ҰРЫҚТАНУ
Ұрықтану дегеніміз аналық және аталық гаметаларының - гаплоидты хромосомалар жиынтығының қосылу процесі болып саналады. Ұрықтанған жұмыртқа клетка зигота деп аталады. Зигота диплоидты болады, өйткені ол екі гаплоидты гаметалардың қосылуы нәтижесінде түзіледі.
Зигота ядросындағы хромосомалардың барлығы жаңадан жұптана бастайды; гомологиялық хромосомалардың әрбір жұбында бір хромосомасы атасынікі де, екіншісі анасынікі болады. Демек, организмдердің әр түрінің сома клеткаларына тән диплоидты хромосомалар жиынтығы тек ұрықтану кезінде ғана қалпына келеді.
Ұрықтанудың ізінше-ақ ДНҚ синтезделеді, хромосомалар екі еселенеді де зигота ядросының бірінші бөлінуі басталады, бұл митоз жолымен жүзеге асып, жаңа организм дамуының бастамасы болып саналады.
Өсімдіктерде аналық және аталық гаметалардың дамуы мен ұрықтануы жануарлардағы сияқты аналық және аталық жыныс мүшелерінде өтеді.
Жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктердің тұқымының ұрықтануы мен дамуын қарастырып көрейік. Гүлде споралар түзіледі (жыныссыз көбею), гаметалар пайда болады (жынысты процесс), ұрықтанады, соның нәтижесінде тұқым мен жеміс қалыптасады.
Жабықтұқымды өсімдіктердің аталық гаметалары аз қозғалады, оны сперма (аталық гамета) деп атайды. Жұмыртқаклетка қозғалмайды және ол тұқым бүршігінде болатын ұрық қапшығында түзіледі. Ұрық қапшығында гаплоидты жұмыртқаклеткадан басқа тағы бір диплоидты клетка болады, ол ұрықтануға қатысып, тағы бірнеше гаплоидты клеткалармен бірге ұрық қапшығының дәл ортасында жатады.
Аталық гаметалар тозаңқаптың тозаң дәнінде (аталықта) дамиды. Тозаң түтікшелері арқылы аталық гаметалар ұрық қалтасына жеткізіледі де сол арада ұрықтану процесі жүреді. Тозаң түтікшесінде екі аталық гамета болады. Тозаң түтікшесі ұрық қалтасына енген кезде аталық гаметалардың біреуі жұмыртқаклеткасына қосылып, диплоидты зигота түзіп, одан барып ұрық дамиды. Екінші аталық гамета диплоидты орталық клеткамен қосылады, соның нәтижесінде триплоидты ядролы жаңа клетка, үш хромосома жиынтығы бар жаңа клетка пайда болады. Одан тұқым эндосперімі дамиды. Жабықтұқымдылардың бәрінде болатын мұндай жан-жақты жыныстық процесс қосарлы ұрықтану деп аталады. Оны 1898 жылы С. Г. Навашин ашты.
Сурет - Жануарларда ұрықтану сатысы мен жұмыртқаклеткасының бөліне бастау жүйелілігі
Сурет - Жабықтуқымды өсімдіктердің қосарынан ұрықтануы
Жабықтұқымды өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының биологиялық мәні - жұмыртқаклетка ұрықтанғаннан кейін ғана эндосперма дами бастайды. Жабықтұқымдылардың триплоидты эндоспермасы дамып келе жатқан ұрыққа қоректік заттар қоры болып есептеледі. Сондай-ақ ол аналық және аталық организмдердің тұқым қуалау белгілерін сактайды.
Партеногенез - ұрықтанбаған жұмыртқадан организмнің дамуы. Партеногенез табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі. Мысалы, өсімдіктер арасында ол бақбақ пен қаршығаотта болады. Жануарлар арасында партеногенез зымырақтар, тұздылау суда кездесетін шаян артемий, тұщы суда болдтын тармақмұрт шаян-дафния, шөгі бітесінде, бал араларда кеңінен таралған. Баларалар үйірінде трутеньдер (аталық балара) партеногенез арқылы дамиды.
Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.126-128.
Жарияланған-2020-11-13 16:53:20 Қаралды-3977
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина