UF

ТАБИҒИ БІРЛЕСТІКТІҢ ТАҒЫ БАСҚА ТҮРЛЕРІ. АДАМНЫҢ ТАБИҒИ БІРЛЕСТІККЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ТАБИҒИ БІРЛЕСТІКТЕРДІ ҚОРҒАУ

 

Көл. Қазақстанда көлдер өте көп. Олар ойпаң жерлерде орналасады. Мұндай суқоймалардың маңайы далалы, шөлейтті, шөл дала аймақтың жағдайларына қарағанда өте ылғалды болып келеді.

Жағалау. Жағалауда жапырақтары жалпақ, ылғал сүйетін өсімдіктер өте көп өседі. Бұл алқапта әр түрлі жануарларға қорек те мол. Қалың өскен өсімдіктер арасына жануарлар жауынан жасырына алады. Доңыз, елік тәрізді сүтқоректілер қалың өсімдіктердің арасын саялайды.

Жағалауда тіршілік ететін жәндіктер де сан алуан: қарапайымдылар, құрттар топырақты мекендесе, кенелер, бунақденелілердің дернәсілдерін де топырақ арасынан кездестіруге болады: ұлу, шекшек, шыбын, маса, сона, инелік және қоңыздар шалғынды жайлайды. Ұлу, шекшектер өсімдікпен қоректенсе, сона, маса сүтқоректілер мен құстардың қанын сорады, ал инеліктер шыбын мен масаларды аулайды.

Омыртқалы жануарлар үшін де жағалау өте қолайлы. Жағалаудың ылғалдылығы мол, суқоймада бақалардың итшабақтары дамиды, бақалардың қорегі - бунақденелілер де жиі кездеседі; сарыбасжыландар үшін де жағалау қолайлы; бақалар мен бунақденелілерді жейді, ол - жауынан қорғанатын пана. Жағалауда құстардан жылқышы, шағата, үйректер кездеседі, олар ұя салып, жауынан қорғанады, жәндіктерді жеп, тіршілігін жалғастырады. Өсімдікпен қоректенетін сүтқоректілер: доңыз, елік, ондатр, егеуқұйрықтар суқоймада немесе жағалауда мекендейді. Тіпті жыртқыш сүтқоректілер - күзен, түлкі, қасқыр да жағалауды төңіректеп, құстарды, сүтқоректілерді аулайды. Онда мекендейтін жануарлардың барлығы қалың өскен өсімдіктерге жасырынып паналайды.

Суқойма. Шөл, дала, шөлейт жерлерден тұтас табиғи жиынтық болып табылатын суқойманың орта жағдайы біріне-бірі ұқсамайтын ерекше үлескілерден құралады. Суқойманың суы жағаға таяған сайын таяздана түседі, онда су өсімдіктері өседі. Су жағадан алыстап, тереңдеген сайын жапырағы суда қалқитын өсімдіктер көбірек өсетіні байқалады. Гүлді. өсімдіктердің су бетінен тек гүлдері ғана көрінеді, гүлдеу соңынан су түбіне батады да сонда тұқым түзеді. Суқойманың ең терең ортасында өсімдіктер болмайды, аздаган балдырлар дамиды.

Көптеген тірі ағзаларға жағалау жайлы әсер етеді; мұнда су күн сәулесінен жақсы жылынып, судағы ауа ериді де ұсақ ағзалардың (біржасушалы балдырлар, қарапайым жәндіктер) дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ұлулар, құрттар, су қоңыздары, бунақденелі жәндіктердің дернәсілдері ұсақ ағзалармен қоректенеді, бұларды балықтар мен құстар жейді. Суқойманың жағалық алқабы суда жүзетін сұқсыр, сүңгуір үйректерге қолайлы орын болып табылады.

Жапырақтары су бетінде қалқитын, суға асылып өсетін өсімдіктер алабы су астында тіршілік ететін жануарлар үшін қолайлы. Сүлік, бунақденелілердің дернәсілдері өсімдіктердің суасты бөліктерін мекендеп, жапырағын, сабағын кеміріп, жол салады. Балықтар осында қоректеніп, уылдырық шашады. Құстар да ұсак жәндіктер мекендеген өсімдіктермен қоректенеді.

Судың терең қабатында балықтар тіршілік етеді. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып бара жатқанда немесе жауынан қорғану үшін ашық жерде қонақтауды ұнатады, мұндайда жыртқыш немесе аңшының жақындағанын алдын ала сезініп, құс жауынан құтылып кетеді.

Өздерің байқап отырғандай, құстар жағалау мен судағы тіршілікке, ылғалды орта жағдайына бейімделгіш келеді. Ылғалды жердегі өсімдіктердің жапырақтары жалпақ та шырынды болады. Былқылдақденелілер, көптеген бунакденелілер, үйректер, ондатр, су егеуқұйрықтары өсімдіктермен қоректенеді. Ал оларды күзен, қасқыр, құладын, қаршыға тәрізді жыртқыштар олжалайды. Бунақденелілер мен былқылдақденелілерді бақалар қорегіне жаратады.

Тірі ағзалар үшін қоректенудің маңызы зор. Қоректену тізбегі алаптағы тірі ағзалардың барлығын тығыз байланыстырып, бірлестікке тұтас әсер етеді.

Қоректену тізбегінің кысқа да, ұзын да болуы мүмкін Қысқа қоректену тізбегінің сызбанұсқасы мынадай: өсімдік ® үйқоян ® түлкі. Ал ұзын қоректену тізбегіне мынадай мысал келтіруге болады:       қарағай- ® біте ® қанқыз ® өрмекші ® бунақденемен қоректенетін құс ® жыртқыш құс.

Суқойма мен оған ұласып жатқан құрлық үлескілерін адамдар ежелден-ақ пайдаланып келеді. Олар суқоймалардан балық және су құстарын аулайды. Жағалаудағы алқаптың өсімдіктерін пайдаланып, оған мал жаяды.

Өкінішке орай республикадағы көптеген суқоймалардың жайкүйі көңілге қонымды емес. Дұрыс жарата білмеудің салдарынан суқоймалардың көпшілігі сарқынды сумен ластанып, құятын өзендердің суы әр түрлі себептермен азайып кеткендіктен, тартылып, тіпті құрғап қалды (Аралды еске түсіріңдер). Сондықтан балықтар, суда жүзетін құстар мекенін қорғау үшін суқоймаларды, ал жағалаудағы құрлық үлескісінде тіршілік ететін жануарлар үшін суқойма маңын ластамай қорғауды қажет етеді.

Биік тауда өсетін шалғын. Табиғат аймақтарының солтүстіктен оңтүстікке қарай полюстік аймақ, тундра, тайга, орманды дала, шөлейт, шөл аймақтарға ауысатыны сендерге мәлім.

Тауда да осы тәрізді аймақтардың ауысуы болады, бірақ солтүстіктен оңтүстікке қарай емес, теңіз деңгейінен көтерілу биіктігіне қарай ауысады.

Мәселен, Іле Алатауында 800 м биіктікке дейін жусанды-астық тұқымдас өсімдіктер өссе, 1100 метрден жоғары әр түрлі шөп текті-астық тұқымдас өсімдіктер өскен дала біртіндеп орманды аймаққа жалғасады.

Табиғи бірлестіктегі ұзын қоректену тізбегі

 

Теңіз деңгейінен 2000-2900 м биіктікте субальпілік немесе альпілік шалғын аймағы орналасады. Мұнда температура коңыржай күйден жоғары ылғалдыққа дейін өзгереді. Ауаның температурасы жазда 10-15°С жылы, кейде 30°-қа дейін жетеді, ал оның есесіне төменіректе, тау етегіндегі шөл далада 50°С болуы мүмкін.

Тауда өсетін шалғында астық тұқымдас тарғақшөп, атқонақ, қызылбас жоңышқа (бұршақ тұқымдас) және Қазақстанда өсетін әдемі балшырыш көптеп кездеседі.

Субальпілік және альпілік шалғыннан далада мекендейтін, сондай-ақ орман жануарларын жиі кездестіруге болады, өйткені орман да, дала да бұл аймаққа онша қашық емес. Топ-топ болып суырлар және қорек іздеген қасқыр, түлкілер осы аймақтан табылады. Күні кеше ғана таутеке, арқарларды ілбіс еркін аулаған еді, енді олардың саны сиреп барады. Арқар мен ілбіс бұл күнде Қазақстан Қызыл кітабына тіркелді.

Тау етегіндегі шөлден биік таулы аймаққа көтерілген сайын, шөл даладан солтүстік шеңберге дейін солтүстікке қарай біртіндеп өзгеретіні тәрізді, тау етегіндегі шөл даладан таудың басына қарай өзгеру арқылы жорғалаушылардың анда-санда кездесетінін көреміз. Қазақстанда мекендейтін жыландар мен кесірткелер балаларын тірілей туады. Құстардан кекілік көзге жиі түседі.

Субальпілік және альпілік шалғынды аймақ жақсы жайылым болып табылады. Ондай жайылымды жерлер жайлау деп аталады.

Жаз кезінде жайлауда қой, мүйізді ірі қара, жылқы жайылады. Күзге қарай малды ойға, қыстауға қарай айдайды.

Кейде малды дұрыс жаймайтын кездер де байқалып қалады: қолайлы жерлерге малды жайғандықтан, жеуге жарамды шөптер тез жойылып, шаған сияқты улы өсімдіктер басып кетеді.

Келтірілген мысалдардан табиғи бірлестіктің адам үшін ертеден-ақ қажетті екені және оларды пайдаланып келе жатқаны анық байқалады. Бірақ табиғат тепе-теңдігін ерекше бұзып, тірі ағзалар тіршілігіне қажетті жағдайды нашарлатып, олардың санын азайтуға жол береді, кейде тіпті түрдің жойылып кетуіне де себепкер болады.

Табиғи бірлестікті қорғау. Өсімдіктер мен жануарларды ойланбастан айуандықпен пайдаланудан сақтандыруды ғана емес, табиғи бірлестікті қорғау тірі ағзалардың мекен етуіне қажетті орта жағдайын сақтап қалу үшін де құнды болып табылады. Сондықтан табиғи бірлестіктің өмір сүруіне керекті жағдайды қамтамасыз ету үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған шаралар жасаудың маңызы зор. «Бұрынғы ҚСРО мен республикалар «жер заңы негіздері», «су заңы негіздері» заңдарын қабылдап, топырақты қорғауға, су байлықтары мен суқоймалардың барлық түрлерін қорғауға негіз жасады. Ауалы ортаны ластанудан «Ауақабатындағы ауаны қорғайтын заң» сақтандырады.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғауда бұрыңғы ҚСРО-ның (1984 жылы ұйымдастырылған) және Қазақстанның (1996 жылы шығарылған) Қызыл кітаптарының атқаратын ролі зор. Бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітабына ерекше қорғауды қажет ететін 462 жануарлар түрі және 772 өсімдіктер түрі; Қазақстанның Қызыл кітабына жүздеген жануарлар түрі мен өсімдіктер түрі тіркелді.

Адамдар табиғи орындарды қорғау және ұқыпты пайдалану туралы заңдар мен нұсқауларды неғұрлым қатал сақтай білсе, оны өндірістік қызметінде де, табиғатпен тікелей араласқанда да (тұрмыста да, тынығу кезінде де) дұрыс қадағаласа, табиғи бірлестіктердің одан әрі тіршілік етіп, сақталуына соғұрлым мүмкіндігі арта түседі.

Табиғатқа барлық адамдар ұқыптылықпен қарауға міндетті!

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-17 12:47:41     Қаралды-1111

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »