ҰРҒАШЫ МАЛДАРДЫҢ ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ МОРФОГЕНЕЗІ
Қазіргі уақытта мал шаруашылығын өркендету үшін биология ғылымының барлық жетістігін пайдаланса, олардың генетикалық мүмкіншілігін жетілдіруге үлкен әсерін тигізеді. Жаңа жүйені дамытуды қамтамассыз ету үшін, ірі ауқымда сұрыптау тәсілдерін қолдануға негізделіп, мал өз төлінен көбеюдіің жаңа биолигиялық әдістеріне арналған генетиканың ең соңғы жетістіктеріне сүйенеді. Олар: қолдан ұрықтандыру, ерте ұрпақтарды трансплантациялау, эмбриондар мен гаметаларды ұзақ мерзімге сақтау әдістері.
Жаңаша қарау жануарлардың әсіресе, асыл типті малдардың генотиптерін пайдалануға жасушалық (клеткалық) және гендік инженерия тәсілдеріне сенуге тиісті. Жануарлар гормондарын модификациялау қызығушылықтың өзі көптеген жылдар бойы биология ғылымында үлкен тарихи орны бар. Дегенімен, оның дамуына кейінгі уақыттарда ғана қол жеткізілді. Оның жаңаша түрде бағытталуы биологиялық индивиттерді жетілдіруге қолданыла бастады, оған негіз болған эмбриоинженериялық әдістерінің көптеп дамуының арқасында болды. Осы бағытағы жаңалықтар өсіп өнуіне мағыналы әсерін тигізіп, мақсатын жоғарылатты. әсіресе, арнаулы бағдарланған түрін алуымызға мүмкіндік туып, малдардың ең құнды түрін шығаруға көмегін тикізіп, керекті генетикалық особын практикаға келтіруге, олардың адам затқа қажетті қасиеттерін, өнімділігін дамытуға арналуы керек.
Бұл шығармада биотехнологияның ең қажетті мәселелерін шешуге арналған. Ауыл шаруашылық малдарының жеке даму сұрақтарына егжей – тегжейлі тоқталып, эмбриондарды алу және көшеттеу тәсілдері толық қамтылған, трансплантациялық ұрпақтарды криоконсервациялық технолоиясын дәлелді келістіре отырып, оларды ұзақ мерзімге сақтау және алыстағы мемлекттерге тасымалдау әдістерін эмбриоинженерлік негіздерімен байланыстырылған.
Бұл монография оқу құралы, не оқулық есебінде студенттер – биологтарға, медиктерге, мал дәрігерлік мамандарына, ғылыми қызметкерлерге лайықталған, әсіресе онтогенез мәселелерімен айналысқандарға таптырмайтын еңбек (соның ішінде биология және генетика, биотехнология және сұрыптаушылық сұрақтарын шешуге көмегін тигізеді ). Бұл оқулық типтік оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жазылған. Сондықтан бұның маңызы осы салдағы мамандардың білімін жетілдіруге өз үлесін тигізеді.
Малдардың индивидуалды даму негіздері.
Биогенез заңына сәйкес, бар тіршілік иесі тек қана тірі организімнің пайда болуына әкеледі және ол өніп - өсу процестері арқылы ғана жүреді. Сондықтан көбею мүмкіншіліктері тіршіліктің негізгі қасиеттері екеніне, осы қасиеттердің арқасында тіршілік еш үзіліссіз жалғасын табуға үлкен үлесін қосуға және бұл қасиет барлық, тіршілік иелеріне тән нәрсе екені дәлелденбейтін аксиома.
Ұрғашы малдардың жыныс жүйесі морфогенезі.
Сүтқоректілер гонадтарының басталуы қатпар валик тәрізді мезонефростық төменгі жағында пайда болады ( жыныс валигі ). Индеференттік гонанттардың басы алғашқы жыныс жасушалары және үш түрлі дене жасушалары гононттардың басталуына себепші болады да, жыныс клеткалары өне бастайды ( Lamboni etal. 1980, Bysrow 1982 ). Алғашқы эмриогенездер даму этапында екі түрлі жыныс жүйесі белгілі. Оларды вольвоф және мюллер арналары деп атайды (1.1 сурет ), яғни индеференттік гонадтардың пайда болуы сүт қоректілерде биопотенциалды, себебі, жұмыс безінде V хромосоманың болуы, не болмауына тәуелді. Ұрғашы малдардың ішкі жыныс ағзлары мюллер арналакрынан пайда болады, ал егер ерте реакцияға ұшыраған жағдайда ( сорылу, тартылу ) вольвоф каналының (не оған кереғарлық процестер) еркек малдар ағзасы пайда болуы мүмкін.
Ұрғашы малдардың жыныс жүйесіне қатынасы бар ағзаларды: сыртқы ( вульва, кңлитор, қынап алды ) және ішкі (қынап, жатыр, түтікше және жыныс безі) ағзалар деп атайды.
Вульва – екі жыныс ерніндегі мен солардың ортасына тік орналасқан еркек жыныс мүшесі, қамшы гомологы, клитор деп аталатын ағзалар құрайды. Бұл жыныс саңлауының төменгі жағында кішкене төмпешік тәрізді екіге бөлініп, төменгі байланысты аяғы, денесі мен басы көрінеді.
Қынап алды дегеніміз кішкене қабырғасы еттерден, еттер талшығынан құралған, трубка тәрізді, қынапқа жалғасады. Осы екі ортада зәр шығаратын канал тесігі ашылады. Қынап алды ауыл шаруашылық жануарларында ұзындығы: саулықтарда 4-5 см, сиырда 8-11 см – дей. Бұл ағзаның бүйіріндегі қабырғасында арнаулы бездері бар, олар жұбымен вес тикулярлы деп аталады. Олар муцин тәрізді секрет бөледі. Секрент қынап алды трубкасын ылғалдандырып тұрады. Әсіресе, жыныстық қозу кезінде секрет көбейеді.
Қынап – ұзын трубка қынап алдында басталып, жатыр мойнына дейін созылады. Артқы ішектің алдында, жамбас қуысына орналасады. Ұзындығы: биеде 32 см, сиырда 30 см, мегежінде 18 см, ал саулық пен ешкіде 12 см – ге жуық.
1. сурет. Еркек пен ұрғашылықтың алғашқы морфологиялық айырмашылығы вольф /а/ каналымен және мюллер /б/ дамуында:
1 – еркектің тракт жынысы
2 – жыныстық айырмашылық, не дифференцировкалы өсу кезі
3 – ұрғашылық жыныс трактысы.
Қынаптың жырышты қабығы көп қабатты жалпақ тесік эпителимен қапталған. Секрет бөлетін бездер болмайды (мегежіннен басқада). Ішкі жағында көптеген ұзынша бүрмелер не бүктесіндер болады. Жатыр мойны – жатырдың каудальді жағында, қынап пен жатыр денесінің аралығында. Оның тарлау арналығы тек жыныстық қозу, не туу кезінде ғана ашылады, кейде потологиялық процестер кезінде де ашық болады. Сиырда жатыр мойны – 5-12 см, мегежінде 12-20 см, саулықта 5-7 см. Бұл ағза үш қабаттан құралған: шырыш, ет және сироз (өте жұқа). Шырыш қабығы бір қабатты, ұзынша, цилиндр тәрізді эпителимен қапталған. Ол жатыр секретін шығарады (бірақ, без жоқ), оның құрамында муцин көп. Бұл шырыштың биологиялық қасиеті мол: абсорция, бактерицидтік, бактериостаттық. Күйлеу кезінде шырыш жұғымы аз, мөлдір болады жән екөп бөлінеді. Ал бұл шырыш буаздылық уақытында барьерлік қызмет атқарады, шырыш тығыны есебінде.
Жатыр денесі – сиырда, буйвол малында, қой мен ешкіде ұзындығы 2-3 см –ден аз – ақ астам, ұрпақ бұған жақындамайды, ал тақ тұяқтыларда онда ұрықта орналасады, ұзындығы 10-15 см-ге дейіни созылады, ені 7-12 см, қалыңдыығы 1,5 см.
Жатыр мүйізі – жатыр денесінің жалғасы есебінде созылып, екіге айырылып тұрады: оңы және солы. Олардың әрқайсысының ұзындығы биеде 15-25 см, саулықта 16-20 см, ең ұзын жатыр мұйізі мегежінде 100-200 см, ені 2-3 см.
Көбею ағзалары формасы сүтқоректілерде әр түрлі және бір – бірінен айырмашылығы бар. Яғни, сиыр, саулық және ешкі жатыры екі мүйізді ал биеде екі жатыр мүйізін бөліп тұратын қалқа, жатыр денешігі болмайды, жалпы сиырдың да, жатыр құрылысының сырт формасы ғана ұқсас. Ал, төлшең малдардыкі (шошқа, қой, ешкі, ит) жатыр денешігі кішілеу, не жоқ болады, ал жатыр мойны бірден жатыр мүйізімен жалғасады. Мұнда екі мүйізді жатырлар имплантация онын потенциялды түрде ұлғайтады. Ал кроликтер мен кемірушілердің жатыры екі бөлек, жатыр мойны мен қынапта екі тесікпен аяқталады, яғни екі жатырлы деп аталады. Ал адамның тік жүруіне байланысты, эвалюциялық өзгерумен жатыр құрылысы өзгешелеу, жатыр мүйізі жоқ ол бірден екі жатыр түтікшесіне жалғасады.
2. сурет. Ұрғашы жануар мен адам ішкі жыныс ағзаларының құрылымы /схемасы./
А-сиыр; В-мегежін; Г-кролик; Д-адам.
Г-аналық жыныс безі; 2-жатыр түтікшесі; 3-жатыр мүйізі; 4-жатыр денешігі; 5-жатыр мойыны; 6-қынап.
Жатыр түтікшесі – бұл жұп ағза, ирелендеген түтікше. Ұзындығы жануарлардың әр түрлі. Айталық, биеде, сиырда және мегежінде 20-30 см, қой мен ешкіде 10-15 см, кроликте 10 см. Ішкілік және жатырлық. Ішкі ұшы кеңдеу және воронка тәрізді басталып, ампула сияқты кеңейген участкасына жалғасады.Жатыр мүйізіне жақын жерде түтікше тарылады да, ампулоистмустық жалғау пайда болады, одан әрі жатыр түтікше құрылымы жалғасын табады. Түтікшенің қабырғасы үш қабықтан тұрады: шырыш, ет және сероз. Шырыш қабығы көптеген қалқалармен белгілі, ол цилиндр тәрізді мерцательді ( жабырлағыш ) эпителиймен қапталған, оның ұшында кірпікті өсінділері бар, олар сұйық ағындарды жатырға қарай бағыттап отырады. Одан басқа секреттердің көмегімен көбейіп, онда арнаулы фермент ұрықтану процесіне қатысады.
Аналық жыныс безі – жұпты ағза, бұнда ооцит – жасушалар пайда болады. Ол пісін жетілгеннен соң, бездің сыртқы қабатын жарып сыртқа шығады да, бахромворонкасын түсіп, түтікшемен жатырға қарай баяу жылжумен болады. Бездердің формасы әрқилы: түйе бұршағы тәрізді ( биеде ), эллипс сияқты ( сиырда ), грозд тәрізді ( мегежінде ), домалақ пішінді ( саулық пен ешкіде ). Бие жыныс бездері іш қуысына орналасқан, қашар және жас сиырлардың жыныс безі жамбас қуысында, мөлшері мен массасы қатты ауытқиды және ол жануарлар түіне өте тәуелді ( 1.1 кестеге көз жіберіңіз).
Жыныстық бездер сыртынан сероз қабығымен қоршалаған, ол алғашқы ( зачатка ) эпителиймен жабылған. Егер оның ортасынан қақ бөлсек, екі зоны жақсы көрінеді: фоликуллярлық және ми зонасы. Қыртысты ( корка ) зона нәзік байланыс ұлпаларынан тұрады. Бұл қабат фолликулдар мен сары денешіктерге толы. Ал ми қабаты майда қан тамырлары мен нерв талшықтарынан құралған. Бұл ағзаның қан айналысы ұрықтық және жамбастың артерия, вена және нерв талшықтарымен жалғасқан. Олар осы аттас талшықтардан тор тәрізді тұтасып тұрады (сплетения). Жатырға краниалдық, орта артериялар бұтағынан қан келеді, осы аттас веналар арқылы қан кейін қайтады. Буаздылық кезеңде веналары ұлғайып, кеңейеді. Лимфа тамырлары да бұл кезде жақсы жетіледі. Лимфа сұйық жамбас және шонданай лимфа бездері арқылы өтіп тазаланады.
3. сурет. Фаллопиевалық трубкасы бөлігінің жартылай нобайлы келбеті: воронка, ампула және истмус / мойнақ, қылтаперешек/, сонымен қатар ампула – истимикалық және жатыр – түтікшелік құрылымы.
Нервтері – нерв талшықтары да тұқым және жамбас ірі талшықтарымен жалғасқан жіпше тұтасып жатады. Одан басқа да жатырда нерв орталығы болады, олар коитус кезінде қатты қозды.
Жарияланған-2023-11-25 16:28:09 Қаралды-807
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина