ЖҮЗІМДІКТІ ОТЫРҒЫЗУ
1. Жүзімдікті отырғызатын орынды таңдау.
2. Жүзімнің сорттарын таңдау.
3. Жүзімнің сорттарын орналастыру.
4. Жүзім көшеттерін отырғызу үшін топырақты дайындау.
5. Жүзім көшеттерін отырғызу.
1. Жүзімдікті отырғызатын орынды таңдау.
Жүзімдіктің аумағын ұйымдастыру жүзімнің өнімділігіне, өнімнің сапасы мен өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Орын таңдау кезінде жер бедеріне, климат жағдайларына баға беріледі. Бұл кезде ірі су көздерінің, таудың, елді мекеннің орналасуы, жолдың, темір жол стансаларының орналасқан жерлері, бәрі ескеріледі.
Жер бедерін бағалау - жүзім өсімдіктерінің өсуі мен өнімділігіне көп әсерін тигізеді. Ол өсімдік тіршілігінің басқа факторларын қайта бөлетін фактор болып табылады. Мысалы, беткейдің экспозияциясына байланысты температура көрсеткіштері, ауа мен топырақтың ылғалдылығы, жарық жағдайы және топырақ құнарлылығы өзгереді.
Тегістік - жүзімдік отырғызу үшін қолайлы тегіс учаскелер, техника пайдалануға ыңғайлы. Мұнда топырақ факторлары мен ылғалдану жағдайлары біркелкі. Тегістікке суару жүйесін салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процесстері де онша емес. Алайда, ауа дренажы нашар, үсік қаупі көбірек.
Беткейлер онша тік болмаған жағдайда (5-12°) жүзімдік үшін қолайлы орын. Ауа дренажы тәуір, жарық та жақсы түседі. Дегенмен беткейлерде топырақ көбірек құрғайды. Бұл жерлерде ауа және топырақ температуралары күрт ауытқиды, топырақ беті нашар жетіледі және топырақ су эрозиясына көбірек ұрынады. Жер бедері тегіс емес учаскелерінен жүзім отырғызу үшін орын таңдағанда беткейлердің экспозициясы мен тіктігі, сондай-ақ сол жердің теңіз деңгейінен жалпы биіктігі ескеріледі. Сонымен бірге, беткейдің үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінің табиғи жағдайларының айырмашылығын ескеру керек.
Экспозиция дегеніміз беткейдің жарық жаққа бағыты, яғни солтүстікке, оңтүстікке, батысқа немесе шығысқа, оңтүстік бағыттағы беткейлер (оңтүстік, оңтүстік-батыс,оңтүстік-шығыс) анағүрлым жылырақ және құрғақтау. Солтүстік және солтүстік бағыттағы беткейлер - салқындау, топырағы бай, ауа температурасы күрт өзгере қоймайды және ең маңыздысы, қыстыгүні мұнда қар мол жиналады.
Климат жағдайларын бағалау. Мұнда басты назар мынандай көрсеткіштерге аударылады: орташа тәуліктік температура көлемі және олардың ауытқуы, орташа және абсолютті аз температура, көктемгі суық, жауын-шашын мөлшері және оларды жыл 12 айға бөлу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, зиянды желдің күші мен бағыты. Сондай-ақ назарға тек ауданның (аймақтың) ғана климат жағдайы емес, сонымен бірге, жүзім отырғызуға бөлінген учаскенің микроклиматы да алынады.
Топырақты бағалау - жүзім көшеттері топырақ сортаңдығына кірпияз келеді. Топырақ ертіндісіндегі 0,4% тұз концентрациясы өсімдікке жайсыз тиеді, ал 1,2% болса жүзімдік жойылады. Жүзімдік үшін ауыр сазды, тасты, құмды және сортаң топырақтар жарамайды. Жүзім өсімдіктері қара, қызғылт және сұр топырақтарда сондай-ақ орман топырақтарында жақсы өседі. Тамыр жайылатын қабат жеткілікті тереңдікте 1-1,2 м болуға тиіс. Ол ыза суларымен, тығыз саздармен, ұсақ тасты қабаттарымен т.б. шектелуі мүмкін.
2. Жүзімнің сорттарын таңдау.
Жүзімнің 2 мыңнан астам асханалық және техникалық сорттары белгілі, оның ішінде біздің мемлекетімізде 100 астамы өсіріледі. Жүзімдікті сол аумақта аудандастырылған сорттарымен егеді. Сорттарды таңдаған кездінде шаруашылық немесе ауданның жүзім шаруашылығындағы бағыттарды басшылыққа алады. Егерде жүзім алкоголсіз өнімге өнделсе сорттарды сол өнімнің сапасы талаптарына сай таңдайды. Кептіру үшін тұқымы жоқ, қышқылы аз, қанты көп сорттарды таңдайды. Жүзімнің шырынын алу үшін қош иісті, орташа қанттылығы және жоғары қышқылдығы бар сорттар қолайлы. Шарап өндіру үшін шараптың таңбасына сай жүзімнің сорттарын отырғызады. Қала маңында және курорт аймақтарында егіс көлемінің 50% дейін әртүрлі мерзімде пісетін асханалық сорттарға (ерте, орташа, кеш) беріледі.
Сондай-ақ, сорттарды таңдағанда шаруашылықта қабылданған бұтаны қалыптастыру және қырқу жүйесін, гүлдену биологиясын, жидектері өсіп жатқандағы жүзімнің суға реакциясын ескереді. Егістіктерде сорттың мөлшерін жоспарлағанда ол бір түгел торда немесе жүзімдік бөлтегінде орын алу керек. Келешекте бұл қырқу, жасыл отаударды, ауру және зиянкестермен күресуде, өнім жинау сияқты көп жұмыстарды жеңілдетеді. Таза егістіктерде бұталар бір-бірін кемірек езеді, көбірек тұрақты өнім береді, жүзімді керекті ара қатынаста шарап зауыттарына жеңіл жеткізеді (шырын купаждау). Тек функционалды аналық гүлдері бар сорттарды («Чауш», «Мадлен Анжевин», «Нимранг») алмасып тозаңдану үшін аралас отырғызуды қамтамасыз ету керек (мысалы, екі қатар сорт «Чауш», бір қатар «Саперави»).
3. Жүзімнің сорттарын орналастыру.
Қазіргі жүзім шаруашылығында механикаландыруды есепке алып шпалерлі-қатарлап отырғызу қабылданған. Отырғызу тығыздығы өсімдіктердің өсу күшімен, қалыптасыру ерекшеліктерімен, топырақтың деңгейжиекте тамырлардың таралу дәрежесімен анықталады. Тамыр жүйесінің диаметріне және екі көрші бұталардың тамыр жүйелерін (30% дейін) ұйғарынды шегіне байланысты қоректену алаңы орташа бойлы сорттарға 2,5-3 м2, қүшті бойлыларға - 3,5-5 м2 құрайды. Осыдан, қатарда өсімдіктердің арасындағы арақашықтығы -1,25; 1,50; 1,75, ал қатар арасында - 2; 2,5; 3 м және ұзындінді қалыптастыруда 3,5 м. Жүзім шаруашылығының жабынды аймағында, оңтүстікке қарағанда, бұталарды бірнеше еркін орналастырады, себебі өсімдіктерді көму үшін қатараралықтағы топырақты қолданады.
Сорт таңдау да жүзімдік типіне байланысты. Интенсивті жүзімдіктер үшін сорттар тез пісетін, жүйелі түрде жеміс беретін, суаруға және тыңайтқыш енгізуге бейім, күрделі шырпуды керек етпейтін және механизммен күтуге мүмкіндік беретіндей болу керек.
Түркістан облысы бойынша тұтынуға және сыртқа шығаруға арналған асханалық сорттар: «Гузаль кара», «Жемчуг Саба», «Кишмиш белый», «Кишмиш черный», «Кызыл тан», «Мускат александрийский», «Мускат венгерский», «Нимранг», «Октябрьский», «Ранний ВИРа», «Тайфи розовый», «Тербаш», «Хусаине белый».
Шампан-шарап өнімдерін, асхана шараптарын, коньяк және шырындар өндіру үшін өсірілетін техникалық сорттар: «Алиготе», «Баян ширей», «Каберне фран», «Кульджинский», «Матраса», «Мускат розовый», «Мускат фиолетовый», «Пино черный», «Рислинг», «Ркацители», «Рубиновый», «Саперави».
4. Жүзім көшеттерін отырғызу үшін топырақты дайындау.
Учаскелерді жүзімдерді отырғызу үшін дайындауға ағаштар мен бұталарды қопарып, алып тастау, тастарды жинау, жер бетін тегістеу, топырақ пен топырақ астының тамыр жайылатын қабатын тереңдетіп жырту, суландыру шаралары, қышқыл топырақты әктеу, сілтілі топырақты гипстеу, ыза суы деңгейін түсіру секілді жұмыстар жатады.
Ағаштарды, бұталар мен тастарды алып тастауға Д-695, ДП-8А тамырымен жұлатын машиналары, КБ-4А, ДП-24 бұта кескіштері, К-1 тамырымен жұлғыш мала, К-3 аспалы бұта тырмасы, ал тас және түбірлер тасып шығару үшін ГПС-2М және ПВК-5,0 өздігінен түсіретін тіркемелер пайдаланылады.
Учаскені тегістеу жұмыстары жеңіл, орташа және күрделі деп бөлінеді. Жеңіл тегістеуге П-4, ПА-3 тегістегіштері, қолданылады, орташа тегістеу кезінде төбешіктерді жазу және 1-1,5 м ойпаңдарды түзету үшін бульдозерлер мен скреперлер пайдаланылады.
Күрделі тегістеу ауыр техникалармен - бульдозерлермен (439А, Д-694), скреперлермен (Д-374, Д-541) және грейдерлермен (Д-20Б, Б-247М) атқарылады. Орташа және күрделі тегістеу кезіндегі ең қажетті жұмыстың бірі -қарашірікті қабатты бір жерге үйіп алу. Барлық учаске тегістелінген соң, әлгі үйіндідегі қарашірік бүкіл учаскенің бетіне жайылады.
Беткейлерде учаскелерді дайындаудың ең қолайлысы - текшелер жасау. Текшелер аралығында ені 0,5-1,0 м тың алап қалдырылады. Текшелердің орынды ұзындығы 200-300 м. Әрбір текшелердің техника кіріп-шығатын сенімді жолы болуға тиіс.
Топыракты мәденилендіру. Учаскені әбден тегістелген соң жыртады, көпжылдық шөптер (жоңышқа астық тұқымдас шөптермен аралас) егеді. Топырақ 50-60 сантиметрге дейінгі тереңдікте (егер топырақ пен топырақ асты жарайтын болса) тереңдетіліп жыртылады. Ондай жырту үшін өнеркәсіп орындары ППН-40 маркалы соқа шығаруда. Ол соқалар ДТ-75, Т-75 және ДТ-54А тракторларына тіркеледі. Ал күшейтілген плантажды соқа ППУ-50А ауыр топырақтарды жыртуға арналған. Егер де топырақ жағдайлары мұндай жыртуға жарамсыз болып келсе, әдеттегідей 20-30 см тереңдікте ғана жыртылады. Бірақ осы тереңдікті топырақ тереңдеткішпен қосымша қопсытылады. Тастақты немесе ауыр саздың тығыз қабаты жақын жатқан жерлер Р-80 терең қопсытқышымен жыртылады.
Жүзімдік көктемде отырғызылатын болса плантаж күзде, ал күзде отырғызылса, жаздың бірінші жартысында көтеріледі. Олар жалшалап жыртылады. Себебі жалшалар қарықтарға қарағанда оңай тегістеледі. Жалпы плантажды айдаған соң бірден тегістеу керек.
Жүзімдіктегі топырақ дұрыс өңделмесе жүзімнің сабақтары өсу қуатын сақтай алмайды және жыл сайын жақсы өнім алынбайды. Жүзімдіктегі топырақты жыл сайын өңдеп отырудың арқасында бірқатар мәселелер шешімін табады: топырақтағы ылғалдылықты сақтауға және оны жинаудың жағдайы жақсарады; тамырға ауаның дұрыс өтуі қамтамасыз етіледі және топырақтан көмірқышқылының бөлінуі жеңілдейді, бұлар тамыр тыныс алғанда түзіледі; топырақ микроорганизмнің пайдалы жұмыстарына қолайлы жағдай жасалады және тыңайтқыш салуға дайындау; жүзімдіктегі арам шөптерді жояды, аурулармен және зиянкестермен күресуді жеңілдетеді. Көптеген аудандарда жүзімдіктегі топырақ өңдеу системасы қара пар жырту кезіндегі жағдайына қарай жасалады.
Жүзімдіктегі топырақты өңдеу системасының күзде және көктем-жазғы жұмыстарына мына негізгі тәсілдері кіреді:
- топырақты, топырақ қабатын аудара отырып тереңдетіп айдау (жырту);
- топырақ пластын аудармастан онша терең етпей өңдеу (культивация немесе сановка);
- топырақтың бетін қопсыту (тырмалау);
- плантажды жақсартып отыру мақсатында топырақты мерзімдік тереңдетіп – қопсытып отыру.
ПРВН-2,5А машинасы жүзімдіктегі жалпақтығы 2,5м болатын қатар аралықтарын өңдеу жұмысына арналған, ол Т-50В>КД-35 және ДТ-54А, Т-74, ДТ-75 тракторларына тіркеледі, бұлар гидрожүйемен жабдықталған болады. Осы машиналардың көмегімен, жұмысшы қолын ауыстыра отырып 6-12 см топырақ қабатын культивациялауға және 30 см тереңдікті жаппай қопсытуға болады және суғару, отырғызу атыздарын жасайды, топырақты бір мезетте 30 см тереңдікке дейін жыртып тастайды. Ыңғайлы жағдайды пайдалана отырып плантажды жақсартып отыруға да болады (үш қатарлы етіп тереңдетіп айдау) 55 см тереңдетіп жырту, сөйтіп оған тыңайтқыш шашуға болады, жерді қопсытады және плантаж жаңарады. Қатарлардағы топырақтың бірқатар бөліктерін өңдеу; көшнттнр қазып алу: ПРВН-2,5 машинасының көмегімен жүзімнің бұтақтарын жауып тастауға да болады. Сондықтан, бұл машинаның жұмыс органдарының қатарына арнаулы соқа корпустері де кіреді. Сонымен қатар, тұтынушының талабына сәйкес арнаулы төлем төленсе жүзім бұтақтарын ашып береді, оның сабақтарын дұрыстап көмуге дайындап береді.
Топырақты күзде өңдеу. Түркістан облысының Сайрам ауданының аридтық климат жағдайында, жаз кезіндегі топырақтың күшті тығыздалуына байланысты өнімді жинап ала салысымен 18-30 см терең етіп жаппай қопсытып тастайды. Жүзімді орап қоймайтын аудандарда топырақтың жағдайына қарай бұл жұмысты қатар аралықтарын жырту кезінде орындайды. Егінді жинап алғаннан кейінгі жасалған қопсыту арамшөптамуына тежеу болады, күзгі жауын-шашынның топыраққа толық жиналуына және топырақты өңдеуді сапалы түрде арындауға мүмкіндік береді. Оңтүстік аудандарда және жүзімдіктің орташа жолағында, жүзімнің тамыр жүйесі тереңде дамыса, күздік айдауды 20-28 см тереңдікте жүргізген дұрыс болады.
Солтүстікке жақын аудандарда жүзімнің тамыры жердің бетіне жақын дамиды, бұл жерді 18-20 см тереңдетіп жыртуға болады. Айдалатын топырақ қабатында тығыздалған қабат пайда болмау үшін, жүзім жеміс байлай бастағаннан бастап, жүзім шаруашылығымен айналысатын аудандарда бірінші жылы жерді 20 см терең етіп жыртады, ал одан кейінгі 2-3 жылдары оны біртіндеп тереңдете бастайды. Бұл секілді топырақ өңдеуді 2-3 жылда қайталап отырады. Жүзімді қыста көміп қоятын аудандарда, күзде жерді айдағанда жүзімнің сабақтарын да көміп кетеді. Жүзімді күзде жапырақ түсіп болғаннан кейін көмген дұрыс болады, сол кезде бұталтарын кеседі, бірақ аяз басталғанша үлгеру қажет. Дегенмен, көптеген аймақтарда, суық ерте түсетін жерлерде (қазан айында температура 6-80С болса) жүзім бұтақтарын жасыл күйінде көміп қоюға тұра келеді, жүзім сабақтарын орап қоятын жағдай болмаған шаруашылықтарда ең алдымен күздегі жүзім сабақтарын кесу басталады, лозаларды аспалардан түсіріп оны жүзімдіктен жинайды және қатар бойынша ұзынынан реттеп жатқызады. Кесілген лозаларды оны жинау мәселесі механикаландырылған болуы тиіс. Жүзім өсіретін шаруашылықтарда ең алдымен жүзімді бүркейтін уақытта 6-10 адамнан құралған звено қолдарына кесетін қайшы, күрек алып шығып кесілген лозаларды шпалерлердеп түсіреді, оны қатар бойына ұзынынан топтап жинайды, сабақтарының ұшын топырақпен жауып қояды. Одан соң ПРВН-2,5 машинасын пайдалана отырып, топырақты жыртады әрі жүзімді де топырақпен жауып кетеді. Бұтақтарды жабу үшін 2 метрлік қатар аралықтарына жететіндей етіп көлденең брус орнатылады, жүзімді бүркейтін корпустардыңалдыңғы жағына топырақ қопсытатын табан орнатылады. Жалпақтығы 2,5 м болатын қатар аралықтарындағы жүзімді бүркеп кету үшін жабылатын корпус аралықтарын 16-30 мм-ге дейін ұлғайтады. Сонымен қатар, раманың ортасынан бастап көлденең брусқа екі мөлшерлік корпус орналастырылады: оң жағынан – оңға бұрылатын етіп, сол жағынан – солға бұрылатын етіп жасалады. Қажет болған жағдайда раманың алдына қосымша табандар арналастырылады. Агрегат жүріп өткенде бүркегіш корпустар қатарлардағы топырақты араластырады оны қатардың шетіне үйеді, бұл жерде биіктігі 25-30 см болатын бүркейтін иіндер жатады. Оның биіктігі 40 см-ге дейін жеткізу үшін оны агрегаттар жүзеге асырады, ол екі трактордан және күшті бүркегіш корпустардан тұрады, оны жұмысшылар өздері жасайды.
Көктемгі және жазғы топырақ өңдеу әдістері. Бұл жағдайда топырақтағы жиналған ылғал ұшып кетпеуі үшін және топырақтағы газ алмасу жақсы жүруі үшін жасайды. Сонымен қатар, бұл мерзімдердегі топырақты өңдеуден арамшөптермен жүйелі түрде күресуге мүмкіндік туады; бұл жағдайларды топырақты қопсыту арқылы жүзеге асырамыз.
Түркістан облысының Сайрам ауданында қыста жүзімді бүркеп қояды, көктемгі және жаздағы топырақты өңдеу жұмысы жүзім бұтақтарын кесуден басталады. Бұл жұмысты жүзім шаруашылығымен айналысатын оңтүстік аудандарда және ірі шаруашылықтарда, дипломдық жұмыстың далалық тәжірибесінде наурыз айының ортасында немесе аяғында бастайды. Одан сәл кешірек (сәуір айының басында) солтүстік аудандардағы жүзімдіктерді ашады. Бүркеп қойған үймектерді көктемде ашуды қолмен жүргізеді. Бұның нәтижесінде топырақтың айдаған бөлігі (10-20%) үймеден орталық қатарларға араласып кетті. Бұл жұмысты бір ізбен тырмалау арқылы орындайды. Тәжірибелік жүзімдікте қатар аралықтары 2,5м тырманың екі звеносын пайдаландық, ол соқаға бекітіледі. Далалық тәжірибе жасағанда көктемгі және жазғы мерзімдерде жүзімдікке 3-5 рет культивация жасалды. Ең соңғы культивацияны жүзім пісе бастағанда жасадық. Жаз кезінде топырақ қабаты тығыздалып қалмау үшін культивацияны жаздың басында 8-12 см етіп, жаздың соңында 6-10 см етіп жасадық. Культивацияны және топырақты қопсытуды ПРВН-2,5А машинасымен, бұтақ аралықтарын өңдеуді ПРВН-7200 агрегатымен жүзеге асырдық.
5. Жүзім көшеттерін отырғызу.
Жүзімді отырғызу – өте жауапты, еңбекті көп қажетсінетін, ұйымдастыру-күрделі жұмыс болып табылады. Оны арнайы дайындаған жұмысшылар жүргізеді. Жүзімдікті отырғызғанда бір жылдық көшеттерді АПВ-10-КА немесе ВПМ-2Г ДТ-75 тракторына агрегатталған гидромеханикалық машиналарды қолданғанда жақсы нәтижелерді алады.
Көшеттерді отырғызар алдында 1-2 тәулік бойы суда жібітеді, сосын діңінің жоғарғы түйінінен тамырларды түгел алып тастайды, төменгі екі түйінде тамырларын 10 см дейін қысқартады, өскіндерді де 1-2 немесе 2-4 бүршіктерді қалдырып кесіп тастайды. Артынан тамырларды балшық быламыққа малады. Көшеттерді арбаға жиыстырып қояды, жөке қаппен жауып, отырғызу орнына жеткізеді.
Таңбалау кезінде істелген белгілер бойынша, отырғызу агрегаты гидробұрғының көмегімен тереңдігі 60 см және диаметрі 10 см дейін саңылау жасалынады. Отырғызушы саңылаудың бүкіл тереңдігіне көшетті орналастырады, сосын оны отырғызғандағы керек деңгейге дейін тартады. Нәтижесінде, көшеттің тамырлары дұрыс жайға келіп топырақтың бөкпесінде қалады. Көшеттің айналасындағы топырақты аяқтармен таптайды, үстінгі бүршіктерге дейін құрғақ топырақпен төбешік қылып ұнтақтайды.
Отырғызу үшін көшеттерді ғана емес шеңберлеңген шыбықтарды немесе көктемде кесіп алған және суда жібітілген шыбықтарды пайдаланады. Шыбықтарды қол бұрғы астына, сүймен астына, шұнқырларға отырғызады; кейде сиректіктен құтылу үшін екі шыбықпен отырғызады.
Егістердің күтімі жасыл өркендерді топырақтың төбешіктерінен біртіндеп босатуында, көшеттердің айналасына шұнқырлар жасауда, өркен бермеген көшеттерді алып қосымша отырғызуда, суаруда, зиянкестер және аурулармен күресуде, катаровка жасауда қайта-қайта қопсыту және қатараралық культивациялардың көмегімен қорытылады.
Ұластыру жүзім шаруашылығында бірінші 2-3 жылда көшеттердің екпесінде тамырларын және ұламада балғын бұтақшаларды алып тастайды.
Жүзімнің жабынды аймақтарында бұталарды қысқа орайды. Екінші жылдың көктемінде көшеттерді қысқартады, келешекте бұтаның қаңқалық белағаштарын алу үшін. Қыста және көктемде жүзімдіктің 3 жылына қарай тұрақты тіректерді орнатады - шпалералар.
Жарияланған-2022-02-10 13:43:55 Қаралды-1270
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина