UF

БУРЖУАЗИЯ (франц. bourgeoisie көне лат. burgus - бекіністі қала) - жеке меншігінде өндіріс құрал-жабдығы бар, жалдамалы еңбекті қанау арқылы өмір сүретін, капиталистік қоғамның үстем табы. Буржуазия табысының көзі - жұмысшылардың ақысы төленбеген еңбегі жасаған капиталистер иемденетін қосымша құн.

Буржуазия феодалдық қоғамның қойнауында пайда болып, дами бастады. Қол өнердің, товар өндірісінің дамуы нәтижесінде қала халқы жіктеліп, олардан буржуазия элементтері бөлініп шықты. Буржуазия табы саудагерлерден, өсімқорлардан, дәулетті цех шеберлерінен, деревняның жоғарғы топтарынан, феодалдардан құралды. Өнеркәсіп пен сауданың дамуына қарай бірден-бірге молая түскен байлық пен ақша капиталын буржуазия иемденеді. Буржуазияның тап ретінде қалыптасуы капиталдың алғашқы қорлануы деп аталатын дәуірмен байланысты, мұнда халықтың қалың бұқарасы күн көріп отырған жерінен, құрал-сайманынан айрылады. Осы дәуірде өз басының еркі өзінде өндіріс құрал-жабдығынан айрылған, сондықтан да өзінің жұмыс күшін капиталистке сатуға мәжбүр болатын жалдамалы жұмысшылар құралады. Байлық, ақша капиталы буржуазияның қолына жинақталады.

Америка ашылып (1492), оны отарлау, Американы айналып Үндістанға өтетін теңіз жолының ашылуы (1498), отар елдермен сауда-саттықтың күшеюі жаңа туып келе жатқан буржуазияға кең өріс ашты. Цех өндірісі товарға деген сұранысты енді қанағаттандыра алмады. Қолөнер цехтарының орнын мануфактура, ал кейін Англияда 18 ғасырдың орта шенінде басталып, Европа мен Солтүстік Америкаға тараған өнеркәсіптік төңкерістің нәтижесінде ірі машина өнеркәсібі басты. Тарих майданына Буржуазияға антагонистік қарама-қарсы, оның көрін қазушы жаңа тап - пролетариат шықты (Таптар және Тап куресі).

Капиталистік өндірістің дамуы (Капитализм)Буржуазияға феодалдардың саяси үстемдігін жоюды қажет етті. Батыс Европа мен Солтүстік Америкада 16-18 ғасырларда, басқа бірқатар елдерде онан кейінірек болған буржуазия және буржуазия-демократатиялық революциялардың нәтижесінде буржуазия өкімет басына келді.

Феодализмге қарсы күрестебуржуазия тарихи прогрестік роль атқарды. Оның басшылығымен феодалдық қатынастардың үстемдігі жойылды, өндіргіш күштердің тезірек дамуына жағдай жасалды, ғылым мен техниканың дамуына мүмкіндік ашты. Ұсақ өндірістің бытыраңқылығы жойылды, еңбек қоғамдастырылып, оның өнімділігі артты. Өнеркәсіптің дамуына қарай буржуазия деревняны қаланың үстемдігіне бағындырды, ұлттық рынок құрып, жер шарының барлық бөліктерін экономикалық жағынан бір рынокқа біріктірді. Буржуазиялық революцияларда буржуазия бостандык, теңдік және туысқандық ұрандарын көтерді. Бірақ халық бұқарасының күшімен мемлекеттік өкіметті жеңіп алғаннан кейін, оған опасыздық жасап, бұл ұрандарды қанау бостандығының ұрандарына айналдырды. Капиталды жұмсау саласына қарай буржуазия өнеркәсіп, сауда, банк, ауыл шаруашылықбуржуазиясы болып бөлінді. Жеке капиталистер және буржуазияның басқа да топтары қосымша құнды бөлісу үшін өзара күрес жүргізді, ал пролетариатқа, еңбекшілерге оларбір тұтас қанаушылар тобы болып қарсы шықты.

Капитализмнің дамуымен өндірістің қоғамдық сипаты мен иемденудің жеке меншіктік формасы арасындағы қайшылық шиеленісе түсті. Капитал мен өндірістің шоғырлану және орталықтану процесінің негізінде еркін бәсеке 20 ғасырдың басында монополияға айналды. Буржуазия қоғамның үстем табы ретінде монополиялық буржуазияқалыптасты (Империализм). Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы ұсақ, орташа және ірі капиталистердің біразын күйзеліске ұшыратады (Ұсақ буржуазия). Капитализмнің дамуына, әсіресе оның империализм сатысына ұласуына байланысты буржуазияның тарихи ролі түбірінен өзгереді. Ол енді қоғамдық прогрестің кедергісіне айналады. Монополиялық буржуазияның жоғарғы тобы - финанс олигархиясы - ұлттық байлықтың басым бөлігін бақылауға мүмкіндік алады. Халықтың 1%-і болатын ірі капиталистер АҚШ-тағы барлық капиталдың 59%-ін, Англияда 56%-ін бақылайды.

Финанс олигархиясының үстемдігі монополиялық капитализмнің мемлекеттік-монополиялық капитализмгеұласуымен мейлінше күшейеді. Олар мемлекеттік бюджет қаржысының едәуір бөлігіне бақылау жасауға мүмкіндік алады. Монополиялық капитал капиталистіккәсіпорындарды басқарушылардын ерекше әлеуметтік тобы -менеджерлерді тудырады. Буржуазияның реакцияшыл ролі, әсіресе, мемлекеттік-монополиялың капитализм тұсында айқын көрінеді, ол «монополиялардың күшін мемлекеттін күшімен бірыңғай құрал етіп біріктіріп, монополияларды байыту, жұмысшы қозғалысы мен ұлт-азаттық күресін басын тастау, капиталистік құрылысты құтқарып қалу, агрессиялык соғыстар бастау мақсатына пайдаланады» (КПСС Программасы, А., 1961. 26-6.). Монополиялық буржуазия социалистік елдерге және ұлт-азаттық қозғалысына қарсы бағытталған агрессияшыл сырткы саясат, жұмысшы табының ереуіл қозғалысын және қалың бұқаранын демократияшыл қозғалысын аяусыз басып-жаншып отыратын реакцияшыл ішкі саясат жүргізеді.

Монополиялық буржуазияның басты саяси-идеялық қаруы -антикоммунизм. Рулық-тайпалық қатынастар, феодализм мен құлдық сарқыншақтары сақталған бірқатар елдерде ұлттық буржуазия әлі де белгілі прогресшіл роль атқаруы мүмкін. Мұны 1939-1945 жылдар 2-ші дүние жүзілік соғыстан кейін отарлық бұғауды үзіп, тәуелсіз даму жолына түскен және өзінің мемлекеттік суверенитеті мен экономикалық дербестігін нығайту үшін күрес жүргізіп жатқан Азия және Африка елдерінің тарихи даму тәжірибесі көрсетіп отыр. Кейбір дамып келе жатқан елдерде ұлттық буржуазия саяси өкімет пен тиісті экономикалық артықшылықтарга ие болған үстем тапқа айналды. Мемлекеттік өкіметке сүйене отырып, олар дүние жүзілік капиталистік шаруашылық шеңберінде және ішкі рынокта өзінің таптық және ұлттық мүддесін халықаралық монополиялық капиталға қарама-қарсы қояды. Империалистік монополиялардың жаңа отаршылдық тіміскілеулеріне жол бермеу үшін белгілі қадам жасағанымен, ұлттық буржуазия өзінің таптық үстемдігін нығайту жолындағы күресте және экономикалық дамуда солардың көмегіне арқа сүйейді. Ұлттық буржуазияның таптық позициясының тұрақсыздығы олардың әлеуметтік бет-әлпетінің өзгеруіне және экономикалық жіктелуіне байланысты. Империализмнің жалпы әлсіреуі нәтижесінде кейбір елдерде буржуазиялық ұлттық кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік базасы тарылады. Империализм өз ықпалын сақтап қалған басқа елдерде, ұлттық буржуазия реакция күштерімен жымдасып кетеді (Компрадор буржуазиясы).

Россияда крепостнойлық правоның тарихи ұзақ уақытқа созылуы буржуазияның, әсіресе, ірі өнеркәсіп буржуазиясының қалыптасуын едәуір баяулатты. Капитализмнің дамуымен буржуазияның құралуының алғы шарттары мұнда 17 ғасырда пайда болды. Бұл кездеБүкіл россиялық рынок құрылды. Қалалардың саны көбейді, алғашқы мануфактуралар құрыла бастады. Россияда капиталистік мануфактуралармен қатар крепостнойлық мануфактуралар едәуір орын алды. 1861 жылғы шаруа реформасы капитализмнің дамуына, буржуазияның өсуіне басты кедергі - крепостнойлық правоны жойды.

Реформа арзан жұмыс күшінің болуына жол ашты. Нағыз өнеркәсіпбуржуазия жетекші өнеркәсіп орталықтарында, әуелгі кезде көбіне жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында құрылды, өнеркәсіп монополиясымен қатар ірі банк бірлестіктері пайда болды. Банк капиталы өнеркәсіп капиталымен біте қайнасып, финанс капиталы құрылды. Ол Россияның экономикасында маңызды рольге ие болды. Россияның ірі буржуазиясы көп ұдтты еді. Оның құрамында Орыс буржуазиясынан басқа украин, армян, еврей, азербайжан және басқа ұлттардан шыққан буржуазия өкілдері болды.

Қазақстан экономикасының жалпы өркендеуі - товар өндірісінің орын алуы, сауданың ұлғаюы, жергілікті рыноктардың бүкіл россиялық рыноктың системасына қосылуы, өнеркәсіп орындарының өсуі, темір жолдардың салынуы, банкілердің құрылуы - қазақтың ұлт буржуазиясының туып, өрістеуіне жағдай жасады. 20 ғасырдың бас кезінде қазақ байларының бірқатарлары өздерінің шаруашылығын рыноктың талаптарына бейімдей отырып, товарлы мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де, саудамен де айналыса бастады. Қазақтың көсіпкер көпестері пайда болды, олар Россияның ірі фирмаларымен, банкілерімен коммерциялық операциялар жасасып отырды. Мәселен, Ақмоланың өнеркәсіпші көпесі, былғары зауыдының иесі Өзбеков былғары өндірумен қатар мата бакалея товарларымен көтерме сауда жасады. Мемлекеттік банкінің Варшавадағы конторы, Ташкенттегі бөлімшесі, тіпті Петербургтегі бөлімшесі, Лондон банкілері де Өзбековтың финанс операцияларын жүргізіп, вексельдерін есепке алып отырды. Екінші гильдия көпесі Ахметулла Ақбасовтың (Жетісу облысы) былғары және сабын қайнататын зауыдтарының жылдық айналымы он мыңдаған сомға жетті. Өзара кредит қоғамдарының, жәрмеңке комитеттерінің басқармаларында қазақ сауда-өсімқор буржуазиясының өкілдері мен кәсіпкерлер аз болған жоқ. Солардың ішінде ең ірілері, он мыңдаған сом жылдық айналымы болған екінші гильдия көпестері Бисекеев, Мірсалиев, Мусабеков, Балтабаев, Алмасбековтерді атап айтуға болады.

1917 жылы Ұлы социалистік революциясының барысында ірі монополиялық буржуазияның саяси өкіметі құлатылып, кейін экономикалық жағынан құртылды. Басқа қанаушы таптармен бірігіп буржуазия Совет өкіметіне жанталаса қарсылық көрсетті. Буржуазия-помещиктік контрреволюция елімізде Азамат соғысының өртін тұтандырды (Азамат соғысы және 1918-1920 жылдар соғыс интервенциясы).СССР-де социалистік қоғамның жеңісі қала мен деревняның ұсақ және орта буржуазиясын түпкілікті жойды.

Әдеб.: Маркс К., Энгельс Ф. Коммунистік партияның манифесі. Екі томдың таңд. шығ., 1-т.; Маркс К. Капитал. 1-3-томдар; сонікі, Жалдама еңбек және капитал. Маркс К., Энгельс Ф. Екі томдың таңд. шығ., 1-т.; сонікі, Буржуазия және контрреволюция, бұл да сонда; сонікі, Францияда 1848 жылдан 1850 жылға дейінгі тап күресі, бұл да сонда; Энгельс Ф. Положение рабочего класса в Англии, Маркс К. и Энгельс Ф. Соч., 2 изд., т. 2; его же, Революция и контрреволюция в Германии, там же, т. 8; Левин В. И. Рыноктар туралы дейтін мәселе жөнінде.Шығ., 1-т.; сонікі, Россияда капитализмнің дамуы, бұл да сонда, 3-т.; сонікі, Империализм - капитализмнің жоғарғы сатысы, бұл да сонда, 22-т.; сонікі, Коммунизмдегі «солшылдықтың» балалың ауруы, бұл да сонда, 31-т.; сонікі, Пролетарлық революция және ренегат Каутский, бұл да сонда, 28-т.; сонікі, «Солшыл» балалық туралы және ұсақ буржуазияшылдың туралы, бұл да сонда, 27-т.; КПСС Программасы, А., 1961; КПСС XXIV съезінің материалдары, А., 1971; Коммунистік және жұмысшы партияларының Москвадағы халыкаралық Кеңесі, Москва. 1969 ж., 5-17 июнь. А., 1969; Казақ ССР тарихы, 1-т., А., 1957; Международное революционное движение рабочего класса, 3 изд., М., 1966; Программные документы борьбы за мир, демократию и социализм, М., 1964; Гиндин И. Ф., Русская буржуазия в период капитализма, ее развитие и особенности, «История СССР», 1963, № 2-3.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-08-09 12:20:45     Қаралды-20175

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »