МАЛДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРМЕН УЛАНУЫ
Мал организміне жемшөппен, сумен т. б. бірге түскен химиялық қосындылар знянды әсерін тигізеді.
МАЛДЫҢ ЗООКУМАРИНМЕН УЛАНУЫ
Шошқа комплекстерінде кеміргіштерді жою шараларын жүргізгенде зоокумарин (кумарин қышқылының құрғақ тотығы) араластырылған улы жем шашылады.
Зоокумарин - сұр түсті ұнтақ, иіссіз, дәмсіз, ол суда нашар, ал спиртте, ацетонда және әлсіз сілті қышқылында жақсы ериді. Оның 4-8 мг/кг мөлшері егеуқұйрықты өлтіре алады. Бұл улы дәрмек үй жануарларына да қауіпті. Мәселен оның 1-2 мг/кг мөлшері шошқаны, 6 мг/кг мөлшері итті, 60 мг/кг мөлшері мысықты, 500 мг/кг мөлшері тауықты қырып тастайды. Дәрмектің улы әсері бірнеше жыл, ал еліктіргіш жемде 6 ай бойы сақталады.
Әсер ету жолдары. Зоокумарин малдың ас қорыту жүйесін, бауырдың қан ұйыту қабілетін бұзады. К витаминінің сіңуін тежеп, қан тамырларының ішкі жағын қабындырады. Қан тамырларынан шығып, ірі-ірі қанды ісіктер пайда болады. Қан кетуге әкеп соқтырады.
Малдың улану белгілері. Танаудан, тік ішектен және қынаптан қан кете бастайды. Алғашында мал денесінің қызуы қалыпты болғанымен өлер алдында төмендейді. Мал біртіндеп әлсірей береді.
Өлекседегі өзгерістер. Мал өлексесін сойып қарағанда етінің бозарғаны байқалады. Қан көп кеткендіктен көлемі мен пішіні әр түрлі қанды ісіктер тері астын ғана емес, бүкіл шажырқайды, бұлшық еттер мен сірі қабықтарды жайлап алады. Жүрек бұлшық еті босап іріп, қарақошқыл қанға толып кетеді.
Улануды анықтау. Ол клиникалық, химиялық-аналитикалық (ас қорыту жүйесі мен бауырдағы өзгерістер) зерттеулер нәтижесіне қарай жиналған мәліметтер негізінде анықталады.
Улануды нақты анықтау. Шошқалардың кумарин тобына жататын ратицидпен уланғанын шошқа обасы тұрғысынан зерттеп анықтау керек.
Емі. Ратицидтермен уланған жағдайда оған қарсы қолданылатын ең басты дәрі - К витамині. Оны бұлшық етке 1-2 мг/кг мөлшерінде егеді (шошқаларға, ет қоректі жыртқыш аңдар мен сиырға 100-250 мг/кг мөлшерінде бірнеше рет егіледі). Мал түгелдей сауығып кеткенге дейін оларға ешқандай хирургиялық операция жасалмайды және қан алынбайды.
Сақтандыру шаралары. Еліктіргіш улы жемді дұрыс шашу және оны шашу кезінде өзің де сақ болуың керек. Уланып өлген тышқандар өлімтігін уақтылы жинап, құртып отыру қажет.
Мал дәрігерлік-санитарлық шаралар зоокумаринмен уланып өлген малдың, кеміргіштердің терісі мен ішкі органдарын техникалық жолмен зарарсыздандырып, жойып жібереді.
МАЛДЫҢ ГЛИФТОРМЕН УЛАНУЫ
Глифтормен мал дала тышқандарын қыру мақсатымен далаға улы еліктіргіш жем шашқан кезде уланады. Мұнымен негізінен мал өрісте уланып қалады. Глифтор улы әсері бар фторлы-органикалық зооцидтерге жатады. Оның құрамындағы пестицид суда, спиртте және эфирде жақсы еритін көкшіл түсті сұйық зат.
Әсер ету жолдары. Глифтордың әсерінен фермент құбылысы тежеліп, Кребс циклының қалпына келтіру-қышқылдандыру процесі бұзылады.
Малдың улану белгілері. Мал уланғанда ол селқос тартады, жемшөптен қалады. Айналасындағы түрлі дыбысты елең етпейді, терісінің сезімталдығы әлсірейді. Денесінің қызуы, тамыр соғуы, тыныс алуы қалыпты күйінен өзгермейді.
Өлекседегі өзгерістер. Организміне уыты орташа глифтор түскен малдың ішек-қарнының жұқа қабықтарының шірігені және бауырдың сүзгілік қабілетінен айырылып, ірігені байқалады.
Улануды анықтау. Ол ас қорыту жүйесіндегі бұлшық ет пен бауырдағы өзгерістерді клиникалық және лабораториялық жолмен зерттеулер негізінде анықталады. Мал организмі мен ішкі органдарындағы глифторды анықтаудың методикалық жолы бар. Уланудың бұл түріне клиникалық белгілер мен өлекседегі өзгерістер онша тән емес.
Емі - әлі анықталмаған. Бірқатар ғылыми зерттеулерге қарағанда уланудың алғашқы кезеңінде оның уытын этанолдың ғана қайтаруы мүмкін.
Сақтандыру шаралары. Егістікке глифтор шашқан жағдайда ол жерге мал жаюға тыйым салыиады.
Мал дәрігерлік-санитарлық шаралар. Мал организмінде глифтордың уыты қалғаны анықіалған жағдайда оның етін жеуге рұқсат етілмейді.
МАЛДЫҢ ФТОРМЕН (ФЛЮОРОЗБЕН) УЛАНУЫ
Химия кәсіпорындарының қалдықтары төгілетін аудандарда созылмалы ауру түрінде жиі кездеседі. Фтордың уыты тіпті ондаған километрге дейін жетеді. Өйткені ол өткір иісті улы (газ) элемент.
Фтор сыртқы ортада еруі жеңіл және еруі қиын түрде кездесе береді. Ол көп жағдайда шөп пен суға өндірістік газ, түтін, шаң-тозаң арқылы түсіп, одан әрі жем мен азық арқылы мал мен адамның организміне жетеді.
Әсер ету жолдары. Организмге ауа арқылы түскен фтор тозаңы асқазанға ыс болып жиналады. Содан соң бірқатары сүйек пен тіске тұтылып, бірқатары бауырға өтеді. Флюорозға ұшыраған тістің жылтыр қабығы тоттанып түсіп, сарғайып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар сүйектер ісіп, шіріп, жұқарып тканьдері сирейді де қатая түседі. Фтор организмде неғұрлым көп болса малдың зат алмасуын да солғұрлым бұзып, кейбір ферменттік жүйелерді зақымдайды да, нашар еритін кальцийлі қосылыс түзеді. Қатты уланған жағдайда фтор (фторлы сутегі) ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп, зақымдайды.
Малдың улану белгілері. Тіс жара бастаған жас бұзау, жас қозы фтормен зарарланса сақайғаннан кейін оның тістері бұзылады. Тістің қос жігі тұсында, ақшыл-сары, қара-қоңыр дақтар мен тарғыл жолақтар пайда болады, ауру асқына түскен жағдайда мүлде қарайып кетеді. Мал оттаудан қалады да бұзау-таналар дұрыс өсіп-жетілмейді, ал сауын сиырдың сүті азайып кетеді.
Өлекседегі өзгерістер. Сиыр мен қойдың созылмалы улануға ұшырағанын оның қоңынан білуге болады. Егер өлексе қоңы орташа не орташадан да төмен болса оның фтормен уланғаны деп білу керек. Тістері қира-қира егеліп, қоңыр не қара дақтар мен жолақтар түскенін, эмалі ұша бастағанын байқау қиын емес. Бақай, тұяқ сүйектері тым жуандап, сүйек терісі, әсіресе ұзын сүйектердің қуысты бөлігі тұсындағы тканьдері дұрыс өспей қалған. Кей жағдайда жіліктері тым жуан болады. Бұл нерв жүйесінің бұзылғандығын көрсетеді. Жақ сүйегі, қабырға сүйектері де көбіне қалыңдап кетеді.
Улануды анықтау. Жемшөп құрамындағы фтор мөлшеріне, ішкі органдардағы (бауыр, жүрек) білеуленген таңбалардың санына, клиникалық, химиялық зерттеулер нәтижесіне қарай анықталады. Мал созылмалы улану ауруына шалдыққанда негізінен олардың сүйектері (бақай, тұяқ, қабырға) мен зәріне тексеру жүргізіледі. Өнеркәсіп қалдықтары тегілген аудандарда түрлі шөптер мен су да зерттеледі.
Улануды нақты анықтау үшін фтормен созылмалы улану белгілерін - сүйек ісігін тексеру керек (флюороз кезіндегімен салыстырғанда мұнда фтор мөлшері 5 есе аз болады).
Емі. Удың уытын қайтаруға кальций қолданылады. Фтормен ауырған ірі қараға 200-300 мл мөлшерінде 10 проценттік хлорлы кальций ерітіндісін тамырға құяды. Сонымен қатар асқазанын бір проценттік хлорлы кальциймен немесе әк ерітілген сумен (күйіс қайтаратын ірі қараға 1-2 л, жас бұзау-танаға 100-200 мл мөлшерінде) жуып, тазартуға болады.
Фтормен созылмалы уланған сақа ірі қараны 50-100 г фосфатты кальциймен емдейді. Сол сияқты А, Д, С витаминдерін беріп, уыт жеңілдеткіш тұз ерітіндісімен және жүрекке, т. б. органдарға тән дәрмектермен емдеуге болады.
Сақтандыру шаралары. Малды өнеркәсіптік флюорозбен уланудан сақтандыру үшін заводтардың тазалағыш аспаптармен жабдықталуы керек. Фтормен зарарланған өрістерде малды 1-2 айдан артық жаюға тыйым салынады. Заводтар маңына сауын сиырлардың орнына бордақыланған ірі қара немесе жалпы күйіс қайтаратын мал орнына шошқа мен құс жайған дұрыс. Малды созылмалы флюороздан сақтандыру үшін оның жемшөбіне кальцпй фосфатын қосып беру керек.
МАЛДЫҢ ҚОРҒАСЫН ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУЫ
Малдың қорғасынмен улануының тұрақты бір белгілері жоқ, болғанда да өте баяу білінеді. Қорғасын уына әсіресе сиыр төзімсіз келеді.
Қорғасын ацетаты (сірке қышқылды қорғасын) - түссіз, мөлдір, иіссіз кристалдар. Суда, әсіресе қайнаған суда (1:0,75), глицеринде жақсы ериді де спиртте ерімейді.
Қорғасын карбонаты (көмір қышқылды қорғасын) - суда өте нашар еритін ақ түсті ұнтақ зат. Бұл негізінен, қорғасын түсті ақ бояу дайындау үшін қолданылады.
Қорғасын нитраты (азот қышқылды қорғасын) - суда жақсы еритін түссіз немесе ақ түсті кристалдар. Бұл техниканы жылтыратып бояуға, баспахана ісіне, сіріңке өндірісіне қолданылады.
Қорғасын тотығы (глет) - сары не қызыл түсті кристалдар, суда онша ерімейді, өткір иісті сілтінің ыстық ерітіндісінде, азот пен сірке қышқылдарында жақсы ериді. Бұл сары бояудың негізі болып табылады.
Қорғасын ортоплюмбаты (қорғасын қызыл жосасы) - қызыл да ауыр кристалды ұнтақ, суда ерімейді, салқын сірке қышқылында ериді. Одан алынатын ашық қызыл бояу өзен және теңіз кемелерінің суға батып тұратын бөлігін сырлауға кең көлемде қолданылады.
Қорғасын хлориді (хлорлы қорғасын) - түссіз, майда, жалпақ ине немесе жібектей жылтылдаған жапырақ тәрізді, суда, әсіресе салқын суда нашар ериді. Спирт пен эфирде мүлде ерімейді.
Әсер ету жолдары. Денеге сіңген қорғасын бауырда, талақта, бүйректерде т. б. органдарда көп тұрақтамайды. Қорғасын зақымданбаған теріден өте алмайды, тек майда ерігіш тетраэтил - қорғасын ғана денеге оңай сіңеді. Мал үшін әсіресе ауадағы бу мен тозаң аса кауіпті. Өііткені тыныс алу мүшелерімен ауа жұтқан кезде ішкі органдарға өте тез енеді.
Организмге енгеннен кейін ол дененің негізгі мүшелері мен тканьдеріне орнығып алады. Қорғасынның көп мөлшері бүйрек пен бауыр қабығының қыртысында, сүйектерде, өкпе мен талақта кездеседі, жүйке тканьдерінде әлдеқайда аз болады, ал бұлшық еттерде миллиграмның оннан бір мөлшеріндей дәрежеде ғана кездеседі. Қорғасын өте баяу бөліне отырып, мал денесінде ұзақ уақыт сақталады. Сонымен қатар ол клеткадағы тотығу-қалпына келу процесінің бұзылуына әкеп соқтырады. Ағзасына қорғасын енген малдың жұқпалы ауруларға төзімділігі барынша әлсірейді.
Малдың улану белгілері. Неғұрлым қаттырақ уланған жағдайда малдың буындары қалтырап, дірілдейді, артқа қарай шегінсе шиырлап айнала береді, көп мөңірейді, акырында құлайды. Мұндай өршу кезеңі 20-30 минутқа созылып, талықсып барып өледі.
Ауруға шалдыққаннан кейінгі 1-3 күнде улану дәрежесі барынша күшейеді. Мал бірден селсоқ тартып, жемшөпке заукы соқпайды, сілекейі қатты шұбырып, іші сирек өтеді, тынысы тарылады. Олар төрт тағандап немесе артқы тілерсектері шалысып тұрады. Содан кейін қайткенде де тек ілгері жүргісі келеді де тұрады. Жалған күйсеп, тісін шықырлатады, дұрыс көрмей, ақыры көзден қалады.
Қорғасынмен созылмалы түрде уланғанда айқын белгілері білінбейді. Белгілерінің білінуі қорғасынның мөлшеріне және оның мал организміне қай уақыттан бері түскеніне байланысты мәселе. Негізгі белгісі бірте-бірте талықсу, қатты арықтау болып табылады. Ауру біртіндеп меңдейді, малдың буындары ісінеді, ақсайды, аузының кілегейлі қабығы қабынады, түгі қара болса да сұрғылт тартып, тісіне қара дақтар түседі.
Қой да қорғасынмен ірі қара секілді қатты уланады. Бірақ ол көп мазасызданбайды.
Өлекседегі өзгерістер. Қорғасынмен өте қатты уланғаи жағдайда көп өзгерістер көріне қоймайды. Малдың арықтағаны байқалады. Ұлтабардың кілегейлі қабығы мен тік ішектерді кан кернеп, ісініп, кабынып, ойдым-ойдым қан кеткені, шірігені көрінеді. Бауырдың іріп, сарғайғанын, кейде бауыр қабының ішіне де қан құйылғанын көруге болады.
Улану жіті және созылмалы түрде өткен жағдайда ішек-қарын жүйесі ғана қатты өзгеріске ұшырайды. Әсіресе бауыр өте сарғайып, кейде тіпті семіп қалады.
Улануды анықтау. Малдың қорғасынмен жіті не созылмалы түрде уланғанын тек клиникалық белгілері бойынша не мал өлексесіндегі өзгерістеріне қарай дәл анықтау өте қиын. Бұл жерде малдың тірі кезіндегі қан түйіршіктерін лабораториялық жолмен зерттеген материалдарды пайдаланған дұрыс. Сол сияқты химиялық уыттылық зерттеу нәтижелері де үлкен роль атқарады. Ауру малдың қанын, егер құсқан болса кұсығына дейін лабораторияға жөнелтіп отыру керек. Егер сиыр мен жылқының қан құрамындағы қорғасын шамасы қалыпты мөлшерде (0,5-0,25 мг/кг) болса, малдың дер кезінде емделіп, жазылуы үшін оны лабораторияға 4-6 есе көбейтіп көрсеткен жөн. Бүйрек қабындағы қорғасын мөлшері 25 мг/кг, ал бауырда 10 мг/кг және одан көп болса, малдың қорғасынмен уланғаны деп білу керек.
Емі. Өте қатты уланған малды емдегеннен пайда жоқ. Қатты уланғанда, қорғасын әлі де орныға қоймаса, малға активтендірілген көмір, тұз басалқылары (әуелі магний немесе натрий тұзының 200-500 грамы, одан бірнеше күннен кейін 100-200 грамы) беріледі. Ал тамырға құю үшін кальцийдің бор және глюконат қоспасын пайдаланған жөн. Мұндайда кальций және натрий тұзы (ЭДТА) қоспасының емдік әсері жақсырақ болады. Оны мал тамырына тірілей салмағының әр килограмына 10-50 мг мөлшерде 20 проценттік глюкоза ерітіндісіне араластырып алғашқы күні 4-5 сағат, келесі күндері 6-7 сағат тамшылатып құяды.
Уланған малға мал дәрігерлік көмек көрсету үшін еріген қорғасын тұздарын асқазанда еруі қиын хлоридке айналдыруға күш салу керек. Асқазанды жуып болған соң натрий немесе магний тұзын берген жөн.
Мал қорғасынмен созылмалы уланған жағдайда оны йодты калиймен емдейді. Бірақ малдың жалпы денсаулығын білмей емдеу өкінішке әкеп ұрындырады. Өйткені йодты дәрілерді бүйрегі қабынып жүрген малға мүлде беруге болмайды.
Сақтандыру шаралары. Мал қораларына темір қондырғылар (темір шетендер, бағандар т. б.) қойғанда оларды құрамында қорғасыны бар бояулармен бояуға рұқсат етілмейді. Автомобильдер өте көп жүретін тас жолдар бойына немесе қорғасын өңдейтін кәсіпорындарға жақын жердегі фермалардың мал азығын мезгіл-мезгіл химиялық тексеруден өткізіп тұру керек. Ал қорғасынмен немесе оның қоспаларымен ластанған жемшөппен мал азықтандыруға қатаң тыйым салынады.
МАЛДЫҢ НИТРАТПЕН УЛАНУЫ
Азот қышқылының тұзы немесе нитраттар медицинада да, мал дәрігерлігінде де кең түрде қолданылады. Өндірістік азот қышқылы мен азотты нитраттар ірі қара мен шошқаның улануына талай рет себепкер де болды. Бұл қоспалар сұлы мен жүгері, сорго мен қара бидай, арпа мен бидай, күнбағыс пен қант қызылшасы, арам шөптер, шытыр мен алабота құрамында көптеп жиналып, малды уландыра алады.
Малдың улану себептері. Жемшөп құрамындағы нитраттар малдың ас қорыту органдарына түскеннен кейін аса улы зат - нитритке айналады. Сонымен қатар нитраттың сыртқы ортаның өзінде де нитритке айналуы мүмкін. Мәселен, қайнатылған қант қызылшасының ұзақ уақыт салқындатылуы немесе тоңазытылуы, содан соң жібітілуі де нитриттің пайда болуына жол ашады. Өсімдіктердегі (жоңышка мен жүгерідегі т. б.) нитраттар ауадағы ылғал мен оттегінің шамадан тыс көп болуына орай да нитритке айнала береді.
Әсер ету жолдары. Өсімдіктегі нитраттар, әсіресе, күйіс қайтаратын мал үшін қауіпті. Өйткені олар жұтқыншақтың қарынға дейінгі бөлігінде күйіске түсетін шөптегі денитрофикациялық (азотты әдепкі қалпына келтіретін) бактериялардың көмегімен оп-оңай нитритке айнала алады. Сөйтіп қан құрамына, қызыл қан түйіршіктеріне әсер етіп, гемоглобин орнына метгемоглобин түзіледі. Нитраттың 750 мг/кг, ал нитриттің 150 мг/кг мөлшері мал организміне улы әсер етеді.
Малдың улану белгілері. Ас қорыту органдарына у түскеннен кейін бір сағаттан соң мал мазасызданып, аузынан сілекей шұбырады, шаншу қадалады, тыныс алуы жиілеп, тынысы тарылады (кейде тілін шығарып, аузын ашып дем алады), бұлшық еттері босап, әрең қозғалады. Ірі қара тісін шықырлатады, сілекейі ақ көбіктеніп ағады, тамыры жиі соғады, денесінің қызуы қалыпты не одан төмендейді. Ақыры талықсып барып өледі. Буаз мал іш тастайды.
Ірі қара қанында метгемоглобин мөлшері 50-60 процентке (нормасы 1-5%) жеткенде уланады. Ал метгемоглобин мөлшері 80% болғанда мал өледі.
Сонымен қатар малдың қоңы төмендейді, түгі түсіп, сүті азаяды немесе мүлде суалып кетеді. Нитраты өте көп немесе азот тыңайтқышы жұққан өсімдікпен азықтандырылған буаз мал жаппай іш тастайды және төлі жатырда өлген малдың тыныс алу мүшелері сіреспеге ұшырайды.
Нитраты өте көп жемшөппен уланған шошқалардың да улану белгілері осындай.
Өлекседегі өзгерістер. Өлексені бірнеше тәуліктен соң сойып қарағанда асқазанынан күйген мүйіз иісіндей болып азот тотығының иісі шығады. Сондай-ақ қанның түсі өзгеріп кетеді. Метгемоглобин мөлшері шамамен 30% болғанда қанның түсі қызғылт қоңыр тартса, ал 80% болғанда қан күңгірт қоңыр түске енеді. Ішкі органдардың (асқазан, ішек, өкпе т. б.) сірі қабықтары (мал өлексесін сойып, ішін жарып, бірнеше сағат жел қақтырғанда) сұрғылт қоңыр тартады.
Мал химиялық тыңайтқыштармен уланғанда оның қарны мен ащы ішегінің қабынғаны, кейде қарын және үлпершек маңындағы тканьдерден қанды ірің байқалады. Бауыр мен бүйрек сұрғылт қоңыр түске еніп, тым босап, жұмсарып кетеді.
Улануды анықтау жұмысы комплексті түрде жүргізіледі. Анықтау кезінде әлгі аталған белгілер ескеріледі. Ал нақты анықтау үшін метгемоглобпн мөлшерін, жемшөп құрамын, асқазан мен ішектегі заттарды химиялық жолмен тексереді. Метгемоглобинді анықтау үшін тамырдан қан алып, оны 1 : 20 қатынастан 1 : 50 қатынасқа дейінгі салыстырмалы мөлшерде тазартылған суға (гемолиз шығуы үшін) еріту керек. Бұл сұйық міндетті түрде тоңазытқышта сақталады.
Нитратты тез анықтау үшін дифениламин пайдаланылады. Нақты анықтау керек болса қашан да нитраттар мен нитриттердің жемшөп пен су құрамындағы мөлшерін білу керек.
Емі. Мал асқазанын дер кезінде жуып-шайып, активті көмір ұнтағы мен тұз бәсеңдеткішін береді. Уытқа қарсы күшті әсер ететін метилен (метанның екі сутегінсіз қалдығы) көгін қолданады. Лэул метгемоглобиннің юксигемрглобинге (удың уытын басқышқа) айналуына септігін тигізеді. Метплен көгі 5% жүзім қанты шырынына ерітілген 1% ерітінді күйінде мал тамырына құйылады. Сонымен қатар кофеин немесе қан айналысын жақсартатын өзге де дәрі-дәрмектерді берсе малдың жағдайы 10-15 минуттан кейін жақсарады.
Сақтандыру шаралары. Мал азығы мен суға азот тыңайтқышының түспеуін қатты қадағалау керек. Осы тыңайтқыштар шашылған шабындықтар мен жайылымдықтарға малды жауын жауғаннан кейін ғана жаюға болады. Нитраттары бар суармалы жерлерде өскен шөптерді ол суарылғаннан кейін 14 күн өткен соң ғана мал азығы ретінде пайдалануға болады. Құрамынға 5% нитраты бар пішенмен мал азықтандыруға рұқсат етілмейді.
Мал аурулары (құрастырған З.Қ. Қожабеков). -Алматы: 1989. -Б.344-349.
Жарияланған-2023-12-01 12:54:56 Қаралды-539
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина