UF

МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ  ЭКОЛОГИЯСЫ

 

Бізді қоршаған орта  алуан түрлі микроорганизмдерге толы.Олар топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, жануарлар мен адам организмдерінде, жем –шөпте, әртүрлі заттарда кездеседі. Микроорганизмдерде өздсрін қоршаған ортаның әрқилы жағдайларына бейімделгіштік қасиеті өте жоғары болып келеді.Микроорганизмдер тірі  организм жерге  шырылдап түскен күннен бастап кездеседі. Олар  адамның  денесінен жаны шыққан соң тәнді  шірітіп  ыдыратады.  Миералдық затқа  айналдырады. Орыстың белгілі микробиологы В.Л. Омелянский «Табиғатта  миллиордтаған  микроорганизм бар» деп жазды.

         Олар теңіз  шыңырауларында  қар басқан  тау  шақтарында, тропиктік және  полярлық аудандарда  топрақтың жоғарғы және  төменгі қабатында ауада өсімдіктер мен жануарларда кездеседі. Егер  айналаны  микробиолог көзқарасымен бақыласа онда  микроорганизмдердің барлық жерде де  кездесетініне көз жеткізуге  болады.

           Топырақтың микрофлорасы. Микробтардың ең көп шоғырланған жері топырақ болып есептелінеді. Оған дәлел топырақтың жыр-уға пайдаланылатын жоғары кабатынының бір грамында 10 млрд дейін бактериялар болады. Көпке белгілі топрақтың кұнарлылығы оның кұрамындағы органикалық, аноргаликалық заттарға және микроорганизмдерге байланысты және олар топырақтың құрылуының негізгі факторлары болып есептеледі. Топырақта микроскопиялық балдырлар, нитрлендіретін, деннтрлендіретін, азот тұтқыш, целлюлоза ыдыратқыш бактериялар, күкірт бактериялары, пигмент бактериялары, ашыту саңырауқұлақтары, көк зендер, актиномицеттер, саңырауқұлақтар кездеседі. Топырақтағы микробтардың саны мен сапасы топырақтың химиялық кұрамына, ылғалдылығына, рН мөлшеріне, физикалық кұрылысына, ауа райына, топырақтың көңмен, нәжіспен ластану мөлшеріне, топырақты өңдеу мөлшеріне және тыңайтқыш қосу жағдайларына байланысты. Микроорганизмдердің басым көпшілігі топрақтың  жоғарғы қабатында кездеседі. Жылдың жылы уақыты топрақтағы микроорганизмдердің  ең көп болатын  уақыты.

Зардапты микробтар топыраққа малдардың әртүрлі бөлінділерімен, өлекселермен, канализация ағындыларымен, зардапталған тастандылармен туседі. Спора түзбейтін зардапты микробтар (бруцеллез туляремия, листериоз, сальмонеллездің қоздырғыштары) топрақта ұзақ уақыт өмір суре алмайды, себебі оларға қоректік заттар, қажетті ылғал жетіспейді, әрі әртүрлі антогонист-микробтар мен  бактерирфагтың әсері себепші болады. Олар сондықтан топырақта бірнеше күннен  бірнеше айдан артық сақталмайды. Спора түзетін микробтар (сіреспе,  катерлі ісікте, ботулизм және брадзот ауруларының  қоздырғыштары) керісінше топырақта үзақ уақыт сақталады. Бұл есептен  ерекше ұзақ сақталатын топалаң  ауруының қоздырғыштарының  спорасы, олар ондаған жылдар бойынша ауру коздырғыш қасиетін жоғалтпайды. Топрақта алуан түрлі микроорганизмдер кезедседі. Топрақ микроорганизмдер  дүниесіне өте бай. Бактериялар, саңырауқұлақтар балдырлар және қарапайым  организмдер топрақтың тұрақты тұрғындары, ал өңделген  топрақ өңделмеген топрақпен салыстырғанда микроорганизмдерге бай болады. 1-га  өңделген топрақ қабатында 1-5 т  микроорганизмдер болады. Топрақ микроорганизмінің маңызы  өте зор.  Олардың көпшілігі өсімдік және жануар қалдықтарымен қоректенеді, ондай қалдықтарды шірітіп минералдық қосылыстарға дейін айналдырады. Микроорганизмдер осылай  өсімдік тіршілігі үшін қажетті  қоректік  заттар қорын жасап отырады. Осы процессте  ауадағы азотты пайдаланып, оны химиялық қосылысқа  айналдыратын, барлық тері организмдер қорегі үшін қажетті элементпен топрақты байытатын бактериялар ерекше роль атқарады. Ал кейбір топрақта микроорганизмдер  өсімдіктерге  зиянын да тигізеді. Сонымен қатар жануарларды және өсімдіктерде ауруға ұшырайтындары да кездеседі.

Су микрофлорасы. Сулар атмосфералық (жауын, қар), жер асты (топырақтағы), жер беті (өзендер, көлдер, батпактар, тоғандар) және теңіз сулары болып бөлінеді. Суда неғұрлым органикалық заттар аз болса, соғұрлым онда  микроорганизмдер аз кездеседі.Атмосфералық суларда   микроорганизмдердің мөлшері аз болады. Жер асты суларының  ластануы, олардың, қандай тереңдікте  жатуына байланысты. Неғұрлым тереңіректен алынған су, соғұрлым таза болып келеді. Жер бетіндегі суларда микроорганизмдер топырақтан, ауадан түседі, бірақ негізінен зарарсыздандырылмаған  ағындылармен ластанады. Бірақ табиғатта жер беті суларының (озендердің) ағынның, күн сәулесінің, химиялық заттардың және бактериофактың әсерлерінен өздігінен тазару процесі жүріп жатады.

Суда кездесетін микробтардың көпшіліг сапрофиттерге жатады. Бірақ та ластану мөлшеріне байланысты кейбір жұқпалы аурулардың (топалаң, қарасан, туляремия, шошқа тілмесі, листериоз, пастереллез, бруцеллез) қоздырғыштары белгілі бір уақытқа дейін өз тіршілігін сактауы мүмкін. Мысалға сальмонеллез коздырғышы 3 айға дейін тіршілік күнін жоғалтпайды.

Суда зардапты микробтарды табу оңай емес. Сондықтан судың тазалығын анықтау үшін ондағы санитарлық-көрсеткіштік микробтарды — яғни жануарлар мен адамдардың ішектерін мекендейтін микроорганизмдердің мөлшерін есептейді. Ол үшін 1 мл судан Петри табақшасындағы ағар өсіндісіне себу арқылы бөлініп алынған микробтардың жалпы санын анықтайды. Бұдан басқа әдіс бойынша судың «Коли-титрін» анықтау, ғяни ол кем дегенде бір ішек таяқшасы кездесетін судың ең аз мөлшері. Сол сияқты «Коли-нн-дексті», яғни  1 литр судағы ішек таяқшаларының санын анықтауға болады. Мемлекеттік бүкілодақтық стандарт бойынша су құбырлары мен кұдықтардың суындағы микробтар  саны   1 000   аспаса, коли-титрі ІІІ кем болмаса,  ал  коли-нндексі 9 аспаған  жағдайда      ол сапасы жақсы болып ессптелінеді. Күнделікті түрмыс қажетіне пайдаланатын судың коли-тиірі 500 кем болмауы, ал колиндексі  2-ден аспау керек. Судағы микроорганизмдерді алсақ, ақпай тұрған тоспа суда, ағын суда, ыстық және мұзды суда тұзды және тұзщы суда, көлдерде саз  батпақтарында теңіз бен мұхиттарда кездестіреміз. Сулы жерлердің жағасындағы және түбіндегі саз балшықтарда микроорганизмдерге  бай болады.

Планетамызда фотосинтез заттардың 80%  мұхиттар фитопланктасындағы бір клетканың жасыл балдырлар.  Теңіз суларында өлген жәндіктердің органикалық қалдықтарын  минералдандыратын, сөйтіп оларды табиғаттағы заттар айналымына  қайта қосатын микроорганизмдер бар.

Микроорганизмдер ыстық суы бар орындарда кездеседі. Балқан жарты аралығындағы ыстық бұлақта  83 С шамасына дейінгі температураға шыдайтын  бактериялар кездеседі. Америка  микробиологы Г.Брок және ДЖ Дарланд АҚШ, Жаңа Зеландия және Испанияда 300 ыстық бұлақтағы бактерияларды зерттеген. Олар мынаны анықтады. Қышқылдығы шамалы суда 90 С, ал  сілтілі суда 100 С шыдайды. Өте тұзды  сулардан сары және қызыл пигменттер бөліп шығаратын бактериялар алынады.

Мәңгі мұз әлемі Антрактидада қар мен мұздың бетінен тоңазып қалған балдырлармен бірге бактериялар да  табылған. Арктикадан алынған топрақ, мұз және  түрлі органикалық қалдықтардан  психрофельді микроорганизмдердің көптеген түрлері алынды. Кейбір балдырлар тау шыңдарын басып жатқан қар беттерінде кездеседі. Ол балдырлдар қарды  қызыл түске  бояйды.

Ауаның микрофлорасы. Микробтар ауаға шаңмен, су тамшы-ларымен, адам мен жануарлардың жөтеліп, түшкіргенде шашырайтын сілекейлерімен тарайды. Ауаның  ластануы оның құрамындағы  минералды және органикалық косындылардың мөлшеріне, температураға, ылғалдылыққа, жауын-шашынға т. б. себептерге байланысты. Шаң-тозаңдармен бірге ауаға көптеген микроорганизмдер  көтеріледі. Атмосфераның жоғарғы қабаттарына қарағанда төменгі қабатында микрооргаиизмдер көп кездеседі. Әсіресе тұрғын аймақтарда және мал жайларының  маңында. Әсіресе микрооганизмдер желдетілмейтін, санитарлық ережелерге, сай емес жабық,  мал қораларының  ауасында көп болады (1 м3 ауа-да 2 млн дейін бактериялар жиналады). Жауын -шашыннан кейін ауа микробтардан недәуір тазарып қалады. Сол сияқты жоғары температура да  микробтарға қолайсыз әсер етеді. Ауада өзгеше, өзіне ғана тән микроорганизмдер болмайды, олардың кұрамы сол  жердегі топырақта, суда, жануарлар мен адамдардың организмінде кездесетін түрлеріне байланысты. Ауадағы микробтар күн сәулесінің, кұрғақшылықтың, қоректік заттың жоқгығынан тез қырылып калады.

Зардапты   микробтардан   ауада  стафилакоктерді,  туберкулез, топалаң, сіреспе, қатерлі ісік, тұмау, күл ауруларының қоздырғыштары кездеседі. Ауру малдар жөтелгенде, түшкіргенде, пысқырғанда аурудың қоздырғышы кұрамында бар уақ сілекей түйіршіктерін айналасына шашады, яғни тұман сияқты аэрозольдан тұрады. Бұл уак түйіршіктер ауада бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін сақталып, басқа  малдарга жұғуы мүмкін. Солардың ішінде мөлшері 0,2—5,0 мкм-дей болатын  түйіршіктер кауіптірек, себебі олар өкпенің альвеолаларына өтіп кетуі мүмкін. Одан ірірек түйіршіктер тыныс жолының жоғарғы бөліктерінде тұтылып, сорамен бірге сыртқа шығады. Аурудың  ауа аркылы таралуына малдардың өте тығыз орналасуы, қоражайды кұрғақ сыпырып жинау да өз әсерін тигізеді.

Ауаның бактериялармен ластану мөлшерін анықтау үшін 1 м3, ауадағы олардың жалпы санын анықтады. Тұрмыстық жайлардың ауасының 1 м3      1 000 бактериядан артық болатын болса, онда ол ауа ластанған болып есептелінсді. Ауаның тазалығын анықтау-да саиитарлық-көрсеткіштік микроб ретінде стрептококк алынған. Ауаны бактериологиялық зерттеу үшін седиментациялық,  сүзінділік ж. б. әд.істерді паидаланады.

Ауа ортасында бактериялар балдырлар ашытқы саңырауқұлақтар және  көптеген саңырауқұлақ  споралары өте көп таралған. Микроорганизмдер қала үстіндегі ауада бәрінен де  көп  кездеседі, тау шыңдары, мұзаттар мен  теңіз ауасында олардың екеуі де аз болады. Бактериялардың тіпті 12000 м  биіктікте сирен болғанымен кездескені белгілі. Зиянды  газбен  ыластанған ауада тірі бактериялар біршама аз болады. Жер бетінен қашықтаған сайын  атмосферадағы микробтар саны заңды  түрде  азая береді. Ауа арқылы небір  өсімдіктер ауруын, жануарлар ауруын, адам ауруын (грипп, оба, індет) қоздырушы  кейбір зиянкес микробтар ауа арқылы таралады.

Нәресте  жарық дүниеге келген алғашқы  секунда-ақ оның денесі микроскоптармен кездеседі. Микроорганизмдер адаммен осындай тығызда үнемі байланыста  болғандықтан адамға олардың ешқандай әсер етпеуі мүмкін емес. Сол сияқты организмге енген микробтарға адам  организмінің де әсерін жоққа шығаруға болмайды. Денемізге ауру қоздырушы микробтар енуіне байланысты көптеген аурулар болатынын біз білеміз. Сол сияқты кейбір  микроорганизмдерімізге біз мүлде  тұра алмаймыз. Олар ең алдымен  біздің  асқазанымызда  тіршілік етіп организмді маңызды К витаминімен қамтамассыз ететін микробтар оларсыз қан ұюы үшін қажетті протролебиннің түзілуі бұзылады. Микроорганизмдер сан жағынан көп  сапа  жағынан  әрқилы  органикалық дүниенің көрінісі. Олар табиғаттың кез келген түкпірінде тіршілік ете алады және  жай көзге көрінбейді. Ал құрылысы мен  биологиялық  қасиеттері пайдасы мен зияны айта қаларлықтай.

Мал организмінің қалыпты микрофлорасы.  Жануарлар өздері қоршаған ортамен ұдайы тығыз байланыста болады. Мал организміне микробтар топрақтан, ауадан  сумен, жем-шөппен басқа малдардан  тиседі. Олар теріге сыртқы  кілегей қабықтарына тыныс жолдарына, ас қорыту  ағзаларынан зәр-тыныс   мүшелеріне орналасады. Тал  тұлғаға дейін құрсақта өсіп-өнген кезінде ешқандай микроппен кездеспейді, яғни  стильді  жағдайда болады. Туғаннан кейін алғашқы десалған ауамен жұтқан  уызбен сыртқа ортадан көптеген микробтарды қабылдайды, солардың  кейбіреулері жануарлар организмінің белгілі жерлеріне орналасып өмір бойы «жолдас» болады.

Тері микрофлорасы құрамында  стрептококколоар, стафилоккоккалар, ішек және көк шіріту таяқшаоары әр түрлі зең саңырауқұлақтары  және басқа микробтар кездеседі, олардың ішінде зардапты  түрлері де кездеседі. Тері жарақаттанып оларды әртүрлі жаралай пайда болғанда  олардағы  микрофлора негізінен жоғарыда аталған  микроорганизмдерден тұрады. Осы  микроорганизмдер сыртқы  кілегей қабықтарда  жиі кездеседі.

Ас қорыту ағзасының микрофлорасы.  Жемшөптің түріне  химиялық құрамына және қорыту мүшелерінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Белгілі микробтардың малға берілетін жемшөптің құрамында болуы оның әрі қарай ас қорыту мүшелерінің  микрофлорасында басымырақ болуына әкеліп соғады. Мысалыға сүт қышқылды жемдерді көбірек бергенде оның әсерінен ішекте негізінен ацидофильді  бактериялар жайлап онда шіріту микрофлорасында өсіп-өнуіне жол бермейді. Бұл әсіресе жас  туған төлдержі өсіруде маңызы зор. Ас қорыту ағзасындағы  микрофлорасының құрамын реттеу үшін әр түрлі дәрі-дәрмектер әсіресе антибиотиктер беріледі. Бірақта ескертетін жайт антибиотиктерді белгілі бір жүйесіз шамадан тыс пайдаланған жағдайда, ішек  микрофлорасының құрамының кенеттен бір өзгеруіне (дисбактериоз) соқтырып, оның салдарынан ас қорыту ағзасының қалыпты жұмысы бұзылады.

Ауыз қуысының кілегей  қабығында кнопкалар таяқша тәрізді бұйраланған бактериялар антипалициттер, зең саңырауқұлақтары кездеседі. Сілекей мен шырыштың құрамындағы лизоцим аталған  микробтардың  өсуін тежейді Жарақат танбаған кілегей қабықтан микробтар өте алмайды. Қышқыл реакциялы қарын сөлінің әсерінен көптеген микробтар қырылып қалады. Бұған тек қана қышқылға төзімді (туберкулез қоздырғышы) және спора түзетін (топалаңның қоздырғышы) және спора түзетін (топалаңның қоздырғышы) микробтар қарсы тұра алады. Сол себептен де бір қарында малдардың қаржының микрофлорасы аса көп  болмайды. Бірақ та көп  намералы күйіс  қайтаратын малдардың таз қарнының микрофлорасы өте бай және әр түрлі болып келеді. Таз қарынның ішіндегі құрамының 1 мл-де 1-ден 10 млрд дейін  микробтар кездеседі. Былайша айтқанда таз  қарнының ішіндегі заттарды құрғақ массаға шаққанда оның 10 проценті микробтардың үлесіне тиеді. Микроорганизмдердің көмегімен  целлюоза крахмаль, қанттар ашып ыдырайды. Амин қышқылдары белоктар, витаминдер түзіледі. Осының арқасында  организм өзіне  өміріне қажетті  заттарды алады.

Таз қарында целлюзияны ыдырататын микроптар стерптокколар, лактобактериялар, әр түрлі ашыту  саңырауқұлақтары, антиномициттер кездеседі.  Ас қорыту ағзасының микробтары кейіннен өздері де бұзылып ыдырап организмге жоғарға сапалы белок ретінде пайдаланылады.

Он екі елі ішекте микробтар аз болады, оған өттің бактерицидтік қаситеі тәсер етеді. Ас ішектің басқа бөлімдерінде ішек таяқшасын  спора түзетін актерияларды кездестіруге болады. Тік ішекте де және тоқ іәшекте де осы  микроорганизмдер кездеседі. Ішектің бұл бөлігінің құрғақ затқа есептегенде 40 процентке дейінгі  микроорганизмдерден тұрады. Аш ішек пен тоқ ішекте де  қоректік заттардың ыдырауы микроорганизмдердің қатысуымен жүреді. Бұдан пайда болған заттардың қайсы біреулерін организм өз жобасына жаратады. Күйіс қайтарып  малдар үшін  клетканың ыдырауының үлкен мәнісі бар. Себебі  олардың ішектерінде оны ыдырататын фермент  целлюда болмайды. Ас қорыту ағзасында  жоғарыда айтылған қажетті микроорганизмдермен қатар қордапты түрлері де соның ішінде сіреспе  базайқұрт, сальмоналез т.б. аурулардың қоздырғыштары кездеседі.

Тыныс жолдарының микрофлорасы. Негізінен тыныс жолдарының алдынғы (жоғарғы) бөлігімен соның ішінде  топаудың кілегей қабығына байланысты. Өкпенің  бронхылары мен альвеалоларында қалыпты жағдайда  микробтар болмайды, олар оған тек қана  тапологиялық өзгерістер болған кезде енеді. Олардың ішінде зардапты микробтардан стрептококколар пневлюкокалар пастереллалар туберкулез қоздырғышы кездеседі.

Несеп-тыныс жолдарының микрофлорасы. Қынапта стофилоколар, стрептоккоколар ішек таяқшасы, сүт қышқыл бактериялары қышқылға төзімді бактериялар кездеседі. Жатырда аналық безде және аталық безде қалыпты. Жағдайларда  микробтар кездеспейді. Сол сияқты қанда, несепте өтте кеуде және құрсақ қуыстарында да микробтар болмайды. Өсімдіктер мен жемшөп микрофлоасы кездеседі. Оған олар ауадан, шаң- тозаңмен,  жауын-шашынмен және жануарлармен, кеміргіштердің бөлінділерімен түседі. Бұл микрофлора негізінен эпифиттік деп аталатын сапарофиттерден (шөп таяқшасы, ішек таяқшасы, сүт қышқылды бактериялар картофель және  шөп таяқшалары, жарық шығаратын шіру бактериялары, пигмент бактериялары әртүрлі актиномициттер, ашытқыш және көк  зең саңырауқұлақтары тұрады. Бұл микрофлораның сау өсімдікке  ешқандай зияны жоқ, бірақ шабылған көк шөпті  жемдерді  бұзуы мүмкін. Мысалыға териофильді бактериялар ылғал пішінде не дәнде өскен кезінде, олардың өздігінен қызып қарайып кетуіне  душар етеді, ал кейде (метан және сутегі сияқты жапқыш  газдардың көп  жиналуының әсерінен) өздігінен де жануы мүмкін.  Жем –шөпте топалаңның  тунерхимиялық аусындың, шошқа отбасының және басқа аурулардың қоздырғыштарын кездестіруге болады. Жем өпте бутулизмнің  уы болған жағдайда малдар жеп улануы мүмкін.

Көңнің микрофлорасы. Негізінен іртүрлі ашыту  қоздыратын микроорганизмдер мен шіріту микробтарынан тұрады. Көңді арасына ауа жақсы кіріп тұратындай қылып босату үйген жағдайда  белоктік заттар тез ыдырап азоттың қосындылары ысырап болады. Ондай кезде көңнің қызуы 75 С  көтеріліп, тыңайтқыш ретінде бағасынан тез айырылып қалады. Егерде көңді  тығыздау қылып  үйгенде жоғарыда айтылған процестерді шектеуге болады. Көңде микробтық зардаптардың соның ішінде топалаң, туберкулез, бруцеллез сальмонолез вирусті аурулардың қоздырғыштарын кездестіруге болады. Олар мұнда негізінен ауру малдардың бөлінділерімен түседі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-06-22 15:40:59     Қаралды-5019

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »