Биогеоценоздардағы езгерістер
Биогеоценоз тұрақты күйге өтуге тырысатын, өздігінен реттелетін жүйе бола тұрып, ешқашан ол күйге толық жеге алмайды. Бұл күйге жетуге сыртқы жағдайлардың ұдайы өзгеріпотыруы, мысалы, климат, жағдайы, сол сияқты биогеоценоз құратын организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде туатын өзгерістер кедергі жасайды. Биогеоценоз өзгергіштігі көрінісінің екі түріне тоқталамыз: жеке түрлер санының және биогеоценоздардың өздерінің өзгеруі.
Түрлер санының ауытқуы. Жануарлардың немесе өсімдіктердің кез келген түрі популяциясының саны туу мен өлім-жітімге ұшырау балансына байланысты болады. Өлім-жітімге ұшырайтындар санының кемуіндегі секілді, туудың артуынан популяция да өседі. Табиғатта бұл екі көрсеткіш көбіне қарама-қарсы бағытта әсер ететін көптеген экологиялық факторларға байланысты болады. Жануарлар популяцияларындағы түрлер санының ауыт- қуы құрлық биогеоценозында ерекше байқалады. Түрлердің өзара бейімделуі нәтижесінде биогеоценоздағы қай түрдің болмасын өзіне тән ауытқу деңгейі қалыптасады. Бұл ауытқу кейбір түрлер үшін болмашы, ал екінші түрлер үшін едәуір болуы мүмкін, осыдан барып бір жылы сирек кездесетін түр келесі жылы әдеттегідей болуы ықтимал.
Түрлер саны ауытқуының тікелей себептерін анықтау үшін өзімізді қызықтыратын түр мен оның жануарлар биологиясын, сол түрге әр қилы экологиялық факторлар әсерінің ерекшеліктерін, қала берді сол факторлардың өзгергіштігін білу қажет. Осы мәліметтерді салыстыра отырып, белгілі бір түр үшін керекті мөлшерден жиірек және көбірек ауып кетіп отыратын, демек, популяция санын өзгертіп отыратын факторды табуға болады. Кейбір мысалдарды қарастырайық. Жануарлардың көптеген түрлерінің саны қорек мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады. Мұндай байланыс әсіресе қоректің белгілі тигііне ғана бейімделген түрлерден айқын байқалады. Мәселен, тиін негізінен қылқанды ағаштардың тұқымдарымен қоректенеді, сондықтан оның саны қарағай бүрінің түсіміне тығыз байланысты Қорек жыртқыш аңдар үшін де негізгі фактор болып табылады.
Өсімдік қоректі бунақденелілердің өсіп-өнуіне де негізінен жыртқыштар, паразиттер мен ауру туғызушы микробтар әсер етеді. Егер өсімдік қоректі бунақденелілер мен олардың жаулары санының теңдігі бұзылса, онда бунақденелілердің саны ондаған және жүздеген есе көбейер еді.
Кейбір бунакденелілердің жаппай көбеюі әсіресе ауыл шаруашылығына да көп нұқсан келтіреді.
Зиянкес жәндіктердің орасан кебейіп кету қарқыны әр қилы болады да әдетте ұзаққа созылмайды. Зиянкестердің саны шарықтау шегіне жеткеннен кейін тез азаяды. Зиянкес жәндіктердің көпшілігінің азаю себептері бір-біріне ұқсас. Бұл себептер жыртқыштар мен паразиттер санының жедел өсуінде, сондай-ақ әртүрлі вирустардан, бактериялардан және саңырауқұлақтардан жұғатын аурулардың таралуында. Түрлердің жаппай көбеюі кезінде туындайтын қорек жеткіліксіздігі осындай биологиялық факторлардың әсер етуіне себепші болады.
Тез көбеюдің тікелей себептерін анықтау қиынырақ болады. Әдетте, бұл ауа райы жағдайларының тікелей немесе жанама әсеріне байланысты болады. Мәселен, кейде Сібірдің миллиондаған гектар орманына орасан нұқсан келтіретін сібір жібек көбелегі, әдетте, құрғақ, жылы жаздан соң жаппай көбейеді.
Блогеоценоздағы түрлердің арақатынасына адамның әрекеті зор әсер етеді. Кей жерлерде аңшылықтың шектелмеуі, құндыз, тұяқтылар, суда жүзетін құстар және т. с. с. көптеген кәсіптік бағалы аңдар мен құстардың толық дерлік жойылып кетуіне әкеп соққаны баршаға мәлім. Кейде адамның әрекеті бірқатар түрлердің жедел көбеюіне әкеліп соғады. Мәселен, зиянкес бунақденелілерге қарсы кейбір улы заттар кеңінен қолданыла бастады. Бұл улар тек зиянды бунақденелілерді жоюмен қоймай, жыртқыш және паразит жануарлардың да көпшілігін жояды. Сонымен қатар, бұрын жыртқыштар тежеп келген, удың әсеріне төзімді кейбір сорушы бунақденелілер мен өсімдік қоректі кенелер жедел көбейіп, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына көп зиян келтіре бастады. Биогеоценоз ішіндегі әртүрлі организмдер санының динамикасы және оны анықтаушы себептерді зерттеу зиянкас бунақденелілердің жаппай көбейіп кетуін алдын ала болжап, оған жол бермеу үшін қажет болады. Бұл - экологияның маңызды міндеттерінің бірі.
Биогеоценоздың ауысуы. Қандай биогеоценоз болса да дамып, эволюциядан өтеді. Құрлық биогеоценоздарының ауысу процесінде өсімдіктердің алатын орны үлкен, бірақ олардың атқаратын қызметін жүйенің басқа мүшелерінің қызметінен бөліп қарауға болмайды, сөйтіп биогеоценоз біртұтас организм ретінде тіршілік етіп, өзгеріп отырады. Адамның алатын орны да өте зор. Биогеоценоздың табиғи ауысуының заңдылығы мен бағытын білу табиғаттың алуан түрлілік себептерін білу үшін ғана емес, сонымен қатар бұл процестерді меңгеру үшін де қажет.
Биогеоценоздардың ауысуы белгілі бағытта жүріп, олардың тіршілік ету ұзақтығы әр қилы болады. Суқойманы шөп басу жағдайларын толық қалыптаспаған жүйенің өзгеруіне мысал ретінде келтіруге болады. Су түбіне жақын жерлерде оттегі жеткіліксіз болғандықтан, органикалық заттың біраз бөлігі тотықпайды және бұдан былайғы зат айналымына пайдаланылмайды. Терең жерлерде планктон қалдықтары су түбіне шөгіп, майда түйіршікті лай түзеді. Жағаға жақын жерлерде су өсімдіктерінің қалдықтары жиналады да шымтезек қабаттарын түзеді. Құйылып жатқан сумен бірге ілесіп келген балшық пен құм суқойманы онан әрі таяздата түседі. Жағадағы су өсімдіктері суқойманың ортасына қарай өсе бастайды да шымтезек қабаты пайда болады. Сөйтіп, көл бірте-бірте батпаққа айналады. Балықтар және ашық учаскелердің планктондары жойылып кетеді. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың орнын батпақты жағдайға әлдеқайда төзімді басқа түрлер басады. Айналадағы кұрлық өсімдіктері бірте-бірте бұрынғы суқойманың орнына өсебастайды. Жергілікті жағдайларға байланысты мұнда қияк шалғындығы, орман, т. б. типі пайда болуы мүмкін.
Кейбір тұрақты биогеоценоздар бұзылудан кейін өздігінен калпына келе алады, бұл бірнеше кезеңде жүзеге асады. Шырша ормандарын калпына келтіргендей биогеоценоздардың заңды түрде ауысуын мысал етуге болады. Шыршаларды кесіп алғаннан кейін немесе өрттен соң олар өскен жердің жағдайының өзгеруі сондайлық, ол жерге қайтадан шырша өсе алмайды. Ашық жерге өскен шырша өскіні көктемгі үсікке ұрынады, күннің қыздыруынан зардап шегеді және жарық сүйгіш өсімдіктермен бәсекеге түсе алмайды. Алғашқы екі жыл ішінде ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерге күреңот, айрауық және т. с. с шөптесін өсімдіктер қаулап шығады. Көп кешікпей тұқымдарын жел тез тарататын қайыңның, көктеректің, кейде қарағайдың көптеген өскіндері пайда болады. Олар шөптесін өсімдіктерді ығыстырады, сөйтіп бірте-бірте майда жапырақты немесе қарағай орманына айналады. Тек осыдан кейін ғана шыршалардың қайта өсуіне қолайлы жағдай туады. Көлеңкеге төзімді шырша өсқіндері жарық сүйгіш жапырақты ағаштардың жас өскіндерімен ойдағыдай жарысып өсе алады. Шырша биіктігі жоғары ярусқа жеткенде жапырақты ағаштарды біржола ығыстырады. Сөйтіп, біраздан соң шыршалы орман биогеоценозы бастапқы қалпына келеді.
Биогеоценоздардың географиялық аймақтылығы.Биогеоценоздардың әртүрлі типтері географиялық аймақтылықпен тығыз байланысты. ТМД территориясында солтүстіктен оңтүстікке қарай бірқатар табиғи аймақтар орналасқан, олар: тундра, гайга, жапырақты орман, дала, шөл. Аймақтық өзгеріс биогеоценоздың жетекші компоненті - өсімдіктерден едәуір айқын байқалады. Мұнда органикалық заттарды ыдырататын организмдер мен өсімдікқоректі жануар түрлері де қатты өзгереді. Экожүйенің маңызды құрамдас бөлігі және оның әрекеті нәтижесінде топырақ та географиялық аймактарға байланысты өзгеріп отырады.
Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.41-42.
Жарияланған-2020-11-05 17:45:43 Қаралды-834
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина