ЖҮЗІМ ӨНІМДІ КҮТУ ЖӘНЕ ЖИНАУ
1. Жүзім өнімінің алдын ала мөлшерін анықтау.
2. Жүзімнің өнімін жинау мерзімі.
3. Жемістерді тауарлық өңдеу.
1. Жүзім өнімінің алдын ала мөлшерін анықтау.
Өнім жинау жүзім шаруашылығындағы ең жауапты жұмыс. Жүзім өсірушілер болашақ өнімді бір жыл бойы: көктемде - жүзімдердің гүлдеуі, жазда - түйін түскеннен (маусым) кейін қалған жеміс саны, күзде - жеміс мүшелерін қалыптасқан генеративті бүршігі саны бойынша анықтауды жобалау десе де болады. Өйткені Қазақстанда бұл мүшелерге кері әсер ететін ауа райы (ерте көктемгі және кеш көктемгі суықтар, күздігүнгі ауа температурасының күрт төмендеуі) жиі болып тұрады. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік шығысында кейбір қыста ауаның температурасы 30-35°-қа дейін төмендеп кетеді. Сондықтан да анағұрлым дәл өнімді маусым айында түйін түскеннен кейін ғана анықтауға болады. Ол үшін әрбір сорт бойынша бірнеше (5-10) жүзім түбі белгілейді. Сөйтіп әуелі солардың орташа өнімін, содан кейін 1 гектардан алынатын өнімді анықтайды.
Алдын ала өнім анықтау негізінде шаруашылықта өнім жинау жоспары жасалады. Онда өнім жинайтын жұмысшылардың, жәшіктердің немесе контейнерлер сандары көрсетіледі. Сондай-ақ жемісті сақтау орындарының оларды сақтау сыйымдылығын анықтайды. Өнім жинауға қажетті саты-орындықтар, бағанша секілді корзиналар, тасу-түсіру және транспорт құралдары да есепке алынады.
Құрал-сайманның, тасымалдау құралдарының және маусымдық жұмысшылардың өнім жинауға қажетті санын дұрыс есептеу үшін сорттар бойынша алынатын өнім мөлшерін алдын ала анықтау қажет. Ол үшін шартты диагональдар, алаңшалар немесе тор әдісі қолданылады. Шартты диагональдар әдісін қолданғанда, әр учаскенің өзара қиылысатын екі диагоналі бойынша 5-10 бұтаны іріктеп алады да, ондағы жеміс шоқтарын санайды.
Алаңшалар әдісін қолданғанда, 50-100 бұта өсіп тұрған алаңшаны бөліп алып, олардағы жеміс шоқтарының санын есептейді.
Top әдісін қолданганда, әр бесінші немесе оныншы қатардағы бесінші жүзім бұтасындағы жеміс шоқтарының санын есепке алады.
Алдын ала өнім анықтау негізінде шаруашылықта өнім жинау жоспары жасалады.
2. Жүзім өнімін жинау мерзімі.
Жүзім шаруашылығында жемісті үзу уақытының зор маңызы бар. Ол көптеген мәселелерге байланысты (метеорологиялық, тұқым қуалау т.б.) жағдай. Өнім жинау - жүзім шаруашылығындағы ең жауапты жұмыс. Өнім жинау кезіне дейін жүзім бұталарын күтуді, ыдыс пен құрал-сайманды, асханалық сорттардың өнімін ыдыстарға бөліп салу жұмыстарымен шүғылданатын пункттерді және қабылдау-өңдеу кәсіпорындарының жабдықтарын даярлауды аяқтау қажет. Өнімді жинау қысқа мерзімде шығынсыз орындалуы тиіс.
Мерзімінен бұрын піскен немесе тым пісіп кеткен жемістер ұзақ сақталмайды, дәмі де нашар болады. Жемістің пісуі екі дәрежеге бөлінеді. Олар - үзу дәрежесі және тұтыну немесе техникалық пісу дәрежесі.
Өнім жемістің үзу дәуірінде жинала бастайды. Үзу дәрежесі дегеніміз - жемістің өсуін және органикалық заттарды жинауын аяқтауы. Олар үзілгеннен кейін әбден пісуге және қалыпты дәм, хош иіс және рең қалыптастыруға қажетті болады. Тұтыну немесе техникалық үзу дәрежесі дегеніміз - бұл кезде жемістердің сол сортқа тән және тұтынуға жарамды белгілер байқалады.
Ерте үзілген жемістің сортына сай түсі келмейді, дәмдік сапасы төмендейді, жеміс сақтау кезінде солып қалады. Ең бастысы жалпы өнім деңгейі төмеңдейді.
Жүзімнің асханалық сорттарын жинауға жеміс шоқтары толық піскенде және жидектері сортқа тән түске енгенде, жидектердің құрамындағы қанттың мөлшері 15% -ға жеткенде жиналады.
Жүзімнің техникалық сортарының өнімін жинау уақыты жидектердің құрамындағы қант пен қышқылдардың жинақталу мөлшеріне қарай белгіленеді.
3. Жемістерді тауарлық өңдеу.
Жүзім сортымен іріктеліп, жауын-шашынсыз ашық күндері таза және құрғақ ыдыстарға жиналады. Жеміс шоқтары қайшымен кесіледі де, 4-5 кг-дық себеттерге немесе көлемі 30x50x20 см жәшіктерге салынады. Жүзімнің өнімін жинауда қазіргі уақытта арнаулы тиегіштер: АВН-0,5А және ПВСВ-0,5 қолданылады, бұлардың жәрдемімен жиналған өнім қатараралықтардан тасылып, тасымалдау құралдарына тиеледі.
Үзілген жемістер бірден тауарлық өңдеу немесе сақтау үшін буып-түю пунктіне жөнелтіледі. Жемістер бір күн бойы 15-20°С температурада болса, олардың сақталу мерзімі 10-15 күнге қысқартылады. Олардың сапалары бірдей болмайды. Сондықтан да сауда жүйесі бойынша сатар алдында оларды бір текті топтарға, яғни сорттарға бөлу қажет.
Сорттау - сорттарды сыртқы белгілері және мемлекеттік стандарт талаптарына (ГОСТ) сай мөлшері бойынша бір текті топтарға бөлу. Мемлекеттік стандарт бүкіл жеміс және жидектер үшін жасалған. Онда жеміс формасының типтілігі, механикалық зақымдану дәрежесі, жұмсақ етінің езілуі, бұршақ ұруы, аурулар мен зиянкестер зақымы т.б. ескерілген.
Жемістерді тауарлық өңдеу мына жағдайларды қарастырады: сапасы бойынша сорттау, белгілі бір сорт шамасындағы мөлшері бойынша калибрлеу, жәшіктерге салу, маркілеу және өлшеу.
Сортталып, іріктелген жемістер сақтау орнына жеткізіледі немесе жәшіктерге салынады.
Жемістерді ыдысқа салу оларды қалаудан, ыдыс қабырғасынан оқшаулаудан, жәшіктердің қақпағын шегелеп, маркілеуден тұрады. Қалау қатарлау және қатарсыз да болады.
Жемістер жәшік кенерінен келтіріліп толтырылады. Дайын жәшік маркілеу орнына беріледі. Әрбір жәшікке құлақша (этикетка) жапсырылып, жоғары сорт аспан көк, бірінші сорт - қызыл, екінші сорт - жасыл, үшінші сорт - сары түспен жиектеледі. Құлақшада жөнелтуші, тауарлық сорт, помологиялық сорт, өнімнің аты, ыдысқа салу күні, тобының номері, сол өнімнің мемлекеттік стандарты көрсетіледі. Жеміс жәшікке салынған соң қақпағы шегеленбей тұрып, бетіне ыдысқа салушының номері немесе аты-жөні көрсетілген талон салынады.
Ірі мамандандырылған жеміс шаруашылықтарында жемісті механизм күшімен тауарлық өңдеу әдісі қолданылады. Ол үшін машиналар жиынтығы ЛТО-3, ЛТО-ЗА секілді тауарлық өңдеу линиясы, АПП-1,5, АСК-2, СКЯ-3 сорттау калибрлеу машиналары, сондай-ақ ВУ-1,5 немесе ВУ-200 дірілдеткіш қондырғылары пайдаланылады.
Жемісті тауарлық өңдеу жағын механикаландыру еңбек өнімділігін, қолмен атқарғанға қарағанда, 2,5-3 есе арттырады. Оларды маркасы мен бағытына қарай 12-26 жұмысшы қамтиды.
Жарияланған-2022-02-10 13:47:12 Қаралды-963
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина