UF

ОРГАНИЗМДЕРДІҢ КӨБЕЮ ФОРМАЛАРЫ

 

Организмдердің көбеюінің екі негізгі формалары белгілі: жынысты және жыныссыз көбею.

Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбеюге ата-енелік особьтардың біреуі ғана қатысады да, ол бөлінеді, бүршіктенеді немесе спора түзеді. Соның нәтижесінде тұқым қуалау белгісі жағынан ата-енелік особьқа ұксас екі немесе одан да көп аналық особьтар қалыптасады.

Жыныссыз көбею бактериялар мен көк-жасыл балдырларда кеңінен тараған. Оларда мейоз болмайды. Бұл прокариотикалық организмдерде жыныссыз көбею біршама қарапайым формада болады: олардың денесі екіге бөлінеді де содан екі жас особьтар түзіледі, бұлардың әрқайсысы өз алдына дербес организм болып шығады. Қарапайымдар (амебалар, эвгленалар, инфузориялар, споровиктер) бірклеткалы жасыл балдырлар екі немесе одан да көп бөліктерге бөліну арқылы көбейеді, олардың клеткалары митоз жолымен бөлінеді.

Ашытқы организмдер, гидралар, гидроидті және маржан полиптері мен басқа да бірқатар омыртқасыз жәндіктер бүршіктену арқылы көбейеді. Бүршіктену кезінде ата-енелік особь денесінің шағын бөлігі бөлінеді, бүршік пайда болады, яғни ол бүршіктеніп, өседі де жаңа особьқа айналады. Жалпақ құрттардың бірқатар түрлері, теңіз жұлдыздары денесінің бірнеше бөлікке бөлінуі арқылы көбейеді, ол бөліктердің әрқайсысы жетіспейтін мүшелерді қалпына келтіріп, аналық особьқа ұқсас тұтас организмге айналады.

Өсімдіктердің көпшілігі қалың қабықпен қапталған, сыртқы ортаның қолайсыз әсеріне төзімді гаплоидты клеткалар спораларының көмегімен жыныссыз көбейеді. Споралар көбінесе құрлықта өсетін өсімдіктерде болады. Балдырлар мен кейбір судатіршілік ететін саңырауқұлақтар талшықтарымен суда еркін жүзе алатын зооспоралары арқылы көбейеді. Ал құрлықта өсетін өсімдіктердің спорасы қозғалмайды, олар бір орыннан екінші орынға желмен, сумен, жануарлар арқылы ғана тарала алады.

Сурет – Тауық жұмыртқасының құрылысы

Сурет – Сүтқоректілік спермотозоидының құрылысы

 

Өсімдіктер арасына вегетативтік көбею кеңінен таралған, олардың сан алуан көбею формалары бар. Көптеген ағаштар мен бұталар сұлатпа бұтақтарымен (жүзім, жаңғақ, карақат, алхоры және т. б.) мұртшасымен (қойбүлдірген, жатаған сарғалдақ), тамыр атпаларымен (жапырақты және қылқанды ағаштар, көптеген шөптер), сондай-ақ өрбіндермен (ағаш тамыры мен түбірлерінде өсетің) көбейеді. Сол сияқты пиязшықтарымен (пияз, жауқазын т. б.), түйнектерімен (картоп), тамырсабақтарымен (жабайы өсетін көпжылдық шөптер, құртқашаш, жалбыз және т. б.) де вегетативті көбейеді. Ағаштар мен бұталар қаламшелер арқылы көбейе алады.

Сурет - Сперматозоидтар мен жұмыртқаклеткалардың даму схемасы

 

Өсімдіктің вегетативтік көбеюінің іс жүзінде маңызы аса зор, және жеміс шаруашылығында жеміс ағаштары мен жидек бұталарының барлық түрлерін өсіруде, көкөніс шаруашылығында, гүл, егін, орман шаруашылықтарында кеңінен қолданылады.

Жынысты көбею. Өсімдіктер мен жануарлардың жынысты көбеюіне екі особь - аталық және аналық особьтар қатысады да олардың әрқайсысының жыныс мүшелерінде жыныс клеткалары -гаметалар түзіледі. Аналық особь организмінде – жұмыртқаклетка 90 аталық особьтарда –сперматозоидтар түзіледі. Аталық және аналық гаметаларының қосылуынан зигота, екінші сөзбен айтқанда, ұрықтанған жұмыртқаклетка түзіледі де жаңа организм дами бастайды.

Жынысты көбеюдің биологиялық маңызы аса зор. Оның жыныссыз көбеюден артықшылығы - ол екі особьтың тұқым қуалау белгілерін қайтадан кұрастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан бұдан шыққан ұрпақ өзінің ата-енелерінің особьтарынан көрі өмірге бейімдірек болуы мүмкін. Жынысты көбею организмнің эволюциясында маңызды роль атқарады.

Жануарлардың жынысты көбеюі. Жануарлардың басым көпшілігі тек кана жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткаларының мөлшері мен пішіні омыртқасыздар мен омыртқалылардың әрбір түрінде әр қилы болады.

Жұмыртқаклегкалары көбінесе дөңгелек пішінді келеді және олардың цитоплазмасында қоректік зат қоры - сарыуыз болады. Жұмыртқаклеткалар қозғалмайды.

Омыртқалы жануарлардың көпшілігінде жұмыртқаклеткалар ұсақ болады. Мысалы, үйқоян жұмыртқаклеткасының диаметрі 0,2 мм шамасына тең. Балық, қосмекенділер, жорғалаушылар және құстардың жұмыртқаклеткалары ірі және сарыуызы көп. Құстардың жұмыртқаклеткаларының мөлшері өте үлкен. Зоология пәнінен құс жұмыртқасының құрылысын еске түсіріп көріңдер. Суреттен көрініп тұрғандай, құс жұмыртқасының құрылысы өте күрделі.

Аталық жыныс клеткалары - сперматозоидтар жұмыртқаклеткалардан мөлшерінің кішілігі және қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Сүтқоректілер сперматозоидының құрылысын анықтап қараңдар. Ол ұзын жіп пішінді, оның бйсы, мойны, құйрықшасы болады. Басында ДНҚ-сы бар ядро орналасады. Мойнында центриоль болады. Сперматозоид құйрықшасының жәрдемімен қозғалады.

Жыныс клеткаларының дамуы. Сперматозоидтар мен жұмыртқаклеткалары жануарлардың жыныс бездерінде - аталықбезде және аналықбезде дамиды. Жыныс бездерінде үш түрлі учаскенемесе жыныс клеткаларының көбею, өсу, пісіп жетілу аймақтары болады. Көбею аймағы жыныс безінің ең басталар жерінде орналасқан. Бұл аймақта бірінші реттік жыныс клеткалары болады, бұлар митоз жолымен көбейіп, саны артып отырады. Бұдан әрі бірінші реттік жыныс клеткалары өсу аймағына түсіп, бұлар енді бөлінбей өсе бастайды, сөйтіп әр жануар түрінің жыныс клеткаларына тән мөлшерге жетеді Осыдан кейін өсу процесі аяқталады, жыныс клеткалары пісіп жетілу аймағына ауысады да жұмыртқа клеткаларына және сперматозоидтарға айналады.

Жұмыртқаклеткалары мен сперматозоидтардың дамуы біркелкі емес. Суретте аталықбездің пісіп жетілу аймағында клетканың бөлінуінен пайда болған біркелкі 4 клетканың төртеуі де пісіп жетілген сперматозоидтарға айналғаны көрсетілген. Аналықбездің пісіп жетілу аймағында да бөліну соңынан 4 клетка пайда болады, бірақ олардың мөлшері бірдей емес: бір клеткасы үлкен, үшеуі кіші. Үлкен клетка пісіп жетілген жұмыртқаға айналады да бағыттаушы денешік деп аталатын үш кіші клеткалар тіршілігін жояды.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.162-165.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-13 16:58:32     Қаралды-2954

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »