UF

ӨСІМДІКҚОРЕКТІ СҮТҚОРЕКТІЛЕР

Негізгі қорегі өсімдіктер болып табылатын сүтқоректілер де бар. Солардың бірі - піл. Пілдің дене құрылысында басқа жануарларда бола бермейтін ерекше мүше - еттұмсық еріксіз назар аударады. Пілдің еттұмсығы үстіңгі ерін мен мұрынның созылуынан пайда болған. Піл еттұмсығы арқылы сипап сезіп, иісті ажыратады, заттарды қармайды. Піл - құрлықтағы ең ірі жануар, оның салмағы 5 тоннаға дейін жетеді. Пілдер еттұмсықты сүтқоректілер отрядына жатқызылады. Бұлар өсімдікқоректі болып келеді.

Көп жағдайда ескеріле бермейтін түйенің де негізгі қорегі - өсімдік. Салмағы шамамен 800 кг тартатын түйенің екі түрі бар: қос өркешті - түйе мен дара өркешті - нар. Қос өркешті жабайы түйе - қаптағай сирек кездесетіндіктен, ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелді. Түйе тұқымдастар аяғының басындағы жұмсақ табанымен жүреді, сондықтан бұлар көнтабандылар отрядына жатады. Перу аймағында мекендейтін түйетек, викунья, ламалар да көнтабандылар, олардың түйеден айырмашылығы - өркеші жоқ.

Өсімдіктермен қоректенетін жануарлардың көпшілігі тұяқты сүтқоректілер болып табылады. Бұлардың башпайлары тұяқпен қапталады. Тұяқты сүтқоректілер аяғындағы тұяқтардың санына қарай жұптұяқты және тақтұяқты болып екіге бөлінеді.

Жұптұяқтылар отряды. Жұптұяқты жануарлар, бегомоттан басқасы (ол суда да, құрлықта да өмір сүреді), тек құрлықта ғана тіршілік етеді. Жұптұяқты сүтқоректілердің саусақтары екеу немесе төртеу болғандықтан, оны қаптайтын тұяқтардың саны жүп болады. Күдір, бұғы, арқар, киік, сиыр, қой-ешкі, жираф, доңыз - бұлардың барлығы жұптұяқты сүтқоректілер. Бұлардың ішінде доңыз ғана тамақ талғамайды, қалғандары тек өсімдікпен ғана қоректенеді. Жұптұяқты сүтқоректілер қоректену тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді: күйіс қайырмайтын және күйіс қайыратын жануарлар.

Күйіс қайырмайтын жұптүяқты сүтқоректілерге доңыздар мен бегемоттарды жатқызуға болады. Бұлардың иттістері ұзын және азу тістері бұдырлы болып, қорегін толық шайнап жұтады. Қарыны қарапайым құрылысты болғандықтан, жұтқан асы ауызға қайта барып шайналмайды. Шайнаған асьі тікелей жұтылып, қарында қорытылатын жануарлар күйіс қайырмайтын жұптұяқтылар деп аталады. Доңыз бен бегемот - міне сондай жануарлар.

Қазіргі асыранды шошқалардың ата тегінен саналатын доңыз бұрынғы ҚСРО-ның Батыс Европалық бөлігінде, Кавказда, Қазақстанда, Орта Азияда, Сібірдің оңтүстігінде, Қиыр Шығыста кең тараған. Оның еті, терісі және қылы өте бағалы деп есептеледі. Доңыздың мегежіні 4-6, кейде 10-14 ала жолақты торай туады. Доңыздар әр түрлі өсімдіктердің тамырсабақтарын, түйнектерін, тамырларын және жеміс-жидектер мен жаңғақтарды, самырсын тұқымдарын, шошқажаңғақтарды сүйсіне жейді, сонымен бірге жердегі құрттарды, бунақденелілерді, кішкене омыртқалы жануарларды да аулайды. Доңыздың аяғы екі тұяқпен қапталады. Бұл - күйіс қайырмайтын жұптұяқты жануар.

Бегемот тропиктік Африкада мекендейді. Оның аяғында тұяқпен қапталған төрт башпай болады, башпайлардың аралығынан керілген кішірек жарғақтар айқын көрінеді. Бегемоттың аналығы бір ғана бала туады. Бегемоттар көбінесе суда тіршілік етіп, су және құрлық өсімдіктерімен қоректенеді.

Күйіс қайыратын жұптұяқты сүтқоректілердің аяқтары сида, ұзын болатындықтан, шапшаң жүгіре алады. Бұлардың қарны күрделі - үш-төрт бөліктен құралып, жеген қорегін қарыннан ауызға лоқсытып, екінші рет шайнағаннан соң ғана қайтадан жұтады. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің көпшілігінде мүйіз болады, ал иттістері нашар дамиды немесе мүлде болмайды. Бұлан, бұғы, киік, жираф, күдір, арқар сияқты 180-ге тарта сүтқоректілер күйіс қайыратын жұптұяқты жануарлар болып табылады. Бұлар туа салысымен енесінің соңына ілесе алатын сергек 1-2 төл туады. Шайнап жұтылған қоректі қарыннан қайта ауызға лоқсып, екінші рет шайнағаннан кейін ғана толық жұтатын жануарлар күйіс қайыратып жұптұяқтылар деп аталады.

Тақтуяқтылар отряды. Бар болғаны 16 түрі ғана белгілі, аяқтарындағы саусақтарының басын бір немесе үш тұяқ қаптайтын, денесі ірі, өсімдікпен қоректенетін керік, жылқы, тапир сияқты сутқоректілер тақтұяқтылар отрядына жатады. Бұлардың қарны онша күрделі емес, бір бөлімнен тұрады және қорегін тікелей жұтып, қарындағы бактериялардың жәрдемімен қорытады. Қазақстанда жойылып кете жаздаған құлан да тақтұяқтыларға жатады. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Табиғатта жойылып кеткенмен, хайуанаттар бағында сақталып келе жатқан жылқы тұқымдастардың бірі - түзат. Бұл жабайы жылқы Қытайдағы Жоңғария шөлді аймағында 1878 жылдары сирек те болса, кездесетін, бұрын байқалмағандықтан, ол дала жылқысы - түзат деп аталады. Дала тағысы - түзаттар шөл және шөлейт далаларда суатты маңайлап, 5-20-дан топтасып жүрген. Түзаттың дене тұрқы 220-280 см, шоқтығынан биіктігі 120-146 см, салмағы 300 килограмға дейін жетеді. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі 83 хайуанаттар бағында 500-ге тарта түзат өсірілуде.

Бұрынғы ҚСРО-дағы Аскания-Нова қорығында 43 түзат қолдан өсірілуде. Түзаттар жылқы тұқымдастардың жойылып бара жатқан түрі ретінде ХТҚО Қызыл кітабына тіркелді. Асыранды жылқының арғы тегі - жабайы жылкы - тарпан.


Өсімдіктермен қоректенетін сүтқоректілер

 

МАЙМЫЛЕКТІ СҮТҚОРЕКТІЛЕР 

 

Сүтқоректілердің ішінде маймылтектілер (маймылдар мен шаламаймылдар) түр жағынан алуан-алуан пішінді болады. Алайда сырт көрінісінде өзгеріс болғанына қарамастан, маймылтектілердің дене құрылысында көптеген ортақ белгілер бар.

Приматтар отряды. Приматтар - әуел бастан ағашта тіршілік еткен жануарлар. Қазіргі кезде олардың 200-ден астам түрлері бар деп есептеледі. Приматтар (латынша: приматес - алғашқы, «ең озық» деген сөз, яғни жануарлар дүниесіндегі ең озығы) ағаш бұтақтарына өрмелей алатындықтан, аяқ-қолдары бес саусақты және қармауға бейім келеді. Маймылтектілердің шағын денелері де, денесі ірілері де кездеседі. Мысалы, шаламаймыл лемурдың дене тұрқы - 13 см, адамтәрізді маймыл ойнақының дене тұрқы - 15 см, ал горилланың дене тұрқы 180 сантиметрге дейін жетеді. Шаламаймылдар мен төменгі сатылы адамтәрізді маймылдарда едәуір ұзын құйрық болады.

Приматтар негізінен алғанда тропиктік аймақтарда ғана мекендейді. Бұлар орманда тіршілік ететіндіктен, иісті нашар сезеді, бірақ өте сақ және қырағы. Маймылтектілердің көздері алға қарай бағытталып орналасқан, сондықтан затты екі көзімен бірдей көріп, қашықтықты және түсті ажырата алады.

Приматтардың төрт аяқтарымен жүретін сүтқоректілерден ерекшелігі - бұғана сүйегі болады. Бұлардың кәрі жілікті құрайтын шынтақсүйек және шыбықсүйектері бірінен-бірі толық ажырасып орналасқандықтан, алдыңғы аяғы (қолы) жақсы қимылдап, күрделі қозғалыс жасай алады. Маймылтектілердің көпшілігінің басбармағы басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан, ал саусақтарының ұшындағы тырнақтары құстар немесе жыртқыш аңдардыкі тәрізді үшкір емес, жалпақ болып келеді. Приматтар ағаш басынан жерге түскенде төрт аяқтап жүруге тырысады.

Маймылдардың басым көпшілігі қорегін күндіз аулайды: негізгі қорегі - өсімдіктекті азық, кейде бунақденелілерді де жейді. Белсенді әрекет ететіндіктен, бұлардың ми сықарлары жақсы жетіліп, жоғары сатылы приматтардың ми сықарларында иірімдер пайда болған. Приматтар Африка, Азия және Американың тропиктік және субтропиктік ормандарында мекендейді. Бұлар - көбінесе топтасып тіршілік ететін жануарлар. Приматтар көзі ашық, бірақ өздігінен тіршілік етуіне әлсіз, 1-3 бала туады. Балаларын сүтпен асырайды. Жас маймылдар бірнеше жылдар бойы енесінің төңірегінен ұзамай, бірге тіршілік етеді.

Орталық және Оңтүстік Американың ормандарын мекендейтін танау тесігі өте үлкен приматтар қармаққұйрық және ойнақы тұқымдас маймылдар деп аталады. Қармаққұйрық тұқымдас маймылдың бірі - бүйімешін. Бүйімешін құйрығын ағаш бұтағына орап, қарманып тұра алады, сондықтан оның құйрығын «бесінші аяқ» десе де болады. Ойнақының дене пішіні қуыршаққа ұқсас, тырнақтары басқа маймылдардан ерекше - құстың немесе жыртқыш аңның тырнағы тәрізді, сондықтан оны кейде үшкіртырнақ маймыл деп те атайды. Кеңтанаулы маймылдар онша көп емес, олардың 60 шақты түрі бар, солардың 18 түрі мен 2 түр тармағы өте сирек ұшырасатындықтан ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелді.

Танау тесіктері тар және алға қарай бағытталған мартышка, гиббон және адамтәрізді маймыл тұқымдасы тартанаулы маймылдар деп аталады. Олардың 100-ге жуық түрі тіршілік етеді. Тартанаулы маймылдар Африка мен Оңтүстік Азияда таралған, құйрығы ұзын болғанмен бұтақты қармай алмайды, кейбіреулерінде құйрық болмайды. Олар көбінесе ұртқалталы, көншонданайлы болып келеді. Жерде өмір сүретіндері (мысалы павиан) төрт аяқтап жүреді.

Адамтәрізді маймыл тұқымдастар - ұртқалтасы және көншонданайлы болмайтын, құйрықсыз, денесі қомақты орангутан, шимпанзе, горилла тәрізді маймылдар. Орангутанды Калимантан және Суматра аралдарындағы ормандардан жалғыз дара немесе топтасып жүрген қалпында кездестіруге болады, ол жерге өте сирек түседі. Орангутан баласын ағаш басындағы ұяда туады. Ал шимпанзелер Африканың тропикті орманын мекендейді, тұқымтоп, кейде шағын топ құрып өмір сүреді. Бұлар орманда өмір сүргенмен де ағаш басынан жиі түсіп, жермен байланысын үзбейді. Экваторлық Африка ормандарында мекендейтін горилла адамға кобірек ұқсас, жоғарыдағы маймылдарға қарағанда горилла ағаштан горі жерде көбірек жүреді. Бұл маймылдар өсімдіктекті азықпен қо- ректенеді.

Адамтәрізді маймылдардың адамға ұқсас белгілері басымырақ. Бұлардың ми сыңарларында жүлгелер мен иірімдердің болуы, миының көлемділігі, қан тобының адамға ұқсастығы, соқырішектің және құлақ қалқанының болуы адамдарға өте ұқсас жануар екенін көрсетеді. Адамтәрізді маймылдар тіпті қарапайым құрал жасап, оны қажетіне қарай пайдалана алады, ризашылығын, қорқынышын, ашулануын бет бұлшықеттерінің қимылымен ымдау арқылы айқын білдіреді. Соңғы кезде табиғатта өте сирек кездесе бастағандықтан, орангутан, горилла және шимпанзе ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелді.

Адамтәрізді маймылдар ішінде әсіресе шимпанзенің адамға ұқсастығын ДНҚ-ны молекулалық гибридтеу әдісімен зерттегенде адам және шимпанзе гендерінің ұқсастық процентінің 99, ал адам мен мартышка тәрізділердікінің 66 процент болуы толығырақ дәлелдеп берді. Сондықтан адам да жоғары дәрежелі приматтар отрядының бір түрі деп есептеледі.

 


Маймылтекті сүтқоректілер

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-22 14:45:51     Қаралды-2196

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »