UF

МАЛДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ

 

K I P I C П Е

Малды қолдан ұрықтандыру - мал тұқымын көбейтудегі әдістердің ең жетілген сатысы болып табылады. Оның негізі арнайы әдіспен аталық малдың ұрығын алып, оны сақтап және қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қолдан ұрықтандыру арқылы асыл тұқымды, жоғары сапалы аталық малдың қасиетін кең пайдалануға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру, малдарды жыныс арқылы тарайтын жұқпалы аурулардан сақтандыратын әдістіредің   бірден-бірі болып табылады. Қолдан ұрықтандыру әдісі биологиялық ғылымның ен үлкен көрнекті жетістігі.

Ауыл шаруашылық малдарын қолдан кашыру тарихы ертеден, 1899 жылы И.И.Ивановтың алғашқы.рет жылқыны қолдан қашыру әрекетінен бастау алды.

Қойды қолдан үрықтандыру әдісі Кеңес одағының кезінде, 1931 жылы кеңінен өндіріске ендірілді, Кәзіргі кезеңде, қолдан ұрықтандыру қой шаруашылығының негізгі әдісі болып қалыптасты.

Қойды қолдан ұрықтандыру арқылы жергілікті, өнімі төмен малдарды тез аралығында жоғары сапалы мал тұқымдарымен жақсартуға мүмкіндік туады.

Табиғи, қошқар мен саулықты өзара шағылыстыру әдісімен салыстырғанда, қолдан ұрықтандырудың ең басты артықшылығы , асыл тұқымды, жоғары сапалы өнім беретін әр қошқардан бірнеше есе көп төл алынады. Соның нәтижесінде асыл тұқымды қошқарға деген талап жоғарылайды, көп еркек малдың арасынан талапқа сай деген малды іріктеп алуға мүмкіндік арта түседі. Саулықтарды қашыратын қошқар саны азая түседі. Кошкардың табиғи тұрғыда бір койды қашырған ұрығымен, қолдан ұрықтандыру әдісімен 20-25 саулықты қашыруға болады. Қолдан үрықтандыру әдісін пайдалану барысында ұрықты сұйылтуға, оны сақтап және ұзақ жолға тасымалдауға болады. Бұл дегеніміз қашатын малдың топтасқан жерінің шалғайлығына қарамастан, атақты қошқардың  ұрығымен мыңдаған саулықтарды қолдан ұрықтандыруды мүмкін етеді.

Қолдан ұрықтандыру әдісінің артықшылығы, оның тиімділігі тек қана мал тұкымын асылдандыру жұмыстарын жоспарлы түрде жургізгенде, малды күту және толық кұнарлы азықпен азықтандырып, қолдан ұрықтандырушы
маман болып, қолдан ұрықтандыру пункгі қажетті аспаптармен толық жабдықталган жағдайда ғана өз нәтижесін береді.      

1 Қолдан ұрыктандыру пунктінің сипаттамасы

Қойды қолдан ұрықтандыру пунктінтде бірнеше бөлмелер болу керек: зертхана (лаборатория), манеж, қошқар қора, кой қоралар (ұрықталмаған және ұрықталған саулықтарға) жөне т.б. (1-сурет).

1.1 Манеждің кабырғалары және төбесі ақ сырмен сырналады.

Зертхана мен манеж жылы, қүрғақ, санитарлық талап-тарға сай болуға тиісті. ұрықтандырушы техниктің отыра-тын орнының тұсында, еденнен бір метр биіктікте көлемі бір шаршы метрлі терезе орнатылуы тиісті. Манеж бен зертханадағы ауанын температурасы, еденнен 0,5 м биік-тікте (жүмыс стелінің деңгейі), 18 -25 градус аралығында болуы шарт.

І.Қошқар қора.

  1. Зертхана       

2.1 – зертүстел 2.2 - қойды бекітетін жабдык.

  1. Қойды қолда ұрықтандыратын манеж  3.1- құрал-сайман үстелі       

 3.2- ұрықтандырушының үстелі  3.3- ұрықтандырушының  орны

 3.4- қойды бекітетін жабдық

3.5 - кемекшінің орны  3,6-пеш  3.7-духовка.

  1. ұрықталмаған саулықтар қорасы.
  2. ұрықталған саулықтар қорасы.
  1. Қойды  қолдан  ұрықтандыру пунктінің аумағы 16 шаршы метр (манеж), зертхана көлемі 8 шаршы метр, қой қораның әр қайсысы 18 шаршы метрден кем болмауға тиісті.
  2. Аталық қошқар тұратын орын жылы да құрғақ болуы керек. Сонымен қатар күйіттеуші қошқарлар тұратын және жемшөп сақтайтын қора салынады.
  3. Қалыпты пункттер, не соған лайықталған үйлер, мал дөрігерлік, санитарлық жөне зоотехникалық талаптарға сай болуы керек. Пункттің ішіне тиісті заттар: дәрі-дәрмек, жанар-жағар май, темекі және басқа сол сияқты заттарды жақындатуға болмайды.

1.5. Қойды қолдан ұрықтандыратын пункттер жарықпен, жылумен, құрал-аспаптармен және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиісті.

  1. Малды қолдан ұрықтандыру басталардан 10 күн бұрын  пункттің  іске  қосылуға  дайындығы тексеріліп, ұрықтандырушы маман, қошқарга қарайтын - қошқаршы, пункттің тазалығын сақтайтын - санитар т.б. пункттің ішін тазартып, отын жағып жылытып дайындық жұмыстарын
    жүргізеді.
  2. Қойды қолдан ұрықтандыру   науқаны   оңтүстікте қазан айының  15-20-ларында, ал теріскейде 25-30-шы жұлдыздарында бастаған дұрыс.

2. Мал дәрігерлік-санитарлық ереже

2.1. Қойды қолдан ұрықтандыратын пункттер сыртынан қоршалады, кіреберісіне кең етіп зарарсыздандыру ошағы орнатылады. Күнделікті ағаш ұнтағымен толақтап, 2-3% каустикалық сода ерітіндісін құйып дымқылдайды. Қойды ұрықтандырып болған соң станокты тазалап, манеждің еденімен қабырғаларын, 2-3% ыстық қос көмірқышқылды сода ерітіндісімен жуады.

  1. Құрал-саймандарды күнделікті ыстық (70°С) ерітіндімен зарарсыздандырады. Оның құрамы: 1% күйдіргіш натрии ертіндісі; 1,5% каустикал сода поташ қоспасының ертіндісі және 20% жаңадан   сөндірілген әктен тұрады. Дезинсектор ретінде 0,5-1,0% хлорофос ертіндісін пайдаланады.
  2. Қойды қолдан  ұрықтандыратын пункттерде  ұрықтандырушы маман және оның көмекшісі жұмыс істегенде үстіне ақ халат (жамылғы), басына бас киім (орамал), албасқа жүмысшылар - қара халат, аяқтарына резенке етік
    киеді. Етікті күнде жылы сумен жуып, 2 % каустикалық содамен зарарсыздандырады.
  3. Малдардан жұқпалы ауру шыққан жағдайда, мал дәрігер маманның нұсқауына сөйкес қойды қолдан  ұрықтандыру жұмыстары тоқтатылады.
  4. Орталықта, жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтан
    келген зертханалық ыдыстар арнайы болмеде зарарсыздандырылады. Жұмсақ кездемелер (мата, қағаз, мақта және басқалар) тез арада ортеніледі.

З. Қойды қолдан ұрықтандыру пунктіндегі маман және жұмысшылардың құқы мен міндеттері

3.1. Қойды қолдан ұрықтандырушы болып зоотехниктер, малдөрігерлер және арнайы үйымдастырылған дайындау курсынан өткен, тиісті куәлігі бар мамандар істейді.

3.2. Қойды қолдан үрықтандыратын пунктке ұрықтандырушы, тазалық сақтаушы-санитар, көмекші жүмысшылар, асыл түқымды мал өсіретін шаруашылықтарда мал есебін жүргізетін есепші бекітіледі.

3.3.  Қойды қолдан ұрықтандырушыға жүктелетін жұмыстар:

  • күйлеген саулықтарды уақтылы бөлу;
  • тұқымдық және күиеттеуші қошқарлардың бағылуы мен сапалы азықтандырылуын қадағалау;
  • тұқымдық қошқардан ұрық алу жөне оның сапасын анықтау;
  • саулықтарды ұрықтандыру;
  • пункттегі құрал аспаптармен жабдықтардың есебін жүргізу және олардың дүрыс сақталуын қадағалау;
  • ұрықтандырылған   саулықтардың   есебін   жүргізу жөне бекітілген қалыпта есеп беру.

Қойды қолдан ұрықтандырушы маман пунктке бекітілген саулықтардың сапалы және толық ұрықтандырылуына, пункттен өту кезінде малдәрігерлік-санитарлық ереженің мүлтіксіз орындалуына жауапты

3.4. Тазалық сақтаушы - санитардың міндеті:
- қой қашыру пункітінде тазалық сақтау;

-  халаттарды, орамалдарды, алжапқыштарды жуу;

- зертханалық   ыдысты,   құрал-саймандарды   және жабдықтарды жуу және зарарсыздандыру;

- пунтктті жылыту, от жағып су қайнату.

3.5.    Мал есебін  жүргізушінің мІндеті:

-  саулықтардың сырға номірін анықтап және оның белгілінген қошқармен ұрықтануын қадағалап оны кітапшаға түсіру;

- сырғасы түсіп қалған, не басқа бір себептермен жоқ болған жағдайда сырғасын жаңартып, есеп жүргізу.

3.6. Көмекші жұмысшылардың міндеттері:

-   кошқарларды белгіленген азық мөлшерімен азықтандыру жөне бекітілген күн тәртібімен күту;

  • жем-шөпті азықтандыруға дайындау;
  • күйіттеуші қошқарларды дайындау (күйек байлау);

-   күйлеген қойларды бөліп шығару, оларды қолдан ұрықтандыру үшін станокқа енгізу;

ұрықтық қошқарларды станокқа әкеліп - шығару және қойды қолдан ұрықтандырушы маманның басқа да тапсырмаларын орындау.

4. Тұқымдық қошкарларды күтіп-бағу (азықтандыру) және пайдалану

  1. Қошқарларды жыл бойы бөлек бағып оның  күтіміне ерекше мән беріледі.
  2. Пунктке пайдалануға дайындық кезінде тұқымдық қошқарлардың қоңын орташа қоңдылыққа жеткізеді, себебі жоғары қоңды (семіз) не төмен қоңды (арық) қошқарлардың үрығының сапасы нашар (төмен) болады.

Қой қашыру мерзімінде үрықтық қошқардың азығы бір қалыпты, жоғары сапалы болуы керек. Азықтың сапасы, не мелшері өзгеретін болса ұрықтың сапасына нұқсан келтіруі мүмкін. Азықтық құрамында (рацион) жоғары сапалы шөп, қүнарлы жем (күніне 1 кг-ға дейін) және шырынды азық: қызылша, асқабақ, сәбіз т.с.с.болуы керек.

4.3. Ұрықтық қошқардың   күйі мен тұқымдық қасиеті жоғары болу үшін, оның әр 100 кг. салмағына шаққанда, күнделікті қабылдайтын жем-шөбінің құнарлығы 1,8-2,0 азықтык, өлшемде болуы шарт.

4.4. Қойды қолдан ұрықтандыру науқанында, жайылымға қоса қалағанынша шөп жөне 0,8-1,0 кг құнарландырылған жем (сұлы, жарма, арпа, не жмых) беріледі.

4.5. Ұрықтық қошқарлар тұратын жер кебу болуы керек.  ұрықтық  қошқарлардың   күнделік  тәртібін   жергілікті жағдайға байланысты алдын ала бекітеді.

Асыл тұқымды қошқарларды күтудің оңтүстік өңіріне арналған күн тәртібі

5.00-6.00 - суару, құнарландырылған жем, шырынды азық беру.

6.00-8.00 - таңғы жайылымға шығару.

8.00-11.00 –ұрық алу.

11.00-13.00 - құнарлы жем жөне шырынды азықпен азықтандыру, күндізгі жусату.

13.00-16.00 - суару жөне жайылымға шығару.

16.00-18.00- ұрықалу.

18.00-19.00 - құнарландырылған жеммен азықтандыру.

Күйіттеуші қошқарларды ұрықтық қошқарларға бекітілген мөлшерде азықтандырылады.

5. Құрал-сайман, ыдыс-аяқ және жабдықтарды дайындау

5.1. Қойды қолдан үрықтандыру барысында пайдала-нылатын барлық қүрал-аспаптарды мүқият зарарсыздан-дырып таза сақталуы қажет. Ыдыстар, қүралдар, аспаптар 3% екі көмірқышқылды соданың 50-60 °С ерітіндісімен жуады, одан кейін дистиляттан өткен сумен шайылып автоклавта  сақталады. Зарарсыздандыру қайнату арқылы немесе ыстық ауамен буландыру арқылы жасалады.

Дайындау тәртібі:

жасанды қынап вазелиннен тазартылады, 3% екі көмірқышқыл сода немесе кір жуатын ұнтақ ерітіндімен жуып сумен шаяды. ал пайдаланар алдында 70° этил спиртіне салынған мақта тампонымен сүртіп, ішкі жағын зарарсыздандырылған вазелинмен майлайды.

шыны ыдыстарды, ұрыққабылдағышты, шприц-катетрді алдымен сумен шаяды, содан кейін 3% екі көмірқышқылды сода немесе кір жуатын үнтақ ерітіндісіне салып шайқайды, тағы да дистиляттан өткен сумен шайып, пергамент қағазына орайды, құрғатқыш шкафта бір сағат 180°С температурада зарарсыздандырылады немесе дис-тиляттан еткен суға салып 20 минут қайнатады. Суытып, су тамшыларын сілкіп, кептіреді. Одан кейін 1 проценттік хлорлы натрий ерітіндісімен кемінде 5 рет шаяды.

жуылған, металдан жасалған қынап айнасын, пинцеттерді қайнаған сумен шайып дәкемен сүртіп құрғатады. Пайдаланар алдында қынап айнасын 15-20 мин. қайнатады немесе түтінсіз жалынға ұстайды, артынан суытып 1% хлорлы натрий ерітіндісімен дымқылдайды.

  1. Бір проценттік хлорлы натрий ерітіндісін күніге 1 литр дистиляттан өткен суға Юг. хлорлы натрий қосып дайындайды. Ерітіндіні колбаға құйып, мақтамен тығындап, қайнағанша ысытады.
  2. Сода ерітіндісін 1 литр 50-60°С температурадағы суға 30 г қоскөмір қышқылын ерітіп дайындайды.

5.4. 70 градустық этил спиртын дайындау үшін 73 мл. 96 градустық спиртке 27 мл. қайнатылған, сүзілген таза су қосады. Дұрыс дайындалғанын спиртомермен тексереді.

5.5.  Дымқыл мақта тампонын (көлемі 3-5 см), су тартқыш мақтадан жасайды. 70 градустық спиртке малып, сығып, қақпағы тығыз жабылатын шыны банкіде сақтайды.

6. Аталық қошқарлардан ұрық алу, бағалау және (іске асыру) қолдану технологиясы

6.1. Қошқарларды жасаңды жатын қабына секіртіп үйрету.

  1. Ұрық алуға жүқпалы аурулардан таза, дені сау асыл  түқымды қошқарлар  таңдап   алынады.   Оларды жасанды жатынға ұрық беруге шағылыс басталардан екі ай бұрын үйретіледі. Жөйбасар, үркек қошқарларды бөлектеп,
    олардың қасына пысық қошқарларға алжапқыш байлап қойға қосады. Қойға секіруге ниеттенген үркек (жәйбасар) қошқарларға күйлеген қойға секіртіп табиғи шағылыстыруға мүмкіндік беріледі.  Сосын шағылыс бекетінін,
    ішінде күйлеген қойды арнайы қондырғы бекітіп қойып бір-екі рет адамдардың қатысуынсыз жөне ертесіне адамныңқатысуымен қойға секіруге мүмкіндік береді.
  2. Жас қошқарларды 15 айлығынан ұрық беруге үйрете бастайды, себебі 18 айлығында олар сақа қошқарлармен пара-пар пайдалануға мүмкіндік: туғызады.
  3. Ұрық алуға алғаш үйретерде арнайы қондырғыға бекітілген күйлеген койды пайдаланады, ал әбден үйреніп, дағдыланғаннан кейін күйлемеген қойды немесе ісекті де қолдануға болады.

6.1.4. Шағылыстыру   кезінде   күн   сайын   жасы  үлкен қошқарлардан 3 per, ал жас қошкарлардан 2 per үрық алу дұрыс.

Қошқарлардан ұрық алғанда ұрық беріп жүрген қошқар мен үйретілетін қошқарлардан ұрықты кезекпен алғанның мәні зор.

Жасанды жатын (қорабын) дайындау

а)   резина түтікшенің ішкі қабырғасын 3% содалы ертіндімен жағылған вазелин т.б. заттарды толық жуу;

б) залалсыздандыру үшін түтікше арқылы 150-180 мл су құяды;

в) ұрық алардың алдында 96% спиртке малынған мақта түйіршігімен (тампон) түтікшенің ішкі қабатын екі шетіненмүқият сүртеді;

г) жасанды  жатынның  бір шетіне ұрық қабылдағыш нығыздап орналастырады;

д) резина түтікшенің ішкі қабатын залалсыздандырғаннан кейін оның ішкі    бетіне шыны немесе пластмасс түтікшемен вазелин жағады;

е) жасанды жатын қабына ауа үрлеп қысым жасау эбониттен   жасалған    ашып-жапқыш   арқылы   резина үрлегішпен жасалады.

ж) жасанды жатынға ауаны резина түтікшенің ішкі қабаты ұзына бойына жабысқанша үрлейді;

з)  жасанды жатынның температурасын залалсыздандырылған термометрмен анықталады.

6.2. Ұрық алу

6.2.1. Ұрықты жасанды жатын қабына алады. Ұрық алардың алдында жасанды жатын қабының дұрыс жасақталғанын тексеру керек; бір жерінен су ағып немесе ауа шығып түрмауы тиіс, ішкі түтік  резинасы айналып кетпей жөне өте қатты тартылмауы қажет. Ішкі резина теріс айналып кетпей, жүмысқа қажетті жағы тегіс болу шарт.

6.2,2. Жасанды жатын қабын ұрық алуға дайындау реті төмендегіше:

таза, залалсыздандырылған жасанды жатын қабына 150-180 мл 5О-55°С температурадағы су құйылады; су қүйылған   тесікке   ағытқышы   бар   арнайы   тығьш қондырғысы болады; жасанды жатынның бір шетіне

ұрық қабылдағышты нығыздап (ығыстырып) қондырады; жасанды жатынның ішкі жағына ұрық қабылдағышқа жеткізібей (3-4 см) таза вазелин немесе жасанды ортамен жұқалап (шыны немесе пластмасса таяқшамен) жағып шығады. Соңынан арнайы тығынның ағытқышын ашып, үрлеп ағытқышты жабады.

6.2.3. Бір қабатты үрық қабылдағышты пайдаланғанда бөлменің температурасы 18°С- ден кем болмауы (қажет) тиіс.

Бөлмедегі температура одан төмендеген жағдайда бір қабырғалы үрық қабылдағыштың сыртынан жылылық ұстайтын затпен бүркейді (мақта, паролон 60x60x80 мм) түбекке үқсас шұңқырланған, ұрық қабылдағыштың пошымына үқсас ойылған немесе екі қабатты үрық қабылдағыш қолданылады, оның екі қабырғасының ортасына 50 мл 40-45°С су құяды, себебі үрыққабылдағыштың қабырғаларын жылытқаннан соң, оньщ температурасы 30-35°С болады.

6.2.4.  Қошқардан  ұрық алардың алдында  жасанды жатынның   ішкі   қабырғалары   бір-біріне   жабысқанша үрлеген соң, таза термометрмен елшеу қажет. Оңдағы температура 40-42°С болуы шарт, ал температураның артық-кемін реттеу үшін ыстық немесе суық су қүяды.

6.2.5. Дайындалған жасанды жатын қабын ұрық алушы оң қолының бас бармағымен және шылдыр шүмек, кішкене бөбек саусақтарымен қысып, ал балан үйрек жөне ортан саусағымен  ұрык,   қабылдағышты   қысып   жоғары  35 бұрышпен үстап бекітіп қойылған малдың оң шагыма кішкене (пәс) отырғышқа немесе шөкелеп отырады.

Бекітілген қойға қошқар секірген кезде ұрық алушы қошқардың (жыныс мүшесін) қамшысын сол қолымеп жасанды жатынға бағыттап жібереді.

  1. Қошқар жасанды жатынға ұрығын жіберген бойда оны ұрық қабылдағышымен ұрық төгілмеу үшін темен бағыттап, арнайы тығынның ағытқышын ашып, ауаны жібереді, бірақ судың төгілуіне жол берілмейді; ағыткышты қайта жауып, үрық қабылдағышты ақырын алып, арнайы штативке (ұрық қабылдағыш ұялары бар) қойып, оның әйнек жапқышымен жабады.
  2. ұрықты алған сайын бөлек-бөлек жасанды жатын қабын пайдалану қажет.  Шағылыс бекетінде жасанды жатын қабы әр қошқарға үштен кем болмауы тиіс.

Жұмыс біткен соң жасанды жатынды 6.1. пункке сәйкес тазалау қажет, ал қойды қозғалтпайтын станокты, еденді жөне қабырғаны, т.б. сыпырып, жуып содан соң 1% түзды сумен залалсыздандырады.

6.3. Ұрық сапасын бағалау

6.3.1. Таңдап алынған қошқарларды дайындау кезеңінің бірінші  айында олардың ұрығын  бес  күнде бір  рет тексереді, шағылыс басталардан екі апта бүрын күнара, жалпы дайындық кезеңінде әр қошқардан 25 рет ұрық алып (тексереді) бағалайды.

6.3.2. Ұрықты алған сайын оның әрқайсысын ал-дымен түсі мен исіне қарай бағалайды (үрық біркелкі сүт сияқты ақшыл-сарғыш реңді болып, қоймалжың, ірің жөне қан қоспасы жоқ, қаймақ-тақылеттес сүйық). Жыныс мүшесінде қабыну процесі болуына сәйкес басқалай қоспа нәрсе қалған жағдайда, ондай ұрықты қолдануға болмайды.

7.3.3.      Микроскоппен  ұрықтың  қоюлығы мен қозғалысын 10-балда шкаламен анықтайды. Қозғалысын анықтау үшін таза төреніщ әйнекке әйнек таяқшасымен немесе тамызғышпен ұрықты тамызады да 1-2 тамшы түзды ерітінді қосады, сосын таза өйнек жамылғымен жауып микроскоптың зат орналастыру орнықшасына жайғастырады және ұрықтын қозғалысын 120-180 есе ұлғайтылғанын көзбен бақылайды.

6.3.4.  Ұрықтың   қоюлығын   сол   бойда   шағылысқа пайдаланған жағдайда аптасына бір рет анықтайды. Негізі ұрықтың қою-сүйықтығы, қозгалысы түрлі-түсті шприцке сорғызып алғаннан-ақ жәй  көзге белгілі. Сапалы  ұрық
ақшыл сарғыш болып, шприцтіц ішіндс қайиап жатқандай
тынымсыз бір бағытта қозғалыста болады.

  1. Кейде алыстағы орналасқан шағылыс нүктесінде микроскоп  бүзылған  жағдайда  үрықтың  сапасын   бір қабырғалы ұрық қабылдайтын ыдыстың сыртынан қарап, оның сапасын айыруға болады. Жоғарғы сапалы қою ұрық
    ыдыс ішінде қабырғасын айнала зыр жүгіріп, тыным таппайды.
  2. Қошқарлардың  ұрығының  қозғалу сапасы 8 балды, ал көлемі 0,8 мл төмен қошқарларды шағылысқа пайдалануға болмайды, себебі қойлар қысыр қалады.

6.3.7.  Жаңадан  алынған  ұрықты 30  минут  ішінде пайдалану қажет.

 

7. Қолдан ұрықтандыруға (шағылыстыруға) дайындық және оны жүргізу

7.1. Қолдан  ұрықтандыру және қой төлдеу мерзімі

7.1.1. Қолдан ұрықтандыру мерзімін шаруашылықтар қойды   төлдету   мерзіміне   сәйкес   жоспарлайды.   Қой шағылысқаннан кейін 150 күннен еоң төлдейді. Демек қазан айында  шағылысса,  наурызда  төлдейді,   ал  қарашада
шағылысса, сөуірде төлдейді.

7.1.2. Қой шағылыстыру мерзімі 35-40 күн. Негізі күйлеу циклі 14-17 күн дегенмен де, ұрықтанбай немесе күйге келгенде қошқар бірінші циклде кездеспей қалу себептері болуы мүмкін.

7.2.    Қойды қолдан  ұрықтандыруға әзірлік

  1. Аналық қой топтары шағылыс басталардан 2 ай бұрын жасақталады. Ол аналықтардың бағып-қағу жағдайы жақсартылады, түнетіп бағу ұйымдастырылады.
  2. Малдәрігерлік - тазарту жүмыстары шағылыс басталмай түрып 1-1,5 ай бүрын бітуі тиіс. Ауру малдарды емдеу немесе жою қажет. Шағылыс кезінде ауырған малға мал дәрігерін шақыртып, мезгілінде жеке-дара бөліп емдету
    қажет.

7.3.    Күйлеген қойды айыру

7.3.1. Күйлеген қойды шағылыстағы негізгі қошқарлардан басқа 1-класты іздеуші қошқарларды қосу арқылы анықтайды, ал асыл түқымды шаруашылықтарда асыл түқымды қошқарларды ұрпағының сапасына тексерілгенде ұрпағына өзінің жақсы (адамға қажетті) қасиеттерін бере алмаған қошқарларды да пайдаланады. Іздеуші қошқарлардың әрбір басына 80-100 қой есебінен кем болмауы шарт.

7.3.2. Іздеуші - қошқарлардың әр қайсысына күйлеген қойларды айырардың алдын-ала қойды шағылыстырып қоймауы үшін күйек бау байлау қажет.

Іздеуші қошқарларды күйлеген қойларды айырып болған соң бөлек аулаға қамау керек.

Іздеуші қошқарлардың көңіл күйін көтермелеу үшін аптасына бір peт қолдан ұрық алу құтысына немесе қойға секірту қажет.

7.3.3.  Қойды  қолдан  ұрықтандырғанда  шағылысқан қойлар мен шағылыспаған (күйге түспеген) қойларды екі бөлек ұстаған жөн. Күн өткен сайын күйлемеген қойлар саны азайып, шағылысқан қои  көбейеді. Соңында күйге шықпаған қойларды белгілеу қажст. Олар қашып кеткен болуы немесе бедеу мал болуы мүмкін.

7.3.4. Күйлеген қойларды айырып болған соң іздеуші қошқарларды бөліп алып қалып,  күйге келмегендерін жайылымға жіберіп, күйлегендерін қолдан  шағылыстыру пунктіне айдап барады.

7.4. Ұрықтандыруды өткізу

7.4.1. Жаңадан алынған ұрық сыртқьітемператураға өте сезімтал болады, сол себепті шағылыс пунктіндегі жылу 18-25°С аралығында болуы шарт. Әрбір күйге келген аналыққа 0,05 мл ұрық жіберілу тиіс.

7.4.2. Шағылыс  пунктіндегі терезеге қарсы  жарық түсетін жаққа шағылыстыру қондырғысын орналастырады, соған қойды ұстайды. Терезе қараңғылау болса мандайға ұстайтын жарық беруші шамды қолдану керек.

Күйлеген қойды жүмысшылар кезекпен ұрықтандырушының алдындағы қондырғыға ұстайды.

7.4.3. Ұрықтандырушы шприц-катетермен немесе жартылай автоматтандырылған шприцпен жатындағы жатырдың аузына тамызады. Шприц-катетерде бөлінген бөлшектер жүргімелі қондырғыға бейімделген. Шағылыс жұмысы басталар алдында шприцті 1%-ті тұзды ерітіндімен жуу қажет. Дайын шприцке ұрықтандырушы ұрық сауытынан сорып алып, ауасы болса шприцтің үшын жоғары қаратып поршенді ығыстыру арқылы ауаны шығарады.

Ұрықтандырушы жұмыс жасағанда шприцті оң қолына үстап, сол қолымен 1%-ті түзды салқындатылған сумен шайылған жатын айнасын көлденең үстап, жатынға ендіріп, жатырдың мойынын тауып, шприцтің түмсығын тесікке енгенінше көлденең 1-3 см бойлатып тығады.

Бас бармағымен шприцтің поршенін баппен басу арқылы жатырдың мойынына қажетті үрық бөлігін қүяды, ал үрық толық төгілмей - шашылмай қүйылуы үшін поршенді басар алдын айнаны аздап кері тарту қажет.

  1. Шағылысқан қойды қондырғыдан босатады да келесі ұрықтандырылатын қойды қондырғыға қояды. Олқойды шағылыстырмай түрып шприц катетерді 70%-тік спирт себілген томпонмен шприцтің ұшына тигізбей әбден сүртеді.
  2. Әр   қойды   шағылыстырар   алдында  тазалық сақтаушы жылы сумен айнаны жуып, шалшықпен қүрғақ етіп сүртеді де техник ұрықтандырушының сол жағына орналасқан орындыққа қояды.

7.4.6.  Шприц-катетердегі ұрық таусылған соң оны 1%-ті тұзды сумен, сосын 70% спиртпен тазалап жуады. Келесі қошқардың ұрығын ұрық құтысынан алар алдында шприц-катетерді 1%- түзды сумен 4-5 рет жуып шаяды. Әр мезгіл шприцке ұрықты  сорып  толтырған  сайын  шприцтегі ұрықтың  сапасын, қозғалысын зерттеу керек.

Жұмыс біткен соң шприц-катетерді алдымен содалы ерітіндімен тазалап жуады, сосын бөлме температурасындай жылылықтағы сүзгі қағаздан өткізілген қайнаған сумен шайып болып, 70%- спиртке ішін толтырып, сыртын спиртгелген тампонмен сүртіп, қағазға орап қүрғақ жерге немесе столға марлімен жауып қою қажет.

  1. Жартылай автоматтандырылған шприц басқан сайын қажетті үрықты жіберетін қондырғымен жабдықталған,   шүріппеңі   басқанда   0,05   мл  ұрық   жібереді. Ұрықтың мөлшерін коп жіберіің келсе, шприцтің ұшын
    жатырдың мойынынан шығармай іиүріппені қанша бассаң өр басқан сайын 0,05 мл ұрық жібереді. Ал қол шприцтің поршенінде есеппен бөлінген белгілер түр, оны жіберу мөлшерін қолмен бұрап реттейді
  2. Күйге келген тоқтылар мен түсақтарды қолдан шағылыстырғанда айнаны caлуға  жатыны өте  тарлық етеді, ондай жағдайда айнасыз шприцтің өзін салып, ұрықты жатынға жіберу керек.

Жатынға жіберу тәсілімен ұрықтандырғанда, ұрығымен шприцті жатынның жогары жағымен жөймен тірелгенше жіберіп, сосын кері 1 сантиметрдей кері тартып шығарып, поршенді басу арқылы үрықты жатынға жібереді. Бұл тәсілмен шағылыстырғанда ұрық мөлшерін 3-4 есе ко-бейтіп, шприцтегі жіберетін үрықты 0,15-0,20 мл молшсріе дейін көбейтеді.

7.4.9.     Шағылыс басталғаннан кейін 12-ші күннен бастан

шағылысып кеткен қой тобына іздеуші қошқарларды жіберіп қайта күйлеген қойларды теріп алып, шағылыс пунктіне айдап барып, қолдан  ұрықтандырады.

7.4.10. Аталық қошқарды қандай белгімен қай жерінен белгілесе шағылысқан қойларды да сол жерінен (желке, бас, жамбас, бел, т.с.е) белгімен сыр, кейде қамыр жағып белгілейді. Қайта күйге келген қойды сол бұрынғы шағылысқан қошқардың ұрығымен шағылыстыру керек. Бүл тәсіл қошқарлардың ұрпағына беретін қасиеттерін нақты білу үшін есепті шатастырмау мақсатында жасалады.

8. Қойды қолдан ұрықтандырушы мамандарды дайындау және мамандық дәрежесін жетілдіру

  1. Қойды қолдан  ұрықтандырушы мамандарды курстарда дайындайды. Ол курстар жоғарғы оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, облыстық аумақтық комитеттерінде ұйымдастырылады.
  2. Қойды қолдан  ұрықтандыру курсына ұрықтандырушы маман дайындау үшін зоотехниктер, малдәрігерлер мен ой-ерісі жоғары шопандар және басқа да ой түйсігі жоғары түрлі жұмысшыларды жіберу керек.
  3. Бұрын курсты бітірген,  кезінде қойды қолдан ұрықтандырған мамандарды да 3 жыл сайын қайта дәрежесін жетілдіру мақсатында осы курстарға қайталап оқуға жіберу керек. Курсты оқып бітіргендер тиісті емтихан тапсырып болған соң, тыңдаушыларға қойды қолдан ұрықтандырушы мамандығын куәландыратын құжат беріледі.

9. Есеп жұмысы және ақпар

9.1. Қойды қолдан ұрықтандыру нүктесінде жүргізілетін құжаттар: алдағы болатын шағылыс науқанында қандай қой қандай қошқарлармен шағылыстырылатыны туралы төл құжат,   қошқарлардың   қолдану карточкасы,   қолдан ұрықтандыру журналы, ұрықтандыру барысы туралы ақпар, құрал-саймандар тіркелген инвентарлар (заттар)тізімі.

  1. қабырғада күнделікті және басынан апта сайын қашқан койлардың отар  бойынша  ақпары ілулі тұруы тиіс.
  2. Күнделікті қашкан қойлардың оң  және сол  құлақ сырға номері, қай қошкардан  кашқаны  дәптерге жазылуы міндетті.

9.4. Шағылыс біткен соң күнделікті әр қойға бір-бірден кішкене қағазға келесі үлгіде карточка жазылуы керек: қой нөмері (оң және сол құлақ), түсі, түрі ұрықтанған күні қошқардың нөмірі.

9.5. Шағылыс біткен соң пунктегі карточкаларды, қатар саны бойынша ірікпмііи журналға түсірулі тиіс, сол арқылы көктемде (қосы номері, жынысы, түсі, салмағы және т.с.) журналға тіркелуі керек.

9.6.  КОМИССИЯ мүшелері: облыстық, аудандық, аумақтық комитеттің  имспекторлары, ғылыми қызметкерлер, шаруашылық торағасы, зоотехнигі, ұрықтандырушылар болады

Асылдандыру жұмысында нақты нәтижеге жету үшін осы жазылған ұсыныстарды орындау барлық асыл тұқымды мал өсіртіп шаруашылықтар міндетті.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-11-27 22:24:10     Қаралды-1000

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »