UF

Түр және популяция - олардың экологиялық сипаттамасы

 

 

 

Түр - экологиялық бірлік. Түрлер өзара бірсыпыра белгілері бойынша ажыратылады: мөлшері, особьтардың реңі, оларда жүретін физиологиялық процестер, мекен ортасы, мінез-қылығы т. б. 

Эволюция процесінде әрбір түрде белгілі бір ортаға бейімделушілік қалыптасқан. Мысалы, Арктикада мекендейтін құстар мен сүтқоректілердің реңдері төменгі температураға бейімделгендіктен ақ болады. ІІІөлді жерде мекендеушілер сары-сұрғылт реңді және құрғақшылық пен жоғары температураға түрліше бейімделген. Өте үлкен ареал ішінде аздаған айырмашылықтар болғанымен мұндай бейімделушілік түрдің барлық особьтарына тән.

Түрлердің ареалы әдетте өте үлкен, онда особьтар біркелкі емес, топтасып-популяциямен таралады. Әрбір популяция белгілі бір жағдайда тіршілік етеді. Сондықтан да бірқатар популяциялардан тұратын түр, ондағы жағдайлардың әртүрлі болуына қарамастан, үлкен ареалды алып жатады. Алайда, бір немесе бірнеше популяциядан тұратынына қарамастан, кез келген түр өз алдына біртұтас болып саналады.

Түрдің біртұтастығы оның особьтары арасындағы байланыстар арқылы қамтамасыз етіледі. Аталықтары мен аналықтары арасында, ата-енелері мен ұрпақтары арасында үйірдегі особьтар табын мен семья арасында қандай байланыстар болатынын еске түсіріп көріңдер. Байланыстардың мұндай көптүрлілігі түрдің біртұтастық жүйесі ретінде тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Эволюция процесінде әрбір түр особьтарында өзара бейімделушілік қалыптасты: бірқатар жануарлардың ата-енелері ұрпақтарына қамқорлық жасайды, особьтар әртүрлі сигналдар арқылы өзара қарым-қатынаста болады, жауларынан бірлесіп қорғанады және т. б. Түр мұндай біртұтастыққа басқа түрлерден оқшаулану арқылы жетеді. Әртүрлі особьтар хромосомаларының саны мен пішіні бойынша ажыратылатынын сендер білесіңдер. Бұл олардың морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтарының болуынан, особьтар соның салдарынан өзара будандаса алмайды.

Әр түрдің особьтары түрлі-түрлі жағдайларда тіршілік етеді, оларға әртүрлі белгілер, көбею ерекшеліктері (көбею орындары мен кезеңдерінің түрліше болуы, жануарлар мінез-қылығындағы айырмашылық) тән қасиет. Мысалы, қотыр қайың мен тапал қайың - бір туыстың екі түрі. Бұл түрлер морфологиялық, экологиялық және басқа белгілері бойынша ажыратылады. Қотыр қайың едәуір биік, орманды және ашық жерлерде, ал тапал қайың - аласа, мүк басқан батпақты жерлерде өседі. Әр түрдің особьтары кейде будандасады, бірақ түраралық гибридтері тіршілік ете алмайды немесе тұқым бермейді.

Түрге тән бейімделушілік кейде жеке особьтарды жойып жібереді, бірақ тұтас алғанда олар түр үшін пайдалы, мәселен, құстардың кейбір түрлері ұя тар болған жағдайда балапандарының біразын түсіріп тастайды. Ұядан лақтырылған балапандар көбінесе өліп қалады, ал ұяда қалған балапандардың дені сау және тіршілікке бейімдері өмір сүреді. Демек, бұл бейімделу тұтасымен алғанда түрдің пайдасына шешіледі.

Популяцияның экологиялық сипаттамасы. Популяция түрдің құрылым бірлігі және эволюция өлшемі ретінде қарастырылады.

Популяцияның әрқайсысы белгілі особьтар санымен, оның өзгерістерімен, алып жатқан кеңістігімен, особьтардың жас және жыныс құрамымен сипатталады.

Бір түрдің әртүрлі популяциялары, сонымен бірге әртүрлі түрлер алып жатқан кеңістіктердің мөлшері особьтардың қозғалғыштығына байланысты өте ауытқып отырады. Сұр кесірткенің бір популяциясы 0,1-ден бірнеше гектарға дейінгі, су тоқалтісі бір гектардан ондаған гектарға дейінгі, солтүстік бұғысы - 100 км2 артық жерлерді қамтиды.

Популяциядағы әр түрдің особьтар саны (немесе сан мөлшері) түрліше болғанымен белгілі бір шектен төмен болуы мүмкін емес. Сан мөлшерінің шектен тыс қысқаруы популяцияның құрып бітуіне (жойылуына) әкеп соғады. Популяция мөлшері маусым және жыл бойы күрт өзгеріп отыруы мүмкін. Кей жылдары лемминглердің (ұсақ кемірушілер), көкқасқа шегірткелердің, ауру тудыратын бактериялардың, қанқыздардың жаппай көбейетіні белгілі. Жануарлар мен өсімдіктердің ұзақ тіршілік ететін аз ұрпақ беретін түрлерінің мөлшері едәуір тұрақты болады. Ашық жерлердегі бунақденелілер мен ұсақ өсімдіктер популяцияларының мөлшері көбінесе жүз мыңдаған және миллиондаған особьтардан құралады. Сұр кесіртке популяцияларының мөлшері жүзден сан мыңдаған особьтарға дейін ауытқиды.

Популяциялардағы особьтар мөлшері жүздеген особьтардан кем болса, оны кездейсоқ себептердің (өрт, су тасқыны, ауа райының өзгеруі) азайтып жіберетіні соншалық, өсімталдығы шығынды толтыра алмайды деп есептеуге болады. Қалған особьтар бірнеше ұрпақтардан соң өліп бітеді.

Популяция жасы және жынысы әртүрлі особьтардан тұрады. Жынысы толысқан және толыспаған особьтардың популяциялардағы арақатынасы әртүрлі және олар тіршілік ету ұзақтығына жыныстық жетілу мерзіміне, көбею қарқындылығына байланысты. Популяциядағы жыныс аралық қатынас, яғни аталық пен аналық особьтардың саны өзгеріп отырады.

Сонымен популяция - түрдің белгілі ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін тіршілік егу формасы.

Популяциялардың сан мөлшерін басқару. Адам түрлерді тиімді пайдалану үшін популяциядағы особьтардың жасы және жынысы бойынша құрамын, олардың өсімталдығы мен өлу мөлшерін, популяциялардағы сан мөлшерінің ауытқу себептерін білуі қажет. Түрлерді сақтап қалу мақсатында популяцияның сан мөлшерін реттеуге әртүрлі әдістер қолданылады. Мысалы, аң шаруашылығын дұрыс жүргізу (аң аулау мерзімі мен пайдалануды белгілеу, лицензия) популяциялардың ұдайы өсуін қамтамасыз етеді. Бұрын жойылып кетуге таяу қалған сібір бұлғынын қорғау және аулау кәсібін ретке келтіру арқылы оның сан мөлшерін арттыруға мүмкіндік туды. Теңіз мысығының 2-4 жасар аталықтарын жаппай аулағандықтан, популяциялардың өсуі тоқталып қалды, өйткені особьтардың көбеюі ересек аталықтардың шығынын қалпына келтіре алмады. Сондықтан осы жастағы аталықтарды жаңа жатақ, құрып, жаңа популяцияға бастама беру үшін сақтап қалып, 3-4 жастағы аталықтарды аулауға пайдаланды. Теңіз мысығын аулау кәсібін ретке келтіру нәтижесінде оның популяцияларындағы сан мөлшері қалпына келтірілді.

Құстардың кейбір түрлерін: қызылжемсаулы және ақжағал қараша қаздарды, тау қазын, аққулар мен тырналардың барлық түрлерін аулауға тыйым салынды. Қорғауды және аулауды ретке келтіру нәтижесінде бөкен, бұлан, құндыз, зубрлар жойылып кетуден құтқарылады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-05 16:40:56     Қаралды-2400

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »