ОРМАН ҚҰСТАРЫ
Ағаштар мен бұталар қалың өсетін жерде мекендейтін құстардың түрі өте көп. Тотытәрізділер, жыртқыш құстардың кейбір түрлері, кейбір кептерлер (тұзкептер, дыркептер), тіпті сайрағыш торғайлардың кейбір түрлері (көктеке, шиқылдақ, пайыз, қунақ, бұлбұл, қайшыауыз және т. б.) тіршілігін тек орманда өткізеді десе де болады. Бұлардың негізгі қорегі, тіршілік әрекеті орманға байланысты. Сондықтан орманда тіршілік ететін құстардың тырнақтары үшкір, саусақтарының орналасуы орнықты да мығым, тұмсығы да ормандағы жемін аулауға ыңғайлы келеді. Орман-бұталы жерде мекендейтін құстардың көпшілігі бунақденелілермен, жеміспен, тұқыммен, ағаштың бүршігімен қоректенеді, қимыл-әрекеттері сондай қоректі тұтынуға бейім болады.
Тоқылдақтәрізділер отряды. Бұлар - дене мөлшері алуан түрлі орман құстары. Олар жемін орманнан тауып, балапандарын сонда өрбітеді. Тоқылдақ тұқымдастардың тұмсығы қашау тәрізді түзу, мықты болады, ол сілекейлі ұзын тілінің ұшы сояуланып бітеді. Оның аяғы қысқа, төрт саусағының екеуі алдыға, екеуі артқа бағытталған, өткір тырнақты болып келеді. Тоқылдақ қатқыл құйрығымен ағаштың діңіне орнықты таянып отырады. Бұлардың 400-ге тарта түрі бар. Елімізде тоқылдақтәрізділердің нағыз тоқылдақтарға жататын тұқымдасы ғана кездеседі, олардың дүние жүзінде 213 түрі бар, бұрыңғы ҚСРО-да 15 түрі, ал республикамызда 8 түрі мекендейді. Тоқылдақтәрізділерге жататын, бірақ өзіндік ерекшелігі бар дүпілдектің тіршілігімен танысып көрейік.
Дүпілдек - сырттай қарағанда тоқылдақтәрізділерге онша ұқсамайтын, республикамызда сирек және аралас орманды аймақтарда кездесетін жыл құсы. Ол Қазақстанға сәуір айының соңына таман ұшып келіп, қыркүйек айының басында жылы жаққа қайтады. Үздік-үздік дыбыс шығаратындықтан, құс дүпілдек деп аталған. Саусақтары тоқылдақтар тәрізді екеуі алдына, екеуі артына қараған төрт саусақты дүпілдек өзі ұя жасамайды, ағаш қуысындағы басқа құстардың ұясын пайдаланады. Дүпілдектің тұмсығы тоқылдақтан қысқа және ұшы аздап имектеу болады, негізгі жемі - құмырсқалар. Ұяға салынған 5-12 жұмыртқаны аналығы ғана басып, балапандарды ата-енесі бірдей жемдейді.
Орманда мекендейтін тауықтәрізді құстар отряды. Бұлардың тұмсығы қысқа, тұмсықүсті сәл имектеу, аяқтары мығым, қанаттары қысқа да жалпақ болады. Тауықтәрізділер көбінесе топырақты немесе орман төсенішін аяғымен тарпын, есімдіктердің тамырсабағы мен пиязшығын жейді, сондай-ақ жондіктермен де қоректенеді. Қазіргі кезде тауықтәрізділердің 280-нен астам түрі бар, олардың 20 түрі бұрыңғы ҚСРО-ның, 13 түрі Қазақстанның территориясында мекендейді, сирек кездесетіндіктен 26 түрі және он бір түр тармағы ХТҚО-ның, 6 түрі бұрынғы ҚСРО-ның 1 түрі алтай ұлары Қазақстанның Қызыл кітабыпа тіркелді.
Үларды қазақ халқы ерекше бағалайды: «Ұлы тауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?» деген өлең жолдары биік таулы аймақтарда мекендейтін ұлардың негізгі қасиетін сипаттайды. Нағыз орман құстары - Орталық және Оңтүстік Американың ормандарында мекендейтін ормантауықтар (үлкен ормантауық). Бұлардың көпшілігі ұяларын ағаш басына салады.
Жабайы банкив тауығы Үндістанда, Оңтүстік Шығыс Азияда қалың өскен бұталар мен орманда тіршілік ететін құстардың бірінен саналады, ол - асыранды тауықтың арғы тегі. Өмірінің көпшілігін жерде өткізгенмен де қауіп төнгенде ағаш басына қонақтайды. Негізгі қорегі - дән, тұқым, өсімдіктің әр түрлі бөліктері. Жерді біраз шұңқырлап ұя жасап, оған жапырақ, шөп-шалам төсейді де аналығы 5-8 жұмыртқаны басады.
Кәдімгі тауыс та - орман құсы, ол Үндістанда және Цейлонда ағаштары биік орманда мекендейді, басқа тауықтәрізділер тәрізді ұя жасап, оған аналығы 4-7 жұмыртқа салып, 30 күндей басады.
Орман маңынан, әсіресе тікенекті бұталар арасынан өте сақ, үркек, аса жүйрік және әсем құс - қырғауылдарды кездестіруге болады. Құр, саңырауқұр, сұр құр тәрізді орман құстары республикамыздың әр түрлі аймақтарында мекендейді. Бұталар арасынан шілдер де көзге шалынады.
Құр - нағыз орман құсы, ол жазда ашық жерлерде тіршілік еткенмен де қыста тіршілігінің көпшілігін ағашта өткізіп, сырғагүлдермен, бүршіктермен қоректенеді, жазда жеміс-жидектерді де жейді. Ұя салатын кезде құрларды қайың маңынан жиі көруге болады. Көктемнің алғашқы белгісі білінген шақта құрлар орман алаңқайында қораздана бастайды. Құрлардың қысқы топтары арасындағы қораздары қоразданып, ерекше дыбыс шығарып, жеке-жеке құрқылдайды да бірімен-бірі төбелесе бастайды. Топтағы қораздардың қораздануы бірнеше күнге созылады да ақыры құрлардың қысқы тобы ыдырайды, жеңген қораз мекиенін иемденіп, қоразданған орынның маңынан қоректерін тауып жейді, ұя салуға кіріседі. Ұядағы 4-12 жұмыртқаны басу және балапандарға қамқорлық жасау мекиеннің үлесіне тиеді. Құрлар - басқа тауықтәрізділер сияқты ширақ балапанды құстар.
Орман құстары
Жарияланған-2022-02-22 16:17:26 Қаралды-3543
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина