Тұқымдар өнгіштігін 6-8 және одан да көп жыл бойы сақтайды. Оларды жылы және қүрғақ жерде сақтайды. Қорғаулы грунтта ауа қозғалысының баяулығына және оның ылғалдылығыньщ біршама жоғарылығына байланысты қызанақты тозандандыру қиынға түседі. Сондықтан қызанақты азыққа, сондай-ақ тұқымға өсіргенде тозаңдатуға ерекше көңіл бөлген жөн.
Толығырақ тоңаздануына, жемісінің көлемі, оның сапасы және жемісшедегі тұқым саны, ең соңында, өнімділігі бойынша жақсы нәтижені, гүлдерді тозаңдатуға электромагнитті дірілдеткішті, сондай-ақ тозаңдатқыштың ауа ағысын қолдану берген. Тозаңдатуды жақсарту үшін аспаларды автоматты түрде сілкіндірудің тиімділігі шамалы екені анықталды.
Қызанақ өсімдігінің өсуіне, жеміс салуына, тұқымдық өнімділігіне жәнс тұқымының сапасына температураның әсері өте зор. Жемістің байлануына оңтайлы температура күндіз - 22°С, түнде - 18°С. Қызанақты СО2-мен үстеп коректендіру де тиімді. Жылыжай ауасында СО2 шоғырлануын 0,1-0,2 % көтеру жеміс өнімділігін 15-30 % арттырады. Тұкым шаруашьшығында микро-элементтерді қолданудың маңызы ете зор, әсіресе, олардың ішінде ерекше рөлді бор атқарады, себебі, ол өнім беретін мүшелердің қалыптасуына қатысады, тозаңдардың өнгіштігін жоғарлатуға, жемістердің пішінін жақсартуға (сүйкімдендіреді) және олардын тезірек пісуіне ықпал жасайды. Микротыңайткыштарды қолда-нудың ең жақсы тәсілі тұкымдарды кешенді ерітіндіге мальш алу [18].
Қорғаулы жерде тіршілік қуаты мол және қолайсыз жағдайларға төзімді, қуатты өсімдікті өсірудің маңызы өте зор. Мұндай өсімдіктер ірі тұқымдардан қалыптасады. Сондықтан тұқым ша-руашылығы ірі тұқымдар алуға бағытталуы керек. Ал, ол өсімдіктін белгілі бір қоректік алаңымен және оны калыптасты-румен анықталады. Тұқымдық мақсатқа қызанақты азықтыққа қарағанда, біршама жиірек отырғызады. Ірі тұқым алу үшін өсімдікті азырақ гүл шоғырымен қалыптастырады. Жылыжайда салмақтырақ тұқымды алғашқы гүл шоғырынан алады.
Жылыжайларда кызанақ қиярдан кейін екінші орынды алады. Жылыжай грунтының әр шаршы метріне 15-20 кг шіріген көң енгізеді. Минералды тыңайтқыштарды жылыжай грунтының агрохимиялық талдауының негізінде қолданады [19].
Көшеттерді тұрақты орнына қабылданған дақыл алмасуына сәйкестендіріп, 60+80 х 30-35 см сұлбасымен орналастырады. Осы сұлбамен орналастырғанда бір шаршы метрден 10,0-10,3 кг өнім жиналған. Отырғызардан 1-2 тәулік бұрын топырақты жақ-сылып суландырады. Көшеттерді тегіс жерге отырғызады. Көшеттерді тігінен, бірінші кәдімгі жапырағына дейін топыраққа сіңіре отырғызады. Тым өсіп кеткен көшеттерді, қосымша тамырлары тезірек қалыптасу үшін, көлбеу отырғызады [20].
Өсімдіктерді аспаларда өсіреді, ол үшін отырғызғаннан 4-5 тәулік өткен соң өсімдіктерді ілмектеп байлап, сосын апта сайын өсімдіктің ұшын жіпке айналды және сонымен бірге өгей бұтақшаларын аластайды. Бір сабақты өсімдік қалылтастырады. Бұтаны қалыптастыру қырқу өгей бұтақтарын жұлу және жоғарғы өсу ұшын бұтақты ұзындығы 7-10 см аспағанда аластайды. Аспанның биіктігі 2,0-2,2 м болғанда өсімдік 8-9 шашақ гүл қалыптастырады сосын негізгі сабағын сымнан асырып іледі, өсімдік өседі соңына дейін тағы да 6-7 шашақгүл қалыптастырады шақгулдің астындағы жапырақтар осы шашақгүлді фотозинтездің өнімімен камтамасыз етеді, сондыктан оның жемісі піскен жапырактарының сарғаю деңгейіне қарамай оларды аластайды. Толығырақ тоңаздануына, жемісінің көлемі, оның сапасы және жемісшедегі тұқым саны, ең соңында, өнімділігі бойынша жақсы нәтижені, гүлдерді тозаңдатуға электромагнитті дірілдеткішті, сондай-ақ тозаңдатқыштың ауа ағысын қолдану берген. Тозаңдатуды жақсарту үшін аспаларды автоматты түрде сілкіндірудің тиімділігі шамалы екені анықталды.
Қызанақ өсімдігінің өсуіне, жеміс салуына, тұқымдық өнімділігіне жәнс тұқымының сапасына температураның әсері өте зор. Жемістің байлануына оңтайлы температура күндіз - 22°С, түнде - 18°С. Қызанақты СО2-мен үстеп коректендіру де тиімді. Жылыжай ауасында СО2 шоғырлануын 0,1-0,2 % көтеру жеміс өнімділігін 15-30 % арттырады. Тұкым шаруашьшығында микро-элементтерді қолданудың маңызы ете зор, әсіресе, олардың ішінде ерекше рөлді бор атқарады, себебі, ол өнім беретін мүшелердің қалыптасуына қатысады, тозаңдардың өнгіштігін жоғарлатуға, жемістердің пішінін жақсартуға (сүйкімдендіреді) және олардын тезірек пісуіне ықпал жасайды. Микротыңайткыштарды қолда-нудың ең жақсы тәсілі тұкымдарды кешенді ерітіндіге мальш алу [21].
Қорғаулы жерде тіршілік қуаты мол және қолайсыз жағдайларға төзімді, қуатты өсімдікті өсірудің маңызы өте зор. Мұндай өсімдіктер ірі тұқымдардан қалыптасады. Сондықтан тұқым ша-руашылығы ірі тұқымдар алуға бағытталуы керек. Ал, ол өсімдіктін белгілі бір қоректік алаңымен және оны калыптасты-румен анықталады. Тұқымдық мақсатқа қызанақты азықтыққа қарағанда, біршама жиірек отырғызады. Ірі тұқым алу үшін өсімдікті азырақ гүл шоғырымен қалыптастырады. Жылыжайда салмақтырақ тұқымды алғашқы гүл шоғырынан алады.
Жылыжайларда кызанақ қиярдан кейін екінші орынды алады. Жылыжай грунтының әр шаршы метріне 15-20 кг шіріген көң енгізеді. Минералды тыңайтқыштарды жылыжай грунтының агрохимиялық талдауының негізінде қолданады [22].
Көшеттерді тұрақты орнына қабылданған дақыл алмасуына сәйкестендіріп, 60+80 х 30-35 см сұлбасымен орналастырады. Осы сұлбамен орналастырғанда бір шаршы метрден 10,0-10,3 кг өнім жиналған. Отырғызардан 1-2 тәулік бұрын топырақты жақ-сылып суландырады. Көшеттерді тегіс жерге отырғызады. Көшеттерді тігінен, бірінші кәдімгі жапырағына дейін топыраққа сіңіре отырғызады. Тым өсіп кеткен көшеттерді, қосымша тамырлары тезірек қалыптасу үшін, көлбеу отырғызады [23].
Өсімдіктерді аспаларда өсіреді, ол үшін отырғызғаннан 4-5 тәулік өткен соң өсімдіктерді ілмектеп байлап, сосын апта сайын өсімдіктің ұшын жіпке айналды және сонымен бірге өгей бұтақшаларын аластайды. Бір сабақты өсімдік қалылтастырады. Бұтаны қалыптастыру қырқу өгей бұтақтарын жұлу және жоғарғы өсу ұшын бұтақты ұзындығы 7-10 см аспағанда аластайды. Аспанның биіктігі 2,0-2,2 м болғанда өсімдік 8-9 шашақ гүл қалыптастырады сосын негізгі сабағын сымнан асырып іледі, өсімдік өседі соңына дейін тағы да 6-7 шашақгүл қалыптастырады шақгулдің астындағы жапырақтар осы шашақгүлді фотозинтездің өнімімен камтамасыз етеді, сондыктан оның жемісі піскен жапырактарының сарғаю деңгейіне қарамай оларды аластайды (кесте 6).
Кесте 6 - Өсімдіктің жасына қарай жылыжайда қызанақтты үстеп қоректендіретін минералды тыңайтқыштар ерігіндісінің құрамы, г (Саудабаев Т., 1991)
Даму кезеңі |
10 л суға тыңайтқыш мөлшері (г) |
||
|
аммиак селитрасыселитрасы |
суперфосфат |
калий тұз |
Отырғызған өсімдіктер тамырланғаннан кейін |
15 |
50 |
8 |
2-3 шашақгүлде түйін байлағанша |
30 |
80 |
17 |
жемістену кезінде |
40 |
40 |
30 |
2.3 Жылыжайда қызанақ көшеттердін отырғызу технологиясы
Жылыжайдың топырағын өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған агротехникалық шараларды жүзеге асыру үшін жылыжай топырағын органикалық және фосфорлы тыңайтқыштармен өңдейміз. Бұл ретте органикалық тыңайтқыш пен өңделген 1 т топырақа 7 кг супер фосфат араластырады [24].
Жабық грунтта қызанақ өсіру үшін қызанақ тұқымын арнайы көшет өсіру питомниктерінде желтоқсан айының басында себіліп, ақпан айының басында көшеттіктер жылыжайға отырғызуға дайын болуы керек. Отырғызуға дайын болған көшеттіктерді жылыжайға отырғызбас бұрын күндіз +22-250 түнде 10-120 градус жылылықта ұстау керек. Сондай ақ жылыжайдағы ауа ылғалдылығы 60-65% -ды құрап көшеттіктерді 5-7 күн аралығында суғарып тұру керек. Дайын көшеттіктерді жылыжайға ауыстырмас бұрын жылыжай топырағының 1 м2 60-80 кг органикалық 100 гр/м2 фосфорлы тыңайтқыштармен өңдейміз.
Қызанақ көшеттіктері отырғызуға дайын болғанда көшеттіктерді екі қатарлы әдіспен қатар аралығы 20-30 см көшет аралығы 10-15 см аралығында отырғызамыз. Көшеттіктер отырғызылығаннан кейінгі оптималды температура күндізгі уақытта +15-180, ауа ылғалдылығы 65%-дан кем болмауы керек. Қызанақтың вегетациялық кезеңінде бірнеше рет минералды тыңайтқыштармен қоректендіру қажет. Бұл жағдайда 1-ші кезекте топырақтың құрамындағы микроэлементтердің мөлшерін анықтап білуіміз қажет (кесте 7).
Кесте 7 - Қызанақты қоректендіруге қажетті затардың мөлшері, мг/кг (Елешев Р., 2001)
Өсу кезеңі |
Азотты тыңайтқыштар |
Фосфорлы тыңайтқыштар |
Калийлі тыңайтқыштар |
Өсімдіктің тамырлау кезеңі |
10-15 |
30-50 |
10-15 |
Өсімдіктің 2-3 сабақ түзіп, бүршіктену кезеңі |
15-20 |
40-60 |
25 |
Жеміс салу кезеңі |
30-40 |
30-40 |
20-30 |
Осы мәселелерді шешу үшін колледждің агрохимия кабинетінде ТИП-ОП-2 приборымен өсімдіктердің азот, фосфор, калий мен қамтамасыз ету дәрежесін анықтаймыз. Сондай ақ, бұл прибордың көмегімен өсімдіктердің құрамындағы нитраттар, органикалық емес заттар және негізгі азықтық заттардың қорын анықтауымызға мүмкіндік туады [25,26].
Сонымен қатар, көшеттіктің өсу барысында профилактикалық шаралар үшін 0,05-0,1% көлемінде калий перманганатымен өңдеу ұсынылады. Мұндағы марганец әрі микроэлемент әрі аурудан қорғау шаралар үшін өте тиімді (кесте 8).
Кесте 8 - Қызанақ өсіру үшін қажетті тыңайтқыштармен препараттардың 1 айлық қажеттілік нормасы, м2 ( Өтешқалиев А.Ө., 2007)
Атауы |
1 м2 шығыс нормасы, бірлік |
бір бірліктің құны, тг. |
сомасы, мың тг. |
KNO3 калий селитрасы, кг. |
0,6 |
96 |
528 |
Ca(NO3)2 кальций селитрасы, кг. |
1,2 |
87 |
1 043 |
KH2PO4 калий монофосфаты, кг. |
0,3 |
254 |
763 |
59% ортофосфор қышқылы, кг. |
30,00 |
0,2 |
49 |
NH4NO3 аммиак селитрасы |
0,2 |
50 |
76 |
MgSO4 магний күкірт қышқылы |
0,5 |
80 |
400 |
K2SO4 калий күкірт қышқылы |
50,0 |
0,11 |
56 |
Азотқышқыл магний - Mg(NO3)2х6H2O магнитрасы |
50,0 |
0,13 |
64 |
Аммоний молибдат ы |
0,2 |
17 |
34 |
Бор қышқылы |
1,5 |
0,12 |
2 |
ОЭДФ |
7,5 |
0,79 |
59 |
Fe хелаттары |
25,0 |
1,9 |
480 |
Mn |
4,0 |
1,9 |
77 |
Cu |
1,0 |
1,9 |
19 |
Zn |
3,0 |
1,9 |
58 |
Пестицидтер |
0,10 |
2 370 |
2 370 |
Күкірт |
15,0 |
0,10 |
15 |
Санитарлық өңдеу құралы |
4,8 |
0,06 |
3 |
Барлығы |
|
|
6 094 |
Қызанақ дақылын өсіруде диқандарға кедергі келтіретін нәрсе бұл өсіріп отырған өнімнің зиянкестермен аурулармен зақымдануы,алайда бұл мәселені шешу мақсатында Алем-агро фирмасының қамтамасыз етіп отырған Топза,Фертимек сияқты препараттарды қолданып,бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен өрмек кенесі сияқты негізгі зиянкестерден өнімімізді қорғауға толық мүмкіндік туып отыр.
Қызанақ көшеттіктері отырғызылып негізгі 4-5 сабақшасы пайда болғанда көшеттік тартылған сымтемірге немесе жіпке өрмелеп өсуіне мүмкіндік жасаймыз, көшеттер қажетті мөлшерге дейін өсіп 4-5 сағақ түзгенде көшеттің өсуін тоқтатамыз. Өсіп тұрған көшетте неғұрлым сағақ саны көп болса дақылдың пісуі солғұрлым кешеуілдейді. Қызанақ көшеттері өсу фазасының гүлдеу кезеңіне жеткенде жылыжайдың желдету жүйесін күшейту қажет. Себебі, жылыжай ішіндегі ылғалдылық деңгейі жоғары болған жағдайда өсімдіктің тозаңдануы қиындайды [27].
Сурет 4. Америкалық «Принер-2004» қызанақ сортының көшеттері
5-ші суретте көрсетілгендей қазіргі кезде жылыжайларда көкөніс өсірудің қолданылып жатқан жаңа технологиялардың бірі тамшылатып суару, бұл жүйе 18 ғасырда Израильдік фермерлердің арқасында егіншілік жүйесіне енгізіліп қазіргі таңда дүние жүзінде қолданылып жатқан ең ауқымды және тиімді тиімді технологиялардың бірі болып отыр
Сурет 5. Таматон препаратымен өңделген қызанақ гүлі
Жылыжайлардың желкөз желдеткіші жүйесі жылыжайлардың тұйық көлемінде табиғи ауа айналымына арналған, ол мөлдір жарық қоршаудың төбе бөлігіндегі желдеткіш арқылы ауа айналымын жасайды. 6-ші суретте көрсетілгендей, ол алыстан автоматты түрде ашылып-жабылады.
Сурет 6. «Пушпульді» желкөздерді ашу жүйесінің схемасы
Ашу қондырғысы гальванизацияланған құбырға алюминий қысқышпен қосылады және әрбір төбеге екі пластмасса шкивпен шығарылады.
Желдету желкөз арқылы жүзеге асырылады, олар төбенің астына шахмат түрінде орналастырылған.
Желдеткіш көздердің жалпы алаңы жылыжай төбесінде жылыжай аумағының 25 % құрайды.
Желкөздерді ашу бұрышы 46º құрайды. Негізгі жабдықтардың арасында жылыжай өндірісі үшін мыналарды бөліп көрсетуге болады.
Сондықтан да, өсімдіктерді тозаңдандыруда қазіргі уақытта жаңа технология бойынша ТУ және ДУ типтес белсендірлендіргіш стимуляторларды бүрку арқылы өсімдіктерді тозаңдандыру кеңінен қолданылуда. Өсімдіктерге белсендірлендіргіш стимуляторларды қолдану өсімдік гүлінің түсуін тоқтатып, өсімдіктің өсуі мен пісу уақыт тездетіп, жемістерінің көлемін ұлғайтады, нәтижесінде қызанақтың өніміділігі 20-30%-ға өсіп, стимуляторлардың әсерінен қызанақтың гүл шоғырының түсуі тоқтап, жұмыссыз тозаңдалудың арқасында тұқымсыз етті шырынды тасымалдауға төзімді бәсекеге қабілетті жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Көптеген зерттеулер бойынша белсендірлендіргіш стимуляторларды қолданғанда 1м2 жердегі өнім орта есеппен 25-30кг жететіндігі дәлелдеп отыр.
Қазіргі таңда заманауи технологияларен жабдықталған. Жылыжайларда көкөністерді арнайы (топырақсыз) жасанды қоректік ортада өсіру кеңінен қолданылып келеді. Арнайы қоректік ортада көкөніс өсірудің негізгі тиімділігі, жылыжайдың топырақ құрамын қорғап, мол өнім алуға мүмкіндік береді. Көкөніс өсіруде қолданылатын қоректік зат ретінде негізінен ағаш қалдықтарының ұнтақтары, керамзит, күл сияқты қол жетімді заттарды пайдалануымызға болады [28].
Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру. Жылыжайларда қызанақ қиярдан кейін екінші орынды алады. Жылыжай грунтының әр шаршы метріне 15-20 кг шіріген көң енгізеді. Минералды тыңайтқыштарды жылыжай грунтының агрохимиялық талдауының негізінде қолданады. Көшеттерді тұрақты орнына қабылданған дақыл алмасуына сәйкестендіріп 60+80 х 30-35 см сұлбасымен орналастырады. Осы сұлбамен орналастырғанда бір шаршы метрден 10,0-10,3 кг өнім жиналған. Отырғызардан 1-2 тәулік бұрын топырақты жақсылып суландыруды. Көшеттерді тегіс жерге отырғызады. Көшеттерді тігінен, бірінші кәдімгі жапырағына дейін топыраққа сіңіре отырғызады. Тым өсіп кеткен көшеттерді, қосымша тамырлары тезірек қалыптасу үшін, көлбеу отырғызады. Өсімдіктерді аспаларда өсіреді, ол үшін отырғызғаннан 4-5 тәулік өткен соң өсімдіктерді ілмектеп байлап, іліп қояды. Сосын апта сайын өсімдіктің ұшын жіпке айналдыра бұрайды және сонымен бірге өгей бұтақшаларын аластайды.
2.4 Қызанақ өсірудің технологиялық ерекшеліктері және оның тұтынушылық құндылығы
Қызанақ өндірісінде дақылды өсіруге арналған бірнеше қолайлы шаралар болады, бұл жағдайлар көбінесе минералдық тыңайтқыштарды өз уақтысында, белгіленген мөлшерде беруге байланысты болады. Қызанақтың негізгі өнімділігі жемісінде болғандықтан, дақылдың өсіру технологиясында, ең алдымен олардың пайда болуына және пісу ерекшеліктеріне көңіл аудару керек, және оны өсіру мақсаттарын да ескеру керек: немесе оларды тек балғын куйінде пайдалану үшін, немесе консервілеуге және қайта өңдеуге ме, сол жағын ескеру керек. Кунделікті балғын түрінде пайдалану үшін жемісі ірі және қабығы жұқа сорттарын алу керек, ал узақ жақтарға тасымалдау үшін – орташа, қабығы қалың және берік түрлерін алады, консервілеу үшін орташа және майда жемістері тиімді болады, олар ыстықпен өңдегенде жарылып кетпейді. Өсімдік жемістерінің дәмділік және сапалылық жағдайының қалыптасуы үшін негізгі ролде тыңайтқыштар нормасының үйлесімді түрде болуы жатады, бұл жағдайлар өсірудің әртүрлі жағдайларда болуында, бұл химиялық құрамының өзгеруімен байланысты болады. Ғылыми-зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, қызанақтардың негізінен таралған сорттарының құрамында орташа есеппен 5-8% қурғақ заттар болады, оның жартысы (2,4-4%) қантқа жатады, 0,6-1,1%-ы ақуыздар болады, олардың құрамында ең алдымен бағалы амин қышқылдары: аргинин-0,17 мг/100гр. ишкі массасына шаққанда, гистедин - 0,03, лейцин-0,14, треонин-0,4, метионин - 0,2, фенил-аланин – 0,1, триптофан - 0,70 мг/100гр. ишкі массамен есептегенде, 0,4-0,9% - органикалық қышқылдар, 0,2% майлар және әфирлік майлар, сонымен қатар 20-45 мг. % С дәрумені (аскорбин қышқылы), 0,5-2,2% А провитамині (каротин), 0,04 - 0,16 –В1(тиамин), 0,05-0,06 – В2 (рибофлавин) 0,43-0,53 % РР (никотин қышқылы) және Н (биотин) бар. Жемістерінің шикі заттарында және қызанақ жемісінде едәуір мөлшерде минералдық тұздар болады : 40-мг/ % - натрий, 200-297- калий, 11-14-кальций, 12-20 магний, 26-35- фосфор, 40 – хлор, 14мг күкірт сонымен қатар аздаған мөлшерде темір, мырыш, фтор, йод болады. Қызанақ жемістерінде гликозид – томатин болады (3-5 мг/ %), бұл зат оның фитонцидтік қасиетін анықтайды. Жемістің қурамындағы осы заттар, адам организміндегі зат алмасу процесстерін қалыпқа келтіріп оның денсаулығының және еңбекке деген қабілеттілігінің сақталуына зор әсер береді [29]. Бағалы ферменттерден туратын белгілі дәрумендер – күрделі ақуыздық заттар, тірі организмдегі зат алмасуын реттеп отырады. Адам организміндегі, дәрумендердің бір тәуліктіқ қажеттілігін қанағаттандыру үшін орташа көлемдегі бір-екі қызанақты жеу жеткілікті болады. Қызанақ жемістерінің биохимиялық құрамы, негізінен оның өсірілген орынына байланысты болады. Ашық топырақта егілген қызанақ жемістерінің құрамында құрғақ ерігіш заттар және қант мөлшері жылыжайда өсірілген жемістермен салыстырғанда мол болады. Сонымен қатар, вегетация жағдайлары, қызанақтың өнімді болуына ғана емес, сонымен қатар жемістерінің биохимиялық қурамына да әсерін тигізеді. Ашық жерде өсірілген қызанақта ылғалы мол түскен жылдарда, жемісінің құрамындағы құрғақ заттардың және қанттың мөлшері қурғақ және ыстық болған жылдармен салыстырғанда төмен болады. Бұл, беріліп отырған дипломдық жумыстың мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайында қызанақ өсіру үшін қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың ең қолайлы мөлшерін анықтау болып табылады. Зерттеу үшін отандық сорт Пламя алынды. Қызанақтарды Сайрам ауданындағы ауыспалы көкөніс егістерін өсіретін сорттарды сынақтан өткізетін участкесінде өсірдіқ , бұл Ақбай ауылында орналасқан.Тәжірибені тегіс жердегі егістік алқабында жүргіздік. Варианттар және қайталауларды қорғаныс жолағымен бөліп қойдық. Тәжірибені үш реттен қайталадық. Қызанақ сорттарының өнімділігін, тыңайтқыштың органо-минералдық жүйесін қолданып дақылдарды өсірудің жалпыға белгілі қарқынды технологиясына сүйене отырып анықтадық. Тәжірибенің үш вариантында да тыңайтқыш салудың нормасы, күзде, негізгі жерді айдау кезінде 30т/га борсыған көңді ендіру болып табылады. Зерттеулер көрсеткеніндей, өнімнің көктеп шығуы және гүлдеуі мен пісуі, негізінен, ауа райының жағдайына байланысты, болды, әртүрлі мөлшердегі тыңайтқышты осы мерзімде қолданудың айта қаларлықтай әсері болған жоқ. Әртүрлі минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудың әсерін анықтауды, оның мөлшерінің қызанақтың әртүрлі нормада берілген тыңайтқыштардың бойына әсерін, биіктікті өлшеудің биометрикалық өлшемінің негізінде жүргіздіқ, бұл жерде әрбір варианттағы 10 өсімдіктің бойын өлшеп, ондағы жеміс салған сабақтардың санын гүлдеп тұрү кезеңінде және жеміс сала бастаған кезеңіндегі санына қарай есептеп анықтадық. Зерттеу нәтижелерін 1-таблицадан көруге болады. Қызанақтардың әртүрлі мөлшерде берілген минералдық тыңайтқыштардың жеміс салған шоқтарының гүлдеу кезіндегі және жеміс сала бастаған кездеріндегі саны және өсімдіктің биіктігі.
9-кестеден көрініп тұрғанындай, қызанақ сортының ең аласа бойлы болғаны 2011-жылы байқалды, бұл жылы топырақтағы ылғалдылық өте төмен болды, жауын-шашын мөлшері аз болды, тіпті ең құрғақшылыққа төзімді болып саналатын қызанақтың өзіне жеміс байлауға жағдай болмады. 2012-2013 – жылдары өсімдіктің биіктігі жоғарылау болды.
Әртүрлі мөлшердегі минералдық тыңайтқыштарды қолданған жекелеген варианттарда, зерттелген жылдардағы қызанақтың бойы орташа есеппен алғанда бірдей болмады және төмендеу мөлшерінің көрсеткіштері былайша көрсетілді: минералдық тыңайтқыштарды салмаған кезде (бақылау) – 40см., N60P60K90 – 50 см., N100P80K120 – 53 см., N120P100K160 – 57 см болды (кесте 9).
Кесте 9 - Жеміс салған шоқтарының гүлдеу кезіндегі және жеміс сала бастаған кездеріндегі саны және өсімдіктің биіктігі, см
Зерттеудін нұсқаулары |
Өсімдіктің биіктігі, см |
Орташа 3 жылдын мәліметтері |
Жеміс салатын шоқтарының, саны. Орташа 2011-2013 жылдардын мәліметтері |
||
Бақылау (тыңайтқышсыз) |
38 |
40 |
44 |
40 |
8 |
N60P60K90 |
43 |
50 |
57 |
50 |
10 |
N100P80K120 |
50 |
54 |
56 |
53 |
12 |
N120P100K160 |
52 |
58 |
62 |
57 |
11 |
Сонымен өсімдіктің бойы, белгілі бір мөлшердегі минералдық тыңайтқыштарды әртүрлі нормамен беруге және қоршаған ортаның факторларының әсеріне байланысты болады екен ( температура, ылғалдылық, қоректік заттар мөлшері, тыныс алу үшін өттегінің жеткілікті болуы және топырақ астындағы ассимиляция ұшін көмірқышқыл газының болуы). Өнімділікті мына көрсеткіштен анықтаймыз, жеміс байлап болғаннан кейін бір өсімдіктегі жеміс шоқтарының немесе гүл шоқтарының орташа санын аламыз. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек жеміс байлаған шоқтардың ең төменгі саны 2011-жылы байқалды (бұл жерде бақылау вариантына тыңайтқыш салынбады) – 8 дана. Басқа қалған үш варианттардағы минералдық тыңайтқыш салғанда, орташа есеппен алғанда 3 жылдық аралығында бұл көрсеткіш бір өсімдікке шаққанда 10-12 дана деңгейінде болды. Қорыта айтқанда, қызанақтың жақсы өсуі үшін және жеміс салатын шоқтардың қалыптасуына қолайлы жыл 2012-2013- жылдар болды, бұл жылдары жауын-шашын мөлшері ойдағыдай және температура да қалыпты болды. Бойының өсуі және жемістерінің молдығы жөнінен N100P80K120 мөлшеріндегі минералдық тыңайтқыштарды салған вариант ерекшеленді. Қызанақ өсіру кезінде өсімдіктің өсуіне қажетті жағдай қоректік аумақтың дурыс болуы және өнімділігі жоғары вариантты таңдап алу болып табылады. Оңтүстік Қазақстан жағдайында қызанақ көшеттерін отырғызудың ең қолайлы жиілігі әрбір гектарға 55-60 мың дана болып келеді. Өсімдіктің жиілігін 70 мың/га данаға жоғарылату, тауарлық өнімнің мөлшерін жоғарылатпайды. Сондықтан, зерттеулерде өсімдіктің қалыңдығын көлемдік бірлікке қарап зерттемедік, оған салынған минералдық тыңайтқыштардың қолайлы мөлшеріне қарап анықтауға тырыстық, бұл мақсатта, сапасы жоғары, қызанақ жемістерінен жоғарғы өнімді алуды мақсат етіп қойдық. Сорттың ерекшелігін білдіретін негізгі көрсеткіш оның жемістерінің орташа салмағы болып саналады, сондықтан зерттеу нысаны етіп қызанақтың Пламя сортын алдық, бұл сорттың жемістерінің массасы да формасы да біртектес болып келеді және өнімді жаппай өңдеу үшін алғанда тұтыпушылар рыногында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сонымен қатар, Пламя сортының жемістері тәжірибенің барлық варианттарында минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі нормасын салған кезде орта салмағы размерде болды, бұл жағдайлар тұтынушыға ұнайды. Жемістердің орташа салмағы жөніндегі тәжірибе мәліметтері 10-кестеде көрініп тұр.
Кесте 10 - Қызанақ жемістерінің орташа массасы, гр
Зерттеудін нұсқаулары |
Зерттеу жылдары |
Орташа үш жылдын |
||
2011ж. |
2012ж. |
2013ж. |
||
Бақылау (тыңайтқышсыз) |
89 |
92 |
107 |
96 |
N60P60K90 |
110 |
120 |
132 |
120 |
N100P80K120 |
122 |
138 |
139 |
133 |
N120P100K160 |
120 |
131 |
137 |
129 |
10-кестеде көрініп тұрғанындай, негізінен қолданылған минералдық тыңайтқыштарға және қоршаған ортаның табиғи факторларына байланысты болады екен, бұл жағдайлар олардың қалыптаусына тікелеі қатысады. Ең төменгі салмағы қызанақтар 2011-жылы байқалды. Олар, салынған минералдық тыңайтқыштардың мөлшеріне қарай 89-122 гр. аралығында ауытқып отырды, 2013-жылы жауын-шашын мөлшері мол болып және температура қалыпты болған жағдайда жеміс массасының орташа көрсеткіші 107-139 гр. аралығында болды. Орташа салмағы жоғарғы деңгейде болуы N100P80K120 вариантында байқалды [30]. Бұл кезде ен төменгі салмағында, минералдық тыңайтқыш салынбаған вариант болды (бақылау). Үш жылдық зерттеудің нәтижесінде көрінгеніндей, жемістерінің массасы ең үлкен болғаны N100P80K120 мөлшеріндегі минералдық тыңайтқыштарды салған вариант болды (122-139 гр.), және олар барлығынан бұрын тауарлық өнім берді. Бұдан әрі қарай минералдық тыңайтқыш мөлшерін жоғарылатқанымен қызанақ жемістерінің салмағы ұлғаймады. Қызанақтар коп рет жиналатын дақыл болғандықтан олардың өнімділігін әрбір зерттеу учаскесінен жиналған өнімді таразыға тарту әдісімен анықтадық. Өнім онырап болмауы үшін және оның сапасы төмендеп кетпеуі үшін, қызанақты жинауды әрбір өсімдіктегі піскен жемістің мөлшері 25%–ға жеткенде бастадық. Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, қызанақтың Пламя сорты минералдық тыңайтқыштар мөлшерін әртүрлі нормамен берген варианттарда Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайында жоғары өнімділік көрсетті. Бұл жағдайға сол кезеңдегі ауа-райы жағдайы және оларды өсіруге қолданылған қарқынды технология зор әсерін тигізді (кесте 11).
Кесте 11 - Қызанақтың Пламя сорты минералдық тыңайтқыштар мөлшерін әртүрлі нормамен берген варианттардын өнімділігі
Зерттеу нұсқаулары |
Зерттеу жылдары |
Орташа 2011-2013жж. |
Бақылауға қосымша, пайыз |
||
2011ж |
2012ж |
2013ж |
|||
Бақылау (тыңайтқышсыз) |
21,9 |
22,8 |
22,7 |
22,4 |
100 |
N60P60K90 |
29,4 |
33,4 |
33,8 |
32,2 |
+43,7 |
N100P80K120 |
34,0 |
37,4 |
37,6 |
36,3 |
+62,0 |
N120P100K160 |
33,0 |
36,7 |
36,9 |
35,5 |
+58,4 |
2011-жылғы ең төменгі өнімділік көрсеткіші жылдың ауа райының қолайсыз болуынан болды. Біріншіден, мамыр және маусым айларында ылғал мөлшері аз болды, бұл жағдай, қызанақтың қарқынды түрде өсуіне жәрдем бермеді, сондықтан өнім 1 және 3-вариантта төмен болды (21,9-34,0 т/га). 2012-2013- жылдары қызанақ қолайлы жағдайда өсті және оның өнімі де жоғары болды.
Сонымен 2013-жылы жоғарғы өнімділікті N100P80K120 варианты көрсетті, бұл жағдай, бақылау вариантындағы тыңайтқыш салынбаған өнімнен басым болды, 14,9 т/га. Зерттеу жүргізілген жылдары N100P80K120 варианты басқа варианттармен салыстырғанда өнімді мол берді. Бұл варианттардың өнімділігі (2011-2013 жылдардың орташа көрсеткіштері) бақылаудан 9,8-13,9 т/га, немесе 43,7-62% басып озды. Кейінгі уақытта экологиялық таза өнім алуға баса назар аударылып отыр, әсіресе, белгіленген талапқа толығымен жауап бере алмайтын экологиялық жағдайы нашар аймақтарға көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, зерттеу жүргізген уақытта жемістердің химиялық құрамына зор назар аудардық. Бұл үшін өнімді жинаған уақытта әрбір варианттан піскен, өзінің сортына сәйкес болып өскен, екі рет қайталанып өсірілген жемістен алып олардың биохимиялық құрылысына анализ жасадық. Барлық көкөніс дақылдарына тән нәрсе, ол органдарындағы судың мол болуы, оны адамдар қорек етеді. Көптеген, жаңадан жиналған көкөніс дақылдарының құрамындағы судың мөлшері 85-95% болады. Одан кейінгі құрамында құрғақ заттардың құрамына енетін байланыстар болады, атап айтқанда – қант, пектиндік заттар, ақуыздар, дәрумендер, клетчатка. Қызанақ жемістеріндегі құрғақ заттар мөлшерінің мол болуы қалыпты белгіні көрсетеді, ол әсіресе консервілегенде тиімді бағаланады. Жемістердің биохимиялық құрамына жүргізілген зерттеулерден көрінгеніндей, қызанақ сорттары және ауа-райының жағдайы, оларды өсіру әдістерінің сапалы өнім алуға әсер ететіндігін дәлелдеді (12 кесте).
12-кестеде көрсетілген мәліметтерге қарағанда, қызанақ жемістеріндегі құрғақ еритін заттардың мөлшері, минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі нормасын салып өсіргенде, зерттеу жылдарындағы олардың орташа мөлшері 5,8-5,9%-дық деңгейде болды. Құрғақ, еритің заттардың ең төменгі мөлшері, минералдық тыңайтқыш салынбаған бақылау вариантында болды (4,5%). Көптеген көкөністердің нәрлі болу құндылығы олардың құрамындағы қантқа байланысты болады, көкөністердің құрамындағы қант негізінен сахароза, глюкоза және фруктоза түрінде болады [31].
Кесте 12 - Қызанақтын биохимиялық құрамы (орташа 2011-2013ж.ж.)
Зерттеудін нұсқаулары |
Құрғақ еритін заттардың мөлшері |
Қышқы-лдылығы |
Қанттылы-ғы |
Құрамында С дәурмен |
Бақылау (тыңайтқышсыз) |
4,5 |
0,60 |
2,21 |
20,3 |
N60P60K90 |
5,8 |
0,56 |
2,80 |
25,7 |
N100P80K120 |
5,9 |
0,55 |
3,22 |
26,5 |
N120P100K160 |
5,8 |
0,58 |
2,82 |
26,2 |
Қызанақ жемістерін өнеркәсіптік жолмен өңдегенде құрамындағы қанттың маңызы зор болады, олар дайын өнімнің шығуын жоғарылатып оның сапасын жақсартады. Зерттеу кезінде редукциялайтын қанттың мөлшерін анықтадық (глюкоза және фруктоза), себебі, қызанақтағы сахароза мөлшері өте аз болады. Алынған анализ мәліметтерінен көрінгеніндей, жемістегі қант мөлшері, құрғақ заттардың мөлшеріне тікелей байланысты болады екен. Жемістеріндегі қанттың мөлшері бойынша N100P80K120 варианты ерекше көрінді, бұл варианттағы қант мөлшері жоғарғы көрсеткішті көрсетті және 3,22-ні құрады. Қолданылып отырған минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін N120P100K160 –қа көтеру, олардың биохимиялық көрсеткіштерін жақсартпады, және керісінше, бұл мөлшерлер төмендеп кетті. Қызанақ жемісінің дәмдік сапалылығының негізгі көрсеткіші құрамындағы титрленген қышқылдың мөлшерін алма қышқылына есептегенде көрінеді.
Зерттелген варианттардың арасынан ең төменгі қышқылдылық N100P80K120 вариантының жемістерінде болды – 0,55%. Басқа варианттар, жемісінің қышқылдылығы жөнінен бұл варианттан 0,01-0,02%-ға дейін асып түсті. Ең жоғарғы қышқылдылық N120P100K160 вариантының жемістерінде болды (0,58%). Көкөністердің барлығы дәрумендердің негізгі көзі болып табылады, ең алдымен аскорбин қышқылы, сондықтан, тәжірибе кезінде балғын, жаңадан жиналып алынған жемістерден аскорбин қышқылының мөлшерін анықтадық. Бұл көрсеткіш бойынша ең жоғарысы N100P80K120 варианты болды (26,5 мг/%). Сонымен, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденгеніндей, қызанақтың Пламя сортының жоғарғы өнімділігі Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайында болды. Минералдық тыңайтқышьарды N100P80K120 мөлшерінде қосу, басқа екі вариантпен салыстырғанда өнімді болды, олардың өнімділігінен 0,8-4,1 т/га артық болды.
Сапалылық көрсеткіштері жөнінен, минералдық тыңайтқыштарды N100P80K120 мөлшерінде қолданған вариант озып шықты, оның жемістерінің құрамында аскорбин қышқылы жоғары мөлшерде болды және қант мол болды және қышқылдылық төмен болды [32].
2.5 Қызанақтарға арналған тыңайтқыштар
Қызанақтар, кеш пісетін қырыққабатпен салыстырғанда, органикалық тыңайтқыштарды тікелей салғанды ұнатпайды, сондықтан оларды алдыңғы дақылдарға салынған органикалық тыңайтқыштар тұрған орында араластырып жөн болады. Егер, шаруашылықта күзде көмілген органикалық тыңайтқыштар бар болса, солардан 2-3 кг көң немесе компасты және 60-70 г/м2 нитроаммофоспен немесе аммиак селитрасының қоспасын, суперфосфатты және хлорлы калийді салуға болады. Қызанақтар – фосфорлық қоректі қажет ететін көкөніс дақылы, бірақ, топырақтан азот пен калиймен салыстырғанда фосфорды бірнеше есе аз шығарады. Тұқым өсе бастаған кезден бастап, фосфор тамырдың күшті өсуіне жағдай жасайды, ерте гүлдеуіне, жемісінің жылдам пісуіне, өнімділіктің артуына, жемістегі құрғақ заттарға және қант мөлшерінің жоғарылауына мүмкіндік жасайды. Бұдан басқа, қалыпты жеміс байлауы калийдің маңызы зор. Сонымен қатар, фосфорлық-калийлік қоректің жемістің пісуіне әсері өсімдікті азотпен қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асады, оны аммиактың түрінде пайдаланған тиімді болады. Азоттық-калийлік қоректер өсімдікке түйін байлағанда, гүлдегенде, жеміс түзгенде (байлағанда) және жеміс салып болғанша қажет болады. Азоттың жетімсіз болуы және калийдің жеткіліксіз болуы өсімдіктің өсуін нашарлатады, жемістерінің майдаланып кетуіне және түсімінің төмендеуіне әкеледі. Дегенмен, азоттың мөлшерден артық болуы, әсіресе, вегетациялық өсу кезеңінде, өсімдікті «семіртіп» жібереді, бұл жағдай тұқым байлауды кешіктіреді және өсімдік ауруларға бейім болып тұрады. Өсімдіктердің сіңіретін фосфорының 94-%-ы жеміс байлауға жұмсалады. Ұнтақ тәріздес суперфосфаттың әрбір килограмына 180 г фосфор қышқылы болады, өсімдік оның тек қана 30-50 г сіңіреді, қалғандары оларға жетіспейтін басқа формаға айналып кетеді. Түйіршіктелген суперфосфатты салу, фосфордың жақсы сіңірілуіне және тыңайтқышты көп жұмсамауға мүмкіндік береді (2-4 есеге дейін). Жас өсімдіктер, ересектермен салыстырғанда тамыр жүйесінің даму дәрежесі әлсіз болғандықтан, фосфордың қиын еритін байланыстарын сіңіріп алуға қабілетсіз болады. Көшет отырғызған шұңқырларға түйіршіктелген фосфорды (10-12 г) салу жеміс байлауды жылдамдатады және дақылдың өнімділігін 10%-ға арттырады. Тыңайтқыш пен өсімдік тамырының арасында 2-3 см топырақ қабаты болуы тиіс. Хлор мөлшерінің артық болуы қызанақ үшін зиянды, сондықтан калий тыңайтқыштарын бұл дақылға калий сульфаты түрінде салған пайдалы болады. Дегенмен, хлор жетімсіз болса хлород ауруына ұшырайды – жапырақтары сұрғылт тартып, шеті оралып ширатылып тұрады, тамырдың өсуі тоқталады, жеміс байлауы кешігеді. Қызанақтар, тамыр сыртынан микроэлементтермен үстеп қоректендіргенді ұнатады. Сонымен, бор аталықтың өсуін жылдамдатады, ұрықтану процессіне жағдай жасайды, түйін байлап жемістің өсуіне көмек береді. Бор жеткіліксіз болса өсу нүктесі түйінмен бірге өледі. Марганец көмірқышқыл газының ассимилияциясын жоғарылатады, нитраттың азоттың жақсы сіңірілуіне әсер етеді және жемістердің жақсы туәілуін қамтамасыз етеді. Марганец өсімдікке жеткіліксіз болса оның түйнектері түсіп қалады. Мыс көмірсулық және ақуыздың алмасуды жақсартады, өсімдіктің тыныс алуын қарқынды етеді. Оның кемшілігі, магний секілді кейде, құмдақ топырақтарда ерте пісетін сорттарды өсіргенде байқалып қалады. Тамыр сыртынан үстеп қоректендіргенде борлы-марганецті тыңайтқыштардың әсері күшті болады. Қызанақтар үшін, жекелеген қоректік элементтердің жетімсіздігімен қатар, олардың артық мөлшерде болуы да зиянды. Азоттың немесе фосфордың артық мөлшерде болуы, калийдің жетімсіз болуына әкеледі, калийдің артық мөлшерде болуы – магнийдің немесе кальцийдің жетімсіз болуына әкеледі. Хлорлы калийді жұмсақ топырақтарға салу магнийге деген қажеттілікті арттырады. Топырақты известтегенде өсімдіктің калий тыңайтқыштарына деген қажеттілігі жоғарылайды, бірақ, өсімдіктің борға және марганецке деген жетімділігі төмендейді. Қызанақтан жоғарғы өнімді алу үшін, көшетті жақсы етіп өсіру керек. Егер, өсімдіктің өсуі нашар болып, сұрғылт түске боялса, оны сиырдың тезегімен немесе (1:8) құстың саңғырығымен (1:10) үстеп қоректендіру керек. Осындай ерітіндінің бір шелегіне 15 г аммиак селитрасын және 10 г күкірт қышқылдық калийді қосады. Бір стаканы екі өсімдікке жетеді. 8-10 тәуіліктен кейін қоректендіруді қайталайды, бұл кезде бір өсімдікке бір стакан тыңайтқыш құпылады. Келесі үстеп қоректендіруді 10-15 тәуліктен кейін қайталайды, бұл кезде бір шелек суға 50 г тыңайтқыш қоспасын қосады немесе осы мөлшердегі суға 15 г аммиак селитрасын және хлорлы калийді ерітеді және 20 г суперфосфатты қосады. Көшетті отырғызуғы бірнеше күн қалғанда әрбір өсімдіктің түбіне 1,5-2,0 г құрғақ, түйіпшіктелген суперфосфатты салады, одан соң бетіне жаңадан топырақ салады және сұғарады. Өсімдік ауруларының алдын алу үшін өсімдікті марганец қышқылды калийдің ерітіндісімен суғарады – 10 л суға 5 г салады. Бұл секілді суғаруды көшеттер тамырлап кетуі үшін күн сайын жасайды, ең алдымен жарты стакан құяды. Үстеп қоректендіруді көшетті топыраққа отырғызғыннан кейін де жүргізеді. Бұл кезде аммиак селитрасын жеміс байлағанша 4-5 граммнан және хлорлы калийді 3-4 г/м2 салады, ал жаппай гүлдегенде – аммиак селитрасын 8-10 г және суперфосфаттан 14-15 г/м2 қосады. Ерітіндідегі тыңайтқышты сұғарған уақытта қолданған тиімді болады. Дегенмен, тыңайтқыштың өсімдіктің бойының өсуіне және дамуына әсері тамырдың сыртынан үстеп қоректендіргенде жылдам байқалады. Сонымен қатар, бұл секілді үстеп қоректендірудің әсері, аздаған дәрежеде болса да метеорологиялық жағдайға да байланысты болады. Олар көктемде жақсы нәтиже береді, көктемде топырақ әлі де болса қызбай жатқанда ауа температурасы жоғары болады. Тамыр сыртынан үстеп қоректендіргенде аммиак селитрасының ерітіндісінің концентрациясы, қызанақтың көшеттерін топыраққа отырғызғаннан кейін0,4%-дан жоғары болмауы тиіс, (10 л суға 40 г) гүлдеу фазасында – 0,6-0,7% (10 л суға 60-70 г), жеміс байлағанда – 0,8-0,9% (10 л суға 80-90 г). Тамыр сыртынан үстеп қоректендірудің әсері, оны тамырды үстеп қоректендірумен үйлестірсе күшті болады – бұл кезде тыңайтқышты лункаға салады. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, қызанақ өнімінің алғашқы екі апта жинаудағы қосылуы тамырды қоректендіргенде 17%, тамыр сыртынан қоректендіргенде – 12%, тамырды сыртынан және тамырды тікелей қоректендіруді бірге қосқанда – 48%-ды құрады. Жемістердің жылдам пісуіне тамырдың сыртынан микротыңайтқыштармен үстеп қоректендіру де күшті әсер етеді. Мысалы, өсімдіктерді бор қышқылымен шашыратып өңдеу (10 л суға 10 г) бұны гүлдеу кезінде пайдаланса да осындай әсер береді. Тамырдың сыртынан үстеп қоректендіруді кешке жүргізген пайдалы болады, себебі, бұл мезгілде жапыраққа себілген ерітінді баяу кебеді, ал таңертеңгі шық жапырақ бетінде қалған қоректік ерітіндінің жұтылуына әсер етеді [33,34].
3 Тіршілік қауіпсіздігі
Нарықтық экономика қалыпатасуы жағдайларында тіршілік қауіпсіздігі проблемалары айрықша өткір әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады. Бұл бірқатар жағдайларда өлімге алып баратын кәсіби аурулармен зақымданумен байланысты, оның үстіне өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жартысынан астамы максимальды кәсіби ықтималдылық класына жатқызылады. Кәсіби аурулар мен өндірістік зақымданудың, тұтынудың техногендік апаттар мен сәтсіздіктер саны өсуі, кәсіби, әлеуметтік және медицина сауықтырудың жеткілікті дамымаушылығы өндірісте еңбек адамдарының тіршілік әрекетіне, олардың денсаулығына кері ықпалын тигізеді, елдегі демографиялық жағдайлардың ары қарай нашарлауына алып келеді.
Адам құрбандары бар апаттардың туындауы, кәсіби аурулар санының ұлғаюы, өндірістегі сәтсіз жағдайлар, зиянды қоқыстар мен қоршаған ортадағы қалдықтар 43%-ға жуық негізгі қор тозуының жоғарғы деңгейін, ал машиналар мен құрал-жабдықтар 60% шынайы қауіп төндіреді. Халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда капиталды салымдар көлемі 70%-ға азайған АӨК-де айрықша ауыр жағдай қалыптасты, қайта өңдеуші салалардағы құрал-жабдықтардың амортизациялық тозуы 85%-ға, ал кей жерлерде - 100%-ға жетіп сыни жағдай қатарына өтті. Жұмыс берушіні салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тиімді іс-шараларды қабылдауға мәжбүрлейтін экономикалық механизм жасалған жоқ.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен жұмыс жасаудың қанағаттанарлықсыз жағдайынан еліміз жыл сайын көлемді адам, қаржы-экономикалық, материалдық және моральдық шығындарға ұшырайды. Өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жұмыскерлер еңбегін қорғау-«Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жөніндегі» № 528-II 2004 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан Республикасы заңының елдегі ұлттық қауіпсіздіктің негізгі проблемаларының бірі болып табылады [35].
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін басқару нысан жағдайын талдау мен бағалаудан, іс-шараларды жорамалдау мен жоспарлаудан, ұйымдастырудан, яғни басқарылатын және басқарылушы жүйелерді тікелей қалыптастырудан, басқаруды ұйымдастыру барысын бақылаудан, іс-шаралар тиімділігін анықтаудан, жұмысты ынталандырудан тұрады.
3.1 Ауыл шаруашылығында техника қауіпсіздігін сақтау
Ауыл шаруашылық машиналарына қызмет көрсететін механизаторлар жарақаттан және басқа жазатайым оқиғалардан өз қауіпсіздігін және айналасындағылардың қауіпсіздігін көздейтін ережелерді орындауға тиіс. Еңбек қорғау мен өртке қарсы қауіпсіздік шараларын жалпы ұйымдастыру үшін жауапкершілік шаруашылық басшыларына совхоз директорларына және кәсіподақ ұйымдастыру председательдеріне жүктеледі. Еңбек қорғау жөніндегі шаралардың орындалуы және өртке қарсы шаралар үшін механикаландырылған шаруашылықтарда бас инженерлер, бригадалар, бригадирлер ал агрегаттарда - трактористер немесе агрегат бастықтары жауапты. Ауыл шаруашылық агрегаттарында жұмыс істейтін барлық адамдар үшін қауіпсіздік техникасы ережелерін орындау міндетті болып табылады. Олардың негізгілері мыналар: Өзі жүретін шассилерде, машиналарда, тіркемелі және аспалы машиналарда жұмыс істеу олардың құрылысымен таныс және қауіпсіздік техникасы бойынша емтихан тапсырған адамдарға рұксат етіледі. Жұмыс басталар алдында агрегат мұкият байқалады, сақтандырған құндақтардың бар екені және олардың бекітілуі, орнатылуының дұрыстығы, трактор мен шаруашылық машиналарының куәлігі тексеріледі.
Техникалық күтім жасағанда және машиналарды тексергенде тексерушілер орнықты тұруға, ал машиналар, олар тіреулерде түрса, берік бекітілуі тиіс. Егер механизмдерде конструкциямен көзделген сақтандырғыш құндақтар болмаса, агрегат механизмдері берік жетілмесе немесе нашар реттелсе, ауыл шаруашылық машиналарда жұмыс істеуге тыйым салынады. Двигательді тек трактористке қағидалық нұсқаларға сәйкес жүргізу рұхсат етіледі. Ауыл шаруашылық машиналарына техникалық күтім жасаудың барлық түрлері олар жерге түсірілгенде, двигатель тоқтатылып, трактордың жылдамдықтары ажыратылғанда ғана жүргізілуге тиіс.
Машина трактордан ажыратылғанда ғана жұмыс органдарын ауыстыру рұқсат етіледі. Өткір аспаптарды немесе үшкір детальдарды әпергенде алушы оларды тоқал жағынан алу үшін әперуші өткір бөлігінен ұстауға тиіс. Трактор мен машинаның қосқыш детальдары берік болуға тиіс. Машинаны басқаруды бөгде адамдарға беруге сондай - ақ жұмыс кезінде тракторда немесе машиналарда болуына, техникалық күтім жасауға, механизмдерді пайдалануға немесе реттеуге трактор мен машинаның ақауларын жөндеуге тыйым салынады. Агрегат жүріп бара жатқанда бір машинадан екіншісіне өтуге; берілістер қосулы болғанда және бірінші берілістен жоғары беріліспен еңіске қарай жүруге, агрегатты елеусіз беткейлерге көлденең жүргізуге, өткелдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей темір жолдан, тас және дала жолдарынан өтуге: түнгі уақытта жарығында ақауы бар агрегаттарда жұмыс істеуге және олармен жүруге тыйым салынады. Бір мезгілде бірнеше агрегат жүріп өткенде олардың арасындағы интервал 24м кем болмауға тиіс.
Агрегат өткелде тоқауға мәжбүр болса, оның тоқтағанын күндіз қызыл жалаушалармен, түнде қызыл лампалармен қоршайды.Стационарда істегенде барлық жетек ремендерімен жер сақтандырғыш қалқандарымен және торлармен қоршауға тиіс. Ременьдерді істеп тұрған агрегатқа кигізуге және одан сыпырып алынуға тыйым салынады.
Стационарлы двигателдерді сигнал бойынша ғана жүргізіп, тоқтатуға болады. Тракторист мен жүргізушілер жұмыс істегенде хомензон, ал қатты шақ болғанда - сақтандырғыш көзілдірік киеді. Агрегатта істейтін әйелдер шаштарына орамал байлап алуы керек. Агрегат жүріп бара жатқанда машинаның жұмыс органдарын аяқ басқыш тақтада тұрып арнаулы тазалағышпен тазартуға болады [36].
3.2 Топырақ өңдеу және егу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Топырақ өңдейтін машиналарда істегенде жұмыс органдарын топырақ пен өсімдік қалдықтарынан бұрылыс жолақтарында тазартады. Егер плугтардың корпустары мен культиватор табандарына өсімдік қалдықтары азын - аулақ тығылып қалса, агрегат жүріп бара жатқанда оларды арнаулы қырғыш -тазалағыштармен тазартуға болады, ал қатты тығылса - агрегатты дереу тоқтату қажет. Себу агрегаты жүргенде мыналарға тыйым салынады: тұқым жәшіктерінде отыруға, сеялканың немесе отырғызғыштың рамасында тұқым жәшіктерінің алдында болуға; сеялкада немесе оның тракторға, тіркемесінде отыруға; агрегаттың алдында, трактор мен страктормен сеялканың арасында, сондай - ақ маркердің алдында тұрады. Жұмыс істеген кезде тұқым және трактор жәшіктерінің қақпағын алуға болмайды, сондықтан оларды жауып, ілгектермен бекітеді. Егер жәшіктерді ашу қажет болса, оларды сақтандырғыштарға қояды. Беріліс механизмдері сақтандырғыш қалқандармен бірге болады. Агрегат жүргенде мыналарға тыйым салынады: сеялкалардың механизмдерін реттеуге, гайкалар мен болаттарды тартуға; үйкелетін бөліктерді майлауға; себуші аппараттарды металл шыбықтармен тазартуға; аударыстыру құралы қосылу болғанда сусымалы емес тұқымды қолмен араластыруға жәшіктерге шөптердің сусымалы емес тұқымын құюға шүмектерді қолмен тазартуға. Себуші аппараттар қақалып, тұқым себу тоқтағанда агрегатты дереу тоқтатып, ақауларды жояды. Құрама сеялкамен тек қана дәнді дақылдар сепкенде шөп тұқымы, сондай - ақ тыңайтқыш жәшіктерінің аударыстыру құралдары ажыратылады. Агрегат кілт бұрылыстарға жақындағанда оның жылдамдығын баяулату керек. Тұқым себушілер өз орындарына тұрып, тұтас агрегат жұмысқа әзір болғанда аға тұқым себушінің белігісімен себу агрегатын жұмысқа қосуға болады. Бір учаскеден екінші учаскеге ауысқанда сеялкалардың жүріс жылдамдығы секундына 1,25 м (сағатына 4,5 км) болуға тиіс, мұның өзінде қосылу рычагтарын сыммен байлап қояды, ал қырғыларды тістерін төмен қаратып рамаға сыммен бекітеді. Қырғылардың сақиналарын шүмек көтергіштің шамасына кигізуге тыйым салынады. Егер себу агрегатында арнаулы сигнализация болмаса, қажетті жағдайда аға тұқым себуші ысқырықпен белгі беруге тиіс. Загонның аяғындағы бұрылыстың алдында, сондай-ақ бір учаскеден екінші учаскеге ауысқанда маркерлерді көтеріп, оларды көтерілгенкүйінде берік бекіту, шүмектер мен сіңіргіш құралдарды көтеру керек. Маркерлерді транспорттық жағдайға қойғанда шаппа тістерді вертикал жағдайдан горизонталь жағдайға ауыстырады [37].
3.3 Өндірістің потенциалдық қауіптілігі мен зияндығын талдау
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негізгі ұғымы – химиялық және биологиялық белсенді компоненттерге, энергияға ие барлық жүйелерге тән қауіптілік, сондай-ақ адамның тіршілік әрекеті жағдайларына сай келмейтін сипаттамалар. Қауіп потенциалды (жасырын, мүмкін) сипатқа ие. Ол белгілі жағдайлар кезінде- себепкерде көрінеді. Қауіптілікті айқындайтын белгілерге денсаулыққа зиян келтіру, ағзаның қалыпты қызмет ету жағдайларының бұзылу, оның өміріне қауіп төну мүмкіндіктері жатқызылады.
Әралуан еңбек түрлерінде қолданылатын микроэлементтер көпшілік жағдайларда адам, үй жануарлары мен жабайы жануарлар мен құстар үшін улы болып табылады. Бірқатар микроэлементтер оңай жанады немесе жарылыс қауіпіне ие. Олардың көпшілігі сыртқы ортада, ағза мен өсімдіктерде жинақталуға өте тұрақты химиялық қабілетке ие. Сондықтан санитарлық-гигиеналық ережелерді қолданудың орналыған регламенттері мен сақтау кезіндегі техниканы қатаң жүйелі сақтау, тасымалдау және микроэлементтермен жұмыс істеу сәтсіз жағдайлар мен басқа да сәтсіз салдарлардың алдын алуы мүмкін.
Шаруашылық қоймаларында микроэлементтерді сақтауға айрықша қатаң қарау қажет. Қоймалар жеткілікті бос, жарық, табиғи немесе жасанды желдеткішті, едені тегіс цементтелген немесе асфальтталған болуы тиіс. Қоймада қоймашының жұмысы үшін жеке бөлме, сондай-ақ дәретхана үшін орынжай, арнайы киімдер, противогаз бен аптечка сақтайтын орын болуы қажет.
3.4 Микроэлементтермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Қоймашы микроэлементтермен жұмыс істеу үшін дәрігер рұқсатын алуға міндетті. Қоймашыларды медициналық қараудан өткізу жылына 2 реттен кем емес жүргізіледі. Қоймашы микроэлементтер қасиеттерін және олармен жұмыс кезіндегі сақтық шараларын жақсы білуі тиіс. Оның қоймада болу уақыты күніне 5 сағаттан аспауы тиіс.
Барлық қоймаға түсетін және қоймадан жіберілетін микроэлементтерді шаруашылық жетекшісі қолтаңбасымен және мөрімен бекітілген шнурланған және номерленген келу-жұмсау кітабына жазылады.
Микроэлементтерді белгілі тәртіпте сөрелерде немесе арнайы орындарда тығыз жабылған стандарттық ыдыста сақтап «абайлаңыз, улы!» белгісін жазып препарат атауын айқын көрсету қажет. Қоймада азық-түлік өнімдерін және оңған қатысты нәрселерді сақтауға мүлдем тыйым салынады. Оңай жанатын микроэлементтерді қышқылданушы қасиетке ие препараттардан аулақ сақтайды. Қоймада тек арнайы киімдер, резина аяқ киіммен, қолғаппен немесе резиналы перчаткамен жұмыс істеуге, ал тозаң түріндегі препараттармен – респираторда немесе мақта астары бар дәке байламамен және қорғаныс көзілдірігімен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Микроэлементтерді қоймадан шаруашылық жетекшісімен немесе оның орынбасары не өсімдіктерді қорғау бойынша химиялық жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлғаның жазбаша рұқсатнамасы бойынша шығарады.
Бір немесе бірнеше жұмыс күніне микроэлементтердің қатаң шектелген санын қоймадан шығару ұсынылады. Пайдаланылмаған препараттар қалдығы ыдысымен бірге арнайы акт құрастырылып қоймаға кері қайтарылады.
3.4.1 Микроэлементтерді енгізу, оларды тасымалдау, себу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Микроэлементтерді енгізуді түзетуші аппаратура және машина көмегімен жүргізеді. Оны қолмен жүргізуге мүлдем тыйым салынады. Элементтерді енгізуге арналған алаңдар толтыру пункттері сияқты тұрғын үй ғимараттарынан, мал қоралардан, сумен жабдықтау көздерінен, азық-түлік өнімдерін сақтау орнынан, тағам және су қабылдау орындарынан 200 метрден кем емес арақашықтықта болуы және су шаруашылығы су қоймалары жағалауларынан 2000-нан кем емес орын болуы тиіс.
Элементтерді енгізуді жүргізу кезінде микроэлементтің түріне байланысты ауыспалы патрондары бар респираторлар көмегімен көзді, тыныс алу жолдарын қорғау міндетті. Жұмысшылар комбинизон киінуі, қолғабы, аяқ киімімен арнайы киімдері болуы тиіс. Микроэлементтерді енгізу кезіндегі ұзақтық 5 сағаттан аспауы тиіс. Жұмыскерлерде улану белгілері (бас ауруы, жүрек айнуы, жөтел, көкіректегі ауырсыну, тыныс алу қиындауы) пайда болуы кезінде оларға алғашқы көмек көрсетіліп, медициналық пунктке жіберіледі.
Микроэлементтер сақталатын орынжайларда азық-түлік өнімдерін жем мен шөпті сақтауға тыйым салынады. Микроэлементтерді беру жапсырмамен рәсімделеді. Микроэлементтерді егістік орнына тасымалдау арнайы құрал-жабдықтармен жүргізілуі тиіс. Адамдарды элементтермен бірге тасымалдауға мүлдем тыйым салынады. Сепкіштер мен қызмет етуші персонал арнайы киім мен респираторда болуы тиіс.
Микроэлементтерді қорғаусыз қалдыруға және оларды қатаң есепке алмай жұмсауға болмайды.
Микроэлементтерден босаған орынжайды тазалау және ылғалдап сүрту қажет. Залалсыздандыруға арналған негізгі құралдар- сілті ерітіндісі; күйдіруші соданың 3% ерітіндісі, кальцийлендірілген соданың 5% ерітіндісі мен 10% жаңадан ерітілген әк.
3.4.2 Микроэлементтерді топыраққа енгізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Минералды тыңайтқыштар күздік бидай өнімділігін жоғарылатудың қуатты құралы болып табылады. Минералды тыңайтқыштарды топыраққа құрғақ және ұнтақты жағдайында енгізеді, жабысқандарын қолданар алдында ұсақтайды және сепкілейді. Минералды тыңайтқыштарды егістік беткейі көмегімен тепе-тең бөлістіреді. Тепе-тең емес енгізудің жағымсыз ықпалы азотты пайдалану кезінде айрықша бірден көрінеді. Минералдық тыңайтқыштардың гранулометрикалық құрамының теңестірілуі де маңызды роль ойнайды, өйткені түйіршіктердің теңестірілмеуі компоненттердің қатпарлануына алып келеді.
Қоректендіруді желсіз ауа-райында немесе әлсіз желде (2-Зм/с) және 15-20 С0 температурада, күн ашық ауа-райында таңертең және кешке жүргізеді. Бұл кезеңде тыңайтқыштармен жұмыс кезіндегі сақтық шараларын сақтау қажет. Минералды тыңайтқыштар қоймасы үшін санитарлық – қорғаныс аймағы - 200-300м. Минералды тыңайтқыштармен қоймада жұмыс істеуге, тасымалдау мен егістіккке қауіпсіздік техникасын меңгерген және машиналарды пайдалану ережелерін игерген 18-ден асқан тұлғалар ғана жіберіледі. Механизаторлар мен жұмыскерлерді арнайы киімдермен (қолғап пен қорғаныс көзілдірігімен, респиратормен, камбинизонмен, етіктермен) қамтамасыз етеді. Минералды тыңайтқыштармен бірге адамдарды ауыз су мен өнімдерді тасымалдауға мүлдем тыйым салынады. Барлық операцияларды агрегаттарды толық тоқтату кезінде жүргізеді, үйлестірілген сепкіш сошниктерін арнайы тазалағыштармен тазалайды. Жұмыскерлерден дискілі тастаушылардың минимальды арақашықтығы 50-80 метрден кем болмауы тиіс. Машиналарды аммиакты сумен толтыру кезінде тек желден пана жақта тұрып, машинаның жабық тәсілмен толтыруға болады. Респираторда ылғалданбаған қолғаппен аяқтар мен көкіректі жабатын клиенкалы алжапқышта жұмыс істеу қажет. Бұл кезеңде темекі шешуге, сіріңке жағуға, қыздырғышты қолдануға, электрлік дәнекерлеу, ұстахана, пеш және т.б. маңайында аммиак тиелген машинаны тоқтатуға болмайды.
Егер де тыңайтқыш теріге түсетін болса, онда оны тез арада сумен жуады, егер көзге түссе оны шапшаң мол сумен шаяды. Одан кейін дәрігерге көріну қажет.
3.5 Қорғаныс құралдары мен алғашқы көмек шаралары
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары ұдымды қорғау және дербес қорғау құралдарына бөлістіріледі. Олардың қайсысы болсын өз кезегінде қауіпсіздік сипатына, құрастырмалық орындау, қолдану саласына байланысты топтарға бөлінеді.
Алғашқы көмек- бұл жәбірленушінің өмір мен денсаулығын сақтауға немесе қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені.
Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету байлау материалдары мен медикаменттердің минимальды жиынтығы болуынсыз мүмкін емес. Сондықтан барлық өндірістік бөліктер медициналық аптечкалармен қамтамасыз етілуі тиіс. Медикаменттер мен медициналық құралдар тізімі:
1.Ауыруды басатын, қабынуға қарсы және зақымдану кезіндегі қорқынышқа қарсы құралдар (соғылу, сыну, шығу кезінде):
Анальгин 0,5№ 10 және аспирин - 1 орамнан, портативті салқындатушы пакет контейнер 1; сульфицид натрий ерітіндісі 1 флакон.
2. Қан ағуды тоқтату, залалсыздандыру мен жараны таңуға арналған құралдар: мөлшерленген компрессиялы сығымдаумен өзіне және өзара көмек көрсетуге арналған артериалды қан ағуды тоқтатуға арналған жгут - 1% бинт залалсыздандырылған 10см х 5м= 1м:
Диоксидинді немесе күміс нитратты лас жараларды таңуға арналған МАГ прагматикалық таңбасы-1;
Бактерицидті лейкопластыр - 8;
Фурагинді, сатин (ұнтақ) 1 г «Колетекс ГЕМ» капиллярлық және веналық қан ағуды тоқтатуға арналған залалсыздандырылған сүлгілер-3 орам;
5% спиртті иод ерітіндісі;
3.Жүректегі ауру кезіндегі құрал:
Таблеткадағы немесе капсуладағы нитроглицерин-1 орам;
Естен тану кезіндегі көмек көрсетуге арналған құрал (коллапс) - аммиак ерітіндісі(нашатыр спирті)-1 флакон,корвалол-1 флакон.
Дәрігерге дейінгі көрсетілетін жәбірленушіге көмек сапасы оны қоршаған адамдардың адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін білуіне және зақымдану сипатына қатысты алғашқы көмекті көрсету шеберлігіне елеулі тәуелді болады.
Көмек көрсетуші зақымданушы жағдайын бағалай алуы және ол алғашқы кезекте қандай көмекті қажет ететіндігін анықтай алуы; жасанды тыныс алдыруды және жүректің жабық массажын дұрыс орындауы; қан ағуын тоқтатуы; зақымдану кезінде таңуды жүргізуі; үсу, күю, соғылу кезінде алғашқы көмек көрсете алуы тиіс.
3.6 Өртке қарсы іс-шаралар
Жыл сайын ауылшаруашылығы өндірістік нысандарында туындайтын өрт үлесі Қазақстан республикасында болатын өрттің жалпы санының шамамен 5пайызды құрайды, ал ауылдық жерлерде ол тұтастай 30%-ға дейін болады.
Өрт пен жарылыс туындауына көп жағдайда жарылғыш тозаң немесе ғимараттардағы талшықтар қатысуы мүмкіндік береді. Ұсақтағыштарды, ұсақтау аппараттарын және т.б. пайдалану кезінде, сондай-ақ пневмотранспорттық және жұмыс үрдісі ауаның қуатты ағынын пайдаланумен байланысты басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде көп тозаң бөлінеді.
Ауылдар немесе жекелеген ғимараттарды жобалау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдардың қолайлы желісін, ғимаратқа енетін жерлерді, олардың арасындағы сәйкес аралықтарды және құрал-жабдықтар мен жер асты коммуникациялардың орналасуын қарастырады. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының аумағы әралуан бағытқа ие. Олардың арасында 50 000 метр ендіктегі жасыл жолақтар құрылады. Территорияның жекелеген бөліктерін ішкі жолдар сыртқы жолдармен біріктіреді. Ғимарттан жолға дейінгі арақашықтық 25 км кем болмауы тиіс.
Жарылу қаупі бар қоспалары мен құрал-жабдықтарға ие ыдыста сақталатын орынжайды негізгі ғимараттың сырт жағынан орналастырады немесе аулақтатылған бокс, тамбур түрінде орындайды. Өртке қарсы қорғау пункттерін өндірістік нысандар мен тұрғын үй массивтеріне таяу орналастыра отырып сол жер мен өткел жолдардың жақсы шолынуын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын аумағы таза болуы тиіс (әсіресе ішкі жолдар, ғимараттар мен оырнжайларға өтер тұстар, өрт гидраттары мен су қоймаларына баратын жолдар).
Өндірістік, тұрмыстық және тұрғын үй ғимараттары құрылысына жер телімін мемлекеттік және санитарлық қадағалау органдарымен келісім бойынша таңдайды.
Жоғарыда атап өткеніміздей өрттің алдын алу жүйесі- бұл өрт мүмкіндігін жоққа шығаратын техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені. Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттар бір жерде, ал өндірістік құрылыстар басқа жерде, тұрғын үйден белгілі арақашықтықтағы жеке кешен түрінде орналасатындай жоспарлау маңызды техникалық іс-шара болып табылады. Кешен ішіндегі ғимараттар, отынның ашық қоймалары, мұнай өнімдері, жем-шөп орынжайлары арасында арақашықтық болуы тиіс. Мәселен өндірістік кешен ғимараттары арасындағы минимальды арақашықтық 6 метр, ал максимальды арақашықтық 18 м.
Сөндіру үшін сонымен қатар судан және 3...10% бромэтилден түзілетін су эмульсиясын, көбік түзуші ұнтақты пайдалану кезінде пеногенератормен жасалатын және сілті мен қышқылдан тұратын ерітінді әрекеттесуі кезінде өрт сөндіргіштерден түзілетін химиялық көбіктер де пайдаланылады.
Қойма шаруашылығы құрылуы кезінде қоймадағы материалдардың физикалық және химиялық қасиеттерін: өздігінен жану мүмкіндігін ауа ықпалынан немесе материалдар арасындағы өзара әрекеттестік нәтижесінде жану мүмкіндігін, жарылғыш қоспалардың түзілу қабілеттілігін білу қажет.
Көптеген өрттер жоғары ылғалдылықта сақталатын органикалық заттардың өздігінен жануы салдарынан туындайды.
3.7 Жер сілкінісі кезінде жұмысшы персоналы іс-әрекет ережелері
Жер сілкінісі- бұл жер қыртысының белгілі бөліктерінде жүретін айрықша құбылыс. Олар құрлықта да су астында да жүруі мүмкін. Жер сілкінісі барлық уақытта өзінің қиратушы күшімен салдарларымен вулканикалық белсенділікті жандандырумен, су тасқынын түзумен адамдарды зақымдайды.
Адам үшін жер сілкінісі қашан және қай жерде болатындығын білу өте маңызды, қазіргі таңдағы ғылым белгілі бір күшке ие стихиялы апат қай жерде болатындығы жөніндегі мәліметтерге ие, дегенмен оның болатын күні мен сағатын әзірге ешкім болжай алмайды.
Жер сілкінісі барлық уақтта адамдарда дұрыс емес іс-әрекетттен көрінетін психика бұзылысының әралуан деңгейін туындатты.
Жер сілкінісі қаупі жөнінде алдын –ала қуаттандыру кезінде ғимартты тастап шығудан алдын қыздырғыш приборлар мен газдарды істен ажырату, егер де пеш жанып жатқан болса оны сөндіріп көшеге шығу қажет. Көшеде ғимараттар мен құрылыстардан мүмкіндігінше аулақ кетіп алаң, жазықтық, кең көшелер, спорттық алаңдар бағытына кету қажет.
Кәсіпорындар мен мекемелерде жер сілкінісі кезінде барлық жұмыстар тоқтатылады, өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтар істен шығарылады, токты істен ажырату шаралары, ауа қысымын төмендету бу оттегісін, су, газ және т.б. төмендету шаралары қабылданады, жұмыскерлер мен қызметкерлер қауіпсіз орындарға жіберіледі [38,39].
4 Қоршаған ортаны қорғау
Соңғы онжылдықта, планетамыздың тіршілік белгісі бар бөлігіне төнген қауіп, көптеген өнеркәсібі дамыған елдерді экологиялық проблемаларға алаңдауға мәжбүр етті. Табиғатқа келтірген шығынның орнын толтыру, қоршаган ортаны сақтау шаралары үшін орасан үлкен қаржы бөлу күнделікті құбылысқа айналды. Бірақ, мұның бәрі жартымсыз шаралар, өйткені табиғи объектілерге деген өндірістік, индустриалдық негативті әсерлердің жаппай етек алуы, әлгі шаралардың нәтижесіне сапалық та, сандық та көрініс бере алмайды. Ол үшін, біз қоршаған ортаға деген бұрыннан қалыптасқан үйреншікті стандарттар мен көзкарасымызды түбірімен өзгертуіміз қажет. Биосфераны, біздің мақсаттарымыз бен кажеттіліктерімізге бейімдеп өзгерту кезінде, сол мақсаттар мен қажеттіліктердің өзі, биосфераның мүмкіндіктеріне бейімделіп өзгеруі тиіс.
"Адам-Табиғат" жүйесін комплексті түсіну және оның адам іс-әрекеті мен табиғаттың гармониялық дамуы ретінде өзгеріске үшырауы - қазіргі ғылыми-техникалық прогресті экологизациялаудың интелектуалдық базисін құрайды және ол төмендегі принциптерге сүйенеді:
1. Өмір сүрудің рухани сипаты - табиғат пен қоғам қарым-қатынасын реттейтін экологиялық моральдің негізі.
2. Болашақ маманға тәрбие, білім беру жүйесі – экологиялық ойлауды дамыту принциптері негізінде құрылуы шарт.
3. Кез келген маманның негізгі кағидасы - "биосфераны бұлдірмеу" болуы тиіс.
4. Ойлау - глобальды, ал іс-әрекет — локальды болсын.
5. Белгілі территориялар масштабында және бүкіл планета
бойынша техносфераны басқарудың репрезентативті экологиялық
модельдерін жүзеге асыру.
6. Шаруашылық нормалары мен деңгейін адам және биосфера коэволюциясы негізінде дамыту.
7. Табиғи ресурстарды рациональды пайдаланудың бірыңгай нормалары негізінде, табиғат қорғаудьң экологиялық критерийлерін комплексті унификациялау.
8. Іс-әрекет бірлігі - табиғат бірлігінен туындайды.
9. Ғылым, техника, өндіріс - экологиялық мүмкіндіктер тоғысында ғана бағалануы және дамуы тиіс.
10. Ғылыми-техникалық іс-әрекеттің барлық бағыттары - экологиялық когерентті болуы қажет.
Қоршаған орта барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары (жер, су, ауа, өсімдіктер элемі мен жануарлар дүниесі) ежелден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Қоршаған ортаның барлық сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің негізгі көзі.
Қоршаған ортаның жағдайының көрсеткіштері ретінде табиғи кешендердің бұлінбеген жағдайлардағы көрсеткіштері немесе ортаның фондық параметрлері алынады. Адамның табиғатқа әсер ету мүмкіншіліктерінің нормативті көрсеткіштері жасалуда. Мониторинг бақылауда негізінен екі топты көрсеткіштер қолданылады: санитарлық-гигиеналық және экологиялық. Санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері халықтың экологиялық қауіпсіздігінің талабына сай қарастырылады. Оларға ауадағы, судағы, топырақтағы, тамақтық заттардағы ластаушы заттардың ШМК (шектеулі мүмкін концентрациясы) көрсеткіштері жатады. Сонымен қатар, адам үшін белгіленген санитарлық-гигиеналық нормалар, басқа организмдердің бұған мүмкін болатын реакцияларын есепке алмайды. Адам үшін жіберілуге мүмкін ластану мөлшері көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің, жалпы экожүйенің жағдайын бұлдіруі мүмкін. Сондықтан табиғи ортаның жағдайын бағалау үшін санитарлық-гигиеналық нормалармен қатар экологиялық критерийлерді қолдану қажет.
Экологиялық критерийлер ретінде экожүйелерге тиетін негізгі функционалды-құрылымдық сипаттамалары табиғи өзгерістердің шегіне шықпайтын антропогендік өлшем қаралады. Экологиялық көрсеткіштерді екі топқа бөледі - компонентті және кешенді. Бірінші топқа ауа, су, топырақ жатады. Екінші топқа жататын - жалпы табиғи жүйелерді сипаттайтын қорытынды көрсеткіштер. Оларға биотикалық айналымның қарқыны, өзін-өзі тазалай алатын табиғи қабілеті (биотикалық айналымның қарқынына байланысты), табиғи жүйелердің зат-энергиялық балансы және т.б. жатқызуға болады.
Біз өмір сүріп отырған ғасыр - техникалық ғылымның барынша өркендеген заманы. Алуан түрлі механизмдер мен машиналарды, қисапсыз көп техниканы қолына үстаған қазіргі кездегі адамзат баласының қоршаған орта компоненттерін жер бетінен мүлдем жойып жіберуге мүмкіншілігі жетеді. Сондықтан да қоршаған орта компоненттерін қорғау проблемалары үнемі алға қойылады. Қоршаған орта байлығын қорғау жөніндегі жүмыстар қысқа мерзімді жүмыстар емес, ол жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, үзақ мерзімдік, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар мәселеге айналып отыр. Өйткені, қорыта келгенде қоршаған орта компоненттерін қорғау халықтың түрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне жағдай жасайды.
Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен 2,5 км болар еді.Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең тереңмаксималды тереңдік 11022 м .
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселен Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бұлдірумен аяқталады.
4.1 Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселелері
Қазір адам әртүрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0,1-0,15%-ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс етінде зат алмасуға қатысып қайтадан су көздеріне қайтып келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылмауы мүмкін емес. Бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыды болуы мүмкін.
Тұщы сулардың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардығы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген. Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын.
Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет (кесте 13).
Кесте 13 - Су ресурстарының қайта қалпына келу жылдамдығы
Сулардың категориясы |
Қалпына келу жылдамдығы |
Өзен |
16 күн (басқа мәліметтер бойынша 11-12 күн) |
Атмосфера |
8 күн |
Топырақ грунты |
1 жыл |
Батпақ |
5 жыл |
Көл |
17 жыл |
Әр түрлі горизонттардың жер асты сулары |
1400 жыл |
Әлемдік мұхит |
2500 жыл ( араласу 63 жыл) |
Мына кестедегі мәліметтер оның ең максималды шамасы өзен суларына тән екенін корсетеді (12-16 тәулік). Көл сулары орташа шамамен 17жылда, жер асты сулары тек 1400 жылдан соң қалпына келеді. Жер астының терең қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына келмейді. Себебі атмосфера – жауын-шашын – құрлық – зат жүйесіндегі зат алмасуға қатыспайды. Қазіргі кезде ең таза болып есептелетін жер асты сулары олардың қорының көп болуына қарамай тез таусытуы мүмкін.
Техникалық және экологиялык жағынан ең тиімдісі жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалпты орналасуы, жогары дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көздерінен алынады.
Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км3 (4 трлн. м3) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркісіпте, ауыл шаруа-шылығында және басқа да салаларда қолданылады.
Қайтымсыз суды қолдану негізінен суармалы егістікке тән. Бұл жерде ол 60-70% және одан да жоғары. Бұл кезде суды пайдаланудың негізгі мақсаты судың максималды булануымен байланысты және ол судың берілген аймақтың су алмасуынан шығарылуына әкеледі.
Судың жетіспеуі өзен агыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеудің жазық аудандарында - көктемде, тауда - мұздықтардың еруі кезінде, жазда, экватор маңында - жауынды кезеңде).
Ағыстың уақытында әртектілігін нейтралдау ушін су қоймаларына су қорын жинайды. Бірақ бұл кезде де өзіндік теріс әсері болады. Олар ылғал айналымның бузылуымен, жерлерді алу, су қоймасының бетінен судың көп булануы және т.б. құбылыстармен байланысты. Олай болса Жердегі тұщы су қорының көп болуына қарамай, адам мен көптеген экожүйе үшін судың жетіспеуі мүмкін. Ол судың жекеленген категорияларының баяу қалпына келуіне, кеңістікте біртекті емес таралуына, уақыт бойынша су қорының динамикалығына (өзен суы үшін), қайтымсыз пайдалану жнне т.б. құбылыстармен байланысты болады. Уақыт өте келе судың жетіспеуін болдырмау жолдарын іздеу қажет [40].
Судың ластану мәселесі. Ластануға судың барлық категориялары: мүхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың, сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.
Барлық сулардың қүрамында еритін заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады.
Судагы химиялың элементгердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының кұрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады
Судың түздылығы әдетте онда еріген химиялық жалпы мөлшерімен немесе қүрғақ қалдықпен апықталады.
Суды ластаушы заттар. Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластанулардың әр түрлі тізбекті реакцияға түсу арқылы журеді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералды тыңайтқыштар, химиялық улы заттар және т.б. жатады ( азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұомыстық қалдық, мұнай және мұнай өнімдері ).
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.
Су жүйелеріне жылулық ластану айтарлықтай зиян келтіреді. Ол ыстық су төгу немесе басқа да факторлардың әсерінен ьемператураның өзгеруі нәтижесінде орын алады.
Егіншілікпен айналысытын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мұндай кешендердің негізгі ластануы органикалық заттармен және азоттың әртүрлі қосылыстарымен, биологиялық агенттермен байланысты.
Судың жылулық ластануын да атап өтуге болмайды. Жылынгған сулардың негізгі көзі жылу және атомдық электростанциялар болып табылады. Осы және басқа да объектілерде суды салқындатқыш ретінде қолданады. Жылу электростанцияларында әрбір миллион киловатт энергияны алу 1,5-2 км2 суды жылыту арқылы журеді. Ал атом электростанцияларында жылынган судың көлемі алынатын энергия бірлігіне шаққанда 2—3 есе көп. Жылытылған сулар арнайы салқындатқыштарда салқындатылып, қайтадан өндірістік процестерде пайдалануы керек. Бірақ, жылы сулардың айтарлықтай мөлшері су қоймаларына төгіліп, олардың жылулық ластануын туғызады.
Сулардың негізгі ластануы көбінесе олардың су обьектілерінен тыс су жинағыш бассейндерде, айналымның бұзылуы нәтижесінде орын алады. Мүндай құбылыстар табиғи экожүйелердің (әсіресе орманды және батпақты) қайта құрылуы немесе бұзылуына байланысты.
Суды пайдалануға оны қалдықтар мен қоқыстардан, соның ішінде улы және радиоактивті элементтерден құтылу үшін қолдану жатады. Мүндай қалдықтар суға контейнерлерде тасталса да, олар мәңгілік, уақыт өте келе бұзылады да, ішіндегі заттар суға түседі.
Орманды тасымалдауда пайдаланылатын өзендер, әсіресе солтүстік, ағызу кезінде бататын ағаштың ыдырау өнімдерімен ластанады. Көптеген осындай мақсатта пайдаланылатын өзендерде бірнеше қабат ағаштар болады. Олар фенолдар, лигниндер және т.б. органикалық заттардың көзі болып табылады.
Айтарлықтай теріс экологиялық нәтижелер су қоймаларына байланысты болады. Олар да биодеградацияга ұшырайтын немесе нашар ұшырайтын зат-тардың қоймасы болып табылады. Көптеген су қоймаларының түбінде ауыр металдар, радиоактивті элементтер шоғырланған. Олар әдетте метан мен басқа да шіру өнімдерінің тузілу көзі болып табылады. Мұндай су қоймаларының суының деңгейінің төмендеуі ауаның және шекаралас жатқан территориялардың да ластануына әкеледі.
Мұнан да ауқымды мәселелер су қоймасын жою кезінде туындауы мүмкін. Себебі әрбір, тіпті ең ірі су қоймасының өзі ерте ме, кеш пе өзінің су резервуары немесе гидроэнергия көзі ретіндегі маңызын жояды.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
- биологиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бұлдіретіндер;
- химиялық ластану: жылу-қызу,электромагнитті өріс, радиактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады.
Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температуралар әртүрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталды.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері – тазартылмаған ағын сулырды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
- тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
- онеркәсіп орындары;
- ауыл шаруашылығын химияландыру;
- халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылытын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар ( ерімейтін, коллойдты, ерйтіндер), лас сулар ( минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық ) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42%-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулармен, синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, таплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкметі кезінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ашық озен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Негізгі ластаушы көздері мыналар:
- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
- химиялық заттар және тыңайтқыштар;
- тұрмыстық қалдықтар;
- жер асты суымен жалғанатын құбырлар;
- ірі құрылыс учаскелері;
- сүзгі алаңдар, бұрғы-скважиналар болып табылады.
Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Өзендердің ішінде Ертіс су алабы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыл металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле-Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар-ауыр метеллдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқаш мыс» өндірістік бірлестігі, «Балқаш балық өнеркәсібі», «Сарышаған ракета полигондары», т.б. кен рудаларын байыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортанғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары «Ақдала, Шарын массивтері» және Шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылуына байланысты сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасмалдау, Қапшағай су қоймасы Қытай жерінде судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды ұшықтыра түсуде [41].
Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі,Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептеледі. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.
Қорытынды
Қазіргі кезде әрбір елдің басты проблемасы өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл пребламаны шешіу жолдары өнімді жеткілікті көлемде өсірумен қатар оны ұтымды пайдаланып, шығындарын азайту. Көп шығынсыз жыл бойына өніммен қамтамасыз ету үшін қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу. Сондықтан да қайта өңдеген консервілерді пайдалану тиімді, әрі қолайлы.
Стандартқа сай құндылықтары да адам ағзасына пайдалы, керекті дәрумендерге бай.
Қызанақтың құрамында С дәрумені 140-940 мг, каротин 120 мгдейін болады. Сонымен қатар қызанақ құрамында 0,39 мг Е0,08 мг В және 0,53 мг РР дәрумендері бар. Қызанақты осы дәрумендерінің пайдалығы жоғары болғандықтан оны медицина саласына көптеп пайдаланады.
- 2013-жылы жоғарғы өнімділікті N100P80K120 варианты көрсетті, бұл жағдай, бақылау вариантындағы тыңайтқыш салынбаған өнімнен басым болды, 14,9 т/га. Зерттеу жүргізілген жылдары N100P80K120 варианты басқа варианттармен салыстырғанда өнімді мол берді. Бұл варианттардың өнімділігі (2011-2013 жылдардың орташа көрсеткіштері) бақылаудан 9,8-13,9 т/га, немесе 43,7-62% басып озды.
- Әртүрлі мөлшердегі минералдық тыңайтқыштарды қолданған жекелеген варианттарда, зерттелген жылдардағы қызанақтың бойы орташа есеппен алғанда бірдей болмады және төмендеу мөлшерінің көрсеткіштері былайша көрсетілді: минералдық тыңайтқыштарды салмаған кезде (бақылау) – 40см., N60P60K90 – 50 см., N100P80K120 – 53 см., N120P100K160 – 57 см. болды. Сонымен өсімдіктің бойы, белгілі бір мөлшердегі минералдық тыңайтқыштарды әртүрлі нормамен беруге және қоршаған ортаның факторларының әсеріне байланысты болады екен
- Қызанақ жемістерін өнеркәсіптік жолмен өңдегенде құрамындағы қанттың маңызы зор болады, олар дайын өнімнің шығуын жоғарылатып оның сапасын жақсартады. Зерттеу кезінде редукциялайтын қанттың мөлшерін анықтадық (глюкоза және фруктоза), себебі, қызанақтағы сахароза мөлшері өте аз болады. Алынған анализ мәліметтерінен көрінгеніндей, жемістегі қант мөлшері, құрғақ заттардың мөлшеріне тікелей байланысты болады екен. Жемістеріндегі қанттың мөлшері бойынша N100P80K120 варианты ерекше көрінді, бұл варианттағы қант мөлшері жоғарғы көрсеткішті көрсетті және 3,22-ні құрады. Қолданылып отырған минералдық тыңайтқыштардың мөлшерін N120P100K160 –қа көтеру, олардың биохимиялық көрсеткіштерін жақсартпады, және керісінше, бұл мөлшерлер төмендеп кетті. Қызанақ жемісінің дәмдік сапалылығының негізгі көрсеткіші құрамындағы титрленген қышқылдың мөлшерін алма қышқылына есептегенде көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- А.Ө.Өтешқалиев. Көкөніс өсіру технологиясы // Алматы, «Білім» баспасы, 2008ж. 192 б.
- А.Ө.Өтешқалиев. Қызанақ, пияз, сарымсақ дақылдары және олардың емдік, тағамдық қасиеттері //Алматы «Білім» баспасы 2007ж. 96б.
- В.Н.Бочаров, Г.Ф.Соколова. Минеральное питание растений огурца и томата при капельном орошении // Астраханская область, г. Камызяк, ГНУ ВНИИОБ 1995г. 65с.
- Справочник по применению гербицидов // Россельхозиздат М. 1994г.
- И.Т.Васильченко, О.А. Пидотти. Определитель сорных растений районов орошаемого земледелия // Л. 1995г. 158с.
- Г.Т. Каплина. Рассадные овощные культуры // Кайнар. Алма-ата 1996г. 56-64с.
- Ю.Н. Гештовт. Применение гербицидов - на научную основу // Ж.Защита растений в Казахстане №2 1997г. 25с.
- А.М. Гулидов. Для борьбы с засоренностью посевов - система мероприятий // Ж. Защита растений №4 1998г. 12с
- И.Ш.Сулейменова, Ж.К.Еспергенов, К.Н. Уразымбетова. Экологические и экономические критерии применения гербицидов В сб. Материалы научной конференции Каз.СХИ // А-Ата 1997 г.112-14с.
- Г.А. Чесалин. Сорные растения и борьба с ними // М. 1995г. 140с
- А.К.Курбанов, Ш.У. Жарасов. Рекомендации по химической прополке на посевах сельскохозяйственных культур в условиях Талды-Курганской области // г. Талды-Курган 1999г. 16с.
- М.С.Баранов, З.В.Жуховицкая. Агротехника и гербициды против сорняков // А-Ата 1998 г. 55-64с.
- И.Т. Васильченко. Определитель сорных растений // Колос 1999 г. 203-214с.
- Н.В.Курганская, Л.И. Романова. Томат // Алматы, Алейрон 2006 г.35с.
- Т.Е.Айтбаев, Н.С. Искаков и др. Защита томата и огурца от вредителей, болезней и сорняков на Юго-востоке Казахстана (рекомендации) // Алматы Өнер 2009г. 20с.
- Иллюстрированный определитель растений Казахстана. Т- I, II, III // Алма-Ата. «Наука», 1999г. 198с.
- С.Е.Петров, Е.П. Петров. Структура рассадного и посевного томата на юге Казахстана // Вестник с.-х. науки Казахстана, №10 2006г. 13 – 14 с.
- С.Е.Петров, Е.П. Петров. Сортоиспытание томата // Вестник с.-х. науки Казахстана, №7 2006г. 12 – 13 с.
- Н.Можаев , Қ.К. Әрінов т.б. Өсімдік шаруашылығы // Ақмола 2011ж.
- Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша ауыл шауашылығын жүргізуге арналған ұсыныс // Алматы «Қайнар», 2005ж.102-105бет.
- Н. Сейітов, Т. Саудабаев, Ш.Әбдірайымов. Агрономия негіздері // Алматы 1991ж. 32-33бет.
- Р.Елешев, Т.Смағұлов, Ә.Балғабаев. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі // Алматы 2000ж. 88-95бет.
- А.Ф.Наместников. Консервирование плодов и овощей в колхозах и совхозов // М. 1983г. 56-61с.
- Ж.С.Жүргенов. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру,сақтау және өңдеу технологиясы // Алматы 2009ж. 65-69бет.
- Е.П. Ширков. Технология хранения и переработки плодов и овощей // Колос 2000г. 35-42с.
- К.К.Арынов және т.б. Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және өңдеу. Ш. Қ. Мұқатова, Қ. М. Мұсанов. Өсімдік шаруашылығы өнімін сақтау және өңдеу технологиясының практикумы // Ақмола 2002ж. 30-35бет.
- В.А.Гудовский. Жемістерді ұзақ уақыт сақтау // Алматы "Қайнар" 1978ж. 172-179бет.
- Қ.Күзембаев, Т.Құлжанов, Г.Күзембаева. Азық -түлік өнімдерін тану // Алматы 2006ж. 100-110бет.
- Г.П.Илюхин, С.К Иманқұлова, Г.Н.Рябинина, Қ.Б.Бақтыбаев. Қазақстан жағдайында Қызанақ, жемістер мен көкөністер дайындау және қайта өңдеу туралы оқу құралы (сынам басылым) // Астана 2003ж. 172-177бет.
- М.Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы // Қызылорда 2007ж. 46-58 бет.
- Агрономия негіздері // Астана Фолиакт 2007г. 125бет.
- А.Ө Өтешқалиев. Қызанақ, қияр, пияз дақылдары және олардың емдік тағамдық қасиеттері // Алматы Білім 2007г. 356бет.
- А.Ө Өтешқалиев. Көкөніс өндіру технологиясы // Алматы Білім 2008г. 125бет.
- Ж.Қалекенұлы. Өсімдіктер физиологиясы // Алматы 2004г. 145бет.
- К.Аяпов, О.Үкібасов, М.Есеналиева. Жеміс, көкөніс шаруашылығы // Астана 2009ж. 124-129бет.
- Н.Щепетков, М.Ысқақов. Жеміс-көкөніс шаруашылығы // Алматы 2011ж. 169-175бет.
- Т.Ж Омарова. Көкөніс тағамдары // Алматы Қайнар 2001ж. 46-49бет.
- Т.Н.Нұрғасенов, Ә.Н. Қалиев, С.Е. Сүлейменова, С.С. Асұанбаев. Өсімдіктер селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері // Астана 2007ж. 154-159бет.
- Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов, Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш. Жаңабаева. Егіншілік // Алматы 2005ж. 85-87бет.
- П.П. Вавилов, В.В.Гриценко, В.С.Кузнецов. Практикум по растениеводству // М. Колос 1995г. 352с.
- Концепция экологической безопасности республики Казахстан // Казахстанская правда от 10.12. 2007г. 7-8с.
Жарияланған-2023-12-05 11:43:33 Қаралды-259
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы