UF

АТЕИЗМ (грек. аtheos - құдайсыз деген ұғымды білдіреді) - дінді бекерге шығаратын, дүниені ғылым деректеріне сүйене отырып, материалистік тұрғыдан түсіндіретін бір тұтас көзқарас. Атеизмнің шығуы өндірістің, ғылымның және қоғамның, саяси өмірдің өсіп жетілуіне тығыз байланысты. Атеизмнді дін қағидаларын толық мойындамай, оған өзінше түсінік бергісі келген еркін ойшылдардан, дінге немқұрайды қарайтындардан айыра білу керек. Бұлар дінге сенбейтін құдайсыздар болмаса да, кезінде дін басыларының қаһарына ұшырап, қуғын көрді, тіпті ауыр жазаға да ұшырады. Мыс., ислам дінінің бастапқы шыққан кезіндегі мутазилиттерді алуға болады (арабша мутазила - бөліну, өзгелену деген сөз). Мутазилиттер адам өз іс-әрекетіне өзі ерікті болса ғана өз істеген ісіне құдай алдында жауапты бола алады, құран құдайдан келген жоқ, адам қолынан шыққан кітап деп дәлелдеді. Мұны ғылымға көп қамқорлық жасаған халиф әл-Мамун(786-833) жақтады, ол 827 жылы құранды дұрыс түсіне білу керек деген бұйрық беріп, мутазилиттерді қолдады. Бірақ көп ұзамай өл-Мамунның мұрагерлері ислам дінінің бұрынғы догмаларын қайта орнында қалдырып, мутазилиттердің кітаптарын өртеді, өздерін қуғынға ұшыратты. Атеизмді пантеизм мен деизмнен де айыра білу керек. Пантеизм- құдай мен табиғатты бір деп қарайтын философиялық бағыт. Деизм өлемді құдай жаратқанымен, оның күнделікті табиғи болмысқа қатысы жоқ деп санайтын философиялық бағыт. 18 ғасырдағы ағылшын материализмі мен Россиядағы А. Н. Радищев дамытқан деизм атеизмге қарай жасалынған бірінші қадам болды. Сондықтан да Маркс пен Энгельс материалистер үшін деизм «...діннен құтылудың қолайлы және жеңіл әдісі ғана» деп, кезінде өте орынды айтқан болатын. Атеизм 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың бас кезінде Францияда философ-скептик Пъер Бейль(1647-1706) мен деревня священнигі Жан Мелье (1664-1729) арқылы жарыққа шықты. Бұдан кейін Атеизм Францияда кең өріс алып, тамырын терең жаяды. Вольтер, Дидро, Гельвеций, Гольбах есімдерімен тарихқа белгіліфранцуз атеизмі жалпы жер жүзіндегі атеистік ой-пікірдің үлкен белесі болып, марксизм-ленинизм классиктерінен жоғары баға алды. 19 ғасырдың орта шенінде атеистік ойды одан әрі дамытқан неміс философы, материалист Л. Фейербах болды. Ол діннің гносеологиялық тамырын жан-жақты зерітеп, оның идеализммен тығыз байланысты екендігін дәлелдеп берді. Бірақ Фейербах адам қоғамының даму жолында діни санаға өте үлкен орын беріп, ескі діннің орнына адам арасындағы сүйіспеншілікке негізделген «ізгі» жаңа дін жасамақшы болып көп әуреленді. Фейербахтың бұл кемшілігін Ф. Энгельс қатты сынады. Росcия жағдайында атеистік ойды мәдениетіі демократиялық бағытта өркендету үшін, оны халықтың бостандық жолындағы күресімен байланыстыра дамытып, жаңа сатыға көтерген орыс революционер-демократтары -Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Писарев т. б. Атеистік ой-пікірдің шығуы, даму жолы әр халықта әр түрлі сипатта болды. Бұл - қоғамдық зандылық. Атезимнің қазақ жерінде өрістет жайы мынадай. Ислам діні тарағанға дейін қазақ қауымының тұрмыс-салтына сай «қара дүрсін» діні болған; оны ғылымда «шаманизм» деп аталды. Шаманизмді ислам діні қанша күш салса да жеңе алмады. «Мұсылман діні молдасы жоқ, сауатсыз халық арасында орын тебе алмады, қайта «шаман дінінің көшпелі тұрмыс қалпымен тығыз байланысқан әдет-ғұрыптары, ұғымдары, аңыздары казақ арасында бүтіндей толық сақталып келеді...» деп Шоқан Уәлихановөткен ғасырдың ортасында тегін айтқан жоқты. Осы қос дінділіктің салдарынан қазақ арасында жалпы дінге селқос, немқұрайды қарайтындар, оның дұрыстығына күдіктенушілер аз болмаған. Сондықтан қазақ халқынкн рухани мәдениетін зерттеген оқымыстылар оны діндар емес, діни фанатизмнен аулақ халық деп есептейді Академик В. В. Бартольд «19 ғасырдын өзінде қазақтардың аты ғана мұсылман еді, олардың ислам әдет-ғұрпынан тіпті хабары жоқ-ты», - дейді. Қазактың бай ауыз әдебиетінде дін иелері - молда, ишан, қазірет, қожалар - «өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімті жерде молда семіреді» деген сияқты өткір сөздермен сыналады. Дін догмаларының дұрыстығына күмәнданыс, оған қарсы пікір таластыру да қазақ арасында аз болмайтын. Сондықтан қазақ халқының дін жөніндегі ой-пікірлерін жан-жақты үңіле, терең зерттеген Шоқан Уәлихановтың Атезимге бой ұрып, өз халқының рухани байлығын биік белеске көтеруі кездейсок нәрсе емес. Шоқан Ф. М. Достоевский жазған бір хатында «...мен құдайға сенбеймін, ал Мұхаммед менің жеке жауым» дейді. Ол мұсылман дінінің ғылым мен мәдениетке, прогресс жасаған қиянатын қатты сынайды. Самарқанның обсерваториясы мен кітапханаларын «татар вандализмі мен Бұхар инквизициясы рақымсыз талқандап жойды, олар діни білімнен басқа білімнің бәріне де лағнет айтты» дей келін, бір кезде мәдениет пен ғылымның ордасы болған Орта Азияның мұнша мешеулеп қалуы осы Мухамедтің мұрагерлері күшпен енгізген ислам дінінің салдары болар деп топшылайды. Бірақ Шоқанның Атеизмді мүлтіксіз еді деу жөнсіз. Марксизмге дейінгі басқа атеистер сияқты, қоғамның даму заңын білмегенін былай койғанда, ол кейбір шығармаларында христиан діні мәдениет әкелді, ол алғашқы кезде жақсы еді деген секілді сол дінге жылы лебіз білдіреді. Бұл әрине, ағат пікір еді. Ал, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сияқты қазақтың дарынды ойшылдарын алсақ, олардың бұл мәселе жөнінде басқарақ бағыт ұстағаны байқалады. Ыбырай материализмге бейім бағыт ұстаса, Абайдың пантеистік, рационалшыл ой иесі болғанын көреміз. Қараңғылықтың, надандықтың бұғауынан өз халқын білім, өнер үйрету арқылы босатпақшы болған ұлы ағартушы Алтынсарин дін мәселесіне келгенде, біраз толғану, іздену жолын ұстайды. Алтынсарин надандықты күшейте түсетін діни соқыр сенімге негізделген алданушылық пен ырымшылдық атаулыны қатты әшкерелейді, молдалар оқытып жүрген татар, араб, парсы тіліндегі діни кітаптардың түк білім бермейтінін сынайды. Адам ой-санасының өсіп жетілуі құдай ісі еместігін, ол тек оны өсіріп отырған ортаның, еңбектің, тәрбиенің жемісі екендігін жақсы біледі. «Бай мен жарлы баласы» деген қысқа әңгімесінде осы идеяны ол өте шебер дәлелдеп, өзінің сенсуалист-материалист екендігін танытады. Өз сүйіспеншілігі еңбекшілер жағында екендігін жасырмай, халқының келешегі де болар деп біліп, үстем тапты міней отырып, өзінің бұқарашыл, ағартушы екендігін білдіреді. Жүрт молдалардың ықпалымен балаларын жаңа мектепке бермей қоя ма деп күдіктенгендіктен бе, жоқ әлде «шоқынды», «кәпір болды» деген жалған лақапқа сеніп, өзінен қашықтап кете ме ден сескенді ме, Алтынсарин 80 жылдары «Шариат әл-ислам» атты кітапша жазады. Мұсылман дінінің міндетті шарттарын түсіндіре отырып, ол осы еңбегінде тәрбие, адамгершілік (мораль) мәселелерін көтереді. Бұл жерде Ыбырайда дінді құлай қорғайын деген ниет жоқ. Дін үстем тап идеологиясы болғандықтан, үлкен ғалым өзінің ізгі ағартушылық қызметіне діннің кедергі болмауын көздеп, Одан жеңіл құтылудың тәсілін іздейді. Сондықтан Алтынсарин үшін деизм принциптен гөрі әдіске, тәсілге жақын. Ал Абайдың көзқарасына келсек, ол құдай мен мұсылман дінін мойындайды. «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ... Құран рас, алланың сөзідүр ол» деп келеді (Шығ. толық жин., А., 1945, 215-б), Бірақ молдалар, қазіреттер ұстаған діни кітаптарда дәріптеліп жүрген тұрпайы ислам дінінАбай сол күйі қабылдамайды. Оны ақыл-ой елегінен өткізіп, тек керегіне жарайтынын ғана пайдаланғысы келеді. Өзі өмір сүріп отырған қоғамның мінін сынап, жұртты өлеңмен, терең де деректі нақыл сөзбен түзетпекші болған ұлы гуманист ақын өзінің ұсынғалы отырған ұстаздық, тәрбиелік принциптеріне дін қағидалары тура келмесе, оны мақұлдамай, сайып келгенде, жүгінетіні - құдай да, дін де емес, «сыншыл ақыл мен терең ой». Мыс., ислам діні мұсылман еместердің барлығы «кәпір», сондықтан оларды жау деп санап, тіпті оларды өлтірсең де күнәлы емессің десе, Абай оған қосылмай, «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өз принципін ұсынады. Мұның барлығы адамгершілік, мораль философиясында оның рационалшыл ойшыл екенін байқатады. Туған халқының күн көрісі негізінен малмен байланысты болғандықтан және оның өзі, көбінесе, жаратылыстың сан түрлі құбылысына тәуелді екендігін жақсы білетін Абай табиғаттың бұл жұмбақ сырына да көңіл бөліп, білгісі келеді. Өзінің көктемді еуреттеген «Жазғытұры» деген өлеңінде, күн лебіне көңілі тойған жер тоты құстай түрленіп, бүкіл жан-жануарды анасындай иіп емізеді, ал бұның өзі - тәңірдің төккен нұры, ол оны жаратылыс арқылы беріп отыр, сондықтан «Жаз жіберіп, жан берген қара жерге, Рахметіне алланың көңіл сенер» дейді (Шығыс толық жин., А., 1945, 114-6). Бұл жерде Абай жаратылыс пен құдайды бір, тең нәрсе деп «пантеизм» принципін ұстап отырғандығы байқалады. Жалпы тарихта рационалшыл ойшылдар «пантеизмге» бой ұрмай кеткен емес, Абайдың да жолы сол. Атеистік ой-пікірді Шоқаннан кейін жаңа тарихи жағдайда ашық жақтаған Султанмахмут Торайғыров болды. Ол дінге қарсы табанды да байсалды күресті. Бұл қазақ ойшылының дінді әшкерелеуде біраз өзіне тән өзгешеліктері бар. Торайғыров, В.И.Ленин айтқандай, дін еңбекші халықты «тұншықтыратын рухани удың бір түрі» деп біліп, оның қазақ даласындағы атқарып келген әлеуметтік ролін әр түрлі жағынан қарайды. «Дін иелері тек қанаушы таптардың насихатшылары ғана емес, олардың өздері де қанаушы» -дейді ақын. Олардың бұл жөніндегі айла-әдістерін асқан шеберлікпен әшкерелейді. Өзінің «Кедей», «Қамар сұлу» деген шығармаларында ақын діннің кертартпалық ролін, дін иелерінің жауыздығын батыл әшкерелейді. Ақын діннің мәні жағынан түкке тұрмайтын әлі схоластикаға негізделген қағидалардан тұратынын және оларды қарапайым адамның ақыл-ой парасатының деректерімен-ақ күл-талқан етуге болатынын айқындады. Бұл «Қамар сұлу» романында Қамар мен дін өкілінің айтысы арқылы жақсы көрсетілген. Марксизмге дейінгі Атезим қоғамның даму заңдылығын жете түсінбегендіктен, діннің пайда болу жолдарын анық аша алмай, оданқұтылудың да дұрыс жолын таба алмады. Тек Маркс пен Энгельс қана қоғамның даму заңын ғылми тұрғыдан ашып берді. Олар материализмді адам қоғамының даму жолын түсіндіруге пайдалана отырып, діннің шығу жолын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, одан түпкілікті құтылудың мүмкіншіліктерін көрсетті. Діннің шығу себебін, жаратылыстың дүлей күштерінің сырын, адамның надандықпен білмей, тек қорыққандығында ғана емес, оған жеке меншіктен туатын адам арасындағы теңсіздік келіп қосылуында. Адам қоғамы өсіп өркендеген сайын, оның мәдениеті де өсіп, ғылымның кеңірек дамып тарауына мүмкіншілік туатыны белгілі. Осы жолда діннің әлеуметтік, таптық тамыры нығая түседі. Сондықтан діннен құтылудың бірден-бір дұрыс жолы тап күресі екенін және тек революциялық арқылы ғана тапсыз қоғам орнатуға болатынын дәлелдеп, Маркс пен Энгельс ғылыми атеизмнің негізін салды. Діннің ғасырлар бойы халық санасын уландырып, оны қараңғылық, надандық бұғауында ұстаған кесірін Маркс кезінде апиынға теңеген болатын. В. И. Ленин Маркстің бұл тамаша теңеуін «Марксизмнің дін мәселесі жөніндегі бүкіл дүние танымның ірге тасы» деп бағалады. Сондықтан да дін өзінің тамырын терең жіберген үлкен рухани күш болғандықтан, онымен табанды, байсалды күрес керек. Сол себепті Маркс пен Энгельс бұл мәселенің теориялық жағымен қатар практикалық жағына да көп көңіл бөлді. Пролетарлық партиясының дін жөніндегі саясатын қалай құру керек, пролетарлық мемлекеті мен шіркеудің қатынасы қандай түрде болмақ, жалпы дінмен күресу тәсілдерін қалай ұйымдастыру керек екенін белгілеп берді. Маркс пен Энгельстің осы принциптерін дамыта отырып, В. И. Ленин дінге қарсы күрес пролетарлық партиясы үшін тап күресінің бөлінбейтін бір тұтас бөлігі екенін айтты, дінді «өркімнің жеке басының ісі» дейтін оппортунистердің пікірін дін туралы марксизм қағидасын бұрмалаудың белгісі деп бағалап, олармен қатты күресті. В. И. Лениннің «Социализм және дін», «Жұмысшы партиясының дінге көзқарасы туралы», «Жауынгер материализмнің маңызы туралы» деген еңбектері марксизмнің дін туралы теориясына қосқан үлкен үлесі болатын. Ұлы Октябрьлық революциясы мен социализм орнауының нәтижесінде СССР жер жүзіндегі тұңғыш жаппай атеистер елі болып, оның конституциясында Атезимді насихаттау правосы заң болып бекітілді. Совет Одағының Коммунистік партиясы Атезимді насихаттап, дін идеологиясымен күресу ісін елімізде социализм орнату, социализмнен бірте-бірте коммунизмге өту міндеттерімен байланыстырып, дәйекті түрде жүргізді. Қазір ғылым мен техника кең өріс алып, қарқынмен өсіп отырған кезде, атеистік насихаттың түрі өзгеруге тиіс. Сондықтан КПСС Орталық Комитеті «Халық ара-қателіктер туралы» деген қаулысында (1954 жылықараша) дінді ғылымға қарсы идеология деп түсіндіріп, онымен идеялық күресті ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерін кең пайдалану арқылы жүргізу қажет деп тауып, мұны совет халқының дүниеге ғылыми көзқарасын тәрбиелеудің үлкен міндеті етіп қойды. КПСС 22-съезі қабылдаған жаңа Программада дін сарқыншақтарын түпкілікті жою жолдары белгіленген болса, 24-съезд шешімдерінде бұл мақсат одан әрі анықталып, жалпы халықты коммунизм рухында тәрбиелеуге үлкен кедергі болып отырған адам санасындағы ескінің қалдығының бәріне және соның ішінде ең алдымен діни сенімге қарсы Күрес басты міндет етіп қойылды. Сөйтіп еңбекшілерді дін шырмауынан арылту мәселесі қазіргі заманның күн тәртібіндегі келелі мәселе болып отыр - ол коммунизм орнату жұмысымен тығыз байланысты. «Шын өмірдің діни көрінісі жалпы алғанда тек мына жағдайда ғана: адамдардың күнделікті практикалық өмірінің қатынастары олардың өз ара және табиғатпен байланыстарында айқын және ақылға сыйымды түрде көрінгенде ғана жойылады» (Маркс К., Энгельс Ф. Дін туралы, А., 1956, 109- 10-6.) дейді Маркс.

Әдеб.:Маркс К., Энгельс Ф.Дін туралы.-А., 1956; Ленин В.И. Дін туралы.-А.,1966; Уәлиханов Ш.Мақалалары мен хаттары.-А.,1949;Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығ. толық шин. -А.,1945; Алтынсарин Ы. Таңд. шығ. -А., 1955; Торайғыров С. Таңд. шығ. -А., 1957; Валиханов Ч. Ч. Избр. произв. А.-А., 1958.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-02 14:16:21     Қаралды-3608

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »