UF

АРАБ БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ - мұсылман қауымы басшылары мен халиф бастаған Арабия түбегіндегі тайпалардың 7-8 ғасырдағы жаугершілік жорықтары. Арабтың феодалданған ақсүйектерінің Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Батыс Европа елдерінде едәуір заман үстемдік етуімен аяқталды. Араб басқыншылығына себеп болған негізгі факторлар - алғашқы қауымдық (рулық) құрылыстың ыдырауы, таптық қоғамның қалыптасуы, Арабияның көшпелі халқы санының едәуір көбеюімен тұспа-тұс, бір мезгілде мемлекеттің құрылуы.

Араб басқыншылығы екі кезеңге бөлінеді. 1-кезеңі (7 ғасырдың 30-50 жылдары) 633 жылдың күзінде арабтардың тайпалық Жасақтарының 3 отряды (әрқайсысында 7.500 адам) Палестина мен Сирияға басып кіріп, оларды жаулап алды. 633-652 жылдары Иранды қаратып алды. 644-645 жылдары арабтар Үндістан шекарасына келді, 651 жылы Амудария жағасына жетіп, Мерв алабына орналасты да, Орта Азияға шабуыл бастады. 652-654 жылы Армения, Азербайжан, Грузияны қаратты. 639 жылы араб әскерлерінің бір бөлігі Египетті жаулауға кірісті. 640 жылы Фарама, Бильбайс т. б. қалаларды алып, Вавилонды қоршады. 641 жылы оны алды. 646 жылдың басында арабтар тіке шабуыл жасап, Александрияны Византиядан екінші рет алды. Солтүстік Африкада арабтардың атты әскерлері 642-643 жылдар Барку мен Триполитениядағы бербер тайпаларын бағындырды. 648 жылы арабтар Кипр аралын алды. Халифаттағы ішкі жағдайларға байланысты 7 ғасырдың 3-ширегінде арабтардың жорығы толастады да, 7 ғасырдың аяғында қайта басталды.

Араб басқыншылығының 2-кезеңі (7 ғасырдың аяғы - 8 ғасырдың 30 жылдары) Солтүстік Африканы жаулап алып, берберлерді ислам дініне енгізуден баеталды. 709 жылы арабтар Танжерге, Атлант жағасына жетті. 711 жылы қолбасшы Тарик ибн Саид бастаған әскер Пиреней түбегіне өтті. Ол вестготтардың әскерін қиратып, одан кейін Эсиха түбіндегі шайқаста тағы жеңіп, Кордов, Толедо, Малага, Эльвира т. б. қалаларды алды. 718 жылға дейін арабтар Пиреней түбегінің таулы облыстарынан (Галисия, Аустрия, Баскониядан) басқасын түгел өзіне каратты. 717-718 жылдар арабтар Галилияға кірді. Сөйтіп, 720 жылы Селтимания мен Нарбоннды бағындырды.

Шығыста арабтар жазықтағы Ауғанстанды бағындырып, 711-712 жылдар Төменгі Үнді өзені бойындағы Сиңд облысын, кейін Мултан қаласын алды. 705-715 жылдар арасында Кутайб ибн Муслим бастаған араб әскерлері Орта Азияның көп жерін жаулады. Жергілікті халық басқыншыларға қатты қарсылық көрсетті, бірақ хандар мен ірі феодалдар шапқыншыларға жәрдемдесті. 8 ғасырдын алғашқы ширегінде арабтар Закавказьені түгел алып, Дарьял аңғарына жетті.

7-10 ғасырда арабтар Византияға қарсы соғыс жүргізді. Аббас әулеті халифтерінің тұсында, 8 ғасырдың 2-жартысы мен 9 ғасырда араб жорықтары саябырлап, тек Орта Азияда ғана олар баяу алта жылжыды. Жергілікті халықтың азаттық қозғалысының нәтижесінде арабтардың үстемдігі Орта Азияда 8 ғасырдын 1-жартысында, Иранда 9 ғасырдың басында, Кавказда 9 ғасырдың 2-жартысында жойылды.

Әдеб.: Беляев В. А. Арабы, ислам и арабский халифат в раннее средневековьг 2 изд. -М., 1966; Медников Н. А. Палестина от завоевания ее арабами до крестовых походов. т. 1. -СПБ, 1903.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-07-01 16:48:21     Қаралды-2201

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »