UF

СЕЗІМ ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ ІЛІМ- ЭСТЕЗИОЛОГИЯ. ТЕРІ ЖӘНЕ ҚИМЫЛ АНАЛИЗАТОРЛАРЫ. 

 

Организмге әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал шүйке талшықтарының ұштары — рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім ағзаларында және денеде орналасқан. Рецепторлардың белгілі ағзаларға жинакталуы организмнің эволюциялық дамуымен сыртқы ортаға бейімделуі нәтижесінде пайда болған, жалпы рецепторлар шоғыры дыбыска, жарыққа, иіске т.б. тітіркендіргіштерді қабылдауға икемделген. Оларды әдеттенген тітіркендіргіштер деп атаймыз. Осы әдеттенуге байланысты есту, көру, иіс, дәм, тепе-тендік сезім ағзалары дамыған. Омыртқалы жануарлардың жүйке жүйесі күрделіленіл, тіршілікке қажетті иіс, дәм, есту, көру, тепе-тендік ағзаларының рецепторлары шоғырланады. Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі дамуы нәтижесінде сезім ағзаларының орталықтары пайда болады. Олар анализаторлардың рецепторларымен жүйке талшықтары арқылы байланысады. Рецепторлары арқылы қабылданған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырады. Онда талдау, талқылау процесі жүріп, сезім ажыратылады. Соңдықтан адам дүниедегі бар затты сезім ағзалары арқылы қабылдап, анализаторлары арқылы түсінік алады. И. П. Павловтың айтуы бойынша, анализатор — белгілі бір қызмет атқаратын күрделіжүйе. Оның өзі үш бөлімнен, шеткі рецепторлардан, өткізгіш жолдары — жүйкелерден және орталық ми бөліктерінен тұрады. Тітіркендіргіштерді қабылдайтын анализаторлардың шеткі бөлігіне сезімтал жүйкелердің ұштары рецепторлары, оның өткізгіш бөлігіне — жұлын мен мидан шығатын жүйке талшықтары, ал анализаторлардың орталық бөлігіне — ми және ми қыртысындағы аймақтар жатады. Ми қыртысының ай Осы анализаторлардың үш бөлігінің біреуінің зақымдануы, организмнің тітіркенуді ажырату қабілетіне нұқсан келтіреді. Рецепторларды екі үлкен топка бөледі. Тітіркенулерді ішкі ортадан қабылдайтын рецепторларды энтерорецепторлар, ал тітіркенулерді сыртқы ортадан қабылдайтын рецеп­торларды экстрорецепторлар деп атайды. Энтерорецепторлар ішкі ағзаларға жатады. Бұлар организмнің ішкі ортасындағы (химиялық, механикалық, температуралық т.б.) өзгерістерді қабылдайды. Мәселен, қан тамырларының қабырғасындағы химобароцепторлар қанның химиялық құрамының қан қысымынын өзгеруін қабылдайды. Бұлшық еттердің, сіңірлердің, буын байламдарының құрамын интерорецепторлар ерекше пропориорецепторлар деп аталады.

Экстрорецепторлар сезім ағзаларында жатады. Сондықтан олар сыртқы ортадан тітіркенулерді қабылдайтын сезімтал жүйке ұштарынан — рецепторлардан түзілген.

Tepi анализаторы. Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Ересектерде көлемі 14—16 м2дейін жетеді. Онда сезімтал жүйке рецепторлары, тері, май, бездер, ет тіндері орналасады. Үлкен ми сыңарларының артқы орталық катпары жоғарғы сезім орталығы.

 Микроскоппен қарағандағы терінің құрылысы

1. Түкше (шаш). 2. Тер безінің өзегі. 3. Тығыз дәнекер тінді кабат. 4. Май безі. 5. Түкшені көтеретін ет. 6. Болбыр дәнекер тінді кабат. 7. Түктін (шаштың) түбі. 8. Тері безі. 9. Эпидермис. 10. Дерма. 11. Май жасушаларының тобы. 12. Ет тіні.

Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан корғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару т. б. маңызды қызметтер атқарады. Терінің қорғаныш қасиетіне байланысты түрлі газдарды, ерітінді заттарды, сонымен қатар неше түрлі ауру туғызатын микроорганизмдерді денеге өткізбейді. Ол дененің көп жерінде ағзалардың (ауыздың, мұрынның, көз саңылауларының және жыныс ағзаларының) аймақтарында кілегей қабықшаларына үздіксіз жалғасып жатады. Tepiнегізівде беткей, меншікті шел қабаттарында түзілген.

Терінің беткей кабаты немесе эпидермис ұрықтық даму кезінде сыртқы жапырағынан (эктодермадан) пайда болады. Оның ең қалың жерлері алакан мен табан бөліктерінде кездессе, жұқа жерлері төменгі және жоғарғы қабақ тұстарында болады. Эпитермис көп қабатты эпителий тінінен түзілген, оның беті түссіз қасаң қабықшамен жабылған. Олар өлі жасушалар болғандықтан түрлі сыртқы ортаның әсерінен түлеп, жаңа жасушалармен алмасып тұрады. Эпидермистін тереңінде миелинді (бояқ) заты орналасады. Ол теріге белгілі бір түс беріп тұрады. Осы бояқтың құрамы мен мөлшеріне байланысты адам терісі ақшыл түстен қараға дейін барады. Эпидермис қорғаныш маңызымен бірге денені құрғаудан сақтайды. Эпидермис кабаты мен меншікті тері қабатының арасында негізгі жарғақша жатады.

Терінің негізгі қабаты мезодермадан пайда болып, дәне-кер тін мен серпінді талшықтардан түзілген. Серпінді талшықтар түрлі бағытта жатып, торлар түзеді. Бұл қабатта қан тамырларының торлары мен сезімтал жүйке қштары орналасады. Торлардың жату жағдайы бірдей емес. Мәселен, маңдай, құлақ калқанында мүлдем болмайды. Ал адамның алақан, саусақ және табан беліктерінде көбірек кездеседі. Сол себептен бүл жерлер өте нәзік сезімді келеді. Осы терінің меншікті қабатындағы торлар эпидермис бетіне белгілі бір бедер сызықгар береді. Бұл бедерлер әсіресе саусақ ұштарында жақсы көрінеді. Осы қабаттағы дәнекер тін бекемдік және беріктік берсе, ал серпінді, коллогенді талшыктары серпінділік қасиет береді және астында жатқан май қабатымен байланыста болады. Терінің ет тіндері шаш қапшыктары мен май бездерін бекемдеп жатады. Олар (тоңғанда, қорыкқанда) шаштың тұруына және бездердің сөл бөлуіне жәрдем етеді. Терінің меншікті қабаты астыңғы жағындағы шел (май) қабатына үздіксіз жалғасып жатады.

Терінің шел немесе май кабаты негізінде май тінінен түзілген. Бұл тінде дәнекер тінінің коллогенді және серпінді талшыктары торлар түзіп жатады. Май қабаты теріге тиген суықты өткізбеуімен қатар, механикалық соғылуды да жүмсартып отырады. Май тінінің қалындығы дененің барлық жерінде бірдей емес. .Адамның табан, бөксе, сүт бездерінің түсында қалындау келеді.

Тері бездері өздерінің шығаратын заттарына қарай май бездері, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.

Май бездері дененің барлық бөлігінде кездеседі. Олар терінің меншікті қабатында орналасып, түтіктері шаш талшықтарының қалтасы мен тері кдбаттарына шектеле жата­ды. Осыған байланысты олардың шығарған майы шаш тал­шыктары мен тері бетін майлап, жүмсартып түрады. Май бездері мүрынның танау үстінде, жыныс ағзасының кіші ерінінде, тік ішек тесігінің айналасында көп, ал алақан мен табанда жоққа тән болады.

Тер безде терініңтерең шел кабатында орналасады. Олар шумақталып, тер шығаратын түтігі арқылы тік көтеріліп, тері бетіне ашылады. Тер бездері дененің барлық жерінде кездеседі. Олардың жалпы саны екі миллионға дейін жетеді. Тер бездері алақан мен табанда көп кездеседі. Тек еріннің қызыл жиегінде ғана болмайды. Тер бездерінің шумағы кан кыл тамырларымен тығыз торланып жатады. Осы қан қыл тамырларынан тер бездері арқылы тер бөлініп отырады. Тер судан, хлорлы натрий (ас түзы), май, мочевина т.б. органикалық заттардың ерітіндісінен тұрады. Тер адамнан әртүрлі жағдайда, катты қимыддағанда, яғни ауыр нәрсе көтергенде, сыртқы ортаның ысуынан шығады. Бұл жағдайда рефлекторлы жолмен, орталық жүйке жүйесінің қатысымен реттеліп отырады.

Сүт бездері әйелдерде жақсы дамыған. Олар филогенетикалық дамуында тер бездерімен, ал атқаратын қызметі жағынан жыныс ағзаларымен тығыз байланыста болады. Сүт ағзасы 15—20 сүт без бөліктерінен түзілген. Сырт жа­тый қалың май тіні жауып жатады. Әрбір без бөлікшелерінен сүт жолының өзегі басталады. Олар емізікшеге жакын жерде өзара қосылып, кеңістік түзеді, оны сүт қойнауы деп атайды. Сүт қойнауының тесіктері салалы ет тіні болғандыктан пішінін өзгертіп тұрады. Сүт бездері үлкен көкірек етіне шандырлы байламдар арқылы бекиді.

Тырнақ (Unguis) саусактың тырнақ бакайшығының сыртын жауып жатқан мүйізді пластинкаға ұқсайды. Оның орта жерін денесі деп атайды. Денесінен айнала төрт жиегі жа­тады: ашық, жабықжағы, екі бүйір жиектері. Тырнақденесі тырнақ ойысында орналасып, саусак сүйекшесіне дәнекер тіндер арқылы бекітіледі. Тырнақ терінің сыртқы эпидер­мис кабатының туындысы. Оның сыртқы мүйізді кдбатын­да тамырлар мен жүйке талшыктары болмайды. Тырнақ түбіндегі акшыл түсті бөлігін тырнақ көбесі деп атайды. Осы жердегі жасушалардың көбеюінен тырнак өсіп отыра­ды. тырнак саусақтың басында тіректік және қорғаныштык маңызын атқарады.

Шаш (рііі) тырнақ сияқгы терінің сыртқы эпидермис қабатының туындысы. Тырнақпен бір мезгілде дами бастайды. Шаш талшыктары дененін барлық бөлігінде бола­ды. Тек алақан, табан, ерін жиектерінде ғана болмайды. Нәрестелерде алғаш рет шыққан өте нәзік, жіңішке шаш кейін толығып, жуандай береді. Жалпы дененің, бастың,қастың, кірпіктің түктері де шаш есептеледі. 14—15 жастан кейін жыныс мүшелерінің, бездердін жетілуіне баланысты қылшыкты шаштар пайда болады. Оларға: сақал, мұрт, қол-тықасты, жыныс мушелерінің маңындағы, мұрын-құлақ кіреберістеріндегі шаштар жатады. Шаштың тері қабатындағы бөлігін түбі, ал теріден шығып тұрған жерін талшығы деп атайды. Шаштың түп бөлігі буылтықтана келіп, шаш емізігінің ішінде жатады. Шаш осы бөлігінен үздіксіз өсіп отырады. Егер әр түрлі аурудың әсерінен осы жерлердін жасушаларының зат алмасуы бұзылса, жаңа жасушалар пай­да болмай, шаш түбі мүйізденіп, шаш емізігінен ажырап, түсіп қалады. Шаштың түбін дәнекер тін мен эпителийден түзілген шаш қапшығы қаптап жатады. Бұл қапшықтың сыртқы жағында шаш талшығын тік ұстайтын еттер бола­ды. Сол еттер жиырылғанда (қорыққанда, тоңғанда) шаш талшығы көтеріледі. Шаш талшығының ортаңғы өзегі жүмсақ заттан, сырты қатты заттан — кутикуладан түзілген. Онда бояқ жасушалары кездеседі. Шаштьщ түсі осы бояқ жасушаларының мөлшеріне карай ақшыл сарыдан шымқ-ай қара түске дейін болады. Шаш талшықтарының сапасы нәсілге, сырткы ортаға, денсаулыққа, ішкен тағамға да байланысты.Адамның шашы 2—3 жылда өзгеріп түрады. Кірпіктер 4—5 айда алмасады. Шаш талшығы айына 1 см ұзарады. Тері рецепторлары дене терісінің барлық жерінде орналасқан. Олар денеге тиген қатты-жұмсақты, ыстық-суықты, қысымды қабылдайды. Бұл жағдайларды механикалық, химиялық, температуралық тітіркендіргіштер деп атайды. Ал тітіркендіргіштер терідегі жүйкелердің ашық үштары — рецепторлары арқылы қабылданады. Бұл процесс тарихи даму жағынан карағанда организмнің ең есті қорғанышты қасиеті болып саналады. Тері рецепторларының саны орналасу жиілігі жөне атқаратын қызметі әр жерде әр түрлі. Мәселен, бас терісінде 10 мм2 30 рецептордан болса, саусақ ұшында 200-ден асады. Тері рецепторлары анализаторларының шеткі болігі, орталығы үлкен ми сыңарларындағы артқы орталық катпар. Осы тері рецепторынан басталған өткізгіш жолдары жүлынныц артқы бағандары арқылы жүріп отырып жүйке серпіндерін үлкен ми сыңарларындағы сезім орталығына жеткізеді.

Тері және кимыл анализаторларының өткізгіш және орталык бөліктері тірек-кимыл аппаратынан қабылданған жүйке серпіндері мен ми кыртысындағы орталыктарға қарай бағыт алады. Серпіндер ми қыртысына дейін өткізгіш жолдары арқылы өтеді. Өткізгіш жолдарына нәзік және сына будалары мен жүлын-төмпек, жұлын-мишық және үшкіл жүйке жолдары жатады. Нәзік буда дененің төменгі белігінен (екі аяқтан және құрсақ бөліктерінен) қабылданған серпіндерді өткізсе, сына будасы дененің жоғарғы бөлігінен (екі қолдан, көкірек бөлігінен) қабылданған серпіндерді өткізеді. Бұл екі буда арқылы өтетін серпіндер теріден, еттен басталып, жұлын түйініне, одан жұлын арқылы сопақша миға жетеді. Со-пақша мида жүйке талшықтары айкас түзіп, көру төмпегіне көтеріледі. Бұдан үлкен ми сыңарларының ортасында жатқан орталығына енеді. Алдыңғы және артқы жұлын-мишық жолдары қимыл аппаратынан, ет-буын сіңірлерінен кабылданған серпіндерді мишыққа өткізеді. Алдыңғы жұлын мишық жолы мишықтың жоғарғы сабақшасымен көтерілсе, артқы жұлын-мишық жолы мишықтың төменгі сабақшасымен көтеріледі. Мишықта қимыл анализаторларының жоғарғы орталығы орналасады, сол себептен оған дене еттері мен буын сіңірлерінен көтерілген серпіндер келеді. Мишық қызметі ми сыңарларының қьіртысымен тығыз байланыста болады. Үш кіл жүйке жолдары бас тері рецепторларының қабылдаған серпіндерін ми сыңарларының артқы орталық қатпарларына жеткізеді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-06-24 11:32:06     Қаралды-1107

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »