UF

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ РАДИОХИМИЯЛЫҚ САРАПТАУ

1. Мақсаты мен міндеттері

2. Ветеринариялық қадағалау нысандарындағы стронций-90, цезий-137, т.б. активтілігін радиохимиялық әдіспен анықтау.

Радиоактивті  элементтермен зақымданған ветеринариялық   объектілерді  радиохимиялық  әдіспен  зерттеу арқылы   толық    мәліметтер алуға болады. Қоршаған ортаға  аса  қауіпті мал  және өсімдік  өнімдерінде кездесетін  радиоактивті изотоптар яғни стронций-90, цезеий-137, полоний-210,  иод-131 т.б. ауыр металдарды  анықтауға  болады.

Зақымданған аймақтан  радиохимиялық   тексеру жургізу    үшін, алдымен сынама  үлгілерін белгіленген стандартқа сай, дайындау арқылы лабораторияға  жөнелтеді.   Мысалы, судың құрамындағы  радиоактивті  изотоптардың  мөлшері (дозасы) аз болған жағдайда, тексеруге алып келген су үлгісін жоғарғы температурада  кептіріп, қалған құрғақ  заттарды арнайы зерттейді. Ал тексерлетін  зат  биологиялық  материал болса, оны  жоғарғы температурада минерализация  жасап, күлін тексереді. Минерализациядан  өткен күлде радиоактивті  изотоптардың  мөлшеріне  байланысты,оны арнайы сұйықтыққа айналдырады, немесе азот  қышқылдармен бөліп алып зерттеуден өткізеді. Тексерілетін  үлгідегі радиоактивті заттардың  меншікті радиоактивтілігі  изотоптың радиометриялық аппаратурада анықталып,  нәтижесі есептелген жылдамдығына (импульс/мин) байланысты  болады.

Ауыл  шарауашылық  малдарында – радиостерилизацияны пайдаланыды, яғни  жыныс  бездеріне  радиоактивті  сәуле жіберу  арқылы ұрықсыз  қалдырады.  Жанауарларды  уақытша  ұрықсыз  қалдыру үшін  600-800р  әсер  етеді. Радиостерилизация тәсілі  фармацевтикада  антибиотиктерді,  витаминдерді,  гармондарды,  ферменттерді,  антикогулянттарды,  хирургиялық  аспаптарды, халаттарды, дәкелерді, мақтаны, жібек  жіптерін, синтетикалық  хирирургиялық  материялдарды  залалсыздандыруда кеңінен пайдаланылады.  

Радиостерилизацияны  микробиология  өнеркәсібінде,  вакциналарды дайындауда, микробтардың  қоректік  ортасын, антигендерді, және  дайын  бактериялық  препараттарды  даярлауда пайдаланады. Спорасы бар  бактерияларды  залалсыздандыру  үшін, оған 1,5-2,5 млн.р  әсер  етеді.        Мал  өнімдеріндегі  микрофлораны радиостерилиэациядан  өткізгенде, өнім  құрамындағы А,Е,К витаминдердің  сапасы  жоғалады.

Етті радиостерилизация  жасағанда,  ондағы  жоғалған витаминдердің көлемі, етті  қайнатқанға  қарағанда  аздау  болады. Ет, сүт, жұмыртқа, балық өнімдерін  ионды сәуле арқылы эалалсыздандырғанда дәмі мен иісі өзгереді, бірақ өнімнің тағамдық  қасиеті  сақталады, оларды  тағамға пайдалануға  болады.  Салмонеллезбен ластанған  тауық  және  үйрек  жұмыртқаларын 125-600 мың р  әсер  еткенде  бактериялар толық  залалсызданады, оларды  кейін  тұтынуға  жібереді. Шошқа  ұшаларындағы  трихинеллезды 10-18 мың.р. әсер еткенде, оларды толық  пайдалануға жібереді. Бал  араларының  карездерін, балдағы  американдық  шіргіш  қоздырғыш  спораларын  залалсыздандыру  үшін  гамма сәулесін  1,5 млн р. дозасымен  әсер етеді. Бал арасының  нозематоз  қоздырғышы 200мың р. сәулемен әсер еткенде  залалсызданады. Тері, былғары, жүн, қылшық, қауырсындағы сібір жарасының  спораларын гамма сәулесімен 0,8-1,5 млн р әсер еткенде залалсызданады.

Картоп, көк өністердің  сақтайтын  жайларында, оларды тез өнбеу үшін  радиостерилизация әдісін  қолданады. Астық және  астық  өнімдерін  дизенфекциядан өткізу мақсатында  радиостерилизциядан пайдаланады. Радиостерилизациядан  астық пен астық  өнімдерін  өткізгенде, олардың сақталу мерзімі ұзарады, сапасы бұзылмайды.

Радиоизотоптарды малдың организміне жіберу арқылы, оны химиотерапияда және қатерлі ісіктерді емдеуде, ионды сәулемен зақымдану ауруында пайдаланады. Бұл жағдайда, ісіктегі ұлпалар шамалы мөлшердегі ионды сәуле әсерінен  жойылады, сондықтан оның емдік  дәрежесі  жоғары  бағаланады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-03-31 13:23:04     Қаралды-734

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »