UF

Түрлерді тиімді пайдалану және олардың көптүрлілігін сақтау проблемалары

 

Түрлердің көптүрлілігіне адам әрекетінің әсері. Адам әрекеті көбінесе көп түрлер популяцияларының сан мөлшерінің кемуімен қабаттаса жүреді. Бұл особьтарды шектен тыс жою, тіршілік жағдайларын нашарлату нәтижесінде, айналадағы ортаны ластау, жануарларды, әсіресе, көбею кезінде мазалау, сондай-ақ ареалдың аумағын кеміту және т. б. салдарынан өтіп жатады.

Жерде 1900 жылға таман сүтқоректілердің 65 түрі және құстардың 140 түрі жойылып кетті. Қазіргі уақытта омырт- қалылардың 600-ге жуық түрі (бірсыпыра киттер, керіктер, тас- бақалар, тырналар, дуадақтар және басқа толып жатқан түр- лер) толық жойылып кету шегінде тұр; сусиыр мүлдем өліп бітті. Жердегі жоғары сатылы өсімдіктердің 250 мың түрінен 1/10-іне жуығына қауіп төнуде. Сібір самырсыны, европа және-қиыршығыс тиссасы, кавказ темірағашының саны сиреп кетті.

Адамның іс-әрекеті организмдердің жаңа формаларының, кө- бінесе зияндыларының пайда болып, дамуына қолайлы жағдайлар жасайды. Арамшөптерді, ауылшаруашылық зиянкестерін, әртүрлі ауру тудырушыларды еске түсірсек те жетіп жатыр. Өнеркәсіп қалдықтары, улы химикаттар, әртүрлі жуғыш заттары бар сарқынды сумен суқоймалардың ластануынан жоғары сатылы организмдер қырылып, тіршілікке суды мүлде жарамсыз ететін көк-жасыл балдырлар мен кейбір микробтардың қарқындап дамуына мүмкіндік туды.

Түрлерді қорғау. Өсімдікгер мен жануарлар түрлерін сақтап қалу қажеттігінен сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің алдымен жеке мемлекеттердегі, соңынан бүкіл дүние жүзі бойынша мәліметін жасауға тура келді. 1948 жылдан бері табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық одағы - МСОП мемлекеттік, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын біріктіріп, бағыт беріп келеді. Соның жанынан құрылған сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер жөніндегі Комиссиясы деректерді жинақтап «Қызыл кітап» шығарды және оралмастай жойылып кеткен түрлердің «қара тізімін» жасады.

Деректі «Қызыл кітапқа» мынадай түрлер тіркеледі: жойылып бара жатқан түрлер - оларды тек арнайы қорғау шараларын ұйымдастырғанда ғана сақтап қалуға болады; сирек кездесетінтүрлер - сан мөлшерінің аздығы және ареалының шектеулі болуынан олардың жойылып кетуі мүмкін; саны азайып бара жатқан түрлер - сан мөлшері ұдайы құлдырайды; тұрлаусызтүрлер - жай-күйі аз зерттелген популяциялар. МСОП аталған төрт категорияға жататын жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сатуға шектеу туралы халықаралық келісім жасады.

Совет ғалымдары МСОП пен Халықаралық комиссияның жұмысына іскерлікпен қатысып, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлердің тізімдерін СССР территориясында мекендейтін түрлер және түр тармақтарымен толықтырады. «СССР Қызыл кітабы» жасалды.

«Қызыл кітапқа» тіркелген түрлер ерекше қорғауға алынады.

Елімізде түрлерді қорғау мәселесіне орасан зор назар аударыла бастады. Тіпті 1919 және 1922 жылдардан бастап-ақ жабайы есек-құлан, қарақұйрық, ақ аю, жолбарыс, ілбіс, құндыз, зубр, жұпартышқан, үлкен ақ тырна, қоқиқаз, гага, аққулардың барлық түрлері және басқа да көптеген түрлер арнаулы декрет және қаулылармен қорғауға алынды. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 18 түрі мен ауланатын құстардың 29 түрлерін аулауға мүлде тиым салынды. Мысалы, құндыз, камшат, сусар, сібір бұлғыны, теңіз мысығы тек лицензия бойынша ғана ауланады. Осындай шараларды біртіндеп жүргізу нәтижесінде көптеген түрлер популяциясының сан мөлшерінің кемуі тоқталып, олардың өсуіне мүмкіндік берді. Алайда, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінен мекен орындарының өзгеруіне байланысты бірқатар түрлердің сан мөлшері (бұқар бұғысы, құлан, жолбарыс, қабылан, жұпартышқан) әлі де кеми түсуде.

Табиғи процестер барысында адам әрекетіне жол бермейтін территориялар -қорықтар түрлерді қорғау қызметін атқарады. Мұнда табиғатта жойылып бітті дерлік түрлерді қорғап, қалпына келтірудің ғылыми негіздері жасалады. Беловеж орманындағы зубрлар, Астрахан қорығындағы үлкен ақ тырна, Қандалакша қорығындағы гага, міне, осылай құтқарылды.

Түрлерді қорғау үшін ұлттықпарктер де ұйдастырылады, онда ғылыми зерттеулерге арнап жануарлар толық тыныштықта болатын аймақтар бөледі де сирек кездесетін өсімдіктер учаскелерін қоршап қояды. Қалған территория келіп-кетушілерге арналған. Ботаникалық бақтар мен хайуанаттар парктерінде жабайы флора мен фаунаның ресурстарын зерттеп, түрлерді жерсіндіру, биологиялық білім тарату, адамның табиғат алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі.

Түрлерді ұтымды пайдалану біртұтастығын сактап қалу үшін популяцияның сан мөлшерін басқару қарастырылады. Бұл табиғатқа байланысты кез келген шаруашылыққа қатысты жағдай. Ормандағы ағашты қайтадан қалпына келтіруді ескере отырып кеседі; балық аулауды, хайуанаттар атуды популяцияларын ұдайы өсіру жолдарын есепке ала отырып жасайды.

Түрлерді қорғау өнеркәсіптің жаңа технологияға - атмосфераны, суды және топырақты өндіріс қалдықтарымен ластамау ісіне көшуіне себепші болады. Тоғандар мен тоқтаулардағы өнеркәсіптік суларды биологиялық әдістермен тазартуды енгізіп, өсімдіктерге жарамды өндірістік үйінділерді топыраққа айналдырудың маңызы орасан зор. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресте тек зиянкестерді ғана емес, сонымен бірге басқа да жануарлар мен өсімдіктер түрін жойып жіберетін улы химикаттарды қолданудан бас тартып, мүмкіндігі бар жерлерде биологиялық әдістер кеңінен пайдаланылуда.

1980 жылы маусымда қабылдаған атмосфера ауасын қорғау туралы Заңында және жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы Заңында Отанымыздың табиғи ортасын қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүддесіне сай адамгершілікпен және ғылыми негізде ұтымды пайдалану қарастырылған.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.36-38.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-05 17:14:13     Қаралды-1111

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »