Еуропадағы темір жол саяхаттарының зор болашағы бар. Осында темір жолдардың ең қалың жүйесі орналасқан. Әлемнің барлық темір жол жүйесі 1256000 шақырымды құрайды. Әлемнің көптеген елдерінде темір жол жүйесінің дамуы табысты өтуде. Италияда өкімет темір жол дамуына жұмсалатын 50 млн. Долларды жалға алу мүмкіншілігін іздеп жатыр. Перуда темір жолдарды кеңейту мен жақсартудың кең жоспарлары жасалған және де жүзеге асып жатыр. Осындай жоспарлардың бірі бойынша жаңа 3000 мың км-ге созылған жағалау сызығы салынды. Темір жолдардың 1228 шақырымы ұлттық темір жол комапниясының бақылауында. Негізгі бөлігі жеке перуандық темір жол компанияларына жатады.
Темір жолдар, шетелде жеткілікті пайдаланатын көлік болып табылады. Негізінен Европалық мемлекеттерде. Ол темір жол сызықтарының қалың жүйесінің бар болуымен, жоғарғы жүру жылдамдығының дамуымен, поездарда жоғарғы сапалық қызмет көрсету, қызмет көрсетудің біркелкі келісілген жүйесін құрумен және льготалық тарифтердің үлкен санын қолдануымен байланысты.
Жоғарғы жылдамдықты темір жол қозғалысы шетелде 3 бағыт бойынша жүргізіледі. Мысалға Ұлы Британия мен Германияда поездардың жылдамдығын арттыру үшін жылжымалы составтың конструкциясы жетілдіріліп, рельстік жол күшейді, Франция мен Италияда, бар темір жол жүйесімен қиылысатын жылдамдық сызықтары жасалды, Японияда жоғары жылдамдықты магистральдар құрылды.
Мысалы, Францияда жоғары жылдамдықты темір жол қозғалысы әуе компанияларына бәсекелестік туғызуда. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың басында эксплуотацияға 1-ші сызық Оңтүстік-Шығыс TGV. Осы сызықта TGV поездары сағатына 270 шақырым жылдамдықпен жүрді. 80-ші жылдардың аяғында жаңа Париж-Атлантик жылдам жолаушы магистралі іске қосылы. TGV поездардың жүру жылдамдығы сағатына 300 шақырымға дейін артты. Осы коридордың Оңтүстік жағы Испаниядағы осындай линиямен байланысады. Ал осы жолдың Солтүстік бөлігі Голландия, Германия, Бельгия, Англияның жылдам магистральдарымен байланысады.
TGV-А поездары 1 және 2-ші классты вагондардан құралған. 1класстың вагодарында 4 орындық жартылай купе ретінде салондар бар. Әрбір жартылай купенің қарама-қарсысында 2 отыру орындары бар. 2-ші классты вагондарда қарама-қарсы орналасқан орындардың саны артылған. Поезд кішкентай балалары бар жанұялар салондарымен қамтамассыз етілген, сонымен қатар мүгедектерге арналған вагон және вагон-бармен қамтамассыз етілген. Поездарда 2 режиммен жұмыс істейтін кондиционерлер қойылған составтар жеке және жабыстырылған вагондармен құрылу мүмкін, бірақ осы жағдайда жолаушы сиымдылығы 370-1100 адамға дейін болуы мүмкін. Қазіргі кезде осындай жылжымалы составтың бірқатар модификациясы құрылған. Ол өзінің ішкі жабдықталғандығымен, техникалық жабдықталғандығымен, вагондардың планировкасымен ерекшеленеді.
1999 жылы 2 этажды TGV-Duplex аоезінің эксплуотациясы басталды. Осындай поезда жолаушылардың барлық состав бойынша қозғалуға мүмкіншілігі бар. Вагон арасындағы өткелдер жоғары этажда, төменгі қабатта конференц зал, балалар алаңы, салон, бірінші қабаттың вагонының аяғында- бар орналасқан.
Қазіргі уақытта Францияда AGV жаңа жылдамдықты поезд құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың жылдамдығы сағатына 350 шақырым болады. Марсель мен Лондон арасындағы қашықтық 5 сағат 40 минут уақытты алады.
Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде жоғарғы жылдамдықты поезда эксплуотацияға кіргізілген. ICE- Германияда, ETR- 450 және ETR-500- Италияда, Intercity және Electra- Ұлыбританияда, т.б. Жылдамдықты поездардың көпшілігі комфортабельді вагондармен, ақпаратты таблолармен, дәретханалармен, телефонды кабиналармен, т.б. жабдықталған. Батыс Европадағы жылдамдықты темір жол магистральдарын жасау мен эксплуотациялау біріңғай темір жол жүйесін құруға әкелді.
Жапонияның «Синкансен» жоғарғы жылдамдықты темір жол жүйесі, елдің басқа темір жол жүйесінен, толық изоляцияланған. Жапония 1964 жылы алғаш рет жоғары жылдамдықты темір жол көлігінде жолаушыларды тасымалдауға қолдану идеясы өмірге әкелінді. «Синкасен» жүйесі 6 линиядан құралған жүйе. Поездар ешқашан бір линиядан басқа линияға шықпайды және әртүрлі безендірілген. Линияда барлық пунктерде тоқтайтын поездар жүреді. «Синкасен» линиясының ерекшелігі болып, оның географиялық күрделі және ауа-райы күрделі жерлермен өту табылады. Осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамассыщ ету үшін, поездердің жылдамдығы 250-ден 50-ге тейін түсуі мүмкін. Бірақ, осыған қарамастан, «Синкасен» жүйесі халық арасында әйгілі. Магистраль арқылы тәулігіне 450 экпресс жүреді.
Жоғары жылдамдықты қозғалыс ұйымдасиырудағы маңызды жетістікке Қытай үкіметінің шешімін жатқызуға болады. Олар электромагниттік подвескадағы поездар үшін темір жол құрылысының жобасын қабылдады. Осы магистральің ұзындығы 2180 шақырымға созылады. Пекиннен-Гонконгке дейін өтеді. Жолаушы экпрестердің жылдамдығы сағатына 430 шақырым болады. Құрылысты 2006 жылға дейін аяқтау жоспарланған.
Дамыған мемлекеттердің көптеген темір жолдары брондаудың электрондық системасымен жабдықталғанү Еуропалық мемлекеттерде темір жол билеттерін сатып алу проблемасы ешқашан тумайды. Билеттердің кассирден немесе автоматтардан сатып алуға болады. Сонымен қатар кредит карточкамен немесе қолма-қол төлеуге мүмкіншілігі бар. Тасымалдау үшін төлем ретінде әртүрлі жол жүру билеттері қолданылады. Олар: қалалық, ұлттық, жергілікті, халықаралық болуы мүмкін.
Еуропада темір жол қозғалысын ұйымдастырудың ерекшелігі болып, көптеген жолаушы поездары үлкен мемлекеттерді кесіп өту үшін 6-8 сағат керек. Сондықтан әрбір поездарда отыратын орындары бар вагондар бар. Ұйықтау мен тез поездар ереже бойынша түнде жүреді. Оларда кушеткалық, купейлік вагондар бар болады. Кушеткалық вагондардың купелері 6 полкамен жабдықталған. Кейбір мемлекеттерде кушеткалық вагондар болмайды. Купейлік вагондар үлкен әртүрлілікпен ерекшеленеді. Шетелдегі жолаушылар вагондары 2 классқа бөлінеді:
- бизнес-класс
- стандартты
Жол кезінде жолаушы өз ықтиярымен тамақтанады: вагон-ресторан, вагон-буфет. Тағы бір ерекшелікке, шетелде көп көңіл темір жолмен саяхаттайтын мүгедектерге бөлінеді. Осыған байланысты вокзалдар пантустармен, вагондар-мүгедек коляскасы үшін көтергіштермен, т.б. жабдықталынады. Кейбір елдерде мүгедектерді үйінен вокзалға дейін шығарып салу арнайы қызметі ұйымдастырылады. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жоғарлығына жеткеніне қарамастан, темір жол тасымалдаушылары осы саладағы өздерінің қызметін жетілдіруді жалғастыруда.
Көптеген Еуропалық мемлекеттердің темір жолдары бірыңғай жүйеге қосылған, сондықтан жолаушыларға қызмет көрсету жүйесін келісілуі керек. Ол вагондарды бірыңғай классификациялау енгізуде айқын көрінеді. Жаңа вокзалдар салу мен ескілерді модернизациялау қызметтерді бірыңғай орналастырумен байланысады. Анықтамаақпараттық пунктілер біркелкі безендіріледі. Соңғы кезде кассалық залдар жеке бөлмелерге бөлінді, жолаушыларға жеке стойкада қызмет көрсетіледі, күту залдары платформаларға шығарылады. Вокзалдардың көбісі тележкалар және мүгедек коляскалары үшін пандустармен жабдықталған. Көптеген Еуропалық мемлекеттердің темір жол тасымалдаушыларымен жолаушыларды тасымалдау ережелері бойынша темір жол кінәсі бойынша поездарды ұстап қалу немесе тоқтату кезінде жолаушылардың шығындары толық түрде өтеледі.
Шетел темір жодарында әртүрлі категориялы жолаушылар тасымалдауға көп жеңілдіктер бар. Ерекше льготалық тарифтердің әртүрлілігімен Еуропалық темір жолдары ерекшелінеді. Осында льготалардың толық жүйесі жасалған: халықаралық байланыспен 27 Африка мен Еуропа елдері бойынша саяхат кезінде, жылдам және өте жылдам экспрестерде Еуропалық мемлекеттерде жүру кезінде, т.б. сонымен қатар ұлтты тарифтер де бар. Оларда льготалар жолаушының жасына, тәулік уақытына, аптаның күніне, поезд түріне, т.б. байланысты ажыратылады. Мысал ретінде Германиядағы льготалық тарифтерді көрсетуге болады.
WOCHENEN de Ticket. «Демалыс күннің» билеті 5 ересек адамға сенбі және жексенбі күндері әрбір жергілікті поездарда жүруге Германияның темір жолдарының тығыздығының жоғары болуына байланысты, осындай билетпен бір электричкадан келесіге отырып жүруге болады.
GUTEN-ABEN-Ticket. Кешкі билет-19.00-ден келесі күннің 03.00 дейін әртүрлі поездарда жүрүге болады. Сенбі күні ол 14.00-ден бастап іске қосылады.
BAYERN-Ticket. 5 ересек адамға күнделікті 9.00-ден келесі күннің 03.00 дейін Бавария бойынша әртүрлі поездарда жүруге болады. Билет электричкада сатып алыну мүмкін.
Baden-WURTTEMBERG-Ticket. 5 ересек адамға күнделікті 9.00-дее келесі күннің 03.00 дейін әрбір жергілікті байланыстармен Baden-WURTTEMBERG бойынша жүруге болады.
RAIL and FLY. Егер адам ұшақпен бір жаққа ұшып бара жатса, онда ол өзінің әуе билетін көрсетіп, арнайы темір жол билетін сатып алуға мүмкіншілігі бар. Осындай билет әрбір әуежайға поезд арқылы жүруге мүмкіндік береді.
SPARPREIS. Тарифтер сериясы- Ол Германияның әр пунктінен басқа пунктке барлық поездармен фиксацияланған база бойынша жүруге мүмкіндік береді. Осындай тариф бойынша максимум 5 адам жүруге болады. Балаларды тасымалдау ересек тарифтен 50% жеңілдігін құрайды.
ICE-Familleen-SPARPREIS. Жанұяға арналған арнайы арзан тариф. Балалар саны роль атқармайды.
Europa SPARPREIS. Еуропалық мемлекеттер бойынша жеңілдікпен жүру.
Bahn-Card: 1 жылға берілетін абонимент карточкасы. 50 шақырымнан ұзақ жүрсеңіз 50% жеңілдік болады. Сонымен қатар, Bahn-Card VISA төлем картасы ретінде де жұмыс істей алады.
Inter-Rail- Еуропа бойынша саяхаттау үшін арнайы жүру билеттері. Ол негізінен 25 жасқа дейінгі жастарға ыңғайлы. Барлық Еуропа 8 зонаға бөлінген. Билетті 1,2,3 немесе барлық зоналарға сатып алуға болады. Бір зона бойынша билеттің мерзімі 22 күн.
Шетелдерде экскурсиялық, туристік, чартерлік поездар әйгілі. Еуропадағы ең белгілі туристік поезд «Шығыс экспресс». Ең алғаш «Шығыс экспресс» 1883 жылы Париж вокзалынан жүріп кетті. Ол Парижден Стамбулға дейін «Париж-Страсбург-Мюнхен-Вена-Будапешт-Бухарест-Константинополь» маршруты бойынша жүреді. Поездбен тек қана бай адамдар жүрген болатын. (1939-1946) Соғыс кезінде экспресс жүруі тоқтатылып, 1982 жылы 25 мамырда қайта іске қосылды. Уақыт өте келе осындай типті туристік поездаркөп жүре бастады.
1992 жылы «Шығыс экспресс» өзінің тарихында ең алғаш Ресей шекпрасын кесіп өтіп, «Мәскеу-Ургенч-Хива-Самарканда-Ташкент-Алматы-Турфан-Ланчжоу-Сиань-Пекин», «Мәскеу-Омск-Новосибирск-Иркутск-Улан-Удэ-Улан-Батор-Эриянь-Пекин», «Мәскеу-Вологда-Ярославль-Ростов-кострома-Владимир-Суздаль», «Мәскеу-Соловки-Кижи» т.б. маршруттары бойынша жүре бастады.
Еуропада «Шығыс экспресінің» табысынан кейін, Азияда да осындай поезд жіберілді. Тағы осындай состав Аустралия жолдары арқылы жүре бастады. Аутралияның жолдары арқылы «Тынық мұхиттық экспресс» атты туристік поезд жүреді. Экпресс: вагон-ресторандармен, жеке ваннамен және жас жұбайларға арналған жеке нөмірлермен жабдықталған.
Италияндық меншік темір жол компаниялардың біреуі «ТрансЕуропалық экспресті» қайта жаңғыруына кірісті. Ол өз уақытында Еуропада ең тез және салтанатты поезд болған. 1995 жылы ол өз жүруін тоқтатқан болатын. Оның маршруты: Швейцария, Чехия, Германия, Венгрия, Словения арқылы жүреді.
Аустрияда экскурсиялық поезд жүреді. Оның салоны 19 ғасырдың императорлық салондарына сай безендірілген саяхат 4 сағатқа созылады. Саяхат кезінде туристерге императорлардың өмірі туралы әңгімелейді, классикалық музыканы тыңдауға, ескі рецептер бойынша жасалған тағамдарды дәм етуге мүмкіндіктері бар.
Францияда «Обрак», «Сэвеноль», «Аль-Пазур» туристік поездары жүреді.
АҚШ пен Канада арасында Викторияндық кезеңнің реставрацияланған составтарынан құрылған туристік поезд жүреді.
Жапонияның туристік поездары да әйгілі. Мысалы: «Токиялық туристік экпресс», «Нанива», «Ю-Ю Окаяма», «Альфа-Континенталь», «Элеган-Акай», т.б.
Саяхатшылардың көңілін көтеру үшін туристік маршруттардың көбісіне тасымалдаушылар әйгілі спортшыларды, кино-теле жұлдыздарды, артистерді, т.б. шақырады. Поездардың жүру жолы бойынша, «Ұлттық тағамдардың күндері», «Шарапты дигустациялау», т.б. ұйымдастырылады. Осындай шаралар басқа жолаушыларға кедергі жасамау үшін жеке вагондарда жасалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде Еуропада «Еуронайт» қызмет көрсету формасы кең қолдануда.
«Еуронайт» - еуропалық темір жолдар байланыстарындағы жаңа қызмет көрсету формасы. Халықаралық комапния «Вагон Ли» 1991 жылы «Аккор» компаниясына өтіп, «Еуронайт» формуласы бойынша қызмет көрсетуді бастады. 1993 жылдың мамырынан кейін «Еуронайт» бес еуропалық байланысқа қызмет етуді бастады: Рим-Цюрих-Базель-Женева, Вена-Венеция, Вена-Остенде, Вена-Цюрих, Вена-Гамбург. Екінші классты ұйықтау вагонының 2,3,4,6 орындық «Еуронайт» купелері клиенттер үшін қосымша ақысыз минералды су, таңғы ас, аяқ-киім тазалау үшін құралдар беріледі. Бірінші класстың 1,2 орындық купелерінде жолаушыларды қарсы алуды персонал ұйымдастырып, жүктерді тиеуге көмектеседі. Олардың қызметіне- ағылшындық таңеретеңгі ас және дәретхана наборы ұсынылады. «Еуронайт» формуласы өзінің таралуын 1993 жылдың күзінен бастады. Ол 4 негізгі магистральдарда- Париж, Флоренция, Милан, Рим мен Венеция арасында, сонымен қатар Испандық байланыстарда Мадрид-Париж, Барселона-Цюрих жүзеге асырылады. 1993 жылдың маусымында «Аккор» жаңа түнгі поезді Ницца-Венеция трассасы бойынша жүруді ашты. Осы жолда «Еуронайт» формуласы 1994 жылы енгізілді. Компания басқармасының пікірі бойынша «Еуронайт» формуласы бойынша қызмет етуге байланысты темір жолда жолаушылар саны көбеюі байқалды.
Францияда 30-ға жуық кіші темір жолдар қызмет етеді. Олар Францияның ұлттық қоғамына кіреді. Соңғы кезге дейін темір жол туризмі осы туризм түрін сүйюшілердің энтузиазмы негізінде өмір сұрді. Бірақ осы жолдардың әрі қарай қызмет етуі оларды мамандандыру мен коммерциялизацияны жүзеге асыру жағдайында ғана іске асырылады. Оны Швейцария мен Испанияның тәжірибесі дәлелдейді.
Темір жолдардың кіші түрлері географиялық орналасудың ерекше әртүрлігі, колеяның еніне, тартудың түріне, приводтық жүйесіне, жұмыстың маусымдылығына қарай сипатталады. Сонымен қатар оларға тарихи инфрақұрылымды және жылжымалы составты пайдалану тән. Бір жағынан техникалық құралдардың ұлкен жасы жолаушыларды тартудың қосымша құралы болып табылады. Бірақ, екінші жағынан қарағанда поездардың қауіпсіз жүруін қамтамассыз ететін шаруашылықты жұмыс жағдайында сақтауға көп қаражатты талап етеді. Кіші темір жолдарда туристік саяхат жасайтын жолаушылардың санының өсуінің тенденциясы байқалып отыр. Бірақ қосымша бөлшектер мен материалдарды ұстау қауіпсіздік пен сенімділікке талаптардың қаталдануы кіші темір жолдардың өмір сүру мәселесін қиындатады. Олар кейбіреулері ғана рентабельді жұмыс істейді. Сондықтан кіші темір жолдарды регионалды әкімшіліктер немесе SNCF құрамына беру жоспарлануда. Осындай жағдай оларды туризмнің жалпы мемелекеттік жүйесіне интеграцияға кіруге, маркетингтік эффективті жүргізуге, басқарудың сапасын көтеруге мүмкіншілік береді.
Төменде кейбір кіші темір жолдар туралы қысқаша мәлімет берілген.
Сен-Жерве-Валлорсин (Альпіде). Осы байланыстың метрлік кллеясының ұзындығы 37 шақырым. 2002 жылы осы байланыс бойынша 600 мың жолаушы өтті. Жылжымалы состав-3 вагондық Z 800 сериялы дизельді поездар. 1997 жылдан бастап байланыс SNCF дирекциясы құрамына кіреді және регионның біріңғай тарифтік саясаты шеңберінде қызмет етеді.
Вильфранш-Ла-Тур-де-Кароль (Шығыс Периней). Метрлік коллеяның ұзындығы 62,5 шақырым. Тасымалдаудың максимальді көлемі (250 мың жолаушы) 1989 жылы болды. Осыдан кейін көлемі осы сызықта жүрген «Сары поезд» байланыстың талапқа сай жиілігін қамтамассыз етпеуінен азайды. Тасымалдауды жандандыруға әсер ететін жылжымалы составты жаңарту жоспарлануда.
Сен-Жан-дю-Гар-Андюз (Севеннада). Кәдімгі коллеяның сызығының ұзындығы 13,2 шақырым және ол туристік мезгіл барысында қызмет етеді. 2002 жылы осы сызық бойынша 250 мың жолаушы жұріп өтті. Жылжымалы состав паркісі 3 паровоз, 1 тепловоз, 1 автомотриса мен жолаушылар вагондарынан құралған.
Сан-Валери-Ле-Кротуа (Сома өзенінің сағасы бойына) метрлік коллея сызығының ұзындығы 27 шақырым. Ол бойынша 2002 жылы 100 мың жолаушы өтті. Поездарды жүргізу үшін 4 паровоз қолданылады. Осы сызық рентабельді жұмыс істеуде. Оның себебі ол курортты ауданының қасында орналасқан. Осы курортты ауданға Франция мен Бельгиядан туристер көп келеді.
Турнон-Ламастр (Ронаның оң жақ жағалауы). Метрлік коллеяның сызығының ұзындығы 33 шақырым. Соңғы 20 жыл ішінде тасымалдау көлемі жылына 80 мың жолаушы деңгейінде қалып отыр. Олардың 15% германия мен АҚШ-тан келеді. Жылжымалы сотав паркісі 7 паровоз, 109 вагоннан құралған. Туристік тасымалдаулармен айналысады.
Шығыс Еуропа бойынша жаңа тур Union of South Africa 1937 жылы бумен жүретін локомотив көмегімен іске асты. Ұлыбритания осы локомотивті Шығыс Еуропа бойынша жаңа турды ұйымдастыру үшін пайдалануға берді. 2001 жылдың қыркүйегінде ең алғашқы «The Imperial Scot» атымен белгілі темір жол туры өткізілді. Круиз бұрынғы Габсбург династиясының жерлері бойынша –Чехия, Словакия, Венгрия, Словения, Австрия өтті. Union of South Africa тартқан состав бірінші класстың он вагонына құралды. Үлкен шолу терезесі бар комфортабельді жолаушы вагондары жұмсақ креслолармен жабдықталған. Вагон-Ресторанда бар жұмыс істейді. Темір жол круизіне билеттің бағасы жоғары.
Шетелдегі темір жол тасымалдаудың ерекшелігі болып чартерлік поездарды кең қолдану табылады. Мысалы: Ұлыбританияда чартерлік поездардың ішінен ең әйгілі болып болельщиктерді спорттық мекемелерге немесе демалушыларды теңізге қарай апару поездары табылады.
Чартерлік рейстер үшін жиі модификацияланған жылжымалы составтар қолданылады. Оларға: диско-бар, кинозал, конференц-зал, т.б. вагондары жатады.
Қорыта айтқанда әлемнің темір жолдарында жоғары жылдамдықты қозғалыстың дамуына байланысты темір жол әуе тасымалдауларға бәсекелестік туғызады. Яғни темір жол келешекте көліктің ең қауіпсіз және жылдам түріне де айналуы мүмкін
Қолданылған әдебиеттер:
- Ердаулетов С.Р. География туризма.- Алматы, 2000.
- Тынчерова З.В., Ягофаров Г.ф. Основы планирования туристской деятельности.- Алматы,
- Транспорт Республики Казахстан. Статистический сборник / под 2003.
- Осипова О.Я. транспортное обслуживание туристов.- М., 2004.редакцией А. Смаилова/ Агенство Республики Казахстан по статистике.- Алматы,2002.
5. Қазақстан”, Ұлттық энциклопедия, 1-том, - Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 1998
6. Аверьянов Е.К. Реклама туристских маршрутов и услуг.- М., ЦРИБ «Турист», 1987
7. Авчинкин Д.В. Международные перевозки.- Минск, 1999.
8. Биржаков М.Б., Никифоров В.И. Индустрия туризма: перевозки.- СПб., 2001.
- Буравлев Ю.В., Павлова Е.И. Безопасность жизнедеятельности на транспорте.- М., 1999.
Жарияланған-2014-02-09 09:38:02 Қаралды-4416
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина