ІРІ ҚАРА БОРДАҚЫЛАУДЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................ НЕГІЗГІ БӨЛІМ................................................................................................ 1 Әдебиеттік шолу............................................................................................ 1.1 Бордақылау барысындағы ет өнімдерінің өсуі және өзгерісі................ 1.2 Ет өнімдерін және оны пайдалану............................................................ 2 Өзіндік зерттеу............................................................................................... 2.1 Шаруашылықтың сипаттамасы................................................................. 2.1.1 Орналасқан жері, ауа-райы климаттық жағдайы................................. 2.2 Зерттеу зерзаты мен әдістемесі................................................................. 2.2.1 Шаруашылықта өсірілетін ірі қара тұқымына сипаттама................... 2.2.2 Ет өнімінің бағалау әдістері, ірі қарамал етін өнеркәсіптік негізде өндіру техналогиясы........................................................................................ 2.3 Зерттеу нәтижелері..................................................................................... 2.3.1 Ірі қараны бордақылаудың өнеркәсіптік технологиясы...................... 2.3.2 Малды жайып семірту және бордақылау.............................................. 2.3.3 Етті ірі қараны бағып-күту технологиясы........................................... 2.3.4 Етті ірі қара өсіру технологиясы............................................................ 2.3.5 Мүйізді ірі қараның ет өнімділігі........................................................... 3 Экономикалық бөлім..................................................................................... 4 Бизнес жоспар............................................................................................... 5 Тіршілік қауіпсіздігі...................................................................................... 6 Экология және қоршаған ортаны қорғау.................................................... Қорытынды.................................................................................................. Өндіріске ұсыныс.................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................ |
|
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Еуропа мемлекеттерінде және біздің елде, ірі қара етін сүтті және сүтті-етті ірі қара тұқымдарынан алуда. Сондықтан ет өнімін көбейту үшін, сүтті және сүтті-етті малын өсіретін шаруашылықтарда, олардың еттілік қасиетін жақсартатын шараларға көп көңіл бөлу қажет. Сүтті және сүтті-етті бағыттағы малдармен асылдандыру жұмысын жүргізгенде, олардың қарқынды өсуіне, тірі салмағының жоғарылауына және дене бітімінің жақсаруына мән берген жөн. Көптеген тәжірибелерге қарасақ, көптеген ірі қара тұқымдарының еттілік қасиеті жақсаруда. Оған мысал ретінде қара-ала, қызыл, әулиеата, алатау, симментал ірі қара тұқымдарын айтуға болады. Шаруашылықтарда ет өнімінің көбейюіне көп әсер ететін жылына туатын бұзаулардың басы және олардың сақталуы. Сиыр табынында сиырлардың және буаз қашарлардың үлесі көп болса, бұзаудың саны көбейіп, оларды етке дайындауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығында жаңа технологиямен өндірілген өнімдерді пайдалану, өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мал шаруашылығының өнімдерінің сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр.
Бұл күрделі мәселенің шешілуі, тиімділігі жоғары дамыған агроөндірістік кешендерді құруды қажет етеді, ол бірегей жаңартылған табиғи қорларды: топырақтарды, өсімдіктерді, жануарларды жетік игеріп, тиімді қолдану арқылы ғана болуы мүмкін. Мал өнімдерін жоғары деңгейге жеткізуде маңызды мәселе болып барлық малдарды жынысына, жасына байланысты ұтымды, тиімді азықтандыру негізгі бағыт болып табылады, өйткені жануарлардың тұқым қуалаушылықтағы, шартты өнімділігі тек толық құнды қоректендіру жағдайында ғана жүзеге асады.
Тірілей салмақтың мөлшеріне, ұшаның, ет өнімдерінің салмағына, малдарды қарқынды өсіру мен бордақылау едәуір әсер етеді. Мұнда тек мал шаруашылығы шығаратын өнімнің көлемі ғана өсіп қоймай, сонымен қатар сапасы да артады. Осыған байланысты малдың төлдерін өсіруді ғылыми негізде ұйымдастыру, оларды бордақылауды, әсіресе жас ірі қара малын бордақылау жоғары сапалы етті және I, II дәрежелі ет тәріздес өнімдері мен басқа мал шаруашылығы өнімдерін көптеп өндіруте әсер етеді.
Ет және қосалқы ет өнімдерін қажетті сапада өндіру ұшалардың еттілігін және ішкі мүшелерді қалыптастыратын ұлпалардың өсуіне және ағзаның қажеттілігін қамтамасыз етуге, әр түрлі жастағы кезеңдердегі жағдайлардың талаптарына негізделеді. Туғаннан кейінгі өмір кезеңдерінде және мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестерінде тірілей салмақтың, ұшаның, іш майларының, қосалқы ет өнімдерінің өзгеруін зерттеу, жоғары сапалы сиыр еті мен ет тәріздес өнімдерін өндіруде өзекті мәселе болып табылады.
Ет және қосалқы ет өнімдерін өндіруді ұлғайту, мал сойысындағы қосымша өнімдерді тиімді пайдалануда маңызды қор болып табылады. Сою мен алғашқы өңдеуде 30% дейінгі қосалқы өнімдер (ет тәріздес өнімдер, майлар, ішектер, қан және т.б.) және де олардың 40% I және II дәрежелі қосалқы ет өнімдерін құрайды. Бұл өнімдердің жартысынан көбі тамақ мақсаттарына, қалғандары мал бордақылауға және техникалық өнімдерді өндіруге қолданылады. Бірақ барлық өндірістік орындар ет пен ет тәріздес өнімдерді өңдеуде көп көңіл бөле бермейді. Қазақстан Республикасындағы ет өнеркәсібіндегі қосалқы шикізатты қолдану тек 15-20% ғана құрайды. Бұл шикізаттың көбі үйлерде сойғанда және ауылдық жерлердегі сою бекеттерінде айтарлықтай шығындалады.
Осыған байланысты, ет өнімдерін және техникалық шикізаттарды (май, қан, ішек, сүйек және т.б.) кеңінен және толық пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру қажет, әсіресе базасы шағын шикізаты бар кіші және орта қуаттағы өндіріс орындарында.
Сондай-ақ, ет өнімдерінің сапасын, дәмін және тағамдық қасиеттерінің биологиялық құндылығын жоғарылатуға, сонымен қатар ет өнімдерінің түрлерін көбейтуге аса назар аудару керек. Дәстүрлі тағам шығаруды көбейте отырып, одан әрі қарай ет өндірістік шикізаттары негізінде диеталық және емдік тамақтануды дамыту қажет.
Осыған дейін ет өнімдері, қоғамдық тамақтануда толығымен кең түрде қолданылмаған. Мұндай өнімдерді, әсіресе II дәрежелі қосалқы ет өнімінен еттің жартылай фабрикаттарын шығаруда, консервілер мен шұжықтар өнімдерін өндіруді өндірісте қолдану өте аз зерттелген, сондықтан ет өнеркәсібінде бұл зерттеулерге көңіл бөлу қажет.
Жұмыстың мақсаты. Ірі қараны бордақылаудың өндірістік технологиясының әдістерін ашып көрсету. Қазіргі өндірісте кең қолданылып жатырған бордақылаудың әдістері мен тәсілдерін жинақтай отырып тиімді тұстарын өндіріске ендіру жолдарын айқындау.
Ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста алғаш рет облыста қарқынды өріс алып жатырған ірі қараны бордақылау өнеркәсібі жұмыстарының нәтижесі келтірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдебиеттік шолу
1.1 Бордақылау барысындағы ет өнімдерінің өсуі және өзгерісі
Мүйізді ірі қара малды үдемелі түрде өсіру және бордақылау ағзаның өсімталдылығын барынша толық пайдалануға негізделген. Үдемелі түрде өсіруге және бордақылауға мал басын толықтырылатын мал басынан артық бұқашықтар бөлінеді. Жас малдар үдемелі түрде өседі, азықты тірілей салмақ өсімімен жақсы өтейді және олардың еті жоғары сапалы, дәмді.
Сүт кезеңнен жас ірі қара малды 6 айдан 12 және 18 айға дейін дұрыс және үдемелі түрде азықтандыру ерекше маңызды, себебі осы кезде бұлшық еттің және ағзада майдың шоғырлануы қарқынды түрде жүреді, яғни малдардың еттілігі қалыптасады, еттің шығымы артып сапасы жақсарады.
Қазіргі кезде көптеген елдерде сиыр етін өндіру негізінен жас мүйізді ірі қара малды өсіруге және бордақылауға негізделген, мұнда өсу және бордақылау процестері жақсы үйлеседі, яғни бұлшық ет салмағы және сонымен бір мезгілде майдың ішкі мүшелерде, бұлшық еттер ішінде және араларында шоғырлануы жоғарылайды.
Малдың генетикалық қорын толық қолдануға мүмкіндік жас малдарды өсіру малдардың биологиялық өсу және даму негізінде жүргізілгенде болады. Тек малдарды жақсы толық құнды азықтандырғанда ғана генетикалық қоры жоғары малдар шынымен жоғары өнімді болу мүмкін.
Қазақстанда бұрын ауыл шаруашылығында ет өндіру дәстүрлі, негізгі және басым бағыттың бірі болатын. Өткен ғасырдың 80 жылдары (1980 жыл) жылдық ет өндіру 1,5 млн.т. дейін жетіп, адам басына шаққанда 86 кг ет өндірілді. Бұл кезде қайта өңдеу кәсіпорындары (ет комбинаттары, мал сою бекеттері, шұжық және консерві цехтары) жеткілікті түрде дамыды.
Шикізат қорларының, әсіресе оларды өнеркәсіптік өңдеуге сатып алудың кемуі, мал басының азаюына, олардың салмағының және өнімділігінің, сонымен бірге халықтың сатып алу дәрежесінің төмендеуі жиырмасыншы ғасырдын соңғы онжылдығында ет және ет өнімдерін шұғыл түрде төмендеуіне әкеліп соқты.
А.Ә.Төрехановтың мәліметтері бойынша Қазақстанда жұмыс істейтін 68 ірі және орта ет өңдейтін өнеркәсіп кәсіпорындарының жобалық қуаты бір маусымда мың тонна (етке шаққанда), ол 1990 жылдың 30,5% дәрежесінде болды. Көптеген кәсіпорындар шикізатпен қамтамасыз етілмеуіне және айналымда қаражат болмауына байланысты толық қуаттылығымен істемейді немесе тоқтап тұр [1].
Ет және ет тәріздес өнімдер өндіру көлемі 77 мың тонна, бұл 1990 жылмен салыстырғанда 12 есе, 1995 жылмен - 3,6 есе, 1999 жылмен - 1,3 есе аз болды.
Жолшыбек Т. [2] соңғы жылдары Қазақстан Республикасында елде өндірілетін еттің тек 14% ғана өңделеді. Елдегі қуаттылықтардың қолдану коэффициенті тек 10% ғана. Бұл көрсеткіш әсіресе консерві өндірісінде - 3,3% (37,2 мын тонна), ет және қосалқы ет өнімдерде - 4,1% (210 мың тонна) өте төмен деңгейде. Өндірістік өңдеу деңгейінің төмендеуі негізінен, мал басының азаюына және меншік түрінің өзгеруіне байланысты болды.
Ә.Байжұманов [3] еттің сойыс салмағындағы көлемі соңғы 3 жылда 620-670 мың тонна деңгейінде болып тұр. Қазақстан Республикасының табиғи - климаттық жағдайларының көптүрлілігі мал басының шоғырлануына және ет өндірудің көлеміне ықпал етеді. Ет қорларының көпшілігімен Солтүстік Қазақстан (50,9%) және Оңтүстік Қазақстан (27,6%), аздығымен Орталық (13,2%) және Батыс Қазақстан (8,3%) ерекшеленеді.
Е.А.Богданов [4, 5] көрсетуі бойынша, азықтандырудың өзгешелігі мал денесінің дамуын тек қана жылдамдатып, баяулатып қоймай, сонымен қатар малдың сыртқы тұлғасын, дененің бөлігін өзгертеді. Малдардың ет өнімділігін және сапасын жоғарылату үшін жеке аймақтардың шаруашылық және табиғи ерекшеліктерін, жұмсалатын азықтың құрамын ескеріп қарқынды азықтандыруды ұйымдастыру керек деген ой түйді.
Бұрындары қосалқы ет өнімдері Семей, Петропавл, Орал, Алматы қалаларындағы ірі ет комбинаттарында өңделетін. Қазіргі уақытта бұл ет комбинаттары таратылған немесе толық қуатта жұмыс істемейді. Қолданыстағы етті өңдеу цехтарында негізінен шұжық өнімдерін шығарады, тек олардың кейбіреулерінде ғана ет тәріздес өнімдерден шұжықтар шығарылады, консервілерді тек Петропавл ет комбинаты ғана шығарады.
Н.П.Кулешов мәліметтері бойынша бұрын Семей ет комбинатында 53,4 млн шартты банкілер, немесе жалпы өнім шығарудан 34,9%, Петропавлда - 54,9 шб. (39,5%), Оралда - 10,2 шб. (6,7%), Алматыда - 34,9 шб. (22,2%) өндірілген [6].
Азықтандыру дәрежесін өзгертіп малдың салмағына және дене пішініне әсер етуге, олардың дамуын тежеуге және белгілі бір дәрежеде зат алмасуға әсер етуге болады [7, 8].
1.2 Ет өнімдерін және оны пайдалану
Онтогенезде ағзаның жеке дамуы мен өсуі - бір бірімен өзара байланысты көрініс ретінде бір уақытта өтеді және жалпы дамудың жеке жақтарын байқатады. Өсу мен даму бірдей емес, олар жалпы дамудың жеке жақтарын байқатады.
Солдатов А.П.,Башкиров В.А.,Игнатенко Г.Г. заңдылық белгілеулері бойынша жекелеген ұлпалар әр кезеңдерде әртүрлі жылдамдықпен өседі және азықтың өзгеруімен қоршаған ортаның басқа ықпалдарына, әсіресе жеке даму сатысындағы жедел өсуге бейім ұлпаларға әсер етеді [9].
Ағзаның дамуы мен тірілей салмағының өзгерісінде белгілі байланыс қалыптасқан. Тірілей салмақтын, денесінің өсуі белгілі жаста маңызы зор, өйткені тез өскен малдың салмағы баяу өсетініне қарағанда аз уақыт ішінде етке тапсыруға дайын болуы үшін, өсіп жетілуі керек.
Малдарды жетілдіруде азықтандыру басты ықпал болып табылады. Көптеген зерттеулерде көрсеткендей, азықтандыру дәрежесі малдың салмағына әсер етіп, оның дамуын жеделдетіп немесе тежеп, әртүрлі дәрежеде заттардың алмасуына әсер етуге болады.
Н.И.Денисов көрсетуі бойынша, азықтандыру сипаты оның дамуын баяулатып немесе үдетіп қана қоймайды, сонымен қатар малдың тұлғасын, денесінің бөлек мүшелерінің өзара қатынасын да өзгертеді. Ол сонымен бірге малдардың дамуын тездетуте молынан азықтандырудың себебі зор болатынын және бұл қарқындылық дәрежесі жеке мүшелер мен ұлпалардың өсу жағдайында бірдей еместігін көрсетеді. Жоғары ет өнімділігін алу үшін, қарқынды азықтандыруды ұйымдастыру керек. Қарқынды азықтандыруды ұйымдастыруда жеке аймақтардың шаруашылық және табиғи ерекшеліктерін, жұмсалатын азықтың құрамын ескеру қажет [10].
А.В.Ланина [11], M.K.Balzer, U.Huеbner [12] жұмыстарында азықтандыру деңгейін азайтқанда малдардың ет өнімділігін азаятынын көрсетеді.
Н.И.Клейменов [13] жас малдарды үдемелі өсіру және сапалы ет өндіру үшін малдарды толық құнды азықтандыру, сөйтіп барлық шаруашылықтар жағдайында ірі қара малдардың орташа тәуліктік салмағы 700-750 г., орташа малдардікі 600-650 г болуы керек. Осы көрсетілген тәуліктік салмақ қосуымен жас мүйізді ірі қара малды өсіру кезінде 18 айлығында 400-450 кг жетеді. Одан жоғары салмақ қосқанда (900-1000 г тәулігіне) онда 16 айлығында орташа тірілей салмақты 460-510 кг жеткізуге болады делінген.
Бұқашықтарды етке дайындағанда (жайып семірту және бордақылау) малдың биологиялық мүмкіндігін, елдің әр түрлі аймақтарының ерекшеліктерінің және тамақтың өнім ретіндегі еттің сапасын есепке алу керек, сондықтан жас мүйізді ірі қара малды ет дайындау жүйесі, салмағы және малды етке өткізу жасы бірдей болмайды, сондықтан жас мүйізді ірі қара малды өсірудің және бордақылаудың қандай да болса жүйесін жасағанда малдардан жоғары өнім алуға, азықтарды тиімді пайдалануға және еттің сапасын жоғарылатып өзіндік құнын төмендетуге болады.
Азықтандырудың төмен деңгейінде малдардың тек тірілей салмағы азайып қоймай, еті мен майы да бірден төмендейді, сонымен қатар 100 кг тірілей салмаққа және 1 кг сүйекке шаққанда протеин мен май төмендейді. Мысалға, Г.С.Бусев тәжірибелерінде 18 айға дейін өсірілген швед тұқымының піштірілген бұқашықтары, 3084 азық бірлігін жұмсаған, сойыс алдында 497 кг болған және 100 кг тірілей салмағына, бұлардан 47,4 кг ет пен май (сүйексіз) алынды, оның құрамында 7,98 кг протеин және 12,12 кг май бар. Азықтандырудың орташа деңгейінде 18 айға дейінгі өсірілген осы тұқымдас піштірілген бұқашықта да (1903 азықтандыру бірлігі) салмағы 381 кг және оларды сойғанда 100 кг тірілей салмақтан 35 кг жұмсақ ет пен май алынған, протеиннің шығуы 6,81 кг және майдыкі 5,28 кг, немесе 40% кем болған. Қара ала тұқымды бұқашықтардан алынған нәтижелер де әртүрлі болған [14].
Н.Омарқожаұлы мәліметтері бойынша жоғары деңгейде азықтандырылатын малдардың (2827-3332-азық бірлігі.) тірілей 1 кг салмақ қосуға 18 айға дейін. 6.1-6,5 азық бірлігін, ал азықтандырудын төмен деңгейлеріндегісі (1832-2100 азық бірлігі) 7,5 және 6,8 азық бірлігін жұмсайды [15].
Ресейде, Украинада, және басқа ТМД елдерінде, Литвада жас мүйізді қара малды өсіру және бордақылау мәселелерімен Д.Л.Левантин [16,17], К.Б.Свечин [18], Л.Л.Комаров [19], И.Л.Семак, Н.И.Мосолов [20], Ч.В.Юкна, В.А.Станкевичюс [21], Б.ДБ.Переверзев [22], Г.И.Бельков [23] және басқалар айналысқан. Бұл ғалымдардың зерттеулерінде жас мүйізді ірі қара малдарының қарқынды өсуі мен бордақылау кезіндегі азықтың тірі салмақ өсімімен өтелуі, ұшаның, іш майдың, I және II дәрежелі ет тәріздес өнімдердің, ұша құрамының морфологиялық құрамы және еттің сапасы анықталған.
Әлібаев Е.,Ермұхан Б. [24] азықтандыру деңгейін азайтқанда малдардың ет өнімділігінің азайатынын және сонымен қатар өсіп келе жатқан малдардың тұқымдық ерекшеліктерінің орташа, әсіресе төлдерді жеткіліксіз азықтандырғанда көрсетеді.
Солдатов А.П.,Башкиров В.А.,Игнатенко Г.Г. ғалымдардың айтуынша, қарқынды өсіру пайдалы, себебі малдар жас төл кезінде аз жем жеп жоғары өсім береді. Бұқашықты 25 ай жастағы гірілей салмағы 400 кг дейін өсіру үшін, жалпы азықтандыруы 4000 азық бірлігінде шығын шығару керек, ал бұл салмақты 13-15 айда қарқынды өсіргенде 2500-2600 азық бірлігі шығын кетеді [25].
Д.Н. Пак азық мәзірін анықтауы бойынша, қара-ала тұқымды бұқашықтарды өсірудегі барлық кезеңде 10,20 МДж/кг алмасу қуаты шоғырланған азық мәзіріне алынған ет сапасы жағынан, және де сонымен қатар оны өндірудің экономикасы жағынан да тиімді екендігін дәлеледеген. Мұнда бұқашықтардың орташа тәуліктік тірілей салмағының 900 г және етінің құрамында май мен ақуыз үйлесімді болған [26].
Аубакиров Ж.К. туылғанынан 17 айға дейін өсірілген етті бағыттағы бұқашықтардың ет сапасы мен сойыс көрсеткіштері молынан, біркелікті және төмен деңгейде азықтандырып және шоғырланған азықты әр түрлі көлемде енгізіп зерттеулер жасаған. Чернигов бұқашықтарының ет бағытындағы түрін азықтандыру қуатының деңгейі жас малдың сойыс көрсеткіштеріне шынайы әсер етпеген. Сойылған сиыр еті мардымсыз сілтілі ортасы бар, жұмсақ, іші ылғалды және пісіргенде ет шырынының азаюы аз. Мұндай ет пісірлген ет өнімдерін өндіруге жақсы шикізат болып табылады [27].
Қазақстан Республикасында жас ірі қара малды өсіру және бордақылау қарқынды жүргізу нәтижесінде ұшаның, іш майдың, ет тәріздес өнімдердің салмағы және шығымы жоғарлап, сиыр етін өндіру тиімділігі артқан [28, 29].
Атап өту керек, бұл жоғарыда келтірілген ғылыми зерттеулер жұмыстары негізінен ірі қара мал бордақылау кешендерінде, бордақылау алаңдарында, ауылшаруашылық кәсіпорындарында (колхоздар, совхоздар) жүргізілді. Бұлардағы жас мүйізді ірі қара малдарды өсірудің және бордақылаудың технологиялық әдістері көп жағдайда жаңадан құрылған әр түрлі меншік түріндегі шаруашылықтарда толықтай қолдануға болмайды және мұнда жергілікті азықтар, өсімдік және мал шаруашылығы, ет және жеңіл өнеркәсіп қалдықтары кеңінен қолданылмады.
Елді жоғары сапалы сиыр етімен толық қамтамасыз етуді жас малдарды өсіруді және бордақылауды қарқынды жүргізу арқылы жүзеге асыруға болады. Ірі қара малдарды ағыл-тегіл азықтандырып, олардың салмағын жоғары дәрежеге жеткізу, сөйтіп олардың ет өнімділігін және сапасын жоғарылатуға болады, бұл малдың біраз бөлігін, мал басын көбейтуге, қалдыруға мүмкіндік береді.
А.В.Черекаев, И.А.Черекаеваның [30] пайымдауынша бұқашықтарды етке дайындауға үдемелі өсіру малды бордақылауға дайындаудан басталады. Бұл бұзауларды бордақылау алаңына өткізуден көп уақыт бұрын басталуы керек, яғни бұл оларды ірі және құнарлы шырынды азықтандыруға үйретуден басталады.
Е.А.Петухова бағалауынша, еттің сапасы көбінесе малдың сояр алдындағы жағдайына байланысты. Сояр алдындағы пайда болатын мазасызданулар жануаралар ағзасының көмірсу алмасуында өзгерістер тудырып, бұлшық еттердегі гликогеннің азаюына, ақуыздың ыдырауының көбеюіне әкеледі. Бұлшық ет ұлпаларында сүтті ортофосфор қышқылы және қышқыл ортаға қарай рН жылжиды. Ет сапасы төмендеп онын сақталу тұрақтылығы нашарлап ет өнімінің шығуы да өзгереді [31].
Зарпуллаев Ш.Н., Жуманбеков А.С., Алиханов Ж. зерттеулерінде алынған мәліметтерінің негізінде бұқашықтарды семірту алаңқайларында еркін топтап жайған жағдайда жақсы бейімделу қабілеттерінің пайда болатындығы анықталған. Олар байлаулы жағдайдағы бұқашықтардың етіне қарағанда, сояр алдындағы алғашқы тәулік бойына гликогенді ұлпаларында гликоген қоры жоғары болатындығы анықталған [32]
К.Карибаев көрсетуінше, жем-шөп мәзірінде құнарлы азық орнына құрғақ сығындыны енгізгенде 30-35% дейін малдың ет өнімділігі мен ет сапасының құнарлығы жағынан азаймайды және орташа тәуліктік салмақ өсімі 900-1000г болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сойыс алдындағы семіртілген малдарды аш ұстау 24 сағаттан аспау керек. Осылай ұзақ ұстау алдымен ет сапасының төмендеуіне, артынша өнімнің азаюына әкеп соғады, ал 5-ші тәуліктің соңына дейін сойыс салмағы 2,0-2,4% төмендейді [33].
Жас малдарды қарқынды өсіру керек, себебі малдар жас кезінде аз жем-шөп жеп жоғары өсім беріп азықты жақсы өтейді. Бұқашықтарды 25 ай жастағы тірі салмағы 400 кг дейін өсіру үшін жалпы азықтандыру 4000 азық бірлігі, ал бұл салмаққа 13-15 ай да бұқашықтарды қарқынды өсіріп жеткізгенде 2500-2600 азық бірлігі шығындалады [34] сөйтіп мұндай жағдайда 1400-1500 азық бірлігі үнемделуімен қатар жас мүйізді ірі қара малдың ет өнімділігі жоғарылайды.
А. П. Калашников, Н.И. Клейменов, В. Н. Баканов [35] көрсетулерінше, сойыс көрсеткіштерін төмендетпестен, бұқашықтарды семірткенде түйіршікті шоғырланған азықтарды толығымен бітеу және сығылған жоңышқалардан дайындалған жем-шөп мәзірінде алмастыруға болады.
Н.И. Клейменовтың анықтауы бойынша, құнарлы азықсыз семіртуде тиімділіктің деңгейі 33,6%, дәнді азықты қолданғанда 1 топтан 10,5% жоғары. Семірту кезіндегі 2 топта дән үнемі бір басқа шаққанда 375 кг болған [36].
Л.К. Эрнст тәжірибелеріндегі зерттеулерде жас малдың жасының, қойылған тірілей салмағын анықтағанда, азықтандыруды жалғастыру кезінде сығындымен семірткенде сиыр етінің өнімділігі тиімді және соңгы нәтижесіне әсер еткен. Бордақылаудың аяғында тірілей салмақ 77,7%, ал ұшанын салмағы - 131,1% өскен [37].
Б.П.Мохов., А.Н.Шаронин тәжірибелері мүйізді ірі қара малдың төлін төпті беріп өсіріп және бордақылап, А және Д дәрумендерімен азықтандырғанда салмақ өсімі 15,7-19,8 кг артқанын көрсетті. 1 кг салмақ қосуға салған азық 1,62-2,02 азық бірлігіне төмендеді, олардың байқауынша сығынды-сүрлем түрімен бордақыланган мал еті сүрлемді-тамыржеміс түрімен бордақыланған сиыр етінен кем болмаған, бұл жас төлді етке өсіргенде сығындыны көбірек беріп тиімді қолданғандықты көрсетеді. Еттің жоғары сапалылығы тәжірибедегі жас малдың азық мәзірінде спирт-шарап өндірісінің қалдықтарын сығынды күйінде көбірек бергенде азайып, ал сығынды-сүрлемге айналдырып бергенде еттің қуаттылық құндылығының жоғарылайтынын көрсеткен [38].
Д.Р.Пак [39] мәліметі бойынша жас малдарды жақсылап азықтандырып бордақылағанда ұша шығымы 60%, ал сойыс шығымы 63-65% жетеді. Мұнда ұша тағамдық тұрғыдан құндылығы жоғары бөліктерімен жетік және желінбейтін бөліктерінің жақсы қатынасымен сипатталады.
Етке жақсы дайындалған 15 айлық бұқашықтардың ұша шығымы 54%, іш май шығымы 5%, ұшадан жұмсақ ет 81%, сүйек 18-19%, еттегі май 12% болады [40] яғни ұшаның шығымы жоғарылап, еттің сапасы едәуір жақсарады.
Жем-шөп мәзірінде құнарлы азық орнына 30-35% дейін құрғақ сығынды енгізгенде малдың ет өнімділігі мен ет сапасының құнарлығы жағынан азаймайды және мұндай түрде азықтандыру орташа тәуліктік салмақ өсімінің 900-1000 г болуын қамтамасыз етеді [41].
Мүйізді ірі қара малдың жасын, тірі салмағын анықтағанда азықтандыруды жалғастырған кезінде, сығындымен семірткенде сиыр етінің өнімділігіне және соңғы нәтижесіне тиімді әсер еткен. Бордақылаудың аяғында тірі салмақ 77,7% ал ұшаның салмағы 131,1% өсті [42].
Малды етке өсіргенде толық құнды жем-шөп мәзірін жасаудың және қолданудың маңызы зор. Жем-шөп мәзірін азық мөлшеріне сай азық бірлігі, қорытылатын протеин, кальций, фосфор және басқа сыңарлар бойынша құрайды. Жем-шөп мәзірі жас малдың қоректік заттарға қажеттілігін толық қанағаттандыруы керек, сонда олардың өсу қарқындылығы жоғары дәрежеде болады.
Сүрлемді жемісті түріндегі азықтандыруда жем-шөп мәзірінде қоректілігі бойынша 40-55% сүрлем, 4-10% тамыр жемістілер, құнарлы жем қоспалары, 23-40% ірі азықтар, ал шөпті - сүрлемді түріндегі азықтандыруда төп 31-40%, сүрлем 11-15%, құнарлы жем 23-30%, сірінді 9-16%, ірі азықтар 10-15% болып, жем-шөп мәзірінің 60-70% құрайды [43].
Мүйізді ірі қара малды етке өсіргенде орташа өсім алу үшін жем-шөп мәзірінің қоректілігі бойынша келесі құрылымы ұсынылады: ірі азықтар 25-35%, шырынды 35-45%, құнарлы 30-35%, үдемелі түрде өсіргенде тиісінше 20-25%; 35-40% және 38-48% [44].
Қара ала сиыр тұқымының бұқашықтарын өсірудің барлық кезеңдерінде алынған ет сапасының және оны өндірудің экономикасы тұрғысынан малдардың мәзірінде ауыспалы қуаттық үйлесімді шоғырлануы 10,2 МДж/кг тәуліктік өсімі 900 г болып, жұмсақ етте май және ақуыз қатынасы үйлесімді болды [45].
Ет өнеркәсібінің Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша жас төлді семіртуде 1 кг салмақ қосуға: 60 күнде -8; 70-7,1; 120-8,3 және 150 күнде – 9 азық бірлігі жұмсалған. Бордақыланатын жас мал күніне бір басқа бордақылау кезінде алынатын азығы: құрама жем – 1,4-1,5 кг, шөп – 1,4-1,7 кг, сабан – 0,5-1,5 кг, төп – 35-45 кг, бор – 30-40 г және тұз 40-50 г.
Аманжолов К.Ж. жазуы бойынша, малдың өсуі ішкі ағзалардың салмағына, тұқымы мен дене бітіміне әсер етеді [46].
Құлмұхамедов А.И. ірі қара малдың өсуін зерттеу нәтижесінде туғаннан кейінгі эмбрионалды кезеңде өсуі төмен болған (қарын, көк бауыр) мүшелер жылдам өсетінін анықтады. Бұл зерттеулер нәтижесінде әрбір мүшелердің өсуінің өзіндік заңдылығы барлығы анықталды. Туғаннан кейінгі кезеңде бұлшық ет, сосын сүйек, жүрек, бауыр өсуі жоғары, ал бүйрек, ішек, көк бауыр, әсіресе ми төмен дәрежеде өседі. Кейбір мүшелер тез өсіп, олардың дамуы салыстырмалы түрде жас кезінде қалыптасады, басқаларының калыптасуы көп уақытқа созылады [47].
Жузенов Ш.А. мәліметі бойынша бұзаулардың қарыны және ішектері туғанға дейін 4 ай бойы, ал туғаннан кейін 3 айға дейін жылдам өсетіні көрсетілген [48].
Жазылбекова Н.А көрсетуінше, ас қорыту мүшелерінін өсуі мүйізді ірі қара малының азықтандыру түріне байланысты. Оның дәлелінше, туылған кездегі мүшелердің салмақ үлесі үлкен малдың салмағынан неғұрлым төмен болса, соғұрлым жалпы өсу коэффициенті (асқазан, қарын, тері және т.б.) жоғары, және де туылған кездегі мүше салмағының үлесі жоғары болса, олардың өсу коэффициенті (өкпе, бауыр, ішек) төменірек болады [49].
Мелдебеков А.М. Кулиев Т.П. мәліметтері бойынша туылғаннан 18 айға дейінгі жастағы қара-ала тұқымды бұқашықтардың жүрегінің, өкпесінің, бауырдың, бүйрегінің тынас салмағы төмендеген. Осындай ағза өсімінің өзгешеліктері швец малынан да байқалғанын көрсетті. Сонымен қатар алғашқы үш айда ішектің салмағы тез өседі, бірақ соңынан оның өсу қарқыны төмендейді [50].
К.Б.Свечин [51] көрсеткендей ірі қара малды етке өсіргенде 90 кг бұқашық күніне 2-2,5 кг, 180 кг – 3-5,2 кг, 270 кг – 7,2 кг, 360 кг –8,6 кг, 450 кг – 10 кг орташа азықтануда құрғақ заттар жұмсалуы керек, ал көлемді және құнарлық азықтық құрғақ заттарының жақсы арақатынасы 1:2 болып есептелінеді. Бұқашықтарды етке өсіргенде 4-6 айлығында азықтандыру мөлшері бойынша азықтық бірлік 3,9-4,5 а.б, алмасу қуаты 31-33 МДж, құрғақ зат 3,4-3,9 кг, қорытпалы протеин 455-540 г, 6-9 айлығында, 4,9-38 МДж, 5 кг, 540, 12-16 айлығында 6,5-б, 57 МДж, 8,2 кг, 605 г 15-18 айлығында 8,5 а.б, 70 МДж, 10 кг, 765 г болуы керек [52].
Сиыр етін өндіруде сүрлемнің әр түрлері, әсіресе жоғары қуаттылығымен ерекшеленетін жүгері сүрлемі кеңінен қолданылады. Мұндай бордақылау түрі көп дән өндіретін АҚШ-та, Канадада, сонымен бірге ірі азықтарды өздері көп өндіретін елдерде (Англия, Франция, Германия, Польша, Чехославакия, және басқалар) қолданады [53; 54].
Украинада бордақыланантын жас мүйізді ірі қара малдың жем-шөп мәзірінің құрылымында сүрлем қоректілігі бойынша 50,6-57,1%, құнарлы азық 20,1-38,6%, ірі азықтар (пішен, сабан) 5,2-25,8% құрайды. Батыс Сібір жағдайында бұзауларды енесінің бауырында 7 айға дейін ұстап, немесе сүт (200 кг) және майсыздандырылған сүт (400 кг) кейін құрамында шырынды азықтардың қоректілігі бойынша 40-60%, негізінен сүрлем болатын жем-шөп мәзірін қолданып бордақылайды [55].
Л.Г.Боярский рецептура жасап және жұғымдылығы жақсы және дәмдік көрсеткіштері бар ет кесінділерімен жартылай сүрленген шұжықтарды дайындаған. Мысалға, қуырылған бауыр мен ет кесіндісінен жасалған жартылай сүрленген шұжық. Оның өндіру технологиясының ерекшелігі болып шикізатты алдын ала тұздауда ұстамау болып табылады [56].
А.П.Калашников етті сүрлеу процесінің заңдылығын зерттеген. Жасалған зерттеулер нәтижесі жоғары сапалы өнімді алу үшін келесі шарттарды сақтау керектігін көрсеткен: сүрлеу уақытының ұзақтығы 8-9 минут, электродтар арасындағы ара қашықтық 280 мм, электродтардағы қуат 35-40 кВ [57].
П.Н.Федосеев жұмыстарында дайын консервіленген ет тағамдарын өндіруде құрылымдық өсімдік ақуыздарын қолдану мүмкіндігін көрсеткен [58] .
Құрылымдық өсімдік ақуыздарынын кішкентай кесектерін гуляш сияқты тағам түрлеріне қосуға болмайтындығын анықтаған, өйткені мұнда олардағы сезімдік қасиеттердің ерекшеліктері анықталған. Сондықтан бұл құнды өсімдік ақуызын өнімдердің басқа түрлерін шығаруда қолдануды ұсынған, осыған байланысты көкөніспен немесе соуспен консервілеу технологиясын өңдеп жасаған. Мысалға, «Соя бұршағы мен шұжықтан жасалған гуляш» консервісіне алдын ала дайындалып, пісірілген соя бұршақтары кесілген шұжықпен және майда қуырылған пиязбен, бұрышы, майлы және тұзы бар тұздықпен кұйылған. Дайын консервілерді % : ақуыз-10,1; май-11,1 және көмірсутегі-6,3. Олардың қуаттылық құндылығы-708 ккал. «Фасольмен гуляш» консервісіне қарағанда (7,1%) ақуыздың құрамында 1,5 есе көп. Бұл өнімді тамақтану мәзірінде жеңіл қорытылатын ақуыздары көп болуы тиіс науқастарға ұсынуға болады.
Галимов Ф.Г. белгілегендей, ерін, ұлтабар, көкбауыр, өңеш пен өкпелердің бірдей қатынасынан жасалған ет тәріздес қоспа, піскен шұжықтардың I және II сұрыптарындағы сынарлармен 5% шамасында пайданылады. БОЕӨҒЗИ піскен шұжықтарда қосалқы ет өнімдерін езбе түрінде 5; 20 және 25% шамасында пайдалану туралы зерттеулер жүргізілген [59].
Азықтандыру дәрежесімен малдың салмағына, тұлғасына, денедегі маңызды ұлпалардың ұшаның еттілігін қалыптастыратын (бұлшық ет, сүйек, май) қатынасына әсер етуге, яғни малдардың еттілігінің қалыптасуына тікелей қатысуға болады.
А.А.Миддендорфтың [60] жазуынша малдың жекеленген бөліктерінің өсуі біркелкі емес, малды толық бағалы азықтандыру малдың денесінің үлкеюіне ғана әсер етіп қоймай дене пропорциясының жақсаруына да әсерін тигізеді.
Ағыл-тегіл болмаса мардымсыз азықтандыру ағзаның қалыптасуына әсер ететін маңызды себептер, малдарды енді пісіп жетілетін жас кезінде жеткіліксіз түрде азықтандырса, денесінің барлық бөлігі біркелкі дәрежеде өсуден қалып, бұл жағдай ұлпалардың (бұлшық ет, сүйек, май) жедел өсуіне кері әсерін тигізеді [61, 62].
Бұл қоспалар химиялық құрамы бойынша сіңірден ажыратылган сиыр етіне және 15,5-18% ақуыз, 78% ылғалдан тұрады.
Н.И.Нусов., Г.Г.Игнатенко. жұмыстарында II дәрежелі ет тәріздес өнімдерді пайдаланып шұжықтардың алты түрін (қарапайым, москвалық, арнайы, асханалық, шошқа етінен және шайханалық) жасап шығарған. Оларды дайындау технологиясы шұжықтың түріне байланысты шикізатты 3,5-6 сағат қайнатуды қарастырады [63].
Любимова М.В. қосалқы ет өнімдерін пайдаланып, қарыннан «дірілдек» өнімнің түрін жасау технологиясы мен рецептерін өндеген [64]. Ерекше жағымсыз иісті жою үшін қарындарды қышқыл-жылы дезодорациялау (жаман иіскетіру) тәсілін жасап шығарған. Дезодорация ерекше иісті жойып қарындарға аппақ түс береді. Дірілдектің нәрлілік құндылығын арттыру үшін оған малдардың ішкі қаны мен сиыр басының еттерін қосады. Тағамға қанды қосу өнімнің сезімдік көрсеткіштерін жақсартып қана қоймай, сонымен бірге ондағы баға жетпес аминқышқылдарының құрамын көбейтеді. Украина ет-сүт өнеркәсібінде котлеттің жаңа «подольских» түрі шығарылған, оның репептурасында тазартылған сиыр қарынының 23% ақуыз тұрақтандырғышы пайдаланылған.
Сиыр бауырын ыстықпен өңдеп, бөлшектейді бауырды тазалап, турап, оған өсімдік майында алдын ала қуырылған пиязды, ұнтақталған қара бұрышты, ас тұзын, ұнды, сиыр майын қосып араластырады, мұндағы ерекшелік бауырды ыстық суда аптау жолымен өңдеу және басқа сыңарларды қосудың алдында, тамақтың құрылымын жақсарту үшін қоспаға қосымша суға қыша ұнтағын салып, араластырады, өнімді шоғырланған жабық ыдысқа бөлшектеп салып, ыстықпен залалсыздандырады [65].
Суық ет консервілеріне, ет паштеттеріне олардың құрамын жақсарту мақсатында 23% дәрілік соя бұршағын қосады. Нәтижесінде консерві сияқты дәмдік сапасы мен тағамдық нәрлілігі жоғары, тек еттен дайындалған өнімі алады. Мысалға «Қаймақ пен қызанақ қосылған ет фрикаделькалары» консервілерінде еттің 20% соя бұршақ ұнының 5% және судың 15% алмастырылған. Дайын консервілердің қуаттылық құндылығы 182,8 ккал (763,9 қДж); ақуыз-7,0%, май-19,92 және көмірсутегі 9,07 [66].
Мәскеудің қолданбалы биотехнология институты ет өнімдерін өндіру үшін етті дайындау тәсілін жасап шығарған, онда ұсақтап туралған шикізатқа өсімдіқ майын қосқан және өсімдік майы ретінде майлылығы аздау май қышқылдарын көбірек пайдаланады, тобына жататын майлылығы аздау май қышқылдары қосылып, өңделетін шикізатқа пайыздық қатынаста 4,8-5,5% қамтиды [67].
Папуша Н.В., Аубакиров Ж.К., Сапанов Е.К. өкпе-бауыр шұжығы түрлерінің консервілерін өндіргенде, көп жағдайда құрғақ сүт ақуызын дайындайды. Ет және май кесінділерін ыстық суда аптайды және ыстық күйінде ет майдалағышта ұсақтайды. Артынша сүт ақуызы мен тұз, дәмдеуіштер қосады. Құрамдағы бөлшектерді жақсылап араластырған соң аздап сорпа қосады және майдалауды жалғастырады, май тәрізді тұрақты қоймалжың алынғанға дейін бөлшектейді, майдаланған өнімді бауырмен араластырады. Бауырды куттерлеуде, тұздауды соңғы процесске қалдыру керек, өйткені басқаша жағдайда ақуыздардың ыдырауы (денатурация) мүмкін, нәтижесінде ол қатты болып шығуы мүмкін [68].
АҚШ-та жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ет бағытындағы піштірілген бұқашықтарды 345-358 кг тірілей салмаққа және дәні бар жем-шөп мәзірін қолданып бордақылағанда қосымша протеиндік қоспаларды қолданбауға болатыны анықталды [69].
Канадада фермерлер етті бағыттағы сиыр тұқымдарының бұзауларын енесінен ажыратқан соң оларды жүгері сүрлемін және басқа арзан азықтарды қолданып бордақылайды [70].
Англияда бұзауларды көктемде және жазда жайылымдарды жайып, алғашқы 2 аптада және тамыз айының екінші жартысында құнарлы азықпен үстеме азықтандырады. Үдемелі түрде бордақылауды қыстың кезінде жүгері сүрлемі және пішенді, еркінше беріп, сонымен қатар құнарлы жем қолданып жүргізеді. Бір басқа 2,5-4 т сүрлем, 11,7 ц құнарлы жем қолданады [71].
Сүрлеммен қатар сиыр етін өндіргенде пішендеме де қолданылады. Жас мүйізді ірі қара мал бордақылауда Балтық жағалауындағы елдерде, Белоруссияда, Ресейде пішендеме кеңінен қолданылады [72].
АҚШ-та, Англияда және басқа шет мемлекеттерде жас ірі қара малды бордақылауды көлемді және құнарлы азықтарды пайдаланып жүргізеді. Мысалы, Миннесота штатының (АҚШ) Хенсон фирмасында піштірілген бұқашықтарды 180 кг-нан 480 кг-ға дейін жоңышқа пішендемесі және майдаланған жүгері собығын қолданып бордақылайды [73].
Англияда Ф.Джексон фермасында (Нортумберленд графствасы) жылда 800 бас бұқашықтарды 18 айлық жасқа дейін дәнді азықтарды аз пайдаланып бордақылайды. Бұқашықтардың жем-шөп мәзірінің негізінен пішендеме құрайды [74].
Төменде ақуызын қолданған консервілердің рецептері (кг) келтірілген. «Консервіленген өкпе-бауыр шұжығы» 20% жұқалап туралған өнім: ет пен май кесіндісі-50,4; шошқа басының еттері-13,0; бауыр-20,0; сорпа-3,0: тұз-1,6; кепен пияз-0,1; дәмдеуіштер-0,2; «Ровита ХҮ»-1,0 және «Ролеста»-0,7 қоспалары.
«Пфельцки бойынша консервіленген шұжық»: ет пен май кесіндісі-65,4; желедегі сүт ақуызы (1:5)-0,6; бауыр-25,0; дәмдеуіштер-0,2; «Фумапур»-0,4. Өкпе-бауыр шұжықтарын (залалсыздандыру) барынша қолдану температурасы-118°С [75].
Өнімнің сапасы оның мақсатқа сай сұранысын қанағаттандырып жарамды болуға қажет ерекшеліктері жиынтығымен анықталады. Ет пен ет өнімдерінің сапасын бағалауда келесі көрсеткіштер негізгі орын алады: биологиялық синтез бен қуаттылық шығымды, өтейтін ағзаның пайдаланатын сыңарларының болуы; сезімдік сипаттар (сыртқы түрі, түсі, консистенциясы, иісі); улататын заттардың және залалды микроорганизмдердің жоқтығы. Сонымен қатар өнімнің қасиеттеріңің тұрақтылығы, оларды сақтау мен тасымалдау барысындағы сапалы көрсеткіштерінің сақтау дәрежесі.
Өнім сапасының жеке көрсеткіштерін сезімдік бағалау сезім мүшелерінің сезімдік қабылдауының табиғи біркелкілігіне сай болады. Алдымен көру мүшелерінің көмегімен сапалы көрсеткіштерді бағалайды-сыртқы түрін, пішінін, түсін, артынша иіс сезу қабілетімен иісін және ең соңында шайнаған кездегі ауызбен анықталатын: дәмін, консистенциясын (жұмсақтығын, қаттылығын); сөлділігін.
Кузнецов А. консервіленген ет өнімдерін шығарған кезде оларды шоғырлануының өзгеруіне байланысты әртүрлі ұшпалы заттардың залалсыздандырудың дәмі болатындығын көрсеткен [76].
Бегімбеков Қ.Н. көрсеткендей ірі қара малды өсіру және бордақылау шаруашылық алатын табысқа байланысты. Мысалы, 200 кг қондылығы төмен бұқашықтан, салмағы 380 кг қоңдылығы жоғары жасы бірдей бұқашықтан 3.3 есе жоғары табыс алынған. Сондықтан ірі қара малдың салмағын және оңдылығын жоғарылату, сиыр етін өндіруді ұлғайту бірінші мәселе болып тұр. Етке өткізілетін ірі қара малдың сапасын жоғарылату, жеңіл өнеркәсіп үшін ауыр салмақты тері шикізатын өндіруте де маңызды мәселе болып табылады [77].
Көк балауса шөпті және құнарлы жемді қолданып жас ірі қара малды бордақылау көптеген елдерде (АҚШ, Канада, Англия, Франция, Германия, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей, Украина, және басқалар) қолданылады.
Украинада жаз кезінде жас мүйізді ірі қара малды орманды жерлерде бордақылағанда қоректілігі бойынша жем-шөп мәзірі 80,4% көк балауса шөптен және 18,6% құнарлы азықтардан тұрады. Ал далалық жерлерде бұл азықтар тиісінше 72,6% және 27,4% құрайды [78].
Молдавияда бордақыланатын жас мүйізді ірі қара малдың тәуліктік жемшөп мәзірінде 30-40 кг жас көк балауса шөп және 1 кг сабан, 40 г несеп нәрі, 60-70 г монокальций фосфат және 70-80 г ас тұзы болады.
Азықтық дәнге бай АҚШ ірі қара малды «құрғақ» яғни құрамында 60% және одан да жоғары дән, 30 пайызға жуық ірі азық және басқа қалдықтар болатын жем-шөп мәзірін қолданып бордақылауды қолданады. Протеиннің көп бөлігі ақуызсыз азот көздерімен толықтырылады. Бұқашықтарды 380-450 кг болғанда етке сояды [79].
Симменталь сиыр тұқымының піштірілген бұқашықтарын 135 күн бойы бордақылағанда І – топтағы жас малдарға тәулігіне 19,9 кг жүгері сүрлемі, 2 кг құнарлы жем, 4,2 кг шөп, ал ІІ-топтағы бұқашықтарға 9,5 кг сүрлем, 16 кг қызылша, 4,2 кг шөп және 2 кг құнарлы жем берілді. Құнарлығы бойынша ІІ-топтағы жем-шөп мәзірі шамалас болды. Осындай азықтандыруда І-топтың салмағы 330 кг-нан 467 кг-ға дейін жоғарлап тәуліктік өсімі 1000-1100 г болып, 1 кг өсімге 7,6 азық бірлігі жұмсалды. ІІ топтағы бұқашықтардың салмағы 331 кг –нан 454 кг-ға дейін өсті, тәуліктік өсімі 922 г құрады және 1 кг өсімге 8,4 а.б. жұмсалды. І-топтағы бұқашықтардың сойыс шығымы 59,9%, ал ІІ-топтағы жас малдардың шығымы 57,5% болды. Бұқашықтарды жүгері сүрлемді бордақылау сүрлемді-тамыр жемісті түрде азықтандыруға қарағанда 1 жұмсалған азық шығынын 37% азайтты [80].
Н.А.Яцко, В.К.Гурин, В.Ф.Радчиков [81] пайымдауы бойынша ірі қара малды өсіргенде және бордақылағанда құнарлы жем мөлшері тиісінше 50 және 40 пайыз, ал орташа жағдайда 30% болғаны дұрыс деп көрсетеді.
Ю.М.Калашников [82] мәліметі бойынша азықтандыру дәрежесі және құнарлы жемнің үлесі жоғары болғанда ярославь сиыр тұқымының бұқашық-тарын оларды енесінен ажыратқаннан кейін өсіріп және соңғы бордақылағанда бұқашықтар 19 айлық жасында 500 кг, ал 21 айлық жасында 550 кг жеткен, мұнда 1 кг тірілей салмақ өсіміне 6,7-7,04 азық бірлігі жұмсалған.
Жас мүйізді ірі қара малдың өнімділігіне 1,2 және 3 топтағы жемшөп мәзірінде 15%; 30% және 40% құнарлы жем, тиісінше 85%; 70% және 60% көк шөптер болғандағы әсері зерттелді. Тәжірибе піштірілген сиырдың далалық қызыл бұқашықтарына жүргізілді. Есепке алынған кезде (122 күн) І топтағы бұқашықтардың тәуліктік өсімі 698 г болып, яғни тиісінше 105 және 222 г ІІ және ІІІ топтағы тетелестеріне қарағанда төмен болды. І топта 1 кг тірілей салмаққа жұмсалған азық ІІ және ІІІ топтағы жас малдармен салыстырғанда тиісінше 19,5 және 29% жоғары болды [83].
2 Өзіндік зерттеу
2.1 Шаруашылықтың сипаттамасы
«Береке» шаруа қожалығы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округінің Қарабастау елді мекенінде орналасқан. Ферма 7,5 гектар көлемді алып жатыр. Мал тұратын қораның ені 9 метр, ұзындығы 450 метр. Ферма типтік жоба бойынша 1000 бас малға арналып салынған, ақыры бетоннан.
Фермада 40 х 18 метр төлдететін қора, 40 х 18 жем сақтайтын қойма, 40 х 18 ветеринариялық іс – шара өткізетін орын, қолдан ұрықтандыратын пункт бар.
Фермада МТЗ-92 маркалы әртүрлі жүк тиеу-түсіру жұмыстарын атқаратын 3 трактор, шөптарататын (кормораздатчик), бір дана сағатына 3 тонна жем жаратын ауыл шараушылық техникаларымен жабдықталған.
«Береке» шаруа қожалығына қарасты 70 гектар суармалы жер, 700 гектар тәлім жер, 2000 гектар жайылымы бар. 70 гектар жерге жүгері егілген. 2013 жылы 140 тонна сабан, 220 тонна жоңышқа, 60 тонна табиғи шөп, 200 тонна жем дайындалды. Жоспар бойынша мал санының артуына байланысты 2015 жылы 2500 тонна силос әзірленгелі жатыр.
«Береке» шаруа қожалығы 2013 жылы 15 қазан күні Австралия мемлекетінен «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 191 бас ангуст тұқымды құнажын алып келді. Осы жылға тағыда 300 бас алып келінеді деп жоспарлануда.
Әкелінген жануарлар қазіргі таңда жергілікті жердің ауа-райына бейімделіп, адаптациядан өтті. 2014 жылдың 24 сәуіріне дейін 110 бас төлдеп, алғашқы ұрпақ алынып жатыр.
2.1.1 Орналасқан жері, ауа-райы климаттық жағдайы
«Береке» шаруа қожалығы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылында орналасқан. Аудан орталығы — Қазығұрт ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде, Қазығұрт жотасының солтүстік баурайынан бастау алатын Келес өзенінің жағалауындағы бұта аралас бидайық, боз, көде өскен. Сұр, қоңыр топырақты тауаралық дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 2,6 мың адам (1999). Іргесі 1957 жылы осы маңда қой шаруашылығын дамытуға байланысты қаланды. 1997 жылға дейін “Коммунизм” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Жаңабазарда шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Ауыл маңында орман-тоғайы бар әсем келген тау шатқалдары орналасқан. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Қазығұрт ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан. Қазығұрт аласа тау жотасы ауданның территориясын батыс және шығыс бөліктерге бөліп тұр. Аудан оңтүстікте Қаржантаудың беткейлері бойы, кейбір жерде суайырық бойы Өзбекстан Республикасымен шектеседі, солтүстік-шығыста, солтүстікте – Төлеби, Сайрам аудандарымен, солтүстік-батыста, батыста–Ордабасы, Арыс аудандарымен, оңтүстік-батыста, оңтүстікте–Сарыағыш ауданымен шекаралас болып келеді. Қазығұрт ауданының жер көлемі – 4,1 мың км², немесе облыс территориясының 3,5 % құрайды.
Қазығұрт ауданның территориясы батыстан шығысқа қарай шамамен 120 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 70 км созылған. Жер бедері сипаты бойынша аудан территориясын таулы, тауаралық ойпат және тау алды қыратты жазықтықтар деп бөлуге болады. Ауданның шығыс бөлігі таулы болып келеді, оның шығыс шеті Өгем тау жотасының (Тенар шыңы 3623 м) батыс беткейлерінде орналасқан, орташа биіктігі 2500 – 3000 м. Батысқа қарай Өгем өзені Өгем жотасын Қаржантаудан (Мыңбұлақ – 2823 м) бөліп отыр, орташа биіктігі шамамен 2000 м. Қаржантаудың басым солтүстік-шығыс бөлігі ауданның территориясында орналасқан, ал оңтүстік-батыс бөлігінің тек батыс беткейі ғана тиісті. Аласа таулы Қазығұрт жотасы (ең биік жері 1788 м) аудан жерін қақ ортасынан екіге бөледі, батыста тау алды қыратты құрғақ жазықтықтар, шығыс бөлігінде Келес өзенінің алқыбы ажыратылады.
Ауданның территориясы агроклиматтық қатыста құрғақ ыстық тау алды шөлейт зонасында орналасқан. Негізгі топырақ жамылғысы таулы-дала және қаралау типтік сұр топырағымен айқындалады. Аудан пайдалы қазбаларға бай емес, Қаржантау жотасында алтынның ұсақ кен орындары айқындалған, шынының шикізаты бар, минералдық тұздар, минералды жер асты сулары кездеседі.
Ауданның ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы, облыстың жалпы мал басы санынан шамамен 12 % құрайды, соннан, қара ірі – 11 %, қой және ешкі саны–14,8%, ал жылқы–15,1 % құрайды. Ауыл шаруашылық өнімнің 29,5 % - ет, 28,8 % - сүт өнімдері, 9,4 % - бидай құрайды.
Қазығұрт ауданы кеңес үкіметі кезінен ауыл шаруашылыққа маманданған болған еді, аудан орталығында орналасқан аудандық тұрмыстық комбинаты және наубайхана аудан өнеркәсібінің негізгі орындары болған. Қазіргі таңда, аудан тұрғындарының басым бөлігі ауыл шаруашылықтың салаларында жұмыс істейді.
Геологиясы. Қазығұрт тауы палеозойдың тығыз жыныстарымен және тас көмір дәуірінің теңіздік карбонаттық шөгінділерімен көмкерілген. Тауалды жазықтары бор, үштік және төрттік дәуірлердің қалың борпылдақ жыныстарынан тұрады (Геологическая карта Казахской ССР, 1965).
Жер бедері. Қазығұрт — тау жүйесінің оқшауланған типіне жатып, мезозойдың әктастарынан құралған, сондықтан онда жер бедерінің карсты пішіндері қалыптасқан (Герасимов, 1952). Жер бедері таулы типке жатады: беткейлері тік құламалы, құзды болса, аңғарлары теңіз деңгейінен 600-700 м биіктікте орналасып, енсіз, тар әрі терең болып келеді. Сонымен қатар, бұл таулы жүйеде палеозой жыныстарында терең тілімденген тік беткейлі жер бедерінің басымдығы байқалса, әктастар, тақтатастар мен кварциттер де көп тараған. Таудың оңтүстік – батыс беткейі қысқа, әрі тік болып келеді.
Ойыстанулар мен депрессияға ұшыраған тау шлейфтері («шлейф» — тау етегіндегі ұсақ шөгінділер белдеуі) мен өзендердің ысырынды конустары орналасқан тауалды жазықтары мен еністолқынды мезорельефтен тұратын тау етектері шөгінділердің қабатталуына қарай әркелкі болып келеді, проллювиалдық – аллювиалдық, малтатасты және қиыршықтасты шөгінділер кездеседі. Аласа таулар, қырқалар мен қыраттар шөгінділердің байырғы тау жыныстарынан тұрады. Тау шыңының кейбір учаскелері тегістелген пішінде қалыптасқан. Тау етектерінде қиыршықтас, малтатас, құм, құмдауықтардың қабатталған шөгінділерінен тұратын проллювиалдық жазық созылса, оның кейбір аймақтарында сел ағындарымен келген дөңбектастар да кездеседі.
Солтүстікте Қазығұрт тауы еңіс беткейінен ылдилап, Келес өзенінің аңғарына жалғасады (Очерки по физической географии Казахстана, 1952; Чупахин, 1964, 1968; Богданова және т.б., 1968).
Су торлары. Аймақтың өзендер жүйесі еріген мұз бен қар суымен және тау жылғаларымен қоректене отырып, территория бойынша әркелкі таралған. Өзендердің көпшілігінде тау басындағы қарлардың еруінен көктемгі-жазғы су тасулары болып отырады. (Подоба, Толстихин, 1937; Пальгов, 1953). Ақбура сияқты өзендер бұлақ суларымен қоректенсе, кейбір жылғалардың арнасы жаздыкүні кеуіп кетеді. Барлық беттік сулар минерологиялық құрамына қарай гидрокарбонаттық тұщы суларға жатады (Лебедев, 1928; Щульц, 1949; Кармышева, 1973; Павлов, 1980). Қысқы және көктемгі жауын-шашын мөлшеріне байланысты болатын жазғы су тасуы әр жылдары әртүрлі болады, қыстың күні өзендердің деңгейі тұрақты, өйткені негізінен жер асты суымен коректенеді.
Климаты. Қазығұрт тауының климаттық жағдайлары Батыс Тянь-Шань тау жүйесі сияқты қоңыржай және субтропиктік климаттық белдеулердің шекарасында орналасуымен анықталады (Алисов, 1956), яғни жер бедері мен ауа массаларының ықпал етуімен қалыптасқан тау климаты шұғыл континентальды типке жатады (Иванов, 1959). Жаз бен қыста және күндіз бен түнде ауа температурасы үлкен амплитудаға тербеледі, шілдедегі ауаның орташа температурасы +26,30С, ал қаңтарда -4,30С. Абсолюттік максимум 350-380С-қа жоғарыласа, ал минимум -250-290С. Ауаның жылдық температурасы 9-100С арасында тербеледі. Алисов, (1947) Иванов, (1959) Борисов (1970) сияқты зерттеушілер Батыс Тянь-Шаньда жылудың маусымды таралуын анықтаған, соның ішінде Қазығұрт тауында поляр фронты батысазиялық Иран тармағының циклондық әрекетінен атмосфералық циркуляция үстемдік етеді. Ал евроазиялық суық ауа массалары әдетте теңіз деңгейінен 500-600 м биіктікте тарайды. Одан әрі 1800 м биіктікке дейін ауа температурасының қысқы өзгеруі (инверсия) байқалады. (Павлов, 1980). Қар жамылғысы қараша айынан бастап түсіп, орташа қалыңдығы 20 см-ден аспайды. Жоғарыда айтылған циклондық әрекет жауын-шашынның мөлшері мен маусымдық таралуын анықтайды. Ауданға жылына орта есеппен 500-600 мм жауын-шашын түседі. Биіктік жоғарылаған сайын түсетін ылғалдың мөлшері артып, оның максимум мөлшері наурыз-мамыр айларына сай келеді (Алисов, 1947, 1956; Борисов, 1970). Зерттеліп отырған аймақтағы климаттың тағы бір ерекшелігі – жазғы құрғақшылық ұзақ уақытқа созылып, 5 ай бойы жауын-шашынның өте аз түсетіндігін түсіндіреді (Балашова және т.б., 1960). Солтүстік және оңтүстік экспозициядағы беткейлерде ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, топырақтың ылғалдылығы және т.б. климаттық көрсеткіштердің алуан түрлілігі тән болып келеді. Яғни, оңтүстік-шығыспен салыстырғанда солтүстік-батыс экспозициясының беткейлері анағұрлым ылғалды болып келеді. Бұл ерекшелік мезо- және микрожер бедерлерінде байқалады (Степанов, 1975). Тұтастай алғанда Батыс Тянь-Шань таулары, соның ішінде Қазығұрт тауы климаттың әркелкілігімен сипатталады. Күн радиациясының артуы, ауа температурасының күрделілігі, жауын-шашынның әркелкі түсуі және атмосфералық циркуляциясының жергілікті құбылыстары өсімдік жамылғысының көптүрлі (пестрая мозайка) қалыптасуына жағдай туғызады.
Топырақ жамылғысы. Батыс Тянь-Шаньның топырағын алғашқы зерттеуді С.С.Неуструевтің топырақ-ботаникалық экспедициялары жүргізді. Ол төменгі тау белдеуінде топырақтың ерекше типін-сұр топырақты бөліп көрсетіп, сипаттады. Сөйтіп, Батыс Тянь-Шань топырағының вертикаль зоналылығының схемасын бірінші болып құрастырды (1910). Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньға жататын Қазығұрт тауы топырақ жамылғысы жөнінен тұтасымен Тұран фасциясына жатады. Аудан территориясында негізінде морфологиялық белгілерінен, физикалық қасиеттеріне және химиялық құрамына қарай сұр топырақтар дамыған, олардың құрамында суда тез ерігіш тұздардың көптігі зерттелген. Сол сияқты топырақ жамылғысы өсімдік қауымдастықтары сәйкес болатын көптеген топырақ ерекшеліктерінің кешендерінен тұрады.
Сұр топырақтарда гумус мөлшері көбірек (1-2%) болады. Шөлмен салыстырғанда терең қабаттары ылғалы мол сілтілі болып келеді, бұдан топырақтағы карбонаттылықтың аз екенін түсінуге болады. Топырақ түзуші аналық жыныстар сұр топырақтар мен шөгінділерден тұрады (Панков және т.б., 1942).
Қазығұрт тауының территориясында сұр топырақтардың үш түрі кездеседі: ашық, типтік және күңгірт (Дурасов және т.б., 1981).
Ашық сұр топырақта климаттық жағдайлары мен суда ерігіш тұздардың құрамына қарай шөлдік жазықтарға ұқсас болып келетін 300-500 (700) м биіктіктегі тау етегіндегі жазықтарда қалыптасқан. Олардың ішінде спицификалық эфемерлі өсімдіктердің (тұзданбағаны) сортаңданбаған түрлері де кездеседі.
Ал, типтік сұр топырақтар теңіз деңгейінен 500-800 м биіктіктегі таудың қырқалы бөлігінде тараған. Олардың ашық сұр топырақтардан ерекшелігі: гумус қабаты анағұрлым күңгірттеу болып келеді, тұзды және гипсті қабаттар тереңіректе орналасқан. 1000-1200 м биіктікте сілтіленген сұр топырақтар белдеуі жайғасқан. Ал, 1400 м биіктіктегі тау беткейлерінің ылғалды учаскелерінде құба топырақтар дамыған. Күңгірт сұр топырақтар климаттық жағдайы мен өсімдіктер жамылғысы жөнінен тауларға ұқсас болып келетін гумидтік аймақта тараған (Дурасов және т.б., 1981).
2.2 Зерттеу зерзаты мен әдістемелері
2.2.1 Шаруашылықта өсірілетін ірі қара тұқымына сипаттама
Ірі қараның еті, басқа ауыл шаруашылық малдарының етіне қарағанда, жоғары бағаланады. Өйткені ет құрамындағы белогі мен майының өзара қатынасы ерекше болып келеді. Оның етінде холестерин аз. Ірі қара етінің тағы бір ерекшелігі оның құрамында амин қышқылдары: аргинин, мезин, гистидин, тирозин, триптофан, цистин, т.б. майлы қышқылдар, әртүрлі минералды, экстрактивті және басқада заттардың болуы. Ірі қара етінің қорытылуы және оргонизмге сіңуі 95 пайызға дейін жетеді. Ірі қара етінің морфологиялық және химиялық құрамына оның тұқымы, жасы және қоңдылығы байланысты. Ірі қара ұшасының 42-68 пайызы таза ет, майы 14-30 пайыз, сүйегі 12-20 пайыз, сіңірі 10-14 пайыз. Орташа қоңды ірі қараның химиялық құрамы мен калориясы төмендегідей: суы-66%, белогі-20%,майлылығы-23%,минералды заттар-1%. Ал, 1 кг етінде 7560 КДж болады. Ірі қара етінің шығымына оның тұқымдық қасиетінің, дене бітімінің әсері мол. Ірі қара мал тез өсіп, жетіледі, тірілей салмағы 600кг-нан 1000кг-ға дейін, тіпті оданда жоғары болады, ал ұшасының шығымы 65%-дан жоғары.
Абердин-ангус сиыры – сиырдың етті тұқымы. 1917 ж. Шотландияда жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алынды. Қазақстанға алғаш рет 1932 ж. Англиядан әкелінді. Сиыр тұқымдардың ішіндегі өте сапалы ет беретін тұқым болып саналады, бірақ жақсы азықтандыру мен бағып-күтуді қажет етеді. Тез жетіледі. Абердин-ангус сиырының түсі көбінесе қара, мүйізсіз тоқал болып келеді. Шоқтығына дейінгі орташа биіктігі 118,5 см, кеудесінің орамы 190 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 148 см, жіліншігінің орамы 19 см болады. Сиыры 550 – 600 кг, бұқасы 750 – 800 кг, бордақыланған өгізшелері 14 – 15 айлығында 400 – 450 кг орташа салмақ тартады, 60% таза ет, сауын маусымында әр сиыр 2000 кг сүт береді. Өзінің биологиялық ерекшеліктерін көрсету үшін жақсы азықтандырып, бағып-күтуді қажет етеді. Сондықтан да Абердин-ангус сиырын жемшөп қоры мол, ауа-райы қоңыр-салқын келетін аудаңдарда өсіру тиімді. Мамандардың айтуы бойынша, егер бұл мал түрінің жем-шөбін, дәруменге толы азығын мерзімінде және толық көлемде беріп отырсаң, күніне 1-1,5 келі ет қосатын көрінеді. «Береке» шаруа қожалығына 2013 жылы әкелініп, жер сіңдіріліп жатыр. Шаруа қожалығында жұмыс істейтін ветеринарлардың айтуынша, арпа, бидай, нут сияқты дәнді-дақылдар – малдың күнделікті «рационына» кіретін «тағамдар».
2.2.2 Ет өнімінің бағалау әдістері, ірі қарамал етін өнеркәсіптік негізде өндіру техналогиясы
Ауыл шаруашылығы малдарының еттілігі оларды тірі кезінде және сойылғаннан кейін бағаланады. Малдың тірі кезіндегі еттілігі олардың тірілей салмақтары мен қоңдылықтары бойынша анықталады. Малдың қоңдылығын анықтағанда олардың кейбір (май жиналатын) дене мүшелерін сипап, ұстап, бармақпен басып көреді. Мысалы, сауын сиыры болса, оның желінінің айналасын сипайды, бұқашық болса – ұма мойын ұстайды, сондай-ақ малдардың шап майын салмақтап көру, сауырын, құйрық түбін, белін, төсін сипап көру, соңғы қабырғаның ортасын бармақпен баса сырғатып көру сияқты жолдары бар.
Сойыс салмағы деп – сойған малдың бас-сирақсыз, терісіз, өкпе бауырсыз, ішек қарынсыз, тек ұшасы мен және бүйрек майларының салмағын айтады. Сойыс шығымы деп – сойыс салмағын сояр алдындағы тірілей салмағына проценттік қатынасын айтады.
Сойыс салмағымен сойыс шығымы малдардың тұқымына, түріне, жынысына, бордақылаудың түрлеріне, қоңдылығына, жасына, олардың өзіндік ерекшеліктеріне күтіп бағу түрлеріне және өнім бағыттарына байланысты болады. Мысалы, жақсы семірген ет бағытындағы малдың сойыс шығымы орта есеппен 60-65%-ке жетеді, ал сүт бағытындағы малдың сойыс шығымы – 50-55%, артық малдыкі – 45-48%.
Сиыр малының сойыс шығымы тұқымына қарай орта есеппен 40-70% мөлшерінде болады. Малдың жасы ұлғайған сайын бұл көрсеткіштер төмендей береді, себебі клеткалардың өсуі, ондағы зат алмасу процестері баяулана түседі. Еттің құрамына бұлшық ет, май, суйек, шеміршек, шандыр, нерв талшықтар, без және қан тамырлары кіреді.
Осы айтылған ет құрамының проценттік үлестеріне қарай ет әр түрлі сорттарға бөлінеді. Еттің сапасын бағалағанда жоғары сортты ет беретін артқы сан еттеріне ерекше көңіл аударылады. Мал етінің түсі, түрі, иісі олардың тұқымына, жынысына, жасына, қоңдылығы және бордақылау ерекшеліктеріне тікелей байланыста.
Ірі қараның етінің түсі солғын қызыл, қанынан жақсы арылған жас малдың еті қызғылт, ал кәрі және еркек малдың етінің түсі қызыл күрең келеді. Еттің құрамында адам организміне қажетті белоктар, майлар, минеральді заттар, витаминдер, ферменттер және гармондар бар.
Қазіргі кезде мемлекеттік стандарт (ГОСТ) 7995-55 бойынша сиыр еті тоғыз бөліке бөлініп үш сортқа топтастырылады:
І сортқа – ту сырт, сүбе бөлмеде, жамбас еті, және төстің өті жатады.
ІІ сортқа – жауырын еті, йық ет, қарын тұстағы көк ет жатады;
ІІІ сортқа – мойын ет, алдыңғы және артқы қыржеліншек жатады.
Жоғарыда айтылған өсіру кезеңінің өзі екі фазадан (кезеңнен) тұрады. Біріншісі – 65 күн, тәуліктік салмақ қосуы 600г мөлшерінде болуы керек. Бұл фазада сиыр сүтін жасанды сүтпен, бірінші фазаға арналған арналған құрама жем және сапалы пішеннен азық тандырудан тұрады. Екінші фаза – 65-ші күннен бастап 115-ші күнге дейін созылады.
Олардың тәуліктік қосымша салмағы 880 г болады. Бұл кезеңде бұзаулар ірі азыққа үйретіледі. Сондықтан олардың негізгі жем – шөбі: екінші фазаға арналған құрама жем мен жоғары сапалы пішен болып табылады.
Кесте 1 - Бұзауларды өсіру және бордақылау кезеңдеріндегі азықтандырудың нормасы
Кезеңдер |
Тәуліктегі қосымша салмақ, г. |
Азықтандырудың тіптері |
Жем-шөптің түрлері |
Жем-шөптің тәуліктік мөлшері кг |
|
Саны |
Ұзақтығы (күн) |
||||
І |
65 |
600 |
сиырдың сүті толығымен ауыстырылған |
1. жасанды сүт 2. 1-кезеңге арналған құрама жем 3. беде пішені |
0,48 0,7
0,2 |
ІІ |
66-115 |
880 |
ІІІ-ші фазада берілетін жем шөпке біртіндеп көшу |
І.ІІ-ші кезеңнің арнаулы құрамы жемі. |
2,6 |
ІІІ |
116-392 |
1165 |
жеделдете өсіру мен бордақылау тойғанша(еркімен) азықтандыру |
1.беде пішендемесі 2.ІІІ-ші фазаға арналған құрама жем |
8,3
5,3 |
Малды бордақылау кезеңі 115-ші күннен 392-ші күнге дейін созылады, бұл аралықта олардың тәуліктік салмақ қосулары 1165 г болады, бұл кезеңде малды құрама жеммен, пішендемемен (бұршақ және астық тұқымдас шөбінен дайындалған) азықтандырады. Жоспарланған қосымша салмақты алу үшін әр кезеңде және олардың жасына байланысты азықтандыру нормалары бекітілген. Қорытындысында, бордақылаған малдарды 13 айлығында әр бір 13 күн сайын 360 бастан етке союға өткізіліп отырылады, олардың сойыс шығымы - 55%-ті құрайды.
Кесте 2 - Ірі қараның бордақыдағы азықтандыру нормасы, тәулігіне 1 басқа
Көрсеткіштері |
Тірі салмағы, кг |
|||||||
150 |
200 |
250 |
300 |
350 |
400 |
450 |
500 |
|
тәулігіне қосатын салмағы, 800 г |
||||||||
Азық өлшемі |
5,3 |
5,8 |
6,2 |
7 |
7,3 |
8,1 |
8,4 |
8,7 |
Алмасу энгергиясы, МДж |
45,3 |
49,0 |
54 |
61 |
66,0 |
75,0 |
84,0 |
96 |
Құрғақ зат, кг |
4,6 |
5,4 |
6 |
705 |
8,5 |
9,5 |
10,5 |
11,0 |
Шикі протеин, кг |
775 |
850 |
905 |
915 |
995 |
1080 |
1120 |
1160 |
Қорытылатын протеин, г |
505 |
550 |
590 |
594 |
620 |
650 |
670 |
695 |
Шикі клетчатка, г |
840 |
1050 |
1260 |
1575 |
1785 |
1805 |
1995 |
2280 |
Крахмал, г |
555 |
605 |
650 |
775 |
810 |
970 |
1010 |
1045 |
Қанттар, г |
400 |
440 |
470 |
540 |
560 |
650 |
670 |
695 |
Шикі май, г |
200 200 |
220 |
230 |
260 |
270 |
300 |
315 |
325 |
Көрсеткіштері |
тірі салмағы, кг |
|||||||
150 |
200 |
250 |
300 |
350 |
400 |
450 |
500 |
|
тәулігіне қосатын салмағы , 1200 г |
||||||||
Азык өлшемі |
- |
7,4 |
7,8 |
8,8 |
9,1 |
10,1 |
10,4 |
10,7 |
Алмасу энергиясы, МДж |
- |
62 |
69,0 |
77,0 |
82,0 |
94,0 |
104,0 |
118 |
Құрғақ зат, кг |
- |
6 |
6,7 |
8,5 |
9.5 |
10,5 |
11,5 |
13 |
Шикі протеин, кг |
- |
1085 |
1140 |
1150 |
1190 |
1350 |
1380 |
1425 |
Қорытылатын протеин, г |
- |
705 |
740 |
750 |
775 |
810 |
830 |
855 |
Шикі клетчатка, г |
- |
1200 |
1405 |
1785 |
1995 |
1995 |
2185 |
2470 |
Крахмал, г |
- |
775 |
810 |
975 |
1010 |
1215 |
1285 |
1285 |
Қанттар, г |
. |
565 |
590 |
675 |
695 |
810 |
230 |
885 |
Шикі май, г |
- |
280 |
295 |
330 |
340 |
380 |
390 |
400 |
Ірі қара малының тірі салмағын анықтау: малдың тірі салмағын анықтау - жасы ұлғая дене мөлшерінің өзгеруін есепке алу адістерінің кең тараған түрі. Барлық мал түліктерінің салмағы арнайы таразыда өлшенеді. Азықтандыруға дейін екі күн қатарымен малды өлшеп, орта мөлшерін есептеп шығарады. Ірі малды өлшеу кейде қиындыққа түседі (сиыр, бұқа, жылқы), мұндай жағдайда салмағын дене өшемдері бойынша анықтайды. Дене өлшемдері мен тірі салмағы арасында нақтылы байланыс бар.
Ірі қара мал тірі салмағын дене өлшемдері бойынша анықтаудың екі әдісі бар:
Трухановский әдісі. Еркек мал салмағын мына теңдікпен анықтайды:
М =
М - малдың салмағы, кг; А - жауырын асты кеудесінің орамы, см; В - денесінің тік ұзындығы, таяқпен өлшенеді, см; К - түзетуші коэффициент (сүтті тұқымдарға - 2, етті-сүтті және етті тұқымға - 2,5) көбейтіп, одан шыққан санды 100 бөледі .
Клювер-Штраух әдісі. Жауырын асты кеуде орамы мен денесінің қиғаш ұзындығын лентамен өлшейді. Тірі салмағы кесте бойынша анықталады. Бұл әдістердің бәрі дәл емес, мал қоңдылығы бойынша түзетіп, енгізу керек: қоңдылығы ортадан жоғары кезде тірі салмақ көрсеткішін 5-10% жоғарылатады, ортадан төмен кезде 5-10% төмендетеді. Арнаулы шаруашылықтарда және шаруашылықаралық кәсіпорындарда 15-18, одан да жоғарғы жастағы, салмағы орташа 280-350 кг төлдер қойылады. Бордақылау ұзақтығы - 120-дан 180 күнге дейін (орташа 150 күн). Тәуліктік салмақ -900-1000 гр. 1 кг салмақка 10-11 а.ө. (40-60% жемдік азықтар). Бордақылау аяғында тірі салмақ - 420-500 кг. Ұстаудың екі жүйесі қолданылады: байламай - 15-20 бастан уақ топқа бөліп (әрбір қорада), байлап ұстау (негізінен піштірілмеген бұқашықтарды) қолданылады. Азықтардың негізгі түрі: тамақ өнеркәсіптерінің қалдықтары (жом, барда), сүрлем, пішендеме, пішен көк шөптер және жемдік азықтар. Қант қызылшасы жомымен бордақылағанда (төлдерді) азықтандыру бастапқы және негізгі болып екі кезеңге бөлінеді. Бастапқы кезеңде (40-60 күн) төлдерді жомды көп мөлшерде жеуге дайындайды. Бастапқы тәуліктік жомның мөлшері - 10-15 кг. Кейінгі күндері рационда жомның мөлшері - 5-6 кг-ға дейін, сөйтіп күнделікті 40-50 кг жом беруге болады. Негізгі кезеңде бордақылаудың аяғына 80-90 күн қалғанда жомның және көлемді азықтардың мөлшерін біршама азайтады, жемдік азықтарды көбейтеді. Малды бордақылау үшін астық және картоп бардасын пайдаланады. Жеуге біртіндеп үйретеді (төлді), бастапқыда күніне 5-7 кг, кейін 10-15 күн ішінде 50-60 кг жеткізеді. Азықтардың ара салмағы: барда - 40-50% , пішен және сабан - 15-20% , жемдер - 40-50% (кесте 3).
Кесте 3 - Мүйізді ірі қара мал бордақылаудағы азықтандыру рационы
Азықтар |
Жоммен бордақылауда |
Бардамен бордақылағанда |
||||
басында |
орта-сында |
аяғында |
басында |
орта-сында |
аяғында |
|
Негізгі азық, кг |
30-40 |
45-40 |
35-30 |
40-45 |
50-45 |
40-35 |
Пішен, кг |
- |
- |
1 |
- |
- |
2 |
Жаздық сабан, кг |
3 |
3 |
2 |
4 |
4 |
1 |
Мелясса, кг |
0,5 |
0,5 |
1 |
0,5 |
0,5 |
1 |
Бидай кебегі, кг |
0,7 |
1,0 |
1,3 |
0,3 |
0,5 |
0,8 |
Жүгері жар-сы,кг |
0,2 |
0,3 |
0,3 |
0,2 |
0,3 |
0,3 |
Ас тұзы, г |
30 |
40 |
50 |
30 |
40 |
50 |
Преципитат, г |
50 |
60 |
70 |
50 |
60 |
70 |
2.3 Зерттеу нәтижелері
2.3.1 Ірі қараны бордақылаудың өнеркәсіптік технологиясы
Бордақылау деп сойыс малының салмағы мен қоңдылығын көтеру үшін үстемелеп азықтандыруды атайды. Бордақыланған малдың ет пен майы артуымен қатар олардың сапасы, дәмі жақсарады. Ірі қараны бордақылауда қолдағы бар азықтарды (өндіріс қалдықтарын (барда, жом), сүрлем, пішен, пішендеме, тамақ қалдықтары пайдаланылады. Жазда жайылым отына семіртіледі. Сонымен қатар көк азықтарды (жоңышқа, беде, жүгері) мүмкіндігінше көп беруге болады.
Жас малды 130-150 күн, сақа малды 90-100 күн бордақылайды. Олардың тәуліктік салмақ қосуы 800 - 1000 грамнан төмен болмай, әр кг қосымша салмаққа жас мал 6-8, ал сақа мал 9-11 азық өлшемін шығындайды. Жас малды бордақылағанда олардың биологиялық өсу ерекшеліктеріне байланысты негізінен бұлшық еттері өседі де, сақа малда май байланады.
Бордақылау үш кезеңге бөлінеді: бастапқы кезеңде малды азықтандыру рациондарына үйретіп, негізгі қолданылатын азықты мейлінше көп жеуге дағдыландырады да бордақылаудың орта кезеңінде бірқалыпты деңгейде ұстайды. Бұл екі кезең бойында жемді үнемдеп береді. Бордақылаудың соңғы кезеңінде негізгі бордақылау азығын 20% шамасында азайтып, орнына құнарлы азықтарды, жемді көбейтеді. Сонда ғана бордақыдағы малдың тәбеті жақсарып, қосымша салмақ қосу деңгейі артады, ет пен майының сапасы жақсарады. Бордақылау кезінде малды жиі - тәулігіне 3-4 рет азықтандырып, таза сумен қажетінше қамтамасыз етеді.
Малды етке семірту жолдары. Республикамызда жаз айларында малдан арзан да бағалы ет алуға жайылымды кеңінен пайдаланатыны белгілі. Қоғамдық мал мен жеке шаруа малы да кең жайылымды толық пайдаланады. Мал жайылым өсімдігімен өз бетімен қажетінше қоректенеді. Малдың жазғы жемшөбіне, күтіміне көп шығын шықпайды. Сонымен бірге жайылым өсімдігі жұғымды, жақсы қорытылады және пайдалы диеталық қасиеті бар. Сақа сиыр жайылымда 100-120 тәулік, ал жас мал 130-150 тәулік бордақыланады. Осы кезеңде сақа мал айына 30-40 кг салмақ қосады. Ал жас мал салмағы екі есе көтеріледі.
Шөбі шүйгін, суы мол жайылымда мал қосымша азықсыз-ақ тәулігіне 1 кг-ға дейін салмақ қоса алады. Сонымен қатар жайылымды пайдаланған малдың еті арзанға түсіп қоймай, минерал заттармен толыға түседі, дәмді, сіңімді, хош иісті келеді.
Жеке шаруашылықтардағы бордақыланатын малдың тұқымына, жасына, жынысына, салмағына, жайылымның ерекшелігіне қарай жинастырып, сақа мал болса 120-150 бастан, ал жас малды 200 басқа дейін топтап, табын құрайды, бақташы белгілейді. Әдетте, таулы, орман арасындағы жайылым табынына 100-150 бас, алыстағы жайылым табынына 250 басқа дейін болғаны дұрыс. Жайылымды таңдағанда мал басына шаққанда 2-5 гектар мөлшерінде болу керек.
Ерте пішілген малдың өсуі төмендеп, салмақ қосу қарқыны азаятындықтан, еркек малды 5-6 айлығында ғана пішкен орынды.
Жайылымда тұз болғаны дұрыс. Малды етке өткізер алдында аз уақыт қолға ұстап, қолда бар азықтықпен интенсивті бордақылайды.
Қолда ұстап бордақылаған кезде малдың қоңдылығы жоғарылай түсуі үшін оны үстемелеп азықтандырады. Малдың салмағы артып, сойыс шығымы көтеріле түседі.
Толық азық рационымен интенсивті бордақыланған малдың тәуліктік салмақ қосуы 800-1000 г болып, 100-120 күнде мал салмағы 450-500 кг-ға жетіп, сойыс шығымы жоғарылай түседі. Жас мал 1,5 жасына дейін азықты барынша толық пайдаланып, бұлшық еті, әсіресе, оның құнды бөлігі - жон еті, омыртқа, сан еттері өсіп, толыға түседі. Жасы асқан сайын малдың бұл қасиеті саябырлап, ет қосу қарқыны бәсеңдей түседі.
Мынадай бір мысал келтіруге болады. Жас мал бір жасында сақа мал салмағының 50% -ын, екінші жылдың аяғында бірінші жыл салмағының 70% -ын қосатын болса, үшінші жылы екінші жылдағы қосқан салмағының 50% -дайын ғана қосады. Демек, малдың өсу қарқыны жасы асқан сайын бәсеңси түседі де, әрбір қосқан салмақ есебіне азықты бұрынғы жылдан артық жұмсайды. Себебі кәрі мал алған азығын бұрынғыдай бұлшық ет емес, май түзеуге пайдаланады. Жас мал алған азығын қосымша салмақ қосумен өте жақсы өтей алады. Себебі, жас мал организміндегі нуклеопротеидтер қайта жаңара алады да, бұлшық ет үлесі арта түседі.
Малды жеммен, сүрлеммен, тамыржемістілермен, т.б. бордақылаған кезеңді алғашқы, негізгі, соңғы деп үшке бөледі.
Алғашқы кезеңде бордақылауға пайдаланылатын негізгі азықты барынша мол, ал жемді мүмкіндігінше аз береді. Бордақылаудың негізгі кезеңінде азықтықты біршама төмендетіп, жем мөлшерін көтере түседі. Ал соңғы кезеңде негізгі азықты 20% -ға азайтып, жем мөлшерін екі есе көтереді. Жас мал қосқан салмағының әр-бір килосына 5-7 азық өлшемін жұмсаса, сақа мал 9-10, орта есеппен алғанда 8-8,5 азық өлшемін жұмсайды.
Бордақыланған мал етінің орташа майлылығы 12-18% -дан аспағаны жөн, оның ішінде пішілмеген өгізше етінің майлылығы 10-12% , ал ұрғашы тайынша мен пішілген өгізше етінің майлылығы 18-20% мөлшерінде болғаны дұрыс
Бордақылаудағы малды мүмкіндігінше тойғыза азықтандырып, оның күйін көтеріп, салмағын арттыру. Бордақылаудың мерзімі (ұзақтығы) малдың тұқымына, жасына, күйіне және азықтандыру деңгейіне байланысты. Сақа малды бордақылау 2,5-3,0 айға, 1 жасқа дейінгі торпақты бордақылау - 6-7 айға, 1,5-2,0 жасар тайыншаны бордақылау 3-4 айға созылады. Өте жақсы нәтиже ірі қараның етті тұқымының малын немесе етті, сүтті, сүтті-етті тұқымының сиырларын етті тұқымының бұқаларымен шағылыстырудан алынған будандарды бордақылағанда шығады. Малдың жасына және азықтандыру жағдайына қарай бордақылаудың мынадай түрлері бар:
а) төлді жедел өсіріп, бордақылау; бұлай өткенде 15-18 айлығында олардың салмағы 450-500 кг жетеді, 1 кг қосқан салмағына 7-8 азық өлшемі жұмсалады. Тәулігіне 0,8-1,2 кг салмақ қосады. Төлді жедел өсіріп, бордақылағанда, өте дәмді, артық майы жоқ ет алынады. Қыс айларындағы негізгі азық сүрлем, пішен, пішендеме, тамыржемістілер. Бұларға қосымша рационның жалпы қоректілігінің 40% мөлшерінде жем беріледі. Бордақылау аяқталар кезде жемді көбірек береді. Малды неғұрлым тойғыза азықтандырса, бордақылау мерзімі соғұрлым қысқа болады да, қосатын салмақтың 1 кг азыққа жұмсалады. Бордақылау кезінде рационның жалпы энергиялық қоректілігін, протеиндік дәрменділігі мен минералдық құнарлылығын қадағалау қажет;
б) күйі төмен төлді жетілдіре өсіріп бордақылау; әдетте арық төлді тойғыза азықтандырып өсіріп, күйін жақсартады, содан кейін бордақыға қояды;
в) сақа малды - қатардан шығарылған сиыр, өгіз, бұқаларды бордақылау. Оның мақсаты - малдың күйін жақсартып, семіз ет алу.
Бордақылаудың қай түрі болмасын ет өнімінің өзіндік құнын арзандату үшін мүмкіндігінше арзан азықты пайдаланады. Олар - жом (қызылша сығындысы), барда, картоп мезгасы, жүгері собығының өзегі. Бордақылау үшін пішендеме мен жем пайдалану да жақсы нәтиже береді. Малды сүрлеммен де бордақылайды. Онда рационға пішен, тамыржемістілер, жем қосылады. Табиғи жайылымдарда малды жайып семіртеді немесе артынан бордақыға қояды. Бордақыдағы малдың рационында протеин жетіспесе, оған азоты мол химиялық қоспалар - мочевина, амидты концентрат, қосаммоний фосфат қосып беріледі. Азықтың сіңімін арттырып, малдың жедел өсуін, осыған орай бордақылауды арзандату үшін ферменттік препараттар мен биологиялық әсері күшті заттарды да пайдаланады. Малды мал азықтық техникалық қалдықтарды пайдаланып та бордақылауға болады. Осыған байланысты жоммен бордақылау, бардамен бордақылау, картоп мезгасымен бордақылау деген түрлері бар. Бұл әр аймақтың, шаруашылықтың жергілікті ерекшеліктеріне сәйкес, қолда бар азығына қарай жүргізілетін бордақылау. Табиғи жайылымы мол аймақтарда малды жайып семіртеді. Ол арзанға түседі, әрі ет өнімінің сапасы өте жоғары болады.
Жоммен бордақылау. Жомның сүрленген және жаңа ғана өндірілген түрлері болады. Жомда майлы заттар аз, кальций, калий элементтері көп, фосфор аз, каротин мүлде жоқ. Сүрленген жомда 1,5-1,8% органикалық кышқылдар бар. Жоммен бордақылаудың нәтижелілігін арттыру үшін рационға клетчаткасы мол ірі азықтар, техникалық май қалдықтары, фосфорлы қоспалар, қосаммонийлі фосфат, ас тұзын, азотты қоспалар қосады. Бордақыдағы өгізшілерге олардың протеинге деген мұқтаждығының 25-30 %-ын мочевина беріп қанағаттандыруға болады. Егер мочевинаға аммоний сульфатын, қосаммонийлі фосфатын косып берсе, мал тез етейеді. Бұл қоспалардың протеиндік эквиваленті мынадай: 1 г мочевинанікі - 2,6% (яғни 1 г мочевина мал организмінде 2,6 г протеин түзеді). 1 г аммоний бикарбонаты - 0,96, ал 1 г аммоний сульфаты мен қосаммонийлі фосфаттікі - 1,2 граммнан.
Сүрленген жомның қышқылдығын азайту үшін оны аммиакпен өңдейді. Оның құрамында 20-25% аммиак бар. Жомға малды бірте-бірте үйретеді. Жомды мал жақсы жеуі үшін оған жем, сірне, тұз сеуіп берген дұрыс. Жоммен бордақылаудағы рационның құрамы оның жұғымдылығы бойынша мынадай болуы керек: жом -55-56%, ірі азық -6-8, сірне -10-жем -25-30%. Егер шаруашылықта мүмкіндік болса жомның жартысын сүрлеммен алмастырған жөн.
Бардамен бордақылау. Барда - спирт өндіргенде алынатын қалдық. Ең құнарлысы - дәнді дақылдардың бардасы, протеин фосфор мол тек клетчатка мен майлы заттар, кальций аз, каротин жоқ. Сондықтан бардаға пішен, сабан, жем, қант тектес заттары мол азық, кальцийге бай қоспалар қосады. Бордақылаудың алғашқы кезеңінде жом тәрізді барданы да малға көптеп береді, аздап жем, сабан қосады. Кейінірек барданы азайтып, жемді молайтады, ал сабан орнына пішен береді. Сөйтіп бордақылаудың жақсы нәтиже беруін қамтамасыз етеді. Рационды A жэне Д витаминдерімен, минералдық элементтермен қамтамасыз ету шарт.
Сүрлеммен бордақылау - әр түрлі көк шөптер, жүгері, күнбағыс және басқа сүрлемдер. Жас бордақыламайтын төлдердің азық рационында сүрлем 35-тен 45% қоректілігінен, көлемді азықтар - 10% , шөп - 5% және жемдік азықтар - 40-50%. Жүгері сүрлемінде протеин, қант, фосфор аз, кейде кальций элементі де жетіспейді. Сондықтан рационға мал азықтық, қызылша, жем қосады. Сүрлемдік рационның құрамы мынадай болғаны дұрыс (рационның жалпы жұғымдылығы бойынша): сүрлем - 35-45%, ірі азықтар 5-20%, жем - 25-35%. Қалғандары - қант қызылшасы, сірне, жом. Бордақыдағы малдың әр 100 кг салмағына 5-7 кг сурлем берілуі керек. Минералдық қоспалар ретінде фтордан тазартылған фосфат, үш кальцийлі фосфат береді. Ac тұзы 1,5 есе көбейтіледі.
Кесте 4 - Ірі қараны сүрлеммен бордақылау рационының үлгісі
Азықтың түрлері |
Бордақылау кезеңі |
Бордақылау кезінде жұмсалған барлық азық |
||
басы |
ортасы |
соңы |
||
Сақа мал үшін салмағы 450 кг, тәулігіне қосатын салмағы бордақылау кезеңіне сәйкес-1100, 1000, 1000 г |
||||
Жүгері сүрлемі |
40,0 |
35,0 |
30,0 |
31,5 |
Бидай сабаны |
4,0 |
4,0 |
2,0 |
1,38 |
Жемдік дән |
1,2 |
1,7 |
1,7 |
0,033 |
Бидай кебегі |
0,5 |
0,3 |
0,3 |
0,33 |
Ac тұзы, г |
50,0 |
50,0 |
55,0 |
0,05 |
Азықтық фосфат, г |
70,0 |
80,0 |
85,0 |
0,08 |
1,5-2,0 жастағы салмағы 350 кг бұқашықтар үшін, тәулігіне қосатын салмағы бордақылау кезеңіне сәйкес -950,1000, 1000 г |
||||
Жүгері сүрлемі |
30,0 |
25,0 |
20,0 |
27,25 |
Бидай сабаны |
3,0 |
2,0 |
1,0 |
27,15 |
Шалғын пішені |
1,0 |
1,0 |
2,0 |
1,15 |
Жемдік дән |
1,0 |
1,0 |
1,6 |
1,38 |
Бидай кебегі |
0,3 |
0,3 |
0,3 |
0,33 |
Ac тұзы, г |
30,0 |
30,0 |
35,0 |
0,04 |
Азықтык фосфат, г |
50,0 |
60,0 |
70,0 |
0,06 |
Пішендемемен және жеммен бордақылау. Пішендемемен сүрлемді және пішенді толық ауыстыруға болады. Пішендемені рацион жұғымдылығының 40-60%-на дейін жеткізуге болады. Пішендеме, әсіресе бұршақ тұқымдастардан салынған пішендеме протеинге, минералдық заттар мен каротинге бай. Сүрлеммен салыстырғанда онда органикалық қышқылдар аз, қантты заттар көбірек және пішендемені малға беру жеңілірек.
Ірі қара етін өндірудің өндірістік тәсілі малды азықтандыру жағдайына қарай 4 мерзімге бөлінеді: бұзаудың сүт ішетін кезі, одан кейінгі мерзімі, жедел өсу кезеңі және бордақылау. Алғашқы 2 айда жас бұзауларға сүт немесе сүт орнына жүретін қоспа, стартер-құрама жемі беріледі. Бұл кезде бұзауларды пішен және шырынды-сулы азықтарды жеуге үйрете бастайды. Бұдан кейінгі уақытта (75-134 күндер арасы) бұзаулар жемшөпті жақсы жеп, қорытуға дайындалуы керек.
Үшінші және төртінші кезеңдерде (134-314 жэне 315-405 күн) рацион негізінен құрама жем мен пішендемеден тұрады. Ал ірі қара етін өндіретін кешендер үшін бордақыдағы малды азықтандыру жүйесі жасалған. Ол жүйе бойынша толық рационды азық қоспалары, түйіршіктелген, брикеттелген көк шөп, жем, сулы азықтар, жом беріледі. Мысалы, түйіршіктелген азық қоспасының құрамы мынадай болуы мүмкін: құрғақ қызылша жомы - 50%, туралған сабан - 20-25, жем (дән) - 15, сірне - 8-10, мочевина - 1, ас тұзы - 0,5, минералды-витаминді қоспа - 0,3-0,5%. Мұндай азық қоспасының 1 кг 0,8 азық өлшемі, 85-90 г қорытылатын протеин бар.
Егер қара мал етін өндіру шаруашылықаралық кооперативтік мекемеде жүргізелетін болса, олар арнайы бағытта мамандандырылады, бордақылау алаңдары құрылады, олар шаруашылықтардан бұзау қабылдап алып өсіреді. Онда бордақыдағы малға жемшөп беру, суару толық механикаландырылған. Алайда мұндай алаңдарда мал бордақылағанда жемшөп әдеттегі нормадан 10-12% жоғары болады.
2.3.2 Малды жайып семірту және бордақылау
Жайып семірту. Жаз айларында малдан арзан да бағалы ет алуға жайылымды кеңінен пайдаланады. Малдың жазғы жемшөбіне, күтіміне көп шығын шықпайды. Сонымен бірге жайылым өсімдігі жұғымды, жақсы қорытылады және пайдалы диеталық қасиеті бар. Малдың жазғы жайылымына шөбі шүйгінді, суы мол жайылымдар ажыратылуы қажет. Жайылымда сақа сиырлар 100-200 тәулік, ал жас мал 130-150 тәулік бағылады. Осы аралықта сақа мал айына 30-40 кг, ал жас мал екі есе салмақ қосады.
Малды жасына, жынысына, салмағына, жайылымның ерекшелігіне қарай табынға жинастырады. Табын жасақтау барысында малдың салмағының айырмашылығы 50-60 кг-нан аспауы тиіс. Табында сақа мал 120-150 бас, ал жас мал 200 басқа дейін топтастырылады. Мал басы таулы, орманды жайылымдарда 100-150 бас, алыстағы жайылымда 250 басқа дейін болғаны дұрыс. Жайылымды таңдағанда мал басына шаққанда 2-5 гектар мөлшерінде болуы керек.
Жайылым кезінде салмағы 200-250 кг жас мал тәулігіне 25-30 кг, ал сақа мал 30-60 кг-ға дейін жайылым шөбін жейді. Жақсы жайылымда мал қосымша азықсыз-ақ тәулігіне 1 килограмға дейін салмақ қоса алады. Жазғы жайылымда малды тәулігіне 10-12 сағатқа дейін жаяды, жайылым оты төмен болған жағдайда жайылымды 15-16 сағатқа дейін созады.
Күн ысыған кезде және маса, соналар шыққан жағдайларда малды түнде жайған тиімді. Тәулігіне малды 3-4 рет суарады. Жайылымда тұз болғаны дұрыс. Жаздың соңғы айында, жайылымның жағдайы нашарлауына байланысты малды аз уақыт (30-40 күндей) қолға ұстап, бордақылайды. Бұл кезде малды өкпе шөптердің көк балаусасымен, барша дақылдарымен және құнарлы азықтармен азықтандырады.
Бордақылау. Малды бордақылаудың тиімділігі оның мерзімі мен қарқындылығына байланысты: қысқа мерзімді бордақылау жағдайында мал жоғары қоңдылыққа жетпейді; жемшөппен жеткілікті, мол мөлшерде азықтандырылмаған жағдайда бордақылау мерзімі ұзарады. Бордақылауға жарамсыздыққа шығарылған сақа мал мен жас малды қояды. Малды жынысына, жасына және салмағына қарай топтастырады. Бордақыға, негізінен, өнеркөсіп қалдықтарын (қызылша сығындысы, барда, күнжара, т.б.) пайдаланады. Бордақылау мерзімін үш кезеңге беледі. Әр кезеңге жеке рацион түзіледі. Бастапқы және орта кезеңде арзан, көлемді азықтармен азықтандырады, ал соңғы кезеңде құнарлы жем мөлшерін арттыра түседі.
Қызылша сығындысы (жом) мен бардаға мал 7-10 күн бойы үйретіледі. Алғашқы кезде оларға тәулігіне 15-20 кг беріліп, содан соң оның мөлшері сақа сиырларға 70-80 кг, жас малға 40-50 кг-ға дейін жеткізеді. Бордақылау кезінде ас қорытудың қалыпты болуы үшін қызылша сығындысымен бірге 3-5 кг табиғи шөп береді немесе 1-2 кг пішен, 3-4 кг сабан, 1,5-2 кг құнарлы жем беріледі. Спирт зауыттарының аймақтарында әр малға тәулігіне 60-80 кг барда, ал жас малға 50-60 кг мөлшерінде беріледі. Бардамен бірге 4-6 кг пішен, 1,5-2,5 кг құрама жем, 0,07-0,08 кг бор беру қажет. Бордақыдағы малдың рационының құрамына сүйек ұны мен фосфорит (әр малға 40-50 г есебінде) болуы тиіс. Тұзды қажетінше жалап тұру үшін астаудың бір шетінде әрдайым болуы керек. Мақта егетін аудандарда малды бордақылауға мақта зауытының қалдықтарын пайдаланады. Тәулігіне малға 4-5 кг мақта қабығын, 2-2,5 кг күнжара, 2-3 кг пішен беріледі.
Кейбір шаруашылыктарда малды сүрлеммен, пішендемемен, балауса азықпен бордақылау ойдағыдай жүргізілуде. Бұл жағдайда сүрлем, пішендеме, тамыр түйінді жемістер, т.б. азықтарды пайдаланады. Бордақылаудың алдыңғы және ортаңғы кезеңінде сүрлемнің мөлшерін сақа малға 40 кг-ға дейін, жас малға 25 кг-ға дейін жеткізеді. Бұдан басқа рационның құрамында 4-6 кг пішен және сабан, 1,5-2 кг құнарлы жем азықтары болуы керек.
Бордақылаудың орташа мерзімі - сақа малда 80-90 күндей, жас малда 100-150 күндей. Бордақыдағы малдың орташа тәуліктік салмақ қосуы 900-1200 г аралығында болады. Бордақылаудың нәтижесі көбінесе малды дұрыс күтіп-бағу мен азықтандыруға байланысты. Малды тәулігіне күн тәртібіне сәйкес үш рет азықтандыру қажет.
2.3.3 Етті ірі қараны бағып-күту технологиясы
Етті ірі қараны бағып-күту әдістері. Етті ірі қара шаруашылығының өркендеуіне малды бағып-күту технологиясын ғылыми негізде ұйымдастырудың нашарлығы едәуір кедергі келтіріп отыр.
Eт малын күтіп-бағуда шаруашылықтарда оның табиғи климаттық, материалдық-техникалық және экономикалық жағдайларына сәйкес бұрыннан қалыптасқандай малды байлап бағу, қыста қорада ұстау немесе осы жоғарыдағы әдістер бірдей қолданылып келеді.
Шаруашылықта малды бағып-күтудің мұндай әдістерін қолдану мал қораларының типі мен құрылысына, егін шаруашылығының көлеміне, табындарына, олардың мөлшеріне, өнімділігіне, жемшөп қорына, мал астына төселетін төсенішке тікелей байланысты.
Етті ірі қараны байлап бағу әдісі қазіргі уақытта көптеген шаруашылықтарда қолданылып жүр. Мұнда әрбір мал жеке-жеке бағып күтіледі. Мұның өзі қол еңбегін көп керек етеді, қораның температурасы мен ылғалдылығының артып кетуіне әкеп соғады. Қорада малдың денсаулығына теріс әсерін тигізетін аммиактың мөлшері 0,05 мл/л-ге дейін көбейеді.
Ал малды көп уақыт байлауда ұстау, оның күн сайын таза ауаға шығарылмауы, қорадағы микроклиматтың нашарлығы төл малдың өсуіне, оның қосымша салмақ қосуына, сиырдың күйлеуіне, шағылыстан өтуіне жағымсыз әсер етеді. Мұндай сиырлардың бұзаулары әлсіз болып туады, кейбір мал ауруларына тез шалдығуына әкеліп соғады.
Малды байламай бағу әдісі өндіріс процестерін кешенді механикаландыруға, қолда бар өндірістік қорларды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, өнімділігін арттырып, өнімді өндіруге жұмсалатын шығынды азайтады. Алайда ірі қара малды бағып-күтудің бұл әдісі тиімді болуы үшін мал жемшөппен толық қамтамасыз етіліп, таза ауада ұзақ уақыт болуы керек. Оны ауа райы қолайсыз жағдайда ғана қорада ұстап, қыста қора ішінде, жылы төсеніш төсеп, ал жазда жайылымда немесе қоршалған алаңда баққан жөн. Мұның өзі малдың ауруға шалдықпауына, оның өнімділігіне және азықты өніммен өтеуіне жәрдемдеседі.
Етті ірі қараны байламай бағу әдісі, негізінен, республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында кеңінен қолдануда
2.3.4 Етті ірі қара өсіру технологиясы
Жаңбыр (тәулігіне 12 мм) малдың өнімділігін желге қарағанда көбірек, ал балшыққа қарағанда аз төмендетеді екен. Малдың, жаңбырлы ауа райы жағдайында косымша салмақ қосуы 15 процентке, ал азықты пайдалану тиімділігі 20 процентке кемиді. Сонымен қатар мал бордақылайтын алаңдарды елді-мекендерден кем дегенде 8 км қашықтыққа, негізгі жел бағытының ық жағына орналастырған жөн.
Кейбір шаруашылықтарда бордақыланатын малды суық түскеннен кейін 2-3 аптадан соң барып қораға қамайды. Бұл — үлкен қателік. Өйткені сол кезге дейін суықта жүрген малдың жүні тез өседі де, оның терісінің астына қорғаныш май мен іш майы жиналып үлгереді. Ал малды осы май жинағаннан кейін жылы қораға көшіру оның жаңа жағдайға бейімделуін керек етеді. Мал қатты терлейді, мезгілсіз түлейді, азық жеуге ынтасы болмайды, сөйтіп қосымша салмақ қосуын азайтады. Сондықтан бордақыланатын малды алаңнан қораға күздігүні, суық түспей тұрып көшіру керек. Мұны әсіресе біздің жергілікті сиырларды және тез жетілетін британ тұқымдас сиырлар мен олардың будандарын бордақылағанда ерекше ескерген жөн.
Бордақылау кезінде пайдаланылатын негізгі азықтың турлеріне қарай ірі қараны бордақылау да әртүрлі болады. Олар: көк балаусамен бордақылау, сүрлеммен және пішендемемен бордақылау, шырынды азыктармен бордақылау, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен (барда, сығынды, т. б.) бордақылау, құнарлы жеммен бордақылау және т. б.
Көк балаусамен бордақылау. Күйіс қайыратын малға табиғи шабындықтар мен екпе шөптің көк балаусасы ең кұнарлы азық. Оның құрамында жеткілікті мөлшерде амин қышқылдары бар, протеині жеткілікті, минералдық заттар мен витаминдерге бай. Ең бағалы көк балауса өсімдіктердің бірі бұршақ тұқымдастар: беде, эспарцет, түйежоңышқа, бұршақ, т.б. Бұл дақылдардың кұрамында углеводтардан басқа едәуір мөлшерде протеин, каротин және кальций кездеседі.
Дәнді дақылдарда — қарабидайда, бидайда, жаздық арпада, сұлы мен жүгеріде — углеводтар мол да, протеин аз. Оларды протеинмен толықтыру үшін дәнді дақылдарды бұршақ дақылдарымен араластырып себеді. Бір жылдық дәнді дақылдар мен бұршақ дақылдарын аралас себу олардың түсімін көбейтіп, қоректілігі жағынан құндылығын едәуір арттырады.
Шаруашылық жағдайында ерекше ескеретін жайт — бұршақ тұқымдас өсімдіктер шанақтаған кезде өте қоректі келеді, әрі осы сапасын гүлдегенге дейін сақтайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы 8-10 күннен аспайды, сондықтан бұл дақылдарда 30-40% гүл шанағы пайда болып, өсімдіктің биіктігі 20-25 см болған кезде малды жая беруге болады. Ал дәнді дақылдар 25-30 процентіне жуығы бас алып, биіктігі 35-40 сантиметрге жеткенде оған мал жая беруге болады. Мал балауса азыққа бірте-бірте үйретілуі керек, өйткені оларды қысқы рационнан бірден көк балаусаға көшіру малдың ас қорыту органдарының жұмысын бұзады. Мұның өзі ет өнімділігін төмендетеді. Алғашқы күндері малға сүрлем мен ірі сабақты азықтарды беріп, содан кейін 10-15 кг балауса азық салады. Малды осылай бірте-бірте үйретіп, содан кейін ғана толық балауса азыққа көшіру кажет.
Егістік көп, жайылымы аз аймақтарда малға көк балаусаны орып, тасып берген дұрыс. Украина мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне қарағанда, көк балаусаға малды жаюдан гөрі, оны орып, оттыққа салып берген тиімді көрінеді.
Тәуліктік рационның, құрамындағы көк балаусаның мөлшері көк шептің түріне, қосымша салмақ пен малдың жалпы салмағына, сондай-ақ азықтандыруға кеткен сүрлем мен жемнің шамасына байланысты болады. Әдетте көк балауса малға тойғанынша беріледі, бірақ оның мөлшері тәулігіне 25 килограмнан 75 килограмға дейін өзгеріп отыруы керек.
Малды қосымша азықтандыру үшін әртүрлі сүрлем (жүгері, кек шөптен жасалған сүрлем және т. б.), басқа да ашыған сығынды, барда беріледі. Жүгері сүрлемін бүкіл жыл бойы малды бордақылауға қолданылатын шаруашылықтарда оның мөлшері рациондағы барлық қоректік заттардың 50 процентінен аспауға тиіс. Малды көк балаусамен және сурлеммен бордақылағанда мынадай тәртіпті сақтаған жөн: таңертең малға сүрлем, күндіз және кешке көк балауса мен сүрлем беру керек.
Кейбір шаруашылықтарда малды көк балаусамен үздіксіз қамтамасыз ету үшін көк шөп конвейерін ұйымдастырады. Жайылымдағы көк шөпті тиімді пайдалану үшін малды қашада ұстайды. Ол үшін жайылымды қашамен қоршап бөлу керек.
Біздің республикамызда жайылымдық жерлер көп. Оны тиімді пайдалану сиыр етін көп өндіріп, оның өзіндік құнын кемітуге мүмкіндік береді. Малды қолда ұстауға қарағанда жайылымда баққанда алынатын қосымша салмақтың өзіндік құны мен еңбек шығыны төмен болады.
Малды табиғи жайылымда жайып семіртуге мал қыстату аяқталмай түрып дайындалу керек. Жайылымда жайып семіртілетін табындарды малдың жасына, жынысына және өсіп-даму ерекшеліктеріне қарай топтайды. Табынды бағып-күтетін бригаданың құрамына жайып-семірту ерекшеліктерін жақсы білетін адамдарды енгізеді. Жайып семіртудің жоспары жасалынады. Жайылымның, сумен қамтамасыз етілуін ескере отырып, оны учаскелерге бөледі, табындарға бекітеді. Жер жағдайына және онда өсетін өсімдіктердің түріне қарай оларда мал жаю кезегін белгілейді.
Мысалы, республикамыздың оңтүстік облыстарындағы жартылай шөлейт аймақтарда жайылым көп. Алайда мұнда су тек ерте көктемде ғана болады. Сонан соң мамырдың аяғы мен маусым айының басында ол жерлердің суы құрғап, шөбі қурап қалады. Міне, осындай жердің жайылымдарын ерте көктемде малды жайып семіртуге пайдалану керек. Содан кейін мал табындарын тұрақты су көздері (құдық, өзен, көл) бар жайылымдарға көшірген жөн.
Жайып семіртілетін табынның мөлшерін дұрыс белгілеу маңызды мәселелердің бірі. Мұны жергілікті жер жағдайына және бұл жөнінде жинақталған тәжірибеге сүйеніп шешу керек. Мұндағы негізгі факторлар — жайылым мен су көздерінің жеткілікті болуы және оның жағдайы. Озық шаруашылықтардың тәжірибесі мен ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғанындай, жайып семіртетін табындардың мөлшері әрбір аймақтың ерекшелігіне қарай жас малдың саны 350 басқа дейін, ал бракқа шығарылған ірі малдар 250 бас, одан да көп болуы мүмкін.
Малды жайып семіртуде бағып-күту тәртібін бұлжытпай сақтау өте мақызды мәселе. Малды тәулігіне 12-14 сағат жайғанда қосымша салмақты көп алуға болады. Малдың тынығатын орындарында жалайтын тұз болғаны дұрыс. Жақын маңда орманы жоқ жерлерде малдың сүйкеніп қасынуы үшін бағаналар орнату керек.
Маусым - тамыз айларында, жайылым шөбі қураған кезде малды қосымша азық, яғни көк балауса беріп азықтандырады. Бұл үшін малды бір жылдық және көп жылдық шөптер аралас егіліп, шөбі жинап алынған аңызға жаюға болады.
Малдың қосымша салмақ қосуына үнемі тоғытып отыру да жақсы әсер етеді. Сондықтан ыстық күндері малды күніне екі-үш рет өзен немесе көл арқылы айдап тоғыту керек.
Мал жоспарланған салмақ пен қоңдылығына жеткеннен кейін етке тапсырылады. Ал әлі де қоңданбаған, салмағы төмен мал қосымша бордақыланады.
Сүрлеммен және пішендемемен бордақылау. Сүрлем жас мөлшері әртүрлі ірі қараны азықтандыруға кеңінен колданылады. Жүгері — ең жақсы сүрлемдік дақыл. Республикамыздың көптеген аудандарында қыс айларында ірі қара рационының денін сүрлем алады. Сүрлемнің басқа азықтардан ерекшелігі сол — оның құрамында ашытатын заттар: сүт қышқылы, сірке және пропион қышқылдары, этил спирті бар. Сурлемнің сапасы органикалық қышқылдардың мөлшері мен арасалмағыиа қарай анықталады. Жүгері сүрлемін мал бордақылауға пайдалану рационның құрамын айтарлықтай өзгертеді.
Ірі қара төлін жүгері сурлемімен (рациондағы қоректілігі 55-60%) бордақылағанда тәуліктік (800-900г) қосымша салмақты жоғарылатуға, сойыс етін жақсартып, майдың шығымдылығын (57-59%) барынша арттыруға болады. Малды бордақылауға жүгері сүрлемін қолдану азықтың өніммен өтелуін арттырып, сиыр етінің өзіндік құнын төмендетеді, құнарлы жем мен ірі азықты үнемдеуге мүмкіндік береді. Жүгері сурлемі малдың физиологиялық жағдайына жақсы әсер етеді, рационның қоректік заттарының сіңімділігін жақсартуға көмектеседі. Жүгері сүрлемін мал бордақылауға бүкіл жыл бойы пайдалануға болады.
Ірі қараның төлін сүрлеммен бордақылағанда олардың қоректік заттармен толық қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Сондықтан рационға биологиялық активтілігі жоғары және азықтық протеинді жартылай алмастыратын карбамидті, минералды заттарды, витаминдерді және премикс қоспаларын қосып берген жөн.
Малды сүрлеммен бордақылаудың ерекшелігі — онымен малдың қосымша салмақ қосуын ұзак уақыт сақтауға болады. Мал сүрлемді ұзақ уақыт бойы жерімей жей береді, малды басқа рационмен бордақылағанда ол оны ұзақ уақыт бойы жей алмайды.
Малды қызылша сығындысымен (жоммен) бордақылау қызылша өсіретін аудандарда кең тараған. Қант заводтарына жақын орналасқан мал бордақылайтын алаңдар мен комплекстерде мал осылай бордақыланады.
Сығынды жеңіл қорытылатын углеводтарға бай, кальцийі жеткілікті болады, бірақ онда протеин мен А, Д витаминдері аз. Сондықтан малды қызылшанын, сығындысымен бордақылағанда оның рационының құрамын белокты концентраттармен (күнжара, шрот, бұршақ, көк балауса ұны және т. б.), ас тұзы, сүйек ұны, преципитат, үш кальцийлі фосфатпен толықтырады. Сығындымен дұрыс азықтандырмаса, онда минералды заттар жетіспесе, мал түрлі асқазан, аяқ ауруларына (буын ісіктері, сүйектің уатылуы) ұшырайды.
Малды бордақылауға жаңа ашыған (өзі ашыған), сүрленген құрғақ сығындыларды қолданады. Жас сығындының бір килограмының қоректілігі 0,08 азық өлшемі және 9 г қорытылатын протеин, ашытылған сығындыда - 0,1 азық өлшемі және 8 г протеин, ал құрғақ сығындыда - 0,85 азық өлшемі және 39 г қорытылатын протеин болады.
Сығындыны астауға салып, сірнемен дәмдеп береді. Ал сірнеге карбамид пен микроэлементтер араластырылады. Фосфорлық қосымша азықтарды тартылған жем-шөп, жүгері собығымен қосып береді.
Туралған сабанды сығындымен араластырып беруге болады. Жаңа сығынды мен ашытылған сығындыға малды бірте-бірте үйрету керек. Алғашқы күндері тәулігіне 10-15 кг, бірте-бірте, үшінші аптаның аяғында жас малға 45-50 кг, ал ересек малға - 60-70 кг мөлшерінде берген жөн.
Рационның құрамында сығынды - 55-70%, жем - 15% және ірі сабақты азық 15-20% шамасында болуы керек. Бұл жағдайда рационның құрамында протеин, фосфор және каротин жеткілікті болғаны жөн.
Малды төппен (бардамен) бордақылау — спиртті ішімдіктер заводтарының жанына орналасқан мал бордақылайтын алаңдар мен пункттерде жүргізіледі. Tөп (барда)—арпа, жүгері, тары, сұлы, бидай, картоп, сірне сияқты ауыл шаруашылығының әртүрлі өнімдерін өңдегеннен кейін қалатын қалдық. Спирт алу үшін жоғарыдағы заттардың құрамындағы барлық углеводтарды бөліп алғанда барлық белок, май, клетчатка және минералдық заттар түгелімен қалдықта қалады. Жаңа алынған төптің (барданың) 91-94 проценті су болады. Құрғақ күйіндегі төпте қорытылатын протеин мен фосфор көп болады да, кальций жетіспейді.
Малға тәулігіне жүз килограмм салмаққа есептегенде 15-20 кг астық, картоп бардасын, 10-15 кг сірне бардасын беруге болады. Әдетте төпті мал қажетінше жас мал тәулігіне 30-50 кг, ірі мал - 60-70 кг ішеді. Малды ашытылған төппен азықтандырғанда таза сумен суару керек.
Ашытылған төпті жаңа төппен араластырып беру мейлінше жақсы нәтиже береді.
2.3.5 Мүйізді ірі қараның ет өнімділігі
Мүйізді ірі қара малдың ет өнімділігі малдың тұқымына, күтіп-бағуы мен бордақылауына, жынысы мен жасына байланысты болады. Мамандандырылған етті тұқымдар, мысалы, қазақтың ақбас сиыры, герефорд, қалмақ тұқымдары жоғары өсімталдығымен ерекшеленеді. Бұл тұқымның малы 1,5-2 жасар кезінде 350-400 кг салмақ тартады, ал 2-2,5 жасында 400-450 кг салмаққа жетеді және өте бағалы, әрі дәмді ет өнімдерін береді.
Еттің құрамына бұлшық ет, май, сүйек, шеміршек, шандыр енеді. Еттің дәмі мен құндылығы осы айтылған ет құрамының үлестік қатынасына қарай болады. Малды сойған кезде сойыс шығымы, әдетте, 48-63% аралығында болады, май ұлпасының үлесі жалпы ұшаның 2-14% -ін, сүйек 18-20%-ін құрайды.
Малдың ет өнімдеріне ықпал ететін жағдайлар
Малдың ет өнімдеріне малдың нәсілі, тұқымы, азықтандыру тәртібі, қоңдылығы, жасы, жынысы және күтіп-бағу жағдайлары қатты әсер етеді.
Нәсілі мен тұқымы. Етті тұқымды мал сүт бағытындағы малға қарағанда мол өнім береді, сойыс етінің шығымы оларда 65-70%-ке дейін барады. Етті тұқымды мал тез жетілгіш және ет өнімінің сапасы жоғары. Бұл малда май, әдетте, тері асты шел қабатында және ішкі мүшелердің айналасында, сонымен қатар ең маңыздысы, бұлшық еттердің арасында жинақталады. Етті малдың ұшасында сүйек пен дәнекер ұлпалары (сіңір) аз мөлшерде болады.
Азықтандыру түрі мен дәрежесі. Малдың еттенуіне, қалыптасып семіруіне азықтандыру түрі мен дәрежесінің әсері өте үлкен. Тұқымдық, жеке нәсілдік қасиеті қанша жақсы болғанмен, күтімі жақсы болмаса, қай мал болмасын сапалы, мол ет өнімін бермейді, семірту уақыты ұзарып, жемшөп шығыны көбейеді. Сойыс малын жоғары дәрежеде азықтандырған уақытта ол тез өсіп, қысқа мерзімде жоғары салмаққа жетеді. Бұл малдың сойыс етінің сапасы жақсарып, майы салмаққа жетеді. Ет сапасы жақсарып, майы артуына және еттің құрамындағы құрғақ заттар мен майдың көбеюіне әсер етеді. Малды төменгі дәрежеде азықтандырған уақытта малдың өсуі кемиді, бордақылау мерзімі ұзарады, жемшөп, т.б. шығындар көбейеді. Бұл малдың етінің сапасы төмендеп, еттің құрамында сүйек пен сіңірлер көбірек болады.
Қондылығы. Малдың қоңдылық дәрежесі артуына байланысты тірі салмағы мен сойыс еті, ет пен майдың шығымы көбейеді, еттің сапасы жақсарып, оның калориясы да артады. Мысалы, жоғары қоңдылықтағы малдың ет пен май үлесі 53-58% болса, орташа қоңдылықтағы малда 46-48% , ал төменгі қоңдылықтағы малда бұл көрсеткіш 43-45% құрайды. Жоғары қоңдылықтағы малдың етінің калориясы төменгі қоңдылықтағы малмен салыстарғанда екі еседей жоғары болады. Малдың қоңдылығы артқан сайын еттің морфологиялық құрамы да жақсара түседі.
Жасы. Малдың ет өнімі оның жасына тікелей байланысты. Мал белгілі бір жасқа жеткенге дейін оның тірілей салмағы, беретін ет өнімі өседі. Сойыс шығымы алғашқы 6 айлық мерзімінде төмендеп, содан соң біртіндеп көбейеді де, қартаюына байланысты тағы төмендейді. Жас малдың еті кәрі малға қарағанда жеуге тым сүйкімді, тәтті, сіңімді келеді, бірақ калориясы аз болады.
Жынысы. Малдан алынатын ет өнімі мөлшері оның жынысына да байланысты. Еркек мал ұрғашы малға қарағанда тез өседі, белгілі бір жастағы салмағы әр уақытта үлкен болады.
Піштірілген өгіздер жоғары дәрежеде азықтандырылғанда жақсы бордақыланады. Олардың денесінде көп мөлшерде май жиналады, бұлшық еттері де жақсы жетіледі. Олар маймен аралас дәмді ет береді.
Пішілмеген бұқалар пішілген өгізге қарағанда өсімтал болады. Олардың ұшасында сүйек үлесі аз болып, жоғары сортты ет көп болады, бірақ сапасы жағынан өгіз етінен төмендеу келеді.
Ұрғашы мал өз дәрежесіне сәйкес жақсы бордақыланады, сойғаннан соң олардан сапасы жоғары, майы аздау ет алынады. Бірақ ұрғашы малға бордақылау кезінде жемшөп мөлшері еркек малмен салыстырғанда көбірек жұмсалады.
Малды күтіп-бағу. Жас малдың ағзасына күтімнің нашарлауы кері әсерін тигізеді. Малдың тәбеті болмауына байланысты оның өсімі төмендеп, қосымша салмаққа жұмсалатын жемшөп шығыны артады. Малды бағу әдістері ішінен малды байлауда бағу әдісі жемшөпті тиімді әрі шығынсыз пайдалануды қамтамасыз етеді, бірақ ол малды бағып-күтудің көп шығындарымен байланысты.
Малды өнеркәсіп негізде күтіп баққанда, оларды топтастырып, байлаусыз бағу маңыздырақ.
3 Экономикалық тиімділігі
Оңтүстікте ірі қара мал өсіру мен малды бордақылаудың ең пайдалысы және ең тиімдісі болып, малды 1,5 жасқа толғанда ең жоғары тірілей салмаққа, ең төмен өзіндік құны мен жеткізу болып есептеледі. Малды азықтандыру рационның құрамындағы азықтардың тепе-теңдігі бұзылса, немесе кейбір азықтардың оның ішінде әсіресе концентрат азықтың ысырапкершілігіне жол қойылса, мұнда азықтандырудың оң нәтиже беруі неғайбыл.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің азықтық және климатикалық жағдайы жыл бойына жас малдарды өсіріп дамытуға және бордақылау толық мүмкіндік береді: Ал, көктем, жаз, күз айларында жас малдарды жайып, семіртуге толық мүмкіндік бар. Малдарды мұндай тәсілде семірту біз жоғарыда, әдебиетке шолу бөлімінде атап өткендей экономикалық тұрғыда алғанда өте тиімді есептеледі. Себебі мұндай семіртуге қосымша қаражат жұмсалмайды.
Экономикалық тиімділігін есептеп зерттеуде, біз нақты қожалықта қаражатқа жұмсалған шығындардың ақиқат бағасымен есептеуге жасадық.
Кесте 5 - Материалдар мен энергетикалық ресурстардың жылдық қажеттілік құнын анықтау
Аталуы |
Өлшем бірлігі |
Шығын нормасы |
жалпы шығын |
Бірлік бағасы |
Жалпы құны, тг |
1.Шикізат, материалдар, |
|
|
|
|
|
А) шикізат пен негізгі материалдар |
|
|
|
|
|
1.Жоңышқа |
кг |
4,3 |
3870 |
18 |
69660 |
2.Дәнді дақылдар сабаны |
кг |
5,3 |
4770 |
15 |
71550 |
3.Жоңышқа шөп ұны |
кг |
1,2 |
1080 |
20 |
21600 |
4.Дән араласпасы |
кг |
1,7 |
1530 |
30 |
45900 |
5.карбомид |
г |
0,08 |
72 |
10 |
720 |
6.Фосфат |
г |
0,2 |
180 |
10 |
1800 |
7.Премикс |
г |
0,6 |
540 |
8 |
4320 |
Барлығы: |
|
|
|
|
215550 |
Б) көмекші материалдар: |
|
|
|
|
|
1.Айыр |
|
2 |
|
1000 |
2000 |
2.күрек |
|
2 |
|
1000 |
2000 |
Жалпы көмекші материалдар |
|
|
|
|
4000 |
2.Технологиялық қажеттіліктерге жанармай |
л |
6 |
540 |
67 |
36180 |
3.Энергетикалық шығындар |
|
|
|
|
|
А)Электрқуаты |
Кв/сағ |
10 |
900 |
10,23 |
9207 |
В)Су |
м3/т |
15 |
150 |
55,6 |
8340 |
Барлығы: |
|
|
|
|
273277 |
Мысалы, ет өнімінің өзіндік құнын анықтауда, біз оны өндіруге жұмсалған шығындар: азық қаражаты, малшының еңбек ақысы, негізгі фондтың амартизациясы, ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығынды, жалпы өндірістік және жалпы қожалық шығындардың есебін жасадық. Әрине, нарықтық экономика жағдайында шығынға жұмсалған әрбір көрсеткіштің нарқы жиі өзгеріп тұрады. Дәл сондай сатуға шығарылған өнімнің нарқыда сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне байланысты жиі-жиі өзгеріп тұрады.
Кесте 6 - Жалпы өндірістік шығындардың сметасы
№ |
Шығындар реттерінің атаулары |
Сомасы, теңге |
1 |
Жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың амортизациясы |
26753 |
2 |
Жабдықтарды пайдалануға жұмсалатын шығындар: |
147852 |
|
А) Жабдықтарды пайдалану бойынша жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы |
133200 |
|
Б) әлеуметтік салыққа жұмсаулар - 2А бабынан 11% |
14652 |
3 |
Жабдықтар мен тасымалдау құралдарын ағымдық жөндеуге жұмсалатын шығындар |
73260 |
|
А) Ағымдық жөндеу бойынша жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы |
66000 |
|
Б) әлеуметтік салыққа жұмсаулар - 3А бабынан 11% |
7260 |
|
В) жөндеу мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер мен материалдар (2А және 3А баптарының қосындысынан 80-100%) |
159360 |
|
Г) жөндеуге жұмсалатын басқа да шығындар (1,2,3 баптарының қосындысынан 10-20%) |
34921 |
4 |
Нысан ішінде жүктерді тасымалдау (1,2,3 баптарының қосындысынан 10%) |
24768 |
5 |
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану |
17547 |
|
А) жарық |
9207 |
|
В) санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктерге су |
8340 |
6 |
Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды ағымдық жөндеу |
30136 |
7 |
Еңбекті қорғау бойынша шығындар |
129880 |
|
Барлығы өндірістік шығындар |
883154 |
Кесте 7 - Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Калькуляция реттері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірлік өнімінің бағасы |
Бір бірлік өнімнің өзіндік құны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1.Шикізат, егізгі материалдар және тыңайтқыштар |
|
|
|
А) Жоңышқа |
кг |
18 |
69660 |
Б) Дәнді дақылдар сабаны |
кг |
15 |
71550 |
В) Жоңышқа шөп ұны |
кг |
20 |
21600 |
С) Дән араласпасы |
кг |
30 |
45900 |
Калькуляция реттері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірлік өнімінің бағасы |
Бір бірлік өнімнің өзіндік құны |
Д) карбомид |
Г |
10 |
4320 |
Е) Фосфат |
Г |
10 |
1800 |
Ж)Премикс |
Г |
8 |
720 |
Барлығы: |
|
|
215550 |
7 кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
4 |
2 .Көмекші материалдар А) Айыр |
дана |
1000 |
2000 |
Б) күрек |
|
|
2000 |
Барлығы 2 бап бойынша |
дана |
1000 |
4000 |
3.Техникалық мақсаттарға арналған жанармай |
л |
67 |
36180 |
Барлығы: |
|
|
36180 |
4.Техникалық мақсаттарға жұмсалатын қуат |
|
|
|
А) электрқуаты |
Кв/сағ |
10,23 |
9207 |
В) су |
м3/т |
55,6 |
8340 |
Барлығы 4 бап бойынша |
|
|
17447 |
5.Негізгі және қосымша жұмысшылардың жалақысы |
|
|
199200 |
6. Әлеуметтік салыққа берулер 11 % |
|
|
21912 |
7.Жалпыөндірістік шығындар |
|
|
662042 |
Барлығы: өзіндік құны |
|
|
1156331 |
8. Жалпыбасқару шығындары |
|
|
1112398 |
Барлығы: өндірістік өзіндік құны |
|
|
112398 |
9.Коммерциялық шығындар |
|
|
34689,9 |
Барлығы: толық өзіндік құны |
|
|
2314418 |
Кесте 8 - Жобаланатын нысанның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштердің аталуы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштер |
Жұмыс істейтін нысанның |
|||
1 |
Жалпы саны |
бас |
10 |
2 |
Барлық өнімнің натуралды есептегі өндіріс көлемі |
л/кг/т |
3200 |
3 |
Барлық өнімнің құнды есептегі өндіріс көлемі |
теңге |
2080000 |
4 |
Еңбек ақы |
теңге |
199200 |
5 |
Еңбек өнімділігі |
теңге |
99600 |
6 |
Өндірістік шығындар |
теңге |
883154 |
7 |
Бір бірлік өнімнің өзіндік құны |
теңге |
360 |
8 |
Таза кірістің өсімі |
теңге |
1864450 |
9 |
Пайда |
теңге |
234336 |
10 |
Рентабельдік деңгейі |
% |
27 |
11 |
Шығындардың өтелуі |
теңге |
43 |
Жоба бойынша жобаланатын нысан 10 бас барлық өнімнің натуральды есептегі өндіріс көлемі 3200 кг,барлық өнімнің құнды есептегі өндіріс көлемі 2080000 теңге, еңбек ақы 1992200 теңге, еңбек өнімділігі 99600 теңге, өндірістік шығындар 883154 теңге,бір бірлік өнімнің өзіндік құны 360 теңге, таза кірістің өсімі 1864450 теңге, пайда 234336 теңге ,рентабельдік деңгейі 27%, шығындардың өтелуі 43 теңге.
Жобаланатын нысанның техникалық мүмкіндіктері және оны құрудың экономикалық тиімділігі туралы қорытынды жасалынады.
4 Бизнес жоспар
Аннотация. Бизнес жоспар тақырыбы: Етті ірі қара мал өнімін өсіруде азықты тиімді пайдаланудың бизнес жоспары.
Кіммен жасалған: Бегалиева Гулдария
Қызметтің негізгі түрлері: Өндіріс
Басталу мерзімі: 10.09.2014 ж
Аяқталу мерзімі: 10.02.2015 ж
Түйін. Шаруашылықтарда малдарды азықтандырудың деңгейі мен типін керекті бағытта өзгертіп отырып, малдың болашақ өсіп дамуын, ет өнімділігінің қалыптасуын және ет өнімділігінің көрсеткіштері мен сапасына саналы түрде тікелей араласып керекті бағытқа ауыстырып отыруға қазіргі заманда толық ғылыми негіз бар деп есептеледі.
Өсіп келе жатқан жас малдың организімінде әр түрлі дене бөлімдерінің өсу тездігі біркелкі бола бермейді. Олардың өсу тездігіне азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы ықпал жасауға болады. Азықтандыру деңгейін төмендету, олардың органдарының, дене мүшелерінің, ұлпаларының өсіп, дамуына кері әсер етеді.
Қазіргі кезеңде шаруа қожалығы экономикалық және әлеуметтік дамуы тұрғысынан аяққа нық тұрып тұрақты дамып келе жатқан облысымыздағы іргелі қожалықтардың бірі болып табылады. Оған дәлел ретінде мына мәліметтер мысал бола алады: Мысалы қожалықта 2007 жылы мал бас саны 230 болып, оның ішінде сиыр саны – 131 басты құраса, 2008 жылы жалпы мал бос саны 250 бас, соның ішінде сиырлар 149 басты құраған. Ал, 2009 жылға келіп ірі қара мал бас саны 278 басқа, ал сиырлар саны 160 басқа жеткен.
Кәсіпорынның сипаттамасы. «Береке» шаруа қожалығына қарасты 70 гектар суармалы жер, 700 гектар тәлім жер, 2000 гектар жайылымы бар. 70 гектар жерге жүгері егілген. 2013 жылы 140 тонна сабан, 220 тонна жоңышқа, 60 тонна табиғи шөп, 200 тонна жем дайындалды. Жоспар бойынша мал санының артуына байланысты 2015 жылы 2500 тонна силос әзірленгелі жатыр.
Өнімнің сипаттамасы. Ангус малын бордақылау – бордақылау кезеңіндегі тәуліктік рацион құрамында 20 пайыз аз мөлшерде концентрат азық тұтынған жас малдар көп мөлшерде (40%) концентрат азық тұтынған теңдестірімен тең мөлшерде тәуліктік қосымша салмақ берген. Мысалы, бақылау (40% концентрат) тобындағы жас малдар бордақылау кезеңінде тәулігіне – 1112 грамм қосымша салмаққа ие болса, бұл көрсеткіш тәжірибе тобында (40% концентрат) бұл көрсеткіш -1090 граммды құрады, яғни бақылау тобына салыстырғанда 98 % - ды құрайды.
Маркетинг жоспары. Біздің нарығымыз өспелі. Малдарды бордақыға бағу өте тиімді келеді. Жас малдардың өсіп дамуының заңдылықтарын біле отырып, оларды малдардың дұрыс бағытта өсіп дамуына пайдалана алу өте үлкен нәтиже берері күмән тудырмайды.
Біздің тәжірибеміздегі жас малдардың өсіп дамуын әр айдың соңында таразыдап өлшеп біліп отырдық.
Кесте 9 - Жас малдарды бордақылаудың нәтижесі
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Бақылау тобы |
Тәжірибе тобы |
Мал саны |
бас |
10 |
10 |
Тәжірибе өткізу мерзімі |
күн |
90 |
90 |
Бордақылау басталардағы тірілей салмағы |
кг |
335+- 1,76 |
335+-1,76 |
Бордақылау соңындағы тірілей салмағы |
кг |
435,08+-1,76 |
433,04+-1,88 |
Алынған қосымша салмақ |
кг |
100,0+-3,53 |
98,1+-3,64 |
Тәуліктік қосымша салмақ |
г |
1112+-41,90 |
1090+-40,63 |
Бақылау тобына % есебінде |
% |
100,0 |
98,0 |
Өндірістік жоспар. Бизнес план ұсынылып жатқан қожалыққа қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін, «Береке» шаруа қожалығында құрама жемді ірі қараны бордақылауда пайдалану кезінде тәжірибе өткізуге малдарды анолог тәсілімен таңдап алып зертеу жүргіздік. Ауылдық жер ет өнімін өткізу пунктінен 10 км жерде орналасқан. Өткізу нарығының жақын болуы маңызды фактор болып табылады, өйткені, сүт өнімі тез бұзылатын өнімдерге жатады. Сондықтан өнім дер кезінде қабылдау пунктіне жеткізілуі тиіс.
Ұйымдастырушылық жоспар
Негізгі кәсіпорын бөлімшелері мынадай:
1 Директор
2 менеджер
3 бухгалтер
4 инженерлер
5 жұмысшылар
6 қасапшы
Бөлімшелер бірі – бірімен өте жақсы қарым – қатынаста. Себебі, олар бір-бірінсіз жұмыстарын істей алмайды. Директор кәсіпорынды басқарып отырады. Бухгалтер кәсіпорынады, ет өніміне байланысты есеп-қисап жұмыстарын атқарып отырады. Технолог ет өнімдерін өндіру тәсілдерін анықтап отырады.
Шығындарды болжау. Демек, қожалықта бордақыға бағылған бұқалардың 1 килограмм еттің өзіндік құны бақылау тобында – 350 теңгені құраса, бұл көрсеткіш тәжірибе тобында – 320 теңгені құрады. Тәжірибе кезеңінде алынған қосымша салмақ есебіне бақылау тобындағы өнім бағасы 69862 теңгені, тәжірибе тобында 137904 теңгені құрады, яғни 1 бас мал есебіне өнім сатудан 68042 теңге артықша табыс алынды. Рентабельдік дәрежесі тәжірибе тобында, бақылау тобына салыстырғанда 9%-ға жоғары болды. Тәжірибе кезеңінде 1 бас малға жұмсалған қаражат бақылау тобында – 37155 теңгені құраса, тәжірибе тобында – 24770 теңгені құрап, яғни – 12385 теңгені кем жұмсаған.Жалпы ұсынылған жұмыс экономикалық тиімді деп есептеуге болады.
Шығындар мен пайданы болжау
Кесте 10 - шаруа қожалығының қаржы – экономикалық көрсеткіштері.
Ауыл-шаруа-шылық өнімдері |
Сатудан алынған табыс мың. теңге |
Сатылған өнімдердің өзіндік құны мың. теңге |
Кіріс (+) мың. теңге |
Шығыс (-) мың.теңге |
||||
2011 |
2012 |
2011 |
2012 |
2011 |
2012 |
2011 |
2012 |
|
Өсімдік шаруа-шылығы |
13256,3 |
14163,4 |
14442,8 |
15696,7 |
590,2 |
775,3 |
397,4 |
3231,2 |
Мал шаруа-шылығы |
22343,3 |
14636,2 |
20341,7 |
17234,7 |
1654,2 |
778,9 |
660,5 |
3393,5 |
Қосалқы цех |
833,0 |
1092,2 |
739,0 |
823,2 |
103,1 |
269,2 |
- |
- |
Азықтық қойма |
6870,3 |
1918,5 |
4027,5 |
1398,7 |
2933,7 |
521,8 |
- |
- |
Барлығы |
43303 |
31810,3 |
36561 |
351633 |
5281,2 |
1569,8 |
1057,9 |
6615,7 |
Кестеден көрініп тұрғандай қожалықтағы мал шаруашылығы өнімдерінен пайда болған кіріс 2011 жылы-590,2 мың теңгені құраса, шығыс бөлігі – 397,4 мың теңгені құраған. Ал өсімдік шаруашылығынан пайда болған кіріс 2011 жылы-1654,2 мың теңгені құраса, шығыс бөлігі 660,5 мың теңгені құраған. Қосалқы цех өнімедірінен кіріс 103,1 мың теңгені құрады.
Кесте 11 - Жобаланатын нысанның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштердің аталуы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштер |
Жұмыс істейтін нысанның |
|||
1 |
Жалпы саны |
бас |
10 |
2 |
Барлық өнімнің натуралды есептегі өндіріс көлемі |
л/кг/т |
3200 |
3 |
Барлық өнімнің құнды есептегі өндіріс көлемі |
теңге |
2080000 |
4 |
Еңбек ақы |
теңге |
199200 |
5 |
Еңбек өнімділігі |
теңге |
99600 |
6 |
Өндірістік шығындар |
теңге |
883154 |
7 |
Бір бірлік өнімнің өзіндік құны |
теңге |
360 |
8 |
Таза кірістің өсімі |
теңге |
1864450 |
9 |
Пайда |
теңге |
234336 |
10 |
Рентабельдік деңгейі |
% |
27 |
11 |
Шығындардың өтелуі |
теңге |
43 |
Бұл кәсіпкерлік қызметі үшін қажетті несиелік қаражат құрайды. Қажетті қаражатты біз кәсіпкер ретінде коммерциялық банктермен келісіп,белгілі бір уақытта несиеге алуымызға болады.Алынған қаражатты негізгі қойған бағытқа, яғни мол өнім алуға жұмсалады. Несиені келісім бойынша белгіленген уақытта қайтарамыз.
Кесте 12 - Жұмыстардың орындалу тізбесі.
|
|
Басталу күні |
Аяқталу күні |
Жауаптылар |
1 |
Ет өнімдерін өндіру мен оның сапасын жақсарту үшін тиімді құнарлы азықтан-дыруды ұйымдастыру. |
10.09.2010 |
10.10.2010 |
Қарабаев. Ж. С |
2 |
Азықтандыру рациондарына қаражатты кем жұмсап, мол өнім алуды ұйымдастыру. |
15.10.2010 |
20.11.2010 |
Сарсенов.С.Д |
3 |
Ет өндіруде жаңа технологиялармен өндірісті қамтамасыз ету. |
25.11.2010 |
10.02.2010 |
Қарабаев. Ж. С |
Ет өнімдерін өндіру мен оның сапасын жақсартуға ең күшті әсер ететін фактор, бұл оларды қоректік заттар мен толық қамтамасыз ететін құнарлы азықтандыру болып табылады. Мал организміне қажет болған белок, май, көмірсулар, макро және микро элементтермен витаминдерді өз құрамына үйлесімді дәрежеде кіргізе алатын оптималды азықтандыру рациондары мол өнім алудың кепілі бола алады. Мұндай азықтандыру рациондары кем қаражат жұмсап, мол өнім алуға мүмкіндік береді. Осының салдарынан ет өндірудің ескі экстенсив технологиясын, жаңа жедел яғни гентенсив технологиясымен алмастыру бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Алынған өнімге қаражат етілген азық мөлшері ең маңызды зоотехникалық және экономикалық көрсеткіш болып есептеледі.
Жобаның тәуекелдігін талдау. Бордақыға бағылатын ірі қара малына қандай да бір азық аларда, біз ойлаған өнімді берер ме деген көптеген сұрақтар туады. Бірақ, жұмысшылардың біліктілігінің арқасында, ауа-райының қолайлығына тағы басқа факторларға байланысты тәуекелге бел буамыз.
Тәжірибе нәтижелерін талқылау бізге төмендегі қорытынды жасау мүмкіндік береді: Жас малдарды бордақылау кезеңінде олардың азық рационында көбірек мөлшерде мақта шелухасынан пайдалану, концентрат азықтың мөлшерін 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бордақылау кезеңінде тәуліктік рацион құрамында 20 пайыз аз мөлшерде концентрат азық тұтынған жас малдар көп мөлшерде (40 %) концентрат азық тұтынған теңдестірімен тең мөлшерде тәуліктік қосымша салмақ берген.
5 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Тіршілік қауіпсіздігі шаралар кешені ретінде болып,өндіріске және өндірістен тыс ортада қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталады.
Тіршілік қауіпсіздігі - бұл адамды ортасындағы қауіптен сақтау шараларының жиынтығы, яғни, еңбек қызметінің жағдайында өндірістік процесте қалыптасқан адам өмірінің денсаулығына әсер етуші өндірістік қауіптің төнуі. Әсіресе адамның қауіпсіздігі жөніндегі мәселе өнеркәсіп ортасында көрінеді, бұл қызметкерлердің еңбек орнында қалыптасқан әртүрлі қауіпті зиянды әсерлер өндірістің барлық ортасын ластайды.
Қазақстан Республикасында қабылданған техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария, қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтауды міндеттейді. Қазақстан Республикасында 2007 жылдың 15 мамырында №251 Еңбек кодексі қабылданды, 2007 жылғы 1 маусымда күшіне енгізілген бұл кодекс Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық өзара қарым-қатынастарын реттейді және еңбек қызметі кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттің саясатының ең негізгі принциптері мен бағыттарын белгілейді және бекітеді.
Өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғау іс-шараларын ұйымдастыру бас инженер мен қауіпсіздік техникасының инженеріне тағайындалады. Техника қауіпсіздік инженері еңбекті қорғау заңдарын, нормаларын, инструкцияларын, техника қауіпсіздік ережелерін, өндірістік санитарияны сақтау жөнінде жоспар құрып, оның орындалуын қадағалайды. Технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтамау және арнайы жұмыс киімдерін кимеу көптеген қауіпті жағдайларға алып келеді.
Малшаруашылық өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары. Ауылшаруашылық өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары МЕСТ 12.007-88 (МЕСТ – мемлекеттік стандарттар жүйесі) сәйкес қауіпті өндірістік фактор зақымға немесе өлімге соқтырады, ал зиянды фактор ауруға шалдықтырады. Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты мал шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Малшылардың еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, кенді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора- жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім — бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады. Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі. Санитариялық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады. Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақытылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек. Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора-жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады. Қызмет көрсетушілер ауру малды күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100-150 мг/л белсенді хлоры бар ертіндімен зарарсыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады. Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ертіндіге немесе 3 пайыз сода ертіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады. Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал шошынып, адам денесіне жарақат түсіруі мүмкін. Малдың теуіп жіберуі, сүзіп немесе тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек. Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақытылы ішқұрт (гельминт) тасымалдауға тексеріледі. Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекциялық ертінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек. Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі. Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер (халат немесе комбинезон, алжапқыш, резеңке етік және қолғап, көзілдірік, респиратор немесе противогаз) киеді.
Дезертінділермен және аэрозольдермен жұмыс істеу (барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауланы аэрозольмен дезинфекциялау желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.
Дезинфекция немесе аэрозольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды (дезертіндінің концентрациясына байланысты). Мұндай жағдайда қора- жайлардың есіктеріне “кіруге болмайды” деген ескертпе жа- зулар ілінеді.
Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды. Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және малды жіберуге рұқсат етіледі.
Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық инспекция бекіткен санитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.
Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Малшаруашылық өндірісінде еңбектің қауіпсіздік техникасын сақтау. Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс. Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар (міндеті мен мамандығына қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Малмен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жұргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады.
Өндірістік санитария
Мал қораларын желдету жүйелері. Желдетудің негізгі қызметі — қора-жай ішінен ластанған ауаны шығарып, оны сыртқы таза ауамен ауыстыру. Жануарлар айналаға жылу, дымқыл бу, көмірқышқыл газын шығарады және жануарлар қи нәжісіндегі органикалық заттар бұзылады да, аммиак, күкірттісутегі пайда болады. Ауасы толық тазартылмаған қора-жайда зиянды заттар тым көп жинақталып қалады. Содан барып малдың зат алмасу процесі томендейді, жалпы физиологиялық жағдайы әлсірейді, жемін қорытуы мен сіңімді заттарды қабылдауы төмендейді. Соның салдарынан малдың табиғи төзімділігі мен денсаулығы томендейді, өнімділігі мен өнім сапасы азаяды Сондықтан да қора-жай ішінде микроклиматтың сақталуы үшін ауаны тазартып түру аса пайдалы.
Мал қораларыңдағы желдету жүйелерінің тиімділігі әртүрлі факторларға байланысты: климатқа, малды ұстау технологиясына, малдың түріне, жасына, өнімділігіне және т.б.
Күн радиациясының мал организміне әсері. Сәулелердің мал организміне биологиялық әсері олардың толқындарының ұзындығына байланысты: толқындар ұзындығы қысқа болған сайын, олардың ауьггқуы да жиі, квант энерғиясы да жоғары және олардың әсеріне организм реакциясы да күшті. Күн сәулесінің мал бейімделген ең күшті (қауіпсіз) қуатты спекторының жоғарғы деңгейі 280—290 нм құрайды (адам үшін 320—330 нм). Барлық сәулелер мал организміне жылулық әсер етеді. Бірақ, жылудың сіңу тереңдігі әр түрлі болып келеді. Мысалы, инфрақызыл сәуле теріге (5 см дейін) еніп, жылу тудырады. Сөйтіп, ұлпа қызуы көтеріледі, гиперемия пайда болын, терідегі алмасу процестері күшейеді және фагоцитоз реакциясыныц белсенділігі артады.
Мал қораларында жарық жетіспеген жағдайда малда қанның аздығы, остеомаляция, құныс және т.б. аурулар туады. Сондықтан мал қораларында табиғи жарықтылықтың жеткілікті болуын ескерген жөн.
Мал қораларын аэроиондау. Бұл жұмыс электроэффлювиалды люстра (Чижевка) типтес негізгі заряд ажыратқыш ионизатор, ҒЗИ жүйесінің антенді ионизаторлары, ЛВИ, АФ-2, АФ-3 аэроионизаторлары, радиоизотопты иониза- тормен, тағы басқа құралдармен атқарылады. Мал мен құс ауруларының алдын алып, өнімділігін көтеру мақсатымен жеңіл теріс иондардың концентрациялары мен иондаудың қолайлы тәртіптері практикаға ұсынылған.
Мал қорасы ауасындағы шаң құрамы
Шаңның мал организміне әсері. Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына тікелей әсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскенде термен, май бездері болген маймен, эпидермистің олі клеткаларымен және микроорганизмдермен қосылып малды тітіркендіріп қышындырады, қабындырады.Соның салдарынан терінің бөлу және жылу реттеу қызметі мен сезгіштігі бұзылады, дерматит,пиодермия, бөртпелер, тағы басқа аурулар өршиді. Шаң-төзаң өкпе ауруларының көптеген түрлерінің өршуіне альвеолаларда шаң бөлшектері жинақталатын эксудаттардың жиналуы себепкер болады. Эксудат бірнеше мөрте пайда болып, өзінен өзі керісінше тарап тартылып кетіп өтыруы мүмкін. Соның салдарынан альвеола қабырғалары қалындап, қанталап альвеолит, бронхиолит пен периобронхиолит сияқты процестер өршиді. Тыныс жолдарына терең енген майда шаң фагоцитозға ұшырайды. Мал арасында өкпе силикозы ауада кремний шаңы кми болғанда жиі кездеседі.
Шу және оның мал организміне әсері. Шу дегеніміз - әртүрлі дыбыстар үйлесімі. Қора-жайдайындашуға қажетсіз, тәртіп жүйесі жоқ әртүрлі дыбыстар жатқызылады. Шудың организмге әсері оның қатты шығуына және күшіне байланысты. Шудың олшем бірлігі Вт/м Дыбыс күші амплитуда ұлғайған сайын өсе түседі. Бұл кезде паскальмен Па (Н/м2) өлшенетін дыбыс қысымы да оседі. Дыбыс қысымы ұлғайған сайын дыбыстың қаттылығын сезу де күшейеді.
Үй жануарларының есту анализаторының сезімталдығы әр түрлі және ол дыбыстың күштілігіне т.б. факторларға да байланысты жай. Жылқы 100-ден 1025 Гц-ке дейінгі аралықтағы ауытқуды қабылдай алады. Ірі қара өте жақсы естиді.
Дыбыс энергиясының уақытқа байланысты болінуі бойынша шуды бірнеше бөлікке болуге болады: тұрақты және импульсты деп. Тұрақты шу дегеніміз деңгейі уақытпең ең әрі кеткенде 5 дБ езгеретін шу. Импульсті шу деп жекелеген соққы дыбыс естілуді атайды.
Ауа райы, климат, микроклимат және олардың мал организміне әсері
Атмосфераның төменгі бөлігінің бір аумақта қысқа мерзім ішіндегі жағдайы ауа райы деп аталады. Бұл жағдай атмосфералық қысыммен, температурамен, ылғалдылықпен, жел күшімен, күн сәулесінің кернеуімен, бұлттылықпен және жауын-шашынмен сипатталады.
Ауа райының мал организміне тікелей де, жанама да әсер ететін гигиеналық маңызы бар.Мал шаруашылығында микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына оның газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді: ауаның физикалық жағдайы, газдық құрамы, күн сәулесі, өсімдіктер мен су көздерінің болуы, жер рельефі және т.б.
Мал қораларында микроклимат жасанды болуы да мүмкін. Оны жасау жергілікті климатқа, ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне, желдетуге, жылыту көздеріне, канализацияға, малдың орналасу тығыздығына, ұстау технологиясына және т.б. тікелей байланысты. Микроклимат жағдайын малға ыңғайлы оптимальды жасау үшін өзгертіп отырады.
Қолайлы температура дегеніміз малдың белгілі түрі немесе жас тобы азықты аз жұмсап ең жоғарғы онімділікті көрсететін температура. Негізінде әртүрлі ауыл шаруашылық жануарлардың тіршілігіне ауа температурасының корсеткіші 5—20°С аралығында қолайлы деп саналады. Алайда малдың түріне,жасына және басқа да ерекшеліктеріне қарай оптимальды температура корсеткіштері белгіленген: ересек малдар үшін - ірі қараға – 8-12, жылқыға - 5- 10°С.
Төтенше жағдайдалар және тіршілік қауіпсіздігі. Халықты және Республика аумағын ТЖ-лардан қорғау, ықтимал болатын нұқсан және залалды азайту мақсатында, ел тіршілік әрекеті сенімді түрде болуын және шаруашылық объектілердің жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз, ететін нәтижелі (тиімді) және тұрақты жүйе қажет. Осы салада біртұтас мемлекеттік саясат жүргізіліп, Республикалық бағдарлама жүзеге асырылуы тиісті.
Сондықтан Қазақстанда атап өткен мәселеге тиісті бірқатар заңдар, сондай-ақ өзге де заңдық және құқықтық актілер қабылданды.
Негізгілеріне ҚР-ның мынау заңдары жатады:
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы;
Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы;
Азаматтық қорғаныс туралы;
Өрт қауіпсіздігі туралы;
Атом энергиясын пайдалану туралы;
Халықтың радиациялық қауіпсізідігі туралы.
Аталған ҚР-ның ТӘҚ саласындағы заңдары ҚР-ның Ата заңына (Конституциясына) негізделеді, оған қайшы келмейді, қайта баптарының мағынасын Қөңейте түседі. Мысалы, Конституцияның 31 бабында былай деп айтылған: мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Осы зандар Қазақстан аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою, авариялық-құтқару қызметі мен құрамаларының әрекеттері жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, АҚ және ТӘҚ саласындағы орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, ұйымдарының өкілеттігін, азаматтардың, шетелдік азаматтардың, және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Сондай-ақ заңдарға сай ТӘҚ-н ұйымдастыру мақсатында қажетті органдар мен ұйымдар құралған.
Республика Үкіметі ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы туралы ережені бекітеді. ҚР-ның ТЖ-лар жөніндегі орталық атқарушы органы арнайы уәкілдік берілген, Үкімет құрамына кірмейтін мемлекеттік орган болып табылады және оның өзіне бағынатын аумақтық органдары болады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де орталық атқарушы органдар тиісті аумақтағы ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады. Ұйымдарда және объектілерде АҚ штабтары құрылады немесе мамандар тағайындалады.
Сонымен, осындай түрде құрылған бірыңғай мемлекеттік жүйе ТЖ-лардың алдын алу және оларды жою үшін бейімделген.
ТЖ-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ-лардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қауіпі туралы хабарлау;
-ТЖ-ларсаласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.
Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-лардың деректер банкін жасау, ТЖ-ларды болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен ТЖ-ларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
ТЖ-лар саласындағы ақпарат ұйымдардың қызметтері қаншалықты қатерлі және зиянды екені, қажетті қауіпсіздік, зардаптар, ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәліметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелері арқылы жариялануға тиіс. Мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында ТЖ-лар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі құрылады.
Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейінгі мекемелер мен жалпы орта білім беретін мекемелерде, жұмыс орындарында мен тұрғылықты жерлердеғі ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету кәсіптік-техникалық, орта арнаулы және жоғарғы білім беру, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау мекемелерінде, ТЖ-дағы іс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орындағы ұйымдарда жүргізіледі.
Қорғану шараларына - сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу, коммуникациялар жүйелерін жетілдіру және гидротехникалық, инженерлік-геологиялық қорғану шаралары, өрттерге
(жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдерімен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары және басқа да шаралар жатады.
ТЖ-ларды оқшаулау мен жою жөнінде алдын ала арнайы іс-қимылдар жоспарлары дайындалып бекітіледі.
ТЖ-ды жою шаралары оны жариялаудан басталады. Бірінші кезекте ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып іс-қимылды жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады. Олар халықты уақытша көшіру, қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісін жүргізуі мүмкін. Объектілердің жұмысы тоқталады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдануына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі. Шұғыл медициналық жәрдем дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болса басқа медициналық күштері мен құралдары тартылады.
Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қажетті құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау мақсатында ТЖ аймағында төтенше режимі енгізілуі мүмкін. Ондай кезде басқарудың ерекше түрлерінің белгіленуі, азаматтардың жекелеген құқықтары мен бостандықтарының шектелуі және заңдарда көзделген басқа да шаралардың қолдануы мүмкін.
ТЖ-дың жойылғаны туралы хабарлағаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады.
ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті ТЖ-лар қорлары құрылып, тікелей мақсаты бойынша жұмсалуы мүмкін.
Шетелдік ұйымдар мен азаматтардың ҚР аумағында ТЖ-лардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметіне, егер ол Қазақстан заңдарына қайшы келмесе немесе Республика бекіткен халықаралық шарттармен реттелетін болса, жол беріледі:
"Адам тіршілік әрекеттерінің сенімділігі мен шаруашылық объектілердің жұмысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе" деген бағдарламада ТЖ-лар жөніндегі мемлекеттік жүйенің жоспарларының бір қатар бағыттары белгіленген. Олардың ішіне мыналары кіреді:
-сейсмологиялық бақылау және жер сілкіністерін болжау жөніндегі Республикалық жүйені дамыту;
- жаңа құрылыстардың сапалығы мен сенімділігі;
- өнеркәсіп объектілер жұмысының қауіпсіздігі;
- газ шаруашылығының қауіпсіздігі;
- радиациялық қауіпсіздік;
- ауа-райына байланысты маусымды ТЖ-лар;
- сел, көшкін, су басудан қорғану; бөгендер, бөгеттер және өзендер арналарының жай-күйі;
- түрлі өрттер; оларды өшіруге дайындылық;
- эпидемияларға қарсы шаралар;
- ақпарат, байланыс және құлақтандыру жүйесін жетілдіру;
- басшыларды, мамандарды және халықты оқытып-үйрету, насихаттау;
-қаржы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қорларды жасау;
- ТЖ-лардағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесі;
- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, дамыту;
- әскери сипаттағы шаралар;
- нысаналы бағдарламалар;
- халықаралық қатынастар.
Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік ауқымдағы міндеттері. Ғылыми анықтама негізінде ұтымды тәсілдерді және халық пен территориясының, шаруашылық объектілерінің алдын-ала дайындықтарын пайдалана отырып, осы замандағы қарулардан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану жұмыстары жүргізіледі. Осы АҚ-тың бірінші дәрежелі міндетті болып табылады. Ол үшін келесі міндеттер орындалуы тиіс:
1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;
2) Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасауға ұдайы әзірлікте ұстау;
3) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;
4) Радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;
5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруга әзірлікті қамтамасыз ету;
6) Шаруашылық жүргізу салалары мен объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;
7) қорғану құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің қорларын жинау және эзірлікте ұстау;
8) халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер жэне орын алып отырған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі туралы хабарлау;
9) іздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтын тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;
10) азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттаррын, жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау.
АҚ-тың аталған міндеттерін қоса алғанда кейбір іс-шараларды (мысалы, қорғаныс ғимараттарын салу), төтенше жағдайлар туралы халықты уақтылы құлақтандыру, төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелерін халыққа үйрету және тағы басқаларын алдын-ала орындамау салдарынан қорғау және қөмек көрсету толықсыз болатыны анық. Шын мәнісінде АҚ бұкілхалықтық болғандықтан қорғану іс-шараларын өткізуге барлық ел-халқы қатысуы тиіс. Қауіпті аймақтарда дұрыс жұмыс істеуді, қазіргі қарулардан қорғануды, өзін—өзі қорғауды жұне зардап шеккендерге көмек көрсетуді барлық халық білу міндетті. Мұның барлығы АҚ іс-шараларын жүргізуде барлық халықтың міндетті түрде қатысуын, жауапты органдардың үкімдерін ескертусіз орындауын, тәртіпті, ұйымшылдықты көздейді.
6 Қоршаған ортаны қорғау
Қазіргі кезде экология ғылымы ғаламдық барлық ғылымдардың салаларына араласа отырып, экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелердің негізін қамтитын, соның ішінде қоғам мен адамның арақатынасының себептерін анықтайтын күрделі ғылым. Әсіресе қоғам арасындагы саясаттың бағытына да араласатын, соның ішінде табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелері жөнінен экологиялық сараптама, білім беру, экологиялық шешімдерге негіз болатын ғылым.
Сондықтан менің жұмысымда да табиғатты қорғау мәселелерін қарастырамыз.
Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыруға жоғары талаптар қойылады. Олардың ең бастылары – аумақты қалыпты жұмыс істейтін аймақтарға бөлу және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң түрде сақтау. Аумақты дұрыс таңдау және оны аймақтарға бөлу халық тұратын өңірлерді дұрыс орналастыра білудің, оны сәулеттендірудің және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай қолайлы жабдықтаудың бірден-бір алғышарты. Ауылдық елді мекендерді жобалау мен оның құрылысын салудың қалалар мен жұмысшы поселкелерін салудан айырмашылығы мынада – оның өзіне тән ерекшеліктері болады. Атап айтқанда ауылдық елді мекендер құрылысын қолға алғанда оның материалдық және техникалық мүмкіндіктері, ауылды жердегі өмірдің әлеуметтік-экономикалық факторлары ескерілуі қажет. Ауылдық жердегі экологиялық жағдай сол ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге тікелейц байланысты болады. Мәселен, дәлірек айтсақ, ауылдың өндірістік аймағы селитебтік аймақтың ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау аймағын сақтай отырып, жердің бедері бойынша төмен орналасуы керек. Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады, олар ауылды тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер етуі мүмкін. Ең алдымен құрылыстың көбінесе 1-2 қабаттық болғаны жөн, оның өзі негізінен ел мекендеген аймақты сумен қамтамасыз ету мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді. Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету мен орталықтандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі.
Барлық құрылыс көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану арқылы жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек. Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен қайта жасалынуында ауылдың микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек. Бұл, ең алдымен ауылды көгалдандыруға қатысты болады. Ауылдық елді мекендердің 40 % аумағын бүкіл ел пайдаланатын және қоршауға алынған жасыл желектер қоршап жатуы және арнаулы мақсаттағы орындар болуы керек. Қазіргі уақытта елімізде экономиканы дамытудың маңызды факторы ретінде ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар айрықша рөлге ие болуда. Бұл өндіріс құралдары ұдайы қымбаттай түсіп отырған сәтте және түпкілікті өнім бағасының қымбаттау қарқыны саябырлап отырған шақта өте қажет.
Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-ақ топырақ құнарлылығын сақтап қалпына келтіру мәселелері егіншіліктің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Мұндай технологиялар топырақты өңдеу әдісін қолданудан бас тартуға негізделген. Бұл тәсілдердің кешені топырақ құрылымының тозуына, құнарлылығының азаюына, топырақ ылғалын жоғалтуға және түсімділіктің азаюына қарсы бағытталған. Ресурс үнемдейтін технологиялардың шешуші қағидаларының бірі рентабелді ауыл шаруашылығы дақылдарын және топырақ құнарлылығын жақсартатын дақылдарды қамтитын ауыспалы егісті қолдану болып табылады. АҚШ-та осындай технологияларды қолдану арқылы 23 млн. га егістік алқабы өңделеді, Бразилияда – 23 млн. га, Австралия мен Канадада – 9 млн.гектардан астам. ФАО деректері бойынша нөлдік технологиялар қолданылған егістік алқаптар көлемі 1 млн. гектарға жеткен. Технологияларды қолдану арқылы топырақтың құнарлылығын арттыру – ең тиімді экономикалық бағыт. Әртүрлі табиғаттық-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін өңірлерде өндірістің тұрақтылығын жақсарту, топырақтың жел арқылы немесе су арқылы тозуын болдырмау, су ресурстарын пайдалануды және бүкіл экологияны жақсарту, қаржы және энергетика ресурстарын үнемдеу – егіншілікте ресурс үнемдейтін технологияларды енгізудің артықшылықтары ретінде танылған. Егіншіліктегі ресурс үнемдейтін технологиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге экологиялық және экономикалық әртүрлі жағдайларда қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығын арттыратын егіншіліктің икемді жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, аграрлық өнеркәсіп кешенінің қолданыстағы техникалық паркінің тозғандығын да ескеру қажет. Аграрлық нарық сарапшылары мен шолушыларының деректері бойынша қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызға жуығының әбден тозығы жеткен. Бүкіл тракторлардың жиынтық санының 94 пайызға жуығы 10 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз пайдаланылып келген, астық жинайтын комбайндар бойынша бұл көрсеткіш – 77,7 %. Яғни еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80 пайызынан астамын ауыс-тыру қажет болып отыр. Таяудағы жылдарда аграрлық өнеркәсіп кешені өндірісінің материалдық-техникалық базасын жаңарту-ға жұмсалатын инвестициялардың өсуіне орай, сатып алынатын жаңа техникамен бірге қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің технологияларын да анықтап алуымыз қажет.
Ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу үшін, ең алдымен, ресурс үнемдейтін технологияларға арналған қазіргі заманға лайық, бәсекеге қабілетті техника өндіруді қолдауға және дамытуға бағытталған, ауыл шаруашылығының жаңа техникаларын, сонымен бірге тұқым себетін кешендік машиналар сатып алуды қаржыландыруға бағытталған, жаңа агротехнологияларға бейімдеп оқыта отырып қолданбалы зерттеулер жүргізуге бағытталған жүйелі мемле-кеттік қолдау қажет. Ата бабалаымыз ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысқан. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Мал шаруашылыры барынша дамыған аудандарда экологиялық проблемалардың туындайтыны белгілі жайт. Мал тұяғының әсерінен топырақ эрозиясы жүруде, жайылымдардағы өсімдік жамылғысы жұтандануда, тіпті жойылуға жақындауда. Ал ірі интенсивті мал шаруашылығы жинақталған жерлерде (ірі қара, шошқа бордақылау және құс семірту) топырақ, су және ауа да ластануға ұшырауда.
Шетелдік агротехнологияларды трансферттеу Қазақстанның ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, шетелдік ең озық технологияларды ұтымды бейімдеу үшін ғылым көрнекті ғылыми орталықтармен бірлесіп зерттеулер жүргізуді, отандық ғылыми кадрлардың тағылымдамасын күшейте түсуі қажет. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін ұтымды пайдалану және оларды өндіріске енгізу ― аз шығын жұмсап экономикалық қолайлы нәтижеге жеткізетін, аграрлық өнеркәсіп өндірісін сапалық тұрғыда жақсартудың тиімді тәсілі.
Қазіргі кезде тұтынуға қажетті өнім өндіруге байланысты адамның ауылшаруашылық қызметінің ауқымының өсуіне орай табиғатта бірқатар өзгерістер болып жатыр. Соның нәтижесінде табиғи (алғашқы) биогеоценоздар жыртылған жерлер, суарылатын алаптар, жасанды жайылымдар арқылы ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер-агробиоценоздар пайда болуда, ол деген адамның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы қызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер. Адам мүмкіндігінше мол өнім алуға тырысып, экологиялық жүйенің барлық компоненттеріне былайша әсер етуде: - топыраққа химияландыру, механикаландыру, мелиорациялау секілді агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен; - ауылшаруашылық өндірісін химияландыру және индустрияландыру есебінен атмосфералық ауаға; - ауылшаруашылығының шайынды сулары мөлшерін күрт ұлғайту арқылы су қоймаларына. Ауыл шаруашылығындағы оның ішінде мал шаруашылығы негізгі салаларының бірі болып саналады. Ол халық шаруашылығын көптеген өнім түрлерімен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы қоршаған ортаға зиянды әсері, кәзіргі заманға сай қолданылатын химиялық қоспалар және т.б. қалдықтары бара бара өсуде.
Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге уөшіруге байланысты мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған ортаны аса мол ластай бастады.
Мал шаруашылығы кешендерінің саны мен қуаттылығының артуы нәтижесінде оның көлемі коммуналдық қалдықтар аумағынан әжептәуір арта түсті, мысалы, Германияда – 5 рет, АҚШ – 10 рет. Бір сиыр тастайтын жапаның мөлшері 16 адамдыкіне, ал бір шошқаның шығарғаны – 2 адамдыкіне тең. Данияда халық тығыз орналасқан аумағы шағын, мал шаруашылығы кешендерінің қалдықтары 35-40 миллион адам қалдықтарының эквивалентіне, ал Голландияда мал шаруашылығы өндірістерінен су қоймаларының ластануы 2,5 млн. тұрғыны бар қалалардың ластануына тең келеді. 100 мың бас ірі қара малдың қоршаған ортаны ластауы 1 млн. тұрғыны бар қаланың ластанғанымен пара-пар екендігі есептелініп шығарылған.
Қазіргі уақытта мал және құс шаруашлықтарының кешендері мен фермалары ауылдық жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері десек, оны қуаттылығы мен ауқымы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден салыстыруға болады. Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықтарынан қорғау нақты технологиялық шешімдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол үшін мал шаруашылығы кешендерін үйлерден біршама қашық жерлерге салу, лас заттарды өңдеу мен жоюдың дұрыс жолын таңдап алу қажет. Сұйық және қатты қалдықтарды жинау мен шығару механизацияның көмегі арқылы көң жиналатын орындарға тасымалданады. Мәселен, ірі қара малының қиында аса мөлшерде органикалық және бактериялық лас заттар болады. Олар мыналар: Рн 7,2 Қалқыған заттар 19000-60000 мг/л Мөлдірлігі 1:60, 2,0-2,5 см ОБҚ (оттегінің биологиялық қажеттілігі) 3000-8000 мг/л ОХҚ (оттегінің химиялық қажеттілігі) 6000-25000 мг/л Аммиак азоты 300-1400 мг/л Нитраттар азоты - Микробтық сан 1,0-10-7 1 литрде Коли-титр 10-5-10-7 1 мл-ге Электрококтар титрі 103-105 1 мл-ге Гельминттер жұмыртқасы 10,0-2.
Қазақстан Республикасының Ветеринариялық туралы Заңындағы ветеринариялық нормативтер туралы жазылған. Ол нормативтер санитариялық факторды жануарлар және адамның денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігі тұрғысынан сипаттайтын көрсеткіштердің жол беруге болатын сандық немесе сапалық мәнін белгілейді.
Бұл бөлімде біз мал шаруашылығы оның ішінде ірі қараны бордақылау кезінде құрама жемді тиімді пайдалану барысында, жалпы осы мал өндірісінің қоршаған ортаға әсерін және табиғатты қорғау іс шараларын қарастырамыз.
Мал шаруашылығында суды мал суғарғанға, сауын сиырлардың сауын құралдарын, ыдыс, еден жууға т.б. қолданылады. Өндіріс орнынан ақаба сулар аса көп көлемде шықпайды.
Мал шаруашылы оның ішінде малды бордақылау кезінде шығатын қалдықтарға жеген азықтың қалдықтары, тезегі жатады. Ол қалдықтар арнайы жерге жиналып белгілі уақыт өткен соң құнарлы тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында қолданылады. Үлкен мал қораларда малдың тезегінің құрамында ауруқоздырғыш бактериялар, вирустарға тексеріліп залалсыздандырылады.
Есептеу бөлімі
Мал шаруашылығынан шыққан қатты қалдықтардың топыраққа тастағаннан экологты-экономикалық шығынды келесі формула бойынша есептейміз
Уп= gп*кс*Мп
бұл жерде: gп – қалдықтарды әдейлеп белгіленген аумақтарда, полигондарда, санкционирленген қоқыс жинау орындарында, жинағыштарда орналастыру үшін төлемақы тенге 1 тоннаға, 2014 жылға АЕК (МРП) = 1882 тен/шарт.т
Кс – өндірістің қалдықтары орналасқан аумақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші,
Мп – қалдықтардың салмағы, т/жыл
У= 1882*0,018*1,8*150 = 9146,5 тең
Ірі қараны бордақылау технологиясын зерттеу кезінде шығаратын өнімнің аздығынан қоршаған ортаға әкелер зияны көп емес. Өндіріс орнынан шыққан қатты қалдықтардың қоршаған ортаға 9146,5 тенге шығын әкеледі. Атмосфераға және гидросфераға тигізетін әсеріде көп емес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков, М.А.Кинеев. «Қазақстанды мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы». Алматы, 2006.- 432 б
2 Жолшыбек Т. Мал шаруашылығы: Оқулық.- Астана: Фолиант, 2009. - 360 б.
3 Ә.Байжұманов. Мал өсіру.-Алматы:Қайнар,1987.-435 б
4 Богданов Е.А. Типы телосложения с.-х. животных и человека и их значение. –М.: Государственное изд-во, 1923. –С.311.
5 Богданов Е.А. Избранные сочинения. –М.: Госиздательхозмет, 1959.-382 с.
6 Н.П.Кулешов. Влияние питание на формы животного тела и на характер продуктивность. М., Сельхозгиз, 1949.-265 с
7 Левантин Д.Л. Теория и практика повышения мясной продуктивности в скотоводстве. –М., 1966. –С.136-178.
8 Акопян К.А. Ускоренный метод выращивания крупного рогатого скота на мясо при минимальных затратах концентратов //От одной работы к производственным достижениям. –Оренбург, 1944. –С. 33-36
9 Солдатов А.П.,Башкиров В.А.,Игнатенко Г.Г. Скотоводство.-М:Колос, 1982.-450 с.
10 Н.И.Денисов. «Производство использование комбикормов», Москва. «Колос» 1964.- 356 с
11 Ланина А.В. Проблемы мясного скотоводства и производства говядины (обзор иностранной и отечественной литературы). –М.: Изд.-во ВИНТИСХ, 1968. –С. 98-102.
12 Balzer M.L., Huebner U. Zur Entwicklung der tierischen Leistung und des Futtereinsatzes in der Faersenproduktion //Tierzucht. -1984. –Vol.38. -№5. –Р.208-209
13 Клейменов Н.И. Полноценное кормление молодняка крупного рогатого скота. –М.: Колос, 1975. –С.89-111.
14 Бусев Г.С. Итоги выращивания и откорма молодняка крупного рогатого скота, молочных и молочно-мясных пород //Новое по откорму и нагулу крупного рогатого скота и овец. –М., 1956. –С. 67-69.
15 Н.Омарқожаұлы. «Мал азығын бағалау және малды азықтандыру». Алматы, «Издатмаркет» 2005.
16 Левантин Д.Л. Откорм молодняка крупного рогатого скота на площадках в условиях нечерноземной полосы //Животноводство. –М., 1976. -№6. –С.56-63.
17 Левантин Д.Л. Пути увеличения производства говядины. –М.: Гос.изд-во с.-х. литературы, 1958. –С.7-8.
18 Свечин К.Б. Скороспелость и мясные качества сельскохозяйственных животных //Биологические основы повышения мясных качеств с.-х. животных: сб.науч.трудов Украинской сельхоз. академии. –Киев: Изд-во Укр.СХИ, 1962. –С.20-24.
19 Комаров Л.Л. Производство говядины при разных формах специали-зации. –М., 1971. –С.187.
20 Семак И.Л., Мосолов Н.И. Интенсивный откорм крупного рогатого скота. –Л.: Колос, 1977. –131 с.
21 Юкна Ч.В., Станкевичюс В.А. Резервы интенсификации производства говядины. –М.: Агропромиздат, 1986. –С.-67-76.
22 Переверзев Б.Д. Интенсивная технология производства говядины. –М.: Агропромиздат, 1989. -С.152.
23 Бельков Г.И. Технология выращивания и откорма скота в промышлен-ных комплексах и на площадках. –М.: Росагропромиздат, 1989. –32 с.
24 Әлібаев Е.,Ермұхан Б. Мал өнімдерін өндіру технологиясы: Оқулық .- Астана: фолиант, 2010.-400 б.
25 Солдатов А.П.,Башкиров В.А.,Игнатенко Г.Г. Скотоводство.-М:Колос, 1982.-450 с.
26 Д.Н. Пак. Қазақстанның сиыр малы. -Алматы: Қайнар, 1968.-280 б.
27 Аубакиров Ж.К. «Қараман-К» ЖШС өсірілетін қазақтың ақбас тұқымы жас малдардың жартылай ұшаларының морфологиялық құрамы // Ғ.ж. ″Ғылым және білім″.– Орал, 2009.– 44-47 б.
28 Аманжолов К.Ж., Ожерельев В.Ф. Мясная продуктивность бычков кастратов казахской белоголовой породы, выращенных в условиях крупных механизированных площадок откормочного типа //Создание высокопродук-тивных животных для промышленных животноводческих комплексов и ферм. –Алма-Ата, 1983. –С.157-160.
29 Мелдебеков А.М. Некоторые вопросы промышленного производства говядины. –М.: Агропромиздат, 1989. –С.60.
30 Черекаев А.В., Черекаев И.А. Организация испытания и оценка по потомству быков мясных пород //Животноводство. –М., 1967. -№8. –С.23-27.
31 Е.А.Петухова, Р.Ф.Бессарабова. «Зоотехнический анализ кормов». М., 1981.- 332 с
32 Зарпуллаев Ш.Н., Жуманбеков А.С., Алиханов Ж. Интенсивное выращи-вание, откорм и мясная продуктивность некондиционного молодняка крупного рогатого скота //Научные основы развития сельского хозяйства на юге Казахстана: сб.науч.трудов ЮКНИИСХ. –Алматы: Бастау, 2001. –С.204-216.
33 К.Карибаев, Р.Селяметов, Х.Абдалиев. «Ем-хашак таерлаш технологияси». Тошкент «Мехнат», 1990.- 224 б
34 Левахин В.И. Интенсивное выращивание молодняка крупного рогатого скота //Сб.науч.трудов Всесоюзного НИИ мясного скотоводства. –М., 1990. –С.6.
35 Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных: Справочное пособие/ А. П. Калашников, Н.И. Клейменов, В. Н. Баканов и др. – М.: Агропромиздат, 1985. 352 с.
36 Н.И. Клейменов. Системы выращивания крупного рогатого скота / – М.: Росагропррромиздат, 1989. – 287 с
37 Л.К. Эрнст. Скотоводство. – М.: ВО «Агропромиздат», 1992.-525 с
38 Б.П.Мохов., А.Н.Шаронин. Производство продукции животноводства. – Ульяновск, ГСХА, 2005.-326 с
39 Пак Д.Р. Характер наследования и изменчивости некоторых признаков при скрещивании казахского крупного рогатого скота со щвицким //Наследст-венность и изменчивости растений, животных и микроорганизмов: сб.науч. трудов. –М., 1959. –С.67-69.
40 Ланина А.В. Проблемы мясного скотоводства и производства говядины. –М.: Изд. МСХ СССР, 1968. –С.31-38.
41 Дьяков С.М. Высокопитательные корма в рационах молодняка крупного рогатого скота на откорм //Молочное и мясное скотоводство. –М., 1990. –Вып.12. -№8. –С.18.
42 Черкащенко И.И. Гетерозис и использование его в скотоводстве //Животноводство. –М.,1970. -№8. –С.21-26.
43 Семак И.Л., Мосолов Н.И. Интенсивный откорм крупного рогатого скота. –Л.: Колос, 1977. –С.64-98.
44 Фомичев Ю.Г., Сергеева Л.А., Матусевич, Комаров Л.Л. Откорм скота на ферме //Справочник. –М.: Россельхозидат, 1987. –С.41-84.
45 Григорьев Н.Г., Гаганов А.П. Влияние концентрации обменной энергии рациона качества мясо откармливаемых бычков.//Молочное и мясное ското-водство. –М., 1989. –Вып.12. -№9. –С.16.
46 Аманжолов К.Ж., Мелдебеков А.М. Производство говядины и кожевен-ного сырья высокого качества в Казахстане //Монография. –Алматы, 2001. –164 с.
47 Аманжолов Қ.Ж., Құлмұхамедов А.И. Ет өндірудің қолайлы технология-сы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2003. -№9. –Б.3-9.
48 Жузенов Ш.А., Жусупов М., Кулиев Т.М. Как правильно выращивать бычков казахской белоголовой породы до высокой кондиции //Агроинформ. –Астана, 2006. -№8. –С.17-18.
49 Жузенов Ш.А., Жазылбекова Н.А., Жусупов М. Эффективность произ-водства говядины в зависимости от съемной живой массы бычков казахской белоголовой породы //Животноводство, кормопроизводство и ветеринария. –Алматы: Бастау, 2006. -№2. –С.72-73.
50 Мелдебеков А.М., Кулиев Т.П., Кульмухамедов А., Уразбеков Ж. Алатау тұқымының жайып және бордақылап семіртудің әртүрлі технология-сының тиімділігін зерттеу //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2001. -№8. –Б.7-9.
51 Свечин К.Б. Производство говядины и свинины. –Киев: Урожай, 1971. –С.163-176.
52 Калашников А.Б., Клейменов Н.И., Баканов В.И. и др. Нормы и рационы кормление сельскохозяйственных животных //Справочное пособие. –М.: Агро-промиздат, 1985. –С.352.
53 Вавжинчюк С. Кормление молодняка крупного рогатого скота на промышленных фермах //Международный с.-х. журнал. –М., 1973. -№2. –С.87-90.
54 Rehment R., Hensel H. Erfahzungen und Schlachtendmassen in der Rindermast des VEG Genschagen //Tierzucht. -1975. –Vol.29. -№1. –Р.11-13.
55 Типовые рационы для крупного рогатого скота, свиней и овец по зонам страны. –М.: Колос, 1971. –С.169-183, 282-286.
56 Л.Г.Боярский. «Производство использование кормов», Москва. «Россагропроиздат» 1988.
57 А.П.Калашников и другие. «Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных». Москва, «Агропроиздат», 1985.
58 П.Н.Федосеев, В.В.Гундеров, А.В.Соколов. «Использование химических препаратов при заготовке кормов». Москва, «Росагропромиздат». 1988.
59 Галимов Ф.Г. Промышленный комплекс в совхозе. «Юматовский». –Уфа: Башкирский КН. Изд-во, 1976. –С.115-123.
60 Миддендорф А.М. Пояснение выражений касающихся основных начал коневодства //Конезаводство. –Санкт-Петербург, 1867. -№1. –С.3-111.
61 Чирвинский Н.П. Развития костяка у овец при нормальных условиях, при недостаточном питании и после кастрации самцов в раннем возрасте. –М., 1909. –Т.1. –С.148-170
62 Чирвинский Н.П. Общее животноводство //Поля, руководство для средних с.-х. учебных заведений и пр. для высших. –М., 1923. –Ч.1. –С.19-26.
63 Н.И.Нусов., Г.Г.Игнатенко. Скотоводство. – М.: Колос, 1974. 328 с.
64 Любимова М.В. Организация и экономическая эффективность производства говядины в промышленном комплексе «Пашский» //Записки Ленинград-ского СХИ. –Ленинград-Пушкин, 1975. –Т.275. –С.76-79.
65 Либерман С.Г., Петровский В.П. и др. Технология мясных и технических продуктов. Справочник. – Москва: Пищевая промышленность, 1973. – с. 352-353.
66 Аубакиров Ж.К. Қазақтың ақбас сиырын «Алабота», «Ключев» асылдандыру зауыттарының және «немістің сары» тұқымының бұқаларымен будандастырудағы салыстырмалы бағалау // «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы» ғылыми-тәжір. конф. мат.– Қостанай, 2005. – 136-137 б.
67 Ланина А. В. Мясное скотоводство. –М.,1973. –С.-58
68 Папуша Н.В., Аубакиров Ж.К., Сапанов Е.К. Интенсивность роста телочек казахской белоголовой породы разных генотипов в ТОО «Караман-К» // Мат. междунар. научно-прак. конф. «Индустриально-инновационное развитие Казахстана».– Ч.2.– Костанай, 2005.– С.106-109.
69 Supnlemental protein for finishing unnecessary with cozn silage ration //Feedlot managemend. -1975. –Vol.16. –Р.6.
70 Щербаков Н.И., Можайский Б.И. Комплексы – основное направление в развитии животноводства //Техника в сельском хозяйстве. –М., 1977. -№11. –С.38-43.
71 Эффективность откорма крупного рогатого скота на жоме. –М., МСХ СССР, 1976. –С.64-69.
72 Бельков Г. Промышленный откорм скота на комплексе «Юматовский». –М.: МСХ СССР, 1976. –С.1-4.
73 Has forage fed beet found a home? //Progessive Farmer. -1975. –Vol.95. -№5. –Р.20, 41.
74 Trow – Smith R. Q-Silage makes beef, saves grain //Farmer’s Weekly. -1976. –Vol.84. -№17. –Р.45.
75 Каримов Ж.К. Ірі қара шаруашылығы сүт және ет өндіру технологиясы. –Алматы, 2005. -274 б.
76 Кузнецов А. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. –М., 1991.
77 Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция. – Алматы, 2006. – 598 б.
78 Войн Л., Грушко И., Решентик В. Животноводческие комплексы Молдавии. –Кишинев: Катря молдовеняскэ, 1976. –С.79-104.
79 Hussenber A., Steinhauser H., Pahe H. Möglichkeiten zur Verbesserung der wirtschagtlichkeit in der Jntensivmast von Jungbullen //Bauer. Landw. jb. -1985. –Vol.62. -№1. –Р.3-26.
80 Левантин Д.Л. Влияния питания на рост, развитие и мясные качества молодняка симментальской породы //Советская зоотехника. –М., 1950. -№1. –С.52-62.
81 Яцко Н.Л., Гурин В.К., Радчиков В.Ф. Эффективность производства говядины при различных системах кормления //Проблемы выращивания молодняка крупного рогатого скота. –М., 1989. –С.33-34.
82 Калашников Ю.М. Эффективность выращивания бычков ярославской породы до высоких весовых кондиций. //Пути интенсификации молочного скотоводства. –М., 1988. –С.77-85.
83 Мельников М.Т., Енальев В.И. Выращивания молодняка крупного рогатого скота на рационах с различным уровнем концентрированных кормов //Пути снижения расхода зерновых концентратов при производстве говядины: тез.докл.науч.-практ.конф. –М., 1989. –С.36-37.
84 Жаданов Н., Құдайбергенов Н. Еңбек қорғау: Оқу құралы. 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2010. – 200 бет.
85 Маханов Б.Б., Сатаев М.И., Сатаева Л.М. Оқу құралы.-Шымкент: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005. - 243 бет.
86 Маханов Б.Б. Азаматтық қорғаныс, Шымкент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2001.- 129 бет.
87 Маханов Б. Б., Сатаев М.И., Өсербаев М.Т., Сатаева Л.М., Азаматтық қорғаныс-жекеленген мәселелер.Электрондық кітап. Шымкент: 2004. – 40 бет.
88 А.К. Аипов А,К. Тіршілік қауіпсіздігі: Оку құралы. - Астана. - ҚазЭҚХСУ: БПО,2009. - 290 бе
89 Әбдіров А.,Сейфуллина Ғ. Қауіпсіздік техникасы: Оқу кұралы/2 басылым. - Астана: Фолиант, 2010. - 120 бет.
90 Малғозин С., Қырықбаев С. Малды жаппай зақымдаушы қарулардан қорғау. - Алматы, 1987.
91 Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы. 1997 ж. 15 шілде
92 Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы. 1997 ж. 7 мамыр.
93 Қазақстан Республикасының «Авариялық-құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Заңы. 1997 ж. 27 наурыз.
94 Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногеңдік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы. 1996 ж. 5 шілде.
95 Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы. 1996 ж. 22 қараша.
96 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1995.
97 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. - Алматы: Жеті жарғы, 2007.
98 Кәсіпорынның еңбек қорғау қызметі туралы үлгі ереже. - Алматы, 1994.
99 «Ауыл шаруашылығы шикізатын -өңдеуге арналған жабдықтың қауіп-сіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі» техникалық регламенті.
100 Мырзабеков Ж.,Ибрагимов П. - Ветеринариялық гигиена. Оқулық.-Алматы: «Білім» баспасы, 2005. - 432 бет.
Жарияланған-2022-02-16 15:45:10 Қаралды-3560
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы