ҚАЗАҚ ЦИРКІ (1979 жылға дейін)
Қазақтың қазіргі профессионалды циркінің тарихы жаңадан басталды. Бірақ, оның тамыры әріде жатыр. Ат құлағында ойнап, өнер көрсету, айтар онды ыммен білдіріп, жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуакы, әзіл-ажуа сөздерімен көпшіліктің көңілін көтеру, сондай-ақ бақсылық құрып, түрлі қимыл-әрекеттер жасау барысында да цирк өнерінің элементтері көптеп кездеседі. Әсіресе оның жылқы малына қатысты жағы молырақ болды. Қазақ халқының ғасырлар бойғы ғұмыры, тұрмыстіршілігі көшпенділікпен өтті. Сусын, қоректігін былай қойғанда, жауға шапса да, көшіп-қонып жүрсе де, бәйгеге қосса да жылқының ролі зор еді. Ат жүрісіндегі әр түрлі оқыс қимылды түсініп, соған тез икемделіп төселген шабандоздар ғана ер-тоқым салдырмайтын асауды үйрете алатын болған. Мінуге және жегуге үйретілген атты тек колік етіп қана қоймай шабандоздар оған өз «тілін алғызып», жұртты таңқалдыратын сан алуан қозғалыс-жүрістер (бөгет пен ордан секіру, артқы екі аяғымен тік тұру, бір орында шырқ айналу, аяңдап, бүлкілдеп, желе-жортып жүру т. б.) жасататын. Шауып келе жатқан ат үстінде найза, қылыш, шоқпар сермеп, садақ тарту, қажетті жерінде қарсыласымен жекпе-жекке түсіп, алысып-тартысу - ежелгі жаугершілік заманда жиі қайталанған құбылыс. Тіпті жау оғын дарытпау үшін оқыс еңкейіп, шауып келе жатқан атының бауырына түсу немесе жерге ұшып түскен құралын ат үстінен-ақ оп-оңай еңкейіп іліп алу қажеттігі туды. Мұның өзі ел намысын қорғаған батырдан бастап қарапайым адамды да ат үстінде еркін де берік, мығым отыра білуге машықтандырды. Осыған орай ат үстінде орындалатын қимыл-жаттығулары қалыптасты. Ал мұның өзі сайыс, аударыспақ, теңге алу, көкпар тарту т. б. ұлттық ойындардың негізін қалады. Қазіргі цирктегі ат ойынының көптеген элементтері өз бастауын осы ұлттық ойындардан алады.
Адам бойындағы күштілікті, айла-тәсіл мен ептілікті жоғары дәріптеген қазақ халқы өз арасынан шыққан палуандарды, ауыр салмақ көтеретін алып күш иелерін, таңғажайып әрекет қимыл жасаушыларды ауыздан тастамай, оларды аңыз әңгімелерге арқау етті. Өзі жерде жатып, үстіне тегіс тақтай төсеп, үстінен түйе жүргізу, ауыр заттарды көтеріп, бұлшық ет ойнату, екі адам белдесіп күш сынасу, әрі аударыспақ ойнау, доңғалақтың ішкі жағына керіліп тұрып айналу, қойны-қоншынан қас қағым сәтте түрлі заттарды (орамал, жұмыртқа, балапан т. б.) шығарып, жұртты таңқалдыру, үстіне теріс айналдырған тон киіп немесе аяғына бақан байлап өнер көрсету секілділер халық арасында бұрын да болған. Кезінде атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақ цирк сахнасында өнер көрсеткен. Қажымұқан И. М. Заикин және И. М. Поддубныймен бірге болып, көптеген елдерді аралады.
Социалистік революциясынан кейін цирктің өнер саласындағы орны анықталумен қатар, оның жаңа сипатта түбегейлі қайта туып, дамуына жағдай жасалды 1919 жылы А. И. Сосиннің жетекщілігімен Алматыда, ал 1923 жылы В. Ферронидің жетекшілігімен Семейде цирк жұмыс істей бастады. Осы жылдары Қоянды жәрмеңкесінде Қажымұқан, Зәрубай Құлсейітов өнер көрсетті. Шашубай Қошқарбаевтың өнері де көпшілікке кең танылды. Цирк өнерінің сахнаға лайықты салалары Шымкент, Целиноград, Қарағанды т. б. қалалардағы облыстық филармонияларда бой көрсетті. 1965 жылы Алматыда эстрада және цирк өнері студиясы ашылды. Осы студия мен Қазақтың физкультура институтының түлектері және спортшылар қатысқан конкурс өткізіліп, 1969 жылы цирк өнеріне икемі бар қабілетті жастар іріктеліп алынды. Қазақ циркінің алғашқы көптеген ұйымдастыру жұмысын жүргізуде Г.Ғалиева мен Қ.Саудабаев елеулі үлес қосты. Саратовта арнайы білім алған қазақ жастарына совет цирк өнерінің таңдаулы мамандары - реж. Г. В. Перкун, сонымен қатар Г. Д. Токаев пен А. В. Соколов атпен және хайуанаттармен орындалатын нөмірлерді, В. А. Ревякин гимнастикалық және акробатикалық жаттығуларды үйретті. X. Бегенов, Р. Ескенова, Қ. Қоржынбаев, А. Смағұлов, У. Шалабаев, Қ. Ақышев гимнастикамен және акробатикамен шұғылданды. Қ. Бөлебеков пен О. Құрманбаев ат спортымен, Е. Шыныбеков, Ғ. Байкенова, Қ. Сақтағанова, Ш. Қожамбердиева аю, қасқыр, түйе, таутеке, бүркіт, түлкі, пони т. б. хайуанаттарды үйретумен жаттықты. Бұлар 1970 жылы Алматыдағы Спорт сарайында тұңғыш рет өнер көрсетті. Мамандар мен талғампаз көрермендерден жоғары баға алған цирк артистері осыдан кейін басқа қалаларды (Шымкент, Харьков, Донецк, Ереван, Сочи, Новосибирск, Қазан, Уфа, Куйбышев, Запорожье, Ташкент, Москва т. б.) аралап, өз шеберліктерін шыңдады. 1972 жылы Алматыда техниканың соңғы жетістіктерімен салынған Қазақ циркінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Қос атта өнер көрсеткен О. Жаманақовтың, акробатикалық тіреу жаттығулары мен ауада жеке гимнастикалық жаттығуларды Т. Бектасов пен С. Әбішевтің, өте нәзік те күрделі қимылдарға құрылған жаттығу этюдтерін жасаған К. Ескенованың, ауада гимнастикалық жаттығуларды топтасып орындаған Р. Арызбаева, С. Қалықова мен Н. Шойынжанованың өнері көрермендерді сүйсіндірді. Қазақ циркіне кадрлар даярлау ісі де жолға қойылды. Москваның эстрадалық цирк училищесін, Алматының хореография училищесін, эстрада және цирк өнері студиясын бітірушілермен Қазақ цирк коллективінің қатары толықтырылды. Солардың қатарында суға секіруден дүние жүзінің чемпионы атанған С. Санжиев ауада гимнастикалық жаттығуларды орындады. Қазақ циркіне Н. К. Винник, Г. В. Федоренко, В. М. Карп сияқты мамандар келіп, кадрлар даярлай бастады. Мыс., Москва циркінен келген Винник, Е. Қоңырбаев, Ө. Исабеков сияқты акробатикалық жаттығуларды шебер орындайтын шәкірттер баулыды. Акробатшы Ескеноваға ұстаздық ететін Федоренко да, Қ. Қасымжанов пен М. Жұмағалиев сияқты клоундарды тәрбиелеген Карп та Қазақ циркінің өсіп, өркендеуіне мол үлес қосып келеді.
Қазақ циркінің репертуары да байи түсті. 1972-1978 жылдар үш программаны жарыққа шығарды. Олардың барлығы да ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Бұл цирк аренасында қойылған «Тың», «Медеу», «Байқоңыр», «Дала», «Шығыс әйелдері» атты новеллалардан айқын аңғарылды. Ақын О. Сүлейменов цирктің ойын-сауығына арнайы сценарийлер, ал композитор Н. А. Тілендиев музыка жазды. Қазақ циркі қазір дүние жүзіне белгілі болып келеді. 1977 жылы тұңғыш рет гастрольдік сапармен шетелге аттанып, Кубада үш ай бойы өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақ циркін Алматыға келген 70-ке тарта шетел делегациялары да тамашалады. Цирк коллективініц шебер артистері ерлі-зайыпты Ғ. мен С. Әбішевтер 1974 жылы халықаралық программаға қосылып цирк аренасына шықты. Осы жылы Әбішевтер және О. Жаманақов цирк артистері арасында өткен Бүкіл одақтық конкурстың дипломанты деген атқа ие болды. Қазақ циркі ұлттық коллективтер арасында 1977 жылы өткізілген Бүкіл одақтық конкурстың лауреаты атанды. Қазақ циркімен қатар республикада көптеген жергілікті әуесқойлар және халық цирктері жұмыс істейді.
Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.36-70.
Жарияланған-2023-01-06 16:31:55 Қаралды-420
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина